ТҮРІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ КЛАССИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ

Білім беру және өнер саласындағы алғашқы қадам терминдермен басталады. Терминдер – білім беру және өнер салаларының ауыр жүгін арқалаушы сөздер. Қандай да бір ғылым саласындағы білім беруді тереңдетуде және мамандандыруда терминдердің алатын орны ерекше. Талқылаудың тақырыбы болатын қоғамдық білімдер үшін де терминдер аса маңызды. Себебі тіл, өнер, әдебиет, эстетика, философия секілді абстарктілі тақырыптарды қарастыру әдетте оңай, көпшілікке түсінікті бола бермейді. Әрбір білім беру саласының өзіндік ерекшелігі бар. Қолданылатын сөздерге өзінің мағынасына сай жеке термин сөздерін қалыптастырады. Терминдер — білім беру, өнер, мамандық салаларымен байланысты ерекше бір ұғымның орнына қолданылатын сөздер. Османлы түрікшесінде астарлап сөйлеу қолданылады [1, 1959]. Хамза Зүлфикар, термин сөзінің шығуын төмендегідей түсіндіреді: Термин сөзі латын тілінде «шегі, соңы» деген мағынада қолданылатын «terminus» сөзіне ұқсас derlemek (жинау) етістігінің ескі түрі болып табылатын termek етістігінен «-im» жұрнағының жалғануы арқылы жасалған. Түркі тілдес елдер бұл терминнің орысшасын қолдануда [2, 20]. Терминдер — әрбір білім беру саласының ортақ шартты белгілері. Бұл шартты белгілер мамандық иелері тарапынан қолданылса кеңінен таралады. Бұл кең қолданыс сол білім беру саласының терминдерінің қабылдануымен орнығып кетеді. Терминдердің білім беру саласына қатысты ортақ қолданысқа ие болуы, сол білім беру саласының жоғарғы деңгейге жетуін қамтамасыз етеді. Ұғымдардың термин ретінде қабылдануы және қолданылуы үшін кең таралуы және ортақ қолданылыстың болуы шарт [3, 15]. Білім саласындағы жаңалықтарды қадағалау, өзгерістерін және жетістіктерін дұрыс бағытта бағалау және нәтижелі қорытындыларға жету үшін терминдердің орынды қолданылуы қажет. Терминдер нақты түсіндіріліп, әлеуметтік білімнің, әсіресе біздің тақырыбымыз болып отырған тіл және грамматика негізінде оқытылып, үйретілуі талқыланып, жаңа пікірлердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Терминдердің мағынасын түсіну, ауқымын білу үшін жалпы сөздіктер жеткіліксіз болуы мүмкін. Терминдердің шектеулі болуымен бірге ерекше мағыналарын білу үшін терминдер сөздіктеріне қажеттілік бар. Терминдердің өздері, мағыналары және ауқымы қарама-қарсы болып ұсынылған сөздер әлі де талқыланып келеді [4, 15]. Бұл тартыстардың негізінде бір ұғымға бірден көп сөздің ұсынылуы және осы ұсынылған сөздердің мағынасын әркімнің басқаша түсінуінде жатыр. Осы себептен бірнеше терминдер сөздігінде ескі, жаңа және өзгеріске түскенін бір сәтте көре аламыз. Бұл ретсіздіктің алдын-алудың жолы, бір бірлестікке бірігу және сол бірлестіктің мүшелері тарапынан анықталған кеңеске сәйкес терминдерде кең таралған және ортақ қолданылыс негізге алынып терминдер сөздігі жасалуы қажет. Осы бойынша бүгіндері Түрік тілі қоғамында осылайша жұмыс істеп және интернет арқылы Ататүрік кезеңіндегі секілді халықтың белсенділігі қамтамасыз етіліп олардың еңбектерін жалғастыруда [2, 25-25]. Терминдер алғашында жалпы сөздерден бөлінбестен жазылып келді. Бұған байланысты өткен екі ғасырдан бері әлемде және біздің елімізде де маңызды жағдай болып табылады. Себебі соңғы екі ғасырдың ішінде әлемде соншалықты үлкен бір өзгеріс және қайта құрылым болғандықтан, адамзат тарихы бойынша жасалған ғылыми және техникалық еңбектердің көбі соңғы екі жүзжылда жасалыныпты. Осы себептен термин талқылауларының негізінде ғылыми мәліметтерді технологиямен байланыстырып, жаңа заттарды шығаратын қоғамдармен оны алып қолданатындар арасында сөз және термин қатынасына себеп болады. Мұның алдын-алып келген 146 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы ұлттар, тілдеріне кірген сөздерді аудару немесе басқа бір сөзбен салыстыру жолын ұстанады. Бұны жасаған кезде құрал немесе ұғыммен бірге жаңа атауы да қабылдануы оңайға түседі, егер құралмен бірге шет тілдік атауы да кірсе, кейінгі берілген сөздің қабылданып қолданылуы біраз қиынға соғады. Кейде мүлде қабылданбайтын дәрежеге жетеді. Осы түйінде жаңа қолданысқа кірген ғылыми мәліметтермен құралға салыстырыла болатын терминнің бірге кіруі өте маңызды болып табылды [2, 23]. Түрік тілінің терминдену үрдісін және бұл үрдістің ерекшеліктерін анықтау үшін, сол ерекшеліктерге байланысты, үрдісті кезеңдерге бөлу керек. Халықтардың өмірінде саяси, әлеуметтік, қоғамдық, діни өмір сүру салттарындағы өзгерістердің көріністерінің нәтижелерін тілден байқауға болады. Тіл, қоғам өмірінде тек қана қарым-қатынас құралы ғана емес, ғылыми және қоғамдық барлық өзгерістердің нәтижелерін көрсететін сала. Тілге қажетті сөздер, қоғамдық өмірдің проекциясы. Бұл жерде ғылыми даму және тілдің дамуы арасында тығыз бір қарым- қатынас бар. Бұған байланысты барлық терминге қатысты жұмыстармен аталған терминдік сөз болмысының қалыптасуы, қоғамдық өмірдің өзгеруі және айналуымен байланысты екендігін ескеру қажет. Түрік тілі терминологиясының даму және қалыптасу кезеңі, бізге термин жасау жұмыстарының жан-жақты жүзеге аспай отырғанын көрсетуде. Саяси, әлеуметтік және қоғамдық себептердің ықпалымен белгілі бір кезеңінде тез немесе ақырындап жүзеге асырылғандығы көңіл аудартады. Бұның екі себебі бар. Біріншіден, термин жасау қажеттілігі, яғни жаңа ғылыми және техникалық дамудың жаңа термин жасауға алып келуі, екіншіден еліміздегі тіл туралы саясаттың ықпалы да маңыздылау болды. Ғылыми ілгерілеудің қалған кезеңдерінде, көптеген жаңа ұғымдар пайда болды. Бұл жаңа ұғымдарды түсіндіру үшін жаңа бір терминнің болуы шарт. Ғылыми мәліметтер нәтижесі ретінде пайда болған ат беру мәселесі, олардың да бір білім саласына тиісті болуын, ерекше бір ат беру қажеттілігін тудырады. Осылайша, терминдердің жалпы сөздерден айырмашылығы, оның ерекше білім және өнер салаларына сай мағыналарды түсіндіруі, оны басқа сөздерден өзгешелеп тұрады. Бұл өзгешелік, мағынаның шектелуі және жалпы мағынадан ерекше мағынаға өту болып саналады. Терминдердің, түбір және қосымшалардың қызметі жағынан басқа сөздерден еш айырмашылығы жоқ. Түрік тілінің сөздік болмысының терминдену үрдістерін қалыптастырған себептерге байланысты беске бөле аламыз. Бұл жерде түрік тілінің терминологиясының тарихи үрдісін де көре аламыз. 1. 1100- 1839 жж кезең: Классикалық кезең. Селжұқ және Осман мемлекеттері кезеңіндегі терминология; 2. 1839-1876 жж кезең: Taнзимат кезеңі. Араб тілінен жаңа терминдердің пайда болуы; 3. 1878- 1908 жж кезең: I. Конституциялық басқару кезеңі. Араб тілінен терминдердің кіруімен бірге түрік тілінен де терминдер жасалатынын зерттейтін кезең; 4. 1908-1927 жж кезең: II. Конституциялық басқару кезеңі. Өтпелі кезең, араб тілінен термин жасауға шектеу салынып, түрік тілді түбірлерден, егер ол болмаса шетелдік түбірлерден түрік тіліндегі қосымшалармен термин жасау кезеңі; 5. 1923-2000 жж кезең: Ұлттық терминология кезеңі. Бұл кезеңде барлық терминдер түрік тілді түбір және қосымшалар арқылы жасалатын кезең. Бұл кезең өз ішінде үшке бөлінеді. а) 1923-1945 жж кезеңі; ә) 1945-1980 жж кезеңі; б) 1980-2000 жж кезеңі. Классикалық кезең IX ғасырдан бастап Түркілердің ислам дінін қабылдай бастағанын білеміз. Бұл жаңа қабылданған діннің алдымен діни терминдері, кейін әдеби терминдері, одан кейін барлық өнер және білім салаларының терминдері араб тілінен алынған сөздермен қолданыла бастады. Мұны біраз діни толқуға және әлеуметтік өмірдегі діннің рөлі бойынша түсіндіруге болады. Әсіресе IX ғасырдан бастап үлкен топтар ортасынан Ислам өркениеті әлеміне кірген Түрік әлемінде алдымен арабтарға, кейін басқа ұлттарға түрікшені үйрету мақсатымен жазылған грамматика және грамматикалық сөздік аралас еңбектерін көреміз. Бұл еңбектердің көпшілігі араб тілінде, кейбіреулері парсы тілінде жазылған. Бұл еңбектерде түрік тілінің сөз, сөйлем ережелері, терминдері араб тілінің Divanu Luget-ıf türk(M1073) кітабы ережелеріне сәйкес 147 № 3 (76) 2010 реттеле бастады. İdrak lisani’-Atrak(М.1312), Mukaddimetü’l-Edep(13 ғасыр), ettuhfetü’zZekiyye(14 ғасыр), секілді кітаптардағы негізгі еңбектердегі тіл ережелері араб тілінен алынған терминдермен салыстырылады [5]. Селжұқтар заманында қолданылған терминдердің араб тілінен алынған мысалдарымен, түркілердің Түркістаннан алып келген тіл тәжірибелерінің нәтижесінде пайда болған түрікше терминдердің бірге қолданылуы бір кезеңге тиесілі болғанын көре аламыз. Сол кездегі тәжірбиелер көрсеткендей, терминдер тақырыбында түрік тіліне қарсы қызмет ететін жолы және әдісі бар болғанын көрсетеді. Бұл жағдай Осман заманында да өз жалғасын тапқан. XII ғасырдан кейін Түрік тілінің солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлініп байығанын білеміз. Оңтүстік түрікшесі, әсіресе Анадолыда таралып білім беру, өнер, әдебиет және эстетика тілі ретінде қолданыла бастады [6, 25-50]. Осындай құрметпен кең таралып негізін қалыптастырған бұл тіл, жоғарғы деңгейдегі, кемелденген, дамыған еңбектерді шығара бастады.Түріктер жаулап алған жерлеріндегі медреселердің жұмысына және тіліне араласпай, білім беруді жалғастарды. Медреселердің тілі араб және парсы тілдерінде болды. Түркілердің Тұран жерінен әкелген тілі және мәдениеті уақыт өте өзгерді. Қаһарман түркілер байқамай тіліміз, мәдениетіміз және терминологиямыз үшін зиянды жолға өздігінен тап болды. Анадолыда Оғыз түрікшесіне сүйенген жазба тілінің құрылып дамуынан кейінгі кезеңдерде қолданылған Осман түрікшесі грамматикасы да өзінен бұрынғы кезеңдердің түсініктеріне сәйкес тіл ережелерін және терминдерін қолданғанын көреміз. Императорлық тіл болған Осман түрікшесіндегі терминдердің көпшілігі араб тілінен құралған. Түрікше сөздерден шыққан терминдердің жасалуы немесе таралуына байланысты пікірлер назар аударарлықтай. Түркілер Исламды қабылдауынан кейін алдымен діни терминдер, кейін әдеби терминдер, одан кейін басқа білім беру және өнер саласына қатысты термин сөздері араб тілінен алынған сөздермен беріле бастады. Мұны біраз діни толқуға және біраз да әлеуметтік өмірдегі діннің белсенді рөлі бойынша түсіндіруі мүмкін. Осман жерінің алғашқы грамматикасы ретінде танылған Бергамалы Кадридің жазған Müyessiretü’l – Ulum (M.1530) атты еңбегі mazi-i mechul(edilgen geçmiş zaman), el-halü’l-ma’lumu’l-muttaridatu (geniş zaman kipi), mutekelim vahdehu(I.Kişi teklik), müfred-i muhatab (II.Kişi tekil), mütekellim ma’al ‘gayr (I.kişi çoğul), meçhülü emir – hazır (edilgen emir kipi), ma’lum-ı nehy-i hazır (olumsuz emir kipi) секілді терминдер түрік грамматикасына араб тіліндегі терминдердің қаншалықты әсер ететіндігін көрсететін мысалдар болып табылады. Ислам жерінің ортақ тілімен еңбектер жазу өткен ғасырлардан қалған бір мирас ретінде Османдықтарда да жалғасын тапқан еді. Түрік ғұламалары, жазу немесе аудару арқылы шығарған еңбектерінде бұл ортақ тілдің терминдерін қолданған [7, 530-532]. Әсіресе діни салада араб тіліндегі терминдер таралып сол арқылы басқа білім беру салаларына да әсер етті. Медицина, математика, ғарыш ғылымы, астрономия, мұсылман құқығы және ислам діни ілімі сияқты көп зерттелінген білім беру салаларында талқыланған ескі еңбектермен кеңейту, дамыту және толықтырулар жасалынды. Түрік тілі арқылы жазылған бұл еңбектерде қолданылған тілі бойынша қарапайым тілде жазылған. Бұл кітаптар қолға алынған тақырыптардың негізгі мақсаты үйрету арқылы ұғып, түсінуін қамтамасыз ету болды. Ысқақ бин Мұраттың 1389 жылғы жазған ‘havas-ı edviye’de еңбегі қарапайым тіл қолданылғандығы және el’acz: güçsüz, elhumay: sıtma, dimağ: beyin, azm: kemik, muh: ilik т.б. арабша терминдердің түрікше баламасын табуға тырысты. Насуриддин – и Тусиден аударған ‘Bahname –i Şahi’ атты еңбекте де үйретушілік негізге алынған. Молла Абдулғазиздің «Umdetü’l İslam» атты еңбегінің XVI ғасырдан жасалған аудармасында Ақсарайлы Абдрахман Юсуфтың «İmadü’l İslam» атымен кеңейтілу арқылы жасалған аудармасында да тіл қарапайым. Осман Түрк қоғамында медреселер санының және ықпалының қоғам өмірінде артуымен, әсіресе XVI жүзжылдан бері бүкіл білім беру саласында араб тіліндегі терминдердің санының артуы және мығым орныққандығы байқалады. XVIII ғасырда өмір сүрген Весим Аббас (1761) 1748 жылы жазған ‘Düsturu’l Vesim Fi’l Tıbbı’l Uluğ атты еңбегінде және 1875 жылы жазған Nahcü’l Bülüg fi Şerh-i Ziçil-Uluğ атты астрономиялық ұлттық еңбектерінде қарапайым тіл қолданған. Аталған ғасырдың үлкен ғұламаларының бірі Ерзурумдық Ибрахим Хаккының (1772) «Марифет Наме» атты энциклопедиялық еңбегінде де тіл қарапайым болған. Атақты ислам ғұламасы Ысқақ Қожасы Ахмет (1708) араб тіліндегі сөздердің парсыша баламаларын берген уақытта жанына түрікшелерін де жазғандығын байқауға болады. Қарапайым тілмен жазу тіліміз және терминологиямыз жағынан түрік тіліндегі терминдерді 148 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы қолдануға күш жұмсаумен қоса араб, парсыша сөз және терминдермен толықтырылған және бара-бара қиын жазба тілінің қалыптасқандығы да шындық. Түрік тілінің түп негізі болған халық тіліндегі сөздерді таратып термин жасау жолы шектеліп қалды, бұның орнына жаңа ұғым және жағдайға сәйкес араб және парсы сөздерінің алынуы жалғасын тапты. Осының нәтижесінде XVI ғасырда барынша қиын, әрі аралас осман түрікшесі пайда болған еді. Осман мемлекетінің арнайы тіл саясаты болған жоқ. Құрылғанынан бері дайын тілді өнер және шеберлік көрсетілімі ретінде қабылдаған бір ғана түсінігі болды. Бұның нәтижесінде аралас араб және парсы тілі ережелері бойынша жазу үрдісі артты. Алайда түрікше сөз және терминдердің жазылуы және оқытылуына байланысты ешбір құлшыныс көрінбейді. Осы себептен түрікше сөздермен жазудың қиын болуы, бірдей уақытта жеке тұлғалармен бір сөздің бірден көп түрікше сөздерден алыстауға әкеп соқты. Оның нақты жазылу ережесі жоқ сөздерден аластау, жазушыларды араб және парсы тілдеріне бет алдырттырды. Алайда араб және парсы тілдерінің орныққан, мығым бір жазылу ережесі бар еді. Жазушылар қателіктерге жол бермеу үшін түрікше сөздердің орнына жазылу ережесі анық болған тілдердің сөздеріне бет алуы, мәжбүрліктен туындағандай көрінеді. Нәтижесінде бұл себептермен Түрік тілі екінші орынға түсіріліп, араб және парсы тілдерінің сөз және терминдері алдыңғы қатарлы жоспарға шықты. Османлы түрік зиялысы өзін танытуда, жазған еңбектерінде өзін Ислам жерінің бір бөлігі, тіпті орталығы деп санайды, шығарған еңбектерін де бұл жер үшін жазылғандығын білдіреді. Бұл жағдай және ой көптеген салаларда байқалуда. Османлы зиялыларының бұл жақсы ниетті және дүниені қамтитын әлем көрінісі, түрік тілінің дамуы және орнығуының орнына оған қарсы жағдайға жетті. Ағах Сырры Левендтің «Түркі тілдерінің дамуы және қарапайымдануы» атты кітабында, Еуропа әсіресе Франциямен саяси қарым-қатынастардың басталуымен тілімізге шет тілдерден сөздер кіре бастағандығын атап өтіп, Сайт Паша «Журналист тілі» [7, 5-6] атты кітабында алғашқы кірген сөздің «statuquo» екендігін жазғандығы, бұл сөзден елу жылдан кейін politique және diplomatie және қаржы термині ретінде де empirant, avance сөздерінің енгендігін, қазіргі кезде де аталған сөздерге балама табылмағандығын атап өтеді. Агах Сырры жаңа терминдер мәселесінде мына пікірлерді алға қояды: Білім саласындағы ілгерілеу Османлы еліне әсер ете бастағаннан кейін, әсіресе аударма істерінің артуымен жаңа сөз және терминдерге қажет туындай бастады. Терминдерде қарастырылатын жолды үш бөлімге бөледі: 1 Латын тіліндегі терминдерді өзгертпестен қолдану; 2 Араб тіліндегі терминдерді қолдану, жоқ болса арабша түбірлерден жаңа сөз және терминдер ойлап табу; 3 Жаңа терминдерге түрік тілінде балама табу [5, 401]. Османлыларда термин мәселесінде XVII-XVIII ғасырларда аталған үш жол қолға алынды. Үш қөзқарасты бірге қолданғандармен қатар, екінші және үшінші бөлімдерді қолданғандар да бар. Бұдан кейінгі кезеңдердегі термин пікір-таластары, пікір айырмашылықтары осы жерден бастау алады. Ұлттық термин жайлы сөз қозғау үшін жарты ғасыр тағы күтуіміз керек. Жаңа тілге қатысты әрекет ұлттық термин жасауға апаратын ең пайдалы және нақты, шынайы қадам ретінде саналады. Негізгі ұлттық термин жасау мәселелері Ататүрік бұйрығымен, екінші тіл құрылтайынан бері басталған. Османлылардың соңғы кезеңінде терминдердің болуы, қолданысы, түп негізі, жасалынуы және қабілеттілігі жайында үлкен тартыстар болған. Терминдердің жалпылығын қорғаушылармен, теминдердің ислами немесе ұлттық болуын қорғаушылар арасында шыққан тартыстар көп уақыт жалғасып келген. Аталған барлық пікірталастардан тіліміз және термин жасау мәселелеріміз күшейе түсуде

Читайте также:  КОМПЛЕКСТЕ ЕСЕПТІҢ ОРЫНЫ

Оставить комментарий