СЫНШЫЛДЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Реалистік және неореалистік амалдардың осы заманғы сыншыларының көпшілігі қауіпсіздікке неғұрлым жан­жақты және мемлекеттік ­ орталықтық дәстүрге неғұрлым аз бағдарланған талдау жасауға тырысады. Реализм сыншылары ұлттық қауіпсіздіктің дәстүрлі дискурсының дихотомдық ой жүйесін олар нөлдік жиынтық тұжырымдамасы ретінде қарастыратындығына күмәнданады. Олар сондай­ақ өздеріне мынадай сұрақ қояды: егер қауіпсіздік тек әскери ғана емес, сондай­ақ экономикалық және экологиялық өлшемдер кіретін терминдерде анықталатын болса, мемлекет қауіпсіздіктің барабар кепілі бола ала ма? Бейбітшілік пен жанжалдарды осы заманғы зерттеулер қауіпсіздікті көп қырлы, көп деңгейлі көзқарас негізінде анықтауға тырысады (Dunn, 1991). Зорлық­зомбылықтың тікелей де, жанама да барлық тұрпаттарына жол бермеу қажеттігін көздейтін баршаға ортақ қауіпсіздік анықтамасына ұқсас қауіпсіздік анықтамасын пайдалана отырып, 1960­жылдардың соңындағы бейбітшілікті зерттеулер физикалық зорлық­зомбылыққа ұқсастығы бойынша зорлық­ зомбылық категориясын енгізе отырып, құрылымдық зорлық­зомбылықтың бірінші теориясын ­ индивидтің негізгі материалдық қажеттіліктерін жеткілікті қанағаттандырмау есебінен оның өмірден күтетінін төмендететін экономикалық және саяси құрылымдардың әділетсіздігінің нәтижесінде индивидке нұқсан келтіретін жанама зорлық­зомбылық теориясын ұсынды (Galtung, 1971; Wallensteen, 1988).

Әскери жанжалдар мәселелеріне шұқшиюын қоймаған көптеген бейбітшілік зерттеулер! әскери және әлеуметтік шығындардың ара қатынасына ден қойдыртуға тырысып, әскери қимылдар мен тіршілік өрісінің нашарлауы арасында байланыс орнатады. Бейбітшілік проблемаларын кейбір зерттеушілер әскери шығындарды азайтудың және жаһандық соғыстың басталу мүмкіндігін кемітудің жолдары ретінде шабуыл жасамайтын қорғаныстық және ядролық қару­жарақты қысқарту пайдасына пікір айтады. Бейбітшілік проблемаларын кейбір зерттеушілер Карр секілді, өздеріне мынадай сұрақ қояды: жаппай қырып­жоятын қару жеңгендерге де, жеңілгендерге де бірдей қауіп төндіретін бүгінгі өзара тәуелді дүниеде мемлекеттік жүйе бүгінде қауіпсіздіктің пәрменді кепілі бола ала ма; аталмыш жағдайда өзіне­өзі көмектесу қауіпсіздікті қамтамасыз етудің лайықты жолы емес пе? Сондықтан көптеген зерттеушілер жаңа немесе қиғылықпен реформаланған әлемдік тәртіпті қауіпсіздікті ұлғайту үшін қажетті қадам ретінде ұсынды; жаһандық жүйені осынау қайта құруға байланысты индивидтің қауіпсіздігі мемлекет қауіпсіздігімен салыстырғанда жетекші орынға шыға бастады.

Читайте также:  ҒҰН МЕМЛЕКЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ

Дүниежүзілік қауіпсіздік туралы еңбегінің кіріспесінде Майкл Клар мен Дэниэл Томас (Klare, Thomas, 1991) қауіпсіздікті статистикалық терминдерде емес, адам баласының денсаулығы мен әл­ауқатын ұзақ мерзімді жақсарту және адамдар қасіретін мүмкіндігінше кеміту әрекеті деп анықтайды. Сол еңбекте Ричард Фалк (Falk) қауіпсіздікке реалистік көзқарастан өзгешеленетін, «әлемдік тәртіп» тұрғысынан келетін өз көзқарасын ұсынады. Ол шекараларды қорғау арқылы алдын алуға болмайтын және бір мемлекеттің күшімен еңсеру мүмкін емес қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлер реалистердің өзіне­өзі көмек туралы қағидасын күрделілендіріп) қауіпсіздікті неғұрлым жан­жақты көзқарас негізінде талдай алатын жаңа құрылымдарды талап етеді деп санайды. Әлемнің реалистік схемасына іргелі қыр көрсету болып табылатын, ішкі және халықаралық факторлардың арасындағы ықпалдастықты жеделдететін демократиялық трансұлттық әлеуметтік күштерге назар аударылуға тиіс. Ұлттық қауіпсіздіктен жаһандық қауіпсіздікке осынау тұжырымдамалық ілгерілеу әлемдік тәртіптің негізі болып табылады, және де оның жақтастары сондай­ақ, қауіпсіздікті осынау адами тұрғыдан көру индивидтен басталуға тиіс дейді. Бейбітшілік, экономикалық әл­ауқат, адам құқығы және экологиялық есен ­саулық сияқты құндылықтары бар «жаңа әлемдік тәртіптің» жақтастары, Карр ізімен жүре отырып, мұның бәріне мемлекеттік институттар арқылы емес, халықаралық немесе трансұлттық қызметтік институттар арқылы тезірек те жақсырақ жетуге болады деп санайды. «Әлемдік тәртіп» тұрғысынан келу амалының жақтастары секілді Кен Бус (Booth, 1991) та қауіпсіздіктің негізі мемлекет емес, индивид болуға тиіс дегенді кесіп айтады.

Қауіпсіздікті азат етушілік тұрғыдан көру пайдасына дәлелдер келтіре отырып, Бус халықаралық саясатты зерттеу тәсілін сипаттайтын «пайдасыз дихотомияларды» сынайды. Бустың пікірі бойынша, қауіпсіздік тұжырымдалатын тіл ­ бөлу және шығарып тастау тілі; біз ескі стереотиптерден арылмайынша және неғұрлым тәуелсіз ойлай бастамайынша, біздің болашақты бейнелеуіміз өткенді қайталай береді: Бус қауіпсіздікті мемлекет пен оның қарулы күштерінің орталық рөлі тұрғысынан гөрі холизм тұрғысынан көрсететін позицияны қорғайды. Өзін утопияшыл­реалист деп атайтын ол реализмдегі бар жақсыны басқа көзқарастар арқылы қол жетпеген адамзат қауіпсіздігінің демократиялық пошымын іздестіру үстіндегі эмансипация саясатымен кіріктіруге тырысады. Реализм сыншыларының көпшілігі Бустың адамзат қауіпсіздігіне кепілдік бере алатын эмансипация саясаты біздің қауіпсіздікті дәстүрлі түсінуімізде орын алған шекаралар мен ұқсастықтарды түбегейлі қайта ой елегінен өткізуге мұқтаж деген пікірімен келіседі. Р.Уолкер (Walker, 1988),

Читайте также:  АРЗАН ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

Бус секілді, реалистік дәстүрлермен байланыстырылатын бөлу тілінің сыншысы болып табылады; оның пікірі бойынша, қауіпсіздік тек мемлекет қарекетінің арқасында ғана қамтамасыз етіледі деген қағида элитаның мүддесіне сай келеді және дүниежүзілік қауіпсіздікке қол жеткізуге бөгет жасайтын кедергілер тұрғызып, өзі мен басқалардың арасындағы, дос пен дұшпанның арасындағы, ел азаматы мен шетелдік арасындағы шекаралық бөлуді күшейтеді. Осынау дихотомиялар саяси кеңістіктің дәстүрлі түсінілуін бейнелейді және ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамаларын заңдастыру үшін қажет, бірақ олар дүниежүзілік қауіпсіздік пен индивидтің қауіпсіздігіне қол жеткізумен ауыл­үй қона алмайды. Ұлттық қауіпсіздік сыртқы әскери қатерден қорғаныс ретінде анықталған кезде, қатердің мағынасы мемлекеттік егемендік доктринасымен күшейтіледі, ол қауіпсіздікті талап ететін қоғамдастық пен қауіпті сыртқы төңірек арасындағы шекараны бекітеді. Сол себеппен реализмнің көптеген сыншылары, қауіпсіздік жеке индивидтен басталады екен, оның мемлекеттік егемендікпен байланысы күшейтілуге тиіс деп санайды.

