«Үшінші әлемді» жеңудегі біздің орнымыз бен уақыт

Біздің Ақиқатымызда ізгілік қатынастардың мистикасы жоқ. Ал басқа мистикалар дін және діни нанымға қатысты пайда болды. Мистикалық ізгілік қатынастар деп абсолюттік мәні бар қатынастарды айтар едім. Олар жүз пайыз абсолютті ме, әлде мүлдем абсолютсіз бе, онда тұрған ештеңе жоқ, ең бастысы әңгімелескен екі адам өздерінің жалпы ұғымының абсолютті екендігіне сенеді. Екі мұсылман сөйлескен кезде олардың этникалық шығу тегіне мән берілмейді. Ал Еуропада бір­біріне мүлдем таныс емес екі араб кездесе қалса, олардың сословиелік жағдайы жайына қалады. Абсолюттік ұғым оның мазмұнына қарамастан бұл адамдардың қатынасын көп немесе аз түрде абсолютті етеді: абсолютті адамның сенімі арқасында қарама­қайшы ой­пікірлер кез келген абсолюттік түзулікті иеленеді. Арабтың, қытайдың немесе ағылшынның абсолюттік сенімдері бірдей емес, бірақ олар сенімі жоқ адамдарға қарағанда бір­бірін тез түсінеді. Мен кеңестік құндылықтардың шындығына сене бермеймін және кеңес адамдарының қатынастарының сенімді екендігіне де ешқашан сенген емеспін. Дейтұрғанмен, онда аз да болса өзіндік абсолюттік болды; оларда кеңестік ізгілік ұғымдар орнықты. Енді ондай негіздер жойылып, тек идеалдар қалды. Бірақ негіздердің жойылуына орай олар енді елеске айналды. Мен елес ұғымдарын күйреумен салыстырамын. Кеңес идеалдары күйреді. Кеңес идеалына сенген кеңес адамдары сол күйреудің құрбаны болды. Ізгілікті кеңес адамдарының қатынастары ақыр соңында ешқандай қатынас түрі болып қала алмады: оларда ішкі негіз болмады, адамдарды жасампаз іс­әрекет жасауға жетелейтін тірі мәдени қайнар көзі жоқ болды. Тірі қоғамдық идеалдардың болмауы Ортаны материалдық етіп жібереді — тірілер өлгендерден биік тұра алмады, тірілер мен өлілер мәнсіздік жағынан тең түсті. Ұжымшылдық идеалы да күйреді. Кез келген ұжымшылдықта адам тұтас бола алмайды, тек бөлігіне ғана айналады. Кеңестік негіздер ұжымшылдыққа бағытталды. Кенеттен компастың тілі бекітпесін алып тастағандай мүлдем басқа жақты көрсетті. Өзінің жеке компасы болғандар бағытын сақтап, ал жалпы компасқа сенгендер қалың тұманға бет қойды. Біздің өмірімізде идеалдар мен материалдық қайта қалпына келу қиын емес, бұл электронның құрылымын еске түсіреді. Ол біресе электронның идеясы, біресе электронның материясы болып, ал ондай ауысушылық еркін электронның өмірін білдіреді. Идеалдар бізді іс­әрекетке итермелейді, идеялардағы іс­әрекеттер материалдық болады. Идеяларда әлде бір нәрсе бар. Онда көзге көрінетін әлде бір нәрсе байқалады. Идея ескірген кезде онда әлдеқандай күйреу орын алады. Ал идея көне дәрежеге жеткенде оны ұстанатын адам тірі өлікке айналады. Заттардың еркі жоқ. Заттардағы еріктің болмауы оның ішкі құрылымына байланысты, қатты, икемге келмейді. Ал идея құрып біткен кезде адам да заттың кейпін киеді. Біз танымайтын адаммен кездескен кезде оның адам не зат екендігін айыра алмаймыз, ал оның заттан айырмасын көрмесек, онда өзіміз қорланып қаламыз. Бұл өмірге