СУ ҚОРЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ЖИНАҚТАЛУЫ

Су қорларының қалыптасуы, жинақталуы, химиялық құрамының өзгеруі табиғи факторлар комплексінің әсерінен болады. Олардың негізгілеріне жер бедері, климат, топырақ пен өсімдіктер (Физикалық­географиялық топтар), геологиялық құрылысы, тектоника, гидрогеологиялық жағдайлар жатады. Сонымен бірге олар бір­бірімен өзара байланысып, яғни біреуінің өзгеруінен басқаларының пайда болуы мүмкін. Мұнда физикалық­географиялық топ факторларының өте құбылмалы болатындығына көңіл бөлу керек, ол тарихи қысқа мерзімде­ақ алмасып отырады. Құмдардың ысырылып, қоқыстардың пайда болуын, жауын­шашынды жылдардың қуаңшылыққа, жылы да қарсыз қыстың қатал және қарлы қысқа алмасуын шөптердің қалың немесе сирек шығуын байқауға болады. Адам әсерінен де өзгерістер (ағаш отырғызу, плотина салу, су қоймаларын жасау, каналдар салу және т.б.) болады. Басқаларына күш түсіретін осы өзгерістер жиынтығы су режимінің жалпы жағдайларына әсер етеді. Геологиялық құрылым тобы табиғи факторлары біршама тұрақты болып табылады. Біз сипаттаған регион жағдайларындағы бұл фактордың өзгеруі үшін кем дегенде миллион жыл қажет болар еді. Жоғарыда келтірілген қарапайым және көбірек белгілі заңдылықтарды біле отырып, табиғаттағы мол байлықтарды толық болмаса да, белгілі дәрежеде пайдалануға және өз жұмыстарын табиғат заңына үйлестіре құруға мүмкіндік береді.

Читайте также:  Ритуалды көпнұсқалылық және институционалды арнайылық

Оставить комментарий