Карр адамдардың ұқсастыққа зәрулігін қанағаттандыру үшін ұлт­мемлекеттің сақталуын жақтаса, мемлекеттік­орталықтық көзқарас жақтастары саяси ұқсастықты қолдан жасаудың қауіптілігін көрсетеді. Осы заманғы халықаралық жүйеде қауіпсіздік ұлтшылдық саяси ұқсастықпен байланысты, ал ол бөтенді ­ «басқа», сондықтан қауіпті деп түсінуге негізделген (Walker, 1990). Дэвид Кэмпбэлл (Campbell, 1992) осынау статистикалық ұқсастық шекараларын күзету «басқадан» шығатын «қауіпті» жасауға негізделеді: осылайша, қауіпсіздікке қатер әдеттегі түсінікте әрқашан сыртқы нақты болмыстан туындайды дейді. Кэмпбэлл мемлекет өзінің ұқсастығы қауіпсіздігіне қатер туралы осынау дискурсқа мұқтаж, оның заңдылығы өз азаматтарының тыныш өмір сүруіне кепілдік беруіне негізделген деп санайды. Азаматтық ұғымы лоялдылықтың және бүкіл шетелдікті, бұратаналықты аластаудың синониміне айналып барады. Азаматтар мен халық арасындағы осындай шекаралық айырмашылықтармен күшейтілген кереғарлықты атап көрсете отырып, Уолкер жан­жақты қауіпсіздікке сол қауіпсіздік обектілері азаматтар емес, адамдар болғанда ғана қол жеткізу мүмкін дегенді кесіп айтады. Алайда Фалк (Falk, 1992b) пен Уолкер (Walker, 1990) пікірі бойынша, мемлекеттік жүйе бұдан бұрын ешқашан осыншалық тұрақты болған емес.

Читайте также:  Жоспар жасау жұмысының ағымы

Мемлекеттердің халықаралық иерархиялық жүйесі мен ғаламдық капиталистік экономика көтермелейтін қарқынды даму «ғаламдық апартеидтің» дамуына септеседі, осы заманғы ахуалды Фалк (1992а) және басқалар ОАР­дағы нәсілдік үстемдік пен экономикалық теңсіздік режиміне ұқсатып осылай атай бастады (Schelling, 1992). Фалк Оңтүстік Африкадағы апартеидті төзгісіз ахуал деп атады, ол ақ нәсілділер көбірек Солтүстік мемлекеттеріндегі байлық пен күш­ қуатты, халықтың көпшілігі қара өңді Оңтүстік мемлекеттерінде кедейлік пен әлсіздік шоғырланғанындай ахуал секілді деп санайды. Халықтың Солтүстікке қоныс аударуын шектейтін саясатпен бірге капиталдың жаһандануы осынау феноменді күшейтті, ол байлардың қауіпсіздігін ұлғайтады және кедейлердің қорғалуын кемітеді. Алайда Фалк және басқалар мемлекеттік жүйе және әлемдік капитализм байлар мен кедейлердің, күштілер мен әлсіздердің арасында құрған шекараларды өзгерту мүмкіндігін көреді. Олар қауіпсіздікті реформалаудың сындарлы энергиясы экономикалық және экологиялық та, сондай­ақ әскери және саяси терминдерде де анықталатын адам қауіпсіздігі мүдделеріне ұлттық шекаралар арқылы ықпал ететін әлеуметтік қозғалыстардан шығады (Walker, 1988; Reus­Smith, 1992) деп санайды.

Бұл авторлар былай топшылайды: әлеуметтік қозғалыстар мейлінше несібесіз әлеуметтік топтардың қауіпсіздігін қарастырмайтын дәстүрлі саяси кеңістік теорияларының көмегімен сипаттала алмайды; қауіпсіздікті ең қауқарсыз әлеуметтік категорияларды ескеретін терминдерде қайта тұжырымдай отырып, олар қауіпсіздіктің төменнен жүретін процеске айнала бастағанын көрсетті. Төменгі жақтан басталатын әлеуметтік қозғалыстарда ­ пацифистік, экологиялық, демократиялық, құқық қорғаушылық және феминистік ­ қозғалыстарда үстем жүйемен ат құйрығын үзісу әлуеті бар және әрбір индивид үшін қауіпсіздік кепілдігін беретін ғаламдық қауіпсіздікті бажайлауды қамтамасыз етеді (Falk, 1992в). Фалктың пікірі бойынша, феминизм қауіпсіздіктің осынау гуманистік бажайлануын анық көрсетуге тырысатын амал болып табылады; аталмыш бағыт қауіпсіздік жөніндегі әдебиетте тілге сирек тиек болатындығына қарамастан, феминистік амал қауіпсіздіктің осынау жаңа түсінігіне сүбелі үлес қосады.

Оставить комментарий