Загрузка…

СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАҚСАРТУ

Маңғышлақтың халқын, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету үшін және жер суару мен жайылымдарды суландыру үшін жер асты сулары, Каспий теңізінің суы (тұщыландыру арқылы), Амудария және Орал өзендерінің суы, сондай­ақ уақытша жер беті суы пайдаланылады. Төменде су ресурстарын пайдаланудың қазіргі күйіне және оны жақсарту, кеңейту перспективаларына сипаттама беріледі. Өнеркәсіптік және коммуналдық шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету Шевченко қаласы. Қаланы сумен қамтамасыз ету үшін 1959 жылы жоғарғы альб горизонтының суын пайдаланатын Құйылыс су жинаушы құрылысы салынды. Бұдан кейін, қаланың су тұтыну мұқтаждығының өсуіне байланысты өздігінен құйылу тәсілінде жұмыс істейтін жаңа скважиналар пайдалануға берілді. Солтүстік тобының скважиналарында минералдануы литріне 2 грамға дейінгі жер асты сулары (су тұщыландыру қондырғысының дистиллятымен қажетті кондицияға жеткенше араластырғаннан кейін) ішуге пайдаланылады. Оңтүстік тобының скважиналары техникалық қажетке жарататын су алу үшін пайдаланылады. Ішуге және техникалық мақсатқа пайдалануға арналған сулар ұзындығы 60 км су құбырларымен, қуатты насостардың жәрдемі арқылы беріледі. Ондаған скважиналар жұмыс істеп тұрған кезден су жинаушы құрылыстың жиынтық шығыны тәулігіне 55 мың текше метр болады. Көрсетілген әдіспен дайындалатын ішетін судың мөлшері қазіргі кезде тәулігіне 41850 текше метр болады. Оның ішінде тәулігіне 8000 текше метрі Жетібай поселкесі мен Жаңа Өзен қаласының су құбырлары мен мұнайшылардың, мұқтаждықтарына жұмсалады, ал қалған бөлігін Шевченко қаласы пайдаланады. Тәулігіне 51700 текше метр мөлшердегі техникалық сумен қамтамасыз етудің орталық торабында минералдандырылған су, дистиллят және механикалық сүзгілерде кварц құмымен оның жалпы минералдануын литріне 4,5 грамм шамасында қамтамасыз ететіндей етіп тазартылған теңіз суын араластыру жолымен дайындалады. Техникалық су желіге берілер алдында хлорланады. Жаңа Өзен қаласы. Қазіргі кезде Жаңа Өзен қаласы оған іргелес жатқан Ескі Өзен және Теңге поселкелерімен қоса ішуге және шаруашылық мұқтаждықтары үшін Сауысқан және Түйесу құмды массивтерінің жер асты суларын пайдаланады. 24 және 27 скважиналардан тұратын екі су жинаушы құрылыстың су тарту жиынтығы тәулігіне 15,0 мың текше метр, оның ішінде Сауысқан – 4,0 мың және Түйесу – 11,0 мың текше метр. Бұдан басқа, Шевченко – Жетібай – Өзен су құбыры арқылы тәулігіне 2,0 мың текше метр тұщы су келеді. Сонымен, өнеркәсіп объектілері және жасыл желекті 35 мың халқы бар қала өзінің тұщы суға деген тәулігіне 17,0 мың текше метр мұқтаждығын қанағаттандырады. Оның тәулігіне 3,0 мың текше метрі жасыл желектерді суаруға, тәулігіне осыған жуығы өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік мұқтаждықтарына және тәулігіне 11 мың текше метрі (әр адамға тәулігіне 300 литр) тек тұрмыстық шаруашылық мұқтаждыққа және ішуге жұмсалады. Бұл күндері пайдаланылып отырған жер асты суларының мөлшері Сауысқан және Түйесу кен орындарының бекітілген пайдалану қорының бар болғаны 62 процентін құрайды. Олар толықтыру қорын ескерместен, тек қана тұрақты (ғасырлық) пайдалану қоры есебінен бекітілген. Сауысқан тәжірибелік­ баланстық алаңындағы жер асты суының режимі мен балансына және жұмыс істеп тұрған су жинаушы құрылыстарға жүргізілген көп жылдық бақылаулар көрсеткеніндей толықтырылатын қоры едәуір және секундына бірнеше ондаған литрмен өлшенеді. Бұл – осы кен орындарының мүмкіндігі зор, Сауысқан кен орнының