Шығармашылық эволюция туралы

Тіршілік эволюциясының тарихы осы кезге дейін қаншама да фрагментарлы болғанымен, бізге үздіксіз даму процесінде омыртқалылар қатары арқылы адамға қарай өрлейтін сызық бойында интеллектің қалайша пайда болғанын түсінуге жол ашады. Ол бізге түсіну қабілетінің әрекетке деген қабілетті толықтыратынын көрсетеді, ал түсіну қабілеті болса, ол тіршілік иелері санасының тіршілік сүрудің берілген жағдайларына барған сайын дәл, барған сайын икемді және күрделілене түсетін бейімделуі болып табылады. Осыменен біздің интеллектіміздің сөздің тар мағынасындағы тағайыны анықталады: ол біздің денеміздің қоршаған ортаға толығымен кірігуін қамтамасыз етеді, бір­біріне сыртқары заттардың қатынастары туралы елестер туғызады, ­ бір сөзбен, ол материяны ой елегінен өткізеді. Бұл жұмыстың қорытындыларының бірі, шыныменен, осындай болмақ. Адам интеллектісі қозғалмайтын нәрселермен, мәселен, қатты денелермен, ал бұларда біздің әрекеттеріміз өзіне сүйеніш нүктесін, ал біздің еңбегіміз өз құралдарын табатыны белгілі, ­ істес болғанынша өзін емін­еркін сезінетінін, ал біздің ұғымдарымыздың солардың үлгісімен қалыптасқандығын және біздің логикамыздың, көбіне, қатты денелер логикасы екенін біздер көретін боламыз. Соның арқасында біздің интеллектіміз геометрия саласында жарқыраған жеңістерге қол жеткізеді, ал мұнда, геометрияда, логикалық ойдың инертті материямен туыстастығы байқалады және де интеллект, тәжірибемен сәл ғана жуғыса сала, тәжірибе оған ілесіп, оның расталуы ретінде бұлжымастай қызмет етеді деген сеніммен бір жаңалықтан екінші жаңалыққа жетуі үшін, тек өзінің табиғи желісіне басып отырса болғаны. Бұдан таза логикалық формадағы біздің ойымыздың тіршіліктің ақиқат табиғатын, эволюциялық қозғалыстың терең мәнісін өзіне елестете алмайтыны да анықталады. Белгілі бір жағдайда белгілі заттарға әрекет ету үшін тіршіліктің өзі туғыздырған біздің ойымыз, оның бір эманациясы, бір жағы ғана бола тұрып, бүкіл тіршілікті қамти ала ма? Эволюциялық қозғалысқа ілесе келген ол, осы қозғалыстың өзіне қолданыла ала ма? Бұл бөлік тұтасқа тең, салдары өзінің себебін өзінде тұта алады немесе жағаға лықытылған тас оны алып келген толқынның формасын қайталайды деген ұйғарымға тең болар еді. Іс жүзінде біздің ойымыздың бірде­бір категориясы ­ бірлік, көптілік, механикалық себептілік, зерделі мақсаттылық және т.б. ­ тіршілік құбылыстарына дәлме­дәл қолданыла алмайтынын сеземіз: дарақылықтың қайда басталып, қайда тынатынын, тіршілік иесі бірлік пе әлде көптілік пе екенін, клеткалар қосылып организм құратынын не организмнің клеткаларға ажыратылатынын кім айта алады? Тіріні біз бекерден­бекер белгілі бір шеңберге тыққыштаймыз. Барлық мұндай шеңберлер быт­шыты шығып үзіледі: олар тым тар, ең бастысы, біздің оларда орналастырмақ болып талпынған нәрсеміз үшін олардың кірісі тым қатты. Инертті заттармен істес болғанда соншама сенімді біздің ой­пікіріміз, бұл жаңа салада өзін еркін емес сезінеді. Таза ой­пікірмен қол жеткен тым болмаса бір биологиялық жаңалықты атау өте қиын. Және де көбінесе белгілі нәтижеге қол жеткізу үшін тіршіліктің қандай тәсілдерге жүгінгенін тәжірибе бізге көрсеткенде, біз дәл осының ешқашан біздің басымызға да келмейтіндігін көреміз. Дегенмен де эволюциялық философия ұйымдастырылмаған материя саласында табысты қолданылып келген түсіндіру тәсілдерін тіршілік құбылыстарына еш именбестен таратады. Алғашында ол бізге интеллектіні эволюцияның локалдық көрінісі ретінде, әлдебір—мүмкін кездейсоқ болар ­ тіршілік иелерінің олардың әрекетіне бола ашылған тар жолдағы қозғалысына жарық түсіретін жарқыл ретінде елестеткен еді. Енді кенеттен, бізге бұрын хабарлағанын ұмытып, жер астындағы тереңде жыпылықтаған бұл әлжуаз жарық көзін, ол бүкіл дүниені жарықтандыратын Күнге айналдырады. Ол бір ғана тұғырнамалық ойлаудың көмегімен барлығын да, тіпті тіршілікті де, идеалды түрде бейнелеп беруге батыл кіріседі. Рас, оның жол бойы соншама ауыр кедергілерге ұшырасып, өз логикасының көмегімен қолы жеткен қорытындыларында соншалықты оғаш қайшылықтарды байқастап, өте тез арада өзінің алғашқы кеудемсоқтықтарынан райы қайтуына тура келеді. Ол енді реалдылықты емес, қайта реалдылыққа еліктеуді