СЛАВЯН ТІЛДЕРІНДЕГІ ТҮРКИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Әлеуметттік-лингвистік аспектідегі тілдік қарым-қатынастар тілші ғалымдарды бұрыннан- ақ қызықтырып келгенін жоғарыда айтып өттік. Халықтардың өзара қарым-қатынасының тарихи процесін көрсететін славян-түркі тілдік қарым- қатынасын зерттеудің бір түйінді мәселесі-ол көбінде тек бір жақты, яғни славян тілдерінің түркі тілдеріне ықпалы жағынан қарастырылып келгені. Кеңестер Одағы кезінде тілші-ғалымдар басым рөл атқарып отырған орыс тіліне баса назар аударды. Өйткені ол кезде орыс тілі, біріншіден, ұлттар арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде, екіншіден, басқа тілдерге белсенді түрде және жан-жақты, әсіресе лексика саласында, ықпал етуші тіл ретінде саналды. Ал Ресей Федерациясы сияқты үлкен елде ұлтара- лық қарым-қатынас мәселесі, сонымен қатар тілдік қарым-қатынас мәселелері мемлекеттің тұрақты дамуы мен нығаюында маңызды рөл атқарады. Алайда ғасырларға созылған қарым- қатынастар тек бір жақты болған жоқ қой, оның бір куәсі славян тілдеріндегі, оның ішінде шы- ғыс славян тілдеріндегі түркі сөздері. Ресейде орыс тілінен кейінгі орында тұрған түркі тілдері мен фин-угор тілдерінің орыс тілі, оның диалек- тілеріне ықпалы көп болды. Бұл процестердің терең тарихы бола тұра, тек ХХ ғасырдың соңғы ширегінде орыс лингвистерінің тілдердің тоғы- суы мен өзара ықпалы, орыс тілі және оның диалектілерінің түрлі кірме сөздермен толығуы мәселелеріне деген қызығушылығы күрт өсті. Тілдің өмір сүру формасы (немесе лингвема) деп аталатын коммуникативтік-тілдік жүйе тө- мендегі топтарды қамтуы мүмкін: әдеби тіл, территориялық диалектілер, кәсіп тілі, топтық жаргондар, шартты тілдер(арго), ұрылар жар- гоны, қарабайыр тіл т.б. Территориялық диалектілер өздеріне тән сөздерден басқа өздерін басқа ұлттар тілдері (олардың әдеби немесе әдеби емес формаларын қоса алғанда) есебінен толықтырып отырады. Орыс тілінің территориялық диалектілері үш түрлі болады: солтүстік орыс,оңтүстік орыс және орта орыс. Зерттелген территорияның бар- лығында жүйесі бөлек тілдерден, яғни түркі, фин-угор тілдерінен алынған сөздер бар екені анықталған. Жалпы теориялық және әлеуметтік лингвис- тикалық жағынан тіларалық тоғысулар төменде- гідей лингвист ғалымдардың зерттеу объектісі- не айналды: Н.А. Баскаков «О тюркских лексических заимствованиях в русском языке: (М. Фасмердің «Этимологический словарь русского языка» сөздігіне шолу ретінде) [1, 13-20], «Развитие и обогащение русского языка за счет заимствова- ний из языков народов СССР» / Н.А. Баскаков, В.И. Абаев, Т.А. Бертагаев, Е.А. Бокарев, И.Г. Добродомов, В.И. Лыткин, С.И. Ожегов, Г.П. Ижакевич [1, 49-63], М.И. Исаев «Этнолингвис- тическая панорама России и «нового» зару- бежья. Тюркская этноязыковая группа», А.К. Казкенова «Мотивированность заимствованного слова (на материале современного русского языка)», П.Н. Лизанец «О лексических заимст- вованиях и их типах», Б.А. Серебренников «О взаимодействии языков», А.П. Шаповалова «Аббревиация и межъязыковые контакты. Заим- ствованные сокращенные единицы», сондай-ақ Виноградов, Дешериев, Баскаков, Белодед, Ю.А. Жлуктенко, Романова, А.И.Журавский, А.Н. Кононов, , Шишова т.б. Барлық славян тілдеріндегі бөтен тілден енген кірме сөздерді зерттеуші ғалымдардың да еңбектері пайда бола бастады: И.