Социализм және өмір

Таптық үстемдік дегеніміз адамзат құқықтарына қаскүнемдік. Сондықтан, таптық үстемдік атаулыны және таптарға болу атаулыны жоятын социализм дегеніміз сол құқықтарды қалпына келтіру. Ал бұл осылай болған соң, социалист болу әркім үшін әділет талабы болып табылады. Кейбір социалистер мен позитивистер секілді бұған әділетке шақыру күлкілі де тұл, оның ұғымы ­ мүлдем дәйексіз және барынша әрқилы тәпсірлер туғызады, осынау былғанып біткен нарт қызылға барлық тирандар оранған болатын деп дау айтуға болмайды. Жоқ, қазіргі қоғамда әділет ұғымы аз­аздап белгілі бір және терең мағынаға ие болып келеді. Ол адам атаулыда, адамның абыройын терең құрметтеп, жоғары қою керек дегенді білдіреді. Ал осылардың соңғысы (абырой ­ Ред.) шынында да тек тәуелсіздік, жігерлі ырық, әрбір кісінің өздеріндейлердің жиынтығына еркін де ықыласпен бағынуы болған жерде ғана бар. Бір адамдар басқаларға бағынышты жерде, немесе олардың құзырында болған жерде, жалғыз парасат қана емес, зорлық пен әдет те адамдар құрайтын бүтіннің әміріне бағындырылатын жерде адам абыройы қорланып, бүлдірілген. Демек, ол капитализмді жойып, социализмді енгізу арқылы ғана қалпына келтіріле алады.

Революцияшыл буржуазия Адам Құқықтары Декларациясына олигархиялық реңк, таптық рух енгізіп жібергенін мен теріске шығармаймын. Ол Декларацияның көмегімен меншіктің буржуазиялық құрылысын біржола қасиеттендіруге тырысқанын, және саяси тұрғыдан тіпті ол әуелі миллиондаған кедейлерге дауыс беру құқығын да бермей, оларды енжар азаматтарға айналдырғысы келгенін мойындаймын. Есесіне демократтар адам құқықтарын, барлық адамдардың құқықтарын бірден барша үшін дауыс беру құқығын талап етіп, соған қол жеткізудің қаруы ретінде пайдалана бастады. Проеларийлар өз талаптарын, тіпті экономикалық талаптарын қолдау үшін әу баста Адам Құқықтарына сүйенді. Жұмысшы табы, 1789 жылы ол әлі шарана ахуалында болса да, Адам Құқықтарын пролетариат рухында қолданып, кеңейтуді кешіктірген жоқ. Ол 1792 жылдың өзінде өмір сүру құқығы барлық меншік құқықтарының ең біріншісі, және осынау қол сұғуға болмайтын меншік заңы қалған барлық заңдардан үстем болуға тиіс деп жариялады. Енді өмір деген сөздің мағынасын кеңейтіп, тереңдете түсейік. Оны тіршілік ету деп деп қана емес, ол ­ бүкіл ғұмыр, барлық адами қасиеттерді дамыту деп түсінелік, сонда Адам Құқықтары Декларациясының негізінде пролетариат коммунизмнен басқа ештеңе құрмайтынына көз жеткіземіз. Демек, революция жариялаған адам құқықтарының мағынасы туу басынан­ақ оған революцияшыл буржуазия берген мағынадан кеңірек болған. Ол буржуазия өзінің олигархиялық және қысаң құқығымен адам құқығының бүкіл тереңдігін толтыра алмайтын; өзеннің аңғары өзеннің өзінен кең болатын және әділет түсінігі ақыр соңында әбден жүзеге асуы үшін жаңа ағын, пролетариаттың жалпыадамзаттық құдіретті ағыны қажет болады.

