СОЦИАЛИСТІК ИДЕАЛИЗМ

Ұлы адамдардың да оғаш әлсіздіктері болады. Олар өткеннің уақиғаларын және жалпы тарихи процестерді адам таңқаларлықтай етіп түсіндіреді; олар бүгінгі күннің ұлы әлеуметтік құбылыстарына куә болады және оларды түсінбейді. Осылай, мысалы, христиандықтың пайда болуын зерттеп білген Ренан, социализм туралы өзінің «Заңынан» басқа ештеңе білмейтін ежелгі кітапқұмардың туындап келе жатқаны туралы таразылағандай сөйлейді. Өзінің «Иисустың ғұмыры» атты кітабында ол «Құдай патшалығы» дегенде нені меңзегенін анықтай келіп, былай деп жазады: «Тіпті бүгіндері де, біздің бұлғақты күндерімізде де, Иисустың тегінде оны теріске шығаратын адамдардан артық адал ізбасарлары жоқ кезде, қоғамды мінсіз ұйымдастыру хақындағы бастапқы қауымдық христиандықтың ұмтылыстарымен толып жатқан ортақтығы бар армандар кей мағынада сол бір идеяның, жақсы болашақ туралы ой атаулы өрбитін орасан зор дарақтың бір бұтағы болып табылады. Иисустың «Құдай патшалығы» бәрінің де тамыры мен негізі болып мәңгілікке қала береді. Адамзаттың барлық әлеуметтік революциялары осынау созбен тығыз байланысты болады. Бірақ дөрекі материализмді жұқтырған, мүмкін емес нәрсеге, атап айтқанда жалпыға бірдей бақытты саяси және экономикалық шараларға негіздеуге ұмтылатын бүгінгі күндердің «социалистік» әрекеттері Иисус ілімінің шынайы рухына, яғни мінсіз идеализмге, жерге ақиқат ие болу үшін мына жалғандағының бәрінен бас тарту принципіне негізделмей тұрып, тұл күйінде қала береді».

Осынау шағын мақаламда мен христиандық пен революцияшыл социалистік демократияның өзара қатынасын зерттемек емеспін. Ренан ұқсастықты тым асыра көрсеткен және ол айтқан байланыс шынына келгенде тым әлсіз. Оның социализмнің өзі туралы пікірі өте үстірт. Ең асқақ және сонымен бірге ең терең идеализм ­ социалистік идеализм, өйткені ол тіпті екеуара және күнделікті қатынаста да әділеттіліктің жүзеге асырылуын талап етеді. Адамзаттың бүкіл ғұмыры еңбекке негізделген. Еңбекте әділеттік орнату дегеніміз ­ әділетті өмірдің өзінің негізіне бойлауға мәжбүр ету деген сөз. Әділеттің жүзеге асырылуын о дүниеге қалдыра тұратын идеализм ­ өз мұратынан бас тартқан идеализм. Адамдар бас байлығын мұраттың тамаша батылдығы қоғамдағы адами қатынастардың мәнісін айырып алып, оларды бауырлас теңдіктің бізге берілген ұлы үлгісімен алмастыруда. Социализм адамдарға әбден пысықталған, саяси және қоғамдық механизм даярлаған бақытты бере салмақшы­мыс деген нәрсе өтірік. Бақыт әрқашан жеке адамның шаруасы, өздеріне өмірдің мағынасын анықтап алған, өзінің бойында асқақ ләззатқа қабілетті оятып, тәрбиелей алған адамдардың жеңісі болып қала береді. Бірақ адамзат барлық адамдар үшін бақыттың қоғамдық жағдайын жасауға міндетті. Адами қабілеттердің барлығы дөрекі күштің немесе олигархиялық меншіктің артықшылықтары атаулы құйрығын қысып кеткен ортада ғана мінсіз дами алады. Артықшылықтар сол артықшылықтары жоқ адамдардың күшін басқаларға қызмет етуге бағыттап, соларды езгіге ұшыратады; бірақ олар соларға ие адамдардың өзін де қорлап, бірде оларды өздерінің қабілеттерін шыңдай түсуге қажетті күш­жігерден айырып, бірде жеке кісінің шамасынан артық болып, оны сыртқы дүниемен және өмірмен өз еркімен қуана араласып­құраласудан айыратын әрқилы іскерлік қиындықтардың, жауапкершіліктің және күнделікті күйбеңнің қамытын артады.

Читайте также:  Тиым функциясы: миметикалық нәрсені тиымдау

Ал социализмнің орнауы ортақ меншік, ортақ өкімет және ортақ жауапкершілік жасап, барлық адамдар үшін жеңілдік болады. Күні кеше құл болып, езгіге ұшыраған біреулер қайыршылықтың, шама жетпес жұмыстың, көрсоқыр надандықтың және қызғанышты, бірақ дәрменсіз аңсаудың қамытынан құтқарылады. Басқалар, бүгінгі қожайындар мен қанаушылар мазасыз эгоизмнің, дарақылық пен ерекше жауапкершіліктің қамытынан құтылады. Сөйтіп, қазір қаншалық ауыр өмір шынында да жеңілдетіледі. Қисапсыз нәзік тілектердің жұбанышы мен қуанышы ­ әркімнің ақылы мен санасына қайыл болады да, адамдар енді өзінің тол жүрегінің тілектерінен азап шекпейтін болады. Міне сонда, Ренан бізге бір тармағын бағыттағысы келетін ғажап Галилея нұры шынында да бар күшімен тағы да жарқырайды. Сол нұр бейшара лашықтардың кеңейген терезелері арқылы да, сол кезде өз үстемдігі үшін мақтаннан босанатын байлардың сенгіштікпен ашылған терезелері арқылы да, бауырлас еркін еңбектен еті тірілген зауыттардың кең алаңдары арқылы құшақ жетпес толқын болып құйылады. Олар барлық шыңырауларға сәулесін түсіріп, бәрін нұрландырады, ол барлық жүректерде маздап жанып, барлық көздерде жарқырап тұрады.

Бірақ адамдар арасындағы тіпті біздің ақылымыз бен санамыздың ішкі өмірі де негізделген саяси және экономикалық қатынастарды менсінбесек, әділетті, жеңіл де қуанышты өмір мұраты қалай жүзеге аспақ? Социализмнің терең мағынасы міне нақ осында жатыр, бұл социалистік идеализмді ақиқат ететін нәрсе.

Ренан, адамзат социалисік революцияны тек бүгінде шамалы ғана адамдардың қолы жететін дөрекі де қымбат ләззаттарға жұрттың бәрінің қолын жеткізу ғана деп түсінер, өйткен күнде ауыр салмағынан адамзат ыңырсып жатқан сұмдық шатысу мен қатынастар салмағы бұрынғыдан ауырлап кетеді деп қорқатын секілді. Ол болашақтан тек даңққұмарлық пен жосықсыз сән­салтанатты (одан ләззаттану бүкіл адал уақытты жұтып қояды) ғана көреді. Әрине, егер өркеният барлық уақытта жедел де асығыс қарқынмен ілгерілей беруге тиіс болса; егер ол өркендеу мен өмірді ояту сылтауымен ондағы мәніс атаулының, жақсы атаулының бәрін құртып бітіретін болса, ол ғылыми жұмыс пен өнертабыстар барлық күндерімізді көлегейлеп, жұтып қоятын болса; егер адамның табиғат жөніндегі жеңістері оны өзінің олжасының салмағымен жаншыла түсетін әлдене варварға айналдырса, ­ онда біз ішкі өміріміз бен қуанышымыз үшін қандай да бір бұрыш тауып алуға ғана тырысып, бастан асып жатқан сан қилы жұмысқа толы өмірімізден көз аша алмайтын пақыр болып өтер едік.

