Аудармашылық – нағыз шығармашылық өнер. Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы аудармашының талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Өзінің жазылу мәнерімен, оқиға құрылымымен, әлеуметтік астарлы ой айта білуімен, таза кәсіптік шеберлігімен классикалық шығарма дәрежесіне көтерілген “Соңғы парыз” романы қазақ және орыс оқырмандарының жүрегіне жол тауып, өзінің 98 өміршең шығарма екендігін, өнерде жаттық жоқ екендігін тағы да танытты. Тіларалық коммуникациялардың сұлбасы мынадай түрде. Басқа адамдарға бір нәрсе жеткізгісі келетін және бір тілді меңгерген (бастапқы тіл – БТ) адам (ақпарат көзі) осы тілдің бірліктері арқылы тиісті хабарлама жасайды, одан дәл сол тілді меңгерген басқа адамның, қарым-қатынас жағдайы мен өзінің негізгі білімдерін ескере отырып, беріліп отырған хабарламаны алу мүмкіндігі бар. Әлбетте, бұл хабарлама БТ-ді игермеген адамдарға түсініксіз болады, сондықтан ол адамдармен қарым- қатынас жасау үшін қарым-қатынас процесінде делдал (аудармашы) болғаны дұрыс, оған БТ де, сондай-ақ басқа тіл (аударатын тіл – АТ-де ) қажет. Аудармашы БТ-дегі (түпнұсқадан) хабарлама алып, одан беріліп отырған ақпаратты алуға қабілеті бар, аударма рецепторына (АР) арналған АТ-ге жаңа хабарлама жасайды. Дәл сондай құбылыс тұтас мәтінге біріктірілген хабарламалардың бір қатарында болады: БТ (бастапқы мәтін БМ) мәтінінің негізінде АТ мәтіні (аударма мәтіні – АМ) жасалады. (переводной текст – ПТ) [86, 36 б.]. Прозалық туындыларды аудару арқылы түпнұсқада көтерген әлеуметтік проблема, негізгі идеяны, орыс оқырманына жақын етіп кескіндеуге тырысады, сонымен бірге өзге жұрттың наным- сенімі, түйсігін беру арқылы сол ұлттың рухани әлемінен жан дүниесімен өз оқырманын хабардар етуді де мақсат тұтатын аудармашы. Аудармашы – қаламгердің жалпы халықтық қордағы сөздерді, фразаларды пайдалануы, өз тарапынан жаңа сөз тұлғалары мен тың тізбектер жасауы – көркем аудармадағы ойлаудың образдылық типінің нәтижесі екендігін, жазушының суреткерлік даралығы мен талантынан туындайтын дербес шығарма екендігін дәлелдейді. Аударманың сапасын бағалаудың екі жақты межесі аудармашыға да талап-міндеттер жүктелетінін көрсетеді. Аударма мәтіннің айтылған талаптардың үдесінен шығуы аудармашының ойлау-психикалық қабілетіне, білім- біліктілігіне тікелей байланысты. Түпнұсқадағы айтылған ойды қалай, қандай әдіс-тәсілдермен жеткізудің амалдарын іздестіру барысында аудармашы негізгі материалды анализдеу және синтездеу процестерін бастан өткереді, яғни түпнұсқа мәтіннің негізгі идеясын, мән-мазмұнын талдап түсінісу және осы идея 99 мен мазмұнды екінші тілдің қуаты арқылы жеткізу проблемаларын шешуге тиіс болады. Жазушының әлеуметтік-саяси мәні мол бұл романының оқырмандарға берер эстетикалық тағылымы зор. Осы негізде аудармашының тәржімашылық қызметіне ғалым А.М. Алдашева мынадай талаптарын қояды: · жалпы бағдарлы ақпаратты (фоновая информация) білу; · екі тілдің лексикалық – грамматикалық құрылымын жетік меңгеру [59, 74 б.]. Біріншіден, бір тілден екінші тілге тәржімалау барысында аудармашының жалпы бағдарлы ақпаратпен танысып; білу қажеттігін осы мәселені зерттеуші ғалымдардың қай-қайсысы да атап көрсетеді. В.В. Виноградов /6/, А.Федоров /72/, А.