Жапон түркологиясы – әлемдік түркология ғылымының бір саласы. Жапонияда түркология саласына қатысты зерттеулер XIX ғасырдан басталады. Шығыстану және түркология саласын зерттеуде Токио университетінің мол ғылыми тәжірибесі бар. Бұл университетте Куракичи Сираторм, Кадзуо Эноки, Масао Мори сияқты ірі түркологтар қызмет атқарды. Қазіргі кезенде бұл университетте Түркістанның жаңа тарихы бойынша ірі маман Хисао Комацу еңбек етуде. Түркологияны зерттеу бағытындағы екінші ірі ғылыми орталық – Киото университеті. Бұнда ірі түрколог Тору Ханэда жұмыс істеген. Қазір аталған университетте Әмір Темір әулетін зерттеудегі ірі маман Эйдзи Мано еңбек етеді. Университеттегі шығыстану кафедрасы Орта Азия тарихын зерттеудің ірі орталығы ретінде танылады. Ал, Тойо Бунконың (Шығыстану кітапханасы) іргесі 1917 жылы қаланды. Кітапханада түркология ғылымы бойынша бай ғылыми әдебиет қоры жинақталған. Ғылыми департаментте тұрақты ғылыми қызметкерлер болмаса да, мұнда өз бетімен ізденіп көптеген түркологтар жұмыс істейді. Коккайдо университетінде 1955 жылы бұрынғы КСРО тарихын зерттейтін ірі ғылыми орталық ашылған. Осы орталық 1990 жылдан бастап Орталық Азияны барлық бағытта (тарих, экономика, саясаттану, этнология, филология, түркология, т.б.) зерттейді. Моңғолия түркологиясы – әлемдік түркологияның бір саласы. Моңғолия елінде 1950 жылдардан түркология саласы көне түркі бітік жазуларын археологиялық зерттеу мен көшпенділерді зерттеуден басталды. Жаңа экспедициялар ұйымдастырылды, көне түркі бітік жазуын іздестіру, жариялау, оқу, ғылыми тұрғыдан тиянақтап зерттеу істері қолға алынды. Сонымен қатар, тарих, этнография, әдебиет және т.б. салаларда зерттеулер жүргізілді. 19501960 жылдары археологиялық зерттеулер барысында көне түркі, ұйғыр, қырғыз кағандықтарына қатысты көлемі үлкен Тариат, Бұғыт ескеркіштері табылды. Н. СэрОджав, Х. Пэрлээ, Д. Наваан, Ц. Доржсүрэн, Д. Цэвээндорж секілді моңғол археологтарының еңбектерінде түркітануға байланысты көптеген материалдар жарияланды. Б. Ринчэн Монгол нутаг дахъ хадны бичээс гэрэлт хөшөөний зүйл (Моңғолиядағы жартас жазуы мен ескерткішкешендер) деген атласты 1968 жылы жариялады. Археологиялық зерттеулер ішінде моңғол ғалымы, доктор Н. СэрОджавтың еңбегін ерекше атап өту абзал. Оның Жаңадан табылған түркі жазулары (1960 ж.), Их Асгат немесе Алтан тамған Тархан ескерткіші (1963 ж.), Эртний түрэгүүд (Көне түріктер) (1970 ж.), Монголын эртний түүх (Моңғолияның көне тарихы) (1977 ж.) атты монографиялық еңбектері – көп жылғы қазба жұмыстары мен далалық экспедициялар зерттеуінің бірегей құнды нәтижесі. Көне түркі бітік жазуларын зерттеу ісін кешенді түрде Моңғол тарихмәдениет зерттеу экспедициясы 19691975 жылдары жалғастырды. Ол экспедиция Тариат, Тэс, Қарабалғасұн, Бигер, Дарви, Хутаг уул, Цэнхэрмандал, Хангидай хад жазуларын зерттеді. Б. Базылханның Көне түрік бітік жазулары тілінің сөз құрылысы (1979 ж.) атты монографиясы көне түркі тілінің табиғи болмысын, сөз бен морфема, қосымша морфемалар тізбегін жаңа ғылыми тұжырым бойынша зерттеген іргелі еңбек. Жалпы, Моңғолиядағы түркітану, қазақтану саласында доктор, профессор Б. Базылханның еңбегі орасан зор. Ол Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Тариат, Гурвалжин уул, Хангидай, Өвөр дөрвөлж т.