СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОН РОМАНЫ

Қазіргі заман жапон әдебиеті, барлық дамы- ған капиталистік қоғамдағы әдебиет секілді, өзіндік идеясымен, шығармашылық ағымымен, әдеби өнімнің үлкен көлемімен бейнеленеді. Сонымен қатар ол, ұзақ жылдар бойы дамыған ұлттық шығармашылық салт-дәстүрдің жемісі болып табылады. Бір мақала көлемінде қазіргі заман жапон әдебиет үрдісінің ерекшелігінің типологиясын толық аңғару мүмкін емес. Мұн- да тек бірнеше ғана соғыстан кейінгі жапон романының типтері қаралады. Бұл романдар елдегі мәдени және идеологиялық жағдайлар- дың орын алғанымен ерекшеленеді. Жапон милитаризмінің соғыстағы жеңілісі, жапон қоғамында жаңа дәуір басталды деген ұғымды білдірді. Бұл дәуір, әрине, жапон әдебиеті тарихына да өз қолтаңбасын қалдырды. Мемлекетте болған қасірет, өткенді санасына түюді талап етіп, сол соғыста қаза тапқан миллиондаған адамға кімнің жауапты боларын ойлануға және бұған әрбір адамның қанша- лықты кінәлі екенін түсінуге шақырды. Өзінің жоғарғы мәртебесі орай жапон әдебиеті бұл сұрақтарға жауап беруден қашып кете алмады. Өткеннен дәріс алуға деген жалпы қызығу- шылық нәтижесінде соғыста жақындарынан айрылғандардың қасіреті мен қайғысын бейне- леген және милитаризмнің күш-қуатын еш аяу- шылықсыз сынға алған шығармалар туындай бастады. Соғысқа қарсы тақырыптағы мұндай шығармалар қатарының күрт өсуі бұрын-сонды жапон әдебиеті тарихында болмаған жайт еді. XIX аяғынан бастап жапон қоғамы империа- листік агрессия жолына аяқ басқандығын ресми үгіттеп, императорлық әскери күштің жеңілмей- тіні тезиске айналса, әр жапондық үшін құдай- лар мемлекеті соғысында қаза болу ең үлкен ба- қыт саналды. Әскерилерге сын айту қатерлі болды. «Әскерилерге қарсылық» және «мемлекетке қарсылық» сөз тіркесінің синоним ретінде қа- растырылды. Жоғарылар билігіне көңілі тойма- ған тақырыптағы XX ғасырдың басында пайда болған екі-үш шығармалар авторларын жапон- қытай және жапон-орыс соғыстарынан кейінгі елдің біраз бөлігін қамтыған шовинистік көңіл- күйде болғандар тіпті өшпенділік танытып, сын жебесінің астына алды. Тіпті бірінші дүние- жүзілік соғыстан кейінгі Ұлы Октябрь социа- листік революциясына ұласқан бүкіләлемдік демократиялық қозғалыста Барбюс, Ремарк, Хемингуэй, Олдингтон сынды жазушылар легін, жапондық антиәкери әдебиет қозғалысымен салыстыру мүмкін емес. 20-жылдар аяғындағы елдің саяси және мәдени өмірінде фашизм процесі басталған кезде, мұндай шығармалар- дың тууы мүмкін болмаған. Сол себепті соғыс- тан кейінгі алғашқы онжылында пайда болған әкерилер мен милитаризмге қарсы романдар Жапония үшін романның жаңа типі болды. Жапон армиясына арналған талантты әрі қатігез романның бірі Нома Хиросидің «Бос аймақ» (1952) шығармасын айтуға болады. Номаның антимилитаристік тақырыбына бетбұ- рысы жазушының өмірлік тәжірибесінен алын- ған. Ол 1941 жылы армияға шақырылып, біраз уақытта өзінің теріс сенімі салдарынан Осаки әскерилер түрмесіне қамалып, онда «жапон императорлық солдаты» түсінігі кеңейеді. Автор «Бос аймақ» шығармасында өз сорпа- сында өзі қайнап бітпейтін әскери бөлімшенің кішкентай бір әлемін барынша