Д. Швейцер /95/. Демек, аудару процесі барысында екі тілді жетік меңгеріп қана қою, осы межеге сүйену жеткіліксіз; аударма мәтіннің белгілі бір талаптарға сай болуы үшін түпнұсқаның құбылысы мен мазмұнына негіз болған тақырыпты айқындай түсетін бірқатар мәліметтермен танысуға тура келеді. Тәжірибелі аудармашылар түпнұсқа авторының өзге де шығармаларын оқиды, оның жазушылық шеберлігіне тән басты-басты стильдік – тілдік құралдарды аңдап аңғарады; шығарма оқиғасына, желісіне негіз етілген тарихи мерзімнің ерекшеліктеріне қатысты өзге де мағлұматтарды зерттейді, сөйтіп, жалпы алғанда, аударма үшін қажетті тарих, этномәдениет, әлеуметтік мәдениет, ұлттық білім (менталитет) турасында білім тәжірибесін жинақтайды. Жалпы бағдарлы ақпаратты білу, танысу халықтар арасындағы мәдени байланыстар өрісінің деңгейімен байланысты. Мәдени ынтымақтастық неғұрлым тығыз болған сайын, өзге халық, ұлт жөніндегі әлеуметтік-мәдени дерек-мағлұматтар соғұрлым толыға түседі. Жалпы бағдарлы ақпарат, сонымен қатар, белгілі бір халықтың тарихын, нақты бір кезеңдегі лингвомәдени ой- өрісін аңғаруды да қажет етеді. Жалпы бағдарлы ақпаратты (фоновая информация) меңгеру және оны әрдайым назарда ұстап отыру тәржіма нұсқаның толыққанды сапада жасалуына ықпалын тигізеді. Екіншіден, түпнұсқа мен аударма мәтіннің арасындағы толыққанды сәйкестікке қол жеткізу үшін тірек бола алатын жағдаяттардың тағы бірі – аудармашының екі тілді меңгеру 100 деңгейі. Бұл фактор әлеуметтік лингвистиканың, салыстырмалы тіл білімінің, психолингвистиканың мәселелерімен тығыз байланысты. Екі тілді меңгеру деңгейі қостілділік мәселелермен ұштасады. Әлеуметтік лингвистика және салғастырмалы тіл білімі бойынша еңбектерде “қостілділік”, “екітілділік” ұғымдары аталып отырады, алайда осы құбылыстың бірден бір құрамдас бөлігі – “қос тілді адам – билингв” деп қандай индивидті танимыз, қостілді адам деп есептеу үшін тілдерді қандай дәрежеде білу қажет деген сауалдардың толыққанды ғылыми жауабы әліге дейін берілген жоқ. Майталман жазушы Ә. Нұрпейісовтің шығармашылық тұлғасы көркемдік қуаты зор ұлттық роман авторы ретінде ғана назар аудартпайды, сонымен қатар өз шығармаларынан ерекше шығармашылық аударма зертханасын жасаушы, әлемге танымал аудармашылар мен жазушыларды қарым-қатынасқа тарта білген жазушы ретінде танылады. “Соңғы парыз” романын жазушы әрі аудармашы Герольд Бельгер мен Анатолий Ким аударды. Олар жат өмір суреттерін орыс көркем проза тіліне өздеріне ғана тән дарынмен көрсете алды. Бірінші тарауда талдау жасап өткеніміздей, “Соңғы парыз” романы — Арал теңізі жағалауындағы қазақтардың өмірі, дала қазақтары халқының болашақ бақыты үшін қаны мен терін төккен азаматтары жайында жазылған шығарма. “Соңғы парыз” – әлеуметтік қатынастардың негізінде туған роман. Осының бәрі егжей-тегжейлі, авторға тән қайталанбас тілмен берілген және орыс тіліне аударуда керемет көрінісі тапқан. Романның негізгі мазмұны жинақталған атауларға ерекше мән беріледі: “Сондай да бір күн болған”, “Сондай да бір түн болған” (“И был день”, “И была ночь”) [87, 76 б.]. Жазушы-аудармашы Г. Бельгер мен А. Кимнің мұндағы үлесі – ұлттық-мәдени фонды сақтауы, романның әрбір кейіпкерінің жан дүниесіне енуі, жаны таза, махаббатта жолы болмаған, бірақ қатал қазақ жігіті Жәдігер бейнесі, Әзім бейнесі, сондай-ақ романдағы тағы да көптеген бейнелер арқылы қазақтың тұнып тұрған сөз мәйегін пайдалануы. “Соңғы парыз” романын Ә. Нұрпейісов 25 жыл бойы жазуы, суреткердің қазақ халқының қасіреті, әлемдік алапат – Аралдың қасіретіне философиялық тұрғыдан келуі романның бағасын 101 арттыра түседі. Роман-диологияның бірінші кітабын Г. Бельгер мен А. Ким, ал