Социогенетикалық және психогенетикалық зерттеулер

«Өркениет» ұғымын сан алуан жәйттерге: тәсілдің, үлгінің жай­күйіне, ғылыми танымның дамып­өрістеуіне, діни ой­мұраттар мен әдет­ғұрыптарға қатысты қолданады. Ол тұрғын үйдің үлгісіне немесе еркек пен әйелдің бірлесіп тіршілік етуіне, соттық жазаның түрлеріне немесе ас әзірлеуге де қатысты бола алады. Қатаңырақ айтқанда, «өркениетті» немесе «өркениеті емес» түрде болып көрінбейтін ештеңе де қазір түгел дерліктей жоқ деуге болады, олай болатын себебі, бірнеше сөзбен­ақ «өркениетті» нәрсе ретінде белгіленетін нәрселердің барлығын түгелдей белгілеп беру аса қиын. Бірақ, аталған ұғым­түсініктің барлық осы үлгілер мен адамдардың қол жеткізген жетістіктері не үшін ғана «өркениетті» нәрсе болып белгіленеді, оның атқаратын жалпы функциясы қаншалықты дәрежеде дегенді қарастыратын болсақ, онда әлде нендей бір төтенше қарапайым жай бірден­ақ аңғарылады: бұл ұғым­түсінік Батыстың өзіндік сана­ сезімін білдірмек. Тіпті былайша ­ ұлттық сана­сезім деп те айтуға болар еді. Онда соңғы екі не¬месе үш жүз жылдықтағы батыстық қоғамды неғұрлым ерте кездегі немесе қазіргі заманғы, бірақ, «мейлінше қарабайыр» қоғамдардан нендей нәрсе ерекшелендіріп тур деген жайлардың дені қорытылып, жинақталған. Оның көмегімен баз біреулер өздері мақтаныш тұтатын батыстық қоғам үшін әлде бір қандай маңызды нәрсені: оның тәсілінің жай­күйін, ондағы белгіленген үлгілерді, оның ғылыми танымының дамып­өрістеуін, оның дүниетанымын және басқа да көптеген жайларды сипаттауға тырысады. 2 Бірақ, Батыстың сан түрлі ұлттары үшін «өркениет» ұғымы осы және де сол бір нәрсені ғана білдіріп қоймақ емес. Зор айырмашылық бәрінен бұрын, бірінші жақтан, осы сөзді ағылшындар мен француздардың пайдалануы, және екінші жақтан, оны немістердің қолдануы арасында болып отыр. Бірінші жағдайда бұл түсінік батыстық әлем мен күллі адамзаттың алға ілгерілеп дамуы үшін өз ұлтының мән­маңыздығының себептілігі жөнінен мақтаныш сезімін білдіреді. Немісше алғанда «өркениет» сөзі әлдебір пайдалы затты, сонда да болса екінші реттегі құндылыққа ие, дәлірегі өмірдің сыртқы жағын ғана қамтитын, адамзат тіршілігінің үстіңгі қатпарларын ғана тілге тиек ететін затты білдіреді. Өзін­өзі түсіндіру үшін, өмірдегі иеленетін өзіндік мән­маңызы мен өздері қол жеткізген жетістіктері үшін немістер мақтаныш сезімін паш етуге байланысты «мәдениет» сөзін пайдаланады. 