ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ МОДАЛЬ СӨЗДЕР

Лингвистикада сөз таптары (лат. partes orationis) мен сөз өзгерімнің (лат.derivatio) қалып- тасу тарихы грамматикалық категория ретінде бір-бірімен байланысты түрде қарастырылып келетіні белгілі. Оның себебі лексикалық едини- цалар бір сөз табына ғана емес, бірнеше сөз та- бына қатысты болып келеді. Осындай сөздердің бірі – модаль сөздер. Түркітанымда да модаль және модальдық категорияның теориялық негіз- дері қалыптасқан және ол жалпы тіл білімі зерт- теулерінің нәтижесінде болды. Ғылыми еңбек- терден модаль сөздерді дербес сөз табы ретінде қарау ХІХ ғасырдың орта тұсынан басталатын- дығын және орыс грамматикасында ХІХ-ХХ ға- сыр аралығында сөздерді таптастыруда төрт түрлі бағыттың болғандығын білеміз. Соның ішінде “фунционально-семантическое” деген бағыты (қалыптастырушылар: Л.В.Щерба мен В.В.Виноградов) ғылымда қолдау тауып, семан- тикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері арқылы сөздер топтастырылып келеді. Осы негізде модаль сөздер де өз алдына дербес сөз табы болып қалыптасқан. Ал осыған дейінгі сөздерді топтастырушылар М.В.Ломоносовтың еңбегіндегі сегіз сөз табы негізінде болатын /1, 226/. Келесі бір еңбекте жоғарыда айтылған мәселелер А.А.Патебня мен Ф.Ф.Фортунатов- тың негізінде қалыптасқан көрінеді. Бірақ, мұн- да да модаль сөздер жеке сөз табы ретінде алын- баған /2, 201/. Модаль (лат. modus – “способ”), модальдық мағына, модальдық сөздер дегенге жалпы тіл бі- лімінде мынадай тұжырым жасалынған: “От- дельную группу, промежуточную между знаме- нательными и служебными славами, составляют “оценочные” или модальные слова, выражаю- щие оценку достоверности факта (несомненно, вероятно, по-видимому, кажется, как будто, мо- жет быть, вряд ли, едва ли и.т.п. также говорят, слыхать, якобы и др.) либо оценку его жела- тельности или нежелательности с точки зрения говорящего (к счастью, к сожелению, на беду и др). Модальные слова используются в предло- жении в качестве вводных элементов” деп береді /3, 172/. А.А.Реформатский “Модальные значения в грамматике выражают целевую уста- новку высказывания (убеждение, вопрос, сомне- ние, приказание или личные отношения говоря- щего к тому, что он говорит, и.т.п.)” деп мағы- насына байланысты нақты тұжырым жасаған /4, 308/. Қазақ тіл білімінде де осы негізде модаль сөздер зерттелініп келеді. Негізгі етістік пен модаль сөздің көмекші мәнде тіркесуі етістік та- биғатында таза грамматикалық категория емес, лексика-грамматикалық құбылыс ретінде жеке қаралуы тиіс. Өйткені, морфологиялық сипаттан гөрі, семантикалық-мағыналық, синтаксистік- қатынастық, қызметтік мәні басым болып оты- рады және көпшілігі осы негізде есім сөздермен тіркесіп келіп те сөйлемді аяқтап, предикат қызметін атқарып, ойдың модальдығын да білдіріп тұрады. Осыған байлансты модальды- лықты екі түрге бөліп, рай арқылы модальды- лықтың берілуі объективті модальдылық деп, арнаулы жеке сөздер арқылы берілуі субъек- тивті модальдылық деп те көрсетіліп жүр /5, 512/. Бұл жалпы жекелеген түркі тілдеріне де қатысты. Түркітану шеңберінде алып қарайтын болсақ, модаль сөздер неміс, ағылшын, орыс т.