СУН ДӘУІР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ «ЦЫ» ЖАНРЫ

«Адамзаттың арманы – рухани бостандық», — деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай, көкірек көзі ояу адам баласы рухани байлығын сәбиіндей мәпелеп келген. Дүниежүзі халықтары өз мәдениетін дамытуға ат салысып, әртүрлі әдеби құнды шығармаларды дүниеге әкелді. Әйтсе де, әртүрлі тілдерде жазылған осы көркем туындылар, тек өз халқына ғана қызмет етіп қоймай, басқа халық өкілдеріне де рухани азық алып келді. Әдебиет сүйер қауымды, көркем туындының қай тілде немесе қай кезеңді бейнелегендігінен гөрі, шығарманың шынайлығы мен тілінің байлығы қызықтырары сөзсіз. Қазіргі еліміз егеменді ел болып, саяси, әрі мәдени дамудың үдемелі кезеңінде, халқымыздың рухани сезімін көтеруде, туған жеріміз бен ана тіліне деген сүйіспеншілігін тереңдете түсуде, әдебиет пен өнердің қосар үлесі өте зор. Көне заманнан, қазіргі заман әдебиет туындыларын зерттеп, олардағы көтеріңкі рухты халыққа паш ету әдебиетшілердің халқы алдындағы міндеті. Егер жылдар тереңіне, тіпті ғасырлар қойнауына ой жүгіртетін болсақ, жарқырап шыққан талай- талай шайырларды, ақыл- ойы дариядай, сөздері шегедей шешендер мен шежірелерді, өмір бояуын ондырмай, тағдыр суретін қалам ұшымен кестелей білген қарымды қаламгерлерді көз алдымызға келтіреміз. Бірнеше ондаған жылдар бойы біз, яғни қазақ оқырмандары, батыс елдерінің классикалық шығармалары мен Ресейдің көрнекті ақын- жазушылардың шығармаларын оқып- танумен шектеліп келдік. Әдебиет майданының шебі толысып, шынайы шабыттың өрісі кеңіген тұста, халқымыздың арасынан шығыс жұлдыздары атанып, жарқырап шыққан шешендер мен ақындардың тамаша туындылары мен нақыл сөздері тереңнен зерттелу үстінде. Ғасырлап жиналған тамаша туындыларды түгел қамтып, шытырман кезеңдер шындығы түсірген таңбаларды тап басып, тану жолында ізденістер кең құлаш жаюда. Әрине, тек қана өз халқының әдебиеті мен тарихын зерттеумен шектеліп қалуға болмайды. Өмір ортақ, тақырыптар ортақ, күнделікті тіршіліктің талабы да ортақ болған соң, дүниежүзі әдебиетінің тамаша туындыларының бүкіл адамзат баласының сүйіспеншілігіне ие болуы да табиғи жайға жатады. Тамырын бірнеше мыңдаған ғасырлар қойнауынан алып, кең құлашын жая дамып келе жатқан қытай әдебиеті біздің ел оқырмандары үшін шешімін таппаған жұмбақ іспеттас. Алғашқы жазба туындысы, поэтикалық «Ши цзин» антологиясы, біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда құрылған қытайдың көркем әдебиеті туралы, орыстың тамаша шығыстанушылары академик В.М. Алексеев, В. В. Бартольд, Н. И. Конрад, Н. Я. Баранников, Н. Я. Марр, Н.Ю. Крачковский, С.