Бүгінде Шығыстың адамдары мен Батыстың адамдары арасында, сөз жоқ, терең алшақтық бар және бұл қазіргі заманғы дүниенің өзіне тән ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұл мәселені біз толығырақ басқа жерде қарастырсақ та 8 , бұл жерде оған қайта оралып, оның кейбір аспектілерін аша түсіп, белгілі бір жаңсақтықтарды сейілтуіміз қажет. Тарихта көптеген әр алуан өркениеттер болған, олардың әрқайсысы өзінің табиғатына және әлдебір халықтардың немесе нәсілдердің табиғи бейімдіктеріне сәйкес, өзінше ерекше дамыған. Алайда, өзгешелік бұл жағдайда, тіптен, қарамақайшылықты немесе қарсыластықты діттемеген, содан да, өркениеттің бірбірінен ең алшақ формаларының арасында іргелі принциптердің бірлігінен келіп шығатын белгілі бір ұқсастық болған, ал ол принциптердің нақты жағдайларға қатысты жекелеген қосымшалары сол өркениеттердің өздері болып табылған. Барлық, былайша аталатын, «қалыпты» немесе (мәнісінде бірақ нәрсе) «дәстүрлі» өркениеттер жағдайында осылай болған. Бұндай өркениеттер мәндік тұрғыдан бірбіріне қайшы келмейді, ал, олардың арасындағы кезкелген мүмкін кереғарлықтар таза сыртқы әрі үстіртін болып келеді. Екінші жағынан, ешқандай жоғары принципті мойындамайтын және шынтуайтында жалпы қандай да болмасын принциптерді толық терістеуге негізделген өркениет бір осы жайттың өзіне орай басқа өркениеттермен өзара түсіністік атаулы болуын жоққа шығарады, өйткені, бұндай түсіністік асылында терең әрі әрекетті болуы үшін, ол ең жоғары принциптен келіп шығуы тиіс, одан бұл қалыптан тыс әрі азғындаған өркениет тақа жұрдай. Сондықтан, қазіргі заманғы дүниеде, бір жағынан, дәстүрлік ұстанымдарды тұғыр етіп қалған өркениеттерді — Шығыс өркениеттері сондай; екінші жағынан, ашықтанашық антидәстүрлі өркениетті немесе қазіргі заманғы Батыс өркениетін көреміз. Кейбір зерттеушілер бүгінде адамзатты Шығыс пен Батыс адамдарына бөлу жалпы қандай да болмасын табиғи өзгешелікке сәйкес келетінін толықтай терістеуге дейін барады. Бірақ, қалай болғанда да, бұндай өзгешелік қазіргі уақытта шынында бар. Ең әуелі, Еуропа мен Американың біртұтас Батыс өркениетінің бар екендігіне, біз оны қалай бағалайтынымыздан тыс, салмақты түрде шек келтіру мүмкін емес. Шығысқа қатысты іс жайы күрделірек, себебі, қазіргі уақытта бір емес, бірнеше шығыстық өркениет бар. Шығыс өркениеттері мен Батыс өркениеті арасындағы өзгешелік және тіпті, қарамақарсылық барлық шығыс өркениеттеріне, оларды дәстүрлі өркениеттер ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін, белгілі бір ортақ сипаттар тән екендігіне негізделген; Батыс өркениетіне келер болсақ, бұл сипаттар жоқтың қасы. Барлық қазіргі заманғы Шығыс өркениеттері өз мәні бойынша бірдей дәрежеде дәстүрлі болып табылады. Бұл өркениеттер туралы нақтырақ түсінік беру үшін, біз осы жерде басқа жұмыстарымызда егжейтегжейлірек келтірілген оларды жіктеудің жалпы принциптерін еске саламыз. Бұндай жіктеушілік аныққанығын білуге ұмтылғандарға біршама жадағайланған көрінуі мүмкін болса да, ол, әйткенмен, негізгі сипаттарында дұрыс жіктеу болып қалады. Қиыр Шығыс мәндік тұрғыда — Қытай өркениетімен, Орта ШығысИндуизм өркениетімен, Таяу Шығыс Ислам өркениетімен танылады. Айта кетері, көптеген қырынан алғанда, Ислам өркениетін шығыстық және батыстық өркениеттер арасындағы аралық өркениет ретінде қарастырған жөн; оның Батыстың ортағасырлық Христиан өркениетімен, әсіресе, көп ортақ белгілері болды. Алайда оны қазіргі заманғы Батыспен салғастырса, барлық өзіндік шығыс өркениеттері сияқты — біздің көзқарасымызша, солардың қатарына жатқызылуы тиіс, — оның да сол қазіргі заманғы Батысқа қарсы тұрғанын көреміз. Соңғы айтылған пікір маңызды мәселеге қозғау салады: Батыста дәстүрлі өркениеттер болған уақыт бойында Шығыс пен Батыстың қарсыластығына негіз жоқ еді. Қарсыластық тек қана қазіргі заманғы Батыс жағдайында орын алады, себебі, сөз, әсілі, аздыкөпті белгілі бір географиялық шындықтан гөрі, сананың екі типінің қарамақарсылығы жайында болып отыр. Тарихтың, ішіндегі неғұрлым жуығы Орта ғасыр болып табылатын, белгілі бір кезеңдерінде батыстық сана өзінің неғұрлым мәндік сипаттары тұрғысынан, қазіргі дәуірдегі көрінісінен гөрі, шығыстық санаға әлдеқайда жуық тұрған еді. Ол кезде батыстық өркениет Шығыс өркениеттеріне, сол өркениеттер бүгінде бірбіріне қаншалықты жақын болса, соншалықты жақын болған. Соңғы жүзжылдықтар ішінде Батыстық өркениет ілгерідегі құлдырау кезеңдерінде орын алған барлық азғындықтардан анағұрлым салмақты, іргелі өзгерістерді бастан өткерді, өйткені, бұл жолы күллі адамзаттық ісқайраткерлік өз бағдары мен өзінің мәндік сипатын толық әрі түбірлі өзгертті. Бұл өзгерістер тек Батыста ғана болды. Сондықтан, қазіргі заманғы дүние турасында айтқанда, біз «батыстық сана» деген қолданысты пайдалансақ, бұл «қазіргі заманғы сана» дегенмен тептең. Және де, сананың өзге типі бүгінде тек Шығыста ғана сақталғандықтан, біз, осы жайтты ескере отырып, оны шығыстық сана типі деп атай аламыз. Осылайша, екі термин де — «шығыстық сана» және «батыстық сана» — бөлежара қазіргі заманғы ахуалды сипаттайды. «Батыстық сана» тарихтың таяу өткен кезеңі барысында ғана қалыптасқандықтан, қарамақарсы, айрықша «шығыстық сана» туралы да тек қана қазіргі уақытқа қатысты қолданып сөз етуге болады. Бастапқыда осы «шығыстық сана» асылында Шығыс адамдарына да, сондайақ, Батыс адамдарына да тән болған, өйткені, оның шығу тегі адамзаттың өзінің шығу тегімен сәйкес келеді. Осылайша, аздыкөпті дәрежеде бір ғана — қазіргі заманғы Батыс өркениетінен басқа бізге белгілі өркениеттердің күллісінің негізінде жатқандығы себебіненақ, оны «қалыпты сана» атауға әбден болады. Кейбір адамдар біз жазған кітаптарды тиісінше жете оқып, еңбектеніп жатпайақ, неге екенін, бізді бүкіл дәстүрлі доктриналар Шығыстан келеді және тіпті, батыстық қадім дәуірде де Батыс дәйім өз дәстүрлерін бөлежара Шығыстан алып отырғанмыс деп сендіргендей көріп, жазғыруды өздерінің борышы санайтын тәрізді. Біз, берісі, бұның ақиқатқа мүлдем сәйкеспейтіндігін жақсы білгендіктен де, ешқашан мұндай еш нәрсе жазған емеспіз және жаза алмас та едік. Шынтуайтында Дәстүр мағлұматтары бұндай идеяға айқын қайшы келеді: осы циклдің Ілкі Дәстүрі гиперборея аймақтарынан келгендігінің ең анық айғақтары бар. Кейінірек осы Ілкі Дәстүрдің тарихтың түрлі кезеңдеріне сәйкес келетін бірнеше қосалқы ағымдары болды және солардың мейлінше маңыздыларының бірі, ең берісі, ізін әлі де айыруға болатын біреуі, еш күмәнсіз, Батыстан Шығысқа ауған. Алайда, барлық бұл пайымдаулар, әдетте, «Алғы тарих» аталатын өтемөте алыс заманаларға қатысты, оларды біз бұл жерде талдап жатпаймыз. Біз тек мынаны айтқымыз келеді: біріншіден, Ілкі Дәстүр орталығы өте ұзақ уақыт бойы әрі осынау сәтке дейін Шығыста орналасқан және дәл сонда біз ең тікелей түрде сол Ілкі Дәстүрден