ТӨҢКЕРІСТЕН БҰРЫНҒЫ ПРОГРАММ

Төңкерістен бұрын мектеп оқуында белгілі программ болатын. Ол програмдарды халық ағарту министрлігі жасап, неше алуан мектептердің әр жылдық оқуын кесіп­пішіп беретін. Програмнан артық еш нәрсені оқытуға болмайтын. Әр пәннің програмы әр жылға арналып, бөлек­бөлек жасалатын, оның үстіне бастауыш мектептердің програмы бірнеше түрлі, екінші басқыштікі тағы неше алуан боп жасалып, әр мектептің өзі бір бөлек ауыл боп өмір сүретін, түрлі мектепке түрлі ат қойылатын: шіркеу мектебі, қала мектебі, жоғарғы бастауыш мектеп. 2 класты мектеп, гимназия, прогимназия, семинария, реальный. Пәлен­түген деген, бұлай қылудың себебі, байдың алпауыттың, төренің баласы бір бөлек жақсы мектептерде оқып, кедей, жұмысшы, қара шаруа балалары төменшік жаман мектепте оқылатын. Бай балалары оқитын мектепке кедей балалары түсе алмайтын, сүйтіп, мектептер арасында байланыс, жалғас жоқ. Шым­шытырық бірдеңе болатын. Бір жыл оқылатын пәнді екінші жылға оқытуға болмайтын. Мысалы: есептен бірінші жылы 20­ға шейін 4 амал, 100 шейінгі дөңгелек сандарын қосу, алуы. Ана тілі мен жаттау оқу, емленің пәлендей ережесі, дін сабағынан: Құдайды таныту, пәлен дұғаны жаттату, саясаттан: патшаның аты­жөнін, қатын­баласын не деп ұлықтайтынын үйрету тәрізді.

Читайте также:  Модалділік категориясындағы мезгілдік өріс аспектілер

Оставить комментарий