Соғыс пен құқық туралы түсінік

Ортақ ішкі мемлекеттік құқықпен байланыстырылмаған адамдардың барлық өзара даулары соғыс пен бейбітшілік ахуалына қатысты; әлі халық болып бірікпеген немесе әр түрлі халықтарға жататын адамдардың ­ жеке адамдардың да, тақсырлардың өздерінің де, сондай­ақ соңғыларымен құқықтары тең адамдардың, атап айтқанда – атақты тектен шыққандар мен республикалардағы еркін азаматтардың даулары осындай. Ал соғыстар бітім жасау үшін жүргізілетіндіктен және соғыстың тұтануына апарып соқтырмауы мүмкін дау жоқ болғандықтан, соғыс құқығын баяндауға орай әдетте соғысқа ұласатын қандай алауыздықтар туындайтынына тоқталған жөн. Соғыстың өзі болса одан кейін бізді өзінің түпкі мақсаты ретіндегі бейбітшілікке жеткізеді. II. Біз соғыс құқығын түсіндіруді ниет еткендіктен, сөз болып отырған соғыс дегеніңіз не және мәселе етіп қойылған құқық дегеніңіз не деген мәселені зерттеу қажет. Цицерон соғыс дегеніміз күш жарыстыру деп кесіп айтады. […] Соғыс дегеніміз күш қолданып күресу ахуалы. Осынау ортақ ұғым кейініректе сөз етілуі тиіс кез­ келген соғысты қамтиды. Бұған «соғыс» сөзінің шығу тегі қайшы келмейді, өйткені duonus ­ bonus болып, алdins ­bis болып кеткені секілді, helium [соғыс] сөзі неғұрлым көне пошымынан ­ duellum [жекпе­жек] сөзінен шығады.Duellum дәл осы мағынада біз үшін «бейбітшілік» «бірлесу»дегенді білдіретін duo [екі] сөзінен шығады. Дәл сол секілді гректердегі polemos [соғыс] сөзі «көп адамдық» нобайлаудан шықты; көне заманда «дененің ыдырауынан» due [азап] сөзі шыққаны секілді lue [дау­жанжал] шығарылған еді. 3. «Соғыс» сөзін осы кең мағынада қолдануға тіл қарсыласпайды. Алайда бізге соғыс атауын тек қана мемлекеттердің қарулы қақтығысына беруге ештеңе де кедергі жасамайды, себебі, сөз жоқ, тектік атау сондай­ақ бір немесе екінші түрге, әсіресе басқа түрлердің алдында қандай болсын ерекше артықшылығы бар түрге жиі өтеді. Мен соғыс ұғымының анықтамасына әділдік нышанын енгізбей отырмын, себебі осы зерттеудің міндетін қандай болсын соғыс әділ болуы мүмкін бе және нақты қай соғыс әділ деген мәселенің шешілуінің нақ өзі құрайды. Дегенмен мәселенің қойылуын сұрақ қойылатын заттың өзінен айыра білген жөн. III. Осы зерттеуге «Соғыс пен бейбітшілік құқығы туралы» деген ат қоя отырып, біз, біріншіден, бұған дейін айтылғандай, қандай болсын соғыс әділ болуы мүмкін бедеген сұрақты түсініп білмекпіз. Және одан соң – тағы бір сұрақ: соғыста әділ не болуы мүмкін? Өйткені құқық бұл жерде өзге бірдеңені емес, әділ дегенді білдіреді, оның үстіне көбінесе мақұлданған емес, теріс мағынада, себебі құқық деген әділдікке қайшы келмейтін нәрсе. Ал әділдікке қайшы келетіні ақылға ие тірі жандардың табиғатына жек көрінішті нәрсе. [… 2. Әділдіктің бір түрі теңдестер арасындағы қарым­қатынастан, ал екіншісі – басыңқылар мен бағыныштылар арасындағы қарым­ қатынастан тұрады. Сондықтан осы соңғы түрді үстемдік құқығы, ал біріншісін ­ теңдік құқығы деп атасақ, біздің қателесуіміз екіталай.

Читайте также:  Мемлекеттің пайда болу себептері және анықтамасы туралы

Оставить комментарий