Симфониялық музыканың пайда болуы

Қазақстан композиторларының симфониялық­инструментальдық аспаптық музыкасының қалыптасуы да Совет Одағындағы профессионалдық музыка жанрының қалыптасуы сияқты халықтың музыкалық творчествосымен тығыз байланысты. Қазақтың халықтық музыкасы негізінде жазылған М.А.Штейнбергтің «Турксиб» (1933) атты симфониясы осы жанр да жазылған алғашқы шығармалардың бірі. Симфония Түркістан­Сібір темір жолы құрылысының бітуіне арналған. Онда қазақтың «Ағажан», «Бүркітбай», «Ардақ» сияқты халық әндері мен «Төңкеріс», «Ұмтыл алға, кіші інім» сияқты республикалық мазмұндағы әндер мотиві творчестволықпен пайдаланылған. Композитор симфонияда ұшы­қиыры жоқ кең далада бораған құм мен биік тау жоталарын бұзып, жол салған адам баласының табиғатты бағындыру жолындағы ерлік еңбегін көрсетуге тырысқан. Бір сөзбен айтқанда, МА.Штейнбергтің «Турксиб» симфониясы социалистік шындықты жырлаған тың тақырыптағы сәтті туынды болып табылады. Осындай бүгінгі Советтік Қазақстанның бақытты өміріне арналған ірі шығармалардың бірі А.Зильбердің «Қайта туған Қазақстан» (1938) атты симфониясы. Композитор төрт бөлімнен тұратын симфонияда қазақтың бай да жан­жақты халықтық мотивтерін шеберлікпен пайдалануға тырысқан. Онда «Гауһар тас», «Майра» әндері мен «Балбырауын» сияқты Құрманғазы күйлерінің негіздері де пайдаланылған. Симфония бірінші рет 1938 жылы май айында, екінші рет 1939 жылы Алматыда өткен Совет музыкасының декадасы кезінде орындалған. Алайда, бұл симфония көркемдік дәрежесі жағынан әлсіздеу болып, қазақ симфониясын тың дүниелермен байыта алған жоқ. Бұл жылдар ішінде қазақтың симфониялық және инструменталдық аспаптық музыкасын, осы даму кезеңіне лайықты, айтарлықтай байытқан композиторларымыздың бірі Б.Г.Ерзакович болды. Ол қазақтың «Кәмшат бөрік», «Дайдидау», «Көгершін» сияқты халық әндерінің негізінде «Увертюра» (1935 жылы) жазып шықты. Композитордың ол увертюрасы Советтік Қазақстанның 15 жылдығына арналған болатын. Сондай­ақ композитор Д.Д.Мацуциннің «Қазақ тақырыбындағы сюитасы» да осы кезде туған шығармалардың бірі болып есептелінеді. 1936 жылы композитор Б.Г.Ерзаковичтің «Қазақ квартеті» атты шығармасын аяқтады. Бұл қазақтың профессионалдық музыка тарихындағы тұңғыш квартет болды. Мұнда да композитор қазақтың халық музыкасына творчестволық ұқыптылықпен қарай бірде әндете, бірде сергек, бірде көңілді сазда аспаптық контрастармен көкейге қонымды, халық қорынан орын алған шығарма жасап берді. Соғыс жылдары дүниеге келген симфониялық шығармалардың бірі Е.Г.Брусиловскийдің «Сарыарқа» (1943) сюитасы.

Симфониялық сюитаның бірінші бөлімінде қазақ халқының Ұлы Октябрьге дейінгі ауыр тұрмысы көрінеді. Композитор бірінші бөлімнің өзегі етіп халық күйі «Ақсақ құланды» алады. Аң аулап жүргенде құлан таптап өлтірген Жошы ханның ұлын естіртуге арналған қайғылы күй Ұлы Октябрьге дейінгі қазақ халқының қораш тұрмысын музыка тілімен бейнелейді. Симфонияның екінші бөлімінің өзегі етіліп халық мерекесіне арналған Құрманғазының күйі «Балбырауын», үшінші бөлімі ­ «Ақтолғай» әнінің мотивіне құрылған. Шығарманың қорытындысында Совет халықтарының неміс­фашист басқыншыларын сөзсіз жеңетіндігіне сенім білдірген көңілді, шатты музыка ойналады. Композитор осылайша симфонияның әр бөлімінде түрлі характердегі халықтың аспаптық туындыларды шеберлікпен пайдалана отырып, дәуір тынысын танытатын тұтас тұлғалы симфониялық сюита жасаған. Сондай­ақ осы жылдары жазылған Е.Г.Брусиловскийдің «Жалғыз қайың» (1942), А.Қ.Жұбановтың «Абай» атты симфониялық шығармаларында «мыңмен жалғыз алысқан» ардагер ақын Абай образы мен оның ішкі жан дүниесі суреттеледі. Соғыстан кейінгі он жылдық ішінде республика бойынша жиырмаға жуық симфониялық шығармалар жазылды. Олардың ішінде сәтті шыққандары: В.В.Великановтың «Қазақ симфониясы», Қ.Қожамьяровтың «Ризвангуль», Қ.А.Мусиннің «Жайлауда», М.Төлебаевтың «Қазақстан», Е.Р.Рахмадиевтің «Аманкелді» атты шығармалары болды. Ленинград композиторы В.В.Великановтың (1898­1969) 14 «Қазақ симфониясы» (До­ мажор, 1947) композитордың екінші күрделі шығармасы. Оның алғашқы жазған бірінші симфониясы Ленинград қорғанысы кезінде жоғалып кеткен еді. В.В.Великановтың «Қазақ симфониясы» үш бөлімнен тұрады. Симфонияда арнайы әдеби программа болмағанымен, ол өзінің музыкалық мазмұны жағынан композитордың Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталуына арнап жазған шығармасы болып табылады. Композитор қазақтың дәстүрлі ұлттық музыкасының мелодияларын пайдалана отырып, симфонияның бірінші бөлімін қазақтың күй құрылысына жақын етіп, еркін рапсодия, сюиталық формада жазып шыққан. Бірінші бөлімнің­Allegro­экспозициясы бірінен екіншісі туындап жататын әртүрлі мазмұндағы алты эпизодтан тұрады. Симфония өте алыста болып жатқан халық мейрамының үнін жеткізетін дыбыстан басталады. Одан әрі осы мотив жаңа ладта дамып, өзгеше өң тауып, ағаштан жасалған аспаптар мен шекті аспаптар тобына беріледі. Экспозицияның көп мотивті құрылысынан туындаған жаңа мотивті образ Дәулеткерейдің «Ақбала қыз» атты көңілді күйі стилі негізінде өрбіп, әсем биге ауысады, кейде фанфаралық күйге, кейде салтанатты гимнге ауысып отырады.

Читайте также:  Әл-Фарабидің стилі мен лексикасы

Бұл музыкалық темалар да полифониялық жетілдіру, түрлі өзгеріске түскеннің өзінде де драмалық қарама­қарсылыққа ұшырамайды. Қайта бірін бірі толықтырып, дамыта отырып, қуанышты оптимистік тондағы көп адам қатынасқан мерекенің көрінісін береді. Мұның өзі қызу айтыс жүріп жатқан кездегі екі ақынды көтермелеп, қошаметтеп отыратын көп адамдар жиынын еске түсіргендей. Осы арада басталатын жаңа тема оркестрдің тенорлық нақыштауымен әрі қарай жалғастырып, симфония бөлімін дамыта түседі. Тема бұрынғыдан да жігерлірек орындалып, бейбіт өмір құрып жатқан ел бейнесін аңғартады. Симфонияның екінші бөлімінде ­ Andantino ­ күні кешегі ел басынан кешкен өмір еске түсіріледі. Бөлімнің басында жарқын ел өмірі, одан кейін елдің қараңғы, қайғылы өмірі көрінеді. Симфонияның екінші бөлімінде елді бейбіт еңбекке құлшына кірісуге шақырған оптимистік үн бар. Бұл бөлім вариациялық түрде дами отырып, бірте­бірте әуендігі молайған төрт тараудан тұрады. Бұл тараулар интонациялық бояуларының үйлесімділік, музыкалық материалдарының қорытылуы мен полифониялық тәсілдері жағынан бірімен бірі өзара тығыз байланысты, біртұтас дүние болып шыққан. Симфонияның үшінші ­ қорытынды бөлімі ­ andante ­ құрамында сонатаның элементтері бар үш бөлікті күрделі формада жазылған. Соғыста жеңіп, бейбіт еңбекке оралған, көңілді, қуанышты сезім баяндалған. Бұл қуанышты сезім фанфаралық мотивтің бірінші тактысының кіріспесінде беріледі де, одан әрі дамытылып, түрлі оркестрлік тәсілдермен ауыстырылады. Мысалы, тема үрлемелі аспаптар тобына беріледі. Қорыта айтқанда, В.В.Великановтың «Қазақ симфониясы» бөлімдерінің көп тақырыптылығы сияқты композициялық құрылысы жағынан кейбір кемшіліктері болғанмен, жалпы қазақ симфониясының тууы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқан шығарма болды. Одан бұған дейін сыры ашылмай жатқан қазақ музыкасының бай мүмкіншілігінің біраз қырларын көруге болатын еді. Қазір бұл симфония филармонияның концерттерінде орындалып, республикалық радиолардан жиі беріліп жүр. Өзінің идеялық мазмұндылығымен және ұйғыр музыкасының ерекшеліктерін шебер пайдалана білуімен бірден көзге түскен құнды шығармалардың бірі ­Қ.Х.Қожамьяровтың «Ризвангуль» атты симфониялық поэмасы. Поэма белгілі бір программа бойынша эпикалық жоспарда жазылған. Программаға 1944 жылғы Син­Цзянь провинциясында шыққан ұйғырлар көтерілісі негіз болған.

