Шыңғыс Айтматов. Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет
Охот жағалауын тұтас тұтып жатқан тастан қараңғы суық түнде құрлық пен сулықтың ұзына бойына жайлаған екі зұлмат дүниенің дамылсыз мәңгібақи шайқасы толастамаған. Теңіз көшкінін құрлық кескестейді, ал су сұрапылы құрлыққа шабуылдаудан бір тынбайдыақ. Теңіз түнтүнекте жартастарға арсылдай соғып, абалай алқынады. Теңіздің соққыларына тойтарыс берген сайын қалжырап, қара тастай қатты жер уһілейді. Күндіз күндіз болып, түн түн болып дүниеәлем жаралғалы бері, мәңгі бақи күндіз де, түнде де бұл ғаламат шайқас таусылмас. Күндіз де, түнде де… Тағы бір түн ұйыған шақ. Теңізге аттанар қарсаңдағы түн. Бұл түні ол ұйықтаған жоқ. Ғұмырында тұңғыш рет ұйықтамады, ғұмырында тұңғыш рет ұйқысы қашты. Тезірек таң атып, тезірек теңізге тартар мезгілді аңсады. Нерпа терісінің үстінде ол сонда теңіз соққысынан жердің боларболмас діріл қаққанын, қойнауда толқындардың арсылдап, сілесі қата тынымсыз жұлқынғанын сезіп жатты. Түн сырына құлақ түрген бала осылайша ұйқы көрмеді… Бір заманда бәрі де басқаша болатын. Сонау ықылым заманда Лувр үйрек болмаса, дүние мүлде өзгеше жаратылуы мүмкін екені: құрлық пен теңіз арпалыспауы, бірбіріне қарсыласпауы мүмкін екені қазір ешкімнің қаперіне де кіріп шықпайды. Әу баста, дүниеәлемнің бозала таңында табиғатта құрлық атаулы тұрмақ титтей тозаң да жоқ еді ғой. Дүние түгел топан су еді, тек қана су еді. Су болса шыңырау оппа түнектен, түпсіз терең иірімде өзіненөзі пайда болды да, толқынды толқын қуалап, аяғы жоқ, басы жоқ, шегі менен шеті жоқ, күншығысы жоқ, құбыласы жоқ кеуек әлемнің жанжағына су жайылып кете барды. Осы күнге дейін біздің төбемізден топтобымен ұшып жүретін жалпақ тұмсық, қырқылдақ сұр үйрек, иәиә, кәдімгі сұр үйрек, Лувр үйрек, сол бір заманда жападанжалғыз екен де, тіпті жұмыртқа салатын да мекен таппай сандалған екен. Күллі әлемде судан басқа, жұмыртқа салар бір тал шыбық та болмапты ғой. Үйрек байғұс жұмыртқаға толғатып, шыдамы кетіп, жұмыртқалайын десе түпсіз тұңғиықтан қорқып, су үстінде жанталасып ұшып жүреді. Қайда ұшып бармасын, телегей теңіз, шетсізшексіз толықсыған топан суы. Күллі әлемде тұяқ тіреп, ұя салар бір қылпық жоқ екеніне көзі жетіп, бейшара үйрек діңкесі құриды. Ақыр соңында сұр үйрек суға қонып, төсінің жүнін жұлып, ұя салған екен. Әне, сол ұядан жер пайда бола бастаған. Жер жарықтық біртебірте ұлғайып, оның үстінде біртебірте жанжануар, түрлі мақлұқат пайда бола бастапты. Олардың арасынан адамзат артықша шығып, шаңғымен қар үстінде, қайықпен суда жүріп, жүзе алатын амал тауыпты. Аң ұстап, балық аулап, тамағын асырап, үрімбұтағын көбейте беріпті. Байтақ судың ортасында құрлық пайда болысымен жарық дүниенің апшысы қуырылып, қиын күндер туарын сұрша үйрек сонда сезер ме еді. Қалай жер пайда болды, солай су мен құрлық арасындағы аяусыз арпалыстан адам байғұстың да шекесі қызып жүрген жоқ. Адам жерге бауыр басып қалғандықтан теңіз