Төле мен Тоқсандардың пәтуасы

Қойшығара Салғараұлының «Көмбе» роман­эссестен беріліп отырған қазақ қоғамында қалыптасқан би болудың дәстүрлік мектептен белгілі билердің бipi Тоқсан бидің өтуі және атақты Төле бидің алдынан есті даудың бітімін таптырып қайтуы сөз болады. Беріп отырған Төле бимен Тоқсан бидің арасындағы сез саптасуларынан қазақ қоғамында билік негізгі ажырамас белінің бipi шешендік өнер екендігін көруге болады. «… — Жаугершілік тиылып, казак елінің өркен жайып, бейбіт тіршіліктің берекесін көре бастаған бip тыныштық кез болса керек. Үш жүздің баласы жылына бip рет бас қосып, ұлы жиын жасайды екен, — деп бастады ештемесін Нысекең бұдан әpi кеп көрсетпей. Манадан ұнап отырған қарт жүйрік өзі де шабыс тігіп, жұтынып отырса керек. — Осы жиында жыл бойғы таба алмаған дау­ жанжалдар қаралып, түйінді айтылатын болған. «Тоқсында ер заманның бip сұрқылтай» деген ғой, сол кездеп көшелі билердің төрағасы, әpi жасы үлкені жасы тоқсанға келген Қожамсүгір деген би болыпты. (Бір көзі соқыр еді дегенде айтады). Әр жүздің билері билік басталар алдында осы келіп, өздерін сынатып, егер Қожамсүгірге ұнаса ғана билікке түседі екен. Үш жүздің басы қосылған сондай бip мәжілісте Қожамсүгір алдына келген билердің біреуін де жаратпай, тілдеп тастай береді. Бұдан кейін айбынды қарттың алдына баруға ешкімнің батылы бармай, қалады. Уақыт оза береді. Амалы таусылған көпшілік Қожамсүгірдің алдына үмітті билердің бірін зорлағандай етіп жібереді Қожамсүгір: «Ой, сенің қандай қасиетің бар» десе, елп би «астауда қағысамын, ұрыста табысамын» депті. Сонда Қожамсүгір кабагын түйіп, «бұл дабыр қысқа неме екен, үш жүзге едік билік айта алмайды» деп, өзін тілдеп, қуып жібереді Осыдан кейін ешкім Қожамсүгір отырған үйге беттемейді. Күн кешке ауады. Осы кезде ошарылған көптің ішінен бip балан жігіт суырылып шығып, жұртқа қарап: ­ Ей, ағайын, баяғыда иттер арасында бip үлкен дау болыпты. Жақсы ит жарасайық десе, жаман ит таласайық деп болмапты. Содан иттер арасында қырық жыл қырғын болған екен. Ақыры Құмай келіп, табыстырған екен. Халайық, біз ит құрлы болмағанымыз ба, ортамыздан орайын келтіріп сөз айтар бip оралымды жігіттің табылмағаны ма? — депті. Үйде отырып, сырттағы баланың даусын естіген Қожамсүгір: ­ Уай, ителгіңнен жұтынып, даусы саңқылдаған бұл қай ұл? — деп сұрапты. ­ Бұл ұзын қыпшақ ішінде қол таңбалы Ұзынмаңдай батырдың Тұрсынбай деген баласы, — деп қоштады қасындағылар. ­ Е­е, болса болар. Үлкен түйеден үлкен құмалақ қалған екен. Бұл жиынның дауының осы балада болсын, — депті Қожамсүгір карт аппақ сақалын салалай сипап қойып. Осы сәттен бастап былайғы жерде үш жүздің баласы бас қосқан ұлы жиында Тұрсынбай сез бастап, билік айтыпты. Қожамсүгір қарттың сынынан еткенде Тұрсынбай не бары он бес жаста ғана екен, — деп Нысекең бip тоқтады. Отырғандар ризалық білдіріп жатыр. Жана байқадым, Нысекеңнің даусына да жарықшақ түсетін депті. Бұрынғыдай емес, алқына сөйлейді жаңағы аз әңгіменің өзіне шаршап қалған сияқты. Бір­бірін қас­қабағын бағып отырған қасындағы қарттар да осыны байқап қалған тәрізді ­ Төлеу­ау, сенің әңгіменің белгі кеттің­ау, — деді Шақан атай замандасына сезді сен баста дегендей емеурін білдіріп. — «Сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады» деген ғой. Енді, міне, Қозыкең ақсақал: ­ Атақты үйсін Төле биге арасына алты­жеті жыл түскен ескі дауды даулап баратын осы Тоқсан би ме еді, — деп оның аузына сөз салып, қолтығынан демеді. Осыдан кейін: ­ Ие, осы Тоқсан би ғой, — деп Текең де түк болмағандай жадырай әңгімесін бастап жүре береді, — Тоқсан аты шығып, елге жаңа таныла бастаған кезінде әкесі Жабай бидің тұсында ескерілмей қалған біpi алты жылғы, бірі жеті жылғы ескі дауды даулап үйсіндерге барады. Бұлардың келген мақсатын сұрап білген Төле би: ­ Уа, алты атаңды арқалап көлдің бе, жеп атаңды желкелеп келдің бе? Алты атасын арқалап келген бар ма екен, жөн атасын желкелеп келген бар ма екен? Бұл не қылған келіс? Құшақтассаң, қойным бар, пышақтассаң, мойным бар, — дейді. Мұны естіген Тоқсан «Жарлығыңды айттың ғой, жабдығыңды жей бер» дейді. Сөз осымен тынады. Тоқсандар түскен үйіне келеді. Түк түсінбеген Тоқсанның жолдастары оңаша шығысымен: ­ Ау, жаңа Төле не деді, сен не дедің. Менің түсіндірші, не болатын болды сонымен, — деп жабыла сұрайды. Сонда Тоқсан: ­ Ескі дауды даулап, елдіктен деп келдің бе, Атаңа тіл тигізіп жеп­ жеңіл деп келдің бе, елі де болса, ойлан. Табыссаң досым деймін, құшағыма алам, жауласуға кеткеніміз, електі салам, — деді Төле би. ­ Аяқтыға жол бермес, ауыздыға сез бермес, Төледей биден етін кеткен дауды даулап жүрген Тоқсандардың да жүрегінің түп бар­ау. ­ Әзірше өзі сенген соң барып отыр да. ­ Әрине, өзіне­өзі сенгесін барған, — деді Текең Тоқсан бидің шешен тапқырлығына көпшілік бере сөйлеп. — Тоқсан тар жерде тауып кетер сұңғыла шешен болған ғой. ілгеріге, Қаржас елі керей елінен барымталап жылқы алыпты. Соған орай Тоқсан қасына он — он бес кісі ертіп Қаржас еліне барады. Билік басталады. Қаржас жағынан шыққан Шорман би: ­ Тоқсан, Тоқсан дегенге әлдеқандай болмай, бepi кел. Тоқсан, Тоқсан деп қаншама көтермелегенмен елің Керей ғой нәсілің кедей ғой, өзің де қулықтың құлындай, томаша торғайдай, басың қуықтай, кішкене ғана кісі екенсің, дыбысың қалай алысқа жайылып жүр? —деп сұрайды. Сонда Тоқсан қарместен: — Е, ел болсам Керей шығармын, Керейдің өзі шығармын. Кішкентай болсам, біліп шығармын. Құлықтың құлыны болсам, Жылқының дәлділігі шығармын. Томаша торғай тоғыз табады, бipeyi бұлбұл болады деген, бұлбұлы шығармын. Аттың басы үлкен болса, соғым болады, Ердің басы үлкен болса, боғым болады, — деген, сен маған басыңның үлкендігін сатпа дейсің. Шорман қарсы сөз айта алмай төмен қараған күш ұнап қала беріп. ­ Қалай үндесін, алды­артын бірдей орап отырған соң. Қар мен жаңбырын араластыра соғып, бет қаратпас дауыл ғой бұлар. ­ «Жаңылмас жақ сүрінбес тұяқ жоқ» деуші еді, осылар да сөзден жанылып, сүрінді ме екен. Әй, сүрінбеген­ақ шығар­ау. Жолдағысының шет­шелекейін шығарып, бұзып ете шығатын арынды тау өзені сияқты ғой бұлар…»

Читайте также:  Әлеуметтік байланыс табиғаты: Постқазіргі перспектива

Оставить комментарий