СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА РУХАНИ ТƏРБИЕ БЕРУ МƏСЕЛЕЛЕРІ

Елбасы Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халықтарының Ассамблеясының ХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде «Ұлттық бəсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл əлемдік бəсекелестік үрдісіне табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім», — деп көрсетеді [1]. Бұл жас ұрпақ тəрбиесі мен əлемдік қауымдастық қойып отырған талаптар арасында жəне жастардың өзіндік мотивтерінің арасында қарама-қайшылықтар туындатып отыр. Аталған қайшылықты шешу үшін рухани құндылықтарға негізделген оқу-тəрбие процесін құру қажет. Рухани құндылықтар тұлғаның даму өзегі болып табылады. Сонымен қатар рухани құндылықтар адамның өмірдегі өз орнын табуға жəне рухани əлемінің дамуына себепші болатын, тұлғаның жетіле түсуін қамтамасыз ететін, дүниенің күрделі құрылымын түсіндіретін рухани даму өзектері, идеалдары, сонымен бірге адам мен əлеуметтік топтардың тəртібі мен іс- əрекетін қадағалайтын нормативті жүйе болып табылады. Еліміздің егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының, сипаты халықтың рухани, адамгершілік, имандылық көзқарасы, жастар арасындағы білім мен тəрбиеге байланысты. Педагогика ғылымында қазіргі талапқа сай өз шешімін таппай отырған мəселелер жеткілікті. Соның ішінде жастардың рухани құндылық туралы білімдерінің, түсініктерінің төменгі дəрежеде екенін аңғартады. Руханилықты көпшілік дінмен байланыстырады, байланысы болғанмен оның басқа да тұстары басым екеніне мəн беру керек. Мемлекетіміздің зайырлы, унитарлы, демократиялылығы жалпы алғанда толықтай көрініс бермейді. Зайырлылық бүгінгі таңда дін мен мемлекет саясатының үйлесімділігіне, унитарлық заңдардың бұлжытпай орындалуына, демократиялық сөз, іс, əрекеттің еркіндігін сипаттауы тиіс. Мемлекет саясатынынан дін саясаты немесе керісінше бір-біріне бастамшылық жасамауы тиіс. Ал заңды белшесінен басып, басына күн туса елін сатып кетіп жатқандар да жоқ емес. Ал, еркіндік деп ойымызға келгенді жасаймыз деген адасқандар да арамыздан кездеседі. Демократия ол ең Вестник КазНУ, серия «Педагогические науки». – 2011. ‐ № 3(34) 71 алдымен тəртіп, ол болмаған жағдайда анархияға ұшыраймыз. Негізінен алғанда барлық нəрсенің шегі болуы тиіс, шексіздік адамдардың өздеріне жамандық алып келеді. Міне, осы шексіздіктің алдын алудың бірі де жастарды рухани құндылықтарды құрметтеуге үйрету. Қазақстан Республикасының этникалық- мəдени білім тұжырымдамасында (1996): “Тəрбиенің түп мақсаты — қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшуі кезінде саяси экономикалық жəне жан-жақты мəдениетті жеке тұлғаны тəрбиелеу” [2] деп, нарықтық қарым-қатынасқа байланысты жеке тұлғаны тəрбиелеуге мəн берілген, жастарды қоғамдық өмірдің өзгеруіне сай тəрбие жүйесін өзгерту екендігіне аса көңіл бөлген. Əрбір ұлт өзінің ұрпағын мəдениетке, руханилыққа тəрбиелеуде халықтың өзіне тəн əдет-ғұрпы, салт- дəстүрлері жазба мұралар негізге алады. Олай болса, ғасырлар сынынан еленіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан жазба мұраларды жинақтап зерделеудің, оның тəлім-тəрбиелік мол тəжірибесі негізінде ұрпағымызды рухани құндылықтар негізінде тəрбиелеу қажеттігі күнен-күнге арта түсуде. Қазіргі кезде жоғары мектептерiнің мақсаты — жас ұрпақ бойындағы жоғарғы адами құндылықтарды дамытуды, ізгілікке, мейірімділікке, қайырымдылыққа, инабаттылыққа жəне əдептілікке баулуды көздейді. Ал, жастардың рухани- адамгершілік қасиеттері адамгершілік түсінік пен адамгершілік мінез-құлықтың, яғни, адамгершілік қарым-қатынас пен іс- əрекеттің біріккен ықпалының көрінісі. Жоғары мектеп