Шоқан Уәлихановтың жастық шағы

Шоқан Уәлиханов бала кезінің өзінде-ақ аса қабілеттілігімен, зеректігімен көзге түседі. С. Мұқановтың айтуынша, сол кездегі Құсмұрын округінің аға сұлтаны болып тұрған әкесінің татар тілінде жүргізілетін іс қағаздарына көмектесуге Шоқан кішкентай күніңде-ақжараған.

Бүл пікірлердің дұрыстығын ғалымның өз сөзі де дәлелдейді. «Едіге» жырының бір түрін сұлтан Шыңғыс Уәлиханов күрлеуіт қыпшақ Жұмағұл ақыннан жазып алған, соны әркімдердің аузында жүрген нұсқалармен салыстырып, екінші түрін жасаған, үшінші түрін Арыстанбай ақынның аузынан жазып алған. «Осы үш түрді 1842 жылы әкем, Ахмет Жантөрин және мен -үшеуіміз салыстырып отырып, қазіргі нұсқасын жасадық», -дейді Шоқан.

Ол жасында жақсы тәрбие, жан-жақгы білім алады. Халық ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін естіп біледі, музыкалық өнеріміздің байлығына, оның мазмұндылығына қанығады. Төл әдебиетіміздің інжу-маржандарын біртіндеп бойына сіңіре береді Қобызшы Құрымбай Қанғожин мен әнші Көке Алжановтың, Шөженің, жыршы Қарке мен атақты Тулақ қобызшының баласы музыкант Төлепбергеннің өнерлерін көруден, естуден бір сәт те жалықпайды. Олар жоқта әжесі Айғанымға алуан түрлі ертегі, жыр, өміріндегі кейбір елеулі жайларды айтқыздыртады.

Ш.Уәлиханов жайлы Ә. Марғұланның зерттеулерінде атап көрсетілгеңдей, Шоқанның әжесі Айғаным (1783-1853) көптеген шығыс халықтарының тілдерін білген, олардың бай ауыз әдебиеті үлгілерінің бірталайын жатқа айта алған, орыс мәдениетінің маңызын қазақ әйелдері ішінде бірінші болып түсініп, баласы Шыңғысты 1827 жылы Сібірдегі әскери училищеге оқуға берген, орыс-қазақ достығын жақтап, ауылына келген орыс зерттеушілеріне қолайлы жағдайлар туғызып отырған, жас Шоқанның оларға еліктеуіне, сөйтіп, өнер жолын қууына ешбір шектеу жасамаған, қайта баланы ойшылдыққа баулыған, алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымды жоғары бағалап, немересі Шоқанның рухани өсуіне үлкен ықпал жасаған.

Кішкентай Шоқан Ақмола мен Баянауылдың әсем табиғатымен танысып өсті. Сұлу Көкшенің тік шындарына тамашалай қарады, қазақтың қызғылықты аңшылық кәсібіне бой ұрды. Халқымыздың қыз ұзату, шілдеханаға бару, ас беру салтын, ақындар айтысын өз көзімен көріп, олардан рухани нәр алды». Мұндай жайлар жас Шоқанның өзі өскен ортасын жіті тануына, айналасына ойлы көзбен қарауына игі әсерін тигізді. Оның халық ауыз әдебиетіне, туған халқына деген сүйіспеншілігін ерте оятты.

Читайте также:  Чукчалар туралы мәлімет реферат қазақша

Әкесі Шыңғыс (Потанин, Ибрагимов, Гейнстердің пікіріне қарағанда) сол кездегі, одан бұрынғы қазақ өмірін, экономикасын, тұрмыс-салтын жетік білген. Ол халық поэзиясын, қазақтың музыкалық фольклорын зерттеп, жинауда да көп жұмыстар істеген және өзі музыкалық аспаптарда (сыбызғы, домбыра т.б.) жақсы ойнай білген. Баласы Шоқанның тыңдауы мен қағаз бетіне жазып алуы үшін ең таңдаулы деген ақындар мен жыршыларды үйіне жиі шақыртып алып отырған. Бұлардың ішінде атақты Шөже, Орынбай, Арыстанбай және ақын қыз Ажар тағы басқалар үнемі келіп, өнер жарыстыратын.

Ақын-жыраулардың талантын жоғары бағалаумен бірге, Шыңғыс өзі бас болып халықтың этнографиясын зерттеуге айтарлықтай үлес қосады. Бұған сол кездегі Шыңғыс жинаған этнографиялық коллекциялардың күні бүгінге дейін Санкт-Петербор, Мәскеу, Гамбург мұражайларында сақтаулы тұрғаны дәлел.