3 Біз өзіндік дара сипаттағы құбылыспен бетпе­бет келіп отырмыз: француз және ағылшын тілдеріндегі «өркениет» немесе неміс тіліндегі «мәдениет» сөздерінің мағынасы бұл қоғамның мүшелері үшін мүлде айқын. Бірақ, дүниенің бір бөлігін осы ұғымдар сипаттайтын тәсіл, қандай айқындылықпен олар шектеп қоятын және барлық өзге әлемге белгілі бір салаларды, олардағы жасырын тұрған бағалау пікірлерін қарсы қоятын өзінен өзі танылып тұратын айқындылық,­ осының барлығы жинала келгенде, бұл қоғамға жатпайтын барша адамдар үшін оларды түсіну қиын болатын жайтқа айналдырып жібереді. Француз және ағылшын тілдеріндегі «өркениет» ұғымы саяси немесе шаруашылықтың, діни немесе техникалық, моральдық немесе әлеуметтік жайларға жатқызылуы мүмкін. Немістің «мәдениет» ұғымы басты түрде рухани, көркем, діни жәйттерге қатысты қолданылады. Оның үстіне, оларды саяси, экономикалық және әлеуметтік жәйттерге қарсы қоюдың, осы екі сала арасында нақты шектегіш желіні жүргізудің күшті білініп отырған үрдісі орын алуда. Француз және ағылшын тілдеріндегі «өркениет» ұғымы жетістікті белгілей алады, бірақ ол да дәл осылай .адамдардың «behaviour» мәнерлеріне жатады, оған қоса соңғылары оз мінез­құлықтарымен пәлендей бір нәрсеге қол жеткізді ме, жоқ па, ол жағы пәлендей маңызды емес. Немістің «мәдениет» терминіндегі осындай жайларды «behaviour» ­ ештеңе жасамаған әрі қарапайым мінез­құлық қасиетіне ие адамның құндылықтарына осылайша жатқызу,­ бар болғаны ең шектеулі түрде ұшырасып отырады. «Мәдениет» ұғымының арнаулы сипаттағы мән­мағынасын ең таза күйде оның мына қасиеттерге сілтеме жасайтын пайда болу туындысы бойынша анықтауға болады: «kulturell» ұғымын адамның болмысы немесе құндылығы білдірмейді, бірақ адами іс­қызметтің белгілі бір нәтижелерінің құндылығы мен сипатын білдіреді. «Kulturell» сөзінің өзін француз немесе ағылшын тілдеріне тура аудару мүлде мүмкін емес. «Kultiviert» сөзі мағынасы жағынан өркениеттің батыстық ұғымына тым жақын келеді. Ол «өркениеттіліктің» әлдебір жоғары саналатын үлгісін танытады. «Kultiviert» секілді ештеңені іске асырмаған, бірақ «Kulturell» ретінде сипаттауға боларлық адамдар мен отбасылар да белгіленуі мүмкін. «Өркениеттілік» сияқты, «Kultiviert» ұғымымен бейнеленетін бұл «мәдениеттілік» те бірінші кезекте мінез­құлық үлгісіне немесе адамдардың іс­әрекетінің амалына жатады. Ол адамдардікі сияқты, олардың тұрғын жайларының да, араласу, тіл, киім түрлерінің де әлеуметтік сапасын білдіреді ­ олардың ерекшелігі тікелей адамдарға қатысты емес, тек олардың белгілі бір дәрежедегі аяқталу мәніне ғана қатысы бар «Kulturell» терминінен айырмасына байланысты болуда. Жоғарыда айтылып өткен жаймен осы екі түсінік­ұғымның өзге айырмасы тығыз байланысты. «Өркениет» мазмұны үдерісті немесе, тым болмағанда, үдерістің нәтижесін білдіреді. Ол ұдайы қозғалыста, үнемі «алға» ілгерілейтін әлденеге жатады. Немістің «мәдениет» ұғымы оның қазіргі заманғы қолданысында өзгеше бағыт­бағдарға ие: ол «шалғындағы гүлдер»,­ тектес қазіргі бар адами іс қызметтің салдарына, өнер шығармаларына, кітаптарға, діни немесе философиялық жүйелерге бағдар нұсқайды, осы аталғандарда оларды туғызған халықтың өзіндік ерекшелігі бой көрсетеді.