ғана, немесе, дәлірегінде, оның символикалық бейнесін ғана жасаймын деп мәлімдейді: заттардың мәні бізден тайқып кетеді және әрқашан тайқып кете беретін болады; біз қатынастар арасында сайрандаймыз, абсолюттілікке біздің қолымыз жетпейді, біз Танылмайтынның алдында тоқтауға тиіспіз. Бірақ шындығында, бұл адам интеллектісінің артық дандайсуынан кейін асқан түрдегі өзін – өзі таптауы болып табылады. Егер тіршілік иесі интеллектісінің формасы біртіндей ­ біртіндеп белгілі бір денелер мен оларды қоршаған материалдық орта арасындағы өзара әсерлер мен кері әсерлердің үлгісі бойынша құйылған болса, онда ол не себепті осы денелерді қурайтынның мәнінің өзі туралы әлде бірдеңені айта алмайды? Әрекет бейреалдықта іске аса алмайды. Ақылгөйліктер не тәтті армандар үшін жаралған рух туралы, ол реалдылықтан тыс қалады, оны бұзады және өзгертеді, ­ тіпті, мүмкін, біздің адамдар мен жануарлар фигураларын өз қиялымызбен көшпелі бұлттан бөліп алып жасайтынымыз сияқты, оны жасайды деп те айтуға болар еді. Бірақ жасалуға тиісті әрекетке және одан кейін іле орын алатын кері әрекетке ұмтылатын интеллект, өз объектісін минут сайын ол туралы өзгермелі әсер алу үшін тіміскілейтін интеллект, ­әлдебір абсолютті бірдеңемен жанасады. Егер де философия біздің ақылмандығымыздың қандай қайшылықтарға ұшырайтынын, қандай тұйықтарға тірелетінін көрсетпегенде, біздің танымымыздың осы абсолюттік құндылығына күмәндану біздің ойымызға қашан да болмасын келер ме еді? Бірақ бұл қиыншылықтар мен қайшылықтар біздің ойымыздың әдеттегі формаларын практикалық іс­әрекетіміз қолданыла алмайтын және, демек, олар үшін біздің қойған шеңберлеріміз жарамайтын нәрселерге қолданатынымыздан туындайды. Инертті материяның белгілі бір жағына жанасатын интеллектуалдық таным, керісінше, бізге оның дұрыс дағын беруге тиіс, өйткені оның өзі де осы ерекше нәрсе қалпында құйылған­ды. Оның относительді болуы өзді­өзі бола тұрып, бізге тіршілікті, яғни дақты дүниеге келтірген құюшының өзін елестетпек болғанда орын алады. Осыған бола тіршілік табиғатына тереңдеп бойлай түсуден бас тартуға тиістіміз бе? Біздің пайымымыз әрқашан беруге даяр тұратын механистік елесті, қажетті түрде жасанды да символикалық елесті, ­ өйткені ол тіршіліктің тұтас белсенділігін білгілі бір адам іс­ әрекетінің формасына апарып телиді, бұл іс­ әрекеттің тіршіліктің бөлікті де локальды көмкерісі ғана, тіршілік жұмысының салдары, оның тұнбасы ғана іспеттес екені белгілі, — ұстануымыз керек пе? Егер тіршіліктің барлық психикалық мүмкіндіктері таза пайымдарды ғана тудыруға бағытталған болса, яғни егер тіршілік таза геометрлерді ғана дайындайтын болса, бұл қажетті болар еді. Бірақ адамға әкелетін эволюциялық сызық жалғыз емес. Басқа ­ жан­жаққа айырылысатын ­ жолдарда сананың басқа формалары дамыды; ал бұлар адам интеллекті жасағандай сыртқы мәжбүрлеулерден босана да, өзді­өзін жеңе де алмады, бірақ олар дегенмен де эволюциялық қозғалыста мәнді және оған имманентті деген әлденені білдіреді. Сананың осы формаларын бір­бірімен жақындастырып, одан кейін оларды интеллектпен қосылысуға мәжбүрлей отырып, тіршілікке коэкстенсивті сананы ала алмаймыз ба екен? Және де мұндай сана оның ту сыртынан сезілетін тіршіліктің тегеурініне кенеттен бұрылып, оның тұтас, дегенмен, әрине, оңай сырғып кететін көрінісіне қол жеткізуге қабілетті болуға тиіс. Бұл жолмен де біз интеллекттің шекарасынан асып шыға алмаймыз, өйткені сананың басқа формаларын да тек біздің интеллектіміздің көмегімен, тек біздің интеллектіміздің призмасы арқылы ғана қарастырамыз деп айтулары мүмкін. Егер де біз таза интеллекттер болсақ, егер де біздің тұғырнамалық логикалық ойдың айналасында күңгірт тұмандылық қалып қоймаса, ­ ал бұл соңғысы оған зиянды түрде біз интеллект деп атайтын жарқыраған ядро түзілген сол бір субстанциядан жасалады, ­ бұл сөздерде де қисын болар еді. Мұнда пайымды толықтыратын, өзді ­ өзімізде тұйықталып қалғанымызда олардың бар екендігін күңгірт қана сезінетін белгілі бір күштер орын алады; бірақ олар өздерін, айталық, табиғат эволюциясындағы жұмысында көргенде жарықталынады және көрнектілінеді. Сонда олар қарқындылырақ болу және тіршілікпен бір бағытта кеңейе беру үшін қандай күш жұмсауға тура келетінін білетін болады.

Бұл таным теориясы мен тіршілік теориясы бізге бір­бірінен айырылмастай болып елестейтінін білдіреді. Танымды зерттеумен қатарласа жүрмейтін тіршілік теориясы оның қарамағына зерде салып беретін ұғымдарды өзгеріссіз қабылдауға міндетті: ерікті ме әлде еріксіз бе ол фактілерді өзі біржола дайын ретінде қарастыратын бұрыннан қалған шеңберлерге тыққыштауға тиіс болады. Ол, міне осылай, оң ғылымға қолайлы, ал мүмкін, тіпті қажетті дерлік символизмге қол жеткізеді, бірақ онда өз пәнін (предметін) тікелей байқастау жоқ болады. Екінші жағынан, интеллектіні тіршілік эволюциясының жалпы процесіне малтықтырмайтын таным теориясы, бізге таным шеңберлерінің қалай құралғанын да, қалайша біз оларды кеңейте немесе аттап кете алатынымызды да көрсетпейді. Осы екі зерттеулер ­ таным теориясы мен тіршілік теориясы ­ өз күштерін біріктірулері, сөйтіп дөңгелене қозғалыста бір­бірін шексіз итермелеулері керек. Екеулеп, дұрысырақ, тәжірибеге жақынырақ әдістің көмегімен, олар философия қойған ұлы проблемаларды шеше алатын болады. Өз міндеттерін табысты түрде орындаған соң, олар бізге интеллектінің пайда болуын, ал сонысыменен біздің интеллект жалпы ауқымында алғанда суреттемелейтін материяның генезисін де көрсеткен болар еді. Олар табиғат пен рухтың түп­тамырларына дейін қазбалаған болар еді. Эволюцияның белгілі бір сатысында тұрған тікелей бар реалдылықты дәл солай эволюциядан өткен кесектерге бөлуден, сонан соң оны осы бөліктерден қайта тұрғызудан, сөйтіп түсіндіруді талап ететіннің бәрін алдын ала қабылдаудан тұратын Спенсердің жалған эволюционизмін, ­ бұл эволюционизмді олар реалдылықты оның тууы мен өсуінде байқастайтын ақиқат эволюционизммен алмастырар еді. Бірақ тегі мұндайлық философия бір күнде пайда бола алмайды. Әрқайсысы әлдебір данышпанның туындысы болатын және біз қабылдайтын не қабылдамайтын тұтас әлдене болып көрінетін сөздің шын мағынасындағы жүйелерден өзгеше, бұл философияның көптеген ойшылдардың, ал сондай ­ ақ бірін­бірі толықтыратын, жөндейтін, қолдайтын көптеген байқаушылардың да, ұжымдық және жүйелі түрдегі күш жұмсауымен ғана жасалуы мүмкін. Міне сондықтан ұсынылып отырған тәжірибе ұлы мәселелерді бірден шешу мақсатын көздемейді. Оның міндеті ­ тек қана әдісті анықтау және кейбір мәнді пункттерінде оны қолданудың мүмкіндігін көрсету. Оның жоспары пәннің өзімен айқындалған. Эволюциялық үдеріске біздің зердемізде бар екі дайын форманы, дайын киімді: механицизм мен мақсаттылықты 11 өлшеп көргеміз; біз олардың екеуінің де дәл келмейтінін, бірақ олардың біреуінің сызықтарды, адами интеллектке әкелген жолмен қатар, жаңғыртып өтуге тырысамыз. Интеллект, міне осылай, оны тудыратын себебіне қарай жылжиды, ал оны, бұл себепті, оның өзінде танып­білу және оның өзіндік қозғалысында бақылау керек. Осы текті қарастыруды ­ мүлде толық емес ­ біз үшінші тарауда қолға аламыз. Төртінші және соңғы бөлімде біздің зерденің өзі белгілі тәртіпке бағына отырып, оның шектерінен асып түсетін философияны қалайша дайындай алатынын көрсеткіміз келеді. Бұл үшін бізге жүйелердің тарихына көз жүгіртуге, ал сонымен бірге жалпы реалдылық туралы дерексіз түрде пайымдай бастағанда адам зердесі ілігетін екі иллюзияны талдауға тура келді. Тіршілік сүретіннің бәрінен де бізге ең анық және жақсырақ белгілісі, шартсыз түрде, біздің өзіміздің тіршілік сүруіміз болып табылады, өйткені басқа нәрселер туралы біздің ұғымдарымызды сыртқы және үстірт деп санауға болады, ал өзді­өзімізді біз іштей және терең танып­білеміз. Біз міне осылай нені танимыз? Бұл ерекше жағдаяттағы «тіршілік сүру» сөзінің дәл мағынасы қандай? Алдыңғы жұмыстың қорытындыларын қысқаша еске салайық. Ең алдымен мен бір күйден екінші күйге өтетінімді сезінемін. Маған суық немесе ыстық, мен көңілдімін немесе қайғылымын, мен өзімді қоршағанға қараймын немесе басқа әлдене туралы ойлаймын. Түйсіктер, сезімдер, тілектер, елестер ­ міне біздің тіршілік сүруіміздің бөліктерін құрайтын және оның кезекпен ­ кезек бояуын қандыратын модификациялар. Сонымен, мен ылғисында өзгеремін. Бірақ бұл әлі бәрі емес. Болып жатқан өзгеріс алғаш көрінгенінен әлдеқайда тереңірек. Шынындада, өз күйлерімнің әрқайсысы туралы мен