iRef.kz

Судың өсімдік тіршілігіндегі маңызы

Су барлық өсімдіктердің организмінде кездеседі.Су бір өсімдіктің әртүрлі органдарында түрліше болумен қатар / түн мен күндіз/ бір тәуліктің ішінде әлденеше өзгереді. Бірақ орта есеппен су төмендегі көрсетілген мөлшерде кездеседі /Б.А.Рубин бойынша/. Кейбір, әсіресе төменгі сатыдағы өсімдіктер — мүк, қына көп уақыт сусыз жағдайда қалып, құрғап кеткенімен, келесі ылғал жеткілікті болған кезде қайтадан тіршілігін жалғастыра береді. Сол сияқты кейбір эфемерлер — дераң, т.б. толық қурағаннан кейін, қайтадан ылғал болған кезде, тіршілігін қалпына келтіретіні белгілі болған. Бірақ, өсімдіктің көпшілігі, әсіресе ауылшаруашылық дақылдары тіршілік үшін судың үздіксіз болуын керек етеді. Егер су біраз уақыт тапшы болса,  ауыл шаруашылығы дақылдарының көпшілігінің өнімін нашарлатады. Сондықтан өсімдіктің су балансында — өсімдіктің суды жарату мөлшері мен судың ену мөлшерінің ара қатынасында тапшылық /дефицит/ болмау керек.

Өсімдік үшін судың маңызы:

1. Өсімдіктерге сіңетін топырақтағы минерал заттарды еріту
2. Судың өсімдік сабағын бірқалыпты температурадаұстап тұрудағы рөлі.
3. Тургор жағдайын қамтамасыз ету
4. Өсімдіктің сабағындағы өткізгіш жолдар арқылы зат алмасу өнімдерінің вегетативтік органдар арқылы тасымал-дануы.
5. Ассимиляция және диссимиляция процестерін жүргізуші фактор және оларға қажетті материал екендігі.

Фотосинтез кезінде органикалық зат түзуге су молекуласы кұрамындағы «Н» жаратылады. Бұл судың өсімдік тіршілігінде маңызы өте зор екенін аңғартады. Сондықтан дала, шөл далалық ендіктердегі өсімдік өнімі көбінесе судың мөлшеріне тәуелді болуымен қатар, олардың суды пайдалануы аса күрделі процесс.

Мысалы, вегетация кезінде бір ғана күнбағыс немесе жүгері өсімдігі толық өсіп жетілу үшін 200 кг су жұмсайды. Ал, егер өсімдік өз денесін құруға қанша су жүмсайтынын анықтайтын болсақ, Ікг жүмсалған суға небары 3—4 г қүрғақ зат түзеді. Егер осы қүрғақ зат көмірсудан түрады дейтін болсақ, оның қүрамының жартысы «С»-нен, жартысы «Н20»-дан түратынын көреміз. Яғни, өсімдік өзі жүмсаған судың тек 1,5/1000: 2/1000 ғана қоректену үшін жұмсайтынын аңғару қиын емес.

Дисперсті фазаның гидратациялық қабілеті күшті. Топырақтағы гравитациялық су ерте көктем немесе күз айларында жауын-шашын мол болғанда, немесе қандыра жайылтып суарудан соң пайда болады. Мұндай су топырақ кесектерінің арасын толық толтырады. Ол ауырлық күшінің әсерінен топырақтың терең қабатына кетеді. Судың бұл формасы өсімдікке оңай қабылданады. Бірақ, ол топырақ кесектерінің арасындағы ауаны ығыстырып шығарып, өсімдіктің тамырына анаэробты қолайсыз жағдай тудырады. Топырақ арасындағы ұсақ капиллярларды толтырып тұратын суды капиллярлы су деп атайды. Бұл — өте жылжымалы әрі топырақтағы судың өсімдік үшін ең тиімді қоры. Оны сақтау мақсатында агротехникалық біраз шаралар жүргізіледі.

Топырақ түйірлерінің сыртына адсорбциялық күшпен жиналып тұрған суды — пленкалы су деп атайды. Бұл судың өсімдікке, топыраққа әл сіз тартылған сыртқы қабаттарындағы сулар ғана қабылданып, ал топырақ түйіршігіне жақын ішкі адсорбцияланған сулар /1000 атм. күшпен байланысу себепті/ қабылданбайды. Өсімдік қабылдай алмайтын судың тағы бір формасы — гигрЬскопиялық және имбибиционды сулар, бұлар судың топырақтағы өлі қоры болып саналады. Өйткені, гигроскопиялық су топырақ түйірлерімен 50 атм. күшпен байланысқан, ал ауылшаруашылық өсімдіктерінің ең күшті су сору күші: бидай тамырының — 10, қызылшаның —15, картоп — 20 және жүгері тамырының су сору күші — 25 атмосфераға тең. Сондықтан ондай суды қабылдай алмайды. Судың өсімдікке қабылдану дәрежесі судың топырақтағы жылжу жылдамдығына байланысты, сол себепті судың жылжу жылдамдығы қанша артса, оның қабылдау дәрежесі сонша артады. Судың жылжығыштығы белгілі иондардың болуымен байланысты. Мысалы, Ма+иондары көпжиналып, топырақ коллоидының гидрофильдік қасиетін күшейтсе, Са++ иондары керісінше нашарлатады. Сондықтан Са++ иондарына қаныққан топырақтағы су капилляр арқылы Ісм көтерілу үшін 1 мин. қажет болса, Ма+ иондарына қаныққан топырақта капилляр арқылы су 1 см көтерілу үшін 10 күн керек болады. Сол себепті судың маңызы өте жоғары екенін білдік.

Пікір қалдыру