Г. Добродомов «Проблемы изучения булгарских лексических элементов в славянских языках», Р.А. Юналеева «Тюркизмы в русском языке (на материале названий одежды)», Г.Н. Асланов «Восточная (тюркская) лексика в русском языке, первая по- ловина XIX в.», Л.П. Крысин «Вопросы исто- рического изучения иноязычных заимствований в лексике русского языка советской эпохи», Г.В. Павленко «Проблема освоения иноязычных заимствований: (Языковой и речевой аспекты. На материале англицизмов конца XX в.)», Е.В. Михайлова «Французские заимствования в сов- ременном русском языке: (Словообразова- тельный аспект)», М.В. Орешкина «Особенности освоения тюркских слов в современном русском языке», Б.Л. Дабич «Тюркизмы в русском и тюркизмы в сербском языке», Т.Н. Зеленина «Французское слово в удмуртском и русском языках: этимологический словарь» және т.б. зерттеулер. Арго сияқты тілдік саладағы кірме сөздер де тілдік зерттеу пәні бола бастады. Бұл салада бәрінен бұрын В.Д. Бондалетовтың «Типология и генезис русских арго», «Иноязычная лексика в русских арго», «Тюркские заимствования в русских арго», «Производные слова, образован- ные от тюркизмов, русских арго», «В.И. Даль и тайные языки в России» сияқты еңбектерін баса айту қажет. Орыс диалектілерінде кірме сөздер көптен бері зерттеліп келе жатқанымен, аталған мәсе- ледегі ареалдық аспектіні зерттеуге арналған еңбектер әлі де аз. С.И. Ольгович «Иноязычные слова в русских старожильческих говорах сред- ней части реки Оби», JI.A. Кубанова «Тюркизмы в диалектной лексике русского языка /По «Толковому словарю живого великорусского языка» В.И. Даля», С.А. Мызников «Лексика прибалтийско-финского происхождения в рус- ских говорах Обонежья», «Лексика финно-угор- ского и тюркского происхождения в русских диалектах: (Разграничение и определение ко- нечного источника», «Атлас субстратов и заим- ствованной лексики Северо-Запада», «русские говоры Обонежья: ареально-этимологическое исследование лексики прибалтийско-финского происхождения», «Лексика финно-угорского происхождения в русских говорах Северо- Запада (этимологический и лингвогеографичес- кий анализ)», О.А. Кожеватова «Заимствования в лексике говоров Русского Севера и проблема общего регионального лексического фонда», Н.М. Ивашова «Западноевропейские заимство- вания в говорах Русского Севера» және басқа зерттеулер. Орыс тіліндегі түркизмдерді зерттеу ХҮІІІ ғасырда-ақ басталған болатын. Олардың алғаш- қысына 1769 жылы Василий Тузовтың «Подень- шина» атты сатиралық журналында жариялан- ған шығыс сөздеріне ұқсас орыс сөздерінің тізімін жатқызуға болады. Онда В. Тузов сан- дық, қамыс, бөрік сөздерін мысалға келтіреді. 1854 жылы И.И. Срезневскийдің редакция- лауымен шыққан «Материалы для сравнитель- ного и объяснительногословаря и грамматики» атты еңбектің бірінші томында шығыс сөздеріне ұқсас орыс сөздерінің тізімі жарияланып, ол сөздердің шамамен қай шығыс тілдеріне жата- тыны көрсетілген. Бұл глоссарийді құрастыруға И.Н. Березин, А.А. Бобровников, В.В. Гри- горьев, А.К. Казембек, И.М. Ковалевский, П.Я. Петров, А.