Читайте также:  Мемлекеттің пайда болу себептері туралы

Поэмада көтеріліске қатынасып, Құлжа қаласының түбінде қаза тапқан партизан отрядының санитар қызы Ризвангүлдің ерлігі баяндалған. Поэмадағы оқиға өзінің мазмұны жағынан шартты түрде бірнеше эпизодтарға бөлінгенмен, поэманың композициялық тұтастығына ешқандай нұқсан келтірмейді. Поэмадағы әрбір эпизодтың арасы ұлттық интонация мен ырғақтар арқылы шебер байланыстырылып отырылған. Симфониялық поэмада музыкалық образдардың өсуі мен шығарманың дамуына дәнекер болып тұрған, халықты күреске шақырған өткір ырғақты, кішкентай ғана музыкалық фраза. «Ризвангуль» интродукциясы осы фразадан басталып, ол абыржуды сипаттайтын барабан даңғыр үнімен аралас күңгірт, баяу орындалады. Одан кейін бұл фраза басқа аспаптың орындауына беріліп, оның имитациялық үні күшейтіліп, драмалық оқиғаның алдында тыңдаушыларды төніп келе жатқан қауіп­қатермен таныстырғандай болады. Одан әрі үлкен ұрыс, халық қимылын суреттейтіндей эпизод көрінеді. Осы кезде кіріспе фраза өзінің интонациялық және ырғақтық құрылысы жағынан ұйғырдың халықтық қарапайым музыкасына тән ерекшеліктерге дендейді. Келесі эпизодта тема интонациялық жағынан творчестволықпен өзгертіліп, батыр қыздың жарқын образын айқындай түседі. Сонымен қатар, эпизод батыр қыздың жаумен жекпе­жек айқаста қаза тапқандығын суреттейді, халықтың қайғырып жылауымен аяқталады. Сол қаралы эпизодтың өзінде де халықты күреске шақырған үн естіледі. Бірақ ондағы үн интонациялық және ырғақтық жағынан омырылып, басқашалау болып естіледі. Композитор бүл үн арқылы халық жарасын жазып, сауыққан кезде тағы да күреске шығады дегендей ой тастайды. Поэманың соңғы тарауында күрестің жеңіспен аяқталуына байланысты халық қуанышын аңғартатын шаттық музыка ойналып, еркін интонациялы марш түріндегі үн естіледі. Түптеп келгенде, Қ.Қожамьяровтың «Ризвангуль» поэмасы соғыстан кейінгі жылдары жазылған советтік музыкалық шығармалардың ішіндегі өте профессионалды жазылған үлгілерінің бірі болып есептелінеді. Сондықтан да осы шығарма үшін оның авторына 1950 ж. III дәрежелі КСРО мемлекеттік сыйлығы берілді. Композитор Қ.Мусиннің 15 «Жайлауда» атты алғашқы симфониялық шығармасы туған жердің бай табиғаты мен халық тұрмысын көрсетуге арналған. Оның шығармаларында музыкалық ой анықтығы мен сезімталдық басым жатады. Қ.Мусиннің сол сезімталдығы өзінің студент кезінде жазған (1948) осы симфониясынан да айқын байқалады. Бұл поэма халықтың шатты тұрмысы мен бақытты өміріне арналып салынған үлкен бір полотно тәрізді. Поэма үш бөлімнен тұрады. Оның бас мотивіне негіз етіліп халықтың жалынды әні «Ақдариға» алынған.