бастау алатын доктриналарды кезіктіреміз; және, екіншіден, қазіргі уақытта шынайы Дәстүр рухын, бойында тұтқан баршасымен, өзге ешкім емес, бөлежара және бірденбір Шығыс адамдары танытады. Бұл түсіндірме соңғы уақытта түрлі орталарда пайда болған «батыстық дәстүрді» қалпына келтірушілік турасындағы кейбір ұсыныстар жайлы еске салмасақ, толымды болмас еді. Бұндай идеялардағы ең жағымды болып табылатыны сол, олар барған сайын қазіргі заманғы нигилизмге қанағаттанбайтын, қазіргі заман дүниесінде жоқ әлденеге ділгірлік сезінетін, сондықтан да, қазіргі заманғы дағдарысты бір ғана амалмен — әлдебір формасындағы дәстүрге оралу арқылы ғана тыю мүмкіндігін көретін адамдардың бар екенін айғақтайды. Бақытсыздыққа қарай, «дәстүршілдік» заңды түрде шынайы дәстүрлі сана атауға болатынға сәйкес емес. Көбінекөп, дәстүршілдік құр әншейін бейімдікті, ешқандай шынайы білімді діттемейтін бұлдыр әуестікті білдіреді. Өкінішке орай, интеллектуалды тұрғыдағы былық жағдайында бұл ұмтылыс, әдетте, тек таза қиялға құрылған һәм салмақты негіздеме атаулыдан жұрдай қияли тұжырымдамалардың туындауына ғана алып келеді. Ешқандай түпнұсқа дәстүрді тиянақ етпестен, бұндай адамдар жиі өздері алмастыруға тырысыпақ бағатын доктриналар сияқты, соншалық негізсіз әрі қандай да бір дәстүрлі принциптерден алыс, шынтуайтында ешқашан болмаған жалған дәстүрлерді ойлап табуға шейін барады. Бұдан қазіргі заманғы хаостың бүкіл тереңдігі көрінсе керек және де, мұндай адамдардың ниетпиғылдары қандай болмасын, олар тек қана жалпы былықты күшейте түспек. Осы тақылетті құрылымдардың ішінен, былайша аталатын, «батыстық дәстүр» тұжырымдамасын ғана атап өтейік, оны кейбір оккультистер ең бір қайшылықты элементтерден құрастырған әрі әу бастан ол теософистер ойлап шығарған, алдыңғыдан бір де кем емес қияли әрі тиянақсыз, былайша аталатын, «шығыстық дәстүр» тұжырымдамасымен бәсекелесу талабынан туындаған болатын. Бұл нәрселер туралы басқа жерде нақтырақ айтқанбыз, енді бұдан әрі кідіртпей, берісі, шындығында болған дәстүрлерге ден қоюға ұмтылатын өзге, назар аударуға мейлінше лайық теорияларды зерттеуге көшсек дейміз. Жоғарыда біз батыс аймақтардан келген Дәстүр ағымдарының бірі туралы айтып өттік. жайында ертедегі адамдардың Атлантида туралы әңгімелері айғақтайды. Осы континент жоғалып кеткеннен кейін соңғы ұлы тарихи апат барысында атлантидалық дәстүр жұрнақтары басқа аймақтарға көшіріліп, онда олар көбінше Ұлы Гиперборея Дәстүрінің тармақтарын танытатын бұрыннан бар дәстүрлермен қосылып кеткендігі күмәнсіз. Тегінде, ежелгі кельттердің сакральді доктриналары тап дәл сондай қосылыстың нәтижесі болып табылды да. Біз, тіптен, осы жерде бұл мәселені талқыламақ емеспіз. Алайда, кез келген жағдайда, ақиқи атлантидалық доктрина әлдеқашан, өзі құрамында болған, бүгінде біз бақылап отырғанға ұқсас азғындықтың нәтижесінде құрыған өркениетпен бірге, бір айырмасы адамзат ол кезде әлі Калиюга кезеңіне кірмеген, көп мыңжылдық бұрын жоғалып кеткенін естен шығармаған жөн. Сондайақ, бұл дәстүр тек қана біздің цикліміздің екіншілей болған кезеңіне сәйкес болғанын, демек, оны барлық қалған дәстүрлер шыққан және, бәрінен даралана, циклдің ең басынан ең аяғына дейін мүлде дербес әрі бүтін болып қалған Ілкі Дәстүрдің өзімен теңдестірген қате болатынын есте ұстаған жөн. Бұл жерде осы тұжырымдарды бекітетін бүкіл фактілерді келтіре алмайтын болғандықтан, біз тек