Шындық деңгейлер туралы ұғым және эволюция теориясы

Біздің бұдан әрі қарастыратынымыз табиғаттағы құбылыстар деңгейлері тұжырымдамасы болады. Спенсер анықтаған үш деңгей (атап айтқанда, органикалық емес, органикалық және әлеуметтік әрі шамадан тыс органикалық), Кент бөле жара атаған деңгейлер сияқты бір мезетте эмпирикалық та, иерархиялық та болып табылады. Феномендер деңгейі эмпирикалық тұрғыдан бақыланатын қасиеттерге негізделеді және оларды ұйымдасудың және қызметтердің төменгісі бастап жоғарғысына дейін тарихи процестегі жүйелілік туралы теориялық мәселенің қалай шешілеріне қарамастан, логикалық жүйелілік бойынша орналастыруға болатын мағынадағы иерархияны құрайды. Организмдерді жіктеудің, эмпирикалық ­ функционалдық негізіне сүйенген, мейілінше ертедегі жүйесін Аристотельден табуға болады. Аристотельдің айтуынша: «Пішіннің жағдайы қандай болса, жанды де сондай. Әдеттегі, пішіндердің де жүйелі қатарында, сондай­ақ тірі жандардың да әрбір (арғы баспалдағында) алдындағысы әлеуетті пішінде, мысалы, төртбұрышта (әлеуетті түрде) үшбұрыш бар, сезімдік қасиетте — өсімдік, көрінеді. Сондықтан да әрбіреудің (тірлік иесінің) мысалы, өсімдіктің, адамның, хайуанның жаны қандай екенін зерттеу керек. Одан әрі қарай неге бұлай жүйелі түрде екенін қарастыру қажет. Өсімдік қабілетін сезіну қабілеті болмайды ғой. Осыған қарамастан өсімдіктерде өсу қабілеті сезінуден (бастауынан) бөлек. Бұған қоса сезу қабілеті болмаса, ешқандай да сезіну қабілеті болмас еді, сезудің өзі басқаларсыз (сезінулерсіз) де бола береді. Шындығында да көптеген жануарларда көру де, есту де, дәм сезу де қабілеттері жоқ. Сондай­ақ сезіну қабілеті берілгендердің ішінде біреулері кеңістікте қозғала алады, өзгелерінде бүл жоқ. Ақыр соңында кейбір жан иелерінде аз­маз қисынды ойлау мен ақыл бар. Яғни, логикалық (бастау) тән, өмірінің ақыры бар кейбір жан иелеріне келсек, оларда қалған барлық қабілет бар, ал, олардың ішінде сол қабілеттердің біреуі бар жан иесінің бәрінде бірдей логикалық күш жоқ, керісінше, кейбірінде тіпті қиял да жоқ, басқа біреулері тек қиялмен күн кешеді. Ал, теориялық ақыл ­ ойға келсек, оны ерекше бір зерттеу керек». Сонымен Аристотель ағзаны (организмдерді) өсімдік, жануар және ақылы барлар деп эмпирикалық тұрғыдан жіктеді. Соңғыларын ол ағзаның (организмнің), бойында төменгі типтердің әлеуетті мүмкіндіктері де, өзінің де мүмкіндіктері мен қызметі бар, жоғарғы бір түрі ретінде көрсетті. Алайда, көптік пен үздіксіздік қағидаларының бірлестірілуі міндетті еместігін айту керек. Егер көптік қағидасын деңгейлер қағидасымен қосып, үздіксіздік қағидасын шығарып тастаса, құбылыстарын әртүрлі формалар арасында шет­шексіз жүйелілік формасында орналастыруға болатын, логикалық тұрғыдан әртүрлі формаларды байланыстыратын мейілінше әртүрлі әлем шығаруға болады. Сонымен, логикалық тұрғыдан алғанда үш қағида бір­бірімен жалғанатын болса да, олай болуы міндетті емес; олардың бір­бірімен үнемі бірігіп отырмағаны да — тарихи факт. Романтиктер жасағандай, үздіксіздік қағидасына кесірі тиетініне қарамастан барынша әртүрлілік (көптік) қағидасын ерекше бөліп айтуға болар еді; немесе деңгейлер қағидасын ескермей, сонымен де ешқандай да дискреттік деңгейлері жоқ шет­шексіз континуум идеясына келуге болар еді. Сондықтан да мен «Болмыстың