Стационарлық және кумулятивтік тарих

Америка мысалын тілге тиек ете отырып біз «стационарлық тарих» және «кумулятивтік тарих» ұғымдарының арасындағы айырмашылық туралы ой толғауға тиіспіз. Біз Америкаға кумулятивтік тарихты тели отырып, оның белгілі бір саладағы авторлығын, олардан бізге жеткенін немесе бізге ұқсастығын мойындағанымыз ба? Ал, өз құндылықтарын дамытуға ұмытылған, десе де ешқайсысы бақылаушы өркениеттердің назарына ілікпеген өркениеттерге көзқарасымыз қалай болмақ керек? Бұл өркениеті стационарлық қатарына қосуға батылымыз жете ме? Басқаша айтқанда, тарихтың екі формасы арасындағы өзгешелік ол қолданылатын мәдениеттердің өзіне тән ішкі мінез­құлқына байланысты болмақ па (әдетте, өзге мәдениетті бағалау үшін біз осыған сиғызамыз) немесе ол этноцентристік перспективадан туындай ма? Онда біз біздікіне ұқсас бағытпен дамыған, басқаша айтқанда дамуы біз үшін мәнді көрінген кез келген мәдениетті кумулятивтік деп атауды жөн көрер едік. Ал, өзге бір мәдениеттер бізге қозғалыссыз тұрғандай көрінсе, олар осындай болғандықтан емес, олардың даму жолы біз үшін еш қызықсыз болғандықтан, бұлар біз айтып отырған референция жүйесінің шеңберінен тыс қалады. Жағдайдың дәл осындай екені екі тарих арасындағы айырманы тіпті жалпылама түрде қолданғанның өзінде белгілі болады — біздікінен ерекшеленетін қоғамдарды емес, оның өз ішіндегі сипаттау үшін. Бұл әдіс болжағаннан да жиі қолданылады. Жасамыс адамдар қартайған шағында болған оқиғаларды стационарлық тарих деп атайды, — керісінше жас кезінде көргендері кумулятивтік тарих болады. Олар енді белсене араласа алмайтын, өздері рөл ойнай алмайтын кезенді мәнсіз кезең санайды. Қариялар үшін онда өмір тоқтап қалған немесе олар болып жатқанның бәріне теріс көзқарас ұстанады, ал, олардың немерелері керісінше, ата ­ әжелері әлдеқашан ұмытып кеткен қылшылдаған жас кезеңде өмір сүруде. Саяси режимнің қарсыластары ол эволюцияланып барады деп қынжыла мойындайды; олар режимді үрейлі антракт ретінде тарих бетінен ығыстырып тастауды қалайды, содан кейін ғана өмір жалғасады дейді. Аппараттың жұмысына неғұрлым жұмыла, жоғарыдан арасын отырған сайын режимі қолдаушылардың концепциясы бұған соғұрлым қарсы бола түседі. Мәдениеттің немесе мәдени процестің тарихилығы, дәлірек айтсақ, оқиғалығы оның ішкі қасиеттерінің емес, біздің оларға қатысты жағдайымыздың, оларға қызығушылығымыздың деңгейі мен әр түрлілігінен туындайды. Демек, прогрессивті және инертті мәдениеттер арасындағы қарама­қайшылық ең алдымен оның орналасу орнына байланысты өтпелі болады. Бір нәрсені денеден белгілі бір қашықтыққа қойып, микроскоппен қарағанда, ол онның біріндей миллиметрге жылжыған күннің өзінде нысан айқын емес, бұлыңғыр көрінеді немесе тіпті мүлдем көрінбейді. Келесі бір салыстыру дәл осы иллюзияны дәлелдеу үшін қажет, оны қарапайым қатыстылық теориясын дәлелдеу үшін қолданады. Дененің көлемі мен қозғалу жылдамдығы абсолютті құндылықтар емес, бақылаушы ұстанымы арқылы іске асқан функция екенін дәлелдеу үшін пойызда отырған жолаушыны мысалға келтіреміз: пойыз терезесінен қарап отырған саяхатшы үшін өзге пойыздардың ұзындығы мен жылдамдығы олардың сол бағытта немесе қарама­ қарсы бағытта жүріп жатқанына байланысты болады. Сөйтіп, қандай да бір мәдениетке жататын кез келген адам өз пойызында кетіп бара жатқан нағыз саяхат тәрізді онымен біте қайнасып кетеді. Шыр етіп дүниеге келгеннен ойланып немесе өздігінен жасаған қадамдар арқылы құндылықтарды таразылау, саралау, мүдделерді тоғыстыру сияқты күрделі референциялдық жүйенің көмегімен біз қоршаған ортаға сіңіп кетеміз, бұларға біздің өркениеттің тарихи қалыптасуы туралы біліммен суарылған ақыл­ойды қосыңыз, оның қатысынсыз бүл мүмкін емес өрі біздің шынайы әрекеттеріміз өмір шындығына қайнап келіп отырар еді. Біз осы референциялды жүйемен бірге қозғаламыз және сыртқы мәдениеттің шынайы бейнесін ол енгізетін өзгерістер тұрғысынан бажайлаймыз (егер ол болып жатқан оқиғаларды мүлдем түсінбейтіндей жағдайға жеткізбесе). Кең көлемде алып қарағанда, «жылжып бара жатқан» мәдениет пен «тоқтап тұрған» мәдениет арасындағы айырманы пойызда отырған жолаушыға жүйткіген пойыз неге тоқтап тұрғандай немесе жүріп бара жатқандай көрінеді деген тұрғызғанын анықтау керек. Бәрі солай, бірақ, аздаған өзгешелік бар; оның маңыздылығы Эйнштейндікіне қарағанда жалпылама көрінетін қатыстылық теориясының формуласын құрастыруға талпыныс болған күні аяқталады; біз физика ғылымдарына да, әлеуметтік ілімдерге де қолдануға болатын формула жайында айтып отырмыз, екі жағдайда барлығы симметриялы, бірақ инвертирленген түрде жүреді. Физикалық әлемдегі бақылаушы үшін (саяхатшының мысалынан байқағанымыздай) оның өз жүйесімен бір бағытта жылжып бара жатқан жүйе тоқтап тұрғандай көрінеді, ал, басқа бағытта жылжып бара жатқандары ең жүрдектері сияқты. Керісінше, мәдениеттердің бағыттары біздікімен сәйкес келгендегіден гөрі әрекеттену көрінеді. Адамдар туралы ғылымда жылдамдық факторы метафорадан басқа ештеңе емес. Дұрыс салыстыру үшін оны ақпарат және маңыздылық факторларымен алмастырған жөн. Алайда, біздің қасымыздан зу етіп өте шыққан немесе қасынан біз үлкен жылдамдықпен немесе мүлдем басқа бағытта жүріп бара жатқандықтан, қас қағым сәт қана көзге шалынған пойыздан гөрі біздікімен параллель және бірдей жылдамдықта кетіп бара жатқан пойыз туралы көп ақпарат жинауға болатынын (мәселен, жолаушыларды жеке­жеке сынап, санап, т.б.) білеміз. Бұлай болмаған жағдайда ол әп ­сәтте зу етіп өте шығады да біз жылдамдығының өзін бажайлай алмай нобайын ғана есте сақтап қала береміз; ол визуалдық кеңістіктегі бір сәттік сағым сияқты, ол пойыз емес, демек ол ештеңені білдірмейді. Яғни, көзге көрінетін қозғалыс деген физикалық ұғым мен физика, психология, социологияның бәріне қатысы бар, бір индивидтен екінші индивидке, бір топтан екінші топқа өткенде, олар жатқызылатын мәдениеттер арасындағы айырмашылық көлемінің үлкен­кішілігіне байланысты санаға сіңуге мүмкіндігі бар ақпараттың көлемі түсінігі арасында байланыс бар сияқты. Қандай да бір адамзат мәдениетіне инертті не стационарлық деген анықтама бермес