б. түркі бітік жазулы ескерткішкешендерді зерттеп, жаңаша оқып, ғылыми аудармаларын жасады. «Моңғолиядағы көне түрік бітік жазулары» деген ғылыми зерттеу экспедициясының жетекшісі болды. Сонымен қатар, С. Қаржаубай Көне түрік руникалық жазулары мен VІІХ ғасырлардағы түрікұйғыр этномәдени сабақтастығы, (1979 ж.), М. Шинэхүү Тариаттағы орхон түрік жаңа бітік жазуы (1975 ж.), Л. Болд Моңғолиядағы жартас жазулары (1990 ж.), Д. Баяр Моңғолияның орталық жерлеріндегі түрік тас мүсіндері (1997 ж.), Г. Санжмятав Монголын хадны зурап (1990 ж.), Ц. Баттулга Моңғолиядағы көне түрік кіші жазулар (1999 ж.) т.б. ғалымдар ғылыми еңбектерін жариялай бастады. Тарих, этнография саласында да көне қытай жазбалары, көне моңғол, көне манчжұр, т.б тілдердегі деректері қарастырылып көшпенділердің көне тарихы туралы бірнеше монографиялық еңбектер жарық көрді. Қытай түркологиясы – әлемдік түркология ғылымының арналы саласы. Қазіргі Шығыс Түркістанды ежелден түркі тайпалары мекендегені тарихтан мәлім. Бүгінде сол түркілердің тікелей ұрпағы саналатын қазақ, ұйғыр, қырғыз, өзбек, татар т.б. 1213 миллиондай халық сол жерде тұрады. Ежелгі ғұн, үйсін, каңлы, түркі т.б. ру тайпалары құрған көшпелілер мемлекеті мен Қытай мемлекеті арасындағы байланыстар, түркі қағандығы мен Сүй, Таң патшалықтарының қарымқатынасы және одан кейінгі оқиғалар қытай тарихы мен түркілер тарихының тығыз байланыста екенін көрсетті. Сол себепті де өткен ғасырдың басынан бастап қытай ғалымдары түркологияға да ден қоя бастады. Қытайдағы түркітану, ең алдымен, түркі текті рутайпалардың тарихын анықтау және көне түркі ескерткіштерін зерттеуден басталғанымен, кейіннен 19701980 жылдар ішінде дамып, зерттеу ауқымы кеңейді. Жалпы түркітануға байланысты салалар (тіл жазба ескерткіші, тарих, мәдениет т.б.) зерттеле бастады. Қытайдағы түркітану ғылымы ішінде көне түркілер тарихын зерттеу саласы біршама жақсы дамыған. Оның өзіндік себебі де бар: ондаған ғасырлар бойы жалғасып келе жаткан көршілік байланыс нәтижесінде Қытайдың әрбір хандығы тұсында өмір сүрген тарихшылар патша жарлығымен және басқа да қажеттілік салдарынан тарихи көршілері – түркі мемлекеттері туралы көптеген құнды деректер мен жылнамалар жазып қалдырған. Міне, осындаи жылнамақұжаттар, естеліктер бірнеше ғасырдан бері әлем түркологтары мен тарихшыларының назарын аударып келді. Қайсы бірі шет тілдеріне, Шығыс Түркістанда тұратын түркі халықтары (қазақ, ұйғыр тілдеріне аударылды. Түркі тілдерінің тарихы туралы Қытай ғалымдарының зерттеулері XX ғасырдың басынан басталып, түркі текті рутайпалардың тегі, мемлекеттік түзімі, қоғамдық құрылымы, қонысы көшіқоны, Қытаймен болған байланысы, т.