тұтастайын әлденедей айтамын. Мен өзгеремін деймін, бірақ бұл өзгеріс, менің байқауымша, бір күйден одан кейін келетін күйге өту болып табылады; жеке алғандағы сол бір күй ол тіршілік сүретін уақыт бойында маған өзгермейтін болып елестейді. Ал соның арасында көңілдің сәл ғана күштірек қойылуы минут сайын өзгермейтін аффектінің де, елестің де, тілектің де жоқ екенін маған ашқан болар еді; егер де жанның күйі өзгеруін тоқтатса, онда ұзақтылық өз ағымын қоя қояр еді. Ішкі күйлердің арасынан ең берігін ­ сыртқы қозғалмайтын нәрсенің көру арқылы қабылдануын алайық. Нәрсе сол өзі болып қала берсін, ал мен оған бір ғана жағынан, белгілі бір бұрышпен, сол бір ғана күнде қараймын делік: бәрібір менің қазір көретінім менің әлгінде ғана көргенімнен өзгеше болып шығады, тым болмағанда оның бір мезетке жасының ұлғайғаны бойынша ­ ақ. Бұл арада менің жадым қатынасып, өткеннен қазіргіге қарай бірдеңені итермелейді. Менің жанымның күйі уақыт жолымен қозғала отырып, тұрақты түрде өзі қалап алатын ұзақтылықпен толықсиды: ол өзді ­өзінен қарлы кесек соққандай болады. Бұдан да үлкендеу негіздемемен мұны тереңірек ішкі күйлер туралы, қарапайым көру қабылдауы жағдайындағыдай орнықты сыртқы нәрсеге қатынасы жоқ түйсіктер, аффектілер, тілектер және т.б. туралы да айтуға болады. Бірақ бізге бұл үздіксіз өзгеріске көңіл бөлмеу ыңғайлырақ, біз оны ол соншалықты үлкейіп, денені жаңа бір жағдайға келтіріп, көңілді жаңа жолға бағыттағанда ғана байқайтын боламыз. Дәл осы сәтте біз күйдің өзгергенін, өзгеріс үздіксіз жүріп жатқанын жэне күйдің өзі өзгеріс болып табылатынын байқастаймыз. Бұл бір күйден екіншісіне өту мен сол бірден­бір күйде болудың арасында мәнді айырмашылықтың жоқтығын білдіреді. Егер де «сол қалпында қалатын» күй былайғы көрінгеніне қарағанда өзгермелірек болса, онда, керісінше, бір күйден екінші күйге өту біздің жорамалдауымыздан артығырақ бірден бір ғана ұзайтын күйге көбірек ұқсайтын болады: бірі екіншісімен тоқтамастан алмасады. Бірақ біз әрбір психологиялық күйдің тоқтаусыз өзгерісіне көзімізді жабатын болғандықтан, дәл сондықтан, ­ бұл өзгеріс тым ұлғайып, біздің көңілімізді өзіне бұрғызғанда, ­ біз оны бұрынғымен қатар пайда болған жаңа күй деп атауға міндеттіміз. Бұл жаңа күйді біз дәл солай өзгермейтін санаймыз және т.е. шексізге дейін.

Читайте также:  Мысыр және Африка мүйізі аймағындағы қарулы қақтығыстар

Психологиялық тіршіліктің үздіктілігі туралы емес, демек, біздің көңіліміздің бұл тіршілікті жекелеген актілер қатарында тіркелейтініне байланысты: жайдақ қана дөңес бар жерде біздің көңілдің актылары құрайтын сынық сызыққа елігіп, біз баспалдақтың сатыларын көреміз. Рас, біздің психологиялық тіршілігіміз көріп ­ біле алмайтынға толы. Олардың алдындағыдан бөлініп алынғандай жэне олардан кейінгі болатынмен байланыспаған болып көрінетін мыңдаған кездейсоқ құбылыстар қалықтап шығады. Бірақ олардың бетке шығуының үздіктілігі үздіксіз салалайтын аралығын анықтайтын үздіксіз бір фон жүзінде белгілі болады; бұл ­ симфонияда анда­санда ғана дауысы шығатын литаврдың соққылары. Біздің «көңіліміз», олар оны көбірек мазасыздандырғандықтан, соларға бөлінеді, ал олардың әрқайсысы біздің бүкіл психологиялық тіршілік сүруіміздің ағылып жатқан массасымен әкелінді. Олардың әрқайсысы ­ біздің сезінетініміздің, ойлайтынымыздың, тілейтініміздің бәрін қамтитын қозғалмалы сферада ең жарығы мол нүкте ғана, — бір сөзбен айтқанда, қазіргі мезетте біз не болсақ, соның бәрі болып табылады. Тұтас алғандағы осы сфера шындығында біздің күйімізді құрайды. Мұндай анықтама берілетін күйлер туралы олар жекелеген элементтер болып табылады деп айтуға болмайды: олар біреулері екіншілерінде шексіз тоғысуында жалғасып жатады. Бірақ біздің аударылған көңіліміз оларды жасанды түрде бөліп және айырып алғандықтан, ол енді оларды сол жасанды байланыспен қосуға міндетті. Ол, сонымен, аморфты, индифферентті, өзгермейтін менді ойлап табады да, тәуелсіз мәндер дәрежесіне көтерілген психологиялық күйлер соған төңкеріледі немесе соның жүзімен сырғақтайды. Қозғалмалы, бір­біріне айналып жататын реңктердің ағымдылығының орнына көңіл алқадағы түрлі­түсті інжу­маржандар сияқты қатар түзетін