“Соңғы парыз” романындағы қазақ әдеби тілі

Қай халықтың болса да қоғамдық өсу-өркендеу жолында көтерілген биігі ана тілінде мәңгілік сақталып отырады. Сонымен қатар ақыл-ой тереңдігі, сана-сезім сергектігі көп салаларға тармақтана келіп, тағы да сол ана тілінің алтын қорына қосыла береді. Олардың басынан өткен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері ана тілінде із қалдырмай өте алмайды. Ана тілі ғасырлар бойында жасала, жасара береді. Қазақтың ұлттық тілінің қалыптасуы жалпы қазақ тілі тарихындағы аса елеулі кезең болып табылады. Өйткені тіл тарихы тұрғысынан қарағанда ұлттық тіл сол тілде сөйлейтін халықтың ұлт болуымен бірге пайда болатын тіл дамуының жаңа сападағы көрінісі ретінде танылады. “Ұлт тілі – ауызекі және жазба түрде ұлттық қарым-қатынас құралы қызметін атқарушы тілді білдіретін әлеуметтік-тарихи категория. Ұлт тілі ұлттың тууымен бірге қалыптасады да, әрі оның пайда болуы мен өмір сүруінің алғышарты, әрі өзі де процестің нәтижесі болып табылады”1 . Әдетте, “жазушы тілі” дегенде ең алдымен, ойға оралатыны да, іздейтініміз де – оның суреттеу шеберлігі, көркемдік әдістері туралы әңгіме. Бұл заңды да. Өйткені көркем әдебиет – сөз өнері. Ал өнер шеберлікті қалайды. Бұл – баршамызға ақиқат дүние. Тіл – ұлттық сана, ұлттық психологиямен тамырлас. Демек, халықтың ұлт болып қалыптасуымен бірге туған тіл сол халықтың кемелденген шағына ұлан-асыр жүк, ғажайып мұра арқалап жетеді. Ол – тарих, ол – мәдениет, ол – өнер, ол – әдебиет. Тілде, әдебиетте, өнерде мәселені материал, тақырып, жанр шешпейді, шешетін – талант шеберлігі. Сондай шеберлік иесінің бірі әлемге әйгілі, қазақ ұлты тілін, мәдениетін жеткізуші – Ә. Нұрпейісов. Қазақ әдеби тілі мен тіл мәдениеті теориясын дамытуда лингвистермен бірге, көркем әдебиетті жасаушылар маңызды қызмет атқарады. Өзінің көркем шығармалары арқылы 1 Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік. – Алматы, 1999. –110-бет. 9 эстетикалық тәрбие берумен қоса, ана тілімізге өшпес үлес қосқан, Ә.Нұрпейісовтің сөз саптауындағы өзіндік өрнектер жылдар алға озған сайын жанданып, жаңғыра түсуде. Тіліміздегі әрбір көркем сөздің өз орнында жұмсалуы жөніндегі Ә.Нұрпейісовтің әдістері – ғылымда әлі де толық “ашыла қоймаған сыр сандық” деуге болады. Қазақ тіл білімінде “әдеби тіл” деген ұғымға көптеген пікірлер айтылып, әр ғалым өзінше зерттеп, зерделеп, анықтама беріп келе жатыр. Сондай-ақ, күні бүгінге дейін “қазақ әдеби тілі”, “қазақ жазба әдеби тілі”, “жалпы халықтың тіл” деген ұғымдарға да әртүрлі түсініктемелер беріліп, бір-бірімен ажыратылып, әр қайсысы өзіне тән мағыналарға да ие болуда. Соңғы жылдарда қазақтың жалпы халықтық тілі мен әдеби тілі тарихына қатысты жеке мәселелерді қарастыру айтарлықтай қолға алынды. Ғалымдардың пікірінше, бұл ізденістер проблеманы түбегейлі шешіп тастауға әлі де жеткіліксіз екені аян 1 . Жүздеген жыл тарихы бар, лингвистикалық мектептері бар орыс тіл білімінде, сонау М.