Солтүстік қайта өркендеу дәуірі

Солтүстік қайта өркендеу дәуірі Италияға қарағанда өзгешерек жүріп отті. Оңтүстіктегі суретшілер үшін жетістікке жетудің мақсаты, үш өлшемді кеңістікті иллюзиялы бейнелеу болса, Солтүстік суретшілер үшін жаңа шындықты іздестіруге ұмтылған, жаңа бағыттардан көрінді. Итальяндық суретшілер ескі, орта ғасырлық сюжетті жаңа гуманды түсінікте бейнелеуде басымдылық көрсетсе, Солтүстік Еуропалықтар үшін ескі тақырыптар бұрынғысынша негізгі рөлде қалды. НИДЕРЛАНД ӨНЕРІ. Нидерланд Қайта Өркендеу дәуірі мәдениеті ескі мен жаңа кезеңдердің қақтығыстарында құрылып дамыды. Нидерландық өнер ұлттық дәстүрде көрініс тапты. Онда фольклорлық ерекшелік, әсіресе әртүрлі таптық жағдайларды бейнелеу суретшілер шығармаларында негізгі көрініске айналды. Нидерланд мәдениетінің келесі бір ерекшелігі, онда орта ғасырлық дәстүрлердің әсері тұрақты сақталып қалды. Сәулет және мүсін өнері XVI ғасырға дейін орта ғfсырлық готика дәстүрін сақтап қалғанымен, бейнелеу өнерінде қондырғылы кескіндеменің пайда болуы өнерге өзгешеліктер әкелді. Бұрынғы қабырға жазбалары мен витраждардың орнын қондырғыда орындалған шығармалар алмастырды. Нидерландық суретшілер үшін көркемде негізгі рөл атқарған айқындаушы құрал ­ шырай. Нидерландықтар заттардың фактурасы мен оптикалық эффектілерді ­ металдың жылтын, әйнектің мөлдірлігін және т.б. материалдарды керемет шеберлікте орындады. Майлы бояудың техникасын жетілдіруші суретші деп Ян ван Эйкті айтады. Қондырғылы кескіндемеде бор жағылған грунттың бетіне жұқалап жағылған бояу түстері қанық, әрі оның тереңдігін бейнелеп көрсету әдісінің дамуы арта түсті. Губерт және Ян ван Эйк. Ағайынды Ян ван Эйктер Нидерланд реализмінің негізін қалаушылар. Жаңашыл, аналитик Ян ван Эйк (1390­1441) натураны зерттеу арқылы өмірдің әртүрлі және жалпы біртұтастық сипатын ашты. Алып, екі бөлікте жабылатын ­ Гент алтарында ­ қатар орналасқан картиналар бір идея мен тектоникаға бағынған және оның композициялық мазмұны Апокалипсис, Библия және евангельдік мәтіндерден алынған. Ян ван Эйк портрет жанрын жеке шығарма етіп қалыптастырады. Суретші схемалы профильді героикалы итальяндық әдістерден бас тартып, бет бейненің үштен төрт бөлігін бейнелеу арқылы, картинадағы бейнені көрерменге жақындата түсті. Оған Альбергати кардиналы 1431, Вена, Музей, портреті мен «Қызыл тюрбанды Адам» (Человек в красном тюрбане) (1433,Лондон, Национальная глерея) керептері мысал болады. Арнольфина жан ұясы портретінде – үйлену той үстіндегі бір–біріне серт беріп жатқан кез бейнеленген. (1433, Лондон, Ұлттық галерея). Бұнда жарық Арнольфина бейнесін айқын көрсетіп тұр. Орта ғасырлық дәстүрге тән заттардың рәмізді мәнін ашуға тырысқан. Ондағы жанып тұрған шам­тойдың, ит­ адалдықтың, терезе алдындағы апельсин ­жұмақтың белгісі және т. б. келтіруге болады. Ян Ван Эйктің қуанышты поэзиядан басталған нидерландық кескіндеме өнері, қоқынышты үрей тудыратын Иероним Босх (шамамен1460­1516) өнерімен аяқталады. Тек қана Босх, өз шығармаларында заман кеселіне, көмескі және трагедиялы адам психикасына терең бойлауда батылдық танытты. Суретші сондай­ақ барлық нидерландық суретшілер бас тартқан, ортағасырлық, адам өмірін қорлық деп қарастыру тұрғысынан баға беруді сақтап қалды. Ол адамның жер бетіндегі тіршілігінің барлығы күнәға бату, яғни Адам ата мен Хауана жұмақтан қуылғаннан бері өмірі қисық жолға түсті, ал алжасу оның шегі – қорқышышты соттың жақын қалғандығының белгісі деп білді. Оның шығармаларында тозақ пен жұмақтың шекарасы жойыла бастайды. Оның бірнеше керемет жұмыстары – «Құмарлық бағы», (Сад любострастия) «Қорқынышты сот» (Страшный суд), «Пішен тасу» (Воз сены) осының куәсі. Босхтың композициялары бір схемада құрылды: триптихтің сол жағына Хауананың жаратылуы мен оның күнә жасау және жұмақ бағынан қуылуы; ортасында адамның өмірі; оң жағында тозақ өмір бейнеленген. Суретші