құрметпен қарау. Біздің өмірге деген иррационалдық көзқарасымыз, тиісінше жалпы өмір өзін алдамшы сезінеді. Күйреудің адамдары затқа айналмай тұра алмайды. Бұл арада ол заттана ма, жоқ па, оған таңдау жоқ. Өйткені, күйреген ұғымдармен өмір кешетін адамдардың өзі күйрелген болып есептеледі. Ынтымақтастық рухы Адам кейіпті болғанымен жан дүниесі күйреген, адамдықтан кеткен адамдар ешқашан да ынтымақтастыққа, бірлесіп әрекет етуге ұмтылмайды. Ынтымақтастық рухы болмаған жерде қоғамдық ахуал да жоқ. Дүние бос кеңістікке aйналады. Ондайда тірі адам үшін өмірлік ресурсын тауысқан адамға жеке планета болып қалуынан басқа жол қалмайды. Meн бұл идеяны «Освобождение духа от страха, иллюзий, архаики» кітабымда айтқан болатынмын, мен сол кітапта дербестік түрлерін толық диалектикалық емес, толық заңдылық түрінде емес келтірген болатынмын. Ынтымақтастық рухы қоршаған кеңістіктің мәдениетін жасайды. Ынтымақтастық рухы болмаған жерде қоршаған кеңістік қатыгездікке дейін материалданады: қатыгездік нәрселерге жеке адамның (индивидуумның) зұлымдығы қосылады. «Үшінші дүниедегі» мәдениет Ынтымақтастық жазушыға жол көрсетеді. Мен еңбегімді ынтымақтастық рухының «үшінші әлемінде» деген ұғымға қатысты оймен аяқтап едім. Үкімет ақшасын беріп кітап шығарған адамдар ынтымақтастық рухын түсінбейді, «Ақшасын төлеңіз, бір аптаның ішінде кітабыңызды шығарамыз!» деген дайын жауап алдынан шығады. Олар жазушыны қолында билігі бар мансап иесі ретінде көреді, басылып шыққан беттердің ендігі жерде жазушының еркінен шығып кеткендігін ұғына алмайды. Ол өзінің күресін аяқтады, оның кітап беттері енді жеке толғаныс шеңберінен шығып кеткенімен оның айтары болып қалады. Бірақ ол ретсіздік емес, мәдениеттің үніне айналады. Қолжазбаға енгізілген мәдеинеттің өмірі енді кітап арқылы жалғасады. Бұрын белгісіз болған мәдениет енді белгілі мәдениет болғысы келеді. Бірақ мәдениетте жанкешті жауапкершілік болмайды. Жазушы өзінің кітабын жазып болғаннан кейін қолжазбасының тағдырына жауап беруден қалады. Ол бұл туралы айтпағанымен бірақ іштей сезеді: қолжазбасының соңғы нүктесіне дейін қорғап шыға алмайды. Одан кейінгісі оның ісі емес. Егер ол өзінің қолжазбасын шығаруға орынсыз тықпалайтын болса, онда ол шығармашылықтың қуаты емес, мансапқорлықтың сорақы сойқандығы болып табылады. Қолжазба жазылып біткеннен кейін оның соңғы нүктесінен бастап мүлдем басқа әлем басталады, онда жазушы белсенді бола алмайды. Жазушы өзінің кеңістігінде ғана құдіретті және өзінің кеңістігінде ғана қалады. Бұл томаға тұйықтық емес, жалғыздық жай­күйі. Ол жалғыз болған сайын шығармашылығы жақсара түседі. Қолжазба күйіндегі кітап сол автордың жеке рухы сапасының шындықты көрсетуі, қолдан қолға өткен қолжазба қоғамдық өмірдің меншігіне айналады. Жазушы қолжазбаны жарыққа шығарғаннан бастап қолжазбаның өмірі жергілікті мәдениеттің бөлшегіне айналады. Жергілікті мәдениет әрқашанда бола береді, ол үй­үйді аралап, ойға ой түсіріп тыным бермейді; сондықтан мәдениет жанданған