ТҮРКІ-ҚЫПШАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Опубликовано Июль 29, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазақстан тарих ғылымында қыпшақтар дәуірі, оның ішінде Мысыр мәмлүктерінің этностық тегі, мәдениеті мен тілі жөнінде әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Мәмлүктер билігі тұсындағы қыпшақтардың тарихы, мәдениеті мен тіліне қатысты жекеле- ген мәселелер ресейлік, шетелдік және қазақстандық ғалымдар тарапынан қарастырылған. Мысалы, Б.Батыршаұлының «Мы- сыр мамлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары. XIIІ-XV ғасырлар» [1] атты зерттеу жұмысында Мысыр мәмлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен және XІV ғасырдағы Ирақ Жа- лайыр мемлекетімен қарым-қатынасы, әлемдік тарихнамасы қарастырылса, А.Әлібекұлының «Мәмлүктер билігі кезеңіндегі түркі-қыпшақ әдебиеті» атты еңбегінде XIIІ-XV ғасырларда Мысыр мен Сирияда билік еткен мәмлүктер кезеңіндегі түркі- қыпшақ әдебиетінің қалыптасуы, дамуы, әдеби өкілдері мен өлең өлшемдері зерттелген [2]. Қазіргі таңда Қазақстанда Мысыр мәмлүктерінің шығу тегі мен этностық құрамына қатысты әртүрлі пікірлер айты- лып жүр. Араб, орыс және Батыс деректерінде мәмлүктер – ортағасырлық Мысырдағы түркі және Кавказ халықтары өкілдерінен шыққан жауынгер-құлдар деп анықтама беріліп, 1250 жылы Айюб әулеті билеушілерін тақтан кетіріп, билік басына келген мәмлүктердің екі әулеті бөлініп көрсетеледі. 1250-1390 жылдар аралығында билік еткен мәмлүктер әулеті Бахри (түркілер, негізінен, қыпшақтар әулеті) деп, ал 1390- 1517 жылдар аралығында билік еткен мәмлүктер (Кавказдан шыққандар, черкестер) Бурджи деп аталады. Мәмлүктердің этностық құрамын осылайша түріктер мен черкестер құраған. Батыс, орыс және араб зерттеушілері кавказдық черкестерді этностық жағынан қыпшақ сұлтандарынан бөліп қарастырады. Ал түрік және қазақ ғалымдары мәмлүктердің екі әулетке бөлінуі олардың этностық құрамына байланысты емес екенін алға тартады. Алғашқы кезде мәмлүктердің әскери жаттығуы Ніл өзеніндегі ар-Рауда аралында өткендіктен бахри, ал кейін Қалауынның билігі тұсында мәмлүктердің әскери жаттығу алаңы Каир қаласындағы қамалда болғандықтан бурджи атанған. Қ.Бегалин әртүрлі тарихи кезеңдердегі орыс тіліндегі жазбаларда Солтүстік Кавказ бен Украина халықтарының барлығына дерлігі шеркестер деп аталғанымен, қазіргі таңда 132 ҚазҰУ Хабаршысы. Шығыстану сериясы. №2 (72) 2015 Түркі-қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштердің (ХІІІ-ХV ғ.) зерттелу мәселелерІ Кіші жүздің құрамына кіретін қазақтар мен алабұғы татарларынан басқа ешқандай халықта мұндай өзіндік атау жоқ екенін айтады. Ғалым Батыс Қазақстанда, қазіргі Атырау, Орал об- лыстарында Кіші жүзге жататын шеркеш руы кең таралғанын алға тартып, оларды шеркеш мәмлүктерімен байланыстырады [3]. Шығыстанушы Б.