В. Ломоносовтан бастап көтерілген бұл мәселе қазіргі кезге дейін толық шешімін тапқан жоқ десек, артық айтқандық емес. Әдеби тілге тән тағы бір қасиет – оның жүйелілігі. Жалпы халық тілінің не оның бір диалектісінің негізінде даму жолына түскен әдеби тіл – сөйлеу тіліндегі бар байлықты қалай болса солай қабылдай бермейді, таңдап, талғап, сөз шеберлерінің “тезінде” шыңдалған қалпында қабылдайды. Жазу мәдениетінің артуы арқылы халықтың тіл мәдениеті артады, тіл байлығы орнын тауып белгілі қалыптасқан жүйемен нормамен жұмсалатын болады. Мәселен, көптеген сөздер ауызекі тілде түрліше қолданылатын болса, әдеби тілде олай емес, жұрттың бәріне ортақ түрде айтылады, жұмсалады2 . Тіл табиғаты әрі нәзік әрі күрделі. Тіл үшін күрес кімнен болса да ерекше бір бірлікті, білімділікті, пайымдылықты, парасаттылықты талап етеді. Осындай қасиеттердің тоғысында қазіргі таңда тіл экологиясы термині сөз болып жүр. Экология дегеніміздің өзі тірі организмдердің тіршілік ортасымен байланысын зерттейтін биология ғылымының бір саласы. 1 Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1993. –214-бет. 2 Мұратбек Б. К. Қазақ әдеби тілін дамытудағы Ғ.Мүсіреповтің рөлі, көзқарасы мен ұстанымдары. – Алматы, 1999. – 15-бет. 10 М.Серғалиев «осы ұғымды адамдардың тіршілік ортасына байланысты ауыс мағынада кейбір ғалымдардың «тіл экологиясы» деп атаулары да көңілге қонады» дейді1 . Сонда тіл экологиясы дегеніміз – тілдің қоршаған ортамен байланысы, тілдің әр түрлі бірліктерінің қолданылуы, тілдік норманың сақталуы деген түсінік туады. Әрине сөздің тазалығы, дәлдігі, нормадан ауытқымауы тіл экологиясына алып келеді. Тіл экологиясының бұзылуы тіл мәдениетінің ауытқуына жол салады. Академик М.Серғалиев экологияға байланысты топтастырылған тілдік тармақтардың барлығының материалдары стилистиканың зерттеу нысанына жатады. Мұнда да стилистиканың басты нысанаға алатыны – сөздердің қолданысының заңдылықтары, дұрыс жұмсай білудің үлгісін көрсету» 2 деп дәлелдейді сөзін ғалым, себебі тіл экологиясының өзі әдеби тілді сақтау, оның дамуы мен жетілуін қадағалап отыру. Ғалым тілдік құралдардың әр топтарға байланысты қолдану шегінің болатындығын, төрт түрге бөліп, жіктейді. Олар: 1. мезгілдік мағынадағы тіл тармақтары; 2. кеңістік мағынадағы тіл тармақтары; 3. әлеуметтік мағынадағы тіл тармақтары; 4. функционалдық-стильдік мағынадағы тіл тармақтары. Дифференциялық және интеграциялық тұрғыдан тіл тармақтарының бұлайша бөлінуінің тиісті дәрежеде маңызы да баршылық және әрқайсысының өзіне тән белгілері байқалып отырады 3 . Тілші қолданысындағы бұл танымдық бірліктер алуан түрлі сөздермен тіркессе, әр түрлі ұғым-түсініктермен ұштасып, қазақ тіл біліміндегі тілдік бағыттардың барлығын түсіндіруге мүмкіндік туғызып отыр. Тіл экологиясының маңызды сипаты, бірден-бір көрсеткіші – халықтың белгілі бір кезеңдегі қоғамдық, рухани мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, оны іске асырудың амалы бола алуы. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымның өзінің жүйелілігімен, тұрақты нормалылығымен, сұрапталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандылығымен ерекшелене алады және өзі қызмет ететін 1 Серғалиев М. Стилистика негіздері. –Астана 2006. –16-бет. 2 Сонда, 19-бет 3 Сонда, 16-бет. 11 халықтың даму тарихымен, саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әртүрлі форма да өмір сүруге икемделетінін дәлелдеген. Ғалым Б.Момынова жағымсыз құбылыстардың тіл жүйесіне тигізетін зиянды әсерін өрістетпеу, үнемі бақылауда ұстау – лингвоэкологияның басты міндеті жеті түрін жеке-жеке саралып шығады 1 . Оның бір белгісі әдеби тіл норма мәселесі болып табылады. «Тіл экологиясы – тілдік норма заңдылықтарын бұзбау» дедік. Тілдік норма әдеби тіл туралы ұғымның ең бір өзекті элементі. Сөйлеуде, жазуда тіл амалдарын дұрыс қолдана білу әдеби тіл нормасын сақтау дегенге саяды. Ал әдеби тілдің нормасы дегеніміз не? Ғалым М.Серғалиев: «Тілдің таңдамалы, қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелерін әдеби тілдің нормасы»2 — деп әдеби тіл нормасына түсініктеме береді. Аталмыш ғалым тілдік норманы тілдік жүйемен салыстыра қарастырады. Тілдік жүйеден ауытқымау дегеніміз нормадан ауытқымау сияқты болып көрінетіндігін айтады3 . Бұл тұста сөз тазалығы термині ескерілуі тиіс. Н.Уәлиев «сөз тазалығы дегенде алдымен ойымызға оралатыны тіл тазалығы, сөзімізде бөгде тілдік элементтердің болмауы»4 десе, М.Балақаев: «Таза сөйлеу дегеніміз – сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, «бөгде сөздерді араластырмай сөйлеу» — деп анықтама береді»5 . Өзге тілден енген сөздердің заңды түрде орныққан және орнықпаған түрлері де бар. Мәселен, «стилистика» тәрізді сөздің қазіргі мән-мағынасы көпшілікке түсінікті. Француз тілінен тараған бұл атау ертедегі гректің stylos сөзімен төркіндес. Ол «ұштанған таяқша» деген мағынаны береді. Таяқшаны пайдалана білу өнері кейіннен сөз шеберлігін, тіл мәдениет арттыра түсу деген мағынада ұғыныла келіп пән атауы ретінде қалыптасқан. Сондықтан осындай жұртшылық қабылдаған, тілде орныққан, дағдыға енген шет тілдік сөздердің орны бөлек. Ал орнықпаған сөздерді оңды-солды жұмсау 1 Момынова Б. Тіл экологиясы және бұқаралық ақпарат құралдары // Жизнь языка и язык в жизни. Алматы. Қазақ университеті. 2005. –309-бет. 2 Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік. – Алматы, 1999. – 32-бет. 3 Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. Алматы, 1995. 4 Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. –Алматы. – 1984. –63-бет. 5 Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік. – Алматы, 1999. – 70-бет. 12 сөйлеушінің сөзге ұқыпсыздығын көрсетеді. Сөздің тазалығымен қатар, сөздің дәлдік, сөз әдебі деген қасиеттері де бар. Яғни сөз дәлдігі сөздерді тілдегі мағынасына лайық қолдану. Сөз дәлдігі болмаса сөйлеуші өз ойын дәл жеткізе алмайды. Сөздің дәлдігі немесе айқындылығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі1 . Әрине, тіл – универсалды, көп функционалды жүйе. Тілдің жан-жақтылығын бірер сөйлеммен ашып көрсету қиынға соғады. Мәселен, өмірде жиі қолданылатын амандасу, қоштасу, ризалық білдіру, кешірім сұрау, құттықтау, көңіл айту т.