мынаны баса атап өткіміз келеді: бүгінгі күні «атлантидалық» дәстүрді қайта тірілту, дәл сондайақ, онымен аздыкөп тікелей жанасу мүмкін емес. Сондықтан, бұны істеуге кезкелген әрекеттенушілік бос қиял болып қала бермек. Дегенмен, неғұрлым кейінгі дәстүрлердің құрамына енген белгілі бір элементтердің шығу тегін зерттеушілік недәуір қызық болары кәміл, бір шарты, бұл ретте осы мәселеде туындауы мүмкін алдамшы ойпікірлерге қарсы сақтық шаралары қабылданған болуы қажет. Бірақ, кез келген жағдайда, бұндай зерттеулер қазіргі заманғы дүние жағдайларына мүлдем бейімделмеген дәстүрдің толық қалпына келуіне әкелуге еш қабілетсіз. Кейбір адамдар «кельтизмге» табан тіреуге тырысуда, бұл дәстүр уақыт тұрғысынан неғұрлым аз алшақтағандығы себебінен де, оның орнына келуі, атлантидалық дәстүрдің орнына келуіндей, оншалық шындыққа жанасымсыз көрінбеуі мүмкін. Әйтсе де, бүгінде дәстүрге берік негіз болуға жарайтындай соншалық толыққанды әрі тіршілік әрекетті «кельтизм» қайдан табылмақ? Біз соңғы уақыттарда пайда бола бастаған археологиялық немесе таза «әдеби» қайта қалыпқа келтірілген үлгілер туралы айтпаймыз. Біз мүлде өзгеше әлденені мегзеп отырмыз. «Кельтизмнің» көптеген элементтері, шынында да, түрлі дәнекер инстанциялар арқылы бізге жеткені әділ болса да, бұл толыққанды дәстүрдің қалпына келуі үшін, тіптен, жеткіліксіз. Бұған қоса, ежелгі заманда дәл осы кельт дәстүрі болған елдерде қазіргі кезде ол (кельт дәстүрі) басқа, бұл елдерге әуелден бөтен дәстүрлердің жұрнақтарынан да гөрі, түбірімен ұмыт болғандығы оғаш жайтын да атап өтуге болады. Ең болмағанда, зорлықпен таңылып отырған теріс түсініктер мен соқыр нанымдардың екпініне әлі де біржола бой алдырмағандарға бұндай құбылыстың себептері жайлы шындап ойланған жөн болмай ма? Бұдан да зор айтуға болады: жоғалып кеткен өркениеттердің жұрнақтарымен жұмыс істеген барлық жағдайларда олардың шынайы маңызын тірі дәстүрлердің соларға үйлес элементтерімен салыстыру арқылы болмаса, басқаша түсіну қиын. Және де, бұл, тіпті, көптеген элементтері қазіргі заманғы Батыс үшін мәнін толығымен жойған Орта ғасырға қатысты да дәл солай. Тек қана тірі дәстүрлермен байланыс орнату арқылы әлі де қайта жаңғыруға қабілеттілерін тірілтуге болады және де, бұл біз үнемі баса көрсетіп отыратынымыздай, Шығыстың Батысқа көрсете алар ең зор қызметі. Кельт рухының белгілі бір элементтері сақталып қалып, өткенде әр түрлі кезеңдерде болғанындай, әлі де түрлі формаларда көрінуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ, егер кімдекім бізді друидтер дәстүрі толық сақталғанмыс рухани орталықтар баяғысынша бар дегенге иландыруға тырысса, біз дәлелдер көрсетуін талап етеміз және бұл істелмейінше, оны аса даулы, әрі беріден соң, шындыққа жанасымсыз тұжырым ретінде қарастыратын боламыз. Шынтуайтында, кельтизмнің сақталып қалған элементтері көбінше Христиандық Орта ғасырларда ассимиляцияланды. Әулие Граал туралы аңыз барлық элементтерімен осының, әсіресе, маңызды үлгісі болып табылады. Бұған қоса, біз, егер де батыстық дәстүр қайта қалпына келтірілген болса, ол сөзсіз, сөздің ең қатаң мағынасындағы, діни форманы қабылдауға тиіс болатын еді деп ой түйеміз. Ондай форма тек қана Христиандық бола алар еді, себебі, біріншіден, барлық басқа ықтимал формалар ендігі көп уақыттан бері батыстық санаға жат болған, ал екіншіден, дәл осы Христиандықтың ішінде және біз, тіпті бұдан да нақты