Оңтүстік су жинаушы құрылысын қосу жолымен су тартып шығаруды арттыруға мүмкіндік береді. Шевченко – Жетібай – Өзен су кұбырының соңғы пунктіндегі, яғни Жаңа Өзен қаласындағы жобадағы жұмыс өнімділігі 1975 жылы тәулігіне 25 мың текше метр және 1980 жылы 50 мың текше метр болады. Халықтың шаруашылық және ішетін суға деген мұқтажын жоғарыда айтылған жоғары сапалы жер асты сулары қамтамасыз ете алатын болғандықтан, Шевченкодан берілетін суды овощ­бақша дақылдарын және екпе шөптерді суару үшін пайдалану қажет. Су ресурстарын пайдалануды жақсартуда ағын сулар үлкен резерв болып табылады. Қазіргі кезде шаруашылық­фекальды (тәулігіне 11 мың текше метр) және өнеркәсіптік (тәулігіне 3 мың текше метр) ағын суларды тазартушы құрылыстардың жоқтығынан буландыру алаңына шығарады. Республика үкіметінің бірнеше дүркін шығарған қаулыларына және бөлген қаржыларына қарамастан тазартушы құрылыстар осы күнге дейін салынбай келеді. Бұл суларды пайдалану 500 гектарға дейінгі жерді суаруға мүмкіндік берер еді. Форт­Шевченко қаласы. 13,0 мың халқы бар іргелес жатқан Баутино және Аташ поселкелерін және өнеркәсіп кәсіпорындарын қоса есептегенде қала тасып әкелінетін Волганың суымен және ішінара тұрғындардың өздері жасаған шахталы құдықтардың суымен қамтамасыз етілетін. 1960 жылдың басында Кетік аңғары ауданында, қаладан 5­10 км шығысқа қарай ащы су арасынан тұщы жер асты суының линзасы табылған. ТКЗ оның пайдалану қорын тәулігіне 1000 текше метрден астам деп бекітті. Ол уақытта жер асты суларының режимі мен балансының жеткіліксіз зерттелгендігін атап айту керек, тұрақты (қалпына келтірілмейтін) қорлар ғана есептеуге. алынды, ал олардың толықтырылуы ескерілмеген. Соңғы жылдардағы тұрақты бақылаулардың нәтижесі көрсетіп отырғанындай, тұщы су қорларының атмосфералық жауын­шашыннан, әсіресе нөсер жаңбырдан (жылына 2­3 рет) кейін пайда болатын уақытша ағындардың сүзілуі есебінен едәуір толығады және тәулігіне жұмыс өнімділігі 20­25 мың текше метрлік су жинаушы құрылыстың жұмысын қамтамасыз ете алады. Қазіргі кезде линзаның шегінде сызықтық тәртіппен әрқайсысының тереңдігі 50­60 метрден болатын 3­4 пайдалану скважиналары салынған, олар су тартқыш электр насостармен жабдықталып, оған төменгі вольтті электр линиясы жүргізілген. Қала (Форт­Шевченко) халқын сумен қамтамасыз ету ісі суды тікелей скважиналардан автодистерналар арқылы тасып тарату жолымен іске асырылады. Олардың тәуліктік жұмыс өнімділігі орта есеппен тәулігіне 300­400 текше метрден аспайды. Балық өнеркәсібі кәсіпорындары бар Баутино және Аташ поселкелері бұрынғысынша тасымалданып әкелінетін суды пайдаланады. Қаладағы Т. Г. Шевченко атындағы паркті минералдануы литріне 2­3 грамм жергілікті құдықтардағы саумал сумен суарады. Қаланы сумен қамтамасыз ету ісін жақсарту мақсатында таяу уақыттың ішінде тұщы су линзасы көлемінде 8­10 пайдалану скважиналары бар су жинаушы құрылыс салу, қалаға, Аташ және Баутино поселкелеріне дейін, жалпы ұзындығы 20 км, диаметрі 150 миллиметрлік су құбырын және су таратушы кернеме су мұнарасын салу қажет. Одан кейін әрбір тұрғын үйге жеткізілетін қала ішілік су құбыры желісін салу керек. Су жинаушы құрылысты салуда скважиналардың бір­бірінен аралықтары кем дегенде 250 м болуы тиіс. Оның әсер етуінің орташа радиусы олардың жұмысы кезінде ащы суды бүйірлік copy екі жағынан да біркелкі болу үшін линзаның ұзындық осімен сай келуі керек. Қажеттілік болған жағдайда Аташ поселкесінен 15 км қашықтықтағы Түпқараған үстіртіне орналасқан Қосәйнек сайы ауданында тағы бір су жинаушы құрылыс салуға болады. Мұнда сармат