Шын және жалған демократия

Біз өкілдікті демократияда жасырынып жатқан қауіптер екі текті болады: біріншіден, өкілдікті Жиналыстағы және оны бақылайтын халық пікіріндегі ақыли дамудың дәрежесінің төмен болу қаупі; және екіншіден, егер заңдар бір сословиеге жататын адамдардан тұратын сандық көпшілікпен қабылданатын болса, олардың сословиелік заңдарға айналу қаупі. Енді демократияны ол өзінің идеясынан айнымай, оған тән игіліктерден айырылмай, өзіне сол жамандықтарды дарытпайтын, немесе бері салғанда, мүмкіндігінше аз дәрежеде болатын етіп құру қаншалықты мүмкін екендігін қарайық. Әдетте бұған, өкілдіктің демократиялық сипатын шектеумен, яғни дауыс беру құқығын азды­көпті тарылта отырып, жетуге тырысады. Бірақ егер істі алдын ала таразыласақ, мұндай тарылтудың тіпті де қажет нәрсе емес екендігін көреміз. Қандай да бір тап көпшілікті құрайтын, демократиядағы мінсіз тең құқықтылық біршама кемістіктерсіз мүмкін болмайды; қазіргі демократияларда ортақ тең құқықтылық жоқ екендігін былай қойғанда, керісінше үстем таптың пайдасына жүйелі тең құқықсыздық орын алып отырғандықтан, жамандық әлдеқайда көбейе түседі. Әдетте демократия туралы ұғымда тіптен әр түрлі екі идея шатастырып жіберіледі. Оның таза идеясы мынадай: бүкіл халықты біркелкі өкілдік арқылы бүкіл халық басқарады. Бірақ осы кезге дейін демократия ұғымда да, іс жүзінде де тұтас халық сол халықтың тек жалғыз көпшілігінің өкілдері басқаратын үкімет болып келеді. Бірінші идея барлық азаматтар құқықтарының теңдігінің синонимі; сонымен араластырып жіберілетін екіншісі, іс жүзінде жалғыз өзі дауысқа ие болып отырған сандық көпшіліктің пайдасына берілген артықшылықтар. Бұл қазір орын алып отырған дауыс беру тәртібінің сөзсіз болатын салдары; азшылық іс жүзінде басқаруға қатысудан айрылған күйінде қала береді.

Бұл екі идеяны араластырып жіберу оңай; есесіне әдеттегі ғана ақылы бар адамға қаз­ қалпынан көрінуі үшін титімдей ғана нұсқау жеткілікті. Егер де дағды күші болмаса, солай болар да еді; соның салдарынан ең қарапайым идеяның өзі, егер ол тек жаңа болса, нақ әлдеқайда күрделі идея секілді адамның миына қиындықпен қонады. Адамдар азшылық көпшілікке, аз сан коп санға бағынуға тиіс деп ойлауға дағдыланып кеткен; осыны ұғып алған олар әрі қарай әуре болудың қажеті де жоқ деп ойлайды; азшылыққа көпшілікпен бірдей билік беру мен азшылықты мүлдем шығарып тастау арасында әлі орташа жағдай бар екендігі олардың миына кіріп шықпайды. Өкілдік Жиналыста қайсыбір мәселені талқылағанда азшылық өз­өзінен ұтылып қалуға тиісті. Тең құқықты демократияда (халық өкілдері оз партияларының пікірін білдіреді деп топшылағанда) халықтың көпшілігі, өзінің өкілдері арқылы, азшылықтан үстем болуы керек. Бірақ осыдан азшылықтың өкілдері тіпті де болмауға тиіс деген қорытынды шыға ма? Егер көпшілік азшылықтан басым түсуге тиісті болса, бұл көпшілік барлық дауыстарға ие болуға, ал азшылықта бірде­бір дауыс болмауға тиіс деген сөз бе? Бұл азшылық тіпті тыңдалмауы да керек деген соз бе? Тек жалғыз ұзақ та сүйекке сіңген дағды ойлай білетін тіршілік иесін пайдасыз әділетсіздікпен ымыраластыра алады. Тең құқықты демократияда әрбір партия оз өкілдерінің пропорционал санына ие болуға тиісті. Сайлаушылардың көпшілігінде өкілдердің көпшілігі де болуға тиіс, бірақ сайлаушылардың азшылығының да оз өкілдері болуға тиісті. Пропорциялы түрде олар көпшілік секілді өкілдікке ие болуға тиіс. Егер де оларда бұл болмаса, онда тең құқықтық жоқ, тек тең құқықсыздық пен артықшылық бар: халықтың бір бөлігі қалған бөлігіне билік жүргізеді; бұл бөліктен басқарудағы оған құқығы бойынша тиесілі үлес тартып алынған, мұның өзі кез­келген әділетті үкімет, әсіресе демократия принципіне қарсы, өйткені ол құқық теңдігін өзінің темірқазығы деп жариялайды.