айта аламыз — дәл католицизмнің ішінде Батыста әлі де сақталған дәстүрлік рухтың соңғы жұрнақтарын табуға болады. Бұл жайтты елемейтін «дәстүршілдік» бастама атаулы әлденақ негіздемелерден айырылып, шарасыздықпен сәтсіздікке ұшырайды. Шындығында бар нәрсеге негізделген жөн екені айқын, содан да, үздіксіз шынайы сабақтастық жоқ жерде кезкелген құрылым жасанды әрі қысқа мерзімді болмақ. Егер де бізге Христиандықтың өзі біздің заманымызда ендігі жерде өз терең мазмұнын парықтамайды дегенді алға тартса, біз айналып келгенде, тек сол ғана өз формасы мен өз мәнінде қайта қалпына келген дәстүрдің негізін қамтамасыз етуге қажеттінің барлығын бойында тұтқан деп жауап береміз. Бүгінде ең шындыққа негізделген әрі бірденбір жүзеге асатын (кемі, теория жүзінде) әрекет, әлбетте, айрықша қазіргі заманғы жағдайлардың қажетті ерекшелігін ескере отырып, мәнді ортағасырлық христиандық құрылысты қайта қалпына келтіру болар еді. Бұл ретте, Батыс біржола жоғалтқан элементтердің барлығын оларды бүтіндей сақтап қалған басқа дәстүрлерден алуға, содан соң, оларды Батыстың нақты жағдайларына қолдануға болар еді. Сөз жоқ, бұндай қалпына келтірушілік тек қана қуатты әрі тамаша ұйымдастырылған интеллектуалды элитаның ісі болмақ. Элита туралы мәселені біз бұдан бұрын қозғаған едік. Алайда, бұны қайта істегеннің пайдасы бар, себебі, соңғы кездері бұл салада тым көп қияли әрі орындалмас жобалар пайда болды, сондайақ, бір себебі, Шығыс дәстүрлерін олардың ерекшелікті формасында меңгеру тек интеллектуалды, өзінің анықтамасы бойыншаақ барлық жеке формалардан тысқары болатын, элита өкілдерінің ғана қолынан келетінін, өйткені, бұл дәстүрлер Батыстың негізгі қалың жұртының қабылдауына, тіптен, бейімделмегендігін біржола ұғынған жөн. Бұндай жағдай, әлдеқандай ойда жоқ өзгеріс болмаса, бұдан былай да сақталады. Егер батыстық элита, әйткенмен, қалыптасар болса, оған тән функциялардың жүзеге асырылуына әбден қажетті біз жаңа ғана талдаған себептерден, Шығыс доктриналары білімі оған (элитаға) аян болады. Бірақ қалған барлығына, яғни, осы элитаның іс қайраткерлігі жемісін теру ғана қалатын батыс адамдарының көпшілігіне, шығыстық доктриналарға ден қоюшылықтың мүлде ешқалай тікелей әсері болмайды, себебі, бұндай білімнің ықпалы оған жанама әрі елеусіз, бірақ бұдан тиімділігі мен тереңдігі кем емес, болады. Бұл біздің, ендігі әлденеше айтқан, айнымас көзқарасымыз болса да, біз оны тағы бір мәрте қайталауды қажет деп санаймыз, себебі, өзіміз айтып жүрген идеяларымыздың барабар түсінілуіне әрдайым сенердей болмаса да, кемі, біздің ойниетіміз бен берік ой тұжырымдарымыздың барабар емес мән дарытылып, теріс түсінілуінен алдынала қашуға ұмтылған абзал. Әйтсе де, бәрінен де бізді өзекті ахуал қызықтыратын болғандықтан, болашақты болжауды қоя тұрып, «батыстық дәстүрді» қалпына келтіру мүмкіндігіне байланысты мәселелерге кеңірек тоқталайық. Бұндай қалпына келтірушілік жобаларының оншалық дұрыс емес екенін дәлелдеу үшін, келесідей байқалған жайттар жеткілікті: бұл жобаларда үнемі дерлік Шығысқа деген артықкем айқын өшпенділік тұнып жатады. Бұл сезім Христиандыққа негізделгендерге де жат емес екендігін қоса айтқан жөн: кезкелген құнмен мұндай адамдар бұнда іс жүзінде жоқ немесе таза ойдан алынған қайшылықтарды іздеп табуға тырысады. Егер Шығыс доктриналарында және Христиандықта мәні бір, ол ол ма, бірдей формада жеткізілген идеяларды тапқан болсақ, бәрібір олардың мағынасы екі жағдайда екі түрлі не, тіпті, қайшылықты деген сандырақ тұжырымдарға дейін істің жететіні бар! Бұндай тұжырымдарды жасайтындар сонысымен, белгілі бір дәмелеріне қарамастан, дәстүрлі доктриналарды түсінуде аса алысқа ұзай қоймағандықтарын әрі сыртқы формалардың бар көптүрлілігінің сыртындағы іргелі біртұтастықты аңғара алмағандықтарын дәлелдейді. Мұндай адамдар, тіпті, бәрінен айқын тұрған тұста да ұқсастықты байқағылары келмейді. Сондықтан, олардың Христиандықтың өзін түсінулері де үстірт болып қала берді және, кемел әрі өзіне үйлес болғандығынан, барлық мүмкін салаларға қолданыла алатын шынайы дәстүрлі доктрина идеясына сәйкес емес. Олардың бәріне негіздік принциптер білімі жетіспейді, сондықтан да, олар қазіргі заманғы оймашық ықпалына, өздері ойлағандай емес, мейлінше көп ұшыраған, сөйте тұра, өздері дәл осындай оймашыққа қарсы тұруға ұмтылады. Олардың аузында «дәстүр» сөзі, бұл сөзге біз салатын мағынадан гөрі, бөлек мағынаға ие болып кетеді. Біздің дәуірімізге тән интеллектуалды тұрғыдағы былықтың салдарынан «дәстүр» сөзінің өзі әр қилы және қайсыбірде өтемөте болмашы нәрселерге, мысалы, кей ретте мүлде жуырда туындаған қарапайым салттарға немесе жоралғыларға қолданылатыны бар. Басқа жерде біз «дін» сөзінің дәл солай мәніне сай емес қолданылуын көрсеткен едік. Белгілі бір терминдерді пайдалануда аса абай болу қажет, өйткені, кейбір тіл бұрмалаушылық белгілі бір идеялардың кері кеткендігін көрсетеді. Сондықтан, тек әлдекімнің өзін «дәстүршіл» атайтындығы әлі оның, сөздің шын мағынасындағы, «дәстүрдің» не екенін, ең болмаса, шамалап ұғынатындығын дәлелдемесе керек. Біз бұл сөзді бөлежара таза адами аямен шектелген не нәрсеге де қолданудан үзілдікесілді бас тартамыз. Бұған дәл қазір, мәселен, «философиялық дәстүр» деген сияқты сөздік қолданыстар пайда бола бастаған уақытта, әсіресе, назар аударғанның маңызы зор. Философия, өзөзі болып қала отырып, «дәстүр» саналуға ешқандай да қақысы жоқ, өйткені, ол бөлежара рационалды адами деңгейге жатады және де, бұл, тіпті, егер ол сол деңгейден тыс шығатын шындықтарды тура терістемеген жағдайда да солай. «Философия» — бұл қандай да бір адамдық емес аян немесе инспирация бастауларынан жұрдай адамзат индивидуумдарының ақылой қайраткерлігі жемісінен артық ештеңе емес, демек, бір сөзбен айтқанда, бұл таза «қарабайырланған» құбылыс. Бұл ретте белгілі бір адамдар категориясының басында бар кейбір алданушылықтарға кереғар алғанда, әлдебір дәуірге, әлдебір нәсілге тән сана тек «кітаби» ғылымдардың көмегімен ғана айқындалып, бағыттала алмайды. Ол санаға ықпал етудің шын тетіктері, тіпті, ең күштегенде де, өз табиғатына орай, шынайы әрі әрекетті емес, мүлде сыртқы әрі таза вербалды болып қалуға мәжбүр философиялық спекуляциялардың кез келген формасынан өзгеше. Жоғалған дәстүр тірі Дәстүрдің рухымен байланыс, жалғастық арқасында ғана қалпына келтіріліп, тіріле алмақ, ал бүгінде, біз атап өткендей, бұл рух, шындығыңда, Шығыста ғана тірі. Қалай болғанда да, Батыста, кемі, дәстүрлі дүниетанымға қайта оралуға ұмтылыс пайда болғаны маңызды, әйтсе де, әзірше бұл ұмтылыс қана болып қалып отыр. «Қазіргі заманғы дүниеге» қарсы жуырда пайда болған жауапәрекеттердің түрлі көрінімдері, біздің пікірімізше, әзірше жеткілікті толық емес болып табылады, сөйтіп, бұл біздің көзқарасымызды бекіте түседі. Бұл қазіргі заманға қарсы қозғалыстардың