б. тіл этикеті деген ұғымға саяды. «Жақсы сөз – жарым ырыс» демекші сыпайы сөздер адам жанына жайлы болады. Дөрекі сөздерді, жаргондарды қолдану – тіл экологиясына өз зиянын тигізеді. Тіл этикеті – тіл мәдениетінің бір аспектісі. Ал тіл этикетінің бұзылуы тіл экологиясының бұзылуына әкелсе, тіл мәдениеті заңдылықтары сақталмайды. Бұл тұста көрінетін тағы да бір құбылыстың бірі – ауытқу. Ауытқу – нормаға сай келметін қолданыстар. Ғалым Р.Сыздық «терминнің өзінде «сәйкессіздік» мағынасы (белгілі бір дұрыстықтан, заңдылықтан ауып кету деген сияқты) болғанымен, ауытқу барлық сәтте жағымсыз акт болып шықпайды. Сырт қарағанда нормадан тыс болып көрінгенімен, шындығында сол нормадан әдейі ауытқу, яғни әр алуан себептен болатын ауытқулар орын алады. Сондықтан барлық ауытқулар, соның ішінде сөз қолданыстағылар уәжді және уәжсіз ауытқулар деп қарастырылады» деп өз ойын білдіреді2 . Бұл мәселеде тіл экологиясының бір қыры болып есептелінеді. Тілдің тек қана жазба түрі емес, ауызекі тілдің де жағымсыз құбылыстарға бой алдыруына, жастар тілінде жаргондардың шексіз көбеюіне, іл мен сөйленістің техникалық сөздермен қойыртпақталуына қарсы әрекеттердің басын ұйыстыру да – лингвоэкологияның міндеті3 . Авторлық пайымдаудың тағы бір маңызды бөлігі функционалдық-стильдік тармақтардың қоғамдық ортада қызмет етуі. 1 Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік. – Алматы, 1999. – 144-бет. 2 Сыздық Р. Сөз құдіреті. –Алматы. -1997. –210-бет. 3 Момынова Б. Тіл экологиясы және бұқаралық ақпарат құралдары // Жизнь языка и язык в жизни. Алматы. Қазақ университеті. 2005. –310-бет. 13 Стилистика француздың stelistigue деген сөзінің мағынасын береді. Стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын мағыналық құбылыстарын, экспрессивтік мағынасын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады. «Сөз саптау жағынан әлдебір қателік көзге түсіп жатса, стилистика оның себептерін ашып, ондай кемшілікті болдырмаудың жолын анықтайды»1 . Тіл экологиясы қоғамдық формациялардың, оның ішінде халық тілінен ол орындайтын қоғамдық қызметтердің едеуір кеңеюімен және күрделенуімен ерекшеленеді, ал ол өз кезегінде тілдің сыртқы және ішкі құрылымының дамуына әкеледі. Осы тұтас ұлттық тілдің шегінде қоғамның өз құрылымын, қарым- қатынастардың әртүрлі салаларында заттық және мағыналық өзіндігін белгілі түрде көрсететін қызметтік стильдердің және стильдік түрлердің қүрделі жүйесі қалыптасады. Себебі адамдардың қоғамдық қызмет нысандары көбейген сайын тілдің жаңа қоғамдық қызметтері пайда болады мысалы, ғылым мен техниканың дамуы, бұл негізде ғылыми және кәсіби тілдердің, әдебиет жанрларының, мемлекеттік, мәдени, оқу, ағартушылық және өзге де мекемелер жүйелерінің өсуі мен күрделенуіне байланысты кітаби, іскерлік сөйлеу тілі рөлінің кеңеюі. Тіл экологиясының негізінде Ә.