б. туралы көптеген еңбектері жарияланды. Мысалы, Жу Зумин Ғұндардың батысқа көшуі (1933 ж.); Жин Юаншиян Солтүстік ғұндардың батысқа қоныс аударуы (1935 ж.); Хы Жыня Ғұндар және Венгрия (1937 ж.); Доң Жучың Ғұндардың батысқа көшуі және Еуропа елдерінің қоныс аударуы (1942 ж.); Жаң Инлин Южылар және шығысбатыс мәденитеті (1926 ж.); Гуң Ай Южылар мен үйсіндердің батысқа қоныс аудару барысы (1944 ж.); Жың Шиман Үйсіндер мен қазақтар (1942 ж.); Уаң Рывый Диңлиндердің түркі текті тайпа тарихы (1936 ж.); Ли Футуң Теле (түркілер) этносы жөнінде зерттеу (1947 ж.); Жу Янфың Түркілердің атақлауазым атаулары (1934 ж.); Хан Рулин Түркілердің лауазым аттары (1940 ж.), Түркімоңғолдардың ататек жөніндегі аңыздары (1944 ж.); Жия Жиңян Түркілер мен Рим империясы арасындағы байланыс (1947 ж.), Чын Жуңмиян Жаңа таңнамадағы түркі шежіресі туралы зерттеу (1947 ж.); Ду Чуаңжиян Түркілер тарихына қатысты материалдарды зерттеу (1947 ж.) т.б. Қытай ғалымдарының түркілер тарихы бойынша жүргізген зерттеулері XX ғасырдың 50жылдарында қарқынмен жүргізілгенімен, саяси науқан тұсында баяулады. 1980 жылдан кейін ғана өз арнасына түсіп және қыруар жұмыс істелді. Бұрынғы зерттеулер негізінде көне түркілер, қазақтар, ұйғырлар, қырғыздар тарихы мен Орта Азия тарихына қатысты зерттеу еңбектері жазылып баспадан жарық көрді. Ежелгі тарихи мұралар және жылнама кітаптар реттеліп, қазіргі қытай, қазақ, ұйғыр тілдеріне аударылып шығарыла бастады. Түркілердің ежелгі тарихы жайлы мамандардың зерттеулері негізінен, түркі текті диңлиң, гаучы, теле тайпаларының тегі, шежіресі, көшіқоны, тілі, салтдәстүрі, тайпалық түзімі жайлы зерттеулер, сондайақ түркілердің қоғамдық салтдәстүрі және діни сенімі, түркі қағанатының әскериәкімшілік құрылымы, заңы әкімшілікәскери атақлауазымы, көшіқоны, түркі мемлекетінің көрші елдермен болған қарым қатынасы, Батыс Түрік қағанатының шекарасы жән қағанат құзырына қараған елдер, Сүй патшалығы мен түріктердің байланысы туралы. Қытай жылнамаларында ежелгі ғұндар, үйсіндер басқа да көне түркі рутайпаларынан бастап кейінгі түркі халықтарының тілдік материалдары көптеп кезігеді. Олардың дені сол дәуірлерде қытай иероглифімен транскрипцияланып хатқа түскен жерсу аттары, адам, атақлауазым атаулары, төрт түлік малмен бірге өзге де тұрмыстық бұйымдар болып келеді. Мұның бәрі де түркі тілінің ежелгі тарихын зерттеуші ғалымдардың тарихшы, этнологтардың да қызығушылығын тудырып келді. Қытайдағы түркілердің тіліне қатысты біршама толық мұра – Идікут сөздік мәтіні. Сөздіктің алдыңғы нұсқасы 14031424 жылдары, кейінгісі 14651566 жылдары кітап болып шыққан. Сөздікте екі мыңнан астам түркі сөзде қытай иероглифімен транскрипцияланған және салыстырылып берілген. Онда сөздік мәтінінен басқа да түркі халықтарының тарихына қатысты құжаттар кезігеді. Ал түркілердің тіліне қатысты тағы бір сөзді 1795 жылы Чин дәуірінде патша жарлығымен жасалған бес тілді манчжұрша сөздікте 18000нан астам сөз қамтылған. Сөздіктің түркологияға тікелей қатысы бар. Осы тектес еңбектің тағы біреуі 1763 жылы кітап болып шықкан Батыс өңірдегі ұқсас тілді халықтың баяны. Онда манчжұр, моңғол, тибет, тотынмоңғол ұйғыр, қытай тілдерінде географиялық атаулар, адамлауазым, рутайпа аттары салыстырылып берілген. Атаулардың этимологиясын қытай тілінде түсіндірген. Бұл еңбектер қытай ғалымдарының түркі, алтай тілдерін зерттеуге қосқан үлесі ретінде саналады. Түркі тілдерін ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы Қытайда XX ғасырдың 3040 жылдарынан басталды.
Оставить комментарий