Читайте также:  Ортағасырлық түркілер және қазақ қоғамындағы жадта сақтап айту дәстүрі

«Мәдениет» ұғымы шектейді. Өркениет ұғымы белгілі бір дәрежеде ұлттық ерекшеліктерді сылып тастайды, ол барлық адамдар үшін ортақ болып табылатын жайларды, не болмаса осы ұғымды қолданушының ой­ пікірі бойынша осылай болуға тиісті нәрсені атап өтеді. Онда халықтардың сана­сезімі, ұлттық шекаралары және ұлттық ерекшеліктері айқын көрінеді, бұлар көптеген ғасырлар бойы түбегейлі бекіп қалғандықтан күмән тудырмай келеді,­ бұл аталған халықтар баяғыдан шекараларынан шығып, өздерінен тыс жерлердегі аумақты отарға айналдырып алған еді. Немістік мәдениет ұғымы, керісінше, ұлттық айырмашылықтарды, топтардың өзіндік ерекшелігін атап көрсетеді. Осы функцияға байланысты ол неміс тілінің шеңберінен тыс жерлерге, мәселен, этнология мен антропологияда, сонымен бірге оның мәнін қарастырушы бастапқы ахуалмен тікелей байланыстан тыс жерде тарады. Бұл бастапқы ахуал осы халықтың ахуалы, бұл аталған халық батыстық , ұлттарға қарағанда саяси берік бірлікке мүлде тым кеш қамданды, ал оның аумағының шекаралары атам заманнан бері қазіргі кезге дейін қайтадан қарау қаупіне ұшырап келеді, өйткені ол жерлерде әрқашанда оқшаулануға ұмтылып келген және қазірде ұмтылып отырған облыстар бар. Өркениет ұғымының функциясы отарлауды жүргізуші топтар мен ұлттардың өрісін ұлғайтуға бет алған тұрақты үрдістің көрінісі болып табылады. Оған қарама­қайшы жағдайда, мәдениет ұғымында әрбір жолы өзіне «Біздің өзіндік ерекшелігіміз неде?» деген сұрақ қоюға, өз шекараларын қайта­ қайта анықтауға және оларды саяси тұрғыдан да рухани мазмұны жағынан да нығайтуға мәжбүр болып келе жатқан сана­сезім бейнеленеді. Осы тарихи үдеріске топтық айырмашылықтарды шектеуге, атап көрсетуге және дәл айқындауға үдеріс танытқан мәдениеттің немістік ұғымының бағыт­бағдары да сай келеді. Тегінде, «Не нәрсе француздық болып табылады?» «Не нәрсе ағылшындық (болып табылады?» дейтін сұрақтар баяғыдан­ақ француздар мен ағылшындардың сана­сезімінде түгел дерліктей дәрежеде бірыңғай пікірталас тудырып келе жатқан жоқ. «Не нәрсе немістік болып табылады?» деген сауал немістер үшін өзекті болып келген және солай болып қала береді де. Оған арналған жауаптардың бірі «мәдениет» ұғым­түсінігінің жәрдемімен дамудың белгілі бір сатысына орай берілді. 5 «Мәдениет» және «өркениет» түсінік­ұғымдарымен берілетін ұлттық сана­сезімнің құрылымдары сол сияқты әр алуан болып шығады. Бірақ та, осындай ерекшеліктеріне қарамастан, өзінің «мәдениеті» жайлы мақтанышпен айтатын неміс те, өз «өркениетімен» мақтанатын француз да ағылшынмен бірге, тең дәрежеде осы сана­сезімді өзінен­өзі әлденемен түсінікті бола түседі, тұтас алғанда адамзат дүниесіне тиесілі әрі оған құндылық дарытады деп санайды. Неміс француз бен ағылшынға мұны «мәдениет» сөзі деп ұғындыруға тырысуы да мүмкін. Дегенмен, ол, дәстүрдің ерекшелікті ұлттық тәжірибесін, сол бір өзінен өзі мәлім боларлық, өзі үшін осы түсінік ұғым мағынасын қурайтын сезім күйлерінің құндылықтарын әсте жеткізе алар ма екен. Француз бен ағылшын да неміске өздерінің ұлттық сана­сезімінің бір бөлігіне айналып кеткен өркениет ұғымына қандай мазмұн үстеп жатқандығын айтуы ықтимал. Алайда, оларға бүл түсінік қаншалықты парасатты, қаншалықты ұтымды болып көрінгенімен, ол да