тұрмыстық тақырыптардағы картиналардан ба бас тартпаған. Мысалы, «Кресті алып жүру» (Несение креста), «Ақымақтар кемесі» (Корабль дураков), «Адасқан бала» (Блудный сын) тақырыбы жағынан әртүрлі талданатын картиналар. Босх Орта ғасырлық сандырақ дүниетанымды жүзеге асырды, бірақ оның өміршеңдік күшінің кепілі, ұлттық дәстүрмен шығармашылық байланыстылығында еді. Питер Брейгель Старший (шамамен 1525­1569) XVI ғасыр Нидерланд бейнелеу өнерінде адам образы мен оны қоршаған шындық болмыс пен тұрмыстық жанрлары негізгі орын алды. Олар жалпы біртұрастықты, итальяндық ренессанстан қарастырды. Осының негізінде романизм ( романдық­римдік деген сөзден) ағымы пайда болды. Дегенмен тек сыртқы классикалық формаларды ғана бейнелеу, өнерге ешқандай жаңалық әкеле қойған жоқ. Керісінше романизм және сарай маңында дамып жатқан маньеризм бағытына қарағанда терең ұлттық дәстүрден нәр алған, реалистік өнер бағыты дамып беки түсті. XVI ғасыр өнерінде тек діни бағыттар өзгеріп қана қоймай онда көпшілік қоғамға арналған тұрмыстық жанрлар қалыптасты. Нидерландықтарда адам тобырын бейнелеуге бағытталған шығармалар неғұрлым кең дами бастады. Осы тақырыпты дамытушы суретшісі Брейгель, оның шығармаларында әрбір фигура басқа фигуралармен бірге бірігіп, түсінікті мағынаға ие болды. Оның картинасындағы көңілді адамдар үнемі қозғалыста берілген. Бірақ Брейгель кейіпкерлері тек көңілді ғана емес, онда жан күйзелерлік жағдай да бар, яғни гротескалы – бұл Босх үшін өмір мағынасыз қарбалаң сияқты. «Балалар ойыны» (1560, Вена, Мұражайында) деген шығармасында сол кездің жүздеген ойынын топтап бір картинаның ішіне жинақтаған. Картинадағы топ балалар массасы есепсіз кішкентай дөңгелектерде айналып, дөңгелеп барып, олардың қозғалысы біртіндеп көшенің тұманды перспективасында тоқтайды. Әрбір жеке топтардың формалары да – дөңгелек және дөңгелеп бара жатқандай 32 . Брейгель ешқашан да күліп тұрған балаларды бейнелемеген, оның картинасындағы балалардың бет бейнелері өте қатаң берілген. Сондай­ақ, картина кейіпкерлері ойынды ойын ретінде қабылдамайды. Бұл олардың өмірі, үлкен адамдар өміріне ұқсас. «Вавилон мұнарасы», «Ақылынан алжасқан Грета» (Безумная Грета). (Ағаш, майлы бояу. 1564 ж. Антверпен, Бельгия) картиналары суретшінің «төңкерілген дүние» идеясына негізделген шығармалар қатарына жатады. Брейгель шығармалары соғыстың шын мәнісіндегі ішкі мәнін (жанын) ашуға тырысқан. «Есінен алжасқан Гретадағы» ­ сараңдықты кейіптеген, онда ұрлап алынған дүниелерін тығу үшін жолды талғамастан ұшып бара жатыр, ал оның барар жері – тозақ. «Кресті алып жүру». (Ағаш тақтайша, майлы бояу, 1564 ж. Вена, Австрия. өнер тарихы мұражайы) «Орақ немесе егін ору» (Жатва).(Ағаш, майлы бояу, 1565ж. Нью­Йорк, АҚШ. Метрополитен мұражайы). Құдай жерді жаратты, Голландықтар голландияны жасады ­ дегенді суретші жерлестері жақсы көретін. Ал олар – осы пейзажды тудырушылар. «Жалқаулар әлемі» (Страна лентяев) атты копозициясында жазушылар, солдаттар, молшылық пен тыныш мемлекетке келіп түскен адамдар, бірақ олар біраз уақыттан кейін­ақ жалқаулар қатарына қосылады. Өйткені адамдар оңай жолмен жердің байлығына кенеледі. Отто Бенеш: «Брейгелдің өзінің образды интерпретациялау табиғатты солтүстік натурфилософиялық пантейзмді сақтап қалады және оны дамытады» дей келе, «Соқырлар» картинасы туралы былай деген: «Ол Қайта өркендеу дәуірінің идеалынан мүлде ада, еуропалық өнердің дамуына дейінгі жүз жылдықтарға дейін келген, жаңа адамгершілік принциптер мен шындықты эстетикалық сезінуді керемет шығару» 33 . «Соқырлар» (Кенеп, темпера.1568 ж. Неаполь, Италия. Ұлттық мұражай) кенебіндегі соқырлар, «төңкерілген» адам санасын мысалға келтірген. Суретші соқырлар арқылы жер бетінде сандалып жүген физикалық және рухани соқырларды бейнелеген.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАН – ЖАҢА СИПАТТАҒЫ ЗАЙЫРЛЫ ЕЛ

Оставить комментарий