ТҮР­КІ ХА­ЛЫҚТА­РЫН­ДА «ӘЙЕЛ» КОН­ЦЕПТІСІНІҢ СИ­ПАТТАЛУЫ

Опубликовано Июль 29, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Бүгінгі таңда қазіргі тіл білімінде ғылыми бағдарламалар мен жаңа бағыттағы зерттеу жұмыстары көбейіп, қарқынды дамуда. Сондықтан лингвистика ғылымында лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, антрополингвистика, тәрізді бағыттардың да дамуы тіл мен сөйлеу арқылы халықтың ұлттық және рухани құндылықтарымен, дүниетанымы, ой өрісі және ділдік және діни ерекшеліктерімен тығыз байланыста алып қарауға мүмкіндік береді. Тіл мен мәдениетті сабақтастыра зерттеудің тиімді саласы – когнитивтік лингвистика болып табылады. Сонымен байланысты әлемнің тілдік бейнесін түсінуге, зерделеуге жетелейтін, оның бір бөлшегі танылатын концепт ұғымы қазіргі таңда тілдің танымдық мазмұнын, күй-қалпын айқындаушы ғылыми лингвистикалық категория ретінде қалыптасуда [1,140]. Әлемнің тілдік бейнесінің бір бөлшегі болатын концептілердің адам танымында алатын орны зор. Негізінен осы күнге дейін концептілер ретінде адамзат өмірінде үлкен рөл атқаратын ұғымдар алынады. Яғни, шынайы өмірдегі белгілі бір мәдениет үшін құнды әрі көкейкесті мәні мен мағынасы бар мәдени атаулар мен ұғымдар ғана концепт дәрежесінде танылады. Лингвистикада концепт термині мен түсінігінің қалыптасуы тіл, сана және мәдениеттің өзара әсерлесуінің ерекшеліктерін, заңдылықтарын, амал-тәсілдерін игерудегі жаңа қадам болды. Осыған орай лингвистика, когнитология, мәдениеттану, философияның өзара әсерлесуінің жаңа аспектілері пайда болып, соның арқасында семантикалык зерттеулер тереңдей түсті [2, 2]. Концепт латын тілінде де бірнеше үғым береді: сonceptio – 1) жүйе, жиынтық, байланыс, қойма, заң актілерін тұжырымдау; 2)) сөйлем немесе т.б. мәнге негізделген [2, 3]. Кең мағынада концепт – жалпы әлем туралы білім жүйесінің (әлемнің концептуалды бейнесінің) бір бөлшегі, үзіндісі, яғни индивидтің объективті шындық туралы өз танымындағы тірек ұғымдары, білетіні, ойлайтыны, елестететіні [3, 15]. Ғалымдардың айтуынша, кез келген ұғым концепт бола алмайды, тек қана күрделі, нақты бір мәдениетті оларсыз елестету, танып-білу мүмкін емес маңызды ұғымдар ғана концепт ретінде танылады [3, 22]. 120 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Түркі халықтарында «Әйел» концептісінің сипатталуы Жалпы, концептті философиялық тұрғыда екі бағытта түсіндіруге боладыі: бі­рін­ші­сі – рухани мәдениеттің өзекті бөлшегі, екін­ші­сі – сөздің пайда болуына дәнекер болатын алғашқы ұғым [3, 27]. Концептің басты белгілерінің бірі – оның мәдениетпен сабақтас болуы. Сондықтан ол ұлттық дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады. Когнитивтік тіл білімінің дамуы, «концепт» ұғымы мен концептілер типологиясын ұғыну арқылы зерттеушілер концептің әр түрлі менталды құбылыстардың әр түрін біріктіріп, адам санасындағы білімді құрылымдау қызметін атқаратын қолшатыр термин екенін түсінді. Кез келген халықтың ділінің өзіндік ерекшеліктерін танып-білуде регулятивті концептілердің қосар үлесі мол. Мәселен, олар әмбебап (ақиқат, жақсылық, сұлулық) болуы мүмкін, сонымен қатар ұлтқа тән – жан, тағдыр, сағыныш сияқты және әлеуметтік тұрғыдан ерекше маңызға ие – ақылдылық, ар-намыс тәрізді концептілер болса, барша адамзатқа тән құндылықтардың жеке-авторлық модификацияларын да қамтиды [4, 55]. Отандық тіл білімінде концепт ұғымына қатысты мәселелерді Ж. Манкеева, Н. Уәлиев, Қ. Жаманбаева, Г. Смағұлова, Г. Снасапова, М. Күштаева, С. Жапақов, А. Ислам, Н. Аитова, Ж. Жампейісова, Э. Оразалиева, Г. Мұратова, Б. Тілеубердиев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырады. Б. Тілеубердиев концепт сөздердің мәні мен мағынасын түсіну жеке адамнан бастау