б. тілдермен арнайы салғастырып зерттелінген. Ал қазақ тілінде модальдылық категориясының жалпы теориялық базасы, функционалды-семан- тикалық негіздері, сөз тіркесімділігі т.б. тілдік қасиеттерін Е.Жанпейісов, С.Исаев, Т.Сайрам- баев, О.Төлегенов, Г.Медетова, М.Зайнуллин, К.Мамаділов, С.Құлманов т.б. ғалымдарымыз қарастырған. Мәселен, С.Құлманов қазақ тілін- дегі мүмкіндік модальдігінің фукционалды-се- мантикалық өрісін арнайы зерттеген. Онда модальділік ұғымы Аристотельдің “пайымдау модальдігінің” түрлері жөніндегі формалды-ло- гикалық ілімінен бастау алатынын, Ш.Балли негізінде модалдік мағыналарсыз сөйлем бол- майтынын, сөйлемнің эксплицитті екі бөліктен (мазмұнмен байланысты диктум мен осы маз- мұнға субъектінің көзқарасын білдіретін модустан) тұратынын, тіл біліміне алғаш мо- дальдік терминін В.Виноградов енгізгенін және зерттеу нысаны бойынша кең түрде мәлімет береді /6, 7-28/. Жалпы модаль сөздердің 2002 жылғы Қазақ грамматикасында жеке сөз табы ретінде беріледі. Сол сияқты тофалар тілінде “модальные части речи” деп жеке алынып, онда “частицы және модальные слова” бірге алы- нады, түрік тілінде “частицы и модальные сло- ва”, қараим тілінде “модальные части речи”, түркімен тілінде “модальные слова”, башқұрт тілінде “модальные слова”, қырғыз тілінде “бөлүкчөлөр жана модаль сөздөр”, татар тілінде “модаль сүзләр” т.б. осы тәрізді сөз табы ре- тінде жеке болады. Ал енді бірінде демеу- ліктермен бірге, ал якут тілінде әр сөз табында модальные частицы, модальные глаголы болып жеке-жеке қарастырылады. Сонымен бірге әр- түрлі мағынадағы құрамы “имеется около 50 собственно модальных слов, употребляющихся только в модальном значении, более 70 слов, совмещающих в себе функции модальных и знаменательных слов и более 170 сочетаний с модальным значением, всего около 300 сло- варных единиц” деп беріледі /7, 452/. Алайда, қай тілде болмасын модаль сөздерді зерттеу ба- рысы әртүрлі кезеңнен басталып, әртүрлі мәсе- лелер төңірегінде үздіксіз жалғасып келеді. Қазақ тіл білімінде арнайы ғылыми зерттеу негі- зінде 1958 жылы Е.Жампейісовтан басталып, Қ.Мамадилов (1996), С.Құлманов (2004) сынды ғалымдарымыздан жалғасын табады. Біздің қа- растыратынымыз көне түркі және орта ғасыр жазбаларындағы қолданыстары мен құрамы қа- зіргі түркі тілдерімен салыстырмалы түрде, со- ның ішінде қазақ тілімен тікелей зерттеу мақсат етіледі. Қазақ тіл білімінде модаль сөздерді ғылыми тұрғыдан негіздеуде Е.Жампейісовтың еңбегі зор. 2002 жылғы Қазақ грамматикасына модаль сөздер жеке сөз табы ретінде алынып, алдыңғы шыққан еңбектермен салыстырғанда толығырақ қамтылған. Онда автор модаль сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне, қа- лыптасу көздеріне, семантикалық сипатына, қолданылу ерекшеліктеріне жеке-жеке түсі- ніктемелерін береді. Модаль сөздер қандай дә- режеде болса да көмекші сөздер тобына жатады. Олардың құрамын қай сөз таптарынан қалып- тасқандығын және қай тілдерден дайын мате- риал ретінде алынғандығын ажырату қиынға соқпайды. Яғни, шығу тегі жағынан күрделі мәселелер туындамайды. Сонымен бірге лекси- ка-грамматикалық сипаты синтаксис тұрғысы- нан анықталынады және субъективті модаль- дылық басты көрінісі болып танылады. Е.