шөгінділерінің мульда (ойпаттардың ең шұңқыр жері) тәрізді құрылымында жер асты тұщы суының едәуір қоры шоғырланған. Алдын ала алынған мәліметтерге қарағанда ол жұмыс өнімділігі секундына 10 литрге дейінгі су жинаушы кұрылыстың жұмыс істеуін қамтамасыз ете алады. Су жинаушы құрылыс әрқайсысының тереңдігі 100­120 м және пайдалану колоннасының диаметрі 6 (150 мм) болатыны 3­5 скважинадан тұруы мүмкін. Су жинаушы құрылыстан Аташ және Баутино тұтыну орындарына дейінгі жер бедері жағдайы оның тиімді жағы болып саналады. Ол суды өз ағынымен су құбыры арқылы тасымалдауға мүмкіндік береді. Ералиев поселкесі. Мұнай барлаушылар поселкесі және аудан орталығы Ералиев поселкесін сумен жабдықтау Песчаный мүйісінің осы аттас құмды массивіндегі және оған іргелес жатқан сармат әктастарындағы ащы судың ортасында жүзіп жүрген тұщы су линзасы түріндегі жер асты суларына негізделген. 1966 жылы пайдалануға берілген су жинаушы құрылыс әрқайсысының тереңдігі 35­50 метрден келетін 8 скважинадан тұрады. Су жинаушы құрылыстың жұмыс істеу принципі жекелеген скважиналарға ащы судың құйылуын болдырмайтын, бүкіл линзадан суды аудан бойынша біркелкі тартып шығаруды көздейді. Бұл – пайдаланудың ұсынылған режимін скважинаның тиімді жұмыс істеуін және сүзгілі колоннаның су қабылдаушы бөлігінің сулы горизонттың тұщы су аралығында қатаң орналасуын кезінде жекелеген скважиналардың жұмыс мерзімін және тығын қою жолымен судың забойдан келуін болдырмауды қатаң түрде сақтау арқылы іске асырылады. Су диаметрі 150 мм және ұзындығы 25,0 км құбыр арқылы беріледі. Су жинаушы құрылыс 8 жыл бойы тәулігіне 8­10 мың текше метр жұмыс өнімділігімен пайдаланып келеді. Бұл толықтыру қорын ескерместен есептегендегі бекітілген пайдалану қорынан әлдеқайда асып түседі. Мұның өзінде тұрақты қорын пайдалану әлдеқайда кем. Суға мұқтаждықтың, бір бөлігі (автомобильдерді, тракторларды және басқа техникаларды жуу мен кейбір басқа да мұқтаждықтар) жалпы минералдануы литріне 4­5 грамм болатын сармат шөгінділерінің жергілікті саумал суы есебінен өтеледі. Мұнда тереңдігі 30­50 м 4­5 скважина салынған және электр насостардың жәрдемімен су қажетті мөлшерде құбыр арқылы беріледі. Қала типіндегі Ералиев поселкесінің болашақта дамуына байланысты көп мөлшердегі тұщыландырылған суды жеткізу үшін Шевченко­Ералиев су құбырын салу жоспарлануда. Оны пайдалануға берген соң Песчаный мүйісіндегі су жинаушы құрылысты ауыл шаруашылық объектілерін (орталық усадьбаларды, фермаларды, оазистік жер суландыруды және т. б.) сумен қамтамасыз ету жұмыстары үшін пайдалану қажет. Жетібай поселкесі. Жетібай поселкесінің мұнайшылары мен барлаушы­ геологтарының шаруашылық­тұрмыстық және ауыз су мұқтаждықтары Шевченко қаласынан су құбыры арқылы берілетін тұщыландырылған су арқылы қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде поселкеге тәулігіне 5­6 мың текше метр су келтіріледі, келешекте бұл одан да арта түспек. Мұнайлы­газды горизонттарды айналдыра суландыру үшін де тәулігіне 20­ 30 мың текше метр мөлшерде Шевченко қаласына беріліп тұратын теңіз суы тартылады. Қала типіндегі Шетпе поселкесі. Қазіргі заман стилімен салынған аудан орталығы – Шетпе поселкесі осы күнге дейін бір орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жұмысына зәру болып келеді. Қазір поселкенің шағын бөлігі Шетпе су жинаушы құрылысының бір орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қызметін пайдаланады, ал қалған бөлігі тасымалданып әкелінетін суды ішеді. 