«ШИЦЗИН»: ШЫҒУ ТАРИХЫ

Ұлы және өшпес қытай шеберлерінің көркемдік туындыларындағы шындықты бейнелеуі, патриотизм идеяларын қолдауы және халыққа қызмет етуі қытайдың ұлттық байлығы болып табылады. Қытай – ең көне мемлекет. Табылған археологиялық материалдар – бал сүйектеріндегі, тасбақа қабықшаларындағы, қола аспаптардағы, керамикалық заттардағы жазбалық материалдар – 5 мың жыл бұрын Хуанхэ бассейіні аумағында неолит мәдениеті болғанын дәлелдейді. Шан хандығында – қола дәуір болды. Қытай халқы басқа ұлттардан ерте материалдық мәдениет пен мемлекеттік құрылыс иеленді. Ерте заманда Қытайда ауыл шаруашылығы және әртүрлі қолөнер дамыды. Европадан да ерте заманда қағаз жасау, баспа, оқ, компас ойлап табылды. Ерте Қытайда үлкен төл мәдениет қалыптасты. Мао Цзедун айтуынша: «Ұзақ жылғы феодалдық қоғам кезеңінен кейін – керемет мәдениет құрылды» /1, 53-55/. Қытай жерінен ұлы ойшылдар, ғалымдар, өнертапқыштар, мемлекеттік қызметкерлер, қолбасшылар, әдебиет және өнер қайраткерлері шықты, олар әлемдік ғылым мен мәдениетке өз үлестерін қосты. Көп ғасырлық тарихта архитектуралық ескерткіш, кескіндеме, скульптура, қолөнер және қолданбалы өнер туды. Көне дәуірде Қытай жазбасы пайда болды, сол арқылы қазірге дейін тамаша көркем әдебиеттер, поэзия мен өнер шығармалары туды. Қытай мәдениеті Азия халықтарына әсер етті. Жапония, Корея, Үндіқытайға да өз әсерін тигізді. Қытай көркем әдебиетінің қайна көзі – терең көне Қытайда жатыр. Қытай поэзиясының және прозасының ескерткіштері мыңдаған онмыңдық том құрайды. Көне Қытай ескерткішінің бізге дейін сақталғаны – «Шицзин» болып табылады, 300-ден аса өлеңдер мен тақпақтар еңген, б.э.д. XI-VII ғ. жатады. Бұлар – халық өлеңдері, 4 буыннан тұрады. Онда экономикалық, саяси, қоғамдық жылдардағы өмір бейнеленген. Құл иеленушілер мен чиновниктік аристократтардың қарапайым халықты қалай қинағаны айтылады /2, 158-161/. Қытай халқында ерте заманнан поэзияға деген бейімділік пайда болған, поэтикалық шығарманы терең түсіну пайда болған еді. Қытайда поэзиясы әдеби өнер ретінде қарастырылды, ой мен сезімді айқындап жеткізетін көркем түр болған еді. Ол эстетикалық және құлықтылық рахаттың негізгі қайнар көзі болып табылады, және де қуаныш пен шабыт негізі болып та табылады /3, 162-163/. Адамзат өзінің балалық шағын өткеріп жатқанда, қытай халқы құшағына поэтикалық шығарма кілті тиген еді. Тарих Қытай ойшылдары мен әдебиетшілерінің поэзия туралы ой – пікірлерін сақтап келеді. «Shuo Wen» түсіндірме сөздігінде «Поэзия – біздің еркімізге септігін тигізеді.» делінген /4, 51-52/. Әлемдік көпғасырлық мәдени мұрада Қытайдың көркем шығармасы ерекше орын иеленеді. Қазіргі Қытай әдебиетшісі Дин Ли – «Классикалық поэзия – қытай әдебиетінде ерекше бай, ерекше құндылық иесі болып табылады» – деді. Қытайдың классикалық әдебиеттану ғылымы поэзияны көркем әдебиеттің негізгі байлығы деп қарайды. Го Мо Жо «Көркем әдебиет пайда болғаннан бері, біздің ата – бабаларымыз өлеңді – лирика деп есептеген, прозаны — әңгімелеу мен эпостық әдебиет деп есептеген» /5, 53/. Поэзия мен прозаның межелей бөлінуі ерте кезден басталған. Екі көне әдеби ескерткіш «Шицзин» мен «Шуцзин» — Қытай халқының әдеби шығармаларында екі жақты ағысты көрсетеді. Қытай әдебиетінің ерекшелігі- оның дамуындағы қатаң орын басушылық пен дәстүрлік күш болып табылады. Бұның өзі мемлекеттегі ғалымдардың көне әдебиет шығармаларын міндетті түрде білуі тиіс, прозалық және поэзиялық шығарма жаза алуы керек болған. Білімді адам қытай классикалық шығармаларын толық айта білуі керек, тиесілі комментарий келтіру керек, канондық шығармалардағы тексттерді өзінше түсіндіре алу керек болған. Ерте дәуірде қытай халқында бейбітшілік, бостандық және шынайы әлеуметтік қатынас туралы арман болған.Осы талпыныстарын олар өлең түрінде жеткізіп отырған. Сондықтан шығармалардың бірі болып « Өлеңдер кітабы» болып саналады. « Шицзин» қазірге дейін рухани қызығушылық, философиялық және діни көзқарас ретінде қарастырылады, шынайы өмірдің айқын бейнесін көрсетеді. «Шицзин» — көне қытай әдеби және әлемдік әдебиеттің алғашқы ескерткіштерінің бірі. Бұл өлеңдер жинағы тек әдебиет саласында ғана емес, тарих саласы жағынан да маңызды орын алады. «Шицзин» ұлы қытай мемлекетінде ең алғашқы көркем шығарма болып табылады. Бұл шығарманың негізгі мазмұнынан көне қытай қоғамының хал-жағдайын, тұрмысын, салт- дәстүрін көруге болады. Бұл шығарма өзінің ұлылығымен, маңыздылығымен, көркемдік ерекшелігімен «Иллиада», «Одиссей», «Рамаяна», Махабхарата», «Слово о полку Игорева» — мен бірдей орын иеленеді /6, 39-42/. «Өлеңдер кітабы» — бірінші болып қытай халқының адамзат тарихында ырғақ өлең ашу мен поэтикалық творчестволық дамуына құндылық еңгізді.Бұл жинақта көне қытай халқының арман – тілектері, саяси, экономикалық, қоғамдық өмірі, құлиеленушілер мен шенеуніктік ақсүйектердің қарапайым халықты қалай қинағаны баяндалады. Әсіресе, «Халық жырлары» бөліміндегі өлеңдер ішінде махаббат лирикасына бағытталған өлеңдер өзінше ерекше. Махаббат тақырыбындағы өлеңдерден қуаныш, қайғы, қасіретті көруге болады. «Шицзин» — халық арасынан жиналған өлеңдерден құралған жинақ. Бұл өлеңдерді кітап етіп жинау мақсаты — патша халық өзін қалай қабылдайды, халық ахуалын білу, патшаға деген көзқарасын біліп отыру үшін патша ордасының адамдары жинақтап еңгізген өлеңдер /7, 125-126/. Махаббат тақырыбындағы өлеңдерден қытай халқының махаббатқа берік сеңгенін, қаншалықты тұрмыстары ауыр болса да, басшылары қатал болмасын, бәріне көніп, барлық ауыртпалықтан мойымай өткенін көруге болады. Оның бір ғана себебі, қиындықтың бәрін жеңіп, ғашығына жету, бақытты өмір сүру негізгі армандары болған. Тақырып мазмұнына лирикалық өлеңдер жатады. Лирикалық өлеңдер мазмұнының бәрі тек ғашығын ойлап, соны күтуден ғана тұрмайды. Әртүрлі мазмұн иеленеді. Мысалы, ғашығына сонша армандап, үйленген соң зорлық пен зомбылық көріп, қасіретке ұшыраған әйелдердің қиналған зары, талақ етілген әйелдің қайғысы да жырланады. Кейбір өлеңдерде кездейсоқ ғашықтық пен құпия кездесулер, кейбірінде махаббатта жолыққан бөгеттер немесе қосағынан айырылу азабы, кейбірінде жанұялық жарасқан қуаныш, кейбірінде қасіретті неке немесе жанұялық бақытсыздық суреттеледі. «Шицзин» көне қытай поэзиясының байлығы.Осындай шығармаларда қытай халқының бай көне мәдениеті мен сезімі бейнеленген. В.Г.