бұрыш оның көз алдымызда мызғымай тұруы оның нағыз мүдделері туралы ойлап не ойланбай істеген білместігімізден емес пе деген сұрақ қойған абзал, егер ол мәдениеттің критерийлері біздікінен өзгеше болып жатса, бұл біздің иллюзиямыздың өсері емес пе екен деп ойланғанымыз жөн. Басқаша айтсақ, біз өзара ұқсастығымыз жоқ болғандықтан ғана бір­ бірімізге қызықпайтынын көрінеміз. Соңғы екі­үш ғасыр көлемінде батыс өркениеті адамзатқа арнап бірінен бірі асқан күшті механикалық құралдарды ұсынып келеді. Осы критерийді қабылдар болсақ, біз әрбір тұрғынға берілетін энергия көлемінен адамзат қоғамдарының қаншалықты дамығанын пайымдай аламыз. Солтүстік ­ америкалық пішіндегі батыс өркениеті бірінші орынды алады, оның соңынан Еуропа қоғамдастығы ілеседі, ал, көш соңында Азия мен Африканың қисапсыз қоғамдары қалады (жуық арада олардың арасында айырмашылық қалмайтын шығар). Алайда, бүл «лайықты дамымаған», «қарабайыр» деп айдарланған бір­бірінен ажырату мүмкін емес жүздеген, тіпті мыңдаған қоғамдастықтар жаңа ғана айтып өткен көз қиығымен қарағанда (бүл оларға анықтама беру үшін өте ыңғайсыз, өйткені, дамудың бүл түрі оларда жоқ немесе елеусіз орынды иемденеді), басқа жағдайда бір­біріне антипод ретінде тізілуі мүмкін; жіктеу түріне қарай олар әртүрлі топтарға бөлінеді. Егер аса қатал географиялық ортаға үстемдік ете білу критерий ретінде алынар болса, мұнда алғашқы орынды бір жақта — эскимостарға, екінші жақта —еш іркіліссіз берер едік. Үндістан басқа барша өркениеттерден гөрі философиялық ­ діни жүйені, ал, Қытай — өмір салтын қалыптастыра білді, мұның екеуі де демографиялық теңсіздіктің психологиялық салдарларын азайтуға мүмкіндік берді. Ислам адам өміріндегі барлық формалардың — техникалық, экономикалық, әлеуметтік, рухани тіршіліктің бас біріктіруін насихаттағалы 13 ғасыр өтті, ал, Батыс мұны тек бертінде, Маркс ілімдерінің ықпалымен және осы заманғы этнология туындағандықтан қабылдады. Осы көреген ұстанымның арқасында орта ғасырлардағы зиялы қауым арасынан араб қандай лайықты орын алғаны белгілі. Машиналардың тәңірі — Батыс адам денесі деген тамаша машинаны кәдеге жарату жөнінде кісі күлерлік тұжырымдар жасайды. Ал, Шығыс пен Қиыр Шығыс бұл салада және физикалық әрі моральдық құндылықтар арасындағы байланыс пен қарым­қатынас саласында да батыс әлемін бірнеше мың жыл артқа тастап, басып озды; олар үнді йогасы, қытайдың тыныс алу техникасы, ежелгі маорилердің висцеральдік гимнастикасы сияқты ауқымды теориялық ­ тәжірибелік жүйелерді ойлап тапты. Тек жақында күн тәртібіне шыққан топырақсыз ­ ақ жер өндеу ісі бірнеше ғасыр бойы кейбір Полинезия халықтарында жүзеге асып келеді, бұған қоса олар әлемге навигация өнерін тарту етті, ал, XVIII ғасырда олар өздері ойлағаннан да кеңпейіл әлеуметтік және моральдық өмір салтын ұсынып, әлемді дүр сілкіндірді. Отбасын ұйымдастыру және әулеттер мен әлеуметтік топтар арасындағы қарым­ қатынасты жақсарту ісінде экономикалық жағынан кенже қалған австралиялық адамзаттың өзге бөлігінен алға ұзап шыққаны соншалық, олар ойлап тапқан