алатындығын, сонымен қатар қоғамдық таптар мен тұтас бір ұлттың ой-өрісі, дүниетанымы туралы ақпарат беретіндігін баса көрсетеді [3, 1]. Ғалым А. Ислам концептілерді талдау кезінде бұны былай тізбектейді: сөздікте берілген анықтамасы; концептің мағынасы, оның әр түрлі философиялық және діни жүйелердегі алатын орны; концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі; концептің белгілері; белгілі бір концептіге байланысты образдардың пайда болуы [4, 28]. Д. Лаккофтың айтуына қарағанда, прототиптер дегеніміз – концепті толығымен көруге мүмкіндік беретін анық бейнелер (мысалы: құстар классының ішінде ол шымшық). Э. Роштың пікірінше, прототип – негізінен берілген топтың басқа бірліктерімен ортақ қасиеттер дәрежесінде көрініс табатын және сол қасиеттерді ашық, толық жүзеге асыратын бірлік [5, 5]. Сонымен концепт дегеніміз –санада сақталатын, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін мағыналы шындық болмысын, ұлттың мәдени құндылықтарын, сан ғасырлық ой-өрісін білдіретін құрылым. Кез келген мәдениет аз уақытта күшпен орнамайтынын, халық мәдениетін реттейтін факторлардың ғасырлар бойы қалыптасатынын тарих көрсетіп отыр. Ежелгi түркiлердiң ең көне дүниетанымында қалыптасқан дүниенiң қос жыныстық бастауы туралы түсініктерінде дүниенiң өте белсендi, қозғалмалы, шығармашылық бастамасы әйел болып табылатын. Сондықтан түркі мәдениетіндегі архетиптік әйел бейнелерін зерттеудің маңызы зор. Қай ұлттың әйел затына бөлетін орнын қазақ қоғамында бөлінген орнымен салыстыруға келмейді. Қыз баланы кішкентайынан төрге шығарып отырған қазақ оның болашақтағы Ел анасы боларына кәміл сенген. Қазақ қыздары даланың ерке елігіндей бұлаңдап өскен. Нәзік жанды қыздарға қарап, ер-жігіттердің бойына күш-қуат бітеді. Оларды қорғағысы келеді. Батыр атанған қазақ елінің ер-азаматтарын жігерлендіріп отырған осы нәзік жандыларды қорғау ниеті. Өйткені ер мен әйел әрқашанда бірін-бірі толықтырып отырған. Қазақ қызы әрқашанда еркін сөйлеп, ойын ашық айтқан, оның ішінде тіпті билік еткен әйелдерде болған. Алайда олар ешқашан да өзінің әйелдік болмысын жоғалтпаған. Қазіргі кезге сәйкестендірсек, қыз баланың құқығы ұл баладан еш кем емес, алайда рухани жағынан ол әрқашанда да өз нәзік болмысынан айнымауы қажет. «Қызым үйде – қылығы түзде» демекші, қыз баланың жүріс-тұрысы мен киім-киісі тәрбиенің негізі болып саналады. Бүгінгі күнде қыздарымыздың көзге оғаш тиетін киімдерін айтпай-ақ қояйық, ол күнделікті өмірде не көгілдір экранда артылып жетіледі. Әрине әдемілікке құмар жандар сәнденгенді, әрленуді ұнатады. Және де үйлесімді сәнденудің еш оғаштығы жоқ. Тек ол өзіңе сай жарасып, мөлшерімен пайдаланып, жан сұлулығын аша түсер болса. Қазақ қыздары бұрыннан бері өздерінің алтын-күміс әшекейлерге, бағалы терілерге құмарлығымен танымал. Оны біз көптеген археологиялық зерттеулер барысында табылған жүзік, білезіктерден көре аламыз. Сондай-ақ шығыс елдеріне тән бізде де, сән-салтанат көрсету бойымызға сіңген. Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасындағы әпкесінің ұзату кезін бір қайталап оқыңызшы. Қазақтың молшылықты көрсете білгенін, сәндікке құмар екендігі білініп тұрады. Ал «Қыз Жібек» туындысында керуенді суреттеген ISSN 1563-0226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2 (72) 2015 121 Есимбекова Н.