оны ұнатпас… Таң таяп келеді. Тағы бір түн өтіп, тағы бір күн толғатып келеді. Сыздықтаған буалдыр алагеуімде, танауынан буы бұрқыраған бұғының салпиған ерні құсап, жағаға соққан теңіздің буырқанған сүлбесі көріне бастады. Теңіз тынысы сезіледі. Теңіз бен құрлық түйіскен жиектің өн бойында тұнжыр буалдыр тұман тұнып тұр. Керме кемер кеудесінде керіле түсіп тулаған толқын зікір салады. Бетпақ толқындар бет қаратпай, әбден тапталып қатып қалған мұздай құмдауыттың, көк өңезденіп, жылбысқы басқан үйінді тастардың төсіне аянбай, арылдай шапшып, өркештен соң өркештер қыңсылай құлап, өшіп бара жатады. Сәл ғана сәтке ақ көбік бұрқ етіп сөніп, әбден иге түскен балдыр шөптің ғана кермек иісі қалады. Толқындар кейде жағаға сіре мұздың сынықтарын да лақтырып тастайды. Көктемде шайқалған мұхиттың оларды қай жақтан алып келгені белгісіз. Жағаға лақтырылған қаңғыбас мұздар лезде сиықсыз, дәрменсіз күйге түседі. Келесі толқындар жағаға асыға жетіп, әлгі мұздарды іліп түсіп, өз құрсағына қайтадан алып қайтады. Түн түнегі түріліп, таң арайы айқындала береді. Әстеәсте жер суреті танылып, әстеәсте теңіз дидары ашыла бастайды. Түнгі желден тынышы кеткен толқындар ақ жалданып әлі де жағаға қарай жүгіргенмен, көз ұшында, түпсіз тереңінде теңіз тарлан сапсап саябырлап, қорғасындай суық сүр түсті жотасы ауыр шымырлап, әлсінәлсін жуаси түсті. Осы арада, Тарғыл төбет қолтығына таман, теңізге көлбеу сұғынып жатқан қырқалы түбектің үстінде оқшау тұрған бір жартас бар. Алыстан қарағанда ол шынында да теңіз жағалап жүгірген таудай тарғыл итке ұқсайды. Бөксесіне албажұлба, алашарбы аласа орман өскен, жазғы шілдеге дейін басынан қар кетпей, салпаң құлақ сияқты ақтаңдақтанып жататын, күн түспейтін теріскей шатында, одан да үлкен ақ қал құсап қар жататын Тарғыл төбе жартасы теңіз жақтан да, орман жақтан айдала алыста көрініп тұрады. Міне, осы Тарғыл төбет қойнауынан күн бақан бойы көтеріле бере нивх қайығы теңіз бетіне шыққанды. Қайықта үш ересек, бір бала бар. Жас жағынан кенжерек, мығымша келген екі еркек қос қолдап, ескек тартып келеді. Бұлардың ішіндегі ең қарты ағаш қорқорын бұрқылдатып, қайықтың құйрығында руль басқарып отыр. Қоңырқай жүзін әжім торлаған, әсіресе мойны сайсай әжім, жұтқыншағы шодырайып шығып тұрады; тілімтілім тыртық басқан күректей қолдарының буындары да шодырайыңқы, арық шал Сақалшашы бурыл, тіпті ақселеу десе де болады. Қоңырқай жүзінен аппақ қудай қасы көзге ерекше шалынады. Шал қызыл жиек, жасаураған көздерін әдетінше сығырайта қарайды, бүкіл ғұмыры бойында күн сәулесі шағылысқан су айдынына қараудан әбден сықсиған көз, содан да ол қайықты қойнаумен көзсіз басқарып келе жатқандай көрінер. Ал, қайықтың тұмсық жағында ақсақалдың ашуын келтірмейін деп тыпырши беруден тайсалып, өзінөзі әрең ұстап, он бірон екі жастардағы бала шіл балапандай жүрелеп отыр. Бала мәзмейрам. Қуанғаннан танауы делдиіп, бетіндегі ұры сепкілдері тарыдай шашырап шыға келді. Бұл шешеге