Нұрпейіовтің «Соңғы парыз» романын талдау бүгінгі таңдағы лингвистиканың көптеген мәселелерін шешуге көмегін тигізеді. “Әдеби тіл” және “Көркем әдебиет тілі” түсініктері бірдей ұғынылмауға тиіс. Әдеби тіл тек көркем әдебиет тілі ғана емес, публицистика, ғылым, мемлекеттік басқару тілін де, сондай-ақ ауызша баяндама жасау және белгілі бір ауызекі әңгіме (әдеби тілдің ауызша формасы) түрін де қамтиды. Барша адам пайдаланатын таныс әдеби сөздермен және түсінетін сөздер мен грамматикалық формалардан тұратын ұлттық тілдің жалпы халыққа ортақ үлгі ретіндегі бөлігі әдеби тіл болып табылады. “Көркем әдебиет тілі” түсінігі “әдеби тіл” түсінігінен әлдеқайда кең ауқымды қамтиды. Көркем әдебиет тілінің негізі де әдеби тіл болып табылады, бірақ көркем шығармаларда әдеби құралдарға жатпайтын сөздер мен сөз орамдары да кейіпкерлер сөздерінде кездеседі. “Көркем әдебиет тілі” және “Әдеби тіл” түсініктерін ажыратқан кезде оларды бір-біріне қарсы қоюға болмайды. 1 Лингвистический энциклопедический словарь. – М., 1990. –17-бет. 14 Өйткені, біріншіден, әдеби тіл – көркем әдебиет тілінің негізі. Екіншіден, әдеби тілдің ұлт тілінің жоғары формасы болып қалыптасуына сөз зергері – жазушылар зор үлес қосты және қосып келеді. “Әдеби тіл” деген терминнің пайда болуының өзі де кездейсоқ емес, бұл әдеби тілдің әдебиетпен байланысты екендігін көрсетеді. Әдебиет тілі мен әдеби тіл: “әдеби тіл” терминінің мағынасы “әдебиет тілі” терминінен кеңірек. Себебі, ол, біріншіден, біз қазір “әдеби” деп жүргеніміз әдеби шығармалардың тілі ғана емес, ол кез келген жазба тіл, сондай-ақ, мысалы, дәлірек айтсақ, ғылыми, ресми, іскерлік тіл, ал екіншіден, қоғамдық ұжымның мәдени өмірінде басқарушылық мәнге ие, қоғамдық топтардың ауызекі тілі. Әдебиетте суреткерлік және сипаттаушылық мақсаттар үшін тілдің әдебиеттен тыс құралдары пайдаланылып жүр, және де оның бұл құқығына дау айту өте қиянға соқпақ. Тіл тарихында осы тілдік нормалар бір жақындасады, бірде алыстайды1 . Әдеби тілді зерттеуге арналған еңбектерде көбінесе әдеби тілдің қалыптасу тарихы, даму жолдары т.б. мәселелер туралы жүйелі талдау жасалды. Бұл мәселелерге қатысты проф. Р.Сыздықтың қазақ тіл біліміне қосқан өзіндік пікірін айрықша атап өту керек. Ғалым өз еңбектерінде әдеби тілді стилистика саласымен ұштастыра қарастырып, стилистикалық ерекшеліктерді, олардың түрлерге бөлінуін алғаш рет жүйелеп көрсетеді. Осы саланы зерттеуші-ғалымдардың еңбектерінде әдеби тілге берілген анықтамада жалпы халықтық тілдің белгілі жүйеге түскен жазу дәстүрі мен әртүрлі жазба және ауызша әдебиеттің негізінде қалыптасқан тұрақты, орныққан қалыптары, стильдік-жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне ортақ түсінікті түрі деп тұжырымдаған. Сондай-ақ, тілдің әдебилігінің маңызды сипаты, бірден-бір көрсеткіші – халықтың белгілі бір кезеңдегі қоғамдық, рухани мәдени өмірінің құралы бола алуы, халықтың рухани байлығын, сөз өнерін жеткізудің мәдени талап-тілектің қоғамдық көрінісі, оны іске асырудың амалы бола алуы. Сонда ғана ол жалпы халықтық тіл деген ұғымның өзінің жүйелілігімен, тұрақты 1 Виноградов В. В. Основные проблемы изучение образования и развитие древнерусского литературного языка. Избранные труды. – М.: Изд. акад. наук. СССР, 1958. – С. 15-17. 