Жам- пейісов қазіргі түркі тілдерінің біразында мо- даль сөздер мен модальды тіркестердің жасалу жолдары алты негізде қалыптасатындығын көрсетеді: «1. изафеттік тіркестер арқылы (қыс- қасы, ыңғайы). 2. кейбір үстеулер және үстеу мәніндегі зат есімдердің заттың мәнінен айыры- лу және пысықтауыштың функциясын жоғалту нәтижесінде. 3. кейде предикаттық функция- сынан айырылған бағыныңқы сөйлемнің баян- дауышынан жасалады. 4. Кей жағдайда модаль тіркестің бір компонентінің түсіп қалуы арқы- лы. 5. Бет, бейне, пішін, порым, түр мағынасын білдіретін түбірлерден жасалған. 6.Араб-парсы тілдерінен дайын күйінде ауысу арқылы» тәрізді. Ал семантикасын болжал, міндеттілік, сөйлеушінің сөйлемде айтылған хабардың ақи- қаттығына әбден көз жеткізу; өз тарапынан растау, қостау; айтылған ой жөніндегі нық се- німділік пен күмәнділік және тілек (қалау), ниет-пиғылды білдіретін модальдық мәндегі сөздер деп сегізге топтайды /5, 571/. Осы айтылған негіздерде көне түркі тілінде қолда- нылған модаль сөздерді және олардың орта ғасыр жазбаларындағы сипатын салыстырмалы түрде қарастырамыз. А.Салқынбай қазақ тіл білімінде модаль сөз- дерді жеке сөз табы ретінде тану не танымау ту- ралы екі түрлі қалыптасқан көзқарастың прин- ципті айырмашылығы жоғын, оның жалпы кате- гориялық мағынасын сөз табы ретінде таны- лудың ғылыми негізі екенін, модаль сөздер мен модальдік бір еместігін, яғни модаль сөздер тек жеке тұлғалардан тұрса, модальдік ұғымының ауқымы кең, мәні тереңдігін, модальдік морфо- логияның көлеміне сыймайтынын, десеман- тизация нәтижесінде қалыптасқан модаль сөз- дердің лебіздегі қолданысымен тікелей байла- нысын, қыстырма сөздермен кейбір ұқсастығын және дәстүрлі грамматика негізінде етістікті, есімді модаль сөздер деп екіге жіктеп, негізгі үш ерекшелігін атап көрсетеді. Сонымен бірге қызметтік-семантикалық категорияның негізгі аспектілерін көрсете отыра, “модальдылық деге- німіз етістіктің грамматикалық формалары жүйесін қамтитын қызметтік-семантикалық к- атегория, сондай-ақ сөйлеудің болмысқа қаты- сын білдірудегі синтаксистік және лексикалық құралдар” деп тұжырымдайды /8, 26-276/. Қ.Мамаділов қазақ тіліндегі етістіктің мо- дальдық құрылымына “-у керек, -ған сияқты, -са керек, -уға болады, -уда керек, -ған шығар-ау, — уға тиіс сияқты, -у керек екен, -уы мүмкін емес, -у керек еді, -қан көрінеді, -ғанға ұқсайды, -у қажет, -уы ықтимал т.б.” тәрізді тұлғалар ар- қылы модальдық мағынаның берілуін қарас- тырған /9, 3/. Мұндай қолданыстар қырғыз ті- лінде де көрсетілген. Мысалы: Балага эмне керек болсо, бардыгын таап берүү керек (А.Т.). Ошондуктан бул иштин демин суутууга керек (К.Ж.). Ал бирдемеге нааразы болуу керек (А.Т.). Биздин үй эбак жатып алса керек (М.