тартқан белгі, шешесі де қатты қуанса, бетіне өстіп жасырын сепкілі шыға келеді. Баланың тынжысы қозатын жөні бар. Бұл сапар оның аңшылық кәсіпке араласуына тұсаукесер ретінде арналып отыр. Содан да Кириск басын жан жаққа шіл құсап қылтыңдатып, төңірекке тойымсыз бір қызықпен көз алмай қарайды. Ғұмырында түңғыш рет Кириск теңіз айдынына нағыз аңшылармен бірге аң аулауға, ежелгі үлкен қайыққа мініп шыққаны. Бала шіркін қазір орнынан атып тұрып, ескекшілерді асықтырғысы келеді, теңіз аңдары жатқан екен аралға тезірек жету үшін ескекті оз қолына алып, бар күшін сала ескісі келеді. Бірақ бұл балалығына үлкендер күлуі мүмкін ғой. Осыны ойлап, ол өз сезімін білдірмеуге тырысыпақ бақты. Әйткенмен, сезімді жасыру қиын еді. Бақытқа кенеліп отырғаныңды жасыра алмайды екенсің: қара торы жүзі бал бұл жанып, алаулап тұрғандай еді. Әсіресе көзін айтсаңшы, тұла бойын кернеген қуаныш пен мақтаныш сезімін қымтай алмаған баланың бақыт шалықтаған көзі жарқжұрқ етіп, жақұттай жайнайды. Алда — теңіз, алда — аң аулау қызығы күтіп тұр!!! Орган қарт баланың жайкүйін біліп отыр. Сығырайған көзбен ол теңіз бағдарын ғана емес, шыдай алмай ұшыпқонып отырған баланың көңілкүйін де байқап келеді. «Әй, балалық, балалық»,— деп қарт көзі күлімдей береді де, онысын байқатқысы келмегендей шала сөнген қорқорын қомағайлана сора түседі. Баланың қылығына іш тартып, жымиғаныңды байқатуға болмайды. Бала қазір олармен бірге ойын үшін келе жатқан жоқ. Осыдан ол үшін теңіз аңшысының өмірі басталмақ. Теңізде басталған кәсіп әйтеуір бір кезде теңізде аяқталмақ. Теңіз аңшысының тағдыры солай. Өйткені, одан қиын, одан қауіпті кәсіп жоқ. Сондықтан да адам титтейінен машықтана бергені абзал Бұрынғылар: «Ақыл — тәңірден, машық — жастан» деп бекер айтпаған. «Жаман аңшы — ағайынға масыл» дегенді де бұрынғылар айтып кеткен. Әне сол себепті де, ел қамын жейтін ер болу үшін кәсіпке ерте бастан үйренген жөн. Міне Кирискінің де кезегі келді, оны шыңдапшынықтырып, теңізге бойын үйрету керек. Бұл мақсатты Тарғыл төбет тауының баурайында отырған Балықәйел руының ауылы түгел біледі. Бүгінгі жорық болашақ аңшы Кириск үшін арналғанын кәрі де, жас та— бәрі де біліп отыр. Ежелден келе жатқан ереже бар: еркек болып туды екенсің, бала жастан теңізге бауыр бас, теңіз сені тосырқамайтын болсын, теңіз де саған бойы үйренсін. Әне, содан да бүгін ру басы Орган карт пен ең таңдаулы екі аңшы — бірі баланың әкесі Эмрайин, бірі немере ағасы Мылгун аталар салған жоралғы жол бойынша, үлкендердің кішілер алдындағы парызын өтеп бұл ретте Кирискіні қатерлі сапарға алып шыққан Бала осыдан бастап ақырғы демі таусылғанша, сәттісәтсіз күндерде де ұдайы теңізбен тағдырлас болмақ. Кириск әлі аузынан ана сүтінің дәмі кетпеген балғын сәби ғой, одан әлі жөнді аңшы шығаршықпасы да беймәлім. Бірақ кім білген, мына ересектер ертең басы жерге жетіп, қауқарсыз карт болғанда, бәлкім осы Кириск бүкіл руды асырайтын аңшы болар. Ықылым заманнан бері