ТҮРІК ТІЛІ ГРАММАТИКАСЫНА ҚАТЫСТЫ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

Грамматика бір тілді үйренуге ыңғайланып құрылған жүйелі форма, ережелер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар ол ұрпақтан ұрпаққа таралып келе жатқан, тілдің жойылуына кедергі болар құрал ретінде қабылдануы тиіс. Осылайша тілдің негізгі екі тірегін көрсете аламыз, ол – жазба тіл мен мәдени тіл. Осының ішіндегі біріншісі — сөздік болса, екіншісі кез-келген тілдің кілті болатын — грамматика. Тіл — мәдениеттің және ұлттық болмыстың бастапқы кезден-ақ келе жатқан мүшесі бола тұрып, грамматика да тілдің негізгі қамқоршысы әрі тірегі болмақ. Осыдан тілдің грамматикасы деп, мәдени құндылықтар жағынан да, тарихи даму жағынан да болмасын белгілі бір тілдің маңызды саласы болып табылады. Түрік тілі термині мазмұны жағынан екі мағынаға ие; біріншісі- кең мағына болса, екіншісі — тар мағына. Кең мағына – оғыз-түркмен диалектісіне сүйенген Анадолы мен Румелі аудандарымен бірге бұларға қарасты жақын аймақтарда құрылып дамыған 13-20 ғасыр аралығында толықтырылған Түрік жазба тілі болып есептелінеді. Бұл кезең өз ішінде Селчүкті және Бейлік кезеңінде дамыған Ескі анадолы тілі немесе Түрік тілі, 15-19 ғғ. аралығындағы Осман тілі және Қазіргі кездегі түрік тілі болып бөлінеді. Бұл кезеңдерде дамыған түрік тілінің құрылысы бірнеше кезеңдерден құралған. Тар мағыналы түрік тілі деп Осман тілінің соңғы шегі болып табылатын – Ұлттық әдебиет ағымынан және Жаңа білім әрекетінен бастау алған 1910 жылдан қазіргі күнімізге дейін созылған түрік тілінің жазба тілі. Бұл кезеңді көп жағдайда Мемлекеттік кезеңдегі түрік тілі деп атайды /3, 214/. 13-19 ғғ. арасын қамтитын және 1839 Танзимат кезеңіне дейін созылған классикалық кезең, грамматикалық еңбектердің жазылу жағынан ең нашар дамыған кез. Белгілі болғандай, 13-14 ғғ. Түрік тілінің құрылып жатқан кезеңі еді. Османдық мемлекетінің құрылып дамуымен бірге 15 ғ. ортасынан бастап түрік тілі араб, парсы және түрік тілдерінен араласқан Османлы (ша) тілі деп аталатын аралас тіл құрылысына айналады. Бұл өзгеріспен бірге сол кезең түсінігінің нәтижесі ретінде грамматикалық жазу да араб пен парсы тілінің негізінде морфология мен синтаксис жүйесі қалыптасты. Османлы тілінің ішіндегі түрік тілі қалайша қор болып келгеніндей, түрік тілінің грамматикасы да сол тәрізді ұқыпсыздық пен елемеушілікке тап болды. Османдық мемлекетінің медреселерінде тілдің арабша болуы, жиі араб грамматикасының қолданылуына жағдай жасалып отырған. 16-19 ғғ. аралығында түрік тілінің құрылымына байланысты жалғыз ғана Бергамалы Кадриның Müyessiretü’l ülum деген еңбегінің ғана қолымызда болуы — грамматика мен тілге көп көңіл бөлінбеуінің бірден бір дәлелі /2, 143/. Бұл кезеңде батыс тарапынан жазылған бірнеше грамматика мен грамматикалық-сөздік аралығында кейбір тәжірибелер байқалады. Алайда бұлар да көбінесе батыстық көпестер мен миссионердің практикалық түрде күнтізбе сипатында жазылған