сайын, оны бағалау да түсіну де қиын; мәдениет бұл адамзат дүниесіндегі универсиумның еркін өздігінен айқындау. Ондай өзін­өзі айқындау көктемгі шығатын көк шөптей қаулайды. Мәдениетті адамдар қалауы бойынша жасамайды, ол адамдардан өзін құруын талап етеді, өзін жасай алатындарды да табады және қай жерде, қай кезде қажет екенін де біледі. Ертедегі мәдениетте материалдық жағы мардымсыз болды, ол тіпті көрінбейтін, арман күйінде, ізденісте, толқыныста болады. Жергілікті мәдениетті қолданушылар қатты азаптанады; ол жаңа адамды өзінің мәдениет қалыбына сай дүниеге келтіруге тырысады. Ертедегі мәдениетте табан тірейтін ештеңе жоқ, оның өзіндік ережесі де болмайды, онда жол көрсететін құралдар да кездеспейді. Ертедегі мәдениет қолайсыз мәдениет болғандықтан ғана мәдениет, онда шығармашылық күш мейілінше көп. Бірақ ертедегі мәдениетте өзіне деген сенім жоқ. Ертедегі мәдениетті жасаған адамдар оның толыққанды болмауына байланысты басқа мәдениеттерге сүйенді. Сенім аспанннан түспейді, осы тұрғыдан алғанда сенім талант деуге де келмейді. Сенім табандылық арқасында пайда болады, сенім — ерліктің кейінгі жемісі. Қалыптасқан мәдениет өзінің атланттары иығында тұрғызылған; бірде­бір шетелдің нұсқаушы жергілікті өзін­өзі басқаратын мәдениетті қалай құру керектігін айта алмайды. Бұл шын мәнінде драмалық уақыт жаңа мәдениеттің бастапқы кезеңі — ешкім де осы кезеңде жаратушыға көмектесе алмайды, оның табысқа жетуіне ештеңе жәрдемдеспейді. Жазушыға жаңа кітабын басудан кім бас тартса, оны түсініп қана қоймай, оған кешіріммен қарауға болады, өйткені, олар ынтымақтастық рухын, нақты ақиқатты, оның қаншалықты бар­жоғын жазушыдан жақсы біледі. Яғни адамдар жергілікті жазушының кітабын оқи ма, жоқ па деген сауалға жауап іздеп, оны оқымайтындығына көздері жетеді. Олар ешкімге де, ештеңеге де сенбейді; олар жергілікті жазушыны көзге ілмейді, өздерінше ешкім жергілікті жазушыны білмейді деп күлкі етеді. Осындай жағдайдан «үшінші дүние» пайда болады. Содан дұшпандық пиғылдағы сенімсіздік туындайды. Ол адал адамды жан­жақтан қыспаққа алып, оны жан­жақтан қыса түседі. «Үшінші дүниенің» сенімін жақтайтын адамды бала кезінде оның өз ата­аналары сенбеуі қыспаққа ала бастайды. Жасөспірім кезінде өзінің құрдастарының арсыздығы көлденең тұрады. Ал есейген кезде Ақиқаттың үшінші сорты оны тұншықтыруға күш салады. «Үшінші дүние» сенім атаулыдан жұрдай. Ол сондықтан да мәдениеттен тыс болады. Мәдениетке қарағанда сенім әрқашан алда жүреді. «Үшінші дүниенің» жеккөрушілігі «Үшінші дүниенің» кездеспейтін жері жоқ, ол әсіресе тоғышар адамдарды алдымен табады. Дейтұрғанмен «үшінші дүниенің» құбылысын географиялық жағынан сипаттайтын жақтары бар. Бұл тұрғыдан алғанда «үшінші дүниеде» бос жатқан жер, жабайы табиғат басым, «үшінші дүниеде» жеккөрушілік көп. Бұл «үшінші дүниенің» сыртқы кеңістігінде болады, бұл орайда оған тап сол жерде адам бар ма, жоқ па, оған бәрі­бір. Жеккөрушілік. Оны не екендігін түсіндірудің ең оңай жолы нашар ортамен