тарихи жағдайлардың айрықша түртегінен өсіп шығып отыр, оны мән­мазмұнның құрамдас бөлігі бола тұрса да, пайымдау аясына сыймайтын, сезім күйлерімен және хикаялармен қаныққан хал­ахуал қоршап алады. Және бұл пікірталас, егер неміс французға немесе ағылшынға, неліктен ол қалайда «өркениетті» құндылық деп, бірақ, солай бола тұрса да, екінші қатардағы құндылық деп көрсеткісі келсе, онда сәтсіздікке ұшырамақ… II. Қарама­қарсылықты «өркениет» пен «мәдениет» жұптарының даму барысы туралы «Мәдениет» пен «өркениет» түсінік­ұғымдарының бір­біріне қарама­қарсы қойылуы 1919 жылы және оның алдындағы жылдары жаңадан өзекті бола түсті, өйткені, Германияға қарсы соғыс «өркениет» әлемінің атынан жүргізілгендігі сияқты, бейбіт келісім жасалғаннан кейін немістердің сана­сезіміне орайлас пайда болып, туындаған жаңа ахуалға бейімделу қажеттілігі салдарынан да жүргізілді. Бірақ, бір нәрсе айдан­анық еді, яғни Германияның тарихи жағдайы бар болғаны қарама­ қарсылық үшін қажетті болып шығатын жаңаша серпін ғана еді, бүл қарама­қарсылық, сонау XVIII ғасырдың бас кезінен­ақ осы екі , ұғымның көмегі арқылы өз мәнін тапқан болатын. Сірә, Кант ұқсас ұғымдардың көмегімен алғашқы болып өз мезгілінің қоғамына тән болып келетін тәжірибе МІ ІІ қарама­қарсылықты бедерлеген сықылды. 1784 жылы ол «Бүкілдүниежүзілік­азаматтық тұрғыдан алғандағы жалпыға ортақ тарихтың ой­мұраты» еңбегінде былай деп жазады: «Өнер мен ғылымның арқасында біздер жоғары дәрежеде мәдениеттендік. Біз араласу барысында шамадан тыс түрде қайсы бір болмасын кішіпейілділіктің және әдептіліктің мағынасында алғанда өркениеттендік». Және әрі қарай ол оз ойын былайша жалғастырады: «Моральдылықтың ой­мұраты мәдениетке тиесілі бола тұрса да, егер ол бар болғаны атақ құмарлықтағы адамгершілікке ұқсас жайларға және сүйіспеншіліктегі сыртқы әдептерге ғана келіп тірелсе, бүл тек өркениеттілікті ғана тудырмақ».

Читайте также:  Рабле күлкі тарихында

Бұл қарама­қарсылық сипаттың ой­пікірі оның пайда болу кезеңінде қазіргі заманғы ахуалға қаншалықты жақын болмасын, бастапқы орны, XVIII ғасырдың соңындағы қалыптасқан тәжірибе мен ахуал, бүгінгі күнгі осы қарама­қарсылықты қолданудың түпкі негізінде жатқан тәжірибемен әлеуметтік байланысты айқындап алу мүмкін бола тұрса да, жағдай мүлде өзгеше еді. Канттың жазған еңбегіндегі әңгіме зиялы қауымның орта тобына (сословиесіне) жататын, қалыптасып келе жатқан неміс буржуазиясының атынан, тіпті «бүкіл ғаламдық­азаматтық тұрғыдан» қозғалып отыр, сол себепті де қарама­қарсы тұрушылық әзірге анық емес әрі тәуір деген жағдайдың өзінде де тек екінші қатардан ұлттық қарама­қайшылық ретінде көрінеді. Алдыңғы қатарда әлеуметтік қарама­қарсы тұрудың тәжірибесі тұр, екі аралықты бөлгіш желі қоғамның ішімен бойлай өтеді, бұл мезгілде ол французша сөйлейтін және французша үлгіге еліктеуші «өркениеттендір ілген» сарай маңындағы ақсүйек қауым мен бірінші жақтан, немісше сөйлейтін, немістік зиялы қауымның орта табына жатушы қауымның арасындағы ­ екінші жақтан, ұлттық сипаттағы қарама қарама­қайшылықтың пайда болуына негіз қалайды. Бұл бұқара тобы князьдардың, шенеуніктердің сарайларындағы қалалықтардан өздерінің құрамын толықтырып (сөздің ең кең мағынасында), кей жағдайларда ұсақ дворяншылықтың да элементтерін қамтып отырды. Біз бұл арадан қайсы бір