сыни жағы қандайлық басым әрі мінсіз болмасын, әйткенмен, олар шынайы интеллект қалпына келтіруден әлі өте алыс және тым тар ой көкжиектерімен шектелген. Алайда оларда кемі, бірнеше жыл бұрын мүлде ойға алынбай дүниетанымның элементтері бар. Және бүгінде ендігі Батыс адамдарының барлығы қазіргі заманғы өркениеттің тар материалдық дамуына тұтастай әрі толығымен қанағаттанады деуге келмейтін болса, бұдан, бәлкім, оны құтқаруға әлі үміт атаулы жоғалмағандығының нышанын көрсе болар. Қалай болғанда да, егер Батысқа әлдеқалай өз дәстүріне қайта оралу жазған болса, оның Шығысқа қарсыластығы осы жайттың өзінің арқасындаақ лезде жойылған болар еді, өйткені, бұл қарсыластықтың тамырларын Батыстың азғындауынан ғана іздеген жөн және оның (қарсыластықтың) өзі дәстүрлі және антидәстүрлі дүниетанымдардың қисынды қарама қарсылығына саяды. Сондықтан, жоғарыда келтірілген кейбір пікірлерге кереғар, дәстүрге оралудың алғашқы нәтижесі Шығыспен өзара түсіністікті жедел түрде қалпына келтіру болып табылуы тиіс, үйлес я бірдей принциптерге негізделген өркениеттер жағдайында әрқашан солай болуы тиіс те. Бұған қосарымыз, бұндай өзара түсіністік тек қана осыған қажетті негіз құратын сол ортақ принциптерге сүйеніп мүмкін болмақ. Ақиқи дәстүрлі дүниетаным қандай пішінге енбесін, әрқашан және барлық жерде мәндік тұрғыдан бір нәрсе болып табылады. Түрлі оймашық типтеріне, түрлі уақыт және кеңістік жағдайларына сәйкес түрлі формалар бір ғана ақиқаттың көрінісі болып табылады. Бірақ, бұл көрінеу көзге көптіктің астарында жасырынған терең біртұтастық тек таза интеллект көзқарасына тұруға қабілеттінің ғана санасымен танылмақ. Оның үстіне, дәл осы интеллектуалды саладан қалыпты жағдайда — не салдар ретінде, не олардың қосымшасы ретінде — барша қалғандары келіп шығатын принциптерді іздеген жөн. Сондықтан, бірінші кезекте, егер тараптар, шынымен, терең өзара түсіністікке ұмтылған болса, келісімге осы принциптер тұрғысында қол жеткізілуі тиіс болады, өйткені, дәл осы принциптер шынтуайтында мейлінше мәнді болып табылады. Олар барабар түсінілген бойдаақ, келісім өзіненөзі орнайды. Принциптерді білу мәннің өзін білу, яғни, сөздің шынайы мағынасындағы, метафизикалық білім болып табылады. Бұндай білім, сол принциптер өзі қандай, соншалық әмбебап болып табылады. Сондықтан, ол жеке тұрғыдан шарттастырушылық атаулыдан тәуелсіз, ондай шарттастыру, керісінше, іс бұл білімнің дара қолданысына жеткен жағдайда ғана мағыналы болмақ. Сондықтан, таза интеллект саласы әлдебір оймашық типіне алдынала бейімделушілікті талап етпейтін бірденбір сала болып табылады. Бұған қоса, бұл деңгейде қажетті жұмыс жасалып болғанда, оның салдар дамыту ғана қалады, сөйтіп келісімге, сондайақ, барлық қалған салаларда да қол жеткізілетін болады, себебі, біз айтып кеткендей, дәл осы деңгейге тура әлде жанама түрде барша қалғаны тәуелді. Екінші жағынан, қандайда бір жеке, принциптермен байланыстырылмаған салада қол жеткізілген келісім, шынайы өзара түсіністіктен гөрі, дипломатиялық келісушілікке ұқсас әлдене болғандығынан, қашан да барынша тұрақсыз әрі қысқа мерзімді болып қалмақ. Міне, неліктен — бұны тағы бір қайталаймыз — шынайы өзара түсіністік төменнен емес, тек жоғарыдан келе алатындығы. Бұл процесте екі стадияны айыру керек. Ең жоғары деңгейден, яғни, принциптерден бастап, тек содан соң ғана біртіндеп түрлі қосалқы деңгейлерге түсу қажет, бұл ретте