Читайте также:  Қозғалыс ұстанымдарындағы кейбір ұлттық идеялар

Бірақ өркениятты шынайы жолға түсірудің бірден­бір жөн амалы ­ оны жұрттың бәрінің қолы жетерліктей ету. Сыртқы игіліктерге ашқарақ та тойымсыз құмарлық құлқынын тыюдың бірден­бір дұрыс амалы ­ меншікті үстемдік құралы емес, тек тіршіліктің кепілі ету; еңбекті шайқас алаңы емес, бейбіт кооперацияға айналдыру. Жоқшылық ­ құлдық, бірақ жүзеге асырылуын талап етеді. Адамзаттың бүкіл ғұмыры еңбекке негізделген. Еңбекте әділеттік орнату дегеніміз ­ әділетті өмірдің өзінің негізіне бойлауға мәжбүр ету деген сөз. Әділеттің жүзеге асырылуын о дүниеге қалдыра тұратын идеализм ­ өз мұратынан бас тартқан идеализм. Адамдар бас байлығын мұраттың тамаша батылдығы қоғамдағы адами қатынастардың мәнісін айырып алып, оларды бауырлас теңдіктің бізге берілген ұлы үлгісімен алмастыруда. Социализм адамдарға әбден пысықталған, саяси және қоғамдық механизм даярлаған бақытты бере салмақшы­мыс деген нәрсе өтірік. Бақыт әрқашан жеке адамның шаруасы, ездеріне өмірдің мағынасын анықтап алған, өзінің бойында асқақ ләззатқа қабілетті оятып, тәрбиелей алған адамдардың жеңісі болып қала береді. Бірақ адамзат барлық адамдар үшін бақыттың қоғамдық жағдайын жасауға міндетті. Адами қабілеттердің барлығы дөрекі күштің немесе олигархиялық меншіктің артықшылықтары атаулы құйрығын қысып кеткен ортада ғана мінсіз дами алады. Артықшылықтар сол артықшылықтары жоқ адамдардың күшін басқаларға қызмет етуге бағыттап, соларды езгіге ұшыратады; бірақ олар соларға ие адамдардың өзін де қорлап, бірде оларды өздерінің қабілеттерін шыңдай түсуге қажетті күш­жігерден айырып, бірде жеке кісінің шамасынан артық болып, оны сыртқы дүниемен және өмірмен өз еркімен қуана араласып ­ құраласудан айыратын әрқилы іскерлік қиындықтардың, жауапкершіліктің және күнделікті күйбеңнің қамытын артады.

Ал социализмнің орнауы ортақ меншік, ортақ өкімет және ортақ жауапкершілік жасап, барлық адамдар үшін жеңілдік болады. Күні кеше құл болып, езгіге ұшыраған біреулер қайыршылықтың, шама жетпес жұмыстың, көрсоқыр надандықтың және қызғанышты, бірақ дәрменсіз аңсаудың қамытынан құтқарылады. Басқалар, бүгінгі қожайындар мен қанаушылар мазасыз эгоизмнің, дарақылық пен ерекше жауапкершіліктің қамытынан құтылады. Сөйтіп, қазір қаншалық ауыр өмір шынында да жеңілдетіледі. Қисапсыз нәзік тілектердің жұбанышы мен қуанышы ­ әркімнің ақылы мен санасына қайыл болады да, адамдар енді өзінің тол жүрегінің тілектерінен азап шекпейтін болады. Міне сонда, Ренан бізге бір тармағын бағыттағысы келетін ғажап Галилея нұры шынында да бар күшімен тағы да жарқырайды. Сол нұр бейшара лашықтардың кеңейген терезелері арқылы да, сол кезде өз үстемдігі үшін мақтаннан босанатын байлардың сенгіштікпен ашылған терезелері арқылы да, бауырлас еркін еңбектен еті тірілген зауыттардың кең алаңдары арқылы құшақ жетпес толқын болып құйылады. Олар барлық шыңырауларға сәулесін түсіріп, бәрін нұрландырады, ол барлық жүректерде маздап жанып, барлық көздерде жарқырап тұрады.

Читайте также:  ЖАҺАНДЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖӘНЕ РУХАНИ ҚАУІПСІЗДІК

Оставить комментарий