Су ресурстарын таусылудан және ластанудан қорғау

Суға мемлекеттік меншік, делінген Қазақ ССР­інің су кодексінде – суды халық шаруашылығына барынша мол пайда келтірте отырып, жоспарлы және комплексті түрде пайдалануды жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасайды, совет адамдарының еңбек жағдайларына, тұрмысы мен демалуына және денсаулығын қорғауға ең жақсы жағдайларды жасауға мүмкіндік береді. Қоғамдық өндірістің және қалалар салу құрылысының дамуы халықтың материалдық әл­ауқаты мен мәдени деңгейінің өсуі, суға деген әр алуан мұқтаждықты арттыра түседі және суды тиімді пайдалану мен оны қорғаудың маңызын жоғарылатады.

Совет Одағындағы барлық сулар (су объектілері) – өзендермен «көлдердің, су қоймаларының, «каналдар мен тоғандардың, жер асты суларының, мұздықтардың, СССР­дің ішкі және территориялық теңіздерінің суларын қамтитын бірыңғай мемлекеттік қорға (фондыға) енеді. Республика территориясының шегінде бірыңғай мемлекеттік су қорына билік жасау Қазақ ССР­інің еркіне берілген. Ол суларды пайдалану тәртібін, оларды ластанудан, былғанудан және таусылудан қорғауды, судың зиянды әсерін болдырмау және жою тәртіптерін белгілейді. Атқарылатын шараларды жоспарлап, суды комплекс түрде пайдалану мен оны қорғаудың, су шаруашылық баланстарының схемасын бекітеді, суды пайдалану және оны қорғауға бақылау жүргізуді жүзеге асырады, сондай­ақ олар ССР Одағының қарауына енбеген болса басқа мәселелер бойынша да су қатынастарын реттейді.

Қазақ ССР­інің Мелиорация және су шаруашылығы министрлігі мен оның жер­ жерлердегі органдары Қазақ СCP­інде суды пайдалану мен қорғауды реттеу жөніндегі арнаулы өкілдігі бар мемлекеттік орган болып табылады. Қазақ ССР Мелиорация және су шаруашылығы министрлігінің оның қарауындағы территорияда суды пайдалану және қорғау мәселелері жөніндегі нұсқаулары министрліктер мен ведомстволар үшін, сондай­ақ олардың ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық кәсіпорындар, мекемелер және азаматтар үшін міндетті болып табылады. Партияның Орталық Комитеті мен Совет үкіметінің және Қазақстан Компартиясы мен республика үкіметінің қаулыларында су қоймаларын (теңіздерді, өзендерді және басқаларын) ластанудан қорғаудың оны тек ішуге пайдалану мақсатында ғана емес, сондай­ақ тірі организмдердің тіршілік әрекеті үшін де зор маңызы бар екендігі атап көрсетілген. Бұл жағынан қарағанда ашық су қоймаларына және буландыру алаңына шығарылатын өнеркәсіптік, шаруашылықтық қалдық суларды тазартуға ерекше көңіл бөлінеді. Каспий теңізі суын ластанудан қорғау мақсатында соңғы 2­3 жылда Совет және Қазақ ССР үкіметі Каспий теңізінің жағалауына орналасқан мұнай өндіруші, химия, тамақ, жеңіл, жергілікті өнеркәсіп, коммуналдық шаруашылық, ет, сүт, балық өнеркәсібі, автомобиль транспорты, темір жол және басқа да кәсіпорындарын, облыстық атқару комитеттерін міндеттейтін бірнеше қаулылар қабылдады.

Партия мен үкіметтің үнемі қамқорлық жасауының арқасында көптеген объектілерде тазартқыш құрылыстар пайдалануға беріліп, жұмыс істеуде. Кемітіліп алынған мәліметтерге қарағанда қазіргі кезде тәулігіне 70 мың текше метрден астам мөлшердегі тазарту жұмысы жағдайында осы мөлшердегі сумен 1000 гектардай жерді суландыруға болар еді. Үкіметтің бірнеше дүркін қабылдаған қаулыларына қарамастан ағын суларды тазартуға министрліктер, ведомстволар және жергілікті өнеркәсіп ұйымдары тарапынан тиісті көңіл бөлінбейді. Айталық, Жаңа Өзен қаласында тазартушы құрылысты салу жұмысы жобалаусметалық документтер мен бөлінген күрделі қаржылардың болуына қарамастан жылдан­жылға кейінге қалдырылып келеді. Шевченко қаласында тәулігіне жұмыс өнімділігі 42300 текше метр ағын суды тазартуға, тазартқыш құрылысты қайта құрудың сметалық құны 3665 мың бола тура 1975 жылға оның 150 мың сомы ғана игерілмекші. Территорияда әр түрлі сулы горизонттар мен тереңдіктерден, жер асты суларының дебиті мен минералдануы әр түрлі көптеген скважиналар жұмыс істейді.

Читайте также:  Адам - ата мен хауа - ана

Скважиналардан судың өздігінен құйылуын реттеу мақсатында республика үкіметі мен жергілікті директивалық органдар бірқатар қаулы­қарарлар қабылдады. Оларда Қазақ ССР Геология министрлігінің, мұнай өнеркәсібі министрлігінің, СССР Орташа машиналар жасау министрлігінің, Су шаруашылығы министрлігінің, Қазақ ССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және жергілікті шаруашылықтардың ұйымдарын скважиналарды кранды реттеуші құрылғылармен жабдықтауға және олардың ақаусыз жұмыс істеуіне үнемі бақылау жасап отыруға міндеттеді. Осының нәтижесінде халық шаруашылығының мұқтажына жарамды су фонтанын атқылатып тұрған көптеген скважиналар крандармен жабдықталды, ал ащы су фонтандары жабылды.

Тұщы су ресурстары шектелген, сипаттап отырған аудан жағдайында территорияда көптеп салынып жатқан ашық су қоймаларында, тоғандарда және қазан шұңқырларда суды ластанудан қорғау өте актуальды маңызға ие болады. Оны болдырмау үшін бірқатар шараларды іс жүзіне асыру қажет, оның ішіндегі маңыздылары мыналар: ­ жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізуде су қоймаларындағы судың тиімді (оптимальды) қабатын сақтау, ол аз болса әр түрлі бактериялардың көбейіп, дамуы мүмкін; ­ қорғау аумағын қатаң шектеу; ­ малды арнайы жасалған құдықтардан суару керек; ­ суға үнемі бактериологиялық анализ жүргізіп отыру және т.б. Су қоймаларындағы суды тиімді пайдалану үшін оны комплексті түрде – жаңбыр суының әрбір жаңадан келіп қосылып отыратын үлесі суды ағызушы құрылыстан ағып кетпей су қоймасында қалуы үшін суат және суландыруға пайдалану қажет. Аталған шаралардың бәрін өмірге енгізу сөз жоқ партия мен үкіметтің халық шаруашылығының барлық салаларын қарқынды дамыту жөніндегі алға қойған міндеттерін, оның ішінде мал басы мен оның өнімділігін арттыруды табысты шешуге жағдай жасайды.

Қарастырып өткен экономикалық аудан құрғақ, шұғыл континентальды климатымен, тұтасымен алғанда нашар тілімденген, жазық жер бедерімен, қиыр солтүстігінен басқа бөлігінде тұрақты су ағындарымен, су қоймаларының жоқтығымен, шөлге тән топырағымен, өсімдіктерге кедейлігімен және геологиялық­құрылымдық құрылысының күрделілігімен сипатталады. Регионалдығы жағынан морфологиялық және құрылымдық ерекшеліктері бойынша әрқайсысы бірқатар құрылымдық тектоникалық аймақтарды біріктіретін, көтерілу мен ойпаңдардың мұнда Орталық Маңғышлақ Үстірт, Бозащы Солтүстік Үстірт, Оңтүстік Үстірт және Оңтүстік Ембі системалары ерекше көрінеді.

Территорияның вертикальды кесіндісінен төрт сулы қабат – пермь­триас, юра­төменгі миоцен, орта миоцен төменгі плиоцен және жоғарғы плиоценді – төрттік қабаттар, сондай­ақ бірнеше сулы сериялар, комплекстер және горизонттар айқын көрінеді. Оларға екінші қатардағы Оңтүстік Маңғышлақ, Солтүстік Маңғышлақ, Оңтүстік Ембі артезиандық бассейндері, артезиандық бассейндердің Үстірт системасы және Қаратау гидрогеологиялық массиві жатады. Территорияның шегіндегі әр түрлі сулы қабаттарда, серияларда, комплекстерде және горизонттарда тұщы және әлсіз саумал судың бірнеше ірі және бірден­бір сирек кездесетін кен орындары ашылып, барланған. Олардың кейбіреулерінің пайдалану қоры бекітіліп, халық шаруашылығының мұқтаждығына пайдаланылуда.

Читайте также:  АҚШ-ТЫҢ «ДЕ­МОК­РАТИЯ­ЛЫҚ ИДЕЯ­ЛАР­ДЫ ТАРАТУ» ПРИН­ЦИПІ

Жату тереңдігі 5­15 м болатын Басқұдық, Сауысқан және Түйесу тұщы су кен орындары тек ендік бағытында тізбектеле орналасқан осы аттас құмды массивтерден ашылған. Судың бекітілген пайдалану қорының жиынтық мөлшері секундына 310 литр. Қазіргі кезде Сауысқан мен Түйесу тұщы су кен орындары Жаңа Өзен қаласын, Өзен және Теңге поселкелерін секундына 170 литр мөлшердегі ішуге және шаруашылыққа жарамды сумен қамтамасыз ету жұмысына пайдаланылуда.

Бекітілген пайдалану қоры секундына 412 литр болатын, Сам құмды массивінің тұщы жер асты суы массивтің линза деп аталатын төрт учаскесіне таралған. Олар 5­тен 20 метрге дейінгі тереңдікте жатады. Судың деңгейі 4­5 метрге төмендегенде скважиналардың дебиті батыс және солтүстік линзаларда орта есеппен секундына 2­2,5 литр, судың деңгейі 6­8 метрге төмендегенде Оңтүстік линзада 3­4 литр болады. Песчаный мүйісіндегі сармат­понт (төменгі) шөгінділерінде және қазіргі кездегі жағалау құмдарда (жоғарғы) ащы сулардың ішінен жер асты тұщы суы линзасы барланған. Пайдалану қоры секундына 10 литр мөлшерінде бекітілген және Ералиев поселкесін сумен қамтамасыз ету үшін толығымен пайдаланылуда.

Бірден­бір сирек кездесетін, толықтырылып отыруын есептемегендегі қоры секундына 10 литрден асатын, тұщы су линзасы барланған Кетік аңғары Форт­Шевченко қаласын сумен қамтамасыз ету көзі болып саналады. Тұщы су линзасының қалың қабаты, оның өте тереңде жатпауы және скважиналардың жақсы жұмыс өнімділігі айрықша күрделі қаржы жұмсамастан, су шығаруға қолайлы жағдай жасайды. Альб­сеноман шөгінділерінен тұщы, әлсіз саумал судың ірі кен орындары ашылып, барланған. Бекітілген пайдалану қоры секундына 700 литрден асатын, 500800 метр тереңдікте жатқан Құйылыс сайының жоғары қысымды әлсіз саумал суы Шевченко қаласының өнеркәсіп орындарын және халқын қамтамасыз ету үшін пайдаланылуда.

Ұланақ аңғарының қойнауында жер асты тұщы суы бар. Мұнда олар альбтің жоғарғы горизонттарында 50200 м тереңдікте жатады. Суы барлық жерлерінде қысымды, әдетте скважиналардан өздігінен құйылып тұрады. Өздігінен құйылуда скважиналардың дебиті секундына 2­8 литрге жетеді. Бекітілген пайдалану қорының мөлшері секундына 110 литр. Бұл сулар Шетпе поселкесін ішетін және шаруашылыққа пайдаланатын сумен қамтамасыз ету мәселесін шешуге арналған. Мұнан басқа, Ұланақ аңғарында әлсіз саумал сулардың едәуір ресурстары бар. Олар 54,0 метрден 250 метрге дейінгі тереңдіктен ашылатын сеноман және төрт альб горизонттарында болады. Өздігінен құйылуда скважиналардың дебиті секундына 1,5­2,0­ден 5­8 литрге ауытқиды. Бұл сулардың қоры 200 литрден астам деп бағалануда және жер суландыруға табысты түрде пайдалануға болады.

Қаратау таулы жотасы мен Бозащы түбегінің аралығына орасан зор территорияны (5000 шаршы километрден астам ала отырып минералдануы литріне 3 литрге дейін әлсіз саумал судың Солтүстік Ақтау артезиандық бассейні орналасқан. Олар 600­900 м тереңдікте жатып, жоғары гидростатикалық қысымды күйде болады. Скважиналардан көптеген жағдайда су секундына 5­25 литр дебитпен өздігінен құйылады. Бассейн әрқайсысының қалыңдығы 30­100 м келетін 4­5 өз бетінше жеке сулы горизонттардан тұрады. Алдын ала есептеулер бойынша пайдалану қорының жиынтық мөлшері тәулігіне 1,5­2,0 текше метр. Судың мөлшері оларды жер суландыруға, халықты сумен қамтамасыз етуге және жайылымдарды суландыруға пайдалануға мүмкіндік береді. Төңірекшың және Жаңасу сайларындағы альб шөгінділерінен де әлсіз саумал жер асты суы кездескен, мұнда 600­800 м тереңдікте су шығымы секундына 1545 литр скважиналар бар. Судың минералдануы мен химиялық құрамы суармалы жерлерді суландыруға қойылатын талаптарды қанағаттандырады. Минералдануы литріне 0,4­0,9 грамм болатын жақсы сапалы жер асты тұщы сулары Қаратау жотасы жыныстарының пермь­триас комплексінің тектоникалық опырындылар аймағында бар. Олардың кейбіреулері, мысалы Тұщыбек, Шайыр, Шетпе, Қарақұдық, Оңды тағы басқалары барланған. Суы 30­70 м тереңдікте жатады да, көбінесе қысымды болып келеді. Өздігінен құйылуда скважиналарының дебиті секундына 1,5­3 литр, ал су тартып шығаруда 5­25 литрге жетеді. Пайдалану ресурстары секундына 250 литр шамасында, Олар Шетпе, Шайыр, Тұщыбек, Жармыш және басқа поселкелерді сумен қамтамасыз ету үшін, сондай­ақ Қаратауда өсірілетін жоңышқа, жеміс­жидек ағаштарын, бақшаны және басқа дақылдарды суаруға пайдаланылады.

Читайте также:  Мұқан Төлебаевтың өмірі мен шығармашылық жолы

Үстірт саумал және әлсіз саумал жер асты суларына бай. Судың жату тереңдігі солтүстігінде және терең ойыс аудандарында 5­8 метрден үстірттің орталық бөлігінде 50­ 70 метрге дейінгі аралықта ауытқиды. Минералдануы литріне 3 грамға дейін болатын әлсіз саумал су тұйықталған ойысты болып, шыңды алқаптарда, яғни қоректену мен судың екінші орынға ауысуына неғұрлым қолайлы учаскелерде кездеседі. Олардың таралу ауданы және қалыңдығы әдетте аса үлкен емес, 2­7 м болады. Құдықтар мен скважиналардың дебиті секундына 0,1­ден 1,0­2,5 литрге дейінгі, ал кей жағдайларда, судың деңгейі 2­20 метрге төмендегенде 6­7 литрге дейін өзгереді. Минералдануы литріне 3­10 грамм жер асты суының. пайдалану ресурстары айтарлықтай мол, ол секундына 10 текше метрге жуық.

Территорияда қоры айтарлықтай және қимыл органдарының, терінің және басқа органдарының ауруларын емдеуге пайдалануға жарайтын шипалы минералды, термальды сулар мен лайлар кең таралған. Ералиев поселкесіндегі минералдық судың негізінде күніне 250 ваннаға есептелген емхана жұмыс істейді. Территорияның басым бөлігінде тұрақты су ағысы болмаған жағдайда, қар еруінен және нөсер жаңбырдан кейін пайда болатын уақытша ағындар жиі кездеседі. Олар көп суды ағыза отырып Қаратау жотасы мен басқа аңғарлардағы ашық аңғарлар қапалар арқылы өтеді. Уақытша ағын тек Қаратау ауданында ғана теңіз бен сорлар бағытына қарай 120 млн. текше метрге дейінгі суды ағызып әкететіндігі анықталған.

Оставить комментарий