студентінің рухани- адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына тəрбиемен қатар оны қоршаған орта да əсер ететіні белгілі. Қазіргі жағдайда оларға өзінің айналасындағы жақындары отбасының жəне жеке топтардың əсері ғана емес, сонымен бірге қоғамның бүкіл ахуалы, дүние жүзілік қоғамдастықтың өмір сүру, тіршілік ету амал-тəсілдері ықпал жасайды. Өткен XX ғасыр ғылымды, техниканы, технологияны жəне космосты игерудегі ірі жетістіктерімен жəне мəдениет, əдебиет, өнер саласындағы құндылықтарды байытумен тарихта елеулі із қалдырды. Екінші жағынан адам баласын рухани дағдарысқа ұшыратқан халықаралық терроризм, ядролық, экологиялық апаттардан, ұлтаралық жəне діни қарама- қайшылықтар, рухани-адамгершілік құндылықтар дағдарысқа ұшырауына əкелді. Мұның бəрі адамзаттың білім алып, дамуымен байланысты. Мұндай мəселелердің Қазақстан Республикасында адамзатты рухани-адамгершілік құндылықтар дағдарысынан құтқаруға арналған жаңа көзқарастар мен идеялардың болуын көздеп, бүгінгі өмір сүріп отырған болашақ ұрпақ алдында өзінің жауапкершілігін арттыруда. Бүгінгі таңда жастардың қажеттілігін өтеу, рухани құндылықтарды сіңіруге жəне олардың өзін-өзі тəрбиелеп, дамытуын жетілдіріп, өздерінің бойында бар қабілет мүмкіндіктерін ашуға білім парадигмалары толықтай сəйкес емес. Осы орайдан білім беруді дамыту тұжырымдалған мемлекеттік тəуелсіздікті қалыптастыру мен нығайту үшін білім берудің мақсаты мен міндеттерін, құрылымы мен мазмұны жəне негізгі стратегиялық жолдарын айқындайтын парадигма қажет. Қазіргі білім мен тəрбие берудің мазмұны мынадай үш бағыттағы тəрбиенің мəселесін қамтитынын көруге болады: — еркін тұлғаны тəрбиелеу; — рухани тұлғаны тəрбиелеу; — ізгі, адамгершілігі мол тұлғаны тəрбиелеу, яғни, жеке тұлғаны тəрбиелеп жетілдіру мəселесін рухани ізгілікке, ұлттық дəстүрге, дəстүр сабақтастығына, біртұтастыққа, жүйелілікке байланыстыра қарастыру қамтылған. Рухани-құнды қасиеттердің қалыптасуы, жастардың мінез-құлық тəртібінің де сапасын анықтайды. Оның рухани-адамгершілік тəрбиесіне əсер ететін факторларға: қоршаған орта, табиғат, дене еңбектерінің түрлері, экономикалық жағдайлар мен ұлттық салт-дəстүрлер, əдет- ғұрыптар жəне т.б. жатады. Олар жастардың мінез-құлқының, тəртібінің жəне қарым- қатынасы мен іс-əрекетінің өзгеруіне, Вестник КазНУ, серия «Педагогические науки». – 2011. ‐ № 3(34) 72 адамгершілік тұрғысынан жетілуіне мүмкіндік жасайды. Басқаша айтқанда оның қалыптасуына саяси, экономикалық, руханилық, адамгершіліктік факторлар мен биологиялық, физиологиялық факторларда əсер етеді, ал оның мəні, нəтижесі рухани- адамгершілік құндылық сипатынан көрінеді. Мысалы, жоғары мектеп студентінің рухани-құндылықтарды бойына сіңіріп қалыптасуы жəне дамуы — оның осы кездегі физиологиялық, психиканың дамуынан өзін қоршаған ортамен, отбасы мүшелерімен жəне жолдастарымен қарым-қатынастың дұрыс қалыптасуынан, оқу, білім арқылы өмірлік тəжірибе жинақтауынан жəне оны күнделікті қолдануынан көрініс табады. Қоршаған ортаның жаңаруы, жаңа тұрмыс салтының негізделуі жəне жоғары мектеп үдерісінің жаңаруы мен жастардың рухани тұрғыдан қалыптасуының барлығы бір-бірімен тығыз байланысты үдеріс. Дегенмен олардың рухани құндылықтарының қалыптасуына қарағанда қоғамның материалдық жəне рухани жағдайлары тез дамиды. Сондықтан, рухани-құнды қасиеттер бір қалыпты жағдайда қалыптасып қоймайды, қоғам мен педагогтың нақтылы əсер етуін, жастардың жеке басының қоғам өмірінің жан-жақты болмысымен белсенді қарым-қатынаста болуын талап етеді. Рухани-адамгершілік тəрбиенің құндылығы, білім алушыларға кешенді түрде мақсатты əсер етуімен тығыз