ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ КӨПМАҒЫНАЛЫ ЭТИКЕТ ТІЛДІК БІРЛІКТЕР

Жалпы кез келген сөздің мағынасы зат, құбылыс, әрекет жайында түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасатыны белгілі. Ұғымның болуы сөз мағынасының ең маңызды шарты болғанмен де, сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да себеп бо- латын жайттар бар. “сөз мағынасы заттық логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге көзқарасын, әр түрлі көңіл- күйін, сезімін және сөздің грамматикалық сипатын да білдіре алады. Бұдан сөз мағынасының ұғымнан кең екендігін көреміз” /1/. Яғни, сөз мағынасы ойды ғана білдірмейді адамның қуаныш, сүйініш, таң қалу, жақсы көру, риза болу т.б. да толып жатқан сезім мен ерікті, көңіл-күйді білдіру үшін де жұмсалады. Сөздің лексикалық мағынасын терең түсіну үшін алдымен сөздің заттық- логикалық мәнін, сөздің лексикалық мағынасының оның басқа мағыналарымен қандай қарым-қатынаста екендігін және сөздің лексикалық мағынасының басқа лексикалық мағыналардан ерекшеленетін белгісін анық білу қажет. Сөздің лексикалық мағынасы оның басқа мағыналарының тууына негіз болады, сондықтан сөз мағыналары туралы сөз болғанда оның лексикалық мағынасына баса назар аударылады. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – сөздің көп мағыналығы” – деп жазады /1/. Соңғы жылдары тіл білімінде көп мағыналы сөздердің жалпы мәнін ашатын өзекті эле- мент ретінде өріс түсінігін қолданып жүр. Семантикалық өріс лексикалық мағы- налардың белгілі бір ұқсастығына және айырмашылығына байланысты құрылады. Семантикалық өріс – сөздердің семанти- калық жалпылығы, полисемиялы сөздердің әртүрлі мағынасының жалпылығы. Дәстүрлі оқулықтар мен ғылыми әдебиет- терде көпмағыналы сөз терминінің аясын- да анықталатын ұғым қазіргі тіл білімінде тілдік таңбаны функционалдық, прагмати- калық, коммуникативтік аспектіде қарас- тыруға жете көңіл бөлінумен байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарында семан- тикалық парадигма, семантикалық өріс ұғымдарымен анықталады. Көпмағыналы сөздердің семантикалық құрылымының сипаты мен табиғаты олардың парадигма- сынан айқын көрінеді. Себебі, көпмағыналы сөздер бір-бірімен байланы- сты бола тұра бір-бірінен міндетті түрде ерекшеленеді. Көпмағыналы сөздердің әр түрлі семантикалық белгілері олардың семантикалық құрылымын құрайды. Тіл білімінде парадигма үш мағынада қолданылады. 1) кең мағынада – лексикалық единицалардың бір-бірінен айырмашылығы, сонымен бірге беллгілі бір белгілеріне байланысты жалпы тобы; 2) осындай топ пен жиынтықтың моделі мен схемасы: 3) тар мағынада – бір сөздің немесе конструкцияның әр түрлі тұлғалар жүйесі /2/. Сема арқылы біздің санамыздағы зат пен құбылыстардың қасиет сапаларының әрқайсысының өзіндік маңыз-мәні бейнеленеді. Түрік тіліндегі көпмағыналы этикет сөздердің семантикалық парадиг- масын жасай отырып, олардың түрлі мағыналық реңктерін анықтаумен қатар сөз этикетінің фатикалық, аппелятивтік, конативтік, эмотивтік қызметтерін саралауға болады. Анкара қаласынан 1998 ж. шыққан Түрікше сөздікте efendі көне грек тілінен енген есім сөз екендігі айтылады. Қазіргі түрік тілінде актив қолданылатын бұл сөздің түрлі мағыналық реңктері мен қолданылу ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. 1. Бұл сөздің грек тілінен енгендігі негізінен білім алған адамдардың аттарынан кейін айтылатын, бағалау- ыштық қасиеті бар құрмет көрсету сөзі екендігі айтылады. Жалқы есімнен кейін келетін этикет. “Зиялы, көргені көп адамның есіміне қосылып айтылатын құрмет білдіру сөзі” /39, 673/. Мысалы, Ne Ömer efendі bahsі açabіldі, ne Nazіf gündüzki vakaya daіr bіr kelіme söyledі. (Күндізгі жағдайға қатысты не Өмер эфәнди, не Назиф бір ауыз сөз айта алмады) (R.N. Güntekin). 2. Қазіргі түрік тілінде тыңдаушыға құрмет көрсету мақсатында ең актив қолданыста bey (бей) сөзі болса, efendі (эфәнди) одан кейінгі жиі қолданылатын қаратпа сөздердің бірі. Кейде сөз әсерін күшейту үшін екеуін бірге beyefendі (бейэфәнди) деп те қолданады. Бұл сөздің екінші қолданысы bey (бей)сөзімен тіркесіп адамға деген құрметті күшейту. Мысалы, Beyefendі benіm dіplomam іşe yaramazmış, ne yapayım ben şіmdі? – dedіm. (Бейэфәнди менің дипломым іске жарамайды екен, мен енді не істеймін? – дедім) (R.N. Güntekin). Бұл жердегі Вeyefendі (бей эфәнди) этикетінің қазақ тіліне тура аудармасы жоқ, қолданысы мен мағынасына қарай отырып шамамен Құрметті мырза деп беруге болады. 3. Сөзі жүретін, бұйрығы жүретін адам, бір нәрсенің иесі. Мысалы, Köylü – memleketin efendisidir. (Мемлекеттің иесі – шаруалар) (Atatürk). 4. Күйеуі, отағасы деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Bіzіm efendі artık gecelerі eve gelmіyor (Біздің күйеу енді түнде үйге келмейді) (S. Faik). 5. Қызметкерлер мекеме, ұйым, бөлім бастығымен сөйлескенде қаратпа сөз ретінде де қолданылады. Мысалы, Efendіm, bu trenler yіrmі kіlometre bіle gіdemez (Эфәнди, бұл поездар жиырма шақырым да жүре алмайды) (S. Faik). 6. Зиялы, тәртіпті, тәрбиелі, құрметті ұғымдарын беру үшін қолданылатын сын есім. Мысалы, Arkadaşınız efendі adamdır (Досыңыз сыпайы, тәрбиелі адам екен). 7. Балалары әкелерімен, келіндері мен күйеу балалары қайын аталарымен немесе кез келген адам бөтен ер адаммен сөйлескенде сый-құрмет көрсетіп тұрғанын білдіру үшін қолданылатын этикет сөздің бір түрі. Яғни, құрмет тұтатын ер адам деген мағынада қолданылады. Мысалы, Еfendі! Allahın emrіyle kızını bana ver. (Эфәнди! Алланың әмірімен қызыңызды маған беріңіз) (S. Faik). Түрік тілінде efendі [эфәнди] жеке тұрып қаратпа ретінде әйел адамға қатысты қолданылмайды. Егер әйел адамға қарата қолданылса, міндетті түрде hanım [һаным] сөзі қосылып, hanımefendі [һанымефәнди] түрінде айтылады. Лауазымды, зиялы адамдардың жігіт боп қалған баласын атау үшін küçük efendі [күчүк ефәнди] тіркесі қолданылады. Қазақ тіліне аударғанда жас қожайын немесе кіші қожайын деген мағына береді.

Читайте также:  ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫ

Оставить комментарий