15 нормалылығымен, сұрапталып, өңделген қасиеттерімен, даму сатысының жоғары дәрежесімен, қоғамдық қызметінің айқындылығымен, сан алуандылығымен ерекшелене алады және өзі қызмет ететін халықтың даму тарихымен, саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени ерекшеліктерімен байланысты әртүрлі форма да өмір сүруге икемделетінін дәлелдеген. Ұлттық тіл осының алдындағы қоғамдық формациялардың, оның ішінде халық тілінен ол орындайтын қоғамдық қызметтердің едеуір кеңеюімен және күрделенуімен ерекшеленеді, ал ол өз кезегінде тілдің сыртқы және ішкі құрылымының дамуына әкеледі. Тұтас ұлттық тілдің шегінде қоғамның өз құрылымын, қарым-қатынастардың әртүрлі салаларында заттық және мағыналық өзіндігін белгілі түрде көрсететін қызметтік стильдердің және стильдік түрлердің қүрделі жүйесі қалыптасады. Адамдардың қоғамдық қызмет нысандары көбейген сайын тілдің жаңа қоғамдық қызметтері пайда болады мысалы, ғылым мен техниканың дамуы, бұл негізде ғылыми және кәсіби тілдердің, әдебиет жанрларының, мемлекеттік, мәдени, оқу, ағартушылық және өзге де мекемелер жүйелерінің өсуі мен күрделенуіне байланысты кітаби, іскерлік сөйлеу тілі рөлінің кеңеюі1 . Стиль – ой мен сөздің бірігіп, тоғысуы. Стильдік зерттеу тілдің ойға және ойдың тілге қарым-қатынасын зерттеу болып табылады. Бұл тарихи құбылыс тіл заңдылықтарымен тікелей байланыста болып, ойды көркемдеп жеткізу мақсатында қолданылатын тіл ерекшеліктері. Стильдік ерекшеліктер, оның түрлерге бөлінуі қоғамдық қажеттіліктерден туындайды. Дәлірек айтсақ, қоғамда қолданылатын тіл – стильдің негізін құрайды. Тілді үйрену, оның қыр-сырын жетік меңгеру, ойды әсерілеп, бейнелеп жеткізу, әртүрлі реңктегі сөздер мен сөз тіркестерін, тұрақты оралымдарда таңдап қолдану стильдің зерттеу нысаны болып табылады. Қазақ тіл білімі ғылымы мен қазақ әдебиет тану ғылымын зерттеуші ғалымдар әдеби тіл және стилистика салаларын бір- бірімен тығыз байланыста қарастырып, линвистикалық заңдылықтардың әдебиет теориясымен тікелей ұштасатыны туралы тұжырым жасайды. Аталған екі саланы, яғни тіл мен әдебиет теориясын жетік меңгергенде ғана стилистика ғылымын 1 Гречко В. А. Теория языкознания. – М.: Высшая школа, 2003. –283-бет. 16 танып-білуге, оның ерекшеліктерін ажырата білуге мүмкіндік туғызады. Әдеби тілі стилінің өзіндік қоғамдық қызметі әдеби тілдің нақты стилінің белгілі бір лексикалық және грамматикалық ерекшеліктерін қалыптастыру болады. Осы тұрғыдан келгенде, аз болса да, саз жазатын жазушының шығармасы өз еншісіне тиген кезде оқырман қауым сөз өнерінің тұнығына қанағаттанады. Ақталған үміт жазушы абыройын