екінші кітабын – А. Ким аударды. Ә. Нұрпейісов өзі берген сұхбатында А. Кимнің келісімін көп күткенін айтады, Ә. Нұрпейісов қазақ жазушыларының орыс тіліне аудармаларын айтқанда, сапасының төменділігін баса айтатын және сол үшін аудармаға кәсіби жазушыларды тарту керектігіне тоқталады. Ю. Казаков пен А. Ким жасаған аудармалар осындай көзқарастың дұрыстығын дәлелдейді. Бұл роман антропонимдер, метафоралар, эпитеттер, теңеулермен, синонимдік қатарды түзейтін лексикалардан тұрады. Әрбір ат ерекше мағынаға ие және роман мазмұнымен ғана емес, кейіпкер мінезімен де расталған. Аудармашы А. Ким табиғат азабы мен адам тағдырының азаптарын бере білген. Тіл, оның лексикалық қоры халықтың мінезі мен дүниетанымының көрінісі болып табылады. Бір мәдениет өкілі үшін басқа мәдениеттің өкілінің сөзіндегі, тілдегі түсініксіз, “экзотикалық” сәйкестіктерді нақтылауға, табуға коммуникация көмектеседі. Ондай нақтылауларға, түсініктемелерге ұлттық немесе жергілікті ерекшеліктерді көрсететін сөздер жатады. Демек, аудармашылар автордың ойын терең түсініп, оны жетілдіріп, оқырманның жүрегіне жақындата түскен. Үстірт қарағанда мәтін мұндай көркем шықпас та еді. Шығармаларының аударылуында Ә. Нұрпейісовтің жолы болды: оны орыс тіліне шебер прозаиктер Юрий Казаков және Анатолий Ким аударды. Алайда, өзінің жолы болғыштығына ол өзі де елеулі үлес қосты, біріншіден, өзінің және аудармашылардың стилистикалық үйлесімділігін тапты, ал екіншіден, ғаламат табандылық танытты, екі аудармашыны жылдар бойы осы істі қолдарына алуға келістірді. Сезгіштігі өте жоғары кісі Ю. Казаков, Ә. Нұрпейісов кейіпкерлерінің барлығы дерлік сүйегі қаралар да тым жоғары, метафорикаға ден қоя сөйлетіндігін, ә дегенде байқайды. Қысқасы, қойшылар емес – ақындар. Байқады, авторды диалогтарды қайта жазуға итермеледі. “Біле білсең, Юра”, — дейді өзінің әңгімені алыстан бастайтын әдетімен “Қан мен тердің” авторы, — менің әкем жартылай сауатты кісі болған, бірақ менің әлі есімде, домбыра шегін жәй ғана түртіп отырып, ол бір сөзді қайта-қайта қайталайтын: “Әттеген-ай! Адам өмірі дегеніміз не? – бар болғаны аш иттің аранындағы жасқау” (бәлкім, қазақша бұл 102 жақсы естілер, Ә. Нұрпейісовтің өзі қажет орыс сөздерін ұзақ терді және аудармасы көңілінен шықпады-ау, әсте!). Жалпы алғанда, тіл, риторика – көшпендінің мақтанышы, өмірдегі жолы болмағандығының есесі болар. Бұл тұрғыдан келгенде қазақтар арасында жаяу-жалпысы жоқ – барлығы дерлік асылдар, бірақ асылдың өзінің өлшемі бар. Бір жерлерде Ә. Нұрпейісов пен Ю. Казаков тіл табысты, себебі бұл дауда аудармашының өзіндік шындығының бары тағы рас еді, әрбір орыс оқырманына, ал ол болса миллионнан кем емес, қазақтың тұрмыстық тілінің өзгешеліктерін түсіндіре бермейсің ғой….” [88, 39]. Ә. Нұрпейісов публицистикасының оқырманы өзіне, жазушы үшін маңызды тақырыптың тек нәзік қана емес, сонымен қатар қатал, ал кей кездері тым қатал тұстарын ашады. Олардың туындау себебін де тез түсіне қояды [88, 62 б.]. Белгілі бір халыққа ұлттық, тілдік ортаға арналғандықтан, классикалық көркем әдебиетте реалийлер тобы мол болады және оларды тақырыптық, мәдени атаулардың құрамынан бірыңғай түрде, шағын бір топ ретінде бөліп алып қарастыру керек: бұлар қазіргі тұрмыстық, әлеуметтік қарым-қатынастарды білдіруге қатысатын сөз әдебі (речевой этикет) формулалары, діни атаулар, сондай-ақ, әлеуметтік-тұрмыстық реалий атаулары [59, 194 б.]