ТҮРІКШІЛДІК ИДЕЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ЮСУФ АКЧУРА

Түркияда түрікшілдіктің жүйелі халге келуінде зор еңбек сіңірген зиялы тұлға және татар түркі тегінен шыққан Юсуф Акчура – Еділ өзені бойындағы Симбир қаласында 1876 жылы дүниеге келген. 1883 жылы 7 жасында Стамбулға келіп, бастауыш сыныпты бастайды. 1887 жылы «Аскери Руштиеде» (орта мектеп) оқуын жалғастырған Юсуф Акчура, 1893 жылы «Кулели Аскери Идадиге» (лицей) және ақыр аяғында «Әскери мектепке» тапсырады /1/. Акчура саналы түрікшілдік- ті Әскери мектеп қабырғасында бастайды. Ол кезеңдер, грек соғысынан бұрынғы кезде, Неджип Асым Бей, Велед Челеби және Бурсалық Тахир Бей сынды көзі ашық тұлғалардың түрікшілдікке қатысты мақалалары жариялануда, Исмаил Бей Гаспыралы тарапынан жарыққа шығатын «Тержүман» газетінің кейбір сандары Стамбулға келуде еді. Юсуф Акчура осы жазбалар мен басылымдардан әсерленеді /2/. Әскери мектептен кейін Париж Еркін Саяси Ғылымдар институтында білім алады да ол жерді 1903 жылы «Essai sur I`histoire Institutiones de I`Empire Ottomans» (қазақша ауд. – «Османлы патшалығы мекемелері тарихына байланысты тәжірибе») атты диссерта- ция қорғап тәмамдайды. Акчура шығарма- ның кіріспесінде Османлы патшалығы құрылуының негізгі қайнар көзі болған түрік және ислам құқығы мен ұйымдарына байланысты жалпы мағлұматтар бергеннен кейін, негізгі мәтінде «Ескі режим» және «Жаңа режим» деп екіге бөлген Османлы мекемелері тарихының маңызды оқиғала- рын жинақтауға, осы мекемелерді бір- бірінен ерекшелейтін қасиеттерді байқаға- нынша анықтауға және дәлелдеуге тыры- сады. Соңында болса, Османлы Империя- сының ыдырап тарауының алдын алу үшін бар болған мекемелерді қандай бағытта өзгертудің тиімді болатынына байланыс- ты, жеке көзқарасы мен пікірлерін ортаға салады /2, 127/. Юсуф Акчура Парижде білімін тәмамдаған соң, Османлы мемлкекеті шекаралары өзі үшін жабық болғандықтан Ресейге туыстарына барып біраз уақыт сол жақта болады. Сол кезде Каирде жарияланып жүрген «Түрік» газетіне «Үш тәсілді саясат» деп аталған мақаласын жолдады. Мақала, газеттің 24- 34 нөмірлі нұсқаларында 1904 жылдың мамыр, маусым айларында басылып шықты. Юсуф Акчура өзі үшін ең маңызды шығарма саналатын бірнеше бағанадан тұратын мақала арқылы алғаш рет саяси салада түрікшілдік мәселесін барынша ашық баяндай отырып, тақырыпқа арқау еткен. «Үш тәсілді саясат», яғни османлышылдық, исламшылдық және түрікшілдік ашық түрде дәлелденіп баяндалады. Мақала былайша бастау алады: «Османлы мемлекетінде Батысты пайдаланып күш жинау және ілгерілеу ықыласы оянғалы, белгілі басты үш саяси тәсіл ойша жобаланып бақыланды деп ойлаймын: Біріншісі, Османлы үкіметіне тәуелді түрлі ұлттарды өкілдендіре отырып және біріктіріп Османлы ұлтын қалыптастыру; Екіншісі, Османлы мемлекеті патшасында халифат хақының пайдаланып, барлық мұсылмандарды әңгімеге арқау мемлекет билігі астында саяси тұрғыдан біріктіру; Үшіншісі, тек жөніне негізделген саяси тұрғыдан түрік ұлтын қалыптастыру» /3/. «Тек жөніне байланысты түрік саяси ұлтын қалыптастыру пікірі, тіптен жаңа. Керек десе бүгінге дейін Османлы мемлекетінде, тіпті, келіп-кеткен басқа да түрік халықтарының ешбірінде мұндай пікір болған деп ойламаймын. Сөз жоқ, соңғы кездерде Стамбулда «Түрік ұлты» қалыптасуын қалайтын құрам, саяси болудан гөрі ғылыми құрам қалыптастыр- ды. Шемседдин Сами «Түрікше өлеңдер- дің» құрметті жазушысы, Неджип Асым, Велед Челеби және Хасан Тахсин осы құрамның көзге түсер мүшелері болып, «Икдам» белгілі бір дәрежеде осы пікірлердің алқабына айналды /2, 131/. Мақалада Османлы ұлтын қалыптасты- руға байланысты мыналар жазылған: «Османлы ұлтын жарату саясаты шынайы түрде алғаш рет ІІ Махмут