ұлы тізбегі» кітабында: «көптік пен үздіксіздік қағидалары да — соңғысы бірінші болуы тиістігіне қарамастан — бір­бірімен үйлесе алмайды» деген қорытындыға келген Лавджоймен келісе алмаймын. Лавджой екі қағиданы ғана — көптік пен үздіксіздік қағидаларын ажыратады — ал, деңгейлердің иерархиялық қағидасын үздіксіздік қағидасынан ажыратпайды. Осыдан да келіп ол үздіксіздік жорамалы және барынша әртүрлілік қағидасы арасынан іштей қарама ­ қайшылық көреді және «әлемді ақылмен зерделей отырып барынша қамтып топшылауға бастайтын Болмыс Тізбегі идеясының тарихы — бұл сәтсіздік тарихы» деген қорытындыға келеді. Менің қорытындым болса, классик ­ философтар метафизикасының негізгі қағидалары бір­бірімен үйлеседі және бір­біріне іштей қарама­қайшы емес. Деңгейлер, үздіксіздік және көптік қағидаларына сәйкес, уақыттағы аралық тұрақты түрлер идеясымен толық үйлескенін атап айту керек. Үздіксіз жаратылыс доктринасының бағамдауының күллісі мынаған саяды: табиғат Құдай бірде жасап шығарған толыққанды, жетілген өнім емес, болмыстың мәні және деңгейлері барынша көп болуы мүмкін болғандықтан да үнемі түзетіліп және толықтырылып отыратын аяқталмаған, жетіліп бітпеген туынды. Екі қағиданың — үздіксіздік және көптік — ішінен қазіргі эволюция теориясының дамуы үшін алғашқысы мейлінше маңызды болып шықты. Тұтастай алғанда, көптік қағидасы болмыс формаларының шексіздігі және өзге әлемдердің бар екені мәселесіне байланысты саудагер космологиялық ойға дем берді, сондай­ақ осынысымен де, қандай да бір эмпирикалық дерегі, жоқ жаратылыстардың (мысалы, су перісі) нақты бар екені туралы қиял ­ аңыздарды қолдап отырды. Метафизикалық жағынан алғанда, көптік қағидасы уақыттың маңызы екінші қатарда болатын, өйткені, болмыстың мүмкін формаларының бөрі де жаратқанның құдіретінен де ендігі бар деп болжалған «картотека ­ әлем» туралы таным болып шықты. Бұл идея, атап айтқанда Спиноза философиясында болды. Үздіксіздік қағидасы (атап айтқанда, Лейбниц анықтамасында) керісінше эмпирикалық верификацияға көнетін және табиғаттың белгілі түрлері арасынан орын алуы тиіс «жетіспейтін буындарды» іздеуге мәжбүр етті. Әдістер немесе болмыс түрлері арасында өте алмастай шыңырау жоқ. Тек төменгі формаларды жоғарғысынан бөлетін деңгейлерде ғана айырмашылық болды. XVIII жүз жылдық биологиясында үздіксіздік қағидасының қабылдануы Бюф фонды жартысы бір класқа, ал, енді бір жартысы өзгеге жататын жанама түрлер» туралы идеяны жасап алдыруға бастады. Жасалған талдаудан көрінетіні, шындық (нақтылық) деңгейлері туралы жорамал эволюция теориясына тәуелді емес, соңғысы олардың уақытта пайда болу жүйелілігін түсіндіру үшін енгізілуі мүмкін. Классикалық метафизикада төменгі форма жоғарғысынан шыққан немесе сол тудырған болып түсінілді, өйткені тудыратын себептер өз салдарларымен салыстырғанда кемірек жетілген болуы мүмкін емес. Бүл орайдан алғанда қазіргі эволюция теориясы классикалық теорияға толығымен қарама­қайшы. Ол, жоғарғы форма төменнен тууы тиіс дегенді дәлелдерсіз қабыл алады. Табиғи феномендер деңгейлері қағидасы эмпирикалық мәліметтерге негізделетін болғандықтан, оның негізделуі деңгейлер тәртібін қалыптастырған нақты процесті түсіндіретін қандай да бір онтологиялық теориядан тәуелсіз. Эволюциялар теориясын онтологиялық тұрғыдан әртүрлі