Студенттің жазылым іскерлігін дамыту

Мақалада қазіргі таңдағы басты мəселенің бірі – қазақ тілін қазақ тілді емес аудиторияларға үйрету. Тілді үйренуде сөйлесім əрекеттерінің жетістігі мол болып отыр . Соның ішінде жазылым əрекетін баса назарға ала отырып, оның ерекшеліктері мен жетістігін ашып көрсетуге тырыстық. Осы тақырыпқа қатысты еңбектер сараланды. Жазылымның түрлері, бөлімдері, құрылымы атап көрсетілді. Студенттің жазылым əрекетін арттыру жолында дəріс үлгісі де берілді. Тақырыптық тірек сөздер: жазылым іскерлігі, тілдік дағды, сауатты жеткізу, эссе жазу эксперименті. 1.Кіріспе Осыған орай, еліміздің білім беру жүйесі мемлекеттік тілді оқытып үйретуді дүниежүзілік стандарттық үлгілерге жақындастыруды жəне оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіруді міндеттейді. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне оқытудың əдістемелік мəселелерін зерттеу мемлекетіміздің жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарында жүргізіліп келеді. Орыс тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту əдістемесі жан-жақты зерттеліп отырса да, əлі де жүйелі түрде зерттеуді қажет етеді. Соның бірі – студенттердің жазылым іскерлігін дамыту. Қай кезеңде де білім алушыға берілетін білімге қатаң талаптар қойылды. Көне еңбектерді айтпағанда, қазақ тілінің негізін қалаған А. Байтұрсынұлы ұстанымдарында білім алушының тілін дамыту, танымын кеңейту мəселелері басты назарда ұсталынған. М.Жұмабаев тұлға қалыптастыруда оның бойындағы мінез-құлық, қасиеттерін тəрбиелей отырып, тұлғалық дарындылықты қазақтың ұлттық тəрбиесі арқылы қалыптастыру керектігін айтады. Ы.Алтынсары тілдік дағдыны жетілдіру үшін қазақ тілі сабақтарында білім алушының өміріне, табиғатына жақын келетін мəтіндерді пайдаланудың тиімділігін көрсеткен. Студенттің тілдік қабілетін жетілдіру – білім беру үдерісіндегі басты міндет. Ғалымдардың еңбектерінде қазіргі білім беру барысында ненің маңызды екендігі көрініс тапқан. Сондықтан сол ой-тұжырымдарды басшылыққа алу болашақ мамандардың санасына ұлттық рух пен елжандылық қасиетті қалыптастыруға, ұлттық сананы оятуға, сабақ сапасын арттыруға, оқытушы шеберлігі мен студент білімін жетілдіруге ықпал етеді. Қазақ тілін үйретуде атқарылып отырған жұмыстар көп. Қазақ тіл білімінде осы мəселеге жете көңіл бөліп, арнайы зерттеген ғалым – Ф.Ш.Оразбаева. Ф.Ш.Оразбаеваның «Тілдік қатынас Оразбаева Ф. Тiлдiк қатынас: теориясы жəне əдiстемесi» [1] атты еңбегі жарық көрді. Еңбекте қазақ тіл білімінде тілдік қатынастың негізгі сипаты, құрамы мен басты қағидалары, оны қолданудың əдіс-тəсілдері қарастырылып, терминдері ғылыми айналымға түсті. Жұмыстың соңғы бөлімінде сөйлесім жəне сөйлесім əрекетінің түрлеріне талдау жасалады. Ф.Оразбаева сөйлесім əрекетін бес түрге бөліп қарастырады жəне оларға қазақ тілінде бұрын айтылмаған тың терминдік атау береді. Олар: оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім. Ф.Ж. Абдразақова қазақ тілін шетелдік студенттерге жазылым əрекеті арқылы үйрету əдістемесін (2003), А.