1964­1965 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шетпе су жинаушы құрылысы әрқайсысының тереңдігі 60­65 м келетін скважинадан тұрады. Темір жол станциясынан скважинаға дейінгі қашықтық 100­150 м болады. Су жинаушы құрылыстың жалпы жұмыс өнімділігі тәулігіне 800­ден 900 текше метрге дейін ауытқиды. Бұл мөлшердің жартысы Сай­Өтес станциясын, 8, 10, 15 және басқа разъездерді сумен қамтамасыз ету үшін вагонцистерналармен жөнелтіледі. Ал қалғаны – тәулігіне 400 текше метр суды Шетпе станциясы пайдаланады. Қазіргі кезде аудан орталығы тұтынып отырған судың жалпы мөлшері секундына 8 литрден артпайды немесе тәулігіне 700 текше метр. Бұл – коммуналдық шаруашылықтары, өнеркәсіп орындары және жасыл желектері бар он мың халық тұратын поселкенің мұқтаждығын толық қанағаттандыра алмайды. 1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басында аудан орталығын 40­50 км қашықтықта жатқан Ұланақ аңғарының жер асты суы есебінен қамтамасыз ету жұмысының жобасы жасалды. Алайда су жинаушы құрылыс пен су құбырын салу жылдан жылға созыла берді. Су құбырын жоспарлау мен салу жұмысына көп уақыт қажет болатындығын ескере отырып, тереңдігі 50­70 м 3­4 скважина салу және оны қолда бар кұбырларға қосу жолымен Шетпені Батыс Қаратаудың шығыс шетінің және Шығыс Қаратаудың Оңтүстік­батыс шетінің жер асты сулары есебінен қамтамасыз етуді уақытша ұлғайту ұсынылады. Оған көп күрделі қаржы талап етілмейді, сондықтан оны аса көп қиындықсыз­ақ жүзеге асыруға болады. Темір жол станциялары. Ақжігіт, Бейнеу, Опорная темір жол станциялары мен олардың аралықтарына орналасқан разьездерді, сондай­ақ компрессор станциясын сумен қамтамасыз ету ісі Қоңырат­Бейнеу – Құлсары магистральдық су құбырымен берілетін Амударияның суына негізделген. Су құбырының мүмкіндігі зор және бұл станциялардың су тұтыну жөніндегі перспективалық дамуын толық қанағаттандыра алады. Бейнеу компрессор станциясында, аудан орталығында тәулік сайын пайдаланғаннан кейін 1,5 текше метрге дейін ыстық тұщы су сыртқа шығарылатындығын атап айту керек. Мұнымен қыста парниктерді, ал жазда ашық грунтта овощ­бақша дақылдарын суаруға, сөйтіп ауданның халқын бүкіл жыл бойы картоппен және овощтармен қамтамасыз ету проблемасын шешуге болар еді. Тазартушы құрылыстардың жұмыс істемеуі салдарынан тәулігіне 1,5 текше метрге дейінгі мөлшердегі шаруашылықтың қалдық сулары да ешбір мақсатсыз ысырап болуда. Оларды зарарсыздандырып, қалпына келтіру қажет, сөйтіп, аңызақ және шаң­тозаңды желді климат жағдайындағы Бейнеу поселкесіне өте қажетті орман алқаптарын отырғызу үшін тазартылған суды пайдаланған жөн. Үстірт, Сай – Өтес станциялары және олардың аралықтарына орналасқан бірнеше разъездер Орал өзенімен Шетпе станциясынан тасымалданып әкелінетін сумен қамтамасыз етіледі. Мұның өзінде де олар үнемі су тапшылығын сезінеді – әрбір тұрғынға тәулігіне 15­20 литрден 40 литрге дейінгі мөлшердегі су келеді. Бейнеу – Сай – Өтес – Өзен су құбырының құрылысы басталады. Осыған байланысты таяудағы жылдары олардың суға мұқтаждығын толық қанағаттандыру мүмкіндігі бар. Прорва мұнай кәсіпорны, қала типіндегі Құлсары, Мұнайлы және басқа поселкелер. Гурьев қаласынан магистральды су құбырымен келетін Орал өзенінің суымен қамтамасыз етіледі. Су құбырының диаметрі және онда пайда болатын қысым шаруашылық және ішетін суға деген мұқтажын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұнай барлаушылар поселкелері Ақсу, Қаражамбас және басқалары Жаңа Өзен қаласынан және басқа су көздерінен автоцистерналармен әкелінетін сумен қамтамасыз етіледі. Олардың кейбіреулері жергілікті жер асты суларын пайдаланады.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar