Соғыстың стратегиясы мен мақсаты

Стратегия мен саясаттың қатынастары мынадай екі жақты тұжырымнан көрінеді: «Соғыс түгелдей саяси мақсаттарға сай болуға тиіс, ал саясат қолда бар соғыс құралдарына сәйкес болып икемделуге тиіс». Бір қарағанда, бұл тұжырымның екі бөлігі бір­біріне қайшы сияқты көрінуі мүмкін, себебі бірінші бөлігі соғыс қимылдарын саясы мақсаттарға бағындырып қояды да, ал екінші бөлігі саяси мақсаттарды қолда бар қару­құралдарға тәуелді етеді. Бірақ Клаузевицтің ойлары мен іс­қимылдардың логикасы ешқандай күмәндануға орын қалдырмайды: саясат өзінде бар құралдарды еске алмастың ешқандай мақсатты анықтай алмайды. Сонымен бірге ол соғыстың егжей­тегжейіне тереңдеп бармайды: соғыста сақшылар саясатқа қарап орналастырылмайды, жорықшылар да соған қарай белгіленбейді. Алайда, соғыстың жалпы нұсқасына, жеке науқандарға және тіпті бір шайқастың сипатына да саясаттың тигізетін әсері шешуші болуы мүмкін». Жалаң қағидалардың маңызын жеке мысалдардан көруге болады. Соғысты жүргізу үшін стратегиялық жоспарды анықтап алу керек: «соғыстың қандайы болса да ең алдымен оның сипаты мен басты белгілерінің ықтималдығы тұрғысынан түсінікті болуға тиіс, ал оның өзі объективтік мәліметтер мен саяси жағдайларға сүйенгендегі түсініктерге сәйкес болуға тиіс».

1914 жылы соғысушы жақтардың барлығы да өздері бастағалы отырған соғыстың табиғаты жөнінде алданыш қылам, Соғысушы жақтардың бірде ­ бірінің бас штабтары немесе министрліктері өнеркәсіп пен халықты соғысқа жұмылдыру шараларын жоспарлаған да, жүргізген де жоқ. Орталық империялар да, одақтастар да жанжал ұзаққа созылады деп ойлаған емес, екі лагерьдің қайсысының күші басым түсетіні іс белгісіз еді. 1870 жылғыдай алғашқы айқастардан­ақ жағдай белгілі болады деп ойлаған генералдар «көңіл көтеретін қуанышты соғысқа» қойды да кетті. Жазуды құрту стратегиясы жеңіске жеткізеді, сөйтіп жеңген жақтың мемлекет қайраткерлері жеңілген жаққа бітім шарттарын оп­ оңай­ақ таңатын болады деп ойлады. Француздар Марнода жеңіске жеткен, шығыс пен батыс майдандарындағы жағдайда өзгерістің болмауы соғыс тез бітеді деген үмітті жоққа шығарған кезде саясат өз күшіне кіруге тиіс болатын; өйткені соғыс қауырт жүргізіліп, оның қаталдығы шектен асқан кезде ғана, соғысушы жақтардың әрқайсысы да күштілігін көрсетуге тырысып жатқан кезде ғана саясаттан қауқар кетеді. Шындығында да 1914 жыл мен 1918 жылдың арасында саясат өзінің белсенділігін тоқтатқан жоқ; бірақ, әсіресе одақтастар тарапынан, олардың бірден ­ бір мақсаты соғыс өртін ушықтыра беру сияқты болып көрінді.

Одақтастар жеңіске жетуге құлшынып, алғашында жаппай қырып­ жою стратегиясын қолданды, ол одан кейін жауды әбден зорықтырып, титығына жету стратегиясына көшті. Бірақ абсолютті түрде жеңіске жетпейінше қандай мақсат көздейміз дегенді олар ойларына да алған жоқ: қарсыластарды қарусыздандырып, ымырасыз бейбітшілік шартына көндіруді соғыстың басты мақсаты етіп қойды. Соғыс өзінің абсолюттік түріне қарай таянып келе жатты: мемлекет қайраткерлері өз қызметтерінен бас тартып, билікті бас қолбасшыларға берді, өздері саяси мақсаттарын айқындап алмағандықтан, енді жау әскерлерін құрту деген таза әскери мақсаттар ілгері шықты. Бәлкім, саясаттың бұлайша әртүрлі кейін шегінуі жағдайларға байланысты да болған шығар. Германия жеңіліске ұшырамаса, Эльзас пен Лотаринагиядан әсте де бас тартар ма еді? Егер халқы осыншалықты мол құрбандыққа ұшырап, басқарушы топтары соншалықты көп уәде бермеген болса, Франциядағы жұртшылық пікірін аннексиясыз және контри­ буциясыз ымырашыл бітімге көндіруге болар ма еді? Одақтастардың құпия шарттарында талаптар мен салтанатты уәделердің көп болғандығы сондай, жеңіске жетпей тұрып келіссөзге барудың қандай да болсын әрекеті болашақ жеңімпаздардың онсыз да қаусап тұрған одағын быт­шыт ететін еді.

Оның үстіне, әскери қимылдардың барысы бұдан бұрынғы жағдайды түп­түгел астын үстіне келтіріп өзгертетін болды: бүкіл Еуропаның мәртебесіне қатер төнді де, мемлекет қайраткерлері бұрынғы қалыпты жағдайға қайтып оралу тұрақтылық әкеледі деген сенімнен айрылды. Бәлкім, жұрт қызу қандылыққа әбден беріліп алған кездегі ірі соғыстар соны басқарып жүрміз деп есептейтін кейбір аңқаулардың ойына қарама­қарсы ешбір ырыққа көнбейтін де болар. Өткенге қарайлайтын шолушы кейде жаңағы қызу қандылықты негіздеп, ымыра атаулыны теріске шығаратын мүдделерді байқамайтын да болар. Мүмкін, индустриялы шайқастар табиғатының өзі бұқара халықта қанды қайнататын өшпенділік туғызып, мемлекет қайраткерлерінде Ескі құрлықтың картасын қайта өзгерту тілегін өршітеді дегенге менің де сенгім келетін шығар. Шындық мынада: ғасырдың алғашқы соғысы соның абсолюттік түріне қарай ойысып бара жатқанын көрсетеді, ал соғысушы жақтардың ондағы саяси есептерді анықтауға қабілеті жетпей отыр. Соғыстың мақсаты жеңіс болса, соны бейбітшіл басқа мақсаттармен алмастыру талабы Екінші дүниежүзілік соғыста бұрынғыдан да айқын көрінді. Клаузевицтің айтқандарын ойға алмаған генерал Жиро 1942 жылы: мақсат біреу ғaнa, ол ­ жеңіс деп қайталады. Ал ең жаманы сол, президент Рузвельт осы сөзді қайталап айтпаса да, соны қолдайтындай әрекет жасады.

Читайте также:  ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН САЯСАТТАҒЫ ҚЫТАЙ ПОЗИЦИЯСЫ

Қарсыластың қарулы күштерін неғұрлым тез қоюды ең жоғары талап етіп, жүргізіліп жатқан операциялар соған бағындырылды. Штаттағы бас қолбасшы сөзсіз тізе бүгуді талап ете отырып, стратегия мен саясаттың арасындағы байланысты түсінбейтіндей аңқаулық танытты. Сөзсіз тізе бүгушілік Тәуелсіздік жолындағы соғыстың логикасына сай келетін еді. Соғыстағы көзделген нысана Құрама Штаттардың өмір сүруі, штаттардың Федерациядан Шығуына тыйым салу болатын. Солтүстіктегілердің жеңісі Конфедерацияның жойылуына әкеліп соқты. Сөзсіз тізе бүгуді талап ету Конфедерацияның саяси басшыларына қарай ағылды ма, немесе оңтүстіктегілердің соңғы армиясының қолбасшысы генерал Лиге арналды ма, бәрібір оның оңды мәні болды. Ал Германия жөніндегі жағдайда бұған ешқандай ұқсастық болған жоқ: кеңес басшылары да, американ басшылары да Герман мемлекетін жоюды ниет еткен жоқ. Тіпті оның өмір сүруін уақытша тоқтатқанның өзінде оның жеңімпаздарға әкелетін пайда ­ зияны бірдей еді. Қалай болғанда да, герман қарулы күштерін құртуды және Рейхтің сөзсіз тізе бүгуін бірден­бір мақсат етіп алға қоятын стратегия үш жақтан бірдей сынға алынды.

Шығынды неғұрлым аз жұмсай отырып ұтқан дұрыс дейтін пікір қабылданған (бұл тұжырымның мәні экономикада шығынды неғұрлым аз жұмсау дейтін тұжырыммен бірдей). Сөзсіз тізе бүгу талабы неміс халқында қатты қарсылық туғызды. Олардың айтуына қарағанда, американ басшылары 1918­1919 жылдардағы оқиғаны қайталамауға тырысқан болып шықты: олар президент Вильсонның «14 пунктіндегі» уәделердің бұзылуына байланысты немістер жағынан жасалған наразылықтар турасында болса керек. Шындығында бұл наразылықтардың Версаль бітімінің бұзылуына ешқандай қатынасы жоқ көрінеді: 1918 жылғы одақтастардың жеңісі жеміссіз болды, себебі ол соғыстың өзі революциялық күштерді еркіндікке шығарды, ол англосакстар өздері қалаған мәртебені қорғағылары келмеді. Олардың жеңілген Германияның тағдырын белгілемек болып әзірлеген ұсыныстарына байланысты американдықтар өздеріне шексіз еркіндік берді де, ешқандай қатал әдістерге бармай­ақ, өздерінің жеңіске жетуіне қосымша мүмкіндіктер алды. Қайткен күнде де жеңіске жетеміз деген пиғыл оқиғалардың барысына әсерін тигізеді: 1944 жылы Еуропаның шығыстан, оңтүстіктен немесе батыстан босатылғанына немқұрайды қарауға болмайтын еді: Ағылшын­американ әскерлерін Балканға апарып төккенде қалай болатын еді деген мәселені саудаға салудың мәні жоқ.

Сондай жоспар жүзеге асырыла алатын ба еді? Оған Сталин қалай қарайтын еді? Американдықтар өздерінің шешімдерін қабылдағанда тек қана герман армиясының негізгі бөлігін құртуды көздеді деп болжау және Рузвельт пен оның кеңесшілері белгілі бір әдісті қолданудың нәтижесін саясаттың стратегияға заңсыз араласуы ретінде қарады деп жорамалдау теория жүзінде қате болар еді: Және, ақыр ­ аяғында, соғыстың қандай түрін жүргізгенде де сыртқы біреудің ішіндегі қарсыласқа деген бүгінгі жаулық пиғылмен бірге одақтастар арасындағы жасырын бәсекелестікті де есепке алып отыру керек. Менің ойымша, тұрақты одақтастар мен кездейсоқ одақтастар арасындағы түбірлі айырмашылықтарды көре білу қажет. Өз мүдделері арасында кейбір қайшылықтар болғанымен, олар таяу болашақта қарама­қарсы лагерьлерде бола алмайтын мемлекеттерді тұрақты одақтастар деп қарастыруға болады. XX Faсыр да Ұлыбритания мен Құрама Штаттар тұрақты одақтастар болды, өйткені Англиядағы саяси тап: Англия теңіздегі үстемдіктен айрылған күні дүние жүзіндегі британдық тәртіптің бірден­бір баламасы ретінде дүние жүзінде американдық тәртіп орнайды деген кемеңгерлік шешімге келген болатын. 1914 жылдан бастап Франция мен Ұлыбритания бірін­бірі тұрақты одақтас деп қарай алатын еді. Француздардың уақытша қол жеткізген тайғақ артықшылығына Ұлыбритания шамданса да, оны қауіпсіз деп қарай алатын еді: тұрақты одақтастың күшеюі ешқандай қауіпті де, қызғанышты да туғызбасқа тиіс.

Читайте также:  Саяси үкімет туралы түсінік

Бұған керісінше, кездейсоқ одақтастың күшейіп кетуі шындап келгенде нақты қауіп туғыза алады. Уақытша одақтастарды ұстап тура алатын бір ғана себеп бар. Ол ­ уақытша дос болған мемлекеттерді кеше де, ертең де тоқайластыратын талас мәселелерден аттап өтіп, қайтадан жақындастыруға мәжбүр ететін ортақ жаудың қатері. Бәлкім, осынау кездейсоқ одақтастар әрілеп келгенде іштей тұрақты қарсыластар да болуы мүмкін: біз бұл жерде дипломатиялық шахмат тақтасындағы қарсылас немесе өздерінің идеологиясы жағынан ымырасыз мемлекеттерді айтып отырмыз. Рузвельт соғысқа араласқанда соғыстан кейінгі жағдайдың қандай болатынын ойлаған жоқ және дүниені үш жақты (немесе екі жақты) басқаруды арман етті, сондықтан кеңестік империядан гөрі француз немесе британ империясын шеттетуді көздеді; ол кездейсоқ одақтас пен тұрақты одақтасты шатастырды және уақытша одақтастың әр жағында жасырынып жатқан басты қатерді тіпті өзінен де жасырмақ болды. Ғаламдық соғыстың жойқын салдарлары уақыт өте келе соғыста қандай шығынмен, қандай құралдар арқылы болса да жеңіске жету керек дейтін жылбысқы идеяға апарып таңылды.

Бәлкім, қару­жарақ арқылы жеңісінің салдарынан Батыс елдерінің екі рет зардап шегуі (бірінші рет жеңілген елдің кек қайтаруы нәтижесінде, екінші рет ата жауы болып саналатын кездейсоқ одақтасының тым күшейіп кетуі нәтижесінде) ақыр аяғында мемлекет қайраткерлеріне саясаттың шешуші екендігін ұғындырды. Соғысты тек жеңіске жету дейтін бірден­бір мақсатпен жүргізбей, әруақытта саясатқа байланысты жүргізудің жоғарыда айтылғанға қарама­қарсы, іс жүзіндегі таза үлгісі деп Кореядағы соғысты айтуға болады. Генерал Макартур: «соғыстағы жеңістен артық еш нәрсе жоқ» (соғыс арқылы жетпеген жеңіс ­ жеңіс емес, одан өзгесі бос сөз немесе жалған шындық) деп ұран көтергенде, ол қарсы жақтың қарулы күштерін жоюды мақсат деп жариялап, соны қарусыздандырғаннан кейін ғана бітімге келуді көздеген Рузвельттің тұжырымдамасын жақтағандай көрінген. Президент Трумэн мен оның кеңесшілері өздерінің қандай саяси мақсаттарды көздеуі керек дегенде солқылдақтық танытты. Солтүстік корейліктердің агрессиясына тойтарыс беріп, сол кездегі статус­ квоны, яғни Кореяның 38­параллель бойынша екіге бөлінуін қалпына келтіруді бірден­бір мақсат етуі керек пе, әлде екі корей мемлекетін БҰҰ­дағы дауыс беру нәтижесі бойынша біріктіру керек пе?

Әлбетте, американ басшылары түгелдей екінші нұсқаны жақтауға тиіс еді. Алайда, екі үлкен соғыстың нәтижесіне қарама ­ қарсы, олар соғысып жеңіске жету керек деген мақсатты басшылыққа алған жоқ ­ ондай жағдайда жаппай мобилизация жүргізіп, одақтастарды соғысқа тарту, аяусыз шайқастар жүргізу, т.т. қажет болар еді. Олар жергілікті соғысты жаппай соғысқа айналдырмау мақсатын басшылыққа алды да, жанжалды ұлғайтпаған жағдайда қандай мақсаттарға жетуге болар еді деген мәселені алдарына қойды. Имчонға әскер түсіріп, солтүстік корей әскерлерін жойғаннан кейін президент Трумэн қытайлықтар жанжалға араласады деп ойламаған генерал Макартурдың кеңесімен 38­параллельден кесіп өтуге тәуекел еткен. Қытай «еріктілерінің» араласуы соғыс қимылдарын ұлғайтудың алғашқы қадамы болды. Қытай биресми түрде соғысқа қатынасушы жақ болып шықты. Енді американ басшылары жанжалды шектеу керек деген мақсатты алдарына тағы қойды. Осы жанжалды шегеру кең көлемді жоспардың көрінісі және рәмізі деп қарастырылды. 1951 жылдың көктемінде соғыс қимылдарын кеңейтпестен мақсатқа жету мәселесі соңғы рет көтерілді. Көп ұзамай, бұл мәселе де жайына қалдырылды да, американ басшылары жергілікті және жарым­жарты жеңістен де бас тартып, тек қана бейбітшілікке жетуді ойлады. Ал мұның өзі бұған дейінгі «статус­квоға» қайта орылу деген сөз еді.

Читайте также:  Евгений Григорьевич Брусиловский туралы қазақша

Сонда жеңіске жеткен кім? Американдар, себебі ­ олар солтүстік корейлердің агрессиясына тойтарыс берді. Қытайлықтар да жеңді, себебі ­ олар Корей Халықтық демократиялық Республикасын жоймақ болған американдардың әрекетіне тойтарыс берді. қытайлықтардың беделін көтерген нәрсе ­ дүние жүзіндегі ең бірінші держава оларды жеңе алмады. Ал американдар болса, олар бүкіл планетаға үлестірген кепілдіктерін растады және өздерінің ашық агрессияға (тұрақты әскерлер арқылы шекара бұзушылыққа) жол бермейтінін тамаша дәлелдеп шықты. Американдықтардың жанжалдарды болдырмауға талаптануы шағын әскери жеңістерге жету мүмкіндіктерін жоққа шығармайтыны көрсетілген жоқ (бәлкім, қосымша екі немесі үш дивизиясы болса, 8­армия Коммунистік Қытайды қарусыздандырмағанмен, Қызыл «еріктілерін» талқандай алатын еді). Кореядағы соғыстың таза саяси тұрғыдан жүргізілуі менің дүниежүзілік соғыстың таза әскери тұрғыдан жүргізілуі арасындағы қарама­қарсылық тек қана пенделік қателермен түсіндіріле алмайды. Екінші дүниежүзілік соғыс негізінен алғанда саяси мақсат тұрғысынан жүргізілді; бұл жерде мен соғыстың мұндай сипатын кеңес жағы соғыс қимылдары мен жеңістің болашақ салдарларын ескере отырып белгілерін айтпақпын.

Ал енді американдықтар болса, соғыста толық жеңіске жеткеннен кейінгі бейбітшілік Құрама Штаттардың ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келе ме, жоқ па деген фактыны еске алғысы келмеді: сұрағасында, жеңіс салтанатының қайғылы нәтижесі болмауы үшін, бүгінгі кездейсоқ одақтас, яғни болашақтағы тұрақты жау кереметтей күшейіп кетіп, түбінде сол күшейіп кеткен одақтастың орнына өзі одақтас болатын қазіргі жаудың тым әлсіреп қалмауы үшін ақылға салып іс істеу қажет екені ойда болмаса керек. Қандай соғыстың болса да табиғаты толып жатқан жағдайдарға байланысты болады, стратег соларды өзгерту қолынан келмесе де, түсіне білуі керек. Бәлкім, 1915 жылдан бастап Бірінші дүние жүзілік соғыс ақырына дейін жүргізілуге тиіс болған шығар, өйткені екі лагерьдегі мемлекеттің басшылары ымарашылдық бітімді тұжырымдап, соны өз халықтарына қабылдатуға қабілетсіз болды. Бәлкім, сөзсіз тізе бүгу жағдайында немесе онсыз­ақ Гитлер нәсіл мен қан тәңірілерінің күні өтпей тұрғанда неміс халқын өзінің соңына ерте алған болар еді: бәлкім, Ялта келісімдері жасалсын­жасалмасын, Кеңес Одағы Қиыр Шығыс істеріне араласып, американ армиясы қол жеткізген жеңістің жемістерін пайдаланып кеткен болар еді.

Қалай болғанда да Еуропада да, Азияда да американ стратегтері жауға қарсы жүргізілген операцияларды және кездейсоқ одақтастармен арадағы қатынастарды өздерінің соғыс қимылдары арқылы жеткісі келген мақсаттарына бағындыра алмады. Жапония немесе Германия өздеріне жау ма еді әлде жай бір (бимағлұм) Жапония немесе жай бір /бимағлұм/ Германия ма еді ­мұны американдар білген жоқ. Жеңістің жемісін пайдалана алу үшін мақсатты, одақтасты, жауды жай ғана анықтау жеткіліксіз. Ал егер мемлекеттің интеллектілі штабы алдына қойған мақсаттарын, қарсыласы мен одақтастарының шын мәнісіндегі табиғатын анық айқындап алмаса, қару­жарақтың басымдығы шын жеңіске, яғни саяси жеңіске тек кездейсоқ жағдайда ғана жеткізе алады.

Оставить комментарий