бір­бірінен әсіре бөлек және қанық деп айтуға болатындай түстерді байқайды: онда оған бұл інжу­маржандарды біріктіре алатындай берік жіптің бар болуын болжалдауға тура келеді. Бірақ егер бұл түссіз субстрат толассыз оған жұғысқанға боялатын болса, онда өзінің бей анықтылығында ол біз үшін жоқтың қасы десе де болады: біз тек боялғанды, яғни психологиялық күйлерді ғана қабылдаймыз ғой. Шындығын айтсақ, бұл «субстрат» реалдылыққа жатпайды, бұл ­ біздің санамызға үздіксіздік орын теуіп жатқан жерде көңілге әртүрлі күйлердің қатарын түзуге жол ашатын операцияның жасандылығын тұрақты түрде еске салуға қызмет ететін жай белгі. Егер де біздің тіршілігіміз бей құмар «мен» синтездеуге тиіс жекелеген күйлерден түратын болса, онда біз үшін ұзақтық тіршілік сүрмеген болар еді. Өйткені өзгермейтін «мен» ­ уақытта ұзамайды; келесі күй ауыстырғанша өзіне­өзі тепе­тең болып қала беретін психологиялық күй де ­ дәл солай ұзамайды. Онда бұл күйлерді оларды демеп туратын «менде» қаншама қатарластырмақ болғанымызбен, ешқашан өзгермейтінге тізілген бұл өзгермейтін денелер ағымды ұзақтылықты құрмайды. Сонымен бірге, бұдан мықтырақ, бұдан субстанциалдырақ тін болмайды. Бізге тән ұзақтылық бірінен соң бірі орын басып жатқан мезеттер емес қой: онда тұрақты түрде тек қазіргі ғана тіршілік сүрген болар еді, өткеннің қазірдегі жалғасы да, эволюция да, нақтылы ұзақтылық та болмас еді. Ұзақтылық ­ бұл өзіне болашақты сіңіретін және алға басқан сайын дүмпи түсетін өткеннің үздіксіз дамуы. Бірақ егер өткен үзілместен өсетін болса, онда ол шексіз сақталады да. Адам жады, біздің көрсетуге тырысқанымыздай , еске түсірулердің тізбесін жасау немесе оларды полкаларға бөліп жинақтылау қабілеті емес. Мұнда тізбе де, полкалар да жоқ; мұнда тіпті сөздің өз мағынасында алғандағы, қабілет те болмайды, өйткені қабілет, оның тілеуіне не қолынан келуі ­ келмеуіне орай, үздікті түрде әрекет жасайды, ал өткен өткеннің үстіне үзіліссіз қосыла береді. Шындығында өткен өзді ­ өзінен, автоматты түрде сақталады. Шүбәсіз, кез келген сәтте ол түгелімен бізге ере жүреді: біздің жас кезімізден бері сезгендеріміздің, ойланғандарымыздың, тілегендеріміздің бәрі, мұның бәрі осында ­ бәрі де оған қосылуға даяр тұрған қазіргіге ентелейді, бәріде оны сырғытып тастауға ұмтылатын сананың есігіне жармасады. Ми механизмі өткеннің бүкіл дерлік жиынтығын бей саналыққа ығыстыру және берілген ахуалды сәулелендіретінді ғана санаға кіргізу, дайындалып жатқан іс­әрекетке көмектесу ­бір сөзбен айтқанда, пайдалы еңбекке жеткізу ­ үшін жасалған. Сәнділікке ғана жарасты деуге болатын басқа естеліктерге жартылай ашық есіктен ұрланып кана бас сұғуға болды. Бейсаналықтың жолдаушылары, өзіміз де білмей, соңымыздан ертіп келе жатқанымыз туралы бізді хабардар етеді. Бірақ біз, тіпті бұл туралы тіпті анық елесіміз болмаса дағы, бәрібір біздің өткеніміз бізден қалыптаспайтыны күңгірт болсын сезінеміз. Шынында да, біз қандаймыз, біздің мінез­құлқымыз нендей, егер де ол туғаннан, тіпті туғанға дейін, өйткені біз өзімізбен бірге туа біткен қабілеттерді ала келеміз ғой, бастан кешкен тарихтың экстракты болмаса. Әрине, ойлау үшін өткеніміздің бөлшегі ғана керек, бірақ бізді тілеуге, ұмтылуға, әрекеттенуге бүкіл өткеніміз мәжбүрлейді, соның ішінде біздің жанымыздың туа біткен қасиеттері де. Сонымен, біздің өткеніміз, оның азғантай бөлшегі ғана елеске айналғаныменен, — тенденция ретінде, ­ түгел барлығымен бізге өзі туралы білдіреді. Өткеннің осы сақталуынан санаға бірден­бір күй арқылы екі рет өтудің мүмкін еместігі шығады. Жағдаяттар бұрынғы болғанымен, бірақ олар енді сол бұрынғы тұлғаға әсер етпейді, өйткені олар оны тарихының жаңа бір сәтінде кезіктіреді. Әрбір мезетте жинақталған тәжірибеден құрылатын біздің тұлғамыз тұрақты түрде өзгеріп отырады. Өзгере отырып ол қандай да болмасын күйге қашан да болмасын тереңінде қайталануына мүмкіндік бермейді, тіпті егер ол бетінде өзді ­ өзіне тепе­тең болса дағы. Міне не себептен біздің ұзақтығымызға қайта оралмастық тән. Біз оның бір бөлшегін де қайтадан басымыздан кешіре алмас едік, өйткені ол үшін ең алдымен соңынан не болғанының бәрі туралы естелікті өшіру керек болар еді.