жолдармен түсіндіруге болады. Мысалы, егер бірінші аяға үздіксіздік қағидасын шығарса және табиғатта қандай да бір секірістер мен үзілістердің бар екенін жоққа шығарса, ондай позиция логикалық түрде болмыстың бөлек әдістерінің бар екенін жоққа шығаруға әкеледі. Мұндай жағдайда «сапалы континуумды», яғни барлық мүшелерінде сапаның мәндік ортақтығы бар және бір­бірінен тек күрделілік деңгейімен ғана ерекшеленетін жорамалдауға тура келеді. Ақыр соңында мұның өзі бір түп тұлға («Urbild») туралы танымға әкеледі. Мұндай болжамды Ж. Б. Робине, Гете және Гердер жасады. Басқаша айтқанда, егер тек қана үздіксіздік қағидасын ұстансаңыз, қалайда метафизиканың, барлық феноменді бірегей субстанцияның формалары немесе түрленген үлгілері ретінде қарастыратын монистік түріне келесіз. Мұндай жағдайда эволюция процесін материалистік те, идеалистік те метафизика терминдерімен түсінуге болады. Материалистер барлық психикалық феномендерді материя қызметіне телиді; жоғары деңгей немесе феномен атаулыны олар өзіндік тәуелсіз қызметі жоқ «эпифеномендер» деп қана таниды. Тап осылайша идеалистер табиғаттың физикалық құбылыстарын ақыл­ойдың объективтен апарып телиді. Осыдан да келіп иерархиялық деңгейлер қағидасы үздіксіздік қағидасымен үйлеспейтін көрініс ретінде түсіндіріледі. Келесі бір жағынан алғанда, егер шындық (нақтылықтың) бір­бірінен тәуелсіз жөне бір­ бірімен ортақ ештеңесі жоқ дискретті деңгейлері бар екенін қабылдар болсақ, нәтижесінде жедел эволюция теориясына келуге болады, ал, оған сәйкес, феномендердің жаңа деңгейлері бұрынғыларының үстіне қабаттанады және бұл ретте өздері пайда болған төменгі деңгейдің ешқандай да әсерін көрмейді. Осы көзқараспен келгенде, құбылыстардың пайда болуы және оның шын мәніндегі формасы мен құндылығы бір­біріне еш байланыссыз. Мысалы, Уильям Джемс «Діни тәжірибенің көп түрлілігінде», діни тәжірибенің негізділігі адамның денсаулығының қандай жағдайда екеніне байланысты емес деп «медициналық материалистермен» айтысқа түсті. Тап осыған ұқсас, өзінің «Кеңістік, уақыт және құдірет» кітабындағы Длександер сияқты, шыңдықтың (нақтылықтың) өмір, ақыл ­ ой және құдірет сияқты спонтанды категориялары туралы, бүл шындықтар деңгейлері бір­бірімен эмпирикалық тұрғыдан өзара қалай байланысты болары туралы еш қам жемей­ақ пайымдай беруге болады. Ғаламның спонтанды эволюциясы теориясының, болмыстың бір­бірінен тәуелсіз күн кешетін иерархиялық тәртіпке келтірілген формаларының классикалық метафизикадағы болмыс дәйектілігі мен коп ортақ жағдайлары барлығына еш күмән жоқ. Ақыр аяғында, эволюция теориясын болмыстың ерекшеленген формалары болуы мүмкіндігін жоққа шығармайтын және сонымен қатар үздіксіздік қағидасын ұстанатын метафизикалық плюрализмді мүмкін деп болжайтын теория ретінде түсіндіруге болады (өзім де осыған бейілмін). Мұндай ұстаным, жоғары және төменгі феномендер арасында қажетті ішкі байланыстар болатынын мойындай отырып, құбылыстардың шын мәніндегі эмпирикалық деңгейлері туралы жорамалды (постулат) қабылдауды білдіреді. Құбылыстардың жоғарғы және төменгі деңгейлерінде полярлық қарым­қатынас бар: әрбір деңгей келесінен тәуелді бола отырып ол бір мезетте белгілі бір деңгейде тәуелсіздікке немесе автономияға ие. Сонымен, эволюция ұғымы өзіне қарама­қарсылықтардың жиынтығын, үздіксіздік