Е. кез ше? Әр күйменің сәні мен салтанаты кейінгісінен жүз есе артық болып отырғанына Төлеген ғана емес, біз де тамсана таң қаламыз. Ал Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран»-ындағы «Ол хан-сұлтандардың ғана емес, қолы жеткен дәу­ летті адамдардың қыздары да тәнін ақ биенің сүтімен шылайтынын, әртүрлі шөптің шыры­ нымен бетіне әр беріп, дене мүшесін нәрленді­ ріп, көріктендіретінін білетін.» [6, 100] деп жазылғандай қазақ қыздарының ықылым заманнан бері тазалыққа, сұлулыққа құмар екендігін аңғарамыз. Тағы бір айта кететін жайт, осы романда мынадай бір тұс бар, Ораз-Мұхамед пен Ай-Шешек Бегімнің арасындағы әңгімеде: «Олар әйе­ лін…оңаша бөлмеге қамап қояды дейді. Атқа мініп, жүріп-тұрмақ түгілі, ешбір ер адаммен сөйлеспейсің. Сөйлеспейсің деймін-ау, ешкімді көрмейсің. Бетіңе пәренжі деген бүркеніш жа- уып аласың да, қаралы адамдай түнересің де отырасың…» айтып отырғандары басқа елдің салт-дәстүрі, яғни ол қазаққа жат болғандығы көрініп тұр [6, 105]. Сонымен жарасымды сәнденуде еш тыйым жоқ, тек оның не мақсатта жасалатындығында. Хадисте: «Егер бір әйел еркектің назарына ілігу үшін сәнденіп, сыланып-сипанып, серуенге шықса, ол қаңғыбаспен бірдей және оған қадалған көздер де сондай» делінген. Сонда мұнда ниеттің дұрыс еместігі басты назарда ұсталып отыр. Философ Дьюидің айтуы бойынша, адамның өзінің маңыздылын сезінуі оның тамақ ішу, ұйықтау сияқты ең қарапайым, алайда ең қомақты қажеттілігі екен. Бірақ та бұл қажеттіліктің орнын өмір бойы толтыра алмай өтетіндер де болады. Өмірдегі өз орнының барын дәлелдеуге құмарлық әр адамның табиғатына тән нәрсе. Мұнда терең психология жатыр [7, 10]. Кішкентай қыздың ең бірінші көретін ер адамы кім? Әрине, ол оның – әкесі. Егер әкесі қызына көңіл бөліп, оның әдемі, ерекше екенін сездіріп, көзқарасымен болсын білдірсе, онда ол қыз жаңағы айтып отырған өзінің маңыздылығын дәлелдеуге өмір бойы қажетсінбейді. Өйткені ол өз ата-анасының алдында бұл сезімінің құмарын басып алған. Енді ол тек өзіне емес, өзгеге де көңіл бөле алады, өзгенің жанын жұбата алады. Ал керісінше, анасынан болсын, ең бастысы әкесінен болсын, тиісті көңіл бөлінбесе, бала келешекте сол қуысты жақсы дегенде, не өзіне не өзгелерге дәлелдеу арқылы белгілі жетістіктерге жетуі мүмкін немесе жаман дегенде олқылықтың орнын басқа зиянды заттармен толтыруы мүмкін. Осыдан үлкен адамдардың ортадағы өзін-өзі ұстауына қарап, оның кішкентай кезіндегі керекті назарды алдын-ала алмағанын білуге болады. Баланың өмір бойына өзімен бірге болатын санасы мен мінезі балалық шағындағы алғашқы сезімдердің жиынтығы. Ал сезімтал келетін қыз баланың тәрбиесіне өте мұқият қарау керектігі айтпаса да белгілі. Тарихқа көз жүгіртсек, көшпенді қазақ халқы әрқашанда ананы қастерлеген. Жарын сүйген. Қызын қырық үйден тия отырып, алақанына салып әспеттеп еркелеткен. Қызды қашанда жат жұрттық деп, жас күнінен отбасының сенімді серігі, қара қазанның иесі, үйдің ұйытқысы ретінде ұзатқанға дейін тек тәрбие берген. Сол дәстүрдің арқасында Елдің анасы атанған талай әйелдердің есімі бізге жетті. Бұдан екі жарым мың жыл бұрын өмір сүрген ұлы даладан шыққан сақтың батыр қыздары Томирис пен Зарина ерлігі, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі Гауһардың, ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі Бопайдың, күн кеше Әлия мен Мәншүктің ерлігіне ұласты. Кеңес Үкіметі күйрердегі желтоқсанда ерліктің туын жықпаған қыздарымыз қаншама. Ал аққан жұлдыздай із қалдырған Шоқанның әжесі Айғаным ханымның елді ақылмен басқарғанын, дәрет алмай баласын емізбеген, данагөй әжеміз ұлы Абайдың тәрбиешісі болған Зере әжемізді қалай ұмытамыз? Бұның бәрі ата салт-дәстүріміздің, тәрбие жолының дұрыстығын көрсетсе керек [7, 11]. «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» демекші, көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар, өзінің емес, өзгенің өресін көтермелейтін қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтеретіні анық. Қорытындылай келе тағы бір хадисті келтіргім келіп отыр: адамда бір кесек ет бар, егер ол кесек жақсы болса, адамның бүкіл тәні де сондай, егер жаман болса, бүкіл дене де жаман. Ол кесек – ой.

Оставить комментарий