М. Шегрен сияқты белгілі орыс шы- ғыстанушылары қатысты. Атақты лингвист Фр. Миклошичтің шығыс және Оңтүстік-шығыс Европа тілдеріндегі түр- кизмдер туралы еңбегі мол лексикалық мате- риалды қамтыған. Алайда Фр. Миклошичтің материалдары көп жерде «Материалы для срав- нительного и объяснительногословаря и грам- матики» атты еңбектегі глоссарийге ұқсас: онда түркизмдердің ену тарихы қарастырылмаған, әрі түркизмдерге әлі толық талдау жасалмаған. Сөздіктің мұндай әлсіз тұстары сол заманда славян тілдеріндегі түркизмдердің зерттелуі әлі де жеткіліксіз болғандығының көрінісі болса керек. 1927 жылы шыққан К. Локочтың «Этимо- логический словарь восточных слов в европей- ских языках» атты сөздігі де бұл салаға үлкен жаңалық әкеле қойған жоқ. «Слово о полку Игореве» поэмасындағы түркизмдер туралы Ф.Е. Корш пен П.М. Мелио- ранский арасындағы дискуссия кезінде ежелгі орыс тілінің түркі тілдерінен қабылдаған сөзде- рі туралы мәселе төңірегінде терең ой қозғалған болатын. Бірақ бұл айтыс кезінде де орыс тіліне қарағанда түркі тілдерінің тарихына көңіл көбірек бөлініп кетті. Ал орыс тіліндегі төркіні түркі тілі болып келетін сөздер тағы да көлең- кеде қалып қойды. 1958 жылы «Лексикографиялық жинақтың» үшінші санында жарияланған Н.К. Дмитриевтің «О тюркских элементах русского словаря» атты мақаласы аса қызықты. Бұл мақаланы автор Д.Н.Ушаковтың редакциялауымен шыққан «Толковый словарь русского языка» сөздігіне түркологиялық түсіндірме түрінде жазған. Ең- бек кіріспеден және бірнеше глоссарийден тұра- ды: 1) «Фактілермен расталған түркизмдер»; 2) «Қосымша құжатты талап ететін түркизмдер»; 3) «Гипотеза түрінде түркизмге жататын сөз- дер» және 4) «Орыс тіліндегі түркизмдердің қо- сымша тізімі («Толковый словарь русского языка» сөздігіне енбей қалған және облыстарға тән кейбір сөздер). Н.К. Дмитриевтің еңбегі орыс тіліндегі түркизмдерді зерттеу саласын- дағы құнды еңбектердің бірі. Ол орыс және түркі сөздерінің дыбыстық сәйкестігіне көп көңіл бөлді. Орыс тіліне енген түркі сөздерінің өзін әртүрлі түркі тілдеріндегі сол сөздермен салыстыру арқылы сол сөздің түркі тілдерінің нақты қайсысынан алынғанын анықтауға мүм- кіндік берді. Н.К. Дмитриевтің еңбегі М.Р. Фасмердің «Русский этимологический словарь» атты сөзді- гіне көптеген түзетулер енгізді. Өйткені М.Р. Фасмер өз еңбегінің дереккөзі ретінде барлық түркі тілдері сөздерін толық қамтымаған В.В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» атты еңбегін пайдаланған еді. Мысалы, М. Фас- мер В.В. Радловқа сүйеніп орыс тіліндегі казна сөзінің төркіні түрік және қырым татарларының хазна немесе поволжиялық татарлардың хазина сөзі дейді, ал сол В.В. Радловтың сөздігінде кездесетін орыс тіліндегі дыбысталуына әлде- қайда жақын половецтік және татар тілдерінің қазна сөзіне көңіл аудармайды. Мысалы ноғай- ша «Ел қазынасы ескі сөз» мақалын салысты- рып қарауға болады. М. Фасмер сондай-ақ qazna сөзі бар К. Гренбектың «Половецкий словарь» атты сөздігін де пайдаланбаған. Н.К. Дмитриев түркі бөлігіне келгенде нақты әрі дәл: ол орыс тіліндегі казна сөзіне араб тілінен түркі тілдеріне ауысқан хазина «қазына» сөзінің «қыпшақ-түркілік түрі» деп көрсетеді. Алайда М. Фасмер орыстың ежелгі жазба ескерткіштерін жақсы білген, сол себепті бұл сөздің 1389 жылы Дмитрий Донскойдың грамотасында кездесетінін айтады, ал Н.