атадан балаға ауысып келе жатқан салт солай. Тіршілік — сонысымен тіршілік. Бірақ бұл жайды айқайлап айтып жатқан ешкім жоқ. Бұл әркімнің ішінде жатқан сыр, ал бұл сыр айтылса да сирек айтылады. Әне содан да Тарғыл төбет жағалауында жатқан Балықана ауылы Кирискінің алғаш теңізге аттанып бара жатқанына аса мән бере қойған жоқ. Әрбірден соң, жамағайын оның ересек аңшылармен бірге жолға шыққанын байқамаған болды, бұл оқиғаға назар салмаған сияқты көрінді. Баланы жолға тек шешесі шығарып салды. Бірақ ол теңіз сапары туралы ләм деп тіс жарған жоқ, қойнауға жетпей қоштасты. Баласына әдейі анықтап тұрып: «Бара ғой, орманға бар!» — деді теңіз жаққа көз салмай, орман жаққа қарап тұрып. — «Байқа, шапқан бұталарың құрғақ болсын. Орманда адасып кетіп жүрме!» Бұл оның Кириск ізін шатастырып, «Кинр» деп аталатын жын перілерді алдап, баласын бәлежаладан, ібілістен қорғағандағысы еді. Ол өзінің күйеуі жөнінде де ләм деген жоқ. Дәл бір Кириск өз әкесі Эмраийнмен бірге емес, мүлде бөтен адамдармен бірге кетіп бара жатқандай, сыр білдірмеді. Ондағы ойы: Эмрайин мен Кириск — әкелібалалы адамдар екенін кинрлер біліп қоймасын дегендегісі. Әкелібалалы адамдардың аңға бірге шыққанын жынперілер ұнатпайдыақ. Олар әке мен баланың біреуін мерт қылып, біреуін еркі мен күшінен айырып, енді кайтып теңізге, не орманға беттемеске ант ішердей халге жеткізеді. Адамдарға кесапат келтіруді діттеп, залым кинрлер — жынперілер, олардың әрбір адымын аңдып, ізін бағып жүреді. Кириск болса кинрлерден қорықпайды, есейіп қалды ғой. Ал шешесі қорқады, баласын ойлап қорқады. Сен әлі кішкентайсың, дейді. Сені алдап арбап, мерт қылу оңай, дейді. Сөзінің жаны бар. Жынперіден қаныпезер бар ма? Жас сәбилерді қаншама мүгедек етпеді дейсің олар. Балаға ауру жапсырып, кемкетік етіп қояды, аңшы болмасын деп. Ал, кемкетік адам кімге керек, неге жарайды? Сондықтан жас баланы өсіпжетілгенше жынперінің көзінен таса ұстаған жөн. Ал, бұғанасы қатып, белі бекіген соң еразаматқа жыншайтан дегенің қорқынышты емес. Күшті адамнан ібіліс те сескенеді. Шеше мен бала осылайша қоштасты. Үрей мен бата, тілегін ішіне бүгіп, шешесі үндеместен біраз тұрды. Теңіз жаққа бір қарамай кері қайтты. Өз күйеуін өзі танымаған адамша, оны тіпті есіне де алмады. Күні кеше әкесі мен баласының жол жабдығын, үш күндік жол азығын дайындаса да, қазір түк білмеген бола қалыпты. Баласы үшін шыбын жаны шырылдап тұрғанын білдіргісі келмей, жынперілерге сыр білдірмей, тек іштен тынды шеше байғұс. Шешесі қойнауға жетпей кейін қайтты, ал баласы болса көзге көрінбейтін жынперілерді адастырған болып, өз ізін өзі шиырлап, шешесін ренжіткісі келмей, оның айтқанын орындап, бұтабұтаның арасымен бұралаң із тастап, алысқа ұзап кеткен ересек аңшыларды қуып жетпек болып, жүгіре жөнелді. Бала оларды лездеақ қуып жетті. Қаружарақ, азықтүлік артынған аңшылар асықпай аяңдап келеді. Ең алдында Орган карт, оның соңынан еңгезердей түртұлғасы ерекшеленіп, қаба