салыстыру. Шұқыр­шұқыр болып қалған баспалдақтар мен жолдарды, лас көшелерді, жан­жақтан естілген ашулы сөздерді осы «үшінші дүниеге» жатқызға болады, Адамдар бұл арада нені жеккөретіндіктерін талмастан әңгімелейді. Тіпті мұндай реніш тыңдай келе тіпті айтқандарының бәрі дұрыс болып көрінеді. Біздің айналамыз адам төзуге болмайды деген сөзге сене қою көп қиындық келтірмейді. Тіпті әңгіме қызығына әбден берілгенде Канадаға немесе Австралияға кетуге жылу жинаған адамды құрметтей бастайсың. Сөйтіп, Австралияға кетіп, онда австралиялық қамсыздандыру бөлімінен күн көріп жүрген бір адамды жақсы білемін. «Үшінші дүние» ортасына жек көре қараушылығы бар адамды жақсы жағынан бағалауға болады. Өйткені, толыққанды жан­дүниесі бар адам әрқашанда бірінші сортқа жатады, ол үшінші сортпен келісе алмайды. Ал бұл арада қандай келісім болуы мүмкін? «Үшінші дүниенің» сорақылығына қарағанда табиғи нәрсе не болу мүмкін? Бұл жерде табиғи ештеңе де жоқ. Тіпті хайуанаттардың өзі жаман ортадан қашады, лайланған судан балықтың кететіндігі бәрімізге белгілі. Кез келген дұрыс адам үшінші сортты Ақиқаттан қашып құтылғысы келеді, Америкаға кеткісі келетіндерді жазғыруға болмаса керек. Бірақ мен неге осындай қарапайым идеяны ұстана алмаймын? Чикагоға кетіп, қалтамды ақшаға толтырып, жаным жай тауып сонда жүрмеймін бе? Мен Чикагода бұл туралы ойландым, мен Америкада керемет өмір сүруге болады деп көз алдыма елестеткенмін. Мен ол кезде, яғни 1995 жылы қазіргі білгенімді білмейтін едім, адам алдымен өзінің бойындағы ауырпалық атаулыдан өзін­өзі құтқаруы тиіс, ал олай істемей тұрып Чикагоға барған адам саяси мәнмен тіршілікке қолайлы жағдай жасалмаса, онда сол жерде құрыды дей беріңіз. «Үшінші дүниедегі» жеккөрушілік рефлекс сияқты қарапайым ғана реакция. Адамда жеккөрушілік көп болған сайын онда адамшылық азая түседі. Ал білімді адамда жеккөрушілік неге біртүрлі адам таңғаларлық болады екен? Жеккөрушілік адамды жан­ дүниесін бос қалдырып, хайуанға айналдыра бастайды. Жеккөрушілік ­ қарапайым ғана реакция; ол күткені болмаған түңілген реніш. Ол қоршаған Ақиқатқа келіп, одан тілегін орындауды өтінеді, ал Ақиқат оған ештеңе бермей қояды. Жеккөруші затқа айналған «үшінші дүние», ол заттық Ақиқатқа жатады және оның бір бөлшегі болып табылады: «бірінші дүниенің адамы» өзін қоршаған ортаға тәуелді емес; «бірінші дүние» ­ бұл бас еркі өзіндегі еркін адам, ол «үшінші дүниенің» адамы сияқты айналасындағы Қоршағандардың айтқанымен жүрмейді, ол өзінің рухымен өмір сүретін адам. Қоршаған ортаның айтқанымен өмір сүру ­ бұл «үшінші дүниеге» тән нәрсе. Ал сол «үшінші дүниедегінің» бәрі адамзатқа жат, қалыпты жағдай емес, тіпті ақымақтың ісіндей көрінеді. Адам және үшінші сортты Ақиқат, қоршаған ортаға жеккөрушілік бір­бірімен салыстыруға келмейді. Жеккөрушіліктің болу себебі сыртқы әсерге емес, ішкі жағдайға қатысты. Ол өзін­өзін құртатын ешқандай бағалауға жатпайтын құндылық болып есептеледі. Өмір сырт жағынан қарағанда жұмбақ болып көрінеді; оның