Элебаев) /10, 527/. Яғни, шығыс тобының ішінен, қазақ тіліне чұлым, қырғыз, ойрат тілдері ұқсас келеді. Қарайым тілінде модаль сөздер аз көрсетілген және оның өзі орыс, поляк, украйын тілдерінен дайын күйінде алы- нып қалыптасқан: «перс. Шагат-видимо, шеме- может быть, могет, може (укр.) -может быть, польск. оком-только, лишь, нехай-пусть, да; аға (укр.русс.) -ага, да, тювюл/тивил-не, нечик билювлю (русс.) -как известно, мун-мол, бы /11, 327/. Яғни, қазақ тілімен салыстыруға келмейді. С. Құлмановтың зерттеуінде мүмкіндік мо- дальдігінің функционалды-семантикалық өрісі дискретті (-а,-е,-й ал, -уға бол үлгілері) және бейдискретті (аналитикалық форманттар, ашық рай тұлғалары, фразеологиялық тіркестер, кон- текстік-мәтіндік құрылымдар арқылы берілуі) тәсіл арқылы көрінетіндігін, ішкі/сыртқы, деон- тикалық /бейдионтикалық/, туа біткен узуалды тәрізді семантикалық құрылымдарын, семанти- калық белгілерінің әртүрлі құрамдастықтарын т.б. берілу жолдарын А.В.Бондорко ұсынған “функционалды-семантикалық өріс” теориясы негізінде қарастырған. Жалпы қазіргі қазақ ті- ліндегі модалділікті білдіру құралдары ретінде етістіктің райлары, интонация, қыстырма сөз- дер, модаль сөздер, демеулік шылаулар (-ғой, — ау, -ақ) жатқызылып жүргенін ескертіп, етістіктің аналитикалық форманттары, бар/жоқ модаль сөздер, әртүрлі модельдегі форманттар арқылы жаңа бағыттағы негіз-көзқарас қалып- тастырған. Жалпы аталмыш еңбектердің түркі- тану шеңберінде өзіндік орны бар. Жекелеген түркі тілдерінде де модаль сөздерді арнайы зерттеген А.Асланов (Баку, 1957), З.Али-Заде (Баку, 1963), С.Сайдов (Ташкент,1964), Н.Пет- ров (Новосибирск, 1984), Г.Иманов (Баку, 2008), Р.Камильджанов (Ташкент, 1975), Д.Кекилова (Ашхабад, 1972), Н.Шаршиев (Фрунзе, 1969), М.Федотов (Чебоксары, 1963) т.б. сынды ға- лымдарды атап өтсе болады. Жалпы алғанда қазіргі түркі тілдерінде мо- даль сөздердің құрамы біршама көбейіп, мағы- насы жағынан дамып жетілген және әртүрлі топталып, ортақ негізде болмайды. Мысалы, түрік тілінде үш топқа бөліп қарайды: 1. Мо- дальные слова, выражающие различные смыс- ловые оттенки значений слов в речи: işte (na, naһ)-вот, итак; һаtta-даже, в такой степени, что; bile-даже; ta-прямо, как раз; һер-все, всё; bári-по крайней мере, хоть, хоть бы; һiç olmazsa-по крайной мере; olsun-хотя бы; ki-ведь, право уж; az kaldi-чуть было не…2. Слова, вносящие в речь модальные оттенки, группируются: -мо- дально-волевые: һа!, һа?, һа; be! be?; һaуdi; һele; bakalim; bakayim; gitti. -отношение к действительности: evet, һау һау, һaır, yok, yo, degil, mi. –предположительность: belki; gáliba. – предпологаемых явлений, действий: tipki; sanki; gūya. 3.Слова, выполняющие формообразова- тельные функции: mumkun; olur; mumkun degil; imkán yok; герек; olmaz; lázim; lazymsuz; demek и нек. др. /12, 347/. Ал қырғыз тілінде мағы- насына қарай модаль сөздерді екіге бөліп қарас- тырады: 1. Айтылған ойға нақтылық, шындық, қостау мағынасын білдіретіндерге: албетте, арийне, чындыгында, ырас, сөзсүз, шексіз. 