байланысты. Адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттердің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тəрбиелеу. Ұрпақ тəрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл- парасаты мол, мəдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тəрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, мəдениетті, іскер, еңбекқор, иманды азамат тəрбиелеуді азаматтық ақыл-ойы мен мəдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бəрін игере отырып жəне оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Педагогика ғылымында тəрбиені бірнеше бағытқа бөледі, олар: Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тəрбие, зерде мəдениеті, рухани-адамгершілік, салауатты өмір салты, экономикалық, экологиялық талғам, этикалық жəне жанұялық өмір мəдениеті дейді. Өзіміз байқағанымыздай, жоғарыда аталған тəрбие жүйесімен көптеген ұрпақ тəрбиеленіп келеді. Бірақ бұл тəрбие түрлерінің қарқынды жүргізілетініне қарамастан-ақ жолдан, адал жолдан адасып, азғындаушылыққа ұшырап, жастарымыздың дұрыс жолдан таюы орын алуда. Бұл сұрақтардың жауабын рухани тəрбиенің, рухани құндылықтар мен мəдениеттің, ұлттық идеяның жетіспеуілігінен, деп қарастыруға болады. Ұлттық мəдениетті дамыту, тұлға бойында жоғары рухани-адамгершілік сапалар мен ұлттық идеяны қалыптастыру оқу-тəрбие үдерісінен мақсатты орын алуы тиіс. Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік болмысын қалыптастырудың, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты, ұлттық сананы тəрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих – халықтың зердесі, ол содан сусындап, əлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын күш-қуат алады. Халқымыздың ұлттық, мəдени мұраларын ескермеу, оның мəн-маңызына көз жібермеу болашақ ұрпақтың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына теріс ықпалын тигізері сөзсіз. Соныдықтан да рухани- адамгершілік мəселелерін білім беру парадигмаларының мазмұна ендіру көзделуі керек. Білім беру пардигмалары негізінде тұлғаның рухани дүниесін қалыптастырудың төмендегідей тенденцияларын атап өтуге болады айқындалды: — Білім беру парадигмалары білім алушылардың сұранысы, талабы бойынша өзгеріп, дамиды; — Рухани құндылықтарды бағалауға үйрету білім беру парадигмаларының негізгі элементі болып табылады; Вестник КазНУ, серия «Педагогические науки». – 2011. ‐ № 3(34) 73 — Көпмəдениетті ортағы негізделген ортақ құндылықтар дүниесі қалыптасады; — Өркениетті елдермен қарым-қатынасты руханилық алғашұы орынға ие болады; — Адам əлемдік өркениет жағдайындағы жалпыадамзаттық құндылықтар қатарындағы көшбасшыға айналады; — Білім беру мен тірбиелеуде интеллектуалдылыққа қол жетімдң болып, адамның рухани сапасына мəн беріледі; — Білім беру жүйесінің ортақтасуы біртұтас білім беру кеңістігін құруға алғы шарт болады. Адамның руханилығы өмірге көзқарасынан, білімінен, мəдениетінен дұрыс не нашар мінез-құлқымен көрініс беріп отырады, ол дұрыс мінез-құлықты, өмірге көзқарасты қалыптастыру адамның өскен ортасына берілген тəрбиеге тікелей байланысты. Ата-бабаларымыздың болашақ ұрпақтың өмірлік бет-бағдарын қалыптастыруға, яғни олардың бойында ерік, жігер, табандылық, тұрақтылық қасиеттерінің болуына үлкен мəн берген. Бұл өз кезегінде педагогикалық пəндекр мазмұнында орын алған. Педагогикалық пəндердің мақсаты барлық тарихи тəжірибеге сүйене отырып, келер ұрпақты еңбекке, өнер-білім машықтарын меңгеруге, отбасы, ауыл-аймақтың, елдің ар-намысын қорғауға тағы басқа ізгі қасиеттерге, рухани құнды қасиеттерге баулу, яғни адамның белсенді бет-бағдарын қалыптастыру.

Читайте также:  Ә.Х. МАРҒҰЛАННЫҢ ҚАЗАҚСТАНЫҢ ТАС ДӘУIРI ЕСКЕРТКIШТЕРIН ЗЕРТТЕУI

Оставить комментарий