сақал Эмрайин, ал оның артынан маймақ аяқ, тығыншықтай кеспелтек Мылгун жүріп барады. Бәрінің де үстінде иленген теріден тігілген, су өтпейтін суыққа төзімді қарабайыр теңіз киімі. Оларға қарағанда Кирискінің үстіндегісі сәнді киім. Шешесі бар өнерін салып, баласының теңіз киімін көптен бері қамдап еді. Сыртқы киімі де, аяғындағы торбасыетігі де оюмен өрнектелген. Теңізге шығып бара жатқанда мұндай сәннің не реті бар? Шешенің аты шеше де. Әй, сенбісіңей? Сен келмейтін шығар, шешең қолыңнан жетектеп үйге қайтып алып кеткен шығар деп ойлап едік біз, — деп жорта таңғалған болды Мылгун, Кириск оларды қуып жеткенде. Үйге қайтқаны қалай? Өлсем де қайтпас едім! Тегі мені… — Кириск ызадан тарс кете жаздады. — Жәжә, қалжыңдағанды түсінбейсің бе, — деп тыныштандырды баланы Мылгун. — Оныңды қой сен. Теңізде бірбірімізбен сөйлеспесек, кіммен сөйлесеміз? Мә, онан да мынаны алып жүр! — Балаға қолындағы винчестерді ұстата салды. Бұл ықыласқа бала риза болып қалды. Теңізге олар осылай аттанды. Енді осыдан жолы болып, қайықтары майланып, олжамен оралар күн туса, қайтар жолдың жоралғысы басқаша болмақ. Әне сонда ақжолтай аңшы баланың құрметіне ұланасыр той жасалады. Түпсіз, шексіз тереңінде күштілер мен көзсіз батырлар ғана аулай алатын балықтары мен аңы бар ұлы теңіздің берекеті жөнінде он айтылып, би биленеді. Жер бетіне өзінен аңшылар әулеті тараған Балықәйелдің құрметіне жыр жырланады. Әне сонда ең ақылды адам — бақсышаман билеушілердің ортасына шығып, шетен сабау сабалаған кеспек барабанның күңгірлеген үніне қосылып, жаңа аңшы, жас аңшы Кириск жайлы Жермен, Сумен әңгімежырын бастайды. Иә, шаман аңшы бала туралы Жермен, Сумен сөйлесіп, Жер мен Судан: балаға әрдайым рақымды бола көріңдер, баладан ұлы аңшы шыққай, Жерде де, Суда да әманда жолы болғай, аулаған аңын кәрі мен жасқа, әулет түтініне тең бөліп беретін әділетті аңшы болғай! — деп тілейді шаман. Дана шаман — да жалбарынып: Кирискінің балашағасы көп болғай, өлмейжітпей, Балықәйелдің үрімбұтағын, жаранын өркендете бергей, деп тілейді. Қайда жүзіп жүрсің сен, Балықәйел? Сенің ыстық құрсағыңда — тіршілік. Сенің ыстық құрсағыңнан біз тудық, Сенің ыстық құрсағыңдай жаннат жоқ. Қайда жүзіп жүрсің сен, Балықәйел? Аппақ мамаң нерпа балық басындай, Ақ мамаңның сүтін емдім жасымда. Ең ер жүрек еркек саған жетерау, Құрсағыңа ұрық сеуіп кетерау. Жер бетінде ұрпақтарың көбейер, Қайда жүзіп жүрсің сен, Балықәйел? Ән мен бидің арасында әлгі тойда осындай да өлең айтылады. Сол тойда Кирискіге арналып, тағы бір ырым жасалмақ. Аласқұлас билеп жүрген шаман сонда Кирискінің аңшылық тағдырын аспандағы жұлдыздардың біріне аманат етіп тапсырар. Әр аңшының желепжебеп жүретін жұлдызы бар. Ал Кирискінің тағдыры қай жұлдызға аманат болып тапсырыларын жан баласы білмесе керек. Оны тек шаман мен жебеуші жұлдыз ғана біледі. Ал аспанда не көп, жұлдыз көп… Әлбетте, сол тойда жұрттың бәрінен де қатты қуанып, бәрінен де асыра он салып, би