Ф. Ольденбург және тағы басқа ғалымдар шығармаларынан сусындап келдік. Қазіргі күнде егеменде Қазақстан шығыстанушыларының алғашқы легі шығыс елдерінің тарихы мен әдебиетін зерттеу үстінде. Тарихы тамырланып, айтары мол қытай әдебиеті туралы өзіміздің ана тілімізде алғашқы зерттеулер жүргізілуде. Ұлы көршіміз Қытай Халық Республикасының тарихы, мәдениеті мен өнері біздің оқырмандарды қызықтырары сөзсіз. Қай халықтың болмасын әдебиет тарихы, ең алдымен, сол халықтың қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, соның сүрлеуі мен ізі болып табылады. Сонау ерте заманнан бері қытай ақындары тұрмыстың ащы шындығын бейнелеп келеді. Ғасырлар өтіп жатыр, әулеттер ауысып, астаналар өзгеріп, қанды күрестерде жауынгерлер бірін-бірі жеңіп, дін қызметкерлері құдай, жұмақты уағыздады. Соғыс оты талай-талай көркем сарайлар мен шіркеулерді қиратты. Әйтсе де, заман ағымымен жаңа ұрпақ дүниеге келіп, жаңа үкімет басшылары тағайындалып, жаңа жерлер ашылып, жаңа қамалдар, қалалар мен шіркеулер салынды. Адамдар әрқашан өздерін қоршаған ортаны игеріп, ең тамаша туындыларды дүниеге әкелген. Сұңғат өнері, мүсіндеу өнері, архитектура, каллиграфия, музыка, поэзия және тағы басқа барлығы да ғасырлар бойы қалыптасқан тәжірибе нәтижесі. Қытай әдебиеті мен мәдениеті өз тамырын бірнеше ғасырлар қойнауынан алады. Осы уақыт ішінде қытай халқы тамаша мәдениет пен көркем әдебиет ескерткіштерін жасаған. Тарихтың ұзын өзенінің ағымында екі кезең ерекше орын алады. Бұл поэзия бұлағының толық, таза және балғын кезеңдері, сонымен қатар ақындардың жан – дүниесіндегі ыстық сезімдерін бұлақтай тасыған шақтары еді. Біздің сөз етіп отырғанымыз, әлі күнге дейін қытай және бүкіл дүниежүзі әдебиеті тарихында поэзияның «Алтын ғасырлары» саналатын Таң (VII-X ғғ.) және Сун (X-XII ғғ.) кезеңдерінде дүниеге келген әдебиет туындылары. Таң өлеңдері мен Сун шумақтары әдебиет әлеміндегі ең хош иісті, ең көркем және ең әсем бақ болып табылады. Олар өздерінің ғажап гүлдерімен, күшті рухымен ерекшеленіп тұрады. Таң леңі мен Сун шумақтары әдебиет сүйер қауым арасында бірдей даңқ пен сүйіспешлілікке ие. Таң поэзиясы біздің елімізде де кең танымал, бірақ Сун шумақтары туралы біз мұны айта алмаймыз. Тек қана біздің елде ғана емес, сонымен қатар өркениетті батыс елдерінде де Сун шумақтары әлі өз жауабын таппаған жұмбақ болып табылады. Ши поэзиясында, ақынның ішкі жан дүниесі ерекше орын алады. Қытай ақындары 22 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (51). 2010 бұл жанрда негізінен үш діни – философиялық ағымдарды негізге алған. Олардың қатарында, конфуций ілімі, дао ілімі және будда діні бар. Осы жанрда жазылған өлеңдердің басым көпшілігі конфуций іліміне сүйенген. Бұл ілім бойынша адам тұлғасындағы ең негізгі нәрсе – адамгершілік. Адамдар арасындағы терең махаббатқа ерекше көңіл бөлінбеді, ол туралы сөз қозғауға тыйым салынған еді. Әйтсе де, конфуций ілімін уағыздаушы адамдардың мінез – құлқын шектеген әрекеттерді халық өмірінен ыстық махаббат сезімдерін бөліп ала алмайды. Қытай ауыз әдебиеті шығармаларында махаббат тақырыбы кеңінен тараған. Махаббат тақырыбы осы кезеңде кеңінен жырланып, оған деген ынта осы кезеңде ерекше арта түсті. Қытай поэзиясы тарихында, сун дәуірінің «цы» шумақтары — таң өлеңдерінен кейін қол жеткізілген үлкен белес. Табиғаты жағынан Еуропа романсына ұқсас, сун шумақтары- таң өлеңі тамаша биіктікке жеткен шағында дүниеге келген. XX ғасырда ол жекеленіп, бірте-бірте көркем шығармашылықтың ең басты түрі ретінде қалыптасқан. Әдебиеттану ғылымындағы бұл жанр, талас туғызған мәселелердің бірі болып табылады. Қытай дәстүрлі философия-сында поэзия «ши» және «цы» жанрларымен сипатталады. Әрине, бұл жанрлар да уақыт ағымына байланысты әртүрлі өзгерістерге ұшырап, өздерінің көркемдік мүмкіндіктерін кеңейтіп, өзара айырмашылықтарын арттыра түсті немесе оларды жойды деп айта аламыз. Цы – қытай классиалық поэзиясының негізгі жанрлардың бірі. Ол халық ауыз әдебиетімен өте тығыз байланысты. «Цы» деген қытай тілінен романс, ария, шумақтар, стансылар деп аударылады. Бірақ бұл шет тіліндегі атаулардың бәрі де атаулы жанрдың жалпы ерекшеліктерін көрсетеді. «Цы» музыка негізінде дүниеге келіп, даму жолын тапқан әдеби жанр. Оның дүниеге келуімен батыс музыкасының енуі арасында өте тығыз байланыс бар /1, 84-85/. Еуропалық музыка Қытайда кеңінен тарап, батыс пен солтүстіктегі халықтардың музыкасы дәстүрлі қытай музыкасымен ұласып кетті, осылай жаңа «ян юэ» жанры дүниеге келді. Бұл музыка өте тез арада әсем сазды деп танылып, кең құлаш жая дамып кетті. Мұнда жаңа түрдегі музыканың әдебиет өміріне тигізген ықпалы зор, әрі өте терең. Оның музыка мен би саласына тигізген өте үлкен өзгерісінен басқа, әдебиеттегі бір шығармашылық жемісі – шумақтардың, яғни цының дүниеге келуі еді. «Цы» дүниеге келгеннен шарықтау шегіне дейін өте ұзақ жол жүрді. Ол Цин дәуірінен қалыптаса бастады. Атақты «Хэчжуан», «Лючжэ» әуендері сол дәуірде дүниеге келген халық әндері. «Цы» жанрындағы өлеңдер музыка-мен тығыз байланысты, әуендердің айырмашылығына, жолдардың санына қарай осы жанрдың түр ерекшеліктері айқындалады. Бір жолдағы иероглифтар-дың саны, шығарманың ырғағы бәрі-бәрі музыкалық әуенге байланысты. Музыка тек цылардың көркемдік түріне ғана емес, кейбір жағдайларда, мағынасы да әсер етті. Музыкамен тығыз байланысты шумақтар-дан басқа, поэтикалық жанрлардан ерекшеленіп тұрады. «Цы» жанры басқа поэтикалық жанрлар сияқты, халық арасында қалып-тасқан. Оның қалыптасуына еңбек әндері зор ықпал жасаған. Кейбір шумақтардың әуендерінің аты осындай ой салады. Көпке танымал «Лан таоша» («Толқындармен шайылған құм») тағы басқа, әуендердің атаулары қарапайым халық, балықшылар мен алтын іздеушілер арасында туғандығына куә болады. Еңбек әндерінің көркемдігі мен аңғырттығы ақындардың көңілін аудартып, осы әуендерге жаңадан сөздер жазғызды. Шумақтар мен музыка арасындағы генетикалық байланыс, кейбір зерттеу-шілерге шумақтарды ортақ ғасырлық Қытайға тән романс деп түсінулеріне себеп болды. «Цы» жанрында жазған ақындар-дың музыка теоретиктері немесе сазгерлер болғандығы қызық– ақ. Пайда болғанынан кейінгі екі – үш ғасыр бойы шумақтар негізінен сазгерлер мен әншілердің игілігі саналып, музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындалған. Қазіргі күні көптеген шумақтардың авторлары белгісіз болып табылады. Шумақтардың кеңінен тарауына және үдемелі дамуына олардың халық әндерімен ұштасып жатқан көне дәстүрі мен көркем әдебиеті, әрі бейнелі тілі зор ықпал еткен. Шумақтарда қарапайым адамдардың ықыластары мен ыстық сезімдері бейнеленеді. Ғасырлар бойы жиналған тамаша поэтикалық мәдениет өзінің мол жемісін берді. Тамылжыған табиғат сұлулығына тамсану, нәзік махаббат сезімі ақын жанынан маржандай сөздерді бұлақша төкті. Сун дәуіріндегі «цы», гүлдену мен дамудың кезеңіне аяқ басты. Сун әдебиеті көркем сөз әлемінде үлкен жетістіктерге жетті, ең шығармашыл деп танылып, халық арасында кең құлашын жая дамыды /3, 71/. Қытай әдебиетінің тарихы, оның ішінде сун шумақтарының тарихы – қытай халқының қоғамдық, әлеуметтік және саяси өмірінің бейнелі көрінісі, соның сүрлеуі, ізі болып табылады. Ендеше сун шумақтарының негізгі тақырыбы мен негізгі идеясын тереңінен түсіну Вестник КазНУ. Серия Востоковедения. №2 (51). 2010 23 үшін Сун әулетінің тарихын жетене тануымыз қажет. Сун әулеті, Қытайда үш ғасыр бойы билік етті. Осы үш жүз жыл бойы, қытай халқының солтүстіктен шапқыншылық жасаған көшпенді тайпалармен күресіне толы еді. Орталықтандырылған Сун империясы 960 жылы бүкіл Қытай жерін біріктірді. Сун әулеті алғашқы он жыл ішінде гүлденіп көркейді. Елде үлкен– үлкен қалалар салынып, сауда мен қол өнер дамыды. Сун мемлекетінің мәдениеті жоғары дәрежеге жетті. Нанкинде көрнекті суретшілерді біріктірген, Көркем сурет академиясы құрылды. Елде жоғарғы сапалы фарфор дайындалды. Баспа үйлері пайда болды. Сурет көрмелері мен кітапханалар көбейе түсті. Қытай империя-сының алып және гүлденген кезеңі қайта оралғандай болды. Бірақ елдегі саяси жағдай өте күрделі еді. Көшпенді тайпаларды күшпен басып шектелді. Бүкіл ауыртпалық шаруалардың арқасында жүктелді. Халық барған сайын ойсырап, қайыршылана түсті. Сун дәуірі екі кезеңге: Солтүстік Сун және Оңтүстік Сун деп бөлінгендігі тарихтан мәлім. Солтүстік Сун әулетінің әлсіздігін және оның иелігін қорғауға шамасының жетіспейтіндігін көрген жүржэндердің көшпелі тайпалары 1126 жылы Хуанхэден өтіп, империяның астанасы – Бянцзин (қазіргі Кайфын) қаласын басып алды. Осылайша Солтүстік Сун әулеті өмір сүруін тоқтатты. Патша сарайы, сонымен бірге шонжарлардың көп бөлігі оңтүстікке қарай қашты, 1127 жылы империяның жаңа астанасы Линань (қазіргі Ханчжоу) қаласында Оңтүстік Сун әулеті өз билігін бастады. Ірі жер иеленушілер бұрынғыша келісушілік саясат жүргізді, олар әлі де қарсыластан алым – салық төлеумен құтылумен шектелеміз дегенде, Солтүстіктен жаңа көшпенді тайпалар – моңғолдар қауіп төндірді. Сун билеушілері Қытай мемлекетін, ешбір тайпалар басып ала алмайды деп үміттенді. Бірақ 1235 жылы Моңғол ордасы Сычуан провинциясын, ал 1276 жылы бүкіл елді басып Юань әулетін құрып, өзінің үстемдігін жүргізе бастады /2, 248/. Осындай қайғылы оқиғаларға толы кезең, Сун поэзиясында жарқын бейнеге ие болды. Оған қатаңдық пен ұлылық таңды. Қытай — Сун поэзиясын күзгі бақытгүлге балайды. Бақытгүл күзде басқа гүлдер суықтан үсіп жатқан кезде, суықтан қорықпай, үлпілдеген гүлдерін ашады. Өмірдің ащы тәжірибесі Сун ақындарын өмірге салауатты қарауға үйретті. Көптеген өлеңдер музыкаға жазылғандықтан, ән түрінде халық арасында тез арада тарады. Жүздеген жылдар бойы жиналған үлкен поэзиялық мәдениет өзінің мол жемісін берді. Табиғаттың әсемдігі алдындағы поэти-калық сүйсіну мен махаббат пен достық туралы естеліктердің тамашалығы шабыт туғызып ақын жанынан сөздерді бұлақша төкті. Халық басына түскен жағдай үшін күйінген және сол үшін қандары қайнаған күйлері ұяттан қызарып қамығу мен күрсіну поэзиялық түрде төгілді. Міне, осылай үй қабырғалары, көпір таяныш-тарына, бір сөзбен айтқанда, ақын шабыты туған жерлерде жазылған әсем әндер осылай дүниеге келген. Бұл өлеңдердің негізінде суық немесе санасыз ой емес, терең сезім жатыр. Әрі бұл сезімдер әртүрлі – жомарт көктемді, жапырақтар мен гүлдерді, күнді көріп шаттанды. Енді бірлерінде, күзгі қолайсыз ауа– райы күнінде, көктемдегідей жан дүние-сінде де жарық жоқтай терең күрсінісі, қайтып келмес жастық шақты аңсау және күтпеген жерде досын кездестіріп шаттана қуану…. Сонымен бірге, Сун ақындарына көне әдебиет сиқыршылары үлкен рухани күш беріп отырған. Атақты ақын Тао Юань Мин поэзиясы тілінде тұңғыш рет, ақын өзінің адамдық қалпын шаруа халықпен тілдесіп, солармен бірге өмір сүрсе ғана сақтап қала алады деген. Сол кезден бастап алдыңғы қатарлы әдебиет- шілер ауылды, олардың шонжарлық әлемнен алшақ қарапайым халқын жырлаған. Сун поэзиясының Қытай поэзиясы тарихында алар орны айрықша, ол Таң өлеңдері мұрасы негізінде, үлкен өзгерістерге ұшырай келе, өзіне тән ерекшеліктерге ие болды. Егер де идеологиялық мағынасына қарасақ, Сун шумақтарында Таң өлеңдеріндегідей кеңдік пен байлық болмағанымен, оларда Таң өлеңдеріндегідей көтеріңкі рух жетпегенімен, Сун шумақтарында халық-тың мұңы мен таптық биліктен туған қайшылық кең орын алды. Әсіресе, мемлекеттің азып-тозған күйі, билеуші-лердің жүргізіп отырған келіспеушілік саясаты, Отанын сүйетін патриоттардың елді басқыншылардан қорғауға шақырған патриоттық рухтағы өлеңдері өте жалынды және жүректі жарып шыққан жырлар емес пе?! Сун шумақтарының көркемдік ерекшеліктерінің екі себебі бар: Бірінішіден, Сун әулетінің енді билікке келген кезінде мемлекет ісіне араласу үшін, мемлекттік емтихан тапсыру үшін көп оқып, әдебиет пен өнерге көп көңіл бөлінген. Әсіресе, өлең жаза алу талабы болуы міндет болған. Әрине, бұл сол дәуірдегі талапқа сай болды, сол кездегі өлең стиліне, өлеңдерді талдауға және де саяси көзқарасты білдіру үшін де қолданылады. Екіншіден, осы кезеңде өмір сүрген ақындар көне әдебиет мұраларын негізге алып, солардан көп нәрсе үйренген. Әсіресе, Таң дәуіріндегі ақындардың шығармаларын оқып, олар көне 24 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (51). 2010 әдебиет нұсқаларынан өздеріне қажет мағлұматтарды жинаған. Сун шумақтары, ХІ ғасырда өзінің шарықтау шегіне жетті. Осы кезде «цы» жанрындағы тамаша туындылар, дарынды ақындардың қаламынан туған. Осы жанрдың негізін қалауға ат салысқан алтын қазықтардың бірі болып табылатын, Қытай әдебиетінің сиқыршысы ақын – қыз Ли Цин Чжао. Көркем сөз майданында, жазушыға, еркекке, әйелге, картқа, жасқа деп шектеліп қойылған саржайлау да жоқ, құлазығын қу дала да жоқ. Ащы көл де ортақ, тұщы көл де ортақ. Ғарышқа дейінгі биіктік те ортақ. Ерлік, батылдық, адалдық, ұяттылық, арлылық, намыс-қойлық сияқты адамгершілік-адамзаттық қасиеттердің бәрі де ортақ. Біз Қытайдың ақын – қызы Ли Цин Чжаоды осындай асқарлардың биігінде көреміз. Сол биіктерге көтеріле беру, тереңге бойлай беру, сол адамгершілік қасиеттерді толықтыра беру – ақын-жазушының бәріне ортақ арманы. Мұның екінші аты — адам жанындағы, адам рухындағы тереңдік. Тегінде биікке көтерілу мен тереңге бойлау, деген бірі жоғары, бірі төмен тартқандай көрінгенімен ақын- жазушылар үшін оның мағынасы екеу емес, біреуі: екеуі де ой мен көркемдіктің өрісі – әрі биік, әрі терең болуын талап етеді. Идеялық және көркемдік тұтастығы дейтініміз сол биікте, сол тереңдікте ғана тоғысады. Біз қылмақ болып отырған, ақын Ли Цин Чжаоды әрқашан осыны іздеу жолында көреміз. Қай халықтың әдебиетін, қай кездегі әдебиетті алып қарасаңыз да өз ішінде байқалатын қарайластары болады. Біз Ли Цин Чжао поэзиясының ең жоғарғы сатысында тұрған замандастарымен қарайлас биікте көреміз. Оның ең тамаша шығармалары «Цы» жанрында жазылған. Олар ақынның жіңішке жеке еңбегі. Бұларда орта ғасырлық қытай әйелінің рухани дүниесі, оның сүттей таза сезімі, оның жан дүниесінің бойды баурап алатын әсем лиризмі орын алады. Ақынның шығармашылығын әдетте екі кезеңге бөлуге болады. Біріншісі, ерте, яғни жастықтың көңілді шақтарына толы кезеңі, ал екіншісі, жалғыздықтан қалжыраған кезеңі деп бөлеміз. Ли Цин Чжаодың шығармашылық диапазонының кеңдігі сонша, оның терең сезімімен қатар, терең азаматтық сезімге және ерлікке толы шығармалар жазған. Көне Қытай ақындары, соның ішінде әйел – ақындар саусақпен санарлық. Феодалдық кертартпа қоғам, әйелдерді еркектермен қатар мемлекет ісіне араласуына қатал тиым салды. Бірақ, туған елім деп ақын –қыз Ли Цин Чжао есімі бернеше мыңдаған жылдардан бері өшіп қалмай, әлі күнге дейін әдебиет тарихында жарқырап жанып, оқырмандардың сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

Читайте также:  ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУ

Оставить комментарий