арттыра түседі. Ә. Нұрпейісов стилінің ең сүбелі жағы – ойлы да оюлы тілі мен өрнекті сөз кестесі, зергер қолынан шыққан бұйымынан ой алымдылығы, оқиға шындығы, бояу айқындығы. Ә. Нұрпейісов – өзінің әр шығармасы түгіл, әрбір сөзіне жауапты қарайтын қаламгер. Әр туындының түр-тұлғасы, келешек тағдыры, өнегелік сипаты қатты ойландырып, үздіксіз ізденіс, ұзақ толғаныспен әдебиетіміздің мерейін арттырған. Әдебиетте тіл ырғағы, астарлылығы, орамдылығы ең үлкен мәселе болып табылады. “Ойдан – әрекет, әрекеттен – тіл, әрекет пен тіл” егіздің сыңары екендігі де дау туғызбас. Сөз құдіреті, тіл құдіретін таныту дегеніміз – жазушы тілінің көркемдігін, сол көркемдікті жүзеге асырып тұрған тілдік құралдар мен тәсілдерді көрсету болып табылады. Бұған жазушының сөз қазынасын молынан, дәл пайдалануы немесе оларды көріктеу құралы ретінде жұмсауы, я болмаса сөз қиыстыру амалдарындағы шеберлігі, өзіндік айшығы мен жаңалығы да жатады. Жазушының тілін тануда көркем шығармадағы автор сөзі мен кейіпкер сөзі деген тілдік композицияны құрайды. Қазіргі таңда жеке қаламгердің ұзақ уақыт іздене жүріп жазған еңбегінің тіл бояуы, көркемдік сындарлығы зерттеуші ғалымдарымыздың көңілін аудартып жүр. Осы тұрғыдан келгенде, шығарма тілі неліктен тартымды, не себепті солғын, неге әсерсіз – бұл мәселенің беті ашылмай келеді. Әдебиет мамандары белгілі бір көркем шығарма жайлы сөз еткенде, әдетте, оның идеялық мазмұнын, жеке образдар мен мінездеулердің жасалу заңдылығын талдаумен шектеледі. Ал шын мәнісінде шығармадағы образ және мінездеу мәселесі, оның идеясы, композициялық тұтастығы – бәрі де осы тіл құралдары арқылы жасалады 1 . Қаламгер туындысында қандай да бір 1 Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. – Алматы.: Ғылым. 1968. –15-бет. 17 уақиғаны жай ғана хабарлап қоймайды. Ол әрбір кейіпкерін барлық мінез-құлқымен, қуаныш-күйінішімен, күнделікті қарапайым іс-әрекетімен, кескін-кейпімен, басқа да толып жатқан тірлік болмысын оқушының көз алдына елестеді. Көркем әдебиет тілінің негізгі ерекшеліктері жазушы алдындағы осы міндеттерімен ұштасып жатады. Осындай тұжырымдарға жүгінсек, жазушының әрбір сөйлемі мақсатты ойға сәйкес құрылуы тиіс. Кез келген көркем туындының тілдік материалы кейіпкерлердің автор сөзіне және автор сөзі мен кейіпкерлер сөзінің белгілерін біріктіретін, қос үнді сөз бөлінеді. Қос үнді сөз кез келген туындының көркем материалды ұйымдастыруда маңызды рөл алады. Автор мен кейіпкер тілінің арасын байланыстыра келе, қос үнді сөз баяндаудағы тілдік бірлестікті қамтамасыз етеді. Мақсатты ойды, оның үстіне көрікті, көркем етіп жазу үшін керекті сөздерді дәл тауып қолдану жеткіліксіз, сонымен қатар, ол сөздердің ебін тауып қиюластырып, грамматикалық ережелерге бағындырып, жалпыхалыққа ортақ тілдің басқа да заңдылықтарын сақтап жазу керек болады. Бұл талаптар тілге, соның ішінде көркем әдебиет тіліне де қойылады. Көркем әдебиет тілінің сонымен қатар өзіндік стильдері, өзіне тән ерекше сөз қолдану заңдылықтары болады. Жазушы әдетте сөздердің табиғи мүмкіндігін пайдаланумен қатар, олардың ауыспалы, келтірінді мағынадағы қанатты сөздер, тұрақты тіркестер және мақал-мәтелдер құрамында пайдаланады. Көркем әдебиет үшін бұлар жеткіліксіз. Көркем әдебиетке тән әр алуан көріктеу, шеберлік тәсілдері болады. Сөз шеберлері соларды біліп, сөздерді өз шығармашылығының “тезінде” сөздерді шыңдап пайдалануға тиіс. Оларға: теңеу, эпитет, метафора, метанимия, синекдоха т.б. амал-тәсілдер жатады. Көрікті ойдың көркем суретін салуға жұмсалатын амал-әрекеттің әрқилы бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері болады. Бұлардың шегі жоқ. Қай тілде жазылған көркем әдебиет болсын, оның қаншама еңсесі биік, тарихы ұзақ болғанымен тілдің ішкі мүмкіндіктерін сарқа пайдаланып, тауысуға біткен жері осы деп отыруға болмайды. Оларды әр жазушы өзінше, түрлі құрамда, әр түрлі ыңғайда, кейде бірін-бірі қайталап та қолдана береді. Соның ішінде тек дарынды, ысылған, қаламы әбден төселген сөз шеберлерінің туындылары ғана өзінің сонылығы мен даралығын жоймайды. 18 Көркем әдебиет тілінің шеберлік сипатын білдіретін жоғарыда көрсетілген тілдік тәсілдерді екі топқа бөлуге болады: а) бейнелеу тәсілдері – өмірдің реалды шындығын, құбылысты кісінің көз алдына елестететіндей етіп суреттеу, ә) әсерлеу тәсілдері – кісінің эмоциялық сезіміне әсер ететіндей етіп көріктеу. “Қалауын тапса, қар жанар” дегендей, кестелей білсе, күнделікті қолданыстағы барлығымыз айта беретін сөздерден де әсерлі сөз нақыштарын құруға, жай сөзден көрікті көркем сурет салуға болады. Осы тұрғыдан келгенде, Ә.Нұрпейісов тәрізді қаламгердің тілін бірнеше аспектіден зерттеп танып білу қажет. Әдетте, жеке жазушының тілі туралы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де жеке тұлғалық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Бұлардың барлығы да “жазушының стилі” деген мәселеге барып тіреледі. Стиль термині әлдеқайда кең ұғымды, мағынасы көбірек сөз. Ол бұл күнде бірнеше ғылым саласында әртүрлі мәнде жұмсалатын терминге айналып отыр. Сондықтан жеке қаламгердің тіл шеберлігі, сөз кестесі жетістік- кемістігі, ортақтық-оқшаулығы жайында сөз қозғағанда, оның “стилі” немесе “өрнегі ” деп алуға болады. Ә. Нұрпейісовтің үнемі жырлайтын тақырыбы – адам мен табиғат, талант пен дүниеқоңыздық, адамгершілік пен ар тазалығы мәселелері. Осының бәрі түптеп келгенде, жазушының үлкен талғампаздығын, өз дүниесіне өзгенің көзімен қарап, тірнектеп жинаған дүниелеріне әлсін-әлсін қайта оралып отыратынын, өңдей түсуден ешқашан жалықпайтын сұңғыла суреткер екенін көрсетеді. Сондықтан да оның қаламынан оқыған жанның ойынан шығатындай шынайы да “шымыр” шығармалар дүниеге келді. Әрине, табиғатты суреттеу оны шығармада “шертілер қос ішектің” бірі етіп алу – көптеген жазушыларда бар тәсіл, бірақ әңгіме сол табиғат суретін шығарма өзегіне қай жолмен, қай әдіспен жымдастыруында.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar