Тұрақтылықсыздықты зерттеу ретіндегі постмодернистік ғылым

Біз бұдан бұрын ғылыми зерттеудің прагматикасының, әсіресе, жаңа аргументация іздеу тұрғысындағы бірінші планға жаңа «тәсілдерді» және тіпті тіл ойындарының жаңа ережелерін ойлап табуды қоятынына нұсқалағанбыз. Енді ғылыми білімнің қазіргі жағдайында шешушіге айналған бұл аспектті біз баса айтуға тиіспіз. Кекетіңкіреп айтқанда, ол детерминизм дағдарысы деген дағдарыстан шығудың амалын іздеуге тырысады. Детерменизм легитимациясы нәтижелілік арқылы өтетін болжам: ол кіру/шығу қатынасымен анықталады. Кіруді жүзеге асыратын жүйені тұрақты және келісімді, дұрыс «траекториямен» жүруші, тұрақты функциясы және шытуды болжауға мүмкіндік беретін кішкене мүкісі бар деп пайымдаған жөн. Тиімділіктің позитивистік «философиясы» осындай. Отан осы арада бірнеше мәнді жағдайды қарсы қойғанда, біз легитимация туралы түпкі пікірталасты оңайлатамыз деп ойлаймыз. Мәселе бірнеше мысалдар арқылы постмодернистік ғылыми білім прагматикасының нәтижелілік іздеуге қатысы аз екенін көрсету жөнінде. Ғылымның дамуы тиімділік позитивизмі арқылы жүрмейді. Керісінше, айғақпен жұмыс істеу дегеніміз қарсы мысалды «ойлап табу», яғни, ойға көнбейтін нәрсені; аргументацияны ойластыру — «парадоксты» зерделеу және оны ойлау ойынының жаңа ережелері арқылы заңдастыру. Бұл екі жағдайда тиімділікті іздеу тура мақсат емес, ол қосымша ретінде, кейде қор иелері бұл жағдайға қызыққанда, кешігіп көрінеді. Бірақ, жаңа теориямен, жаңа гипотезамен, жаңа тұжырыммен, жаңа бақылаумен бірге легитимділік жөніндегі мәселенің қайта оралмауы беймүмкін. Өйткені оны қоятын философия емес, ғылымның өзі. Ақиқат пен әділеттілік туралы сауалдар емес, ғылымды позитивистік ретінде әйгілеп, оны шала мойындалған деп көрсеткен неміс идеализмінің түсінігі көнерді. Айғақ пен дәлелдің құны туралы сауалдың ғылыми білімнің прагматикасымен біте қайнасқаны сонша, ол әлгі айтақ пен дәлелді алушыны жаңа аргумент пен жаңа дәлелдің жіберушісіне айналдырады, ал ол дискурстар мен ғылыми буындардың бір уақытта жаңаруына әкеледі. Ғылым дамиды және ол осы мәселені дамыту арқылы дамитынына ешкім күмән келтіре алмайды. Және бұл мәселенің өзі дамып легитимділік жөніндегі метасауалға әкеледі: «Құн туралы сауалдаған өзіңнің құның қанша?» Біз жоғарыда айтқандай, постмодернистік ғылыми білімнің ғажап сипаты оны заңдастыратын ережелер жөніндегі дискурстың өз­өзіне имманенттілігі.

Читайте также:  Мәдени-тарихи типтер және олардың қозғалысы мен дамуы

XIX ғасырдың аяғында легитимділіктен айырылу және философиялық «прагматизм» мен логикалық позитивизмге шегіну деп саналатын нәрсе білім ғылыми дискурсқа заң саналатын тұжырымдарды дәлелдеу жөніндегі пайымдарды кіргізумен сипатталған эпизод қана болатын. Мұндай кіргізу қарапайым операция емес: ол аса байыпты деп саналатын «парадокстарға» және іс жүзінде табиғаттың түрленуі болатын білім мәнінің «шегіне» орын береді. Гедельдің теориясымен аяқталған математикалық зерттеу білім табиғатының мұндай өзгеруінің нағыз парадигмасы болады. Бірақ жаңа ғылыми рух тұрғысынан динамиканың өзгеруі де көрнекті нәрсе. Ол бізді айрықша қызықтырады, өйткені өнімділік жөніндегі дискуссияға кеңінен енгізілген ұғымды, әсіресе, әлеуметтік теория тұрғысынан түзетуді міндеттейді. Әңгіме жүйе ұғымы туралы болмақ. Өнімділік идеясы аса тұрақты жүйе туралы идея, өйткені, ол қатынасқа негізделеді, ал қатынас әрқашанда есепке көнетін нәрсе: жылу мен жұмыс, жылы және суық негіздер, кіру және шығу арақатынастары. Бұл идея термодинамикадан келген. Ол барлық қосындылар белгілі болған жағдайдағы жүйенің жұмыс сипатындағы күтулі эволюциясы жөніндегі түсініктермен ұштасады. Бұл шарт Лаплас «жынын» фикциямен шектеу ретінде айқын түрде тұжырымдалған; қолда әлемнің t сәтіндегі Ахуалын анықтайтын барлық қосындылар бар болса, оның f>t. сәтіндегі ахуалын есептеуге болады. Бұл сурет табиғи жүйелер, тіпті, оларға жүйелердің жүйесі универсумды қосқанда да, олардың дамуының нәтижесінде болжамды траекторияларды белгілейтін және үздіксіз «жөнді» функцияларды (яғни, болжамды да) мүмкін қылатын заңдылықтарға бағынатын принциппен қолданады. Кванттық механика және атом физикасы бұл принциптің таралуын шектейді. Және оны екі тәсілмен жасайды, олардың түрлі қолданысы түрлі эффект береді. Ең алдымен, жүйенің бастапқы ахуалын анықтау, яғни оның барлық тәуелсіз қосындыларын: анықтама тиімді болу үшін өзіміз зерделеген жүйе жұмсаған кем емес қуат жұмсауымыз керек. Іс жүзінде жүйе ахуалының толық өлшемін жасау мүмкін еместігінің ғылыми емес версиясын Борхес ескертпесінен көруге болады. Император империяның абсолютты дәл картасын жасағысы келеді, оның нәтижесінде елі ойран болады: оның барлық тұрғындары өзінің барлық күшін карта жасауға берген. Оның нәтижелерін жақсартады деген ойдан туған жүйені абсолютті бақылау идеясы («немесе, идеологиясы), Бриллюэнның аргументациясынан соң кереғарлыққа қатысты өзінің шарасыздығын көрсетті: ол өзі басқаша жария етсе де, нәтижелілікті төмендетеді. Бір жатынан, бұл шарасыздық мемлекеттік және әлеуметтік­экономикалық бюрократиялардың әлсіздігін көрсетеді: олар өздері бақылаған жүйелерді тұншықтырады және өздері де солармен бірге тұншығады.