кішігірім басылымдар. Тек жалпы сипатта алғанда Осман тіліне қатысты тамаша мәлімет бергендері де бар. Тарихқа көз жүгіртсек, VIII ғасырда монғол жер жаулаушылық шапқыншылығының жеңілісінен кейін, түріктер өз елді мекенін тастап оңтүстік пен батыс аймақтарға қарай қоныс аудара бастайды. ХІІ ғасырдың басында Орта Шығысты кесіп өткендер исламды қабылдап, олардың ішінде араб-парсы әліпбиіне көшкендер де болды. Олардың тілі мал шаруашылдық өмір үшін тұрмыстық сөздерге бай болып келгенімен, онда философиялық, теологиялық, өнерге қатысты терминдерге жұтаңдау еді. Осылайша олар бұндай ұғымдарды араб пер парсы тілдерінен алған. Бірақ олар жаңа ұғымдарды алумен ғана шектелген жоқ. Тіпті негізі түрік сөзі болған ot (от) сөзі ауызекі сөйлеу тілінен шығып, тек поэзия тілінде ХХ ғасырға дейін сақталынып келген, ал прозада ол 400 жылға дейін өте сирек қолданыста болды; оның орнын парсы тілінен енген ateş сөзі алмастырған. Ал түрік тіліндегі sin (табыт) немесе sinle сөзі – ХІII-ХIV ғасырларда белгілі поэзиялық шығармаларда көптеп кездескен және де әлі күнге дейін Анадолы жерінде кең қолданыста, алайда бұл сөздің орнын араб тілінен енген mezar сөзі алған (қаз,тілінде мазар). XVII ғасырлық Гами- аль-Фаристің сөздігінде sinle сөзі kafir (кәпір) имансыздың, мұсылман еместің табытына қатысты айтылады, ал мұсылман болса (дінге сенетін, иманды адам) мазарда — mezar жерленуі тиіс делінген. Османлы тілі Осман империясының үстемдік құрған жылдарымен тең келеді. Сұлтандардың билеп тұрған жылдарында араб пен парсы мәдениеті кең етек жайған болатын, сол себепті сарай тілі, сұлтандар тілі болып жаңадан осман тілі пайда болады. Бұл тілдің ерекшелігі- құрамында араб пен парсы сөздерінің басым болуы. Османдық-ислам жүйесінің қалыптасуы негізінде түрік тілінің дәрежесі төмендетіліп таза түрік тілі қарапайым халық тілі болып қабылдана басталды. Осман тілі классикалық тіл ретінде қалыптасты. Көптеген өлеңдер, әдеби көркем сөз орамдары, араб пен парсы тілдеріне еліктелініп алынды. Ақын жазушылар өз шығармаларында осы тілдердегі өлең формаларын негізге алып өлеңдер шығарды. Түріктің классикалық поэзиясында -dir – немесе — idi- (өткен шақ көмекші сөзі) қосымшасының қолданы- луынан өлеңнің түрік тілінде жазылғанын байқауға болады. Сондай-ақ бұл классика- лық прозада да көрінеді. Осылайша араб тілі мен парсы тілінің қоспасынан шыққан түрік тілі, тек араб, гректер ғана емес, сонымен қатар түріктердің өздері, Осман империясының біршама халқы түсінбестікке ұрынды /6, 14/. Құжаттардың жазылуы, ресми іс- қағаздар стилі де араб пен парсы тілдеріне негізделді. Осылайша бірте-бірте түрік тілі қолдану аясынан ығыстырылып орнына жаңа грамматикалық жүйе құрылды. Тіл ауырланып, күрделенген жүйе қалыптасты. ХІХ ғасырдың екінші жартысында журналистердің көтерілісімен, жазушылар, редакторлар, баспашылар журнал мен газеттерге жаңа оқырмандар назарын тарту үшін, тілді қарапайымдату қажеттігін, яғни ондағы араб пен парсы тілінің құрылысынан бас тарту керек деп түсінді. Адамдар үйреншікті — ulüm-i tabiiye сөзінің, жаратылыстану ғылымдарының атауындағы, араб тіліндегі – ulûm сөзінің көптік жалғау формасының орнына түрік тіліндегі — ilimler сөзінің көптік формасын қолданып, парсы тіліндегі – i- қосымшасын алып тастап, арабшадағы формасынан гөрі түрік тіліндегі — tabiî ilimler- зат есімнен кейін сын есімнің келуі тілге ешқандай зиянын тигізбейтінін байқаған болатын. Сөздер әлі де арабша болды, өйткені газет пен журналдарды басып шығарушылар мен оқырмандардың қолданған сөздік қоры араб тілінде еді. Ақын Мехмет Акиф 1910 жылы былай жазған болатын: «Газеттердегі қылмыстық мақалалар түсінуге өте қиын тілде жазылғандықтан, қарапайым халық оны діни құрылыста жазылған мәтіндер тәрізді қабылдайды. Сондықтан да қарапайым халықтың түсінуі керек ақпарат қарапайым ұғымдармен жеткізілуі тиіс». Мехмет Акиф осы көзқарасты ұстанған жалғыз адам болған жоқ, ол Кемаль Ататүріктің шексіз күш-қуатына енген президент болып тағайындалғаннан кейін тіл тазарту реформасымен жалғасты /6, 16/. Алайда османдық тіліндегі қарапайым- дылықты бұзатын элементтер ретінде kitap, kalem, katip, akıl, şart, hayat, merdiven сияқты халық тіліне сіңісіп кеткен сөздер емес, халық тіліне енбей қалған араб пен парсы тіліндегі сөздер мен тілдік жалғаулар мен грамматика ережелері /5, 118/. Сол себепті грамматикаға қатысты еңбектердің барлығы дерлік таза түрік тілін қалыптастыру, араб пен парсы үстемдігінен құртылу деген сияқты көзқарастарды қамтиды. Бұл қазіргі түрік тілінде де қарастырылып, зерттеліп, ары қарай жалғасын тауып келе жатқан мәселе. Грамматикалық еңбектер мен зерттеулердің жүргізілуі жағынан алғанда ең белсенді кезең — Танзимат кезеңі болып табылады. Танзимат әрекетімен батысқа бағытталған Османдық қоғам, саяси және әлеуметтік құрылымы жаңа бір тәртіпке бағына бастағандығынан, бұл жағдай сонымен қатар тілдің қарапайымдану әрекетіне итермелеп, бұл өз кезегінде грамматикалық жұмыстардың жасалуына да маңызды әсер еткен болатын. Танзимат және одан кейінгі кезеңдерде тіл мәселесінің практикалық түрде дамуын былай қойғанда, саналы ойдың қалыптасуына зер салына бастауы, сол күнге дейін керіге алынып тасталған түрік тілінің де қолға алынып грамматиканың жазылуының қажеттігі жөнінде бірқыдыру пікірлер айтылған. 1851 жылы Encümen-i Daniş атты зерттеу орталығының құрылымымен Осман тілінің грамматика- сының жазылуы жөнінде шешім қабылдан- ды. Ахмет Джевдет пен Фуат Пашаның бірігіп жазған Kavşid-i Osmaniyye (1851) атты еңбегінен бастап 1910 жылға дейінгі кезеңде, бірнеше грамматиканың жасалуы- на байланысты, ескі түсініктің өзгеруіне әкелді /4, 132/. Танзиматтан кейінгі Екінші Конститу- ция кезеңінің (1908 ж.) аяғына дейін созылған кезеңде жазылған грамматика- лардың негізгі ерекшелігі жалпы алғанда Түрік тілінің араб грамматикасы негізінде қолға алынып қарастырылуы көзге түседі. Ашық түрде айтатын болсақ, түрік тілінің тілдік қоры әлі де болсын араб тілінің қалыбына енгізіліп қарасытырылды. Түрік тіліне байланысты грамматиканың қалып- таса бастауы 1908 жылға дейін созылады. Бұл кезеңнің грамматикалық еңбектері жалпы алғанда үш тілдің араласуынан пайда болған Осман тілін емес, тура алғанда түрік тілін негізге алған жаңа бір ұғым мен түсінік қалыптаса бастайды. Дегенмен, бұл көзқараспен бірге, 1908 жылдан бастап Республикалық кезеңге дейін тіпті 1928 жазу реформасына дейін созылған жылдарда грамматикалық түсінік пен жазылған грамматикаға әдіс жағынан батыс грамматикасының үлгі болуы сияқты, әрекет пен көқарастың маңызды әсер қалдырғандығы байқалады. Осындай көзқараспен өз еңбегін ұсынған алғашқы грамматика жазушысы Хюсейн Джахит (Ялчын) еді. Хюсейн Джахиттің төрт әр түрлі білім деңгейін негізге алып әзірлеген Türkçe Sarf ve Nahiv (Түрік тілінің морфологиясы мен синтаксисі) атты мектепке арналған грамматика оқулығы (1908-1910) сол кездің қалып- тасқан ойдың өнімі болып табылады. Автор Edebi Hatıralar (Әдеби естеліктер) атты кітабында саяси өмірде болған тәрізді тілімізде де капитуляциялардың бар екенідігін түрік тілінің ішінде шет ел тілдеріндегі заңдылықтардың үстемдік еткендігі жайлы айтып бұл өз кезегінде түрік тілінің даралылығына кедергі болғаны байқалады. Бұл еңбекте автор тәуелсіз түрік тілінің жаратылысын ортаға алып қарастыру мен түрік тілін үйрену үшін ең алдымен — араб және парсы тілдерін үйрену қажеттігін бір бұрышқа ысырып тастап, жаңадан грамматиканың жазылу керектігін ұсынған болатын. Ататүрктің басшылық еткен жылда- рында, тіл реформасы, жаппай түрікшелен- діру жұмыстарына сүйенетін болсақ, грамматикалық еңбектерде де араб (парсы) және француз грамматикаларының қалып- тарына еліктеушілікті тоқтатылып тілдің өзінің құрылымына негізделген граммати- ка түсінігін қалыптастыруды енгізу қажеттігі туралы айтқан. Осы мақсатпен Ұлттық Білім Департаменті 1941 ж. күнделікті грамматикалық жүйелендіру жұмыстарына кірісті. 1940 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін созылған кезеңде Тахсин Бангуоглу- нан бастап Мұхаррем Ергин, Тахир Неджат Генджан, Кая Билгегил, Хайдар Эдискун, Хикмет Диздароглу, Нуреттин Коч, Расим Шимшек, Юксел Гекнел, Сезаи Гюнеш, Ахмет Биджан Ерджиласюн-Лейла Карахан, Метин Караорс және басқа да авторлардың жазған грамматикалық еңбек- тері осы негізді ұстанған еңбектер қата- рында саналмақ. Бұлардың ішінде Т.Бангуоглуның «Түрік тілінің граммати- касы. Фонетика» (Ankara TDK yay., 1959); «Түрік тілінің грамматикасы» (Ankara TDK yay., 1974, 1986, 1990, 1995) және М.Эргиннің «Түрік тілінің синтаксисі» (İstanbul Ed. Fak. yay., 1958, 1962 vb.) сияқты маңызды жұмыстар көзге түседі /5, 141/. Қазіргі кездегі түрік тілі «Жаңа Білім» (1911-31) әрекетінің жемісі болып табылады. Бұл әрекеттің басты міндеті- ауызекі түрік тілін (халық тілін) негізге алып, жаңа түрік жазба тілін қалыптастыру: 1) тілдегі арабша және парсы тілінің грамматика ережелердің сақталуы мен сол ережелерге сүйенген қосымшалардың қолданыстан алынуы; 2) тілдегі араб, парсы тілдеріндегі сөздердің зат есім мен сын есімдердің жалғану ережелерінің орнына түрік тіліндегі үлгісін жасау; 3) араб және парсы тіліндегі сөздердің түрік тілінде айтылуы бойынша жазу. Барлық араб тілі мен парсы сөздерін толықтай түрік тілінен алып тастау мүмкінсіз болғандықтан, ғылыми термин ретінде араб тіліндегі сөздердің қолданысына рұқсат беру. 4) Басқа да түрік тілінің диалектілерінен сөздердің алынуы. 5) Жазба тілі мен ауызекі (сөйлеу) тілінің арасындағы айырмашылықты жою. Стамбул ауызекі тіліне негізделген тірі жазба тілін қалыптастыру. 6) Осы аталған ережелерді сақтай отырып, тіл мен әдебиетті Шығыс пен Батыс тілдерінің әсерінен құтқару. Тілдің тазаруы немесе түрікшелену «Жаңа білімнен» кейінгі тарихи дамуы- «Тіл Реформасы» әрекеті болып табылады. Бұл реформаның мақсаты «Жаңа білім» әрекетінің жасаған жұмыстарын ары қарай дамыту еді. Осы себеппен 1928 жылы латын әліпбиі қабылданып, 1932 жылы Ататүрктің жаңадан тіл реформасын бастауымен, түрік тілінің тілдік даралығын және тарихи байлығын ортаға алып жаңа зерттеулер мен дамыту бағдарламасын жасау көзқарасын қалыптастырды /2, 120/. Бұл жобаның қажеттілігі түрік тілінің дамуына кері әсерін тигізетін, тілдің құрылысы мен жасалуына кедергі болатын шет ел тілдерінен енген сөздерді, сөз орамдары мен сөз жасам үлгісі, жалғану жолдары, сөйлем ішіндегі және сөз тіркестеріндегі орын тәртібінің орналасу жолдарының орнына жаңадан түрік тіліндегі үлгісін қалыптастыру еді. Терминдерді түрікшелендіру, түрік тіліндегі жалғауларды пайдаланып жаңа терминдерді құрау жолдары тәрізді жұмыстар осы кезеңде қолға алынған еді. «Тіл Реформасының» мақсаттары: 1) Осман тілінің түрік тіліне зиянын тигізетін элементтерден тазарту, жазба тілінен түрік тілінде қалып қойған шет елдік сөздерді алып тастау; 2) Зиялылар тілі мен халық тілі, ауызекі тілі мен жазба тілі арасында қалыптасқан Османдық тілдің әсерінен пайда болған айырмашылықты жойып, тілге ұлттық байлықты біріктіруші және жинақтаушы тілдің сапасын қалыптастыру; 3) Түрік тілінің жасалу жолы мен тілдік ерекшеліктерін ескеріп оның даму жолын анықтау; 4) Білім мен оқытуды ұлттық тілге негізделген жүйесін жасау; 5) Түрік тілінің әдемілігі мен байлығын ортаға алып оны әлемдік тілдер қатарында дәрежесін көтеру мақсатында түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу, ғылым тілін, білім тілін қалыптастыру. 6) Тілдің сөзжасамдық мүмкіндіктерін негізге алып, тілдің байлығын шығару, тілдегі барлық ұғымдар мен түсініктерді, сөздерді шығарып тілді жандандыру; /1, 101/ Шынындығына келетін болсақ, тілдік реформаның жүзеге асырылуы жолында жақсы жақтардың болуымен бірге кемшіліктердің де болғандығы анық. 1928 жылы Кемаль Ататүрік араб пен парсы әліпбиінің орнына латын әліпбиін қабылдау жөнінде ұсынысынан екі жылдан кейін тілдің тарихы мен дамуы атты кітабының бастау сөзінде мынадай маңызды сөздер жазылған болатын: «Түрік ұлты өз топырағын аса биік тәуелсіздігін қалай сақтау қажеттігін білгеніндей, шет елдік тілдердің бұғауынан өз тілін босатуға міндетті». Осы қанатты сөздер тіл реформасына қатысты жазылған кез- келген кітаптың бетінде жазылған еді. 1932 жылдан бастап сөз жинақтау жұмыстары басталады. Әрбір жергілікті басқарма өкілдері халық ішінде қолда- 84 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4 (49). 2009 ныстағы сөздерді жинақтауды ұйымдасты- руға комитет алдында міндеттенді. Бір жыл ішінде 35 000-ға жуық сөз терілді. Ғалымдар өз кезегінде түркі тілдері сөздіктері мен 150 ежелгі мәтіндерді зерттеп, қолданыстан шығып қалған немесе мүлдем Түркияда қолданылмаған сөздерді теру жұмыстарын жүргізді, бұл шамалы 90 000 сөз көлеміне жетті. 1934 жылы осы екі зерттеу жұмыстарының нәтижесі «Санақ журналы» («Tarama Dergisi») деген кітапта жарияланды. Кітап құрастырушылары әділетті түрде әрбір нақты анықталмаған сөздердің қасына сұрақ белгісін қойып ынта танытқандар, еш кедергісіз ішіндегі кез-келген сөзді таңдап қолдана алды, нәтижесінде шатысулар мен былықпалыққа әкелді. Мысалы, егер де сіз қалам деген сөзді бергіңіз келсе, араб тілінен енген kalem сөзін қолданбай-ақ оның орнына, yağuş немесе yazgaç немесе çizgiç немесе kavrı немесе kamış немесе yuvuş сөздердің біреуін алып қолдануызға болды. Ақыл деген сөзге – an – деген сөзден бастап zerey- ге дейін 26 балама сөз берілді. Hediye (сыйлық)– деген сөзге 77 сөз тізімнің ішінен өз жаның қалаған кез- келген сөзді алуыңызға болды. Кейіннен бұл сөзді түрік негізді сөз болмаса да тілге баяғыда енгізілген парсы тіліндегі armağan сөзі алмастырды. Журналистер өз мақалаларын алдымен осман тілінде жазды, кейіннен жұмыстарын ikameci дейтін сөздерді реттеуші мамандарға тапсырып, олар өз кезегінде сөздерді дұрыс жаңа сөздерге алмастырып, өзгертіп отырды. Сөз реттеуші (ikameci) «Санақ кітапшасын» ашып ондағы осман тіліне кез-келген сөз баламасын тауып, қалаған сөзбен алмастыратын болды. Басқа журналдың маманы болса дәл осы сөзді басқа баламамен беріп жатуы әбден мүмкін еді. Осы себепті Ататүрк тілдегі болып жатқан былықпаны көріп, түрік тілінде баламасы жоқ шет тілінен енген сөздерді қолданыстан алмай, терең этимологиялық зерттеулердің нәтижелерінен кейін оларды бірте-бірте алмастыру көзделген болатын /6, 12/. 1940 жылдардан кейін түрік тілі көптеген қиыншылықтар мен толқуларға тап болды. Сол себептен түрік тіліне жат келетін сөздер мен қалыптардың шығуы байқалды. Алайда қазіргі кезде түрік тілі — халықтың, ұлттың тілі болып қалыптасуы көрінеді. 20 ғасырдың басынан басталған ұзақ та қиын түрік тілінің даму кезеңі белгілі нәтижеге қол жеткізді. Қазіргі кезде «Түрік тілі қоғамы» әлі де өз жұмысын атқаруда. Көптеген тіл мамандары түрік тіліндегі сөздердің қолданысына үлкен мән беріп отыр. Түрік тілі жеке дара тіл болса да әлі де шет елдік сөздерден толықтай айырылған емес.

Читайте также:  Ежелгі таяу шығыстағы жаңа жыл және космогония

Оставить комментарий