шынайы түсін- діруге талпынған. Мұндағы солдат күн тәртібі оны адами сезімдерден айырып «тірі меха- низмге» айналдыру мақсатында құрылғанын меңзеген. Командирлерінің қатігездіктерінен әбден зардап шеккен солдаттар, реніштерін өз- дерінен кіші не әлсіздерден тура сондай қаты- гездікпен алады. Олардың басым бөлігіне армия қатарындағы борышы — еңсенің түсуі. Мұндағы басты кейіпкер қатардағы Китани өзінің жеке басының намысын қорғап қалғанымен, айтар- лықтай нәтиже бермейді. Жазушы үшін жапон- дық «императорлық» армия – тірілердің құр- дымға кететін «бос аймағы». Оока Сехэйдің «Жазықтықтағы өрт» (1951) романының пафосы — соғысты кінәлау. Роман жапон әскери күшінің Лейте аралында тас тал- қаны шыққанын әңгімелейді, Нома романы секілді, соғысқа қатысқан жазушының басынан кешкендері шынайы көрсетілген. Бұл шығарма жапон әскері авантюризмін әшкерелейді. Лейте аралында жоспар жүзеге аспайтынын алдын-ала білгенмен, солдаттарға бұйрық беріп, бас штаб қашып кетеді. Солдаттар еш қаперсіз жау қолында қалады. Жазушы тек фактілерге жүгінбей, оқырманға үлкен ой тастай білген. Автор солдаттардың милитаристік жақтаушы- лардың құрбанына айналмағандарында соғыс- тың болмайтына кәміл сенетінін алға тартқан. Сол милитаристердің серіктесіне айналған солдаттар жол бойы жергілікті халықты ұрып, зорлап, өлтіреді. Романдағы өрт – филлипин- дықтардың «жауыздардан» есесін қайтару символы. Жазушының соғыстың адамдарды тек физиялық жолмен емсе, рухани құлдырауға 70 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(55). 2011 алып келетінін шебер көрсете алғанында. Мыса- лы, романның басты кейіпкері – қатардағы Тамура табиғатынан өте мейірімді жан болғаны- мен, филлипин қызын кенеттен өлтіріп қойып, адам өлтірушіге айналғанын өкінішпен жеткі- зеді. Осы сияқты антиәскери қатарында Хотта Есиэнің 1937-1938 жылдардағы Қытайдағы жапондық агрессияда орын алған оқиғаны бейнелейтін «Уақыт» (1953) шығармасы да бар. Жазушы қытайлық интеллигенттің Отанын қорғауға шыққанымен, оның жанының соғысты қаламайтынын щебер жеткізген. Алдыңғы екі автор романдарымен салыс- тырғанда Х. Есиенің шығармасының тақырыбы халықты рухани күш көзі ретінде қабыл- дауымен ерекшеленеді. Жапондық антиәскери әдебиетте алғаш рет императордың соғыс үшін жауаптылығы туралы сұрақ туындайды. 60 жылдарды «жапон импе- риализмінің жаңа құрылымының қалыптасып біткен» кезі еді. Тағы да Жапония әлемнің капиталистік мемлекеттер қатарына енеді. Міне, осы кезден әдебиетте күнделікті өмірді бейне- леуші романдар туындай бастады. Есиюки Дзюнноскенің «Қараңғы бөлме» (1969) атты романында протагонисттің өмірге деген қызығушылығы азая түседі. Наката – тек өз принциптерін ұстанатын, өзіне ғана көңіл бөлетін адам. Ол — рефлексия мен депресияға жақын адам, әрі «қолда жоқ жақсы затқа айырбас» деген инерциямен өмір сүретін адам. Оның не жанұясы, не достары жоқ. Ол өзінің шынайы өмірге бейімделе алмайтындығын түсініп, өз бетінше өмірден алшақтауды жөн санайды. Оның бақыт туралы концепциясы қайғы-қасіреттің жоқ болуымен тең келеді. Ол үшін жалғыз ғана қызығушылық танытатын нәрсе – ол рахаттану сферасы болып табылады. Оның