Читайте также:  Саяси қоғамдардың пайда болуы туралы

Әділетсіздік және принципті сыйламау, одан тек азшылық жәбір көргенімен, солай болып қала береді; дауыс беру кезінде қоғамның бір мүшесі басқа біреумен бірдей болмаса, құқық теңдігі жоқ. Бірақ бұл жағдайда жалғыз азшылық зардап шекпейді. Осылай етіп құрылған демократия тіпті өзінің анық мақсатына да жете алмайды, яғни ол, барлық жағдайларда, саны жағынан көпшілікке билік бермейді. Бұл арада қарама­қарсы нәрсе жиі болады, билік көпшіліктің көпшілігіне тиеді, ал ол бүтіннің тек азшылығын құрауы мүмкін және көбіне солай болып шығады. Принципті сынақтан өткізудің ең жақсы құралы ­ оны шетін салдарларға дейін жеткізу. Айталық, қандай да бір елде барлық азаматтар дауыс берудің бірдей құқығын пайдаланады, және әрбір мекенде таңдау даулы болып, болар­болмас көпшілікпен мәселе шешілген екен. Мұндай жағдайда Парламент халықтың шамалы ғана көпшілігінің пікірін білдіреді. Парламент тағы да өзінің, шамалы ғана көпшілігінің шешімдерінің негізінде заңдар шығарып, маңызды шаралар қабылдайды. Бұл шешімдердің халықтың көпшілігінің тілегіне сай келетіндігіне кім кепілдік бере алады? Сайлаушылардың жартысы дерлік өкілдіктен айрылған, шешімдер қабылдау кезінде олардың дауысы болмаған; ал бұл екі арада солардың барлығы, солардың айтарлықтай бөлігі әбден ықтимал түрде бекітілген шараларға қарсы екендігі анық, өйткені олардың барлығы қазіргі өкілдерге қарсы дауыс берген. Қалған сайлаушылардың жартысына жуығы, сол шараларға қарсы шығатын өкілдерін жөнелткен. Басым шыққан пікірдің, оны орын алып отырған жағдай пәрменімен үстем тапты құрайтын сословиенің көпшілігі білдірсе де, ұлттың тек азшылығына жататындығы өте мүмкін, тіпті өте ықтимал. Егер демократия көпшіліктің белгілі басымдығы деп топшыласақ, онда оны барлық жеке тұлғаларға тек тең сан өкілі болу құқығын беру арқылы ғана қамтамасыз етуге болады. Егер қандай да бір партия, әлде ереуіл салдарынан, әлде енгізілген тәртіп салдарынан, шығарып тасталса, онда билік көпшілікке емес, есептеудің кез­келген тәсілі бойынша шығатын азшылықты құрайтын партия қолына түседі.