Батыршаұлы өз еңбегінде қыпшақ және шеркеш мәмлүктерінің этностық, мәдени, тілдік, антропонимдік, салт-дәстүрлік, әдет-ғұрыптық ерекшеліктерін сипаттайтын ор- тағасырлық араб жазба деректеріне сүйене оты- рып, мәмлүктердің этностық бірлігін дәлел- деуге тырысады. Автор мәмлүк заманындағы шеркештерді қазіргі қазақ халқының құрамын- дағы Кіші жүзге жататын, Қазақстанның Ба- тыс өңірлерін ертеден мекен еткен шеркеш руымен тікелей байланыстыруға негіз бар деп қорытынды жасайды [1]. Мысыр мәмлүктерінің шын мәнінде кімдер болғанын, қыпшақ және шеркеш мәмлүктернің этностық құрамын анықтау үшін этнос ұғы- мының құрамдас бөлігі болып табылатын тіл мәселесін қарастыру керек. Мәмлүктер билігі тұсында жазылған еңбектердің ішінде түркі- қыпшақ тілінде құрастырылған сөздіктер мен грамматикалық еңбектердің маңызы зор. Деген- мен, ортағасырлық ескі қыпшақ тілінде жазылған мұндай ескерткіштерді тек тарихи-салыстырма- лы тұрғыдан зерттеп, бір ғана халықтың мұрасы ретінде қарастырған ғалымдар да кездеседі. Мы- салы, өзбек ғалымы И.А. Фазылов өзінің «Ста- роузбекский язык. Хорезмейсие памятники ХІV века» атты зерттеу жұмысында ортағасырлық «Гүлістан», «Мухаббатнаме», «Хосрау-Шырын» және т.б. еңбектерді ескі өзбек тілінде жазылған ескерткіш ретінде қарастырады [4,81-92]. Сонымен қатар түрікмен ғалымы З.Б. Мухамедова зерт- теу жұмысында мәмлүк-қыпшақ тіліндегі сөз- діктерді түрікмен тілінің тарихымен байланыс- тыра зерттесе, Г.Р Гайнутдинова өз еңбегінде «Булғату-л-муштақты» түркі-татар тіліндегі жаз- ба ескерткіш ретінде зерттеп, аталған жәдігердің фонетикалық, морфологиялық және лексикалық ерекшеліктерін қарастырған. Кейбір қазақ ға- лымдары да өз жұмыстарында мәмлүк-қып- шақ тіліндегі ескерткіштерді жеке-жеке қарас- тырып, ондағы тілдік материалдарды қазіргі заманғы қазақ тілімен салыстыра отырып, бұл жәдігерлерді ортағасырлық ескі қазақ тілінде жазылған ескерткіш ретінде қарастыру керек екенін алға тартады. Қазақ ғалымы Арынов Т.А. өзінің диссертациялық жұмысында «Ат-тухфа» лексикасын қазіргі түркі тілдерімен салыстыра отырып, ондағы лексикалық материалдардың қазіргі қазақ тіліне сәйкесігін көрсетеді. Ғалым сөздіктің лексикалық қорын зерттей келе ондағы сөздердің 2,5-3 пайызы кірме сөздер екенін ескере отырып, аталған жәдігердегі сөздердің 5 пайызы түрікмен тіліне де, 15-20 пайызы қыпшақ тобына кіретін барлық түркі тілдерде, ал 75-80 пайызы қазақ тілінде кездесетінін дәлелдеп көрсеткен [5, 79]. Төменде мәмлүктер билігі тұсында жазылған тілдік жазба ескерткіштердің зерттелуіне тоқ- талып өттік: 1) «Китаб әл-идрак ли лисани әл-атрак» («Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап») – Каирде жазылған түркі тілін үйренушілерге арналған еңбек. Бұл еңбек Л. Бауват, Р. Ермерс, А. Jaferulu, М. Өзиетгин, М. Маженова, И.А. Расу- лова, Е.З. Есбосынов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, бірнеше тілге ауда- рылған. Сонымен қатар жазба ескерткіш тілі ма- териалдарын Ә.Құрышжанов, З.Б.Мухамедова, А.И. Чайковская, С.Р. Боранбаев, Б.М. Сүйерқұл және т.б. зерттеушілер ғылыми айналымға та- ратты. Голландиялық Р. Ермерс зерттеу жұмы- сында ортағасырлық ескі қыпшақ тілінде жа- зылған онға жуық ескерткішке салыстырмалы тұрғыда талдау жасай отырып, «Китабу әл- Идрак» сөздігін ағылшын тіліне аударған. Қазақ ғалымы М. Мәженова өзінің «Абу Хаййан – исследователь кипчакского языка» атты зерттеуінде ортағасырлық ескерткіштің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық ерек- шеліктерін көрсеткен. Автор ескерткіштің лек- сикалық қорын қазіргі қазақ тілімен салыстыра отырып, төмендегідей қорытындыға келген: ес- керткіштегі 875 сөз, яғни сөздердің 36,5 пайызы қазақ тілінің лексикалық қорымен фонетикалық және семантикалық жағынан толық сәйкес келсе, 800 сөз, яғни 33,5 пайызы кейбір фонетикалық өзгерістерге ұшыраған. Аталған жәдігерде кезде- сетін қалған сөздер оғыз-туркімен тобына кіретін қазіргі түркі тілдеріне ортақ. Қазақ ғалымы Есбосынов Е. өзінің «Ескі қыпшақ тілінің лек- сика-грамматикалық ерекшеліктері (Абу Хаййан еңбегі бойынша, ХІV ғ.) атты еңбегінде «Китаб әл-Идрактың» лексикалық және грамматикалық ерекшеліктеріне жан-жақты тоқталып, ескерткіш тіліндегі зат есімдердің лексика-морфологиялық құрылымы қазіргі қазақ тіліне өте жақын екенін көрсеткен [6]. 2) «Китаб маджму’ тарджуман турки уә а’джами уә муғули уә фарси» атты жазба ескерткіш Мысырда арабтарға түрік тілін үйре- ту мақсатында жазылған. Бұл тарихи мұраны ISSN 1563-0226 KazNU Bulletin. Oriental series. №2 (72) 2015 133 Жұбатова Б.Н., Аубакирова Қ.Қ. ғылыми айналымға ең алғаш рет М.Т. Хоут- сма енгізген. Аталған сөздікті өзбек ғалымы А.Юнусов өзінің «Тарджуман турки ва аджами ва мугали (Морфология, лескика, словарь, пере- вод)» атты зерттеу жұмысында құрылымдық, морфологиялық, лексика-семантикалық жағынан қарастырып, сөздіктің аудармасын жасаған. 1970 жылы қазақ ғалымы А. Құрышжанов «Исследо- вание по лексике старокипчакского письменного памятика ХІІІ в. Тюркско-арабского словаря» атты еңбегінде М.Т. Хоустманың зерттеуін басшылыққа ала отырып, жоғарыдағы сөздікті кешенді түрде зерттеп, орыс тіліне аударады [7,234]. 3) «Китаб ат-тухфа аз-закийа фил-луғати ат- туркийа» («Түркі тілі туралы жазылған ерекше сыйлық») – мәмлүк қыпшақтарының тілі жай- ында араб тілі грамматикасының үлгісімен араб тілінде жазылған қолжазба. Т.Х. Кун осы қолжазба жөнінде 1940 жылы арнаулы мақала жариялады. 1942 жылы түпнұсқа Венгрияда жарияланды. Ба- тыс Еуропада бұл еңбек 1922 жылдан бері мәлім. Б. Аталай 1945 жылы түрік тіліне аударып бастыр- ды. Поляк ғалымы А. Дубанский 1967 жылы оның тілі жайында зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1968 жылы С.