Славяндық мәдени-тарихи тип

Мен алдыңғы тарауда өзімнің алдыма қойған мақсатыма жеттім десем де болады. Мәселесінің барысы мен Шығыстың Қырым соғысының алдына қойған мәселесінің барысын салыстыру сияқты жеке жағдай менің Еуропаның Ресей мен Славяндыққа қарсы дұшпандығын ашып көрсетуіме себепші болды. Одан кейін мен едәуір айқын әрі тұтас көрініс тауып, Еуропаның Славяндыққа қатысты жекелеген аландардан бастап, жалпы аландарға бағытталған қарым­қатынасынан осы істе көрініс тапқан осы дұшпандығының себебін түсіндіруге тырыстым. Бұл зерттеу нәтижесі жауластықтың негізгі славян және герман­роман әлемдері арасында жатқан терең айырмашылықта жатқандығын, ол айырмашылықтар бүкіл әлемдік тарихтың жалпы даму жоспарының дәйектерінде екендігін көрсетті. Тарихтың жалпы бағытын, ұлттықтың жалпыхалықтыққа қатынасын және үрдісті қате, ғылыми­табиғи жүйелендіру құбылыстарының нақты негіздері мен үйлесімсіз түсінуі ғана жеке еуропалық, немесе герман­романдық, өркениеттілік пен жалпы немесе, дәлірек айтсақ, жалпы адамзаттық өркениеттілік түсініктерін араластыруға әкеліп соғуы мүмкін; бұл түсінік Ресей мен Славяндықтардың тығыз қарым­қатынасы мен оның тарихи мәнін жете түсінбей, бізге және біздің бауырларымызға Еуропаға еліктеушілердің бейшара, түкке тұрмайтын ролін белгілеп, бізді өзіндік мәдени маңызға ие болудан, яғни ұлы тарихи болашақтан айыратын, батысшылдық деген атпен танымал үлкен жаңылысқа әкеліп соқтырды. Басқаша айтқанда, осы жалпы теориялық көзқарастан кейін, мен оны славяндықтар мен герман­романдық мәдени­тарихи типтер арасындағы айырмашылықтың негізгі жақтары мен іс жүзінде қазіргі уақыттағы орыс қоғамының тұла бойының ауырып жүрген және барлық біздің қоғамдық сырқаттарымыз барып тірелетін кеселді қалыптастырған батысшылдық немесе еуропалық сияқтанудың әкеліп соққан салдарын нұсқаулар арқылы толықтыруға және өрбітуге тырыстым. Бұл кеселдің дәрісі, біздің ойымызша, рухтың құлдырауы және төменшектеуі біздің сырқат қоғамымыздың рухын көтеруші тек қана тарихи оқиғалардың емдік күші бола алады. Емдеудің мүмкіндігі мен ықтималдығы, кеселдің қоғамның жоғары топтарына енбеуінде. Мұндай емдік қасиетке не оқиғаны немесе бірнеше оқиғалар тізбегін біз негізгі бүкіләлемдік тарихи дамудың жалпы бағытында жатқан, аз уақыт ішінде тұтас бір тарихи кезеңге өз мөрін басатын күресте, Шығыс мәселесі деген атпен танымал күпестің соңғы әрекетінен байқаймыз. Міндетті түрде болатын бұл күрестің маңыздылығы бізді Ресей үстемдігінде жалпы славяндық одақ құру және барлық славян халқына толық саяси бостандық алудан тұратын славяндар үшін жалғыз майдалы шешімге қарсы жасалынған қарсылықтармен қатар осы күрестегі біздің жетістіктеріміздің кепілдігіне енуімізге мәжбүр етті. Жалпы тарихи­философиялық түсініктерден бастаған мен, осылайша, Ресей мен Славяндықтардың жүріп келе жатқан жолы мен оларды ұлы арий тайпасын басқаларынан өзгеше етіп көрсететін ерекшеліктерімен және олардың негізімен берілген уәделерді орындауға әкеп соғатын жолдарды көрсетіп бердім. Біздің оз зерттеуімізді осымен­ақ аяқтауымызға болатын еді, бірақ біз әлі жоғарыда берген уәдемізді орындауымыз керек. Алдыңғы тараулардың бірінде біз славян мәдениетінің ерекшелігіне сенбейтіндер: «Бұл жаңа өркениет неден құралады, оның ғылымының, өнерінің, азаматтық және қоғамдық құрылысының сипаты қандай болмақ?» деген сұрақтармен оған қарсы шығады деп айтқан болатынбыз. Бұл сұрақты қисынсыз деп қалдыру, немесе қанағаттанарлық жауап беру бұл өркениеттің дамуын керексіз