. Аудармада нақты кездесетін реалий атауларының аударылу мүмкіндіктері нің негізі төрт жағдайға байланысты болады. Ғалым А.В. Федоровтың “Основы общей теории перевода” атты еңбегінде аударманың берілу шеберлігі туралы мынадай белгілерді айтады [72, 151 б]: Біріншіден, транслитерация немесе транскрипция (толық немесе ішінара) реалийді білдіретін нақты сөзді не оның түбірін өз тілінің әріптерімен жазу, өз тілінің жұрнақтарын тікелей пайдалану. Екіншіден, тілде нақты бар элементтер мен морфологиялық қатынастар негізінде тиісті затты белгілеу үшін жаңа сөзді немесе күрделі сөзді немесе сөз тіркесін жасау. Бұл – аударма негізінде суреттеуші (перифразалар). Үшіншіден, басқа тілдің реалийіне басқаша айтқанда контексте соған жуық мағыналы сөзді пайдалану. 103 Төртіншіден, гипонимикалық, жинақтаушы, жақындатушы. Нақтылап жатпай жалпылама айту (сексеуіл; саксаул; киіз; үй; юрта; чапан; шекпен). Транслитерация арқылы берілу. Басқа тілге мүлдем аударылмайтын сөз жоқ. Суреттеу арқылы жеткізілсе де мағынасын беру арқылы болса да аударуға болады. Бұл жерде мәселе – ұлттық бояуды, ұлттық әдет ғұрыпты сақтап беруде. Яғни транслитерация лексикалық нақтылығын сақтау қажет болғанда, сонымен қатар, сол аталып отырған заттың немесе ұғымның келесі аударылып жатқан тілде нақты баламасы жоқ болғанда, ерекшелігін айқындау үшін керек. Сондай-ақ, транслитерацияны көп пайдалану өзге тілден көшкен сөздерді, ұғымды дұрыс бермеуге, туған тілдің ластануына әкеп соғады. Сол халықтың өзіне ғана тән ерекшелігін танытатын сөздерді сақтап қалдырылады [72, 157 б.]. Әрине, аудармашылар игеретін функционалды сәйкестіктердің кейбірінің контекстің мазмұнына кереғар келтіретіндері де жоқ емес, алайда ұсынылатын варианттардың қайсы бірінің семантикасы жағынан ұтымды жақтары да бар, оларды әдеби тілдің қазіргі айналымына түсіруге болады. Транслитерацияланған, транцкрипцияланған сөз бейтарап стилдік реңкте ұғымды жалпы атайды. Сондықтан стильдік реңкін көрсету үшін транскрипциялау, транслитерациялау, суреттеп түсіндіруден гөрі мағынасы жуық түсетін, стилдік болуы бар сәйкестікті іздестіру қажет. Қазақтың төл мәдениетінде әлеуметтік санаттарға бөлудің осындай түрлі атаулары қалыптаспағандықтан, олардың кейбіреулері лексикографияда суреттеу, түсіндірме жолымен берілген, ал кейбір екі тілді сөздіктерге енгізілмеген. Көрсетілген көркем мәтіндегі функционалды қызметі басым элементтер, демек аудармашы тарапынан олардың қандай да болмасын баламасы жасалу керек болады. Кейбір аудармашылар оларды кірме сөз түрінде алады немесе транскрипциялайды. Бұл амал- тәсілдер көркем әдебиеттің эстетикалық функциясына нұқсан келтіреді, сондықтан тағы да бір аударма әдебиетте олар үшін мағыналары жуық тілдік бірліктер қозғалысқа түседі. Нақты балама іздеу жолындағы әрекеттер әртүрлі: ішкі семантикасын “көшіру” арқылы түсіндіру сипаттама тәсілі (сөздерді беру) әрі қарай төл тілдік лексикалық бірліктердің мағыналарын игеру амалына ұласады. Өзге тұстарда 104 түпнұсқадағы әрқайсысы дербес жеке-жеке мағыналарға ие реалий атаулары үшін ұлғайту, үстемелеу әдісі, яғни түрлік ұғымды жалпы атаумен нақтылау жолы негізге алынады. Көркем аудармадағы транскрипциясын сақтау үрдісімен қатар аудармашылар жалқы ішкі семантикасына, стильдік қызметіне қарай ара-тұра транскрипциялауға (сол тілді иеленушілердің тілдік қолданысына) да барып отырады. Белгілі бір семантикалық жүк және стильдік қызмет әсіресе бейнелеуіш құралдардың барлығына тән. Сонымен қатар аудармашылар көп ретте екі халықтың да этномәдени сипатында тұрмыс-тіршіліктің ажырамас бөліктеріне байланысты осындай ерекшелікті ескеріп, түпнұсқадағы қазақша немесе орысша баламасын тілді игерушілердің ұғымына сәйкестендіре ұсынып отырады [59, 169 б.]. Кез келген әдеби тіл қоршаған ортадағы әрбір құбылысқа, затқа, түсінікке, еңбек қарым-қатынастары мен еңбек құралдарына, мәдени-рухани тіршілікке, қоғамдық құрылымның барлық белгілеріне дербес атау бере алады: Мұндай дербес атау бір тілде нақты жеке сөз түріне, екінші тілде сөз тіркесі түрінде көрінуі, басқаша айтқанда, номинациялық атаудың сыртқы түрі әр тілде әр басқа болуы мүмкін. Мұндай аталымдар екітілді сөздіктерде беріледі. Екітілді сөздіктер тілдердің әдеби айналымындағы сөздік құрамын бір-біріне мағынасы, ұғымдық- мазмұндық көлемі сәйкес келетін, тіркесімділік қабілеті, стильдік реңктері толық немесе ішінара тұспа-тұс түсетін баламаларды тіркейді. Олар бұл сәйкестіктерді сөздіктегі сәйкестіктер деп атайды. Сөздіктегі сәйкестіктер – бірнеше тілдердегі мағыналарының бірі арқылы бір-біріне сәйкес келетін, бір ұғымды, түсінікті, затты құбылысты атайтын, яғни ұғымдық көлемі бірдей, эмоционалды-экспрессивті, стильдік мағыналарының арасында айтарлықтай айырым белгілер жоқ тілдік бірліктер. Сөздіктегі сәйкестіктерді белгілі ғалым Л. Бархударов “тіларалық синонимдер” деп атайды және ұғымдық көлемі, стильдік реңкі, экспрессивтік қызметі тұспа-тұс келетін баламаларды тіларалық абсалютті синонимдер, ал экспрессивтік, стильдік сипаттаммаларының айырмашылықтар барларын “тіларалық отноститілді синонимдер” деген топтарға ажыратады [60, 56 б.]. 105 Сәйкестіктер, сөздіктегі сәйкестіктер аударманың екі жақты талабын сақтауға айтарлықтай кедергі келтірмейді. Көркем әдебиеттің оны өзге стильдік тармақтардан даралайтын сипаты – тілдік қордың түгелдей қозғалысқа түсуі. Шығарманың басты позицияларына сәйкес қаламгер әдеби тілден тыс элементтерді (диалектизмдерді, көнерген сөздерді) жұмсауға, бір сөзге алуан түрлі бояу-реңк үстеуге, өз тарапынан окказионализм қолданыстар жасауға құқылы [59, 174 б.]. Екі тілді сөздік көркем әдебиет жанры түрлендіретін сөз бояулары мен астарлы, ауыспалы мағыналарының баршасын қамтиды (және қамтуға міндетті де емес). Аудармашының өз бетінше балама іздестіруіне тура келеді, зерттеуші В. Комиссаровтың сөзімен айтқанда, “аударма ісі сөздік біткен жерден басталады” [65, 59 б.]. Мұның мәнісі – аударма жасау бір тілдегі тілдік құралдарды екінші тілдегі сәйкес баламалармен ауыстырумен ғана шектелмейді; бір тілде айтылған (жазылған) ойды екінші тіл арқылы жеткізуге екітілді сөздіктерде берілген баламалардың мүмкіндігімен қанағаттану жеткіліксіз деген сөз [59, 174 б.]. Сөз түрлендіру (транформациялау) – көркем аударманың негізгі талаптарының үдесінен шығу үшін жүзеге асырылатын процесс. Дей тұрсақ та, қазақы тілдік орта ерекшеліктерін оқырманының қабылдауына шынайы жеткізу үшін қалай болғанда да сөз түрлендіру, түпнұсқадағы сөздердің орнын ауыстыру әрекетін ұдайы жүргізіп, жақсы деңгейдегі аударма жасауға осыны басшылыққа алу қажет деген қағида туындамайды. Сөз түрлендірудің дәйектемесі, уәжі болуға тиіс, яғни дәлме-дәл баламаның орнына семантикасы жуық өзге тілдік элементтің қолданылуының себебі анықталуы қажет. Сөз түрлендірудің себебі анықталған жағдайда контекстің аудармасын бағалауға мүмкіндік туады. Аудармашыға қойылатын талап: ол екі тілді де барынша жақсы білумен қатар өзі тіл сырын, сөз мәнін, көркемдіктің қадірін білетін, өмірге суреткерше қарап, әрбір көрініс пен құбылысты көркем образдылық тұрғысынан ұғына алатын қиялы ұшқыр, ойы терең, жаны сергек те сезімтал, ақындық-жазушылық дарынның иесі болуы керек. Аудармашы қаншалықты дарынды болғанымен, екі тілдің де сырына қанықтығымен қатар, автордың ойы жеткен дәрежеге көтеріле алатындай жан-жақты білім иесі 106 болмаса, екінші тілде оқушыларға түпнұсқаның бар қасиетін ашып бере алмайды. Мәтін аудармасының тетіктері әсіресе көркем аудармадағы берілген ұлттық болмыс әлі де толық зерттелмеген. Ұлт жазушылары көркем шығармаларының осы заманғы аудармаларында көрінуі, аударма тәжірибесінің, тілдік бірліктердің кең мүмкіндіктерінің болуы шығарманың мазмұнын беру үшін ең тиімдісі осы екенін дәлелдейді, аудармашылар семантикалануды мемлекеттану фонының лексикалық түсінігін ашуға септігін тигізетін саналы әрекет ретінде және ұлттық- мәдени колоритті сақтау үшін қолданады. Сөзді дұрыс пайдалану аудармашыға тілдік бірліктердің семантикасын және мәдениет ерекшеліктерін ашуға мүмкіндік береді, осынысымен аударманы түпнұсқаға жақындатып, оқырман қабылдауына жеңілдік жасайды. Бұл ретте аудармашы басқа өмірдің көріністерін танытады және мәтінді ауырлатпайды. Аудармашы тіларалық қатысымды жүзеге асыра отырып, өз алдына белгілі бір мәжеге, нысанаға жету үшін мақсат қояды, соны орындауға бар күш-жігерін жұмсайды. Негізінен, осы нәтижені төрт топқа бөлуге болады. Біріншіден, аудармашының міндеті – рецепторда берілген ақпараттың баламасын түсінуін қамтамасыз етуге тіреледі. Екіншіден, аудармашы белгілі бір қатысымдылық тиімділік орнатуға, рецептордың берілген ақпаратқа деген жағымды эмоциялық көзқарасын оятуға талпынуы тиіс. Үшіншіден, аудармашы рецепторды нақты бір қызмет арқылы өзіне қаратып, оның белгілі бір практикалық реакциясын сыртқа шығаруды мақсат етуі керек. Ал, төртіншіден, аудармашы өз аудармасынан “экстрааудармашылық” нәтиже шығаруды, түпнұсқаның балама жолмен қайта туындауына ешқандай қатысы жоқ кейбір идеологиялық, саяси немесе тұрмыстық міндеттерді шешу мақсатында қолдануы мүмкін. Жалпы Ә. Нұрпейісов шығармашылығындағы метафоралық қолданыстар оны аударма жасау барысындағы баламалары қаламгердің бүкіл әлемді суреттеу арқылы жасаған кең дүниесі десек артық айтпаған болар едік. Автордың шығармаларында қамтылмайтын өмір құбылысы, айтылмайтын ой жоқ десе де болғандай. Оның адамдары мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы жағынан мейлінше әр алуан. Суреткер адам тұлғасын неше түрлі 107 қырларынан көрсетеді. Оның тілі – қазақ тілінің бүкіл қоймасы. Жазу мәдениеті мен стилі жағынан ол – жалпы қазақ әдебиетінің шыңы. Сондықтан Ә. Нұрпейісов сияқты жазушының шығармаларын орыс тіліне немесе басқа тілдерге аудару – тек аудармашылар үшін ғана емес, екі ұлттың қазіргі өскелең мәдениетіне қойылатын зор сын. Дарынды жазушының табиғатта болып жатқан апатты жан дүниесімен сезіне білгенінің нәтижесінде өмірге, шығармаға образды сөздердің мыңдаған түрі келді. Метафоралар тек бір ұлттың, бір халықтың ана тіліне ғана тән элемент болып, томаға-тұйық қалмай, басқа ұлт пен халықтың мәдениеті, әдебиеті, тікелей қарым-қатынасы арқылы да екінші халықтың рухани қазынасына айналады. Мұнымен бірге метафоралар көркем әдебиет, тарихи әдебиет арқылы ауысып интернационалдық сипат алады. Метафоралардың философиялық астары, екінші мән- мағынасы, қосалқы, жанамалы бояу-нақышы мол болғандықтан оларды аудару тәсілі де басқа сөйлемдерді аударудан өзгеше болмақ. Осыған орай, аударма теориясы мен тәжірибесінде метафоралар, негізінен алғанда, мынадай қиындықтар тудырады. Метафоралы сөйлемнің бірінші тобы – аударуға қиын тиетін түрлері. Аударуға қиын болатын себебі, мұндай сөздер мен сөйлемдер көбінесе белгілі бір ұлттың тіліне, дәстүріне, оның тұрмыс салтына ғана тән болғандықтан және аударғанда тікелей мағынасын (сөзбе-сөз) аударып жеткізу арқылы түпкі мағынасын бере алмайтындықтан мұндай метафораларды аудару көп ойландырып, толғандырады. Аудармашы өз ұлтының тіл қорындағы баламаларды тізе, іріктеп, електен өткізе отырып, егер тиісті баламасы табылса, сөйлемді мән-мағынасына лайық аударуға тиіс. Аударма тәжірибесінде аудармашы түпнұсқаның аса толық мағыналық және идеялық мазмұнын жеткізуге басты назарын аударды. Бұл маңызды міндет, бірақ ол жалғыз міндет емес. Аудармашы автор тілінің жеке ерекшеліктерін басқа тілдік тұлғада жеткізуге, басқа тілде сөйлейтін оқырманына жазушы стилін өз қалпында сақтап жеткізуге міндетті. Әсіресе осы ерекшеліктер аудармашының назарына жиі түсе бермейді. Аударма барысында аудармашы көп нәрсені елемеген жағдайда көріксіз, өзінің тілдік ерекшеліктеріне өте ұқсас егіз-аударма- 108 сымақ туындатады. Егер біз түпнұсқа тілінен автордың меншігін, өзіне тән ерекшелігін жиі анықтай алсақ, онда аудармадағы жеке авторлар стильдерінің айырмашылықтарын табу қиынға соғады. Бұл жерде әңгіме теориялық жоспардағы мәселенің жеткіліксіз зерттелгендігінде ғана емес. Аудармашыға түпнұсқаның мағыналық мазмұнынан басқа, стильдік ерекшелікті арнайы лингвистикалық зерттеудің негізінде тұтастай анықтау оңайға соғады. Аудармашы жұмысқа кіріспес бұрын, ең алдымен, түпнұсқаны талдаудың негізінде автордың немесе сол автор шығармасы тілінің ерекшелігі неге тірелетіндігін анықтап, оның аударма барысында берілу мүмкіндіктері жайлы мәселені шешуші қажет. Бұл мазмұн мәжесі – жағынан зерттеуді талап ететін күрделі міндет. “Сөз сарасын таппаса, образды ой көрік алмақ емес, озат ой- өріс алмақ емес. Көркем суретті образ жасағанда жалпы халық тіліндегі күнде қолданып жүрген қарапайым сөздер тура мағынасында үнемі кәдеге жарамауы мүмкін. Мұндайда тура мағыналы сөздер эмоционалды әрі әсерлі түр, бояу-бедер беріп, әр түрлі стильдік сферада метафораландырып сөз саптау қажеттігі туады” [40, 8 б.]. Метафоралы сөздің қандай жағдайда дүниеге келетінін, не қызмет атқаратынын осы ғалымның пікірінен де анықтай түсеміз, яғни сөзден жаңа мағына туғызудың, сөздік құрамды байытудың бір жолы – метафора. Дүние жүзінің көптеген тілдеріне аударылып, оқырман ілтипатына ие болған осы тарихи туындылардың көркем тілі – жазушы талантының жемісі. Қазақ халқы сөз құдіретін терең сезінген. Сондықтан болар бізге ертеден келіп жеткен інжу-маржан сөз үлгілері өте көп. Солардың анаусы артық, мынаусы кем деп бөліп-жарып қарайтын ештеңесі жоқ. Мейлі теңеу, мейлі метафора, эпитет, кейіптеу, егіздеу, дамыту, үдету, символ, метонимия, синекдоха – бәрі-бәрі тіліміздің өте оралымды да бай, бейнелі тіл екенін дәлелдей түседі. Халқымыздың сөз қазынасын қопармайтын сөз зергерлері жоқ. Қаламгердің өздері ойлап тапқан сөз айшықтары эстетикалық қажетті өтеп бере алса, тіпті жақсы. Авторлық көріктеу құралы әдеби тілге қосылатын лексикалық қазына болып табылады. 109 “…Өткір стилистикалық метафоралар (және салыстырма) заттар арасындағы жасырын ұқсастықтарды айқындайтын, суреттеліп отырған құбылыстың көрінбейтін жақтарына назар аударатын, сезімдермен айшықталатын, әртүрлі қосымша, жанама көріністерді туындататын өзінше бір жаңалық ретінде көрінеді, сонысымен олар суреттеліп отырған құбылыстың айқын бейнелілігін қалыптастырады және автордың пікірін білдіреді” [89, 86 б.]. Жазушының қалам тартқан романы Арал тағдырына арналған шығарма болса, ондағы оқиғалар сол жердегі халық, табиғат, мәдениет, тілге негізделсе, көріктеуіш амал-тәсілдер образды, бейнелі сөздер. “Бір нәрсені, бір құбылысты басқа нәрсемен, құбылыспен салыстыру соларды әдейілеп күшпен жақындастырудан, байланыстыруға әуестіктен тумайды, табиғи түрде адамның өмір құбылыстарын сезіну, зейінге алу, көркем ойлау процесіндегі жарқ етіп елес беріп, бір сәтте көрініп қалатын сезім – әсер жалғастығы – ассоциация арқылы жасалады … ақынның жазушының сезім-әсерінің күшін суреткерлік шеберлігін танытады” [90, 75 б.]. Мұндай шеберлікке мынадай талаптар қойылады: “….. Метафораның жаңалығы поэтикалық сөйлеу үшін тән бейнелеуіш құрал ретіндегі оның ең басты белгілерінің бірі болып табылады. Қайталанбас метафора жасау үшін әлемді ерекше қабылдау мен ерекше дарын қажет… Сонымен қатар метафора кейбір талаптарға сәйкес келеді. Ол жасанды, ойлап табылған болмауы керек” [91, 45 б.]. Ә. Нұрпейісовте ойға сыймайтын не поэтикалық деңгейі төмен не бейнелігінің қуаты аз сөз жоқ. Барлығы да қазақ халқының ұғымына лайық “өлшеп- кесілген” мысалдар. “Поэтикалық (контекстік) метафора ойға әсерлі, әрі айқын жеткізу үшін қажет және ойдың көркемдігі жалпы халыққа таныс суретке құрылуымен тығыз байланысты” деген пікірге де жазушы метафоралары сәйкес келеді. [34, 93 б.]. Шығарманың идеясын аша түсу үшін жұмсалатын метафораларда бағалаушылық сыр танымдық қасиет көрініс береді. Автор мұндай метафораны қолдану арқылы суреттеп отырған затқа, не құбылысқа өзіндік көзқарасын, қатынастарын білдіреді, тұжырымын жасайды. Сонымен қатар көркем әдебиетте образ, образдылық дейтін ұғымдар бар. Кең мағынасында образ көркем бейне деген түсінік 110 берсе, тар мағынасында образдылық сөзбен жасалған бейне деген ұғымға саяды. Яғни әдебиет – бастан-аяқ образбен, суретті сөзбен айшықталатын, сол арқылы көрнекі, толымды картина жасайтын көркем құбылыс. Сөз зергерінің ойлау жүйесінен образдылықты бөліп алып қарастыруға болмайды. Өйткені кемелді, бояу бедерлі көркем образдылық сындарлы ойдың сыртқы қаңқасы ғана емес, кең дарияның тегеурінді, толқынды қатты ағысындай оның жанды өзегі болып табылады. Сол себепті әдеби шығарманы оқыған оқушы көз алдына түрлі-түрлі өмір картиналарын елестетіп, кейіпкерлердің бұлтағы, бұралаңы көп жан иірімдеріне тереңдеп бойлап, етжүрегі елжіреп толқиды, тебіренеді. Әрине бұл – суретті сөздің құдіретінен туатын эстетикалық әсер. Аударма жасау арқылы тілде сөз құраудың, ойды бейнелеудің алуан жаңа тәсілдері туады, жазу шеберлігі артады. Қазақ тілінде жазылған қандай да бір шығармадан да, орыс тілінде жазылған шығармалардан да, өзге тіл мәдениетінің ықпалын таппау мүмкін емес. Айтайын деген ойды белгілі бір қанатты сөздермен өткірлей түсу үшін, сөйлем арасындағы бөгде бір ойды көркемдеу құралын оның ішінде метафораларды анықтау қолданып отырады. Мұндайлардың көбі аударма әдебиетінің әсерімен келіп жатқандығы да кәміл. Әсіресе, күрделі ойды күрделі сөйлеммен, бейнелеуіш құралдарды, оның ішінде метафораларды көркемдік оймен беру жағынан аударманың әкелген жаңалықтары өте көп болады.