2. Айтылған ойға күмәнділік, болжалдық мағы- насын білдіретіндерге: балким, чамасы, болжо- лу, сыягы, қыязы, чагымда, мүмкүн, ықтымал, керек, тийш, көрүнөт, чыгар, окшойт, оңдөнөт, сыяктуу, шекилдүү, имиш /10, 527/. Якут тілінде модаль сөздер (сыһыан тыллар) есім, етістік, үстеулерден “грамматикализация” негізінде қа- лыптасқандығы және елу шамасындағы негізгі (собственно) модаль сөздердің сегізі орыс тілінен дайын күйінде (да-даа, даром-даарым, давай-дабаай, однако-наака, небось-ньомуос, пожалуйста-баһалыста) қабылданғанын дәлел- дейді /13, 68/. Мұндай кірме сөздер қазақ тілінің ауызекі тілінде қолданылғанмен, модаль сөздер қатарына жатқызылмайды. Сонымен бірге якут тілінде қыстырма сөздер, түйдекті тіркестер, рай, шақ, көсемше, есімше формалы тіркесті түрлері қамтылып, олар 24 жалпы семантика- лық топқа, 8 жекедаралық модальдық мағынаға жіктеледі және осылардың барлығын қосқанда жоғарыда аталған 300 шамасындағы құрамдық көрсеткіш шығып отыр. Жалпы қазақ тіліндегі модаль сөздердің құрылымы, құрамы т.б. тілдік сипаты, әсіресе, якут тілімен салыстырғанда өзгешелеу болып келеді /7, 460/. Көне түркі руникалық жазба ескерткіште- рінде қолданылған модаль сөздер көп емес. Олар бар, жоқ, аз, көп, күк, кергек және көп сөзінің синонимі – үкүш тұлғасы мен ерінч, ерміш, ерті (бол) тұлғалы көмекші етістіктер модальдық мәнде қолданылған. Қазақ тіліндегі керек тұлғасы көне мәтіндерде «кергек болды – қайтыс болды» және «кергексіз келүртті – есепсіз әкелді, шексіз келтірді» деген мағына- ларда аударылып берілген. Негізінен, Күлтегін, Білге қаған және Күлі Чор мәтіндерінде ұшы- расты. Е.Жанпейісов “күк” сөзін ғой, -ау демеу- ліктерімен сәйкестендіреді және “кергек” сөзін қажет мәніндегі керек сөзімен генетикалық жақ- тан түбі бір болар деп болжаған /5, 575/. Бұл сөзді Д.Тумашеваның “кебек> керек >күк” деп беруімен, Н.К.Дмитриевтің “кеп (форма, вид)” формасымен және түрік тіліндегі кі-“ведь, право уж” модаль сөзімен де байланыстыруға болады. В.Кондратьев Тониқұқтан мысал алып, күк сөзін “частицы” деп береді. Мысалы: Бизни өлүртечи күк – он ведь нас убьет /14, 132/. Көне түркі сөздігінде “воспросительно-усилительная частица” деп көрсетілген /15, 325/. С.Исаев бір мақаласында “керек” сөзін көмекші етістік деп береді. Етістіктің шартты райы мен тұйық райындағы сөздермен тіркесіп келуіне мысалдар келтіріп (болса, керек, кету керек), оның тек синтаксистік функциясына қатысты алынған- дығын сөз етеді /16, 28/. Бұдан шығатын қорытынды күк және керек сөздері жайлы екі ұшты пікір қалыптасқан. Біздіңше, күк сөзі демеулік қой/ғойдың да, модаль сөз мүмкіннің де мағынасын бере алады. Ал қазіргі тіліміздегі мүмкін формасы (мү<кү = мү<күн = мүм<күн = мү<күк) сұраулы есімдік пен көне тілдегі хабар мәніндегі кү зат есімнің кірігіп қалыптасуынан болған тәрізді. Қырғыз грамматикасында талдауы берілмесе де, оның араб сөзі екендігі айтылып, мысалы беріледі: Басууга да, арийне, курсактын тогу, кийимдин бүтүнү керек го /10, 529/. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің ішін- де Тониқұқ пен Күллі Чорда кездеседі. Бұл сөз С.Қаржаубайда isKub түрінде таңбаланып, «бө- кесі» деп оқылады. Ал Ғ.Айдаров, Х.Оркун, С.Маловтарда idKuX «күкді» деп жазылып, «артты» деп аударылған. Г.Клосонда “түкеді” деп жазылған /17, 232; 18, 126/. Яғни, руна жазу нұсқаларында да әртүрлі таңбаланған. Аталмыш сөз бір ескерткіште өлүртечі (өлтіруші, өлтір- мекші) сөзімен екі рет тіркесіп, сенімсіздік, жорамал, болжау мағынасындағы мүмкін мо- даль сөзі мен ғой демеуліктің мағынасына сәй- кеседі. Мысалы: Қағаны алп ерміс айғучысы білге ерміс кач нең ерсер өлүртечі күк (ТҚ.21) деген сөйлемді «Қағаны алп екен, ақылшысы білгір екен, қашан болса да өлтіруі мүмкін немесе өлтірмекші ғой» деп беруге болады және беріліп те жүр. Сол сияқты «Бізні өлүртечі күк теміс (ТҚ.30) – Бізді өлтіруі (қыруы) мүмкін, – депті немесе бізді өлтірмекші ғой, – деген» деп беріледі. Мұның бар себебі екеуінде де модаль- дылық мағына бар. Сондықтан ғалымдары- мыздың бірінде демеулік, бірінде модаль сөз болып аударылған және күк сөзінің мағынасы ғой демеулігімен берілуінің тағы бір себебі, осы ғой мағынасындағы ғу/гу тұлғалы демеулікпен түбі бір болу керек. Көне түркі сөздігінде күк, гу формалары күшейткіш мәнді сұраулы демеу- лік деп алынуы негізсіз емес деп түсінеміз /15, 80 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №1(54). 2011 325/. Сонымен қазіргі түркі тілдерінде қолда- нылатын мүмкін (мөмкин, мүмкүн, мүмкин) модаль сөзінің формасынан тарихи тұрғыдан күк формасынның бөлшегін байқауға болады. Тофалар тілінде мүмкін модаль сөзінің мағына- сында «чоъһом» тұлғасы болады. Оны монғол тілдеріндегі «чухам, сохом, чукум» тұлғала- рымен байланыстырады. Мысалы: ам ур болбас мен, чжоъһом – я, наверное, долго не проживу! Иресаң дейдірі: «Сииң гүчжүң чжок, ачжыры чараш сен, бүннү бәәр сен, чжоъһм – Медведь говорит (мыши): «У тебя сил нет, ты слишком маленькая, наверное, утонешь /19, 268/. Ал орта ғасыр жазбалар тілінде мүмкін тұлғалы модаль сөз ұшыраспады. Оның мағынасында “бозғай, мағар, түвүн” тұлғалары қолданылған, бірақ оның өзі сирек кездеседі. Жалпы қорыта айтқанда модаль сөздердің ұғымы, категориясы, құрамы мен семантикасы, құрылымы және қалыптасуы жайлы түркітануда біршама зерттелінгенмен, жекелеген түркі тіл- дерінде модаль сөздердің құрамы да, білдіретін модальдық мағыналарының классификациясы да әртүрлі. Яғни, модаль сөздер модальдық семантикасына қарай қазақ тілінде 8-ге, қырғыз тілінде 2-ге, түрік тілінде 3-ке, якут тілінде 24- ке т.б. топталып қарастырылса, құрамдық көрсеткіштері де 20 мен 50-дің арасын қамтып, бірліктері әртүрлі болып келеді. Сол сияқты түркі тілдерінде модаль сөздердің сөз табылық дәрежесі де толықтай шешілген емес. Яғни, зат есім, сын есім, сан есім т.б. тәрізді емес. Тіпті бір тілдің өзінде екі көзқараста қалыптасқан болып отыр. Ал оның көне түркі және орта ғасыр жазба мұраларында немесе жеке бір топтарында қолданылуы жағынан салыстыр- малы түрде зерттеулер ғылым тезіне түсе қойған жоқ. Осы мақсатта қазіргі қазақ тіліндегі модаль сөздердің тілдегі алғашқы көріністері, архетиптері, тіркесті түрлері т.б. тілдік жалпы сипаты қарастырылу үстінде.

Читайте также:  Қазақ құқығының бастаулары және қайнар көздері

Оставить комментарий