етер еді, мен бірақ оған да мүмкіндігінше осы уақытқа дейін болған өркениеттердің жалпы сипаттамасы негізінде, славян тарихи­мәдени типінде көрініс тапқан белгілерімен салыстыра отырып жалпылама жауап беруге уәде бердім. Енді осы уәдемді орындайтын уақыт келді, бұл мені тағы да жалпы тарихи түсініктер саласына назар аударуыма мәжбүр етіп отыр. Жалпы алғанда, ол мұндай мәдени­тарихи іс­әрекет бағытының болашағының сипаттамасын беру сияқты қиын, болжам жасауда мағынасы жоқ бос қиялдарға берілмеу үшін өз істерін аяқтаған, немесе, оз бағыттарын нақты белгілеген бұрынғы мәдени­тарихи типтердің іс­әрекеттерін жалпы категорияларға біріктіру, басқаша айтқанда, олардың өмірлерінің тарихи нәтижелерін мүмкіндігінше қысқа әрі кеңірек қамтитын формулаларға біріктіруден басқа жол жоқ. Содан кейін олардың қол жеткізген жалпы нәтижелерінің категориясын тарихи қозғалыс бағытының толық және жан­жақты теориялық талаптарымен салыстыру керек. Осылайша, тарихи desiderat анықталуы мүмкін. Оларды славяндар өздерінің тарихи өмірлерінде көрсете алған мәдени кепіл­ақылармен салыстыру, егер славян дамуы біз жоғарыда көрсеткен дұрыс жолмен жүріп, мәдени­тарихи типтердің даму заңдарының 2­ші және 4­ші талаптарына сай, алғашқы қадамды толық саяси бостандық алудан, сонымен бірге славян бірлігіне жетуден бастаса, біздің славян дамуының әрі қарайғы бағыттарынан осы жүзеге асырған desiderataдан болашақта нені күтуіміз керектігін көрсетуі тиіс. Біз ең алдымен мәдениет пен өркениет сөздерімен белгіленетін тарихи тіршілікті жан­ жақты сипаттайтын халық іс­әрекетінің тараптарын жан­жақты табиғи түрде негіздейтін жалпы категорияларды белгілеуге көшуіміз керек. Мәдени іс­әрекеттің осы сөздің кең ауқымды мағынасындағы жалпы турлері (біз бөлудің жоғары категориясы деп тануымыз керек, бір­біріне келістірілмейтін турлері) бар­жоғы төртеу болып табылады, атап айтсақ: 1. Діни іс­әрекет, адамның құдайға деген қатынасын көрсетеді — адамның өз тағдырын жалпы адамзаттың және ғаламның тағдырынан бөлінбейтінін түсінуі, жалпы терминдермен айтқанда: ұлттық дүниетаным кейбіреулердің ғана қолы жететін теориялық, болжамдық білім емес, адамның барлық қулық іс­әрекетінің негізін қалайтын тұрақты сенім. 2. Мәдени іс­әрекет, бұл сөздің тар мағынасында, адамның сыртқы әлеммен қатынасын білдіретін, біріншіден, теориялық­ғылыми, екіншіден, эстетикалық­көркемдік (әрине, сыртқы әлемге адам да зерттеу, ойлау және көркем елестету нысандарымен қосып есептеледі) және үшіншіден, техникалық­өндірістік, яғни, адам қажеттіліктеріне сай, бұл қажеттіліктерді және сыртқы әлемді теориялық жолмен жүзеге асқан қажеттіліктер деп түсініп сыртқы әлем заттарын өндіру және өңдеу. 3. Саяси іс­әрекет, адамдардың қатынасын тұтас бір халықтың мүшелері ретінде және осы тұтастықтың қатынасын басқа халықтарға деген қатынасын жоғары тәртіптің бірлігін білдіреді. Ең соңында — 4. Қоғамдық­экономикалық іс­әрекет, адамдар арасындағы қарым­қатынасты тікелей адамгершілігі бар және саяси тұлғалар ретінде емес, шамамен — сыртқы әлемнің заттарын пайдалану шарттарына, яғни олардың өндіру мен өндеуге байланысты қатынастарын білдіреді. Енді біз әлемдік тарихтың мазмұнын құрайтын мәдени­тарихи типтердің әрқайсысының осы әрекет бөлінетін жалпы категориялар бойынша қаншалықты әрекет еткендігін, жөне онда қандай нәтижелерге жеткендігін қарастыру керекпіз. Алғашқы мәдениеттер: мысырлық, қытайлық, вавилондық, үнділік және ирандықтарды біз әділетті түрде алғашқы немесе аутохтонды деп айта аламыз, себебі, олар өздерін адамзат қызметінің алғашқы қауымдық мемлекеттікке дейінгі әлсіз сәулелерін жер шарының әр түрлі жерлерінде жинап құрған болатын. Олар біз жоғарыда атап өткен адамзат іс­әрекеттерінің бір де бірін көрсетпеді, басқаша айтқанда, ұйымдасқан қоғамда өмір сүру мүмкін болатын жағдайларды жасауды мақсат еткен дайындық мәдениеттері болды. Оларда бәрі әлі күнге дейін аралас болатын: дін, саясат, мәдениет, қоғамдық­ экономикалық ұйым өлі әрекеттің ерекше категориясы болып бөлінген жоқ, және осы алғашқы қауымдық өркениетке, әсіресе, Мысыр мен үнді өркениеттес — арнайы діни сипат беру дұрыс емес. Әрине, алғашқы қауымдық кезеңде ұлы тұтастықтың әсерінде болған адамның ақыл­ой қызметі әлсіз рол атқарып, діни­мистикалық бағыт сол кездегі қоғамның құрылымына ене бастады; бірақ бұл тек діни саланың басқа салалар секілді де әлі ерекшеленбегенін, оқшауланбағанын мысырлықтардың геометриялық әрекеттері діни рәсімдерге қатысумен бірдей ірі іс болып саналды. Касталар адамдардың Брама денесінің әр түрлі биліктерінен шығуымен түсіндірілді. Егер осындай мысалдардан діннің ғылымға және қоғамдық­экономикалық құрылымға әсерінің дәлелдерін көре алсаң, онда дәл осындай құқықпен ғылым мен экономикалық қоғамдық құрылымның дінге — іс жүзінде солай бола тұра — әсерінің болғанын нақтылай аламыз. Қытайда діни­мистикалық көзқарасқа мұндай кеңшілік берілмегенмен де, діннің басқа қызмет салаларымен араласы бар: егін шаруашылығы — ірі іс. Дәл осылай ғылым мен саясат та аралас, мысалы, емтихан — қызметтік сатыда көтерілудің бірден­бір жолы; астрономиялық бақылаулар мемлекеттік қызмет тақырыбын құрайды. Ежелгі Египет пен Үнді мемлекеттерін теократтар деп атауымыз орынсыз. Үндістанда, бәрімізге белгілі, діни каста — браминдер — саяси атақтан мүлде ада болатын. Олардың атаққұмарлығы мен тәкаппарлығы басқа сипатта болды: олар өздерінің діни бейімділігін, ғылыми, діни, көркем, өрескелдіктен, жер шарының саяси істерінен жоғары қойып, өздеріне билік емес, тек құрмет талап етті. Мысырлық абыздардың да әсері осындай бағытта болды. Еврейлер өркениетінде дін өте ерекше және жоғары зат ретінде ерекшеленіп, оның жан­ жақты негізі болды. Тек еврей халқының діни қызметі оның ұрпақтарына өсиет болып қалды. Бұл дін қоспасыз болды, өзі барлығына өзінің мөрін басып, қызметтің басқа жақтары елеусіз қалды; жөне онда еврейлер өз замандастары мен ұрпақтарының назарын аударатын ешнәрсе жасамады. Ғылымда олар өздерінің көршілері — вавилондықтар мен мысырлықтардан қосып алған жоқ; өнер саласында оларда тек діни поэзия өріс алды; көркем қызметтік басқа салаларында, техникадағы секілді өте әлсіз болды, тіпті халық өмірінің орталығы — Иегово шіркеуін салу және безендіру үшін олар финикиялықтардың көмегіне жүгінді. Еврей халқының саяси құрылымының жетілмегендігі соншалықты, олар оз тәуелсіздігін Вавилон, Ассирия секілді ірі мемлекеттерге ғана емес, ұсақ Ханаан халықтарына қарсы да қорғай алмайтын, және олардың барлық саяси іс­әрекеттері де қоғамдық­экономикалық құрылым секілді, олардың діни көзқарастарының толық сипаттамасын берді. Бірақ, олардың өмірлері мен іс­әрекеттерінің діни жағының биік және кемел болғандығы соншалықты, бұл халық әділетті түрде құдайдың қалауы түскен халық деп аталады. Еврей мәдениеті ерекше діни сипатта болғандықтан, эллиндік тип мәдени тип, оның ішінде басымырақ түрде көркем­мәдени тип болып табылады. Дамудың бұл жағымен салыстырғанда басқалары артқы қатарларда қалды. Ежелгі гректердің психикалық құрылымында адамзат қызметінің экономикалық, саяси және діни жақтары дамитындай пайдалы негіз болмады десек болады. Мәдени тұрғыдан өте жоғары дамыған бұл халыққа не экономикалық, не саяси, не діни мазмұн жетіспеді. Дамудың қоғамдық­экономикалық жағы туралы көп айтудың қажеті жоқ. Құлдық тек кездейсоқ, уақытша құбылыс қана болып қоймай, басқаша айтқанда, қоғамдық құрылымның басқа да жоғары нысандарына жетудің даярлық үрдісі емес, барлық философиялық адамгершілігі мен эстетикалық сән­салтанаты бар саяси және ақыл­ой тіршілігі сүйенетін берік факт болып табылатын халық әлеуметтік­ экономикалық ойлардың дамуына үлес қоса алмайтын еді. Саяси тұрғыдан гректер өздерін басқа жабайы халықтарға қарағанда ерекше мәдени бірлік ретінде сезінгенмен де, өз тайпаларының саяси бірлігін түсіну деңгейіне көтеріле алмады. Тек парсы қаупі, жалпы қатермен бірге оларда жалпы гректік отаншылдықты оятты, онда да жеткіліксіз түрде. Спарталықтар әдейі Марафон алаңына кешігіп келді; Аргос пен Виотия қорыққандарынан Ксеркске бағынып, оған қарсы күреске қатыспады; пелопондықтар құрлықта орналасқан Грекияны жауға құрбандыққа беріп, Коринф мойнағында қорғануды талап етіп отырып алды. Қауіптің тарауымен бірге отаншылдық ынта да жоғалып, Грекияның саяси тарихы қайтадан түкке тұрмайтын, ұсақ себептермен болатын әскерлердің ішкі келіспеушіліктері мен өзара қырқыстары тарихына айналды. Есімізге алайық, бұл алғашқы қауымдық жабайы және дөрекі мінездер кезінде емес, және құлдырау кезеңінде де емес, гректердің ақыл­ойларының нағыз кемелденген уақытында болған оқиға. Белгілі Демосфен жағдайды жете түсінбей, жалпы гректік санаға жетуді мақсат тұтпай өзінің тіл шеберлігін афиналықтарды Филиппке қарсы қою жолына жұмсайды; Афиналықтар да саяси мағынадан арылғандықтары соншалықты, Фокиомовтың емес, оның кеңесіне құлақ асады. Осылайша іс римдіктер бағындырғанға дейін жалғаса береді. Дәл осылай гректердің діни оқулары да шынайы діни мазмұн мен сезімнің жоқтығын көрсетеді. Олардың ұсақ және түкке тұрмайтын діни көзқарастары философиялық ақыл­ойды жоғары орын алатын халыққа мүлдем лайықсыз. Адамзат рухының үш бағытын қанағаттандыратын діннің үш бағытының ­ қасаң қағиданың, этикалық және мәдениеттің — тек соғысы ғана, гректердің көркем ұйымдастырушыларына байланысты, шын мағынаға ие болады. Олардың қасаң қағидаларында тереңдік те, біркелкілік те жоқ, тіпті еш мазмұнсыз да, себебі онда метафизика да, космогония да, өмірдің рухани мәні туралы ілім де, оның шығу тарихының теориясы да қамтылмаған. Бітім кәсібі туралы ілім бұл қасаң қағидаға жат; және грек дүние­танымында бой көтере алған ең жоғарғы ой физикалық қажеттілік заңын тәптіштейтінін соқыр санасыз тағдырда. Қасаң қағиданың мазмұнының кедейлігіне байланысты этикалық жағдай да негізсіз. Ол бізге тәжірибелік іс­әрекетте басшылыққа аларлықтай, жоғары діни беделмен құрметтелген, әдет­ғұрыптың ережелер жинағы болып табылмайды. Өнегелік кодексін алмастыратындай үлгі көрсететін олардың құдайларының жүріс­тұрысының тарихы бәрінен бұрын өнегесіздік пен азғыру мектебі. Осы жағдайлардың бәрінде де грек діни ұстанымы үнемі дөрекі формалардың астында терең мағына жататын браманистердің философиялық пантеизмінен де, буддизмнің терең метафизикасымен де, Зороастрдың биікке көтерілген ілімімен де, мұсылмандардың қатаң жалғыз құдай ілімімен де салыстыруға тұрмайды. Діннің гректер өмірінде көзге ілгісіз орын алғандығы соншалықты, өзіндік қасиетті жазбалары да болмаған; себебі Гесиодовтың «Феогониясының» — дәлірек айтқанда, діни кодекстен гөрі халық аңыздарының жүйелі жинағы болатын, Інжіл емес, өзінше Четьи­ Минеи, және оған ешқандай бедел берілмегендіктен, мұндай атпен атауға болмайды. Барлық осы діни аңыз­әңгімелер гректердің көркемдік қиялдарының көрініс табу материалы ретінде қызмет етіп, еш құпия және мазмұны жоқ әдеміліктің көркемдік түрі ретінде биіктетілді. Грек дінінің осындай мағынасына байланысты ол барлық халықтың тілдерінде артықшылық бойынша дін деген атқа ие, яғни ол жоғары тұрған заттың — сырлы дүниенің қабықшасы болмайды, тек өзінде бар мазмұнды қалыптастырып, өзіне­өзі мақсат қояды, — бір созбен айтқанда, жаны жоқ дене болады. Гректердің діні, шындығында, өзін­өзі басатын әдемілікке бас ию, сол себепті, одан эпикуреизм, яғни Эпикур айтып кеткенге дейін де, кейін де олардың өмірлерінде көрініс табатын ұлттық философиялары — ерекше грек көзқарастары байқалады. Олардың өнегеліліктері эстетикалық көзқарастардың бере алатын жалғыз­ақ қанағаттық сезімінен көрініс табатын. Бірақ бұл қанағат сезімі — діни­өнегелік негізден гөрі, әрқашан да өзін­өзі құрбан етуден тұратын өмірден ләззат алу өнерінің басты принципі. Адамзат қызметінің тек саяси жағын ғана табысты жүзеге асырып, дамытқан римдік типте еврей және грек мәдени­тарихи типтері секілді бір жақты болды. Римдіктердің саяси мақсаттары ерекше болды. Шағын дән өз маңына Лациум тайпасын жинап, жаушылық жолмен емес, біртіндеп, жүйелі түрде Жерорта теңізін түгелдей және Атлант мұхитының батыс еуропалық аймағын өздеріне бағындырып алды. Еркіндік сүйетін римдіктер, бірақ, ешқашанда өздерінің жеке еріктерімен қоғамдық ерікке бағыну, бас ию ниеттерін жоғалтқан емес. Оны жүзеге асыру үшін республикада арнайы диктатура үшін орын қалдырылады, бұл қаншалықты қасиеттен пайда болатын басымдылыққа саяси кездейсоқтық емес, қажетті жағдайларда » араласа алатын институт. Бұл аз. Мемлекеттің дамуына байланысты олар басшылық ету формасын республиканы империямен алмастыру арқылы ауыстырады. Бұл мақтаншақтық, императорлар көп болса да, сыртқы күштің әсерімен әлсіз дамып келе жатқан мемлекетке қиын және қауіпті емес жерлерде оны қолдау үшін империяның қажеттілігін сезінген халықтың еркінен тұратын нақты халықтық ұйым болды. Римнің мемлекеттік өмірі барысында азаматтардың өзара қарым­қатынасы нақты және толық түрде көрініс тауып, нағыз азаматтық заңдар кодексін құрайды. Бірақ Римде де Грекиядағыдай құлдық қоғамдық құрылымның негізгі, берік фактісін құрайды. Мәдени іс­әрекеттер де осы сөздің тар мағынасында болмашы болды: Рим сәулет өнерін айтпағанда өнерде де, ғылымда да, философиялық ойларда да соны ешнәрсе жасамады. Оның себебі латын нәсілінің діни, өнегелік жағдайында ма, әлде римдіктерге еліктеу немесе өнер мен ғылым саласында гректерше жасауда ма бұл біздің талдау пәнімізге кірмейді, біз үшін фактінің жеткілікті. Грек діні жағдайында айтылғандар Римдіктерге де қатысты. Ол да ішкі мазмұн жағынан кедей және терең қатаң қағидалық және эстетикалық мазмұн мен мәннен болатын, сонымен бірге қасиетті жазудан да құралақан болатын; осындай мәнсіздіктен Римнің барлық діни нысандарға бойкүйездікпен қарағандығы соншалықты, биік, бағындырылған халықтардың құдайлары олардың ойлары болып, римдіктердің ұлттық құдайлары грек құдайларымен бірігіп, олардың аудармалары болды десек те болады — Юпитер Зевстың синонимі, Нептун — Носейдонның және т.