К. Дмитриев бұл сөз алғаш Афанасий Никитиннің «Үш теңіздің ар жағына саяхат» еңбегінде ұшырысады деп жүз жыл шамасында кейінге шегереді. Мұндайда тек ежелгі орыс жазба ескерт- кіштері мен түркі тілдерінің диалектологиясын ғана жақсы біліп қоймай, сонымен қатар ұғым- ды білдіретін зат пен құбылыстың тарихын да ескеру маңызды. Аталған зат немесе ұғымның өзге тілге енуінің мәдени-тарихи жағдайларын ашып көрсететін тарихи және археологиялық материалдарға да көңіл аудару қажет. Осы орай- да ежелгі орыс тіліндегі ақша атауларына назар аударсақ, олардың жануар атауларымен байла- нысты екендігін байқаймыз. Мысалы, скоть, куны, бъел. Түркі тілдерінде де осы жағдайды байқай- мыз. Тиін (тиын) сөзі татар, қазақ, ұйғыр тілде- рінде аң және ұсақ металл ақша дегенді білді- реді. Ал удмурт тілінде коньы тиін( аң) және ұсақ металл ақша. Ақша бірліктерін атаудағы мұндай ұқсастық ақша орнына аң терісі жүретін экономикалық тұрмыстың ұқсастығынан болса керек. Қазіргі орыс тілінде тиін(тиын) сөзі жеке қолданылмаса да басқа сөзбен тіркесіп айтыла- ды. Мысалы, алтын сөзі. В старину 3 копейки, а также монета в три копейки. Цена пять алтын. Пять медных алтынов [6, 30]. Орыс тілінде бұл сөзді ескі түркизмге жатқызады. Қазіргі орыс лингвистері бұл сөздің төркіні татардың алтын «золото», яғни бағалы металл деген сөзі дейді. Алайда нумизматтар орыс тілінде бұл сөз пайда болған кезде орыстарда да, Алтын Ордада да алтын ақша болған емес дегенді айтады. Сол себепті 1854 жылы А. Казембектің «Материалы для сравнительного и объяснительного словаря» атты еңбегінде ұсынған және басқа зерттеуші- лерден бастап М.Фасмерге дейін қолдаған бұл этимологияға келісу қиын. Нумизматтардың айтуынша, орыстың алтынь сөзі ешуақытта алтын ақша болған емес, сол себепті түркінің алтын, алтун «алтын» сөзі бұл сөздің негізі бола алмайды. Белгілі орыс тарихшысы В. Тати- щев бұл сөзге өзінің «Лексикон российский, истоөрический, географический, политический и гражданский» атты еңбегінде көңілге қо- нымды этимология ұсынады. Ол алтын сөзінің төркіні түркінің алты саны, өйткені алтында алты ақша бірлігі бар дейді, бірақ сөздің соңын- дағы н әрпінің қайдан пайда болғаны түсіндіріл- мейді. Мұндай түсіндірме тек жүз жыл өткен соң Я. Гроттың редакциясымен 1891 жылы шыққан академиялық сөздікте беріледі. Онда алтын түркі-татардың алты тиын «шесть белок» деген сөзінің өзгерген түрі делінеді. Ежелгі орыс тілінде ақша атауларын зерттеген кезде олардың түрлі жануарлар атауымен бай- ланысты екендігі байқалған: куны, бъел. Бұлар терісі бағалы аңдар атауы.Түркі тілдерінде де тиін аң атауы. Терісі бағалы аңдар атауының ақша атауына айналуы аң терісінің ақша орнына жүрген кезеңінде пайда болса керек. Орыс тілінде алтынның екі түрлі жуан және жіңішке алтын, алтынь варианты болуын, тиынның жуан және жіңішке тиын, тиін деген вариант- тары болуынан деп түсіну керек. Мысалы, Не было ни гроша, да вдруг алтын, «Опыт област- ного великорусского словаря» атты еңбекте бежалтынный сөзі кездеседі. Бұл бес, алты сан есімдерінің тиын сөзімен тіркесі. Ал жіңішке түрлері восмь алтынь, дватцать алтынь обро- ку. Тиын сөзінің қысқарып –тын түрінде кезде- сетіндігі орыстың нибиртынки «ни копейки», унтынка «десять копеек» сөздерінен көрінеді. «Ежелгі орыс тіліндегі түркизмдерді анық- тауда қиындық тудыратын тағы бір мәселе – славяндармен қарым-қатынаста болған монғол кезеңіне дейінгі түркі тілдерінің (булғар, пече- нег, половец) бізге беймәлімдігі, ол тілдерден қалған жазба ескерткіштер жоқ, тек кейбір жеке сөздер ғана», — деп жазады орыс ғалымы. Ал Украина жеріндегі ежелгі түркі-славян тілдік тоғысуын Қара теңіздің солтүстік жаға- лауында ғұн, булғар, авар, хазарлардың (ІҮ ғасырдың соңы мен ІХ ғасырдың соңы) кезек билік жүргізуі кезеңіне жатқызады. Шамасы боярин, каган, кабан, кулак, лошак, товар, толмач деген сөздер украин тіліне сол уақытта кірсе керек. Украина жеріндегі түркі-славян тілдік тоғы- судың тығыз орнаған кезеңі ІХ ғасыр мен ХІІІ ғасырдың бірінші жартысы. Бұл кезде Қара теңіздің солтүстік жағалауына бірінен кейін бірі печенегтер, половецтер және түркілердің келуі, одан басқа ХІ ғасырдан бастап оңтүстік оры княздықтары жерінде көптеген түркі конфеде- раттары орналастырылуы болды. Тілдік тоғысулардың үшінші кезеңі Алтын Орданың дәуірлеп тұрған кезеңі мен Қара теңіздің солтүстік жағалауындағы түрік экспан- сиясы мен Қырымның түрі вассалы болған кез. Украин тілінде майдан, кава, кавун, килим, тю- тюн, чабан сияқты сөздердің, сондай-ақ украин- дық казактар қолданатын көптеген терминдер- дің пайда болуы осы кезеңге жатқызылады. Қазіргі украин тілінде 4000-ға жуық түр- кизмдер бар деп есептеледі. Олардың жартысы көпшілік қолданатын сөздер болса, ал қалған- дары историзм, диалектизм және экзотизмдер болып саналады. Украин тілінің түркі сөздерін игеру процесінде кейде кірме сөздер өздерінің төркін тілдеріндегі фонетикалық және семанти- калық формаларын сақтап қалса, кейде семанти- касын сақтап қалғанымен сыртқы пішіні морфо- логиялық өзгеріске ұшыраған немесе керісінше морфологиялық пішіні сақталып, ал семанти- касы өзгеріске ұшыраған. Мұның барлығы бір тілдің элементін екінші тілдің игеруі заңдылы- ғына сәйкес келетін процесс. Өздерінің қызметін атқару барысында сла- вян тілдері шетелдік сөздермен толығып отыр- ды. Заман, тарихи жағдайлар өзгерді, тоғысушы тілдер шеңбері де өзгеріске түсті. Осы құбы- лыстарға байланысты славян тілдері қабылдаған сөздер қабаты да өзгеріп отырды. Славян тілдеріндегі кірме сөздер түрлі тақы- рыптық топтарды құраса да, сөз беруші тілдер- дің көбінде өз саласы болғандығы байқалады. Мысалы, грек-латын тілдерінен енген сөздер көптеген абстрактілі ұғымдарды білдіріп славян тілдерін ғылыми-философиялық және саяси тер- минологиямен байытты. Ал неміс тілінен енген сөздер әскери, кәсіптік-техникалық және әкім- шілік саласын, ағылшын және голландиялық сөздер теңіз, сондай-ақ спорт салаларын, ита- лиялық сөздер өнер саласын толықтырды. Бұл тілдерден енген сөздер арасында тұрмыстық заттардың атаулары да болды (лат. комната, цемент; польск. кофта, сбруя; немец. шляпа,- кран; голл. брюки, зонтик; франц. котлета, багаж; англ. джемпер, кекс және т.б.). Деген- мен, батысевропалық тілдерден енген сөздер не- гізінен қоғамдық-әлеуметтік, әскери-диплома- тиялық, ғылыми және мәдени өмірді қамтыды. Түркизмдердің бұл сөздерден ерекшелігі- олар көбінде тұрмысқа байланысты сөздер. Батыс тілдерінен енген сөздердің славян тілде- рінде дублеті болды, тіпті көп жағдайда артық- тық етті десе де болады. Ал түркизмдер өмірге, тұрмысқа қажетті жаңа заттардың атаулары мен ұғымдары ретінде кірді.

Читайте также:  Сұхбатты аяқтау

Оставить комментарий