ойынша, адам өзінің бойындағы жасырын қасиеттерін аша алатын аумақтардың бірі секс болып саналады, оны алдын ала жүйеленіп қойған күнделікті адам өмірінен гөрі адам бойындағы алғашқы қасиеттерді ашуға жақсы көмектесетін аумақ деп ойлайды. Қаһарманның жалғыздық пен мақсаты жоқ өмірден қашып құтылатын ең соңғы жері көңілдесінің әрдайым терезелерін қымтап қойған қараңғы бөлмесі болады. Бұл әрдайым қымталған терезелері бар бөлме романда өзіндік бір ерекше кейіпкердің ролін сомдайды. Алайда өмірінің рахаттанумен ғана шектелгендігі кейіпкерге бақыт алып келмейді, керісінше ол өзін жалғыз және өмірінің мәнсіз өткізіп жатқан сыңайлы сезініп, күйінеді. Жапон сыншысы Исода Коити Есию- кидің бұл туындысын талдай отырып, ондағы қалыптасқан «сыртқы әлемдік қозғалысқа деген қарсылық құштарлығының бейнесіне» ерекше назар аударады /4, 53/. Мұнымен келісуге болмайды. Айта кететін жайт, кейіпкердің ішкі жан дүниесінің қозғалыста болмауы. Осылайша 60-жылдары авторлардың айна- ладағы әлеуметтік–саяси жағдайдағы романдар емес, күнделікті тұрмыс тіршілікті суреттейтін романдар типі арта түседі. Шындықтың кеңдігі азайады, оны сыни тұрғыдан қабылдау төмен- деп, пафос жоғалып кетуге жақындайды. Бұл орталықтандырылған роман эмпирикалық белгі- лерді суреттеумен шектеліп, заманауи қоғам- ның белгілерін сипаттауды өзінің мақсаты етіп алады. Құбылысқа мән беруге қарсы шығуға байланысты өмірдің түрлі факторлары бір су- ретке сыйыспай ондағы принциптар бұзылып жатады. Осы кезеңгі роман — XIX ғасырдағы тұрмысты бейнелейтін ағылшын романдарына тән адами құндылықтардан жұрдай. Жапон ро- мандары буржуаздық қоғамның құндылық- тарының төмендеуі мен рухани өмірмен айыры- лысуындағы әншейін күнделікті тіршілікті суреттейді. Буржуазиялық қоғамның шынайы өмірге қарсылығы «орталықтанған» романда кездейсоқ оқиғалар формасында бейнеленген. Кейіпкердің тағдыры қоғамдық өмірден айшық- талған, тек қана өзінің жеке қасиеттеріне бағы- нышты күйінде бейнеленеді және өмірде кезде- сетін кездейсоқ жағдайлардан да оқшауланған, мысалы Кодзимо Нобуоның «Жақсылық тілеу- ші адамдарындағыдай» кездейсоқ апаттардан өмірде ешкім қалмайды. «Орталықтанған» романдағы әрекет етуші адамдар саны азайып, олар қоғамдық таптың адамдарынан құралады. Сюжеттің негізін «мәң- гілік тақырыптар» құрайды, олар – жеке басының бақытын іздеу, адамның табиғатпен етене байланысы т.с.с. Жазушының көңілі арнайы әлеуметтік мінездік анықтамаларсыз ақ ашыла бастайтын кейіпкердің психологиясына ауады. Сонымен қатар орталықтану күші сезіну анализінен кейіпкердің эмоционалдық өміріне ауысады. Кейіпкердің қайғылары да өзі өмір сүретін бір қалыпты өмір сынды бейнесіз. «Орталықтандырылған» романдардың кейіпкер- лерін көбінесе әлсіз, ештеңеге қызықпайтын, майда масштабты адамдар саны құрайды. Олар- дың қызығушылық шеңбері жалғыздық қуаны- шы мен қайғысынан аспайды және қарапайым адамдармен қызықпайды. Әлеуметтік байла- нысты үзгендеріне қайғырып, оның шешімін жалғыздықтан, индивидуализмнен, эгоизмнен іздейді. Мұндай «дегерозация» оның натуралистік бағытқа әрдайым жата бермейтіндігін айтады. Керісінше олар кез келген адамның бағалы- лығын, тіпті көзге көрінбейтін адамдар ерекше- Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2(55). 2011 71 лігін алға тартады. Автор өзінің күнделікті өмірдің қарапайымдылығына еніп кеткен кейіп- керіне жаны ашиды. Антимилитарлық роман- дардағыдай кейіпкердің сәйкесетін конфлик- тілік оқиғасының жалпы тарихи мағынасы жоқ. Ал орталықтандырылған романдарда әрбір адамның бақытты болу проблемасы жалпы- халықтық мәселе екендігі айтылады. Мұндай типтегі романдардағы кейіпкерлердің мінезі өз халқына тән болмағанымен, олар көбіне уақыт- тық аралықтықты қамтиды. Ол «орталықтан- дырылған» романдары өзінше өзекті етеді. Кейіпкер анализ жасауға жеке тұлға ретінде онша қызығушылық танытпағанымен, ол қоршауындағылардың түсіністігін талап ететін, оның бақыты үшін барлық уақыттағы адамдар мен халықтар ат салысатын қарапайым адам. Мұнда 60-жылдардың «орталықтандырылған» пафосы тән. «Орталықтандырылған» романдардың дағ- дарыстық жүйесімен қатар жапон әдебиетінде жаңа «орталық» тип пайда болды, онда әлеу- меттік мәселелер — абстрактілі характерге ие. Романның бұл метафоралық деп атауға болатын түрі өзінің дамуын Абэ Кобо және Оэ Кэндза- буро шығармашылығында өз орнын тапты. Мұндай романдарда кездесетін аллегориялық мәселелер авторға адамдар мен заман талабына қарсы тұрған этикалық және философиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысал ретінде, жапондық сыншылар өзіне «бюрократиялық жүйе механизімін айшық- тайтын бағытта» сын күшімен назар аудартқан деп бағалаған Кайко Такэсидің «Үрей» (1957) повесін атауға болады /5, 657/. Жеке тұлға мен буржуаздық мемлекеттің қоғамдық механизмі арасындағы жаңа жанжалдар шекарасы аңыздар түрінде берілген, автор Жапонияның бір аума- ғына шексіз тышқандар санының басып алуын суреттейді. Т. Кайконың повесінде тышқан- дардың басып алуы сюжеттік байланыс ретінде ғана қолданылады. Ары қарайғы оқиғалар шы- найы оқиға ретінде жалғасады. Бұл оған елдің қоғамдық өмірінің қарапайым кезде жасырын басқарылуын ашық көрсетуге мүмкіндік береді. Т.Кайконың салған басқарушы бюрократияның портреті ащы сатиралық мәнерде болған. Жа- мандықты тоқтатуға және адамдарға көмек- тесуге тырысқан оңшыл кейіпкер жалғыз. Ол өзін қоршағандардан өзінің ақылымен ерекше- ленеді. Дәл осы ерекшелік оны «орталық- тандырылған» романдардан ерекшелейді, деген- мен олардың арасында өте алмайтын жол жоқ деп айтуға да болмайды. «Үрей» кейіпкеріне өмірдегі қиыншылықтардан қашып құтылуға көмектесетін өзінің ойлап тапқан әдісі «мини- макс» – минималды энергия жұмсап, макси- малды нәтижеге қол жеткізу – конформизм тәсілі. Бұл жолды таңдаған кейіпкердің соңына дейінгі ішкі тәуелсіздігі — күмән тудыратын мәселе. Сондықтан оның жеңілістері қоғамдағы теңсіздікпен қарсы күрескендегі міндеті мен арының трагедиясы ретінде қарастырылмайды. «Орталықтандырылған» романдармен салыс- тырғанда ол алғашқы жылдардан ақ еркін ойлаушы адам емес, еркін сезінуші адам. Оның көзқарасына, психиологиясына қоғамдық даму- дың анық перспективасының төмендеу факторы әсер етпей қойған жоқ. Т.Кайко романдарынан да күрделі харак- терлер Абэ Кобо шығармашылығында кең та- ралған. Жазушы өмірдегі шынайы қағидаларға сүйене отырып өзіндік фантастикалық әлем ойлап табады. «Құмдағы әйел» (1967) рома- нында қатып қалған символикалық материалдар оқиғасына К.Абэ қарсылықтарға толы және қатыгез өмірден жекешеленіп өмір сүрудің маңызын бейнелейді. Жапондық сыншы Цуда Такасидің айтуы бойынша, өмірден қашу «Жанып кеткен қарта» (1967) және «Қорап адам» (1973) сынды шығар- малардың леймотивіне айналып, Абэ Кобо шығармашылығында ерекше орын алады. «Жа- нып кеткен карта» шығармасында «Құмдағы әйелдегідей» жоғалып кеткен адам жайлы сөз болады, тек қана одан өзгешелігі — оның басқа адамдары іздеуі. Алайда айырмашылық сонша- лықты үлкен бе? Баяндаушы кейіпкер жекеше іздеу орталығының жұмыскері, оған жоғалып кеткен адамның жоғалуындағы себептерін та- уып, адамды табу тапсырылған. Онымен қоса барлық шынайы, жоғалудың негізі бола алатын себептердің барлығы бірінен кейін бірі жоғала бастайды. Бертін келе, кейіпкер себептің қоғам- дық құрылыстағы мәнсіздік пен қатыгездік екендігін түсінеді. Таңертең күнде бір уақытта құлыптар ашылып, өздерін жоғалтқан адамдар көшеде қаптап кетеді. Кешке толқын артқа ағып, адамдардың барлығы өз бетінше жоғалып кетеді. Кейіпкерді қоршаушы адамдар жалғыз. Оларды болашақ пен қазіргі шаққа деген үрей билеп, өзін төмен санау сезімі басымдық таны- тады. Олар қоғамның жүктейтін өмір, «бітпей- тін өтірік», «тек арнайы заңдарды ұстану», қағидаларынан қашқысы келетіндері таңқалыс- тырады. Жазушы әр адамның өзінің жолын жеке таңдауға еркі бар екендігін көндіргісі келеді. Бұл ой адамдарды шығарманың соңына дейін бірнеше рет мазалайды. Адамның өмірдегі жолын қинап таңдатқызуға болмайды. Қуғын- шының артынан қумау керек, керісінше оған пана беру керек. Романның соңында өзін жал- ғыз сезіне бастаған кейіпкерлердің барлығы осы 72 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2(55). 2011 нәтижемен келісе бастайды. Оны «тар өлшем- дегі» өмір қанағаттандырмайды, оған шексіздік пен өзі таңдаған өмірдегі еркіндік қажет. Бұл мәтіннен адамдардың қашу мотивін шектеусіз өмір сүруден қашып құтылуға деген ұмтылыс ретінде қарастыруға болады. Дегенмен романда кейіпкердің адамның қоршаған орта алдындағы міндеті туралы сұрақ жауапсыз қала- ды. Қандай да бір міндетті қабыл алуға толығы- мен қарсы шығу, тұлғаның қоғам алдындағы қандай да бір міндетіне қарсы анархиялық қарсылық характерін қалыптастырады. Қоғам- нан алыстау қаншалықты қиын болса да, адам үшін қалыпты жағдайға айналады. Әрине осы тұста К.Абэнің жапондық буржуазиялық қоғам- нан алыстатылған өзіндік өмір құрғанын да ұмытпау керек. Дәл осы романда кейіпкерлер өмір сүріп қана қоймайды, дәрмені жеткенше қарсыласады. Дегенмен, қашқындыққа алып келетін қарсылықтың шынайылықпен алыстата- тынын айтқан Т.Цудамен келіспеске болмайды. «Жанып кеткен карта» кейіпкері бүкіл роман бойы өзін шындықпен жалғастырушы жіптерді үзумен әлекке түседі. Соңында ол өзінің өткенін ұмытады және оны қайтып қалпына келтіруден бас тартады, яғни өзін идентикалық тұрғыдан жоғалтады. Бұл амнезия толығымен «өмірден айырылу» дегенді білдірмей ме? Дәл осындай түсініктегі сарын «Қорап адам» романындағы кейіпкер де оған өш қоғамнан қашып, тар қорапшаға қашып, тығылады. Оның қалыптастырған еркіндігі — жалғыздық пен қызықпаушылық еркіндігі. Өмірмен қатынасын үзуі кейіпкердің өзіндік «менін» жоғалттырады, яғни оның жаңа жансыз дүние — «қорап адамға» айналуы. «Жанып кеткен карта» кейіпкер- лерінің бірі, қашып кетудің логикалық аяқталуы өлім болса, айтқан тұжырымды дұрыс деп таныған жөн. Мұндай жағдайда өмір қашу — басқарушы жүйеге қарсылық емес, өзіндік жігерсіздік пен оған күресуге қарсылық. К. Абэ шығармашылығына таңдайтын фор- малардың күрделілігі олардың көп мағыналы- лығында. К.Рехоның анықтамалары бойынша, К.Абэнің шығармаларының «тұлғалық заманауи қарсыластықтар мен оның қоғаммен қатынас- тары» маңызды. Олар буржуазиялық қоғамды адамның мүмкіншіліктерін шектейтін ауру өмір ретінде бейнелейді. Ұрпақтар рухани биографиясының мүсін- дері, «қауіпсіздік келісіміне қарсы» күрестегі жеңілген демократиялық күштердің жетілу кезеңі Оэ Кэндзабуро шығармашылығында өрбіді. Өзінің ең үздік «1860 жылғы Футбол» (1967) романында — өзі өмір сүріп жатқан қоғамға қарсы гармоналды, әрі жарқын тұлға- лардың жолын табуға ат салысады. Романның тақырыбы «қауіпсіздік келісімі» мен Жапо- нияның белгісіз аудандарында жүз жыл бұрын орын алған көтерілістерге байланысты қойыл- ған. Жазушының назарын аударатын сұрақ ха- лық өміріндегі осындай оқиғалар мен ондағы жекелеген адамның ролі. К. Оэ ағайынды екі бауырлардың бейнелейтін екі қарама-қарсы диа- метриялық нүктелерді сәйкестендіреді. Ағайын- дылардың жанжалы дәл сол жерде жүз жыл бұрын болған көтеріліске кішісінің қатыспа- ғандығы болып табылады. Жазушы бұл шығармадағы әділдік кімнің жағында екендігі туралы сұрақтың жауабын бермейді. 1860 жылғы көтеріліс көптеген адам- дардың өлімімен аяқталды. Алайда көтеріліс шаруалардың алға қойған талаптарының біра- зынын орындалуына алып келді. 1960 жылғы «Көлеңкелі көтеріліс» те жеңіліспен аяқталған сыңайлы. Бірақ «заң сүйгіш организмдердің» қозғалуы шаруалардың санасының өсу мен қоғамдық өмірінің жақсаруына әсер етті. Кіші інісінің трагедиялық өлімінен кейін халық арасындағы оның еңбектерін бағалап, оған Буддаға арналған мерекеде арнайы «рух» маска- сын әзірлеген. Үлкен ағасының ойлары құбыл- малы, ол Африкаға барып жаңа өмір бастауды армандайды. Қызығы, демократиялық қозға- лыстар кезінде жеңіліске ұшырағандар жаңа өмір бастау үшін Жапониядан сырт елдерге аттануы керек болған. Онымен қоса кейіпкер- лердің таңдаған жолының қаншалықты дұрыс екендігін абстрактілі деп айтуға болмайды. Бұл шешім шынайы нәтиже ме, «әлде шындықтан қашып құтылудың маскіленген формасы ма? Бұл сұраққа Оэ жауап бермейді. Дегенмен де адамның өмірлік шындықты іздеу мен өзіндік жетілуін жазушы міндетті түрде көрсетеді. Оэның романдары құрылысы жағынан күр- делі. Онда қазіргі кезге өткен шақтың призмасы арқылы қарайды, ал оның негізінде дұрыс жасалған түсіндірме орналасқан. Романдардың кейіпкерлері де оңай емес. Олар шынайы, нақты ретінде қалыптасып, сонымен қатар символи- калық характерге ие. Тек осы анықтамаларға тоқталып қана, кейіпкерлердің әрдайым экстри- мальдық көңіл-күйін түсінуге