б. Маңызды ерекшелік гректердің діні олардың психикалық құрылымының негізгі бағытына сәйкес тек эстетикалық сипатта болып, римдіктердің діні олардың көзқарастары мен мәдениеттерінің негізгі қасиеттеріне сай саяси сипатта болды. Сол себепті олардың арнайы бас иетін заттарын иемденетін, құдайшылдандырылған Рим мемлекетінің мұндай саяси көзқарасына бағына алмайтын ғылымдардың өкілдері ғана діни қуғынға ұшырап отырды. Осылайша, алғашқы қауымдық аутохтонды мәдениеттердің соңынан ерген өркениеттер мәдени қызметтің тек бір жағын ғана: еврейліктер — діни жағын, гректер — мәдени жағын, римдіктер ­ саяси жағын дамытып отырды. Сол себепті біз мәдени­тарихи типтерді: еврейлік, гректік, римдіктерді — бір негізді типтер атауымен сипаттауымыз керек. Әрі қарайғы тарихи үрдіс мәдени қызметтік төртінші түрі — қоғамдық­экономикалық тұрғыдан дамытумен бірге, осы уақытқа дейін жеке түрде көрініс тапқан мәдени қызметтің бірнеше жағын бір мәдени түрге біріктіру жолымен жан­жақтылыққа жетуі мүмкін және керек еді. Бір ауқымды жолға, дамудың күрделі сатысына Батыс Рим империясының ыдырауынан кейін тарихи сахнаны еуропалық, немесе герман­романдық деген атпен алған түрі шықты. Ойдың логикалық үрдісі тәрізді жеке рухани мазмұн мен дүниежүзілік тарихтың логикалық өтуі барысында — сараптау жолымен — өкілдері Азия және Африканың ежелгі мемлекеттері болған алғашқы аралас жағдайдағы мәдени іс­әрекеттің бірнеше жақтары ашылды; одан кейін герман­роман халықтары тарихында синтетикалық бірігу үрдісі орын алды. Уақыт мұндай синтездің жүзеге асуына жағдай жасады. Христиандықтың мәңгілік формасы түріндегі діни шындық, қатарына ыстық діни сезімді қосуға болатын рухани табиғаттың сиына бай жаңа халыққа ашылып, олар оны бағынышты және қуанышты түрде қарсы алды. Осы діни ілімде де, дәндегі секілді, құлдықты жою қажеттілігі жасырынғап еді; шындығында да ол герман­роман халықтарының тұрмысында өтпелі кезең нысаны болды. Саяси даму үшін қажетті: ғылыми, көркем және өнеркәсіптік — саяси мән мен қабілеттілік жағынан да бұл халықтар өте дарынды болып шықты Барлық осындай кепілдіктер толық орындалмай қалды, және оған кедергі ретінде олардың қайратты мінездерін күшейту мен жағымды негіздегі Рим билік құмарлығы мен рим мемлекетінің құрылымы болды. Діни­саяси капиталист айбарлыққа айналған Шіркеудің мәні туралы ұғымды бұрмалау арқылы христиандық ақиқаттың осы жолмен қалай бұрмаланғанын білеміз. Бұл шіркеулік озбырлық герман тарапынан күштеуге негізделген феодалдық озбырлықтың, ежелгі ғылым формаларына ынталануға негізделген схоластикалық озбырлықтың бірігуі Еуропаның бүкіл тарихын үш түрлі бассыздыққа (анархияға) бөлінумен аяқталған үлкен күреске айналдырды: діни бассыздық, басқаша айтқанда, протестанттық, жеке атақ негізінде діни ақиқатты жасауды алады; философиялық бассыздық, басқаша айтқанда, барлығын жоққа шығаратын материализм, сенім сипаттамасына ене келе, біртіндеп санада діни нанымдар орын бастайды; саяси­әлеуметтік бассыздық, басқаша айтқанда, енді­ енді тарала бастаған саяси демократизм мен экономикалық фоедолизм арасындағы қайшылық. Бұл бассыздықтар ажырату құралы мен жаршысы болғандықтан, әрине, адамзаттың жалпы игіліктерінің жақсы қоры болып саналмайды; және герман­роман мәдени­ тарихи типі мәдени әлеуметтік діни де, қоғамдық­экономикалық та жақтарының өкілі бола алмайды. Бұған қарсы саяси және мәдени жағынан Еуропаның тарихи өмірінің нәтижелері орасан. Еуропа халқы өз биліктерін әлемнің түкпір­түкпірінде жүргізген ұлы мемлекеттер құрып қана қоймай, азаматтар арасында және азаматтар мен мемлекеттер арасындағы дерексіздік құқықтық қатынастар орнатты. Дәлірек айтқанда, олар мемлекеттің саяси күшін оның ішкі еркіндігімен біріктіре алды, яғни саяси бағыттың екі жағынан да қанағаттанарлық дәрежеде шешті. Егер бұл еркіндік іс жүзінде күтілетін немесе күтілген нәтижелер бермесе, бұл қоғамдық­экономикалық тәртіптегі мақсаттарды дұрыс шешпеу немесе мүлдем шешпеуге байланысты. Әрине, Еуропаның әр түрлі халқы бұл саяси мағынаны бірдей дәрежеде меңгермегендіктен, соңғы оқиғалар итальяндықтар мен немістер секілді өздерінің саяси жағдайын ұзақ уақыт бойына орнықтыра алмай жүргендері де саяси іріліктің ең алғашқы және қажетті талаптарының бірі — саяси бірлікке жетті немесе жетуге жақындады. Мәдени тұрғыда Еуропа өркениетінің жетістіктері одан да жоғарырақ және молырақ. Еуропалық ғылымның нәтижелері мен әдістері басқа барлық мәдени типтермен, гректі қоса алғанда, салыстыруға келмейді. Өндірістік және олардың психикалық құрылымының негізгі бағытына сәйкес тек эстетикалық сипатта болып, римдіктердің діні олардың көзқарастары мен мәдениеттерінің негізгі қасиеттеріне сай саяси сипатта болды. Сол себепті олардың арнайы бас иетін заттарын иемденетін, құдайшылдандырылған Рим мемлекетінің мұндай саяси көзқарасына бағына алмайтын ғылымдардың өкілдері ғана діни қуғынға ұшырап отырды. Осылайша, алғашқы қауымдық аутохтонды мәдениеттердің соңынан ерген өркениеттер мәдени қызметтің тек бір жағын ғана: еврейліктер — діни жағын, гректер — мәдени жағын, римдіктер — саяси жағын дамытып отырды. Сол себепті біз мәдени­тарихи типтерді: еврейлік, гректік, римдіктерді — бір негізді типтер атауымен сипаттауымыз керек. Әрі қарайғы тарихи үрдіс мәдени қызметтік төртінші түрі — қоғамдық­экономикалық тұрғыдан дамытумен бірге, осы уақытқа дейін жеке түрде көрініс тапқан мәдени қызметтің бірнеше жағын бір мәдени түрге біріктіру жолымен жан­жақтылыққа жетуі мүмкін және керек еді. Бір ауқымды жолға, дамудың күрделі сатысына Батыс Рим империясының ыдырауынан кейін тарихи сахнаны еуропалық, немесе герман­романдық деген атпен алған түрі шықты. Ойдың логикалық үрдісі тәрізді жеке рухани мазмұн мен дүниежүзілік тарихтың логикалық өтуі барысында — сараптау жолымен — өкілдері Азия және Африканың ежелгі мемлекеттері болған алғашқы аралас жағдайдағы мәдени іс­әрекеттің бірнеше жақтары ашылды; одан кейін герман­роман халықтары тарихында синтетикалық бірігу үрдісі орын алды. Уақыт мұндай синтездің жүзеге асуына жағдай жасады. Христиандықтың мәңгілік формасы түріндегі діни шындық қатарына ыстық діни сезімді қосуға болатын рухани табиғаттың сиына бай жаңа халыққа ашылып, олар оны бағынышты және қуанышты түрде қарсы алды. Осы діни ілімде де, дәндегі секілді, құлдықты жою қажеттілігі жасырынған еді; шындығында да ол герман­роман халықтарының тұрмысында өтпелі кезең нысаны болды. Саяси даму үшін қажетті: ғылыми, көркем және өнеркәсіптік — саяси мән мен қабілеттілік жағынан да бұл халықтар өте дарынды болып шықты. Барлық осындай кепілдіктер толық орындалмай қалды, және оған кедергі ретінде олардың қайратты мінездерін күшейту мен жағымды негіздегі Рим билік құмарлығы мен рим мемлекетінің құрылымы болды. Діни­саяси капиталистік озбырлыққа айналған Шіркеудің мәні туралы ұғымды бұрмалау арқылы христиандық ақиқаттың осы жолмен қалай бұрмаланғанын білеміз. Бұл шіркеулік озбырлық герман тарапынан күштеуге негізделген феодалдық озбырлықтың, ежелгі ғылым формаларына ынталануға негізделген схоластикалық озбырлықтың бірігуі Еуропаның бүкіл тарихын үш түрлі бассыздыққа (анархияға) бөлінумен аяқталған үлкен күреске айналдырды: діни бассыздық, басқаша айтқанда, протестанттық, жеке атақ негізінде діни ақиқатты жасауды ойлады; философиялық бассыздық, басқаша айтқанда, барлығын жоққа шығаратын материализм, сенім сипаттамасына ене келе, біртіндеп санада діни нанымдар орынша бастайды; саяси­әлеуметтік бассыздық, басқаша айтқанда, енді­енді тарала бастаған саяси демократизм мен экономикалық фоедолизм арасындағы қайшылық. Бұл бассыздықтар ажырату құралы мен жаршысы болғандықтан, әрине, адамзаттың жалпы игіліктерінің жақсы қоры болып саналмайды; және герман­роман мәдени­ тарихи типі мәдени қызметтің діни де, қоғамдық­экономикалық та жақтарының жемісті өкілі бола алмайды. Бұған қарсы саяси және мәдени жағынан Еуропаның тарихи өмірінің нәтижелері орасан. Еуропа халқы өз биліктерін әлемнің түкпір­түкпірінде жүргізген ұлы мемлекеттер құрып қана қоймай, азаматтар арасында және азаматтар мен мемлекеттер арасындағы дерексіз­құқықтық қатынастар орнатты. Дәлірек айтқанда, олар мемлекеттің саяси күшін оның ішкі еркіндігімен (тәуелсіздігімен) біріктіре алды, яғни саяси бағыттың екі жағын да қанағаттанарлық дәрежеде шешті. Егер бұл еркіндік іс жүзінде күтілетін немесе күтілген нәтижелер бермесе, бұл қоғамдық­экономикалық тәртіптегі мақсаттарды дұрыс шешпеу немесе мүлдем шешпеуге байланысты. Әрине, Еуропаның әр түрлі халқы бүл саяси мағынаны бірдей дәрежеде меңгермегендіктен, соңғы оқиғалар итальяндықтар мен ] немістер секілді өздерінің саяси жағдайын ұзақ уақыт бойына орнықтыра алмай жүргендері де саяси іріліктің ең алғашқы және қажетті талаптарының бірі — саяси бірлікке жетті немесе жетуге жақындады. Мәдени тұрғыда Еуропа өркениетінің жетістіктері одан да жоғарырақ және молырақ. Еуропалық ғылымның нәтижелері мен әдістері басқа барлық мәдени типтермен, керекті қоса алғанда, салыстыруға келмейді. Өндірістік және техникалық қызметтердің де жемістері дәл осындай. Өнер жағынан Еуропа халқы жеткен нәтижелердің кемелділігіне байланысты озық үлгісін гректерге ұсынуы керек болғанмен де, олар өнердің ауқымын кеңейтіп, жаңа жолдар салып берді. Барлық осы себептерге байланысты біз герман­роман тарихи­мәдени типіне мәдениеттің ғылыми және өндірістік жағынан басым екі негізді саяси­мәдени тип атағын беруіміз керек. Егер, славян өркениеті алғашқы қауымдық даму жолымен жүрсе, оның негізі неде болады, және біз славян мәдени­тарихи типінен нені күтеміз және неден үміттене аламыз деген сұрақтарға ең болмаса жалпылама жауап беру мақсатында мен славян әлемін, оның ішінде оның жалғыз тәуелсіз өкілі ретінде Ресейді оның енді басталған мәдени­тарихи өмірінің кепілдіктері мен нәтижелерін қарастыру үшін төрт түрлі көзқараспен: діни, мәдени, саяси және қоғамдық­экономикалық құрылым тұрғысынан қарастырдым. Дін ежелгі орыстардың өмірінде ең маңызды және басым мазмұнды болды, қазіргі уақытта да қарапайым орыс халқының басым көпшілігінің рухани қызығушылығы соған негізделеді; және орыс халқының діни бойкүйездігін (өз ой­қиялдары бойынша) белгілегендердің сауатсыздықтары мен дөрекіліктеріне шын мәнінде таң қалуға болмайды. Объективті түрде қарасақ, орыс және славян халықтарының көпшілігіне гректермен бірге діни шындық — православиенің берілуінің тірідей куәгерлері болып, сол арқылы Израиль мен Византияның үлесіне тиген ұлы істің, құдайдың қалауы түскен халықтар қатарында болудың, жалғастырушысы деген тарихи жеребесі үлесімізге тиді.

Читайте также:  1860­-1880 жылдардағы геосаяси жағдай және ұлт­-азаттығы көтерілістерінің шығу себептері

Оставить комментарий