Читайте также:  Қазақтың «Жарғы» заңдары

Ән поэманың бірінші және үшінші бөлімдерінде жайдары да шымыр гармониялық фонда айтарлықтай имитациялық өзгерістермен ерекшеленбей, өзінің қарапайым да еркіндік күйінде орындалады. Ал, поэманың екінші бөлімінде мотив ән мелодиясына қарама­қарсы, басқа мажор тонына ауыстырылып пайдаланылған. Бұл кез пәлендей бір қайғылы көңіл­күйді аңғартпағанмен, адамның дем алып, өткен күнге көз жіберіп, ойланып отырған сәтін сезіндіргендей болады. Сондай­ақ М. Төлебаевтың 1951 жылы жазған «Қазақстан» атты симфониялық поэмасында да Советтік Қазақстанның гүлденген өмірі шырқалады. Бір сөзбен, Мұқан Төлебаевтың бұл поэмасын Отан туралы музыкалық, поэтикалық шалқу десе де болғандай. Оңда қазақтың халық музыкасы нәзік ұлттық бояуларымен полифониялық шиеленісте дамытылған, әсіресе, қазақтың ұлттық аспаптарының әуендік, ырғақтық, фактуралық элементтерін композитор асқан творчестволық шеберлікпен пайдаланған. Композитор Е. Рахмадиевтің 1956 жылғы жазған «Аманкелді» атты симфониялық поэмасында Қазақстандағы азамат соғысының батыры, бірінші қазақ большевиктерінің бірі Аманкелді Иманов образы жасалған. Онда белгілі революционер бейнесі лирикалық халық мелодияларымен суреттелініп, шығарманың орта бөлімінде героикалық асқақ жанрын саздармен көрсетіледі. Бұлардан басқа да әртүрлі тақырыптарға жазылған симфониялық поэмалар аз болған жоқ. Бірақ, олардың көпшілігі дерлік бір бөлімнен тұратын поэмалар еді. Ондай шығармалардың қатарында: В.В.Великановтың «Бейбітшілік жолымен», Г.И.Гризбилдің «Абай», Б.Г.Ерзаковичтің «Төлеген Тоқтаров», Ғ.А.Жұбанованың «Ақсақ құлан», М.Қойшыбаевтың «Мәншүк», Қ.Мусиннің «Халық бақыты үшін» поэмалары мен С.И.Шабельский мен ЛА.Хамидидің «Алматы» сюитасын атауға болады. Бұларға соғыс кезінде жазылған Е.Г.Брусиловскийдің «Сарыарқа» симфониясы мен «Жалғыз қайың» атты лирикалық поэмасын қоссақ, Қазақстан композиторларының симфония жазуға тәжірибеленіп, қазақ симфониясының әрі қарай дамуына кең жол ашылғанын аңғаруға болады.

Қорыта келгенде, 1946­1956 жылдар қазақ симфониясының қалыптасып, дамыған кезеңі болды. Бүл кезде жазылған шығармаларда композиторларымыздың қазақ мелостары мен қазақтың аспапты музыкасының жанрлық және стильдік ерекшелігін творчестволықпен меңгеру жағы молырақ болды. Бүл жолда олар алдыңғы қатарлы совет композиторлары мен орыс классиктерінің тәжірибелерінен үйренді. Сонымен қатар, бүл кездегі қазақ симфониясының дамуына өмірде болып жатқан ұлы өзгерістер де әсер етпей қалған жоқ. Кеңес кезеңінің композиторлары соғыста жеңіп шыққан Ұлы Отанның ұлылығы мен онда халықты күреске жұмылдыра білген көрнекті қайраткерлердің музыкалық образын жасай отырып, халықты дүние жүзінде баянды бейбітшілік орнатуға шақырады.

Оставить комментарий