М. Мұратбекова қазақ тілінің кəсіби бағытталған лексикасын жазылым əрекеті арқылы оқыту əдістемесін (2003), арнайы зерттеді. «Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді. Жазылым — тілдік тұлғалардың графикалық, фонемалық жүйесіне негізделген; лингвистикалық, психологиялық, физиологиялық, əдістемелік ерекшеліктерге қатысты тілдік материалдың мазмұны мен формасын бірдей қамтитын адамдардың ұзақ мерзімдегі қарым-қатынасына мүмкіндік жасайтын күрделі тарихи əрекет. Жазылым біріншіден, əріптің, сөздің графикалық таңбасы арқылы іске асады; екіншіден, бұл графикалық таңбалар белгілі бір 132 фонемалық, мағыналық қасиетке ие болады; үшіншіден, жазылым құбылысында сөйлесім əрекетінің барлық түрі қатысады; төртіншіден, жазу үстінде тіл үйренуші адам сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл аударуға мəжбүр болады; бесіншіден, жазылым қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей байланысты жүзеге асырады. Осы ретте Ф. Абдразахованың шетел студенттеріне қазақ тілін жазылым əрекеті арқылы үйрету əдістемесін қарастырған зерттеу еңбегінің маңыздылығын атап өткен жөн. Ф. Абдразахова зерттеу жұмысында сөйлесім əрекетінің осы түрі – жазылым əрекетінің анықтамасын, ерекшеліктерін жəне түрлерін анықтай отырып, жазылым əрекетін шетелдік студенттерге меңгертудің тиімді жолдарын көрсетті. Зерттеу жұмысында жазылым əрекеті бірнеше түрге бөлініп қарастырылды. Мəселен, жазылу үлгісіне қарай жазылымның мынадай түрлері берілді: дыбыстық жазылым; көшіру жазылымы; жатқа жазу жазылымы; көркемдік жазылым; танымдық жазылым [2,15]. Осыған дейінгі де зерттеу жүргізген ғалымдардың қалыптасқан пікір бойынша жазылым негізгі үш бөліктен құралады: 1) себеп-салдарлық; 2) аналитикалық-синтетикалық; 3) орындалымдық. Ф.Ш.Оразбаеваның пікірінше жазылым бірнеше құрылымдық кезеңнен тұрады да, көпсалалы болады. 1. Қажеттіліктен пайда болатын себеп; 2. Себептің ойда, санада бейнеленуі; 3. Ойдың сөз арқылы тізбектелуі; 4. Сөздің графикалық əріптермен таңбалануы; 5. Жазудың екінші адамға түсінікті болып, берілген хабарды білдіруі. Жазылымның лингвистикалық мазмұнын белгілейтін мəселелер мыналар: 1. Графика; 2. Орфографика; 3. Жазып алу; 4. Жазбаша сөйлеу. 2.Зерттеу жұмыстары Қазақ тілінде кез-келген тақырыпта эссе жазуға үйретуде көптеген тапсырмаларды сабақта өткіздім, соның бір үлгісін беруді жөн көрдім. Сабақ барысындағы басты мақсат – студенттің жазылым іскерлігін дамыту. Сабақтың тақырыбы: «Қазақ тілі неге мемлекеттік тіл дəрежесіне көтеріле алмай жатыр?» деп алынды. Ең алдымен студенттерге төмендегідей тапсырмалар бердім. 1-тапсырма. 4-5 топқа бөлініп, қазақ тілінің мемлекеттік тіл болуының қандай мүмкіндіктері бар, жəне ол дəрежеге толықтай жетуімізге не кедергі болып тұр. Осыларды екі бағанға толтырыңыздар, талқылаңыздар. Мүмкіндіктер Кедергілер 2-тапсырма.Мəтіндегі қарамен жазылған сөздерге назар аударыңыздар. Қазақша сөйлеген дəрігер қатаң сөгіс алды “Жас қазақ” апталығының өткен санында №28 (184) жарық көрген мақала еріксіз назарымды аударды. Мұндай да сұмдық болады екен-ау деп басымды шайқадым. Журналист Еренғайып Қуатайұлының жазған мақаласының ұзын-ырғасы мынандай. Алматы қаласындағы №6 емхананың дəрігері Еркінбек Шаяхметұлы: “Осы қаралушылармен қашанғы орысша сөйлесемін, бір күн бəрімен қазақша сөйлесейінші” деген ойға келіп, қаралуға келген кісілердің бəрімен қазақша амандасып, қай жері ауыратынан қазақша сұрай бастайды. Қаланың орыс тілді қазақтары басында қысылып, қымтырылғанымен, қазақша тілдерін сындырып, жауап қата бастапты. Тіпті кейбір орыс азаматтар да қазақша шамалары келгенінше жауап бергенін байқаған дəрігер қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуде өзіміздің тартыншақтап жүргенімізге көзін жеткізеді. Оқиғаның “көкесі” дəрігерге Алматы қаласындағы мектепті биыл ғана бітірген орыс қызы келгенде басталады. Д əрігердің: “Ал сенің жағдайың қалай? Денсаулығың жақсы ма, айналайын?” деген сауалына, “Я казахский не понимаю!”