осы деңгейлер арасында болатын иерархиялық өзара қарымқатынастарды қатаң сақтау керек. Және бұл қажеттілікпен, сөздің шынайы әрі мейлінше тиянақты мағынасындағы, элитаның, яғни, тек қана интеллектуалды — әрине, қатаң түрде айтқанда, ешқандай басқасы жоқ та ғой — элитаның ісі болуы тиіс. Бұл ойпайымдар қазіргі заманғы батыстық өркениетте оның шығыстық өркениетпен шынайы өзара түсіністігі тұрғысында да, сондайақ, өзөзінше де қалыпты әрі жетілген болуы үшін қажетті элементтердің жоқтығын көрсетеді. Бұл екі мәселенің бірбірімен тығыз байланыстылығы соншалық, олар, өз мәнінде, бірденбір дара мәселені құрайды, ал бұның себептерін біз жоғарыда түсіндіріп өттік. Енді бізге бүкіл айрықша қазіргі заманғы дүниетаным болып табылатын антидәстүрлі дүниетанымның мәнісі неде; одан шығатын және өзекті оқиғалардың аяусыз логикасынан көрінетін ықтимал салдарлары қандай екенін нақтырақ көрсету ғана қалады. Бірақ, бұған кіріспес бұрын, тағы бір ескертпе жасаған жөн. Түбегейлі антизаманалық болу әлі, сөздің ең кең мағынасындағы, антибатыстық болуды білдірмейді. Қайта, керісінше, антизаманауи болу — бұл Батысты оның өзінің азғындауынан құтқару бойынша бірденбір табыспен аяқталуға қабілетті әрекеттенушілікті білдіреді. Және кезкелген өз дәстүріне адал Шығыс адамы бұл мәселені біздер қолданып отырған дәл осы терминдермен ұғынады. Және де, егер Батыс өзін қазіргі заманғы өркениетпен теңестіруін қойса, оның жаулары анағұрлым аз болады, өйткені бұл жағдайда ондай жаулықта мағына болмасы әбден айқын. Алайда, бүгінде дәл Батысты қорғау туралы жиі айтылады және бұл шынында оғаш жайт, себебі, бұдан әрі көретініміздей, дәл сол Батыс өз хаосты белсенділік иірімінде бүкіл адамзатты құрдымға сүйреп әкету қаупін төндіріп отыр. Бұның оғаш та заңсыздығы сол, мұндай Батысты қорғаушылар, бұл тұрғыдағы кейбір нақтылауларға қарамастан, Батысты, сондайақ, Шығыстан да қорғағысы келеді, ал, бұл арада, шын мәніндегі Шығыс не басқыншылық туралы, не, кімді болмасын, бағындыру туралы ниет етпейді, тек тәуелсіздік беріп, оны өзіменөзін қалдырып, өзгелердің бейбітшілік сақтауына ұмтылады, бұл, сөз жоқ, әбден саналы әрі негізді талап болып табылады. Шынында да, Батыс қорғауды қажет етеді, бірақ, тек өзінен және, ойдағыдай аяғына дейін жеткізілетін болса, оны шарасыз бүліншілік пен қырғынға әкеп соғатын өз тенденцияларынан қорғауға зәру. Міне, неліктен Батысты реформалау қажеттігін табанды түрде талап еткен жөн; және де, егер ондай реформа ойдағыдай болса, яғни, дәстүрді шынайы қалпына келтірушілік болса, өзінің табиғи салдары ретінде ол Шығыспен өзара түсіністіктің орнауына алып келеді. Біз болсақ, өз тарапымыздан мүмкіндігімізше, егер бұған әлі де уақыт қалса және егер өз дамуында қазіргі заманғы өркениет айнымастан жақындап келе жатқан ақтық апат болмас бұрын, қандай да бір онды нәтижеге қол жеткізуге үміт бар болса, осы реформаға да, сондайақ, Шығыс пен Батыс арасындағы өзара түсініктің тез арада орнауына игі ықпал етуге тырысамыз. Бірақ, тіпті, қазір ол апаттан құтылуға ендігі тым кеш болса да, бұл мақсатқа жетуге бағытталған кез келген іс қайраткерлік өнімсіз болып қалмайды, себебі, кез келген жағдайда ол, біз сөз басында айтқан, арам шөпті дәннен «ажырату» процесін, алдынала болса да дайындауға көмектесіп, сөйтіп, біздің дүниеміздің күйреуінен аман қалып, келешек дүниенің ұрығы болу бұйырған элементтердің сақталуын қамтамасыз етпек