Читайте также:  Адам - ата мен хауа - ана

Жалғыз социализм ғана Адам Құқықтары Декларациясына оның шынайы мағынасын бере алады және адам құқықтарын толық қалпына келтіреді. Буржуазиялық революцияшыл құқық адами кісілікті көп бұғаулардан азат етті; бірақ алдыңғы ұрпақтар жиып­терген капиталға алым төлеуге жаңа ұрпақтарды мәжбүр етіп, әрі мұндай алымды жинаудың артықшылық құқығын азшылыққа беріп, ол адами кісілік атаулыны кепілге, белгілі тап пен өткенге пайда түсіріп тұратын кепілге қояды.

Біз болсақ, керісінше, адамзат жиып­терген өндіріс құралдары мен байлық барлық еңбекшілерге тиесілі болып, олардың азаттық алуына қызмет етуге тиіс деп санаймыз. Біздің пікіріміз бойынша, адамзат жасаған бүкіл даму құралдарына қазірдің өзінде әрбір адамның құқығы бар. Осылайша, адам өзіне қыспақ пен алуан түрлі қанау төндіретін әлсіз, ештеңе бұйырмаған тіршілік иесі болып тумайды; ол белгілі құқықтармен дүниеге келеді және адамзаттың бейнетқорлығымен жиып ­ терілген еңбек құралдарын өзінің толық дамуы үшін пайдалануын талап ете алады. Толық дамуға әрбір адамның құқығы бар. Демек, оның адамзаттан сондай дамуға ұмтылысын жеңілдете алатын барлық нәрсені талап етуге негізі бар. Оның адамдардың ешқандай тобы оның еңбегіне алымдар мен езіп­жаншуына түсірмейтін жағдайда жұмыс істеуге, өндіруге, туындылар жасауға құқығы бар. Ал қоғам кісі құқығын, тек оның қарауына өндіріс құралдарын беріп қана қамтамасыз ете алатындықтан, сондықтан осынау өндіріс құралдарына меншіктің жоғарғы құқығы қоғамның өзіне тиесілі болу керек.

Маркс пен Энгельс Коммунистік Манифесте коммунизмнің мәнісінің өзін құрайтын өмірге құрметті тамаша суреттеген. «Буржуазиялық қоғамда жайды еңбек тек капиталдан тұратын жиып­терілген еңбекті еселей түсу амалы қызметін ғана атқарады. Коммунистік қоғамда жиып­терілген еңбек тек еңбеккерлердің дамуының, баюының және өмірін жеңілдетуінің құралы қызметін ғана атқарады». «Буржуазиялық қоғамда өткен заман қазіргі заманды билеп­төстейді. Коммунистік қоғамда қазіргі заман өткен заманды билеп­төстейтін болады».Адам құқықтары декларациясы да өмір хақында еске салу, соған шақыру болды. Революция нақ тірі адамның, өмір сүріп жатқан адамның құқықтарын жариялады. Ол өткеннің адамзатының қазіргі адамзатты қалай да бір матауға ешқандай құқығын мойындаған жоқ. Ол корольдар мен дворяндардың өткенде сіңірген еңбектері қазір өмір сүріп жатқан адамзатты езіп, оның қабілеттерін көрсетуге бөгет жасай алады дегенді мойындаған жоқ. Керісінше, өмір сүріп жатқан адамзат өткен замандар мұраға қалдырған барлық тірі күштерге оларды өз пайдасына жарату мақсатымен ие болды. Корольдар өкіметімен даярланған француз бірлігі революцияның дәл сол корольдар билігіне қарсы шешуші қаруына айналды. Дәл сол секілді буржуазия жиып ­ терген орасан өндіргіш күштер капитал артықшылықтарынан адамзатты азат етудің шешуші құралына айналды.