билейтін Кирискінің анасы мен қарындасы ғой. Ал, Эмрайин шаршы топтың ішінде Кирискінің әкесі деп жарияланады. Бұған ол қуанып, масаттанар әрине. Ал әзірге ол Кирискінің әкесі бола тұра, әке аталуға құқы жоқ. Теңіз бетінде әке де, бала да болмайды. Теңіз үстінде адамдардың бәрі бірдей, тек көсем қартына ғана бағынады. Көсем қалай айтты, солай болмақ. Әке бала ісіне араласпайды, бала әкесіне шағым айта алмайды. Әулет салты сол. Бәлки, сол тойда Музлук атты қыз да қатты қуанар Кириск бала күнінде Музлукпен бірге ойнаушы еді. Енді ол ойын сиреді. Бұдан былай мүлде тыйылар: аңшыға ойын бұйырмаған… Толқындардан жеңіл қалқып өтіп, қайық әзір жүрдек келеді. Тарғыл Төбет қойнауы әлдеқашан артта қалды, аңшылар Сопақ мүйісті жанай өтіп, ашық теңіз айдынына шыққанда, теңіздегі толқын қойнаудағыдан күшті емес екенін аңғарды. Толқындар бір деңгейде, бір ырғақта шалқиды. Мұндай бір мінез толқында жылдам жүзесің. Бәйтеректің діңгегінен шабылған қайық қалтқысыз қаздаң жүзіп барады. Рульге бас білгі қайық тұмсық толқынға да, қаптал толқынға да сыр бермей, нық сырғиды. Сонау бір сөніп қалған қорқорын сора түсіп, Орган қарт қайықтың нық жүрісіне сүйсініп, суық суға жартылай батып, қайқаңдап жүзіп бара жатқан қайық емес, дәл өзіндей сезініп, рақаттанып отыр. Топшы темірдің бір сарынды сылдыры мен ескектердің бірқалыпты қимылына сай теңіз айдынын қақ жарып бара жатқан Органның дәл өзі сияқты бейнебір: қарсы толқындардың серпінінен сәл шайқалып, су дөңбектерін өз кеудесімен қақыратып келе жатқандай сезімде қазір. Өзі қайық болып кеткендей осы бір сезім оны тосын ойға қалдырды. Қайыққа ол дән риза, бұл қайықты ол өзі жонып, өзі соққан, бәйтеректі жұрт жабылып құлатты, бірліекілі адам оны құлата алмас еді. Арғы жағын Орган жалғыз өзі жайғастырды, теректі үш жаз бойы қақтап құрғатып, баптады, ғұмырының ішінде Орган талай қайық шапқан, ал мынау соның бәрінен ерен соғылатынына әу бастан ақ көзі жетті. Осыны ойлауы мұң екен, көңіліне қаяу түскендей де болды: бұл оның ең соңғы соққан қайығы болып жүрмесе нетсін? Тағы біраз тірі жүрсем дейді. Тағы біраз теңіз кезіп, аң ауласамау дейді, әлқуат барда, көздің нұры таймай тұрғанда енді ең болмаса екі қайық жасап кетсем, дейді. Ол осыны ойлап, қайықпен іштей сырласып келеді. «Сен ұнайсың маған, саған сенем, бауырым — дейді ол қайыққа. — Сен теңіз тілін ұғасың, толқындардың мінезін білесің — сенің құдіретің де осыдан. Сен мен соққан қайықтардың ішіндегі ең еренісің. Ені мен тұрқы келіскен ересен қайықсың сен, саған үлкен нерпа да сыйып кете береді. Сен ақжолтайсың әрдайым. Соның үшін қымбаттысың сен. Үстіңе ауыр жүк тиеп, жағаға қайтқанда ернеуіңмен су сызып, қиналып келе жатқаныңда саған біздің жанымыз ашиды. Сонда халық жағаға жапырыла жүгіріп шығып, сені қарсы алады, бауырым қайық! Егер мен өле кетсем, сен жасай бер, аңы көп жерлермен алысқа жүз. Егер мен өле кетсем, тепсе темір үзер жас аңшылармен бірге теңіз кеше бер, бауырым. Егер