Шоқан әке төңірегіндегі дала өнерпаздарының өз ауыздарынан қоғамдық қайшылықтар мен үстем тап озбырлығын, теңсіздік пен қараңғылықты естіп білді, сондай-ақ халықтың рухани байлығын ерте сезінді. Ол жастайынан халықгың мұң-мүддесін түсініп өсті, кейін оның белсенді қорғаушысы болды. Әнші, жыршылардың сезім толқытар толғаулары, билердің сөз шарпысу көсемдігі, шешендік мектебі, күйшілердің жан тебірентер сарыны — бәрі алғыр Шоқанның қиялын самғатты. Халқымыздың елдік салты, ерлік дәстүрі, өнер саңлақтарының жұмбақ тұспалдауы, өскен ортаның қыр-сыры балғын жасты терең ойға батырды. Көре түссем, біле берсем деген ғажап құштарлық болашақ ғалымды мазалай түсті.

Шоқан Уәлиханов әуелде Құсмұрыңдағы қазақ мектебінде арабша хат таныды. Шағатай тіліндегі орта ғасыр әдебиеті ескерткіштерімен танысып, араб, парсы,тілінде сөйлеуге жаттықты. Шығыс ақындарының өлеңдерін жаттады. Шығыс тілдері мен олардың бай мұраларына, араб, түркі жазуларына қатты көңіл бөлді.

Араб, орыс алфавитінің жазылуын тез меңгеріп кеткен дарынды Шоқанға Шыңғыс қазақтың халық поэзиясын, аңыздары мен жырларын, әңгімелері мен ертегілерін көшірте бастайды. Соған орай ол «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларының бірнеше нұсқасын қағаз бетіне түсіреді, кейін оларды кадет корпусындағы оқытушысы Н.Ф.Костылецкийге тапсырады.

Читайте также:  АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

Костылецкий — әдебиетші-ориенталист (Шығыс зерттеушісі), Шоқанға көп ықпал еткен адам. Оның атына қазақтың көптеген фольклорлық материалдары жер-жерден жіберіліп тұрған. Мысалға, сол кездегі бір топ оқыған азаматтар Халиолла Өскенбаев (Абайдың ағасы), Мұстафа Бүркітбаев (Баянауылдан), Сәдуақас Анаев (Көкшетау округінен), Аягөзден ағайынды Ханғожиндер Костылецкийге халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тамаша нұсқаларын жинап беріп отырған.

Ш.Уәлиханов халықтың осынау мәдени байлығын сүйсіне тындаушы, тебірене жинаушы болды, кейін білімі толысқан соң, оның нағыз зерттеушісіне айналды. Өз халқының бай мұрасын жетік білуі болашақ ғалымның дүниетанымына игі әсер етті. Оның демократтық көзқарасының қалыптасуына көмектесті.

Шоқан кадет корпусында оқи бастағанда-ақ Шығыс халықтарының тілдерін жақсы білетін кейбір оқытушылар одан әр жайды сұрайтын болған. Сонда-ақ көзі нұр жайнаған жаңа шәкірт қазақжырлары мен аңыздарынан, зарлы жоқтаулары мен мақал-мәтелдерінен, күлдіргі әзіл әңгімелері мен қайғылы әндерінен, күйлері мен айтыстарынан хабардар екенін танытқан. Жиренше шешен, Асанқайғы, Қорқыт ата, Қожанасыр туралы да білетінін байқатқан. Мұндайда Шыңғысты жақсы білетін және оны сыйлайтын қайсыбір адамдар қаршадай Шоқанның соншалықты қабілеттілігін әкесінің тәрбиесі, соның баулып, үйреткенінің жемісі деп түсінген. Оларының да жөні бар. Себебі, Шоқан әліппені, алғаш жазу-сызуды орысша, арабша бірдей Айғаным мен Шыңғыстан үйренді. Соның нәтижесінде Шоқан медресе оқушыларының алды болды. Зейінді баланы Айғанымның рұқсатымен Шынғыс Омбыға оқуға жіберді.

Шоқанның биікке көтерілуіне сол кездегі ғылымның дамуы мен саяси ағымның ықпалы күшті әсер етті. Шыңғыс ауылына келіп, зерттеу жұмыстарымен шұғылдана бастаған орыстың оқыған азаматтары мен офицерлері, кейін кадет корпусындағы прогресшіл оқытушылар мен ондағы бай кітапхана, Пушкин, Гоголь, Диккенс еңбектері мен Герцен, Белинский идеялары талантты жастың әлеуметтік мәселелерге батыл араласуына жәрдемін тигізді.

Оставить комментарий