Читайте также:  Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы

Өмір өткенді құртпайды, қайта оны өзіне бағындырады. Революция бөлектену емес, жеңіп алу. Және пролетариат осы жеңіп алуды аяқтаған кезде, коммунизм енгізілген кезде, ғасырлар бойы қордаланған адам еңбегі, адам баласы туған бойда оны өзінің аясына алатын және оның толық даму мүмкіндігін қамтамасыз ететін жайсаң да құнарлы өріске айналғандай болады. Сонымен, коммунизмнің тамырлары тіпті буржуазиялық революцияшыл құқықта, тіпті Адам құқықтары декларациясында және өмір құқықтарында бар. Бірақ құқық пен адамзат идеяларының ішкі логикасы пролетариаттың қайнаған сыртқы қызметінсіз нәтижесіз де дәрменсіз болып қала берер еді. Ол революцияға оның алғашқы күнінен­ақ араласып кетті. Ол, Марат секілді, оған: «Сен не істеп жүрсің? Сен бірде­бір пролетарий ешқашан отырғызылмаған Бастилияны алуға неліктен бара жатырсың?» дегендердің мағынасыз таптың кеңестеріне құлақ қойған жоқ. Ол соған барды; ол шабуылға кірісті; ол ұлы күндердің табысқа жетуін шешті; ол шекараға ұмтылды; ол революцияны елдің ішінде де, сыртында да қорғап қалды; ол қажетті күшке айналды және жол бойынан өзінің қажымас қызметінің жемісін теріп жеуде. Жартылай демократиялық, жартылай буржуазиялық елден ол үш жыл ішінде, 1789­1792 жылдары, таза демократия жасап, онда пролетарийлар ықпалы кейде ұстап шығып жүрді. Өз күштерін дамыта отырып, ол өзіне сенімге ие болды да, сайып келгенде, Бабёфпен бірге, өзіне­өзі: ортақ қуат­ қүдіретті, ұлттың қуат­құдіретін жасаған ол, мұны ортақ бақыт орнату ісіне пайдалануға тиіс дейді.

Осылайша пролетарийлар қызметінің арқасында, коммунизм дәйексіз философиялық дүниетанымнан партияға, анық белгілі күшке айналды. Осылайша, француз революциясынан екі күштің: құқықтық ой күшінің және пролетариаттың туындап келе жатқан қызметінің күшінің біріккен ықпалымен социализм туындады. Демек, социализм дерексіз арман емес. Ол осы заманғы өмірдің ең буырқанған, ең жалынды барлық ыстық бұлақтарынан төгіліп жатады. Міне осылай, көптеген сынақтардан, ішінара жеңістер мен жеңілістерден кейін, көптеген әрқилы мемлекеттік тәртіптер арқылы, революция жасаған жаңа буржуазиялық құрылыс дами бастады. Империя мен қайта қалпына келтіру заманында шектелмеген бәсекеге негізделген буржуазиялық экономикалық құрылыс өзінің зардаптарын ашып көрсете бастады: олар ­ байлықтың даусыз еселене түсуімен қатар, инсаниятсыздық, құлық, мәңгі алакөздік, берекетсіздік және қыспақ. Фурье данышпандығының белгісі мынау еді: ол байлық өндіруді шектемей, қайта оны дамыта отырып, қоғамдық құрылысты түзету, оны тазалап, ретке келтіру мүмкіндігін көре білді. Аскеттік мұрат туралы әңгіме де жоқ: бейімділіктер мен инстинкттердің толық бостандығы. Күш­ жігерді сәтті ұштастыру мен үйлестірудің көмегімен дағдарыстарды жоятын, байлықты да еселей түсетін құрылыс. Осылайша революция социализмге таңып үлгерген аскетизм көлеңкесі маңып кетті. Осылайша, социализм, революция заманының пролетарийларымен және бүкіл революциялық өмірге қатысқан Бабёфпен бірге енді байлық пен осы заманғы өндірістің ұлы ағысына аяқ басты. Фурье мен Сен­Симонның арқасында ол капитализмді тойтаруға емес, оны басып озуға қабілетті күш болып табылады.

Читайте также:  Соғыс пен құқық туралы түсінік

Оставить комментарий