мен өле кетсем, тірімде маған қалай қызмет етсең, жастарға да солай қызмет қыл Әне қазір сенің тұмсығыңда анау балақай отыр. Теңіз емес, құрлық болса, дәл қазір аң біткенді жалғыз өзі жайратардай тықыршып отырғанын көрдің бе. Әне сол балақай саған мініп, алып жақын теңіз бетін шарлайтын күн туғай. Бүгін ол бізбен бірге теңізге түңғыш рет аттанды. Бұл қажет. Машықтана берсін. Бұл жалғаннан біз кетеміз, ал оның болашағы әлі алда. Эмрайин әкесіне тартса, дұрыс адам болғаны. Онда бос күбідей күңгірлек болмас. Қазіргі ересектердің ішінде Эмрайиннен мықты аңшы жоқау, сірә. Қажырлы, іскер жігіт. Бір кезде мен де сондай едім. Күшті едім. Әйел заты мені ұнатушы еді. Ал мен болсам, өмір сол қалпында тұра береді деп жүріппін ғой. Бәрі өткінші екенін кейін барып бірақ білесің. Бұл жай жастардың қаперіне де кіріп шықпайды. Мына Эмрайин мен Мылгун де өмір пони екенін әзір ойлап жатқан жоқ, Мейлі де. Әлі біле жатар, тәйірі. Ескекті екеуі де еңірете еседіақ, обалы не керек. Бірінебірі сай. Екеуі де өгіз қара күші бар, сенімді жігіттер. Солардың күші ғой, қайықтың өзіненөзі сырғанап бара жатқандай болуы. Қайдан болсын. Теңізде тек көл күшімен жүресің. Әлі жол ұзақ, есе беру керек, есе беру керек! Бүгін ғой, күн батып, қараңғы түскенше, Үш Емшекке жетіп жығылғанша жүземіз. Ал, ертең күні бойы кері қайтамыз. Таң атқаннан күні бойы жылжимыз. Мен де қарап отырмай, екеуіне кезеккезек көмектесемін ғой. Әй, бірақ ескекпен күллі теңіз суын сапырып шығу да оңай шаруа емесау. Ал олжалы кайтсақ — тойдуман тұр алда. — Сен естимісің, сен ұқтың ба мені, қайық бауырым? Сен бізді Үш Емшек аралына, аң аулау нағыз қызатын жерге алып барасың. Біздің келе жатқан шаруамыз да сол. Аралдың жағалауындағы жайқуатта біз нерпаларға тап боламыз. Төлдейтін кезі таяп қалғандықтан қазір олар үйірүйір болып, аралдарға тоқайласа бастады. Сен түсінемісің мені, қайық бауырым? Сен, әлбетте, мені түсінесің ғой. Сен әлі теңізге түспей тұрғандаақ, әлі алып бәйтеректің өзегінде жатқан кезіндеақ мен сенімен сөйлесе бастап едімау. Мен сені ұлы бәйтеректің өзегінен суырып алып едім, енді міне, жүзіп келеміз. Ал, енді бұл дүниеден мен көшкенде, мені ұмытпа, бауырым. Теңізге шыққан шақтарыңда мені есіңе ал…» Жағалауда қалған басты белгі — Тарғыл төбет шоқысын мәреге санап, ашық теңізге тура тартып келе жатып, Орган қазір осындай бір ойға кетті. Осы шоқыжартастың бір ғажап сыры бар. Оны теңізге шыққандардың бәрі айтады. Күн ашықта теңізшілер жағадан ұзаған сайын Тарғыл төбет аспандап, асқақтап бара жатқандай болады. Жолаушыдан қалғысы келмегендей, соңыңнан ілесіп келе жатқандай көрінеді. Қай тұстан қарама, Тарғыл төбет көрініп тұрады. Жағадан алыстай берген сайын әлгі жартас жан ашыр жолдасыңдай, қия алмай ұзақ қарайды да, айдын судың енді бір бұлымында бұлаң етіп көзден тасаланады. Ал, ендеше Тарғыл төбет үйге қайтты, демек жер жарықтық алыстаалыста қалды деген сөз…
Comments
So empty here ... leave a comment!