Читайте также:  СОВРЕМЕННОЕ ИСЛАМОВЕДЕНИЕ

Ең асқанда, бул естелікті біздің интеллектімізден сызып тастауға болар еді, бірақ біздің еркімізден емес. Сонымен, біздің тұлғамыз көтеріледі, өседі, тұрақты түрде nice түседі. Әрбір сәт сайын бұрынғы болғанына әлдебір жаңаны қосып отырады. Одан әрі, мұнысы тек жаңа ғана емес, бірақ алдын ­ ала ешкім көріп ­ білмеген де. Әрине, менің қазіргі күйім оған дейін менде болғанмен және маған әсер еткенмен түсіндіріле алады. Оны талдай келе, мен онда басқа элементтерді таба алмаймын. Бірақ тіпті адамнан да жоғары интеллект бұл абстрактылық элементтерге олардың нақтылы ұйымдасуын беретін қарапайым бөлінбейтін форманы алдын ала көріп ­ біле алмас еді. Алдын­ала көріп ­ біле алу ­өткенде қабылдағанды болашаққа проекциялау деген ғой, немесе қабылданылған элементтердің кейініректігі жаңа қосылысын, басқа тәртібін елестету ғой. Элементтерге ажыратылмайтын және ешқашан қабылданбаған нәрсені қажетті түрде алдын­ала көріп ­білуге болмайды. Ал ширатылып бара жатқан тарихтың бір сәті есебінде қарастырылатын біздің күйлеріміздің әрбірі сондай болып табылады: ол қарапайым және бұрындары қабылдануы мүмкін болмаған, өйткені өзінің бөлінбестігінде бурын қабылданғанды да және қазіргінің қосатынын да біріктіреді. Бұл ­ сонылығы артық болмаса кем емес тарихтың соны сәті. Міне дайын портрет. Ол өз түсіндірмесін модельде, суретшінің мінез ­ құлқында, палитраға жағылған бояуларда табады. Бірақ, түсіндірме беретіннің бәрін білгенімен ешкім, тіпті суретшінің өзі де, бұл портреттің не болып шығатынын дәл болжап айта алмас еді, өйткені мұны болжау ­ оны жасалғанынан бұрын жасау болып шығар еді: жөнсіз, өзін­өзі талқандайтын гипотеза. Біз құрылысшылары болып табылатын тіршілігіміздің сәттерімен де дәл солай. Олардың әрқайсысы да шығармашылық актінің бір тегі болады. Суретшінің талантының дамитыны немесе деформацияланатыны, тіпті болмағанды оның тудыратын шығармаларының өзінің әсерінен өзгеретіні сияқты, дәл солай біздің әрбір күйіміз де бізден басталып, сол уақытта ­ ақ біздің тұлғамызды өзгертеді, өйткені тың, біздің жаңа ғана қабылдаған формамыз болып табылады. Біздің істейтініміз біздің мән ­ мәнісімізге тәуелді деп айтуға толық негіздеме бар: бірақ белгілі мағынасында, біздің мән ­ мәнісіміз сол біздің істейтініміз және де біз өзімізді үздіксіз жасап, жаңартып отырамыз деп қосуға болады. Бұл өзді­өзін жасау, қоса айтқанда, негурлым не істейтініміз туралы жақсырақ ойлана алатын болсақ, соғұрлым толығырақ іске асады. Мұнда зерденің әрекеті геометриядағыдай емес; геометрияда мендігі жоқ алғышарттар бірден мәңгілікке беріледі де, олардан өзді ­ өзінен дерлік мендігі жоқ қорытынды туындап жатады. Мұнда, керісінше, бірден­бір себеп­ тер әртүрлі адамдарды немесе бірден­бір адамды әртүрлі сәттерде зерделілігі бірдей дегенмен де мүлде басқа қаракеттерге түрткілеуі мүмкін. Мәнісінде, бұл толығымен дерлік бірдей себептер емес, өйткені олар бірден­бір тұлғаға және бірден­бір сәтке жатпайды. Міне сондықтан бұл себептерге, геометриядағы сияқты, in abstracto, сырттан әрекет жасауға да, басқалар үшін тіршілік олардың алдына қойып отырған мәселелерін шешуге де болмайды. Әркім оларды өзінше, өз ішінде шешеді. Бірақта бұл сұраққа біз тереңдей алмаймыз. Біз тек «тіршілік сүру» деген сөзге біздің санамыздың беретін дәл мағынасының қандай екенін ғана іздейміз де, саналы тіршілік иесі үшін бұл дегеніміз өзгеру екенін табамыз; өзгеру — пісіп жетілу деген сөз, ал пісіп жетілу — бұл өзді­өзін шексіз жасаулау. Дәл осыны жалпы тіршілік сүру туралы айтуға бола ма? Кез келген материалдық нәрсе жаңа ғана көрсетілген қасиеттерге кері қасиеттерді білдіреді. Ол өзі не болса, сол болып қалады, не, егер де сыртқы күш әсерінен өзгеретін болса, онда біз бұл өзгерісті мұнда өзгермейтін бөліктердің орын ауыстыруы ретінде елестетеміз. Егер де бұларда да өзгеріс көрініс тапса, біз оларды да бөліктеп жіберер едік. Міне осылай біз бөліктері дайын күйінде берілетін молекулаларға дейін, молекулаларды қурайтын атомдарға дейін, атомдарды жасақтайтын кішігірім бөлшектерге дейін, қойнауында қарапайым айналдыру жолымен мұндай бөлшек пайда бола алатындай «салмақсызға» дейін төмен түсеміз. Бір сөзбен, біз бөлуде, немесе талдауда, қаншалықты керек делінсе, соншалықты тереңдеп барамыз. Бірақ біздің алдымызда әрқашанда өзгермейтін ғана болады.Әрі барайық. Біз құрамы күрделі нәрсенің өзгеруі оның бөліктерінің орын ауыстыруы болып табылады дейміз. Бірақ егер бір бөлік өз орнын тастап кетсе, онда оған оны қайта басуына ештеңе де бөгет жасамайды. Яғни, әлдебір күйден өткен элементтер тобы, әрқашан оған қайтып орала алады екен, ­ егер де өзінен ­өзі болмаса, онда бәрін өз орын ­ орнына қоятын небір сыртқы себептің әсерінен. Бұл элементтер тобының белгілі күйі неше рет болса да қайталануы мүмкін, демек, топ қартаймайды деген сөз. Оның тарихы жоқ. Сонымен, мұнда ештеңе де жасалмайды, ­ форма да, материя да. Топтың не болатыны оның қазір не болып табылатынында қамтылған, егер тек оның не екендігіне Әлемнің ол байланысты ­ ау деген барлық нүктелерін енгізетін болса ғана. Адамнан жоғары интеллект уақыттың кез келген сәті үшін жүйенің кез келген нүктесінің кеңістікте қалай орналасқанын есептеп берген болар еді.