жүйені түсіну үшін математиканың ең озық формаларын қолдануға тура келеді. Некелескендер селдір мата десек, қалған әлеуметтік институттар оның үстінен жүргізілген тігіс қана деген тұжырым соларға тиесілі; тіпті отбасы рөлін төмендетіп көрсететін қазіргі қоғамда отбасылық байланыстар жақсы дамыған, бірақ ол тар шеңбер ішінде қалып қойған, оның сыртында өзге отбасылар арасындағы бөлекше байланыс орнайды. Өзара некеге отырғызу арқылы отбасын бөліп шығару барлық әлеуметтік құрылымдарды ұстап тұратын жөне оған икемділік беретін үлкен топсалар құрайды. Австралиялықтар бүл механизмнің айқын теориясын жасады, оны орындаудың әрқайсысына тән өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар әдістерін дайындады. Олар сонымен қатар бақылау жоспарынан асып өтіп, бүл жүйені басқаратын математикалық заңдылықтарға жетті. Сондықтан, оларды тек жалпы социологияның негізін салушылар емес, әлеуметтік таным саласына соны өлшемдер енгізген халық деп атасақ, артық айтқандық емес. Меланезиялықтардың эстетикалық талғамдарының батылдығы мен байлығы, олардың рухтың көлеңкесінде жатқан ең көмескі бөлшектерін әлеуметтік өмірге араластырудағы таланты — адамдардың осы саладағы ең үлкен жетістігі саналады. Африканың қосқан үлесі бұдан гөрі күрделі, бұдан гөрі айқындалмаған, тек соңғы кездері ғана оны болған біткеннің бәрі араласып, жаңа сапарға аттанған немесе қор күйінде сақталып қалған, көбіне басқа бағыттарға өзгерген кәрі құрылық үшін мәдени melting pot болуы мүмкін деген ой айтылып жүр. Адамзат үшін маңызы айқын Египет өркениеті тек Азия мен Африканың бірлесіп шығарған дүниесі деп қарастырылады. Ұзақ уақыт батыс халықтарының көзінен таса болып келген ежелгі Африканың ұлы саяси жүйелері, олардың заңдық құрылымдары, сезімді білдірудің кез келген түріне тән пластикалық өнері мен музыкасы — өте мағыналы тарихы туралы бар білетініміз осы. Соңғысына сол кезде батыстың қолынан келетін мүмкіндіктерді екі орап алған қола мен піл сүйегін өндеудің озық техникасы дәлел бола алады (Американың қосқан үлесін айтып өткенбіз, сондықтан, оған тоқталмаймыз). Сонда да біз Арлекиноның киімі іспетті әлемдік өркениетке екіжақты жалған ақпар беретін мұндай мардымсыз үлеске ғана көңіл аудармауымыз керек. Мына «жеке меншіктерге»: Финикия мәдениетінің — жазуға, қытайдың — қағазға, оқ­дәріге, үнділердің — шыны мен болатқа авторлық құқығы бар дегенге көп маңыз беріп жіберген жоқпыз ба? Мәдениетте бүл элементтер оны топтастыратын, алып қалатын немесе шегеріп тастайтын әдістерге қарағанда маңызсыз. Қандай да бір мәдениетке тән қасиет — оның өз проблемаларын өзі шешіп, барлық адамдарда бірдей болатын құндылықтарға жол ашуға талпынуы (өйткені, барлық адамдардың тілі, техникасы, өнері, ғылымы, наным ­сенімі, бұған қоса әлеуметтік, экономикалық және саяси ұйымдары бар). Әртүрлі мәдениеттерде бұлардың ара салмағы сәйкес келе бермейді, сондықтан, қазіргі этнология бұлардың жалпылама қырларынан қашып, қайнар көздерін ашуға тырысады.

Читайте также:  Шыңғыс хан мемлекетіндегі құқықтық жүйе

Оставить комментарий