Белинский: «Әдебиет – халық санасы; онда әйнектегідей, оның рухы мен өмірі бар. Халық әдебиетінің қайнар көзі кез – келген сыртқы толғаныс пен сыртқы сезім болмайды, тек халықтың дүниеге көзқарасы ғана қайнар көз болып табылады» /8, 53-56/. «Ши» иероглифінің қытай тіліндегі мазмұны былай келеді: тақпақ, өлең, ритмикалық шығарма, яғни аккомпонементте әуен аспаппен орындалады. «Ши» — дің бұл мағынасы қазіргі қытай тілінде де сақталған. «Цзин» — нің мағынасы алғашқыда тері негізі деген мағына берген, осыдан өзгертілген мағыналар шыға бастайды. «Шицзин» әртүрлі мағынада аударылады: «Өлеңдер кітабы», «Поэзия кітабы», «Өлеңдер мен әнұрандар кітабы», «Мадақ кітабы» т.б. /9, 41-45/. Осыдан қытай ұлты феодалдық қоғам басында әдебиет жағынан керемет творчестволық күш иеленгенін көрсетеді. «Өлеңдер кітабының» негізгі мәнділігі – жоғарғы деңгейдегі халықтылығында және поэтикалық шығарманың көркемділігінде. «Өлеңдер кітабы» — поэтикалық құндылық. Ол- қытай халқының бірінші болып адамзат тарихында ырғақтық өлең ашу мен поэтикалық творчествоның дамуына құндылық еңгізген шығарма болып табылады. «Өлеңдер кітабының» пайда болуының нақты уақыты әлі күнге дейін белгісіз, ежелгі дәуірге жатқызылады. «Шицзин» поэзиясы Инь дәуіріндегі көркемдік жетістіктер кезінде дамыған. Қытай филологиясының қайнар көздерінен «Шицзин» ескерткішінің шығуы туралы екі негіз берілген: 1) Хан дәуіріне (б.э.д. III ғ. соңы — б.э. III ғ.) жатқызылады. «Шицзин» халық өлеңдерін жинау нәтижесінде пайда болды, олар аспан баласы ұсынысымен халық салт – дәстүріне шолу жасаған. Сонымен қатар мынандай көне әдеби ескерткіштерге сілтеме жасалады: «Ли Цзи» ( Книга установлении) ; «Хан Шу» (Хан тарихы). Осы көне әдеби қайнар көздерден ежелде ресми өкілдер институты болғанын білуге болады: даши немесе дайши, олар халықтан тақпақ пен өлеңдер жинаған. Жиналған өлеңдерді басшылар тексерген, осы шығармалар арқылы жай халық көңіл – күйін аңғарып отырған. Бұл жағдай күдікке әкелген. Белгілі ғалым Цуй Шу (1740 – 1816) «Он үш хандық дәстүрі» еңбегінде көрсеткен. У – ди император (б.э.д. 140-87) «Музыка палатасында» халық өлеңдерін жинақтап, жаңа өлең – поэтикалық шығармалар пайда болған. Басшылар өлеңдерді жинау мақсаты – халық көңіл – күйін, нені жек көреді, нені қажет етеді, соны білгісі келеді. 2) «Шицзин», оған кірген мадақ өлеңдер таңдалынып құрылған дейді, оны көне дәуірде жинақтаған. Осылай бола тұрса да, қытай зерттеушілері, әсіресе, тарихшылар мен филологтар кейіңгі дәуірде «ШИЦЗИН» пайда болуын Конфуций атымен байланыстырады. Конфуций (б.э.д. 551-479 ж.) Қытай дәуірі филологтар мен әдебиетшілер мектебінің негізін салушы, Қытайдың көне және орта ғасырлық мәдениет дамуына үлес қосушы. Қытай тарихи дәстүріне байланысты Конфуций мемлекетті басқару теориясын құрып өз түсініктерін көне тәртіпке ұшырастырды. Әдебиеттерде көрсетілгендей, Конфуций өзінің этикалық принциптерін дәлелдеу үшін ескіге сүйенумен ғана шектеліп қойған жоқ, бірақ ескі ескерткіш құндылықтарын нақтылады /10, 52/. Сымя Цянның тарихи жазбасында «Өлеңдер кітабын» басқа да Конфуций кітаптарымен Цин Ши Хуанди (б.э.д. 213 ж.) отқа жағуға тапсырған.Қайта қалпына келтіру Цин династиясынан кейін болды, шамамен б.э.д. 2 ғ. ортасы, шаруалар көтерілісі нәтижесінде болды. Осы уақытта Шицзиннің бірнеше тізімі пайда болды: «Луши» (Лу хабары), Лу хандығында б.э.