және үзу қағидаларын, тәуелділік және тәуелсіздікті, жалпы элементтер мен сапалық жаңаруды сыйдырады. Эволюция иерархиялық континуумды болжайды; бұл — болмыстың жаңа формалары төменгі деңгейлер «материалына» жамалатын процесс. Былайша айтқанда, үздіксіздікте — үзіліс болады. Егер деңгейлер, үздіксіздік және көптік қағидаларының тарихы біздерді бір нәрсеге үйретсе, — қағидалардың қай­қайсысы да өзгелерінен бөлек алынса, ақыр соңында оларды жоққа шығаратынына үйретті. Егер, мысалы, тек қана үздіксіздік қағидасын алсақ, коп ұзамай Зенонның кез­келген дискретті құбылыстардың арасындағы шексіз кезеңдер санына соқтығысасың да, қандай да бір сапалы ерекшелікті танып­білу қиынға соғады. Деңгейлер мен әртүрлілік жорамалынан бөлек алынған үздіксіздік қағидасы, барлық сапалы әртүрлілікті тез арада материалистік болсын, идеалистік болсын мейлі бір ғана шындыққа (нақтылыққа) немесе гилозоистік түсіндірмеге алып келеді. Мұны «редукционизм қатесі» деуге болады. Егер, тап осылайша, көптік қағидасын жеке­дара алсақ, бір­бірімен еш байланысы жоқ көптеген дискретті мәндер бар екені туралы байлам жасамасқа амал кем. Мұны «номиналистік қате» деуге болады, өйткені бүл көзқарас универсалийлер дегеніміз атаулар ғана, ал олардың арасындағы байланыста ешқандай да онтологиялық негіз жоқ дегенге саяды. Ақыр соңында, егер деңгейлер қағидасын ғана есепке алатын болсақ, болмыстың, бір­бірімен еш байланысы жоқ дискретті формаларының бар екені туралы байлам жасауға болады. Мұны «формализм қатесі» деуге болады, өйткені болмыс формалары шын мәніндегі табиғи процестермен байланысынан айырылады. Мен ұсынған спонтанды эволюция теориясы әрқайсысының ролін өзгелерімен шектей отырып үш қағиданы жинақтайды. Эволюция мүмкін, өйткені жаңа, яғни сапалы нұсқаларының жедел түрде пайда болуымен үйлесетін табиғи формалардың дамуында жалғастық бар. Абсолютті үздіксіздік те, абсолютті үзілістік те жоқ; уақыт ағысымен эволюцияланатын шектеулі мүмкіндіктердің иерархиялық континумы бар. Эволюцияны толыққанды түрде біліп ­ зерделеу мүмкін емес, өйткені біз тек эволюцияға ғана қарап жаңа нұсқалардың неліктен және қалай пайда болуын түсіндіре алмаймыз. Олар туралы біз тек бүл — «спонтанды» және «кездейсоқ» нұсқалар дей аламыз, ал, бұл — бізге оның пайда болу тетігінің белгісіз дегенімен парапар. Ғалым, табиғат дамуының барлық жолын түсіндірмей­ақ, феномендердің өр түрінің өмір кешуі мен өзара байланысының белгілі бір жағдайларын, шарттарын ғана іздей алады. Ақыр соңында, адамның рационалдылығы табиғаттың иррационалдылығына тамырланған. Табиғатты зерттеудегі эмпирикалық көзқарас біздерден табиғи құбылыстарды бар күрделілігімен және өзара байланыстылығымен түсінуге ұмтылуымызды жөне тәжірибеге алынған мәліметтерге зиян келтіретін қарапайым үйлесімді теорияларға шығуға ұмтылмауымызды талап етеді. Әйтпесе тәжірибелік деректер мен жорамалдарды ескермеуден (мысалы, құбылыстардың барлық деңгейлерінің арасындағы байланыстарды) адам ақыл­ойы өзінің дерексіздігінің құрбаны болады және нәтижесінде табиғат пен өмірдің, әу бастан­ақ түсіндіруі мен бағыттауы тиіс қарқынды мүмкіндіктерін жоққа шығаруға әкеп соқтырады.

Читайте также:  Ә.Х. МАРҒҰЛАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНЫҢ ТАС ДӘУIРI ЕСКЕРТКIШТЕРIН ЗЕРТТЕУI

Оставить комментарий