Читайте также:  Жаһандану дəуіріндегі Қазақстанның инновациялық дамуы

Ал тұтастың формасы оның бөліктерінің орналасуы ғана болғандықтан, жүйенің болашақ формалары теориялық тұрғыдан оның қазіргі жайғасуынан ­ ақ көрінуі мүмкін. Нәрселерге деген біздің барлық сеніміміз, ғылым бөліп алып қарастыратын жүйелермен жасалатын біздің барлық операцияларымыз уақыттың оларға әмірі жүрмейді деген идеяға негізделген. Бұл сұраққа біз алдыңғы жұмысымызда соққанбыз және оған бұл зерттеуде қайтып ораламыз. Ал қазір ғылымның материалдық нәрсеге немесе бөлектенген жүйеге тағатын абстрактылық уақыты тек біруақтылықтардың, немесе, жалпырақ алғандағы тұрғыда, сәйкестіктердің, белгілі бір санынан ғана тұрады, және бұл сәйкестіктердің арасын бөлетін интервалдардың табиғаты қандай да болмасын бұл сан сол қалпында қалады деген ескертпемен шектелейік. Әңгіме ұйымдаспаған материя туралы болғанда бұл интервалдар туралы сұрақ тумайды, егер де оларға әлдекім тоқталатын бола қалса, онда олардағы жаңа сәйкестіктерді санау үшін ғана тоқталады, ал бұл сәйкестіктер арасында тағы да не болса сол орын алуы мүмкін. Ісі тек жеке нәрселермен ғана болатын қисынды ой, тек бөлектенген жүйелерді ғана қарастыратын ғылым да ­ интервалдардың ішінде емес, олардың шекараларында орналасады. Міне қай себепті уақыт ағымы шексіз лездікке ие болды, материалдық нәрселердің немесе бөлектенген жүйелердің барлық өткені, қазіргісі және болашағы кеңістікте бірден түзіле қалды деп жорамалдауға болады: мұндай жорамалдың нәтижесінде ғалымдардың формулаларында да, тіпті кәдуілгі тілімізде де ештеңені өзгертудің керегі жоқ болар еді. Әрқашанда саны сол бір мәнді белгілеген болар еді. Ол нәрселер мен жүйелердің күйлері мен енді «уақыт ағымын» көрсететін толығымен берілген сызықтың нүктелері арасындағы сәйкестіктердің сол бір санын қамтып жатқан болар еді. Ал енді реттілік ­ дау тудырмайтын факт, тіпті материалдық дүниеде де. Жекеленген жүйелер жөнінде ой қозғай отырып, олардың әрқайсысының өткен, қазіргі және болашақ тарихы желпуіш сияқты бірден түзіле алады деп, біз қаншама да жорамалдай аламыз: бірақ бұл тарих дегенмен де, оның ұзақтылығы біздікіне ұқсайтындай сыңаймен, біртіндеп түзілетін болады. Егер мен өзіме бір стақан тәттіленген суды дайындағым келсе, онда мен не істесем де, қанттың ерігенін тосуыма тура келеді. Осы кішігірім фактіден көп нәрсеге үйренуге болады. Өйткені менің тосуға жұмсайтын уақытым, материалдық дүниенің бүкіл тарихына, егер де ол кенеттен кеңістікте түзіле қалатындай бола қалса, қолданыла алатын сол бір математикалық уақыт емес. Ол менің шыдамсыздығыммен, яғни қалай болса солай созуға немесе қысқартуға келмейтін менің ұзақтылығымның белгілі бір бөлігімен сәйкес келеді. Бұл енді ойдың аймағы емес, күйзелістің аймағы. Бұл енді қатынас емес; бұл абсолюттіге жатады. Бұл стақан су, қант жэне қанттың суда еру үдерісі тек абстракциялар ғана екенінен және менің сезімдерім мен менің зердемнің күшімен жасалынған бұл абстракциялардың арғы жағындағы Тұтастық менің санамның дами тәсілімен дамитын болар дегеннен басқа нені білдіре алады. Әрине, ғылымның әлдебір жүйені бөлектеу және даралау жолында қолданатын операциясы мүлдем жасанды болмайды. Егер мунда объективтік негіздеме болмаса, онда мұның бір жағдайларда әбден орынды екендігін, ал басқа жолдары мүмкін еместігін түсіндіре алмас едік. Материяға геометриялық тұрғыда қарастыруға келетін бөлектенген жүйелерді туғызуға деген тенденцияның тән екендігін біз коре аламыз. Материяға анықтама берерде бұл тенденция бізге көмектеседі әлі. Бірақ бұл ­ тенденциядан әрі ештеңе емес. Материя шегіне дейін жетпейтіндіктен бөлектену де ешқашан толық болмайды. Егер де ғылым шегіне дейін жетіп, әлденені толығыменен бөлектейтін болса, онда ол мұны зерттеудің қолайлылығына бола жасайды. Кез келген бөлектенген жүйенің белгілі бір сыртқы әсерлерге бағынышты болып қалатынын ол сезінеді. Бірақ оларды ­олар тым әлсіз болғандықтан ескермей­ақ кетуге болатындықтан ба әлде оларға кейінірек көңіл бөлермін дегендіктен бе ­ ол тысқары қалдыратын болады. Дегенмен де дәл осы әсерлер бір жүйені кеңірек деген екіншісімен, ал мұны ­ бұл екеуін де қамтитын үшіншісімен және тағысын солай ең бөлектенген жэне ең тәуелсіз жүйеге, яғни бүкіл күн жүйесіне дейін байланыстыратын жіптер болып табылады. Бірақ мұнда да бөлектенгендік абсолютті емес. Біздің Күніміз ең алыстағы деген планеталардың шегінен асыра жарық пен жылуды сәулелендіреді. Екінші жағынан, Күн оның ілестіре жүретін планеталарымен және олардың серіктестерімен бірге белгілі бір бағытта қозғалады. Әрине, оны қалған Әлеммен байланыстыратын жіп өте жіңішке. Сөйтсе де, алайда, біз тіршілік сүретін дүниенің ең кіші бөлшектеріне де дәл осы жіп бойынша тұтас алғандағы Әлемге тән ұзақтылық берілетін болады. Әлем ұзайды. Уақыт табиғатын неғұрлым тереңірек білген сайын, ұзақтылық дегеніміздің формаларды жасау, ойлап табу, абсолютті жаңаны толассыз жасақтау екенін анығырақ ұғынатын боламыз. Ғылымның шектеген жүйелері қалған Әлеммен бөлінбестей байланысып жатқандықтан ғана ұзайды. Расында, Әлемнің өзінде, кейінірек көретініміздей, екі қарама­ қарсы қозғалысты ­ «құлдырау» мен «өрлеуді» ­ айыру керек. Біріншісі тек дайын тұрған тізбені жайып салатын болады. Мұның, принципті тұрғыдан алғанда, сығылған пружинаның серпілуіне ұқсас әп­сәтте өте шығуы мүмкін. Бірақ пісіп­жетілу мен шығармашылықтың ішкі жұмысына сай келетін екіншісінің ұзайтыны оның мәнінің осында екендігінен туындайды, сөйтіп бұл одан бөлінбейтін біріншісіне өз ырғағын орнықтырады. Сонымен, ғылымның бөлектейтін жүйелеріне, егер оларды қайтадан тұтастыққа енгізетін болсақ, ал олар сонда енгізілуге тиісті де, ұзақтылықты, ал демек, біздің тіршілік сүруіміздің формасына ұқсас форманы жұғыстыруымызға ештеңе де бөгет бола алмайды. Дәл осыны, a fortiori, біздің қабылдауымыз даралайтын нәрселер туралы да айтуға болады. Әлдебір нәрсенің біз оған беретін жэне оларға даралық дарытатын айқын контурлары кеңістіктің берілген нүктесіне біз көрсете алатындай белгілі бір текті әсерді ғана қоршалайды: заттардың беттері мен қырларын байқастағанда біздің көзімізде, дәл айнадайын, бейнеленетін мүмкін болар іс­әрекеттеріміздің жоспары бұл. Бұл әсерді, ал демек, реалдылықтың шәлкем ­ шалыстарында оның қабылдаудың көмегімен салған кең жолдарын алып тастадық делік, ­ онда нәрсенің даралығы реалдылықтың өзі болып табылатын жалпы өзара әсермен жұтылып тынады. Біз бейберекет алынған материалдық нәрселерді қарастырдық. Бірақ ерекше текті нәрселер болмас па екен? Біз ұйымдастырылмаған денелер табиғат тінінен қабылдау қайшысымен қиылып алынатынын айттық; оның қайшысы әрекеттің мүмкін болар алымын анықтайтын сызықтар пунктиріне ілесе қимылдайды делік. Бірақ бұл әрекетті жасайтын дене, реалдық әрекет жасамас бурын материяға мүмкін болар әсерлердің контурын әлден проекциялайтын дене, реалдылық ағымын белгілі бір формаларға сыйғыздыру және, сонымен, басқа денелер жасау үшін өз сезім мүшелерін соған бағыттауы жеткілікті болатын дене, ­ бір сөзбен, тірі дене ­ басқа денелерге ол ұқсай ма? Әрине, онда да дәл солай басқа созылмалықпен байланысқан, Тұтаспен ынтымақтас, материяның кез келген бөлігін басқаратын сол бір физикалық және химиялық заңдарға бағынатын созылмалылықтың бөлігі бар.

Оставить комментарий