кеңістігіне енуге болмайды, Өмір де атом сияқты, оны көзбен көріп, қолмен ұстай алмайсың. Ал сол бір атомда қандайда бір себеппен бүлінушілік болса, тізбек реакция барысы бұзылады. Өмір де сол тәрізді: қандайда бір себеппен біp Өмірдің бір тізбегі бүліне қалса, автоматты түрде реакция пайда болады, ол қоршаған дүние тәртібін бұзады. Өмірде рухтың материяға, материяның рухқа оңай айналуын көзбен көру мүмкін емес. Материя ­ бұл адам қолымен жасалатын іс. Бірақ идеяның өзінде өзгерістер болады. Идеяның мәні. Егер идеялық дүниеде мән­мағына мен ештеңемен алмастыруға келмейтін нәрсе жоқ болса, онда идея өкпедегі ауа тәрізді оңай алмасып отырады. Бірақ идеяны өзгерте қою қиын шаруа. Айталық, басқа тілге көшу үшін сол тілдің сөздік қорын игеру қажет қой. Бірақта идеялардың мәні бәрібір өзгеріссіз қала береді. Кеңестік қайта кұру басталған кезде адамдар ымырашылдық сөздерді қолдана бастады. Содан кейін қайта құру кеңес өкіметімен бірге тарих сахнасынан кеткенде, әлгі ымырашылдық сөздер қолдану аясынан шығып қалды, ал кеңестік болған адамдар сол кеңестік күйінде қалды. Олардың идеялық дүниесінің мәні жылдар бойы өзгермеді. Идеяны оның салмақты мәнін құрайтын негізгі нәрсені өзгертпей тұрып өзгеріске түсіру мүмкін емес. Өзінің салмақты мәні жоқ сөздер түк те емес, ал сөзі жоқ кеңістік — «үшінші дүние». Бұл идеялық мағынасыздық. Оны қайта тәрбиелеуге болмайды. Ол не тірі, не өлі күйде болады. Идеялық мағынасыздық қандайда бір себептермен тарихи немесе жеке түрде көрінгенде ол күйреп, зұлымдыққа айналады. Адамның жанында үрей, қалтыратқан қорқыныш, қауіп, жүгенсіздікке ұмтылыс орын алған кезде ол өзін сыйлауы мүмкін емес. Өзінің рухани жағынан азғындағанын білдірмеуге тырысып бағады. Бірақ біздің қатынас құралдарымыз бірдей: сол құралдар арқылы біз өзімізге де, қоршаған дүниеге де қарым­қатынас жасаймыз. Бұл сол құрал, сол өлшем, сол толқыныс, ол қас қағым сәтте өзінің ішкі жан­дүниесіне бағытталады, ал келесіде оны қоршаған ортаға бағыттайды. Олар өздерімен бірге жеккөрушіліктің эманациясын алып жүреді. Ол ешқайдан келмейді, ол вирус тәрізді жұқпалы нәрсе емес. Ол әркімнің өзінде бар. Бізге адамдардың қарым­ қатынасынан жеккөрушілікті байқау онша қиынға түспейді. Сондықтан да біздің «үшінші дүниедегі» адам жанын қандай жетібасты айдаһарлардың жұлмалайтындығын түсінуге болатын шығар. Мен осы мәселелерге мән бере келіп, жеккөрушіліктің «үшінші дүниеге» тән нәрсе екендігін білдім. «Үшінші дүниеде» бірінші сортты ештеңе жоқ, «үшінші дүниеде» жеккөрушілік, ал «бірінші дүниеде» жасампаз еңбектен қуаныш, қанағат орын алады. Жеккөрушілік — түйсіктің алдауы емес, сырттан таңылған құбылыс. Бұл да мүләйімсу, екіжүзділік тәрізді, сол арқылы жеккөрушілікті адам сездірмеуге тырысады. Өмірде жеккөрушілікке жол беруге болмайды. «Үшінші дүниенің» тіршілік иелері оны түсінеді, олар жалғыздықты бастан кешіреді, жек көретіндер саңырау, соқыр және сақау.

Читайте также:  Еуразиялық одақ туралы реферат

Оставить комментарий