болсын саяси іс­қызметтен ығыстырылып шығарылған, саяси санаттарда зорға ғана ойлай алатын және ұлттық санаттарда тек қана жүрексіне ойлай бастаған дәрежеде айқындалған бұқара тобын көріп отырмыз. Ол үшін заңды деп тану рухани, ғылыми немесе көркемдік іс­қызметтегі жетістіктер болып табылады. Оған бүл мағынада алғанда «ештеңе істемейтін», бірақ, өзінің ерекшелігін көре білетін, өзін түйсінетін және мінез­құлықтың ерекше түріне сілтеме жасай отырып, ерекшелікті ақтап шығатын бұқараның сол бір жоғары тобы қарама­қарсы тұрады. Кант осылайша қарастырып, «қайсыбір сыпайылық пен кішіпейілділік мағынасындағы» шамадан тыс өркениеттілік туралы», атаққұмарлықтағы көргендіктің үйлесімі» туралы айтқан кезде, нақ осы бұқара тобын мегзейді. Бұл ­ орта тапқа жататын неміс зиялы қауымының Германиядағы мәдениет пен өркениетті ұғымдық тұрғыдан қарама­қарсы қоюшылық жағдайының негізінде жатқан сарай маңындағылардың жоғары тобымен жүргізген пікірталасы. Бірақ, бүл пікірталас оның қос ұғымда көрсетілген көрініс мәніне қарағанда, өмірге келуі жағынан коп ерте кезеңде әрі кең шеңберде қарастырылады… III. Германиядағы сарай маңында орныққан пікірлердің мысалдары 9 Германия жайлы тұтас алғанда айтып беру әсте жеңіл болмақ емес; сол замандардағы көптеген мемлекеттердің әрқайсысының оз ерекшеліктері болды. Бірақ, олардың арасынан кейбірін ғана ортақ түрде даму үшін маңызды, қалғандары олардың артынан еріп отыруы маңызды деп танып­білуге болады. Жер­жерлерде коп немесе аз дәрежеде болсын, ұшырасып тұратын баршаға ортақ сипаттар да бар. Ортақ саналатындар ең алдымен халық санының күрт қысқарып кетуі мен Отыз жылдық соғыстан кейінгі жантүршігерлік экономикалық тозу­титықтау болып табылады. Франция «және Англиямен салыстырғанда бүкіл Германия қайыршылыққа ұшырады, әсіресе, XVII және XVIII ғасырлардағы неміс буржуазиясы мүлде кедейленіп қалды. Сауда­саттық, ең бірінші кезекте Германияның жекелеген облыстарында XVI ғасырда тәуір дамыған халықаралық сауда тым құлдырап кетті. Географиялық ашылымдардың нәтижесінде болғаны сияқты ұзаққа созылған соғыс бүліктерінің себебінен де орын алған сауда жолдарының орнынан жылжуы бұрынырақта елеулі капиталды иеленген үлкен сауда үйлерінің күйзеліске душар болуына әкеп соқты. Тек қана тар өрісті ойлаумен ерекшеленетін әрі негізінен жергілікті қажеттіліктерді өтеудің есебінен тіршілік ететін шағын қалалардың тұрғындары қалды. Сол уақыттарда әдебиет пен өнер тәрізді сән­салтанаттың керек­жарақтарына қалғаны аз ғана қаражат еді. Ақшаның иісі шыққан жерлерде князьдар мен олардың покерлері Людовик XIV­нің сарайына еліктеуге тырысады (бұл үшін ақша қаражаты болмаса да) және французша сөйлейді. Немістік тіл ­ төменгі бұқара мен орта топтардың тілі ­ ауыр салмақты әрі икемсіз саналды. Лейбниц, Германияның сарай маңындағы бірден­бір философы, сол заманның бірден­бір ұлы адамы болып дәріптелген немісі еді, оның атақ­даңқы сарай маңындағы қоғам арасында кеңінен жайылды, ол французша немесе латын тілінде сөйлей және жаза білетін, және анда­санда ғана немісшеге ауысатын. Көптеген адамдар сияқты оны да тіл проблемасы толғандырды, нақты айтқанда, осы бір қисық­қыңыр немістік үстеумен не істеуге болар еді деген жайлар оған тыншу берген жоқ. Француз тілі ел арасына тарала түсіп, оны буржуазиялық жоғары тобы князьдар сарайларында қабыл алады. Бұл тілде енді күллі «honnettes gens» «consideration» жағдайына ие барлық адамдар сөйлейді. Француз тілі жоғары топтардың сословиелік белгісі болып табылады. «Неміс тілінде хат жазғаннан асып түсер қандай мүсәпірлік болмақ», ­ мұндай сөздерді біз 1730 жылы Готтшеда есімді қалыңдықтың өзінің күйеу жігітіне арнаған жолдауынан кездестіреміз. Кімде­кім неміс тілінде сөйлей қалған жағдайда, әңгімеге француз сөздерін мейлінше көбірек кіріктіріп сөйлеу сол заманда тәуір мәнер саналған. Басқа салалардағы сияқты, біз бұл арада да сол ахуалға кез боламыз: шағын ғана, биліктен шеттетілген, Германияда зиялылар тобының аралық әлеуметтік жағдайын иеленуші топтардың еншісіне Францияда немесе Англияда сарай айналасы, яғни ақсүйек тектілердің жоғары топтары істес болған міндеттерді шешу тиеді. Ғалымдар, орта топқа (сословиеге) жататын «ағзам кісілер» алғашқылар болып ­ белгілі бір, таза рухани салада ­немістік деп санауға боларлық нәрселердің үлгісін жасап шығаруға талпыныс жасауды қолға алады. Ең болмағанда, бұл арада олар саяси салада іске асырылмастай болып көрінген немістік бірлікті қуаттауға барынша тырысады. Осыған ұқсас функция мәдениет ұғымына да тән болып отырды. Бірақ әуелгіде француздық мәнерге жетік бақылаушыға ­ Мовийонға ­ Германияда көріп­ білген жайларының көп бөлігі, жалғыз тіл ғана емес, сонымен қатар әдебиет те дөрекі әрі артта қалған болып көрінеді, оның айтуынша былай болып келеді: «Мильтон, Буало, Поуп, Расин, Тассо, Мольер, осындай деңгейдегі барлық ақындар европалық тілдердің көбісіне аударылған, ал сіздердің ақындарыңыз ­ көбіне­көп тек аудармашылар ғана»….

Читайте также:  Мемлекеттегі заң шығарушы, атқарушы және федерациялық билік

Осы айтылған жайға байланысты біздер француз жағдайында нашар бағыт­бағдар ұстаған тепе­тең емес деңгейдегі ой­пікірмен бетпе­бет келіп отырмыз . Бірақ, 1870 жылы, яғни Мовийоннан кейін қырық жыл өткен соң және Француз революциясына тоғыз жыл қалғанда, Франция мен Англия өздерінің мәдени және ұлттық дәрежеде құралып ­қалыптасуының шешуші кезеңдерін артта қалдырған, ал осы екі батыстық елдер әлдеқашан классикалық саналған берік те тұрақты үлгілерді иеленген шақта, Фридрих Ұлы өзінің «De la litterature Allemande» атты еңбегін жариялайды, бұл еңбегінде ол неміс әдебиетінің әлсіз, көзге ұрып тұрған жеткіліксіз дамуына көңілі толмай, шағым білдіреді. Неміс тілі жайлы ол да Мовийон секілді ой қорытып, аяп­мүсіркеуге турарлық ахуал хақында өз пікірін ортаға жайып салады… Фридрих Ұлы неміс әдебиетінің төменгі деңгейі, неміс ғалымдарының кірпияздығы мен неміс әдебиетінің қауқарсыздығы жайлы өзінше пікір білдіреді. Ол істің осыншалықты болып отырған ауыр мән­жайын ­ Германияның ұзаққа созылған соғыстан қайыршы күйге ұшырауын және сауда мен буржуазияның жеткіліксіз дамып­өркендеуін көрсетіп береді… Және де ол халықтың әл­ауқатының өсуімен бірге неміс өнері мен ғылымының гүлдену дәуірінің де қоса келетіндігін, ал немістердің қол жеткізген өркениеттілігі оларға басқа ұлттармен бірге тең дәрежеде қатар орын алатындығын сәуегейлікпен болжайды, ­ ол арман ететін бақытты революцияның мән­маңызы да осында… Ол өзін осы бір бақытты гүлдену шағының жақындап қалғанын міре білген, бірақ та оны күтіп отыруға мұршасы жоқ Moисеймен салыстыра қарайды.

Оставить комментарий