кезеңінде пайда болады. Бұл патша, отандастары арасында- ғы дін өзгешеліктерін тек қана, мешіт, шіркеу немесе синагогаға (иуда шіркеуі) барған кездерінде көруді қалайтынын білдірген. Сол жылдары Еуропада француз төңкерісінің әсерінен ұлт түсінігі тұқым мен текке емес, ар-ождан қалауына байланысты еді. Осының да әсерінен ІІ Махмут және оны бақылаушылар, теңдік, бауырлық және еркіндік қағидаларына сүйенген Османлы ұлтын жарататындық- тарына сенген еді. Мақалада, Османлы ұлтын қалыптастыру мақсатында жасалған тәжірибелер, осыған қарсы шыққан ішкі және сыртқы бөгеттер, айналаға баяндалған соң, «Осы себептен менің ойымша, бұдан былай османлы ұлтын жарыққа әкелу бос әурешілік» — делінген /2, 22-23/. Османлы ұлтын жарыққа әкелу пікірін осылайша ортаға тасталған соң, мақала Ислам Бірлігі мен Түрік Бірлігі пікірле- рінің тартысына қарай ауытқиды және жазушының осы екі саясаттан біреуін таңдауда дұрыс шешім қабылдай алмағаны байқалады. Сонымен қатар, Ислам Бірлігі туралы сөз қозғағанда, «Ислам Бірлігі саясатының қолданылуында ішкі бөгеттер, әзер-әзер қарсы тұра алатын жағдайда; бірақ, сыртқы бөгеттер өте қуатты еді. Османлы мемлекетінің шынайы түрде Ислам Бірлігі саясатын қолдануға кірісуінде христиан елдері мүмкін ұтымды бөгет болар еді» — дей келе, ислам саясатын қолдану өте күмәнді екенін айқындайды. Осы сараптама нәтижесінде османлышылдықтың жүзеге асырылуы мүмкін еместігіне шешім шығарылады, исламшылдық пен түрікшілдік арасында онша таңдау жасамаған сияқты көрінеді, әсіресе, сыртқы бөгеттерді алға тартып, бұл саясатты қолдана білу мүмкіндігінің аз екендігін айтады /7/. Османлы мемлекетін- де Ислам Бірлігі пікірін алғашқы жақтаушылардың бірі – ІІ Абдульхамит еді. Бұл пікір ұстанымы бойынша азаттыққа тек қана мұсылман халықта- рының бірлігі арқылы қол жеткізуге болатын еді. Біріккен христиандықтарға қарсы 250 миллион мұсылман шығарыла- тын еді /3/. Ислам бірлігі пікірі арқылы түріктер, бүкіл мұсылман халықтарының көшбасшысы болар еді. Осылайша, лаз, күрт, Ирак және Йемен арабтары түрік патшалығына зорлықпен емес, шын көңілдерімен қосылар еді. Алайда, бұл үміт те күдер үзушілікпен аяқталды. Албанияда бүлік шықты. Оның артынан түрік әскерлері йемендік мұсылмандармен соғысуға мәжбүр болды. Бұдан басқа, арабтар, парсылар, албандар өз мемлекеттерінен шықпағандықтан мүлде басқа өмір сүруде еді. Сол жағдайда түріктер, империя территориясында шашыранды халде еді. Ислам бірлігі арқылы қалыптасатын Османлы ұлты басқа халықтарға ешқандай үрей туғызбайды, тек қана түріктердің өздеріне тән қасиеттерін жоғалту қаупі бар. Осылардан барып, Ислам бірлігі пікірінің де азаттық әпермейтіні байқалды. Осыдан кейін түріктер, Түрік ұлтшылдығын жақтап қорғауға мәжбүр болды /4/. Юсуф Акчураның мақаласындағы «Түрік Бірлігі» саясатына келер болсақ, егер оның қалыптасуы мүмкін болған жағдайда, жазушының пікірінше көптеген тиімділіктердің бірі «Османлы еліндегі түріктердің әрі діни, әрі тектік байланыстары арқылы өте тығыз, тек қана діни тұрғыдан да тығыз» бірігуіне және негізінен түрік болмаған жағдайда белгілі бір дәрежеде түріктенген басқа мұсылман бөліктерінің көбіне түріктерге сіңісіп кетуіне және керек десе әлі де еш сіңіспеген бірақ ұлттық ар-намыстары жоқ бөлшектердің де Түріктендірілу мүмкінді- гіне қызмет ету ерекшелігі. Бұған балама, Түрікшілдік саясатының Османлы елінде тұратын мұсылман бірақ түрік емес және түріктендірілуі мүмкін емес қауымдардың Османлы Мемлекетінің қол астынан шығуы және мұсылманшылылықтың түрік және түрік емес бөліктерге айыра отырып, бұдан былай Османлы мемлекетінің түрік емес мұсылмандармен шын қарым- қатынасы қалмау тәуекеліне назар аудару қажет /1, 39/. Юсуф Акчураның пісіп-жетілген шағындағы жазған еңбектері, негізінен алып қарағанда, Османлы Империясы ішіндегі пантүрікшіл еңбектері, осы әрекетке байланысты терең іздер қалдырды. Акчура ұйым құрушыларының бірі болмаған, немесе тым құрығанда белсенді мүшелерінің бірі болмаған қандай да бір ұлтшыл ұйым жоқтың қасы еді /5/. Кітаптары, мақалалары және конференция- ларында кең көлемде айқындағанындай түрік тегі мен Түрік әлемінің мүдделері үшін көрсетілген бұл ықылас Акчураның өз пантүрікшілдігі мен пантүрікші саясаттарын қалай ұқтырғанын ашық түрде алға тартатын. Оның пантүрікшілдік түсінігі мәдени (тіл, тарих, салт-дәстүр) және материалдық құндылықтар (қан және тек) қарым-қатынастары арқылы Түрік әлемін бөлінбес болмыс ретінде көруінде еді. Түрік терминімен тамыры түрік болғандар, яғни татарлар, әзірбайжан- дықтар, қырғыздар, якуттар және басқала- ры сөз етілетін /5, 68/. Негізінен Солтүстік түрікшілдігі, Шехабеддин Мерджани және Исмаил Бей Гаспыралы сынды ұлтшылдардың және олардың шәкірттерінің қаншама жылдар- дан бері тіл және мәдениет саласында жалғасып келе жатқан ескертулерімен, саяси салада да ұлтшыл, түрікшіл, тіпті пантүрікшіл пікірлерінің жайылуы және ұластырылуына едәуір қолайлы жер халіне ие болды. Юсуф Акчура осы жағдайды жылдам пайдаланып, саяси салада түрік ұлтшыл пікірлерін кез-келген амалмен таратуға және осы жолда мүмкін болған ұйымдар құруға тырысты. Алдымен, көбісіне жақын туыстық байланыстармен тәуелді болып табылатын «Қазандық» бай отбасылары жастарынының көзін ашумен және оларды ұйымдастырумен айналысты. Қазан жастарының көзін ашу мақсатымен, сол кезеңде «Қазанның» жаңару жолын бастап, медреселерінің бірі «Медресе-и Мухаммедие» медресесінде тарих, жағрапия және Османлы түрік әдебиеті мұғалімі қызметін атқарды. Содан кейін Қазанда «Қазан Мухбири» (қазақша ауд. – «Қазан ақпаратшысы») атты газет шығарып, осы газеттің жазу істері төрағалығын атқарды. Ақырында, Акчура, бүкіл Солтүстік түріктерін, ұлттық саяси ұйым шеңберінде жинау мақсатында Исмаил Бей Гаспыралы, Али Мердан Топчубашы, Абдуррешид Кады Ибрахи- мов сынды қоғамға еңбегі сіңген қызметкерлермен бірге жұмыс жүргізіп, 1905 жылғы төңкеріс кезінде «Ресей мұсылмандары Одағы» атты үлкен саяси партияның құрылуына қызмет етті және партияның орталық басқару мүшелігі мен бас хатшылығына сайланды. «Ресей Мұсылмандары Одағы» Ресейдің өзінде, түріктердің басым көпшілігін қамтыған Солтүстік, Түркістан және Әзірбайжан түріктерінің зиялыларымен жоғары және орта деңгейдегі қала тұрғындарын және ауыл тұрғындарының көбісін, әсіресе «Ар- намыс еркіндігі» «Бүкіл Ресей халқының кісілері арасында тең құқылық» /2, 135/ және «мәдени салада ұлттық өркендеуге рұқсат беру» мақсаттары шеңберінде жиналған үлкен саяси ұйым қасиетіне ие еді. Бұл ұйым «Бірінші Думаға» сайлау өтіп жатқанда, шын іс-әрекет көрсетіп, Солтүстік түріктерінен барынша көп мөлшерде депутат сайлануына қол жеткізді. Бірақ, тура сайлау қызған сәтте Юсуф Акчураның сайлану құқығына ие емес екендігінен хабарсыз Қазан Полиция басқармасы оны тұтқынға алғызып, сайлау аяқталғанға дейін тағы да қапаста ұстады /2, 136/. Орыс құпия полиция ұйымы біраз уақыт Юсуф Акчураның жиі-жиі белең алған ұлтшыл іс-әрекеттерін бақылауда және қажет еткендерге осы тақырыпқа байланысты мәлімет беруде еді. Орыс үкіметі Акчураны Дума үшін алаң туғызатын бір адам деп қабылдап, қауіпсіздік қызметкерлеріне оның сайлануының алдын алу туралы нұсқау берді. Сайлау науқаны жалғасып жатқанда, бір түнде Акчураның үйіне тінту жасалып бірнеше құжаттарды алып кетеді. Өзі де тұтқынға алынады. Хабарлар әлі зерттелмеді деген тұжырыммен Юсуф Акчура бостандыққа шығарылмады.

Читайте также:  ЛАШИН – МОДЕРНИСТ ЖАЗУШЫ

Оставить комментарий