Мұндай жағдайға тек бір ғана жауап болуы мүмкін: түрлі жерлерде әрқилы пікірлер басым болатындықтан, бір жердей азшылық басқа бір жерде көпшілік бола алады; тұтас алғанда әрбір пікір өкілдердің пропорциялы санымен білдіріледі. Бұл қазіргі тәртіп тұсында әбден әділетті. Егер де бұл басқаша болса, онда Парламент пен елдің пікірі арасындағы алауыздық тез арада айдан анық болып шығар еді. Бірақ дауыс беру құқығы едәуір дәрежеде кеңейтілген бой¬да мұндай тәртіп бұзылады, егер дауыс беру құқығы барлық тұрғындарға таралса, онда одан бетер бұзылады. Бұл жағдайда әрбір жердегі көпшілік жұмысшы табынан құралады, және егер бір мәселе кездесіп, оны шешуде бұл таптар басқалармен келіспейтін болса, онда олар қай жерде оз өкілі болуының кез­келген мүмкіндігінен айырылады. Қазірдің өзінде көптеген сайлаушылар өкілдері болуына аса мүдделі болса да, Парламентте өздері дауыс бергісі келетін бірде­бір 342 мүшені таба алмайтындығы сұмдық жамандық емес пе? Әрбір сайлаушы Мерилебоннан өзінің өкілдері ретінде шіркеудің екі қызметкерін, Ламбет пен Финебериден … екі делдал ұстауға тиіс болатыны әділетті ме? Үлкен қалалар қоғамдарының жоғары білімді және дарынды кісілердің көп бөлігі тұратын басым бөлігінің не жалпы өкілдері жоқ, не өздері қалайтын өкілдерге ие емес. Жергілікті көпшілік партиясына жатпайтын сайлаушылардың өз өкілдері жоқ. Сол партияны құрайтын адамдардың, көбісінде шын өкілдер жоқ: олар көп жағынан өздері келісе алмайтын, бірақ саяси көзқарастары ең көп дауыспен қолдау табатын кандидатты қабылдауға мәжбүр етілген. Мұндай жағдай, кейбір тұстарда, тіпті азшылық мүлдем дауысқа ие болмайтындағыдан да жаман: сонда, бері салғанда көпшілік, партияның пікірін бәрінен жақсы жеткізе алатын кандидатты еркін тағайындай алар еді; ал қазір күштің бөлшектелуі салдарынан ұтылып қалудан қауіптеніп, партия оның ұранымен бірінші болып келген адамға немесе жергілікті партиялардың көсемдері қолдайтын адамға тоқтайды; ал жергілікті көсемдер, олардың ниеті түзу (мұндай пікірге олардың ілуде бірі лайық), яғни олар өз мүддесінің ықпалына бой алдырмайды десек те, жаңылысып кетпес үшін, партияда күшті қарсылық тудырмайтын кандидатты, яғни партия маңдайшасындағы жазудан басқа ештеңесі жоқ, өзіндік ерекшелігі де, кәміл сенімі де жоқ адамды ұсынуға мәжбүр болады. Бұл жағынан Құрама Штаттар жан түршіктірер мысал бола алады: ең күшті партия президент сайлау тұсында ешқашан өз қатарынан ең қабілетті кандидаттарының бірін ұсынуға тәуекел ете алмайды, оның себебі сондай адам ұзақ уақыт бойы жұрттың көз алдында жүрген, сондықтан да партияның бір бөлігінде қарсылық тудыруы мүмкін және кандидат етіп ұсынылғанша мүлдем аты шықпаған адам жинай алатындай барлық дауысты біріктіре алмауы мүмкін. Осылайша, тіпті ең үлкен партиядан сайланған адам, шындап келгенде, басқа бір бөліктен басым түскен бөліктің ғана тілектерін білдіруі мүмкін. Партияның іс табысы үшін қажет кез­келген бөлігі вето құқығына ие болады. Партияның басқалардан табандырақ бөлігі басқаларына өз кандидатын таңа алады; және осы табандылық, сорымызға қарай, ортақ игілікті жоқтайтын басқа бөліктерден гөрі өздерінің жеке мүдделерін көздейтін бөлігінен тезірек табылуы мүмкін. Жалпы алғанда, сайлау тағдырын көпшіліктің көзқарасы танауының астындағыдан аспайтын, соқыр сенімге бой алдырған ең жасқаншақ бөлігі, немесе өзінің ерекше сословиелік мүдделерін мықтап ұстанатын бөлігі шешеді. Азшылыққа қалдырылатын, оған пайдасыз сайлау құқығы тек көпшілікті өзінің түкке татымайтын және ең инсаниятсыз бөлігінің кандидатын қабылдауға мәжбүрлеуге қызмет етеді.

Читайте также:  Бастауыш мектептердің бірінші сыныбына арналған жұмыс жоспары

Коп адам бұл жамандықты мойындайды, бірақ оны басқару бостандығы үшін сөзсіз төленетін құн деп біледі; мұнда таң қалатын ештеңе жоқ; бостандықтың барлық достарының пікірі күні кешеге дейін тап сондай болып келді. Осынау дертті сауықпайтын сырқат деп есептеу дағдысының тамыр жайып алғаны сонша, тіпті коп адам оны түзету құралдарын іздеуді де қойды. Сауықтырып жіберу үмітінің үзілгендігінен сырқаттың өзін теріске шығаруға дейін көбіне бір­ақ қадам қалады да, содан кейін оған қарсы кез­келген құрал ренішпен қабылданады, ал оны ұсынған адамға, ол көмек ұсынып отырғандай емес, сырқатты туғызған дұшпан секілді қарай бастайды. Адамдардың жамандыққа үйреніп кететіндігі соншалық, шағымдарды, қылмыс демесе де, ақымақтық деп санайды. Жамандықтың дауасы бар ма, жоқ па, бірақ оны ауыртпалық деп білмейтін адам табылған құралға қуанбайтын адам ­ бостандықты сыйламайтын адам. Қазіргі талассыз ақиқат мынадай ­ азшылықты шындап шығарып тастау басқару бостандығының қажетті де табиғи салдары емес; керісінше, шын мәнісі сайлаушылар санына пропорциялы өкілдік болып табылатын демократия принципімен оның байланыспайтындығы былай тұрсын, қайта оған мүлде кереғар. Демократияның мәнісі ­ барлық партиялардың өкілдігі. Онсыз нағыз демократия жоқ, тек оның маңдайша жарнамасы ғана бар.

Осынау пікірлердің күшін түсініп, біршама сезіне алғандар жамандықты түзетудің әрқилы шараларын ұсынды. Лорд Джон Россель реформа туралы оз жобаларының бірінде, кейбір қауымдар үш мүшесін сайласын, бірақ олардағы сайлаушылардың әрқайсысы олардың тек екеуіне ғана дауыс берсін деген шарт қойды. Мистер и, Дзраэли, жақында өткен мәжілістердің бірінде, осы фактыларды еске сала келіп, Россельді жазғырды: мистер д’Дзраэли тегінде консервативтік партияның мемлекеттік адамы тек құралдарды ғана қарастыруға міндетті екендігіне, және мақсатты ойлап, өзінен бір рет болса да айныса, оған өзінің жанашырлығынан менсінбей бас тартуға тиіс екендігіне кәміл сенімді секілді.

Читайте также:  МОҢҒОЛ ДӘУІРІНДЕГІ ТҮРКІ ТЕКТІ АҚЫНДАР

Енді біреулер әрбір сайлаушы тек бір кандидатқа дауыс берсін дегенді ұсынды. Осы жобалардың әрқайсысы, қоғамның дауыс беру құқығын пайдаланатын мүшелерінің үштен біріне тең немесе одан асып түсетін азшылыққа, егер тек ол одан да артық бірдеңеге ұмтылмаса, үшеудің арасынан бірін таңдау мүмкіндігін беретін. Егер де, мистер Джемс Гарт Маршалдың ақылды кітапшасында ұсынылғандай, әрбір сайлаушы үш дауысқа ие болса, бірақ өзінің қалауы бойынша, олардың бәрін бір кандидатқа бере алса, онда бұл нәтижеге одан да жақсы қол жетер еді. Бұл ұсыныстар сөйте тура паллиативтік құралдан өзге ештеңе де емес және мақсатқа да түгі қисаймай жете алмайды, өйткені үштен бірді құрамайтын кез­келген азшылық, сондай­ақ мүшелері қаншама коп болғанымен, олар тек түрлі аймақтарда шашыраңқы туратын барлық партиялар болса, өкілдіксіз қалады. Осынау жобалардың бірде­біреуінің де жүзеге аспай қалғаны бәрібір өкінішті: принциптің әділеттілігін іс жүзінде тексеруге, және оның толық қолдану жолын дайындауға болар еді. Бірақ шын құқық теңдігіне, өздері біріге алатын барлық шашыраңқы сайлаушылар аталмыш сайлау бірлігін құрап, өз өкілін жіберу құқығын пайдаланатын болғанша, бәрібір қол жетпейтін болады. Өкілдік тәртібіндегі мінсіздіктің мұндай дәрежесі, істі тұтас күйінде алынған ойды түсінуге де, оны егжей­тегжейімен практикада қолдануға да бірдей қабілетті дарынды адам қолға алғанша, қол жетпейтін нәрсе болып көрінген. Мистер Томас Гэр (Hare) оның жүзеге асырылу мүмкіндігін парламенттік акт жобасында дәлелдеп шықты. Бұл жобаның соған дейін естілмеген дерлік қасиеті бар: мемлекеттік ұлы принципті мінсіз жетілгендікке жақын тәсілмен іске асыра отырып, ол сонымен бір мезгілде маңыздылығы жағынан басты мақсаттан кем түсе қоймайтын, кейбір жанама мақсаттарға қол жеткізеді.

Оставить комментарий