д. XII-V ғғ., сол кезде өмір сүрген Шэнь Пэй жазбасы; «Циши» (Ци хабары), Ци хандығынан (XII-III ғғ.), қытай ғалымы Юань Гу атымен байланысты, немесе Юань Гу – Шэнь; «Ханши» ( Хан мағлұматы), Хан Инь ғалымға тиесілі, Ян хандығынан; «Мао Ши» Мао мағлұматы. Бірақ, «Луши», «Циши», «Ханши» тізімдері бізге дейін жетпеді. Тек «Мао ши» тізімі ғана сақталған. «Мао ши» тексттері XII ғ. «Шицзин» деген атқа ие болып, ең құнды, беделді әдебиетке айналды /11, 168-178/. Конфуцийді Чжоу династиясының императорлық архиві қызықтырды, онда ескі қолжазбалар сақталған деп ойлады. Өзінің моральді – дидактикалық мақсаты бойынша Конфуций олардың ішінен «Шицзинге» өлеңдер таңдап еңгізген. Осы жерде академик В.М.Алексеев көзқарасын да қарау керек. «Шицзин» — өлеңдері халық аузынан алынған. Қытай мен Европа ғалымдары осы мәселенің шешімін таппады. Осы негізде қытай тарихи ғылым негізін салушы Сымя Цян дәлелі келтіріледі: «Тарихи жазбалар» енбегінде Конфуцийге бағытталған бөлімде өлеңдер, мадақ және әнұрандар ежелде үш мыңнан астам болған. Конфуций олардың қайталанатындарын алып тастап, басқару, рәсім және борышқа тиесілі өлеңдерді ғана қалдырды. Ол Се және Хоу Цзи шығармаларынан қарады, барлығы 305 өлең жинақталды. Қытай шежіресіне сүйенсек, кітаптың тақпақтары мен өлеңдері — Конфуцийді алдымен тарихи және философиялық материал ретінде қызықтырған. Конфуций оның көркем құндылығын да жоғары бағалаған. Конфуций «Шицзин» өлеңдерінің текст мазмұндарын жақсы білген, «Луньюй» — де Конфуций мен шәкірттері «Өлеңдер кітабы» туралы -18 рет келтірді /12, 44-45/. Конфуций қайтыс болған соң, біраз жылдан кейін «Өлеңдер кітабы» Конфуцийшілдік классикалық канонға енеді, «Уцзин» (бес кітап) деп аталады. Бұл концепцияны жақтаушылар мен қарсы шығушылар болды. Көптеген қытай ғалымдары Конфуций тек әуенмен айналысқан, бірақ еш жерде ол өлеңдерді талдап, жарыққа шығарумен айналысты делінбеген. Осы негізде шығатын қорытынды, Сымя Цяннің «Тарихи естеліктерінде» Конфуцийдің «Өлеңдер кітабына» рөлін бұрмалап берген. Танымал ортағасырлық қытай филологы Кун Инда зерттеулеріне сүйенсек (немесе Кун Чжун да) (574-648), Конфуцийшілдік канон классикалық кітаптар баспасын қайта қарады. Ол Конфуцийдің «Өлеңдер кітабын» құрастырып шығарғанына қарсы болды. Өз пікірлерін танымал естеліктер мен фактілерге сүйеніп көрсетті /13, 135-137/. «Өлеңдер кітабының» шығуын зерттей келе Лу Кань-жу және Фэн Юань-Цзинь «Қытай поэзиясының тарихы» еңбегінде Цин династиясындағы ғалым- Цуй Шу (1740-1816) көзқарасына сүйенеді, «Шицзин» әуенді поэтикалық шығармалардан құралған, олар әдебиетшілер арқылы жазылып таралған. Белгілі тарихи — әдеби қайнар көз «Гоюй»- де өлеңдерді сарайға сановниктер мен әдебиетшілер жеткізіп жүрген. Ол өлеңдерді әйелдер мен еркектер айтатын болған, өз наразылықтары мен ызасын білдірген.Қарны ашқандар тамақ туралы ән айтқан, жұмыс істеп жүргендер жұмыстары туралы айтатын болған. Лу Кань-жу мен Фэн Юань-цзюнь айтуынша, осы өлеңдерде әуен белгіленген және белгілі музыкалық мотив болған. «Шицзиннің» барлық өлеңдерінің өз әуендері болады және музыкалық шығарма секілді де орындалады. Сюй Чжун-шу зерттеушінің айтуынша, «Шицзинге» негізінде Лу хандығы өлеңдері өңделіп еңген дейді /14,147-149/. Жаңа қытай әдебиетшісі Ван Яо айтуынша, бізге дейін жеткен әуенді- поэтикалық шығарма «Шицзин» өзгертулер мен жүйелеуден өткен. Дәлелі ретінде өлеңдері барлығы дерлік біржақты. «Шицзинге» кірмеген сол кездегі өлеңдер құрамы мүлдем басқа. Го Мо Жо: «Шицзинге» келесі ұрпақтар өзгерту еңгізген, бояуын өзгерткен, бір формаға келтірген.

Читайте также:  Мемлекет туралы жалпы ілім

Оставить комментарий