Читайте также:  АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Бұл пайымдаудың қызық болатыны оған жүйе легитимациясынан бөлек легитимацияға жүгінудің қажеті жоқ, мысалға, оларды асқынған авторитаризмге қарсы бағыттайтын адам тұлғаларының еркіндігінің легитимациясына. Егер қоғамның жүйе екенін мойындасақ, оның бастапқы ахуалын анықтайтын бақылау беймүмкін, өйткені оны анықтау мүмкін емес. Бұл шектеу нақты білімнің және одан туындайтын биліктің тиімділігіне қайтадан күмән келтіре алады. Олардың принципиалды мүмкіндігі сақтала береді. Алайда, жүйелерді тану үшін классикалық детерминизм шектеулі болып қала береді: қол жеткізгісіз, бірақ түсінікті. Квант теориясы мен микрофизика үзіліссіз және болжамды траектория туралы түсінікті түпкілікті қайта қарауға мәжбүр етеді. Нақты зерттеулерге тап болатын кедергілер, олардың қымбаттылығына емес, материяның табиғатына байланысты. Сенімсіздіктің дәлдік өскен сайын кемитіні жалған. Жан Перрон мысал ретінде шардағы ауаның нағыз тығыздылығын өлшеуді ұсынады. Шардың көлемі 1000 м3 — нан 1 м3 — те өзгергенде ол мейлінше көп өзгереді, ал, шардың көлемі 1 см3 — нан 1 /1000тс мм3 — ге дейін түскенде оның өзгерісі өте аз; бірақ, бұл аралықта тығыздылықтың миллиард мысқалға жеткен өзгерісін байқауға болады, бірақ олар әрдайым бола бермейді. Шардың көлемі кеміген сайын бұл өзгерістердің мәні ұлғая береді: көлемі 1/1 Өте шаршы микрон үшін өзгерістер мыңдаған мысқалға, ал, 1/100тс шаршы микрон үшін — бестен бір мысқалға шейін жетеді. Көлемді одан сайын кемітіп, молекуланың радиусына шейін барады. Егер шар ауаның екі молекула арасындағы вакуумда қалса, ондағы ауаның нағыз тығыздылығы нөлге теңеседі. Алайда, мыңдаған жағдайдың бірінде мұндай «шариктің» орталығы молекуланың ішінде болады және онда бұл нүктедегі орташа тығыздылық газдың шынайы тығыздылығына теңеседі. Ал, егер біз атом ішіндегі өлшемдерге түссек, біздің «шаригіміз» тығыздылығы нөлге тең вакуумға тап болады. Қалай болғанда да, миллионның бір жағдайында оның орталығы атомның ядросына келуі мүмкін және онда оның тығыздылығы су тығыздылығынан миллион есе коп болады. Егер шарик тағы да қысылса, онда орташа тығыздылық, шынайы тығыздылық сияқты тағы да нөлге тең болады; бұдан оның мәнісі бұрынғы өлшемдерден гөрі әлдеқайда биік өте сирек жағдайларды шығарып тастау керек. Сөйтіп, ауаның тығыздығына қатысты білім көптеген мүлде үйлесімсіз тұжырымдарға бөлектенді; олар оларды тұжырымдаушы таңдаған өлшем сатысына қатысты босатқанда ғана үйлесімді бола алады. Өзге жатынан, кейбір өлшем сатыларында бұл өлшемдегі тұжырым жәй тұжырымдаумен шектелмей, «тығыздылықтың нөлге тең екені рас, бірақ оның п дәрежесіндегі 10­ға тең болуы мүмкін, мұндағы п биік мәндерге ие бола алады» сияқты модалды тұжырымға айналуы мүмкін.

Читайте также:  1980-1990 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЕГИПЕТТІҢ САЯСИ ӨМІРІ

Оставить комментарий