- деп орнынан атып тұрыпты. Ақ халатты абзал жанның: “Айналайын, сен он жыл қазақ тілін оқыдың ғой. Менің 133 бір ауыз сөзімді түсінбей қалдың ба?” деген орысша сауалына “Мен қазір мамамды ертіп келемін” деп жауап беріп, есікті тарс жауыпты. Бұдан соң, шешесі мен қызы табақтай арыз əкеліп, оны емхана басшылығына табыс етіпті. Емхана меңгерушісі Дəмегүл Жайлаубайқызы бастаған комиссия Еркінбек дəрігерге қатаң сөгіс жариялайды. Ойлап қараңызшы, қазақша сөйлегені үшін 25 жыл бойы мінсіз қызмет еткен дəрігер қатаң сөгіс алып отыр . Онымен қоймай əлгі орыс қыздан кешірім сұрауға мəжбүрлепті. Осылайша “Тəуелсіз Қазақстанда дүниеге келген орыстың қаршадай қызы қазақша жауап беруге намыстанып, мемлекеттік тілде тіл қатқан адамға қасқыр көрген ешкікөзденіп отыр” дейді “Жас қазақ” ұлттық апталығының тілшісі. 3-тапсырма. Мəтінді қайта оқып, негізгі идеяны ашатын сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді теріп жазып, өз ойыңызды білдіріңіз. № Сөз, сөз тіркесі, сөйлем Комментарий 4-тапсырма. Мəтін мазмұны бойынша рөлге еніп, тапсырманы орындаңыздар: 1. Журналист пен дəрігер 2. Журналист пен қыздың анасы 3. Дəрігер мен емхана басшысы. 4. Журналист пен емхана басшысы 5. Емхана басшысы, қыз, анасы. 5-тапсырма. «Қазақ тілі неге мемлекеттік тіл дəрежесіне көтеріле алмай жатыр?» тақырыбына эссе жазыңыздар. Міне, бірнеше сабақтар барысында осы тапсырмалар беріліп отырды. Бірақ сабақта тапсырманың көбірек орындауға уақыттың жетпегендігінен, студент тапсырманың үлгермеген бөлігін сабақтан тыс кезде орындайды. Себебі, қазіргі оқытудың кредиттік технологиясы дегеніміз – оқу пəндерін, оларды игеру тəртібін студент еркін таңдай отырып, білімді ізденушілікпен игеруіне, одан əрі жетілдіруіне мүмкіндік алатын оқыту жүйесі. Ал, енді жоғарыда берілген тапсырмаларға қайта оралайық. Берілген тапсырмалармен жазылымға бару үшін сөйлесім əрекетінің барлық түрлерін қамти отырып жүргізілді. Жаттығудың бұл түрі студенттің кез-келген тілдік ортада еркін пікір алмасу, дискурста қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру мен түрлі мазмұндағы тілдік жағдаяттарда білім, білік, дағдыларын қолдануды жетілдіруге бағытталды. Сонымен бірге ойын жүйелі жеткізу, пікірін дəлелдеу мен тілдік жағдаятта оңтайлы шешім қабылдауды үйретуді көздеді. Орындалған тапсырмалар арқылы эссе жазу барысында міндетті түрде сөздік қорлары көбейіп, ойын дұрыс жазуға қалыптасады деп айта аламыз. 3. Нəтижелері Осы тапсырмалар арқылы студентердің жазылым іскерлігін арттырып отыр. Сабағымыз студенттерге қиындық емес, қызығушылық пен тартымдылыққа үйретіп отырды. Түрлі мəтіндер арқылы жазылымға бару үшін көптеген жұмыс түрлері жүргізіліп отырды. Ағартушы А.Байтұрсынов «Мұғалім əдісті көп білуге тырысу керек. Оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нəрсе есебінде қолдануы керек» дегендей, өзім де қазақ тілін үйретуде нəтижелі болатын əдістерді сұрыпталып пайдаланылды. Озық тəжірибелермен танысып, пəн оқытушыларымен тəжірибе алмасуға мүикіндік берілді. Өйткені, сабақтың тартымды өтуі, ұтымды тəсілдерді дұрыс қолдана білу бізден, яғни бүгінгі оқытушыдан көп ізденіс талап етіледі. 4. Қорытынды Қорыта айтқанда, ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, түрлі əдістерді қолдана отырып, студенттің жазуға деген қабілетін дамыту басты міндеті болып тұр. Өткізілген тəжірибелі сабақтардан кейін студенттердің жазу арқылы қазақ тілінде сөйлеуі, ойлауы арта түседі.

Читайте также:  Саясат азаматтардың құлқы жөнінде қам жеуі керек

Оставить комментарий