болады. Олардың образдарында таңғажайып әдіспен табиғи феноменалдылық пен әлеуметтік құбылыстар бейнеленген, олардың қосындысынан жалпы бір образды көруге болады. Жазушының кейіпкерлердің тағдыры жай- лы ойлары Жапонияның «қауіпсіздік келісімі- нен кейінгі» дәуірдегі шынайы өмірімен тығыз байланысты. Алайда автор «1860 жылғы фут- болды» өзіндік ойлардан таза саяси роман ретінде сақтап қалуға тырысты. Ол ондағы «ес- Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №2(55). 2011 73 тілмейтін дауыс» арқылы «уақыттың психоло- гиялық ағымын» көрсеткісі келді /7/. Оэның «Менің жан-дүниеме дейін су тол- ды» (1973) романы да философиялық-жалпылық мағынаға ие. «1860 жылғы футбол» сынды бұл шығарма да өмірлік қарама-қайшылықтарға құралған. Зиялы ретінде көрінетін Исана өзінің жеке атомдық бомба тұрағында тығылып алып, әлемдегі қиыншылықтардан құтыламын деп ой- лайды. Еркін теңізшілер одағы керісінше, өзде- рінің символы етіп сенімділікті алады. Ағаштар мен киттерді құтқаруды ойлайтын Исана әлі толығымен өмірден алыстатылмаған. Полиция мен саясатты жек көретін жасөспірімдер өзде- рінің айналасында зұлымдық атмосферасын қа- лыптастырады. Заманауи жаһандануды қабыл- дау Исананы ерікті теңізшілер одағымен бірік- тіреді, соңында олардың ойлары бір жерден шығып, алғашқы ойларынан айрылады. Бірақ жастардың мақсатсыз, жоюшы әрекеті әлемді қиындықтан қорғаудың әдісі емес. Қор- шаған ортаның қатыгездігінен құтылудың бір- ден-бір дұрыс жолы «1860 жылғы футболдағы» үлкен ағасының өлімі сынды, өзін-өзі өлтіру болып саналады. 60-70 жылдардағы метофоралық роман- дардың бірінші онжылдыққа тән әлеуметтік қарсылықтың жоқтығымен, мағынасы жағынан да, әдеби құрылымының типі жағынан да өзге- ше. Алайда Абэ Кобо және Оэ Кэндзабуро сынды суретшілердің туындылары өзінің шек- тен тыс күрделілігіне қарамастан жапон қоғамы- ның заманауи өмір сүруі мен ондағы миллион- даған адамдарды мазалайтын сұрақты көтереді. П.Палиевский мұндай әдебиетті әлеуметтік мәселелерден оқшауланған ретінде көруіміз қателік болады деп дұрыс көрсетеді. Ондағы сипатталған ауырлыққа толы және шынайы емес жағдайлардың өзі әлеуметтік мәселелердің рухтандырушысы /2, 97/. Олардың шығарма- ларында әлеуметтік трактат пен фантастика да аз кездеспейді. Өмірдегі гармонияның жоқтығы көркем формалардың да гармониясының жоқ- тығымен сипатталады. Жазушылар бәрін жақтаушы автор ролінен бас тартады. Олардың баяндайтын оқиғалары кейде қарсылықтарға ие болып, дұрысталып және нақтыланып отырады. (мысалы «1860 жылғы футболдағыдай»). Оқиға- лардың ішінде кейіпкерлердің ортасы ретінде толығымен тұлға ретінде танылмаған, анонимді болатындары да («Қорап адам» немесе «Құм- дағы адам» романдарындағыдай) бар. 60-70 жылдардағы романдардың метофора- лығына жапон қоғамындағы философиялық, идеологиялық және саяси бағыттардың кең та- ралуы ықпалын тигізген. Бұл романдарға тари- хилық және эмоциональдылық пен тереңділік жетіспейді. Дегенмен де бұл типтегі романдар жапон әдебиеттерінің соғыстан кейінгі дамуына әсер етті.

Читайте также:  Орта Азиядағы мәдени мұраны игеру және философиялық ойды зерттеу

Оставить комментарий