Муталлибов өзбек тіліне аударып бастыр- ды. 1978 жылы орыс тіліне аударылған (Э. Фазы- лов, М. Зияев) [8, 171-172]. Қазақ ғалымдарының ішінде «Ат-тухфа» және оның аудармалары туралы ең алғаш профессор Ә. Құрышжанов сөз қозғаған. Т. Арынов өзінің «Лексико-семантические и сти- листические особенности языка старокыпчакского памятника «Китаб ат-тухфа аз-закийа фил-луга- ат-туркийа» атты еңбегінде ескерткіштің сөздік қорын ортағасырлық басқа да еңбектермен және қазіргі түркі тілдерімен салыстыра отырып, жан- жақты талдау жасау арқылы ондағы лексикалық материалдардың түгелге жуығы қазіргі қазақ тілі сөздерімен сәйкес келетінін дәлелдеп, алғаш рет қышақша-қазақша сөздік жасады. Т. Арынов «Ат-тухфаның» сөздік қорын түгелімен саралап, онда кездесетін түркі (97,5), араб (0,4), парсы (2,1) сөздерінің үлесін анықтады. Сонымен қатар Б. Сүйерқұл «Ат-тухфа…» ескерткіші тіліндегі етістік категориялары» атты диссертациялық жұ- мысында жәдігердің морфологиялық құрылы- мын анықтап, етістік формаларын жан-жақты қарастырған. 4) «Әл-қауанин әл-куллийа лидабт әл-луға- ти-т-туркийа» («Түркі тілінің толық жүйеленген ережелер жинағы») – ХV ғасырдың басына қарай Каирде қыпшақ тілінің ерекшелігі тура- лы араб тілінде жазылған еңбек. Қолжазбаның түпнұсқасын 1928 жылы Муʼаллим Рифʼат Білге Стамбұлда, 1937 жылы Ш. Телегди Буда- пештте бастырып шығарған. Қазақстанда С. Дүй- сенов өзінің «Әл-қауанин әл-куллийа лидабт әл-луғати-т-туркийа – Түркі тілінің толық жүйе- ленген ережелер жинағы (мазмұны, графика- сы, орфографиясы, фонетикасы)» атты еңбегінде «Әл-қауанин» ескерткішінің құрылымдық жүйесі, жазылу мақсаты, тілдік материалдың түзілу әдісі мен фонетикалық ерекшеліктерін зерттеген. Автор өз жұмысында ескерткіштің фонетикалық жағын жан-жақты қарастыра отырып, қолжазба әлі де болса зерттей түсуді қажет ететінін айтады [9]. 5) «Китаб ад-дуррат әл-мудийа фи-л-луғати-т- туркийа уәл-камал» («Түрік тілінің жарқын інжу- маржаны әрі толық жазылып біткен кітап») – ХІV ғасырда Мысыр мен Шам елдерінде сол кездегі қыпшақ тілін оқып-үйрену үшін классикалық араб тілінде жазылған сөздік. Дүниежүзілік түркітану ғылымы бұл еңбекті «бізге жетпеген» (Б. Аталай), «жоғалып кеткен» (О. Притцак) деп есептеген. 1963 жылы поляктің атақты түркітанушысы А. За- йончковский Флоренцияның атақты Лоренцо Ме- дичи кітапханасынан осы сөздіктің қолжазбасын тауып алып, француз тіліне аударып бастырып шығарған (Варшава, 1965-1969 ж.). Қазақстанда осы қолжазба жөнінде ең алғаш рет К.Д. Таужа- нова, Ә. Құышжанов сияқты ғалымдар мәлімет берген [8, 170-171]. ХІІІ-ХV ғасырлар түркі-қыпшақ тілінде жазылған жазба ескерткіштерге қатысты зерт- теу жұмыстарына талдау жасай отырып, орта- ғасырлық ескерткіштердің көбіне тек қазіргі түркі тілдерімен салыстырмалы түрде фонети- калық, морфологиялық және құрылымдық жағы- нан зерттелгені анықталды. Мұндай тарихи- салыстармалы зерттеулерде ескі қыпшақ тіліндегі жәдігерлер тілінің қазіргі түркі тілдерінің (қазақ, өзбек, татар, түркімен және т.б.) лексикалық қорымен сәйкестігі анықталған. Кейбір ғалым- дардың ортағасырлық мұндай жәдігерлерді бір ғана халықтың мұрасы ретінде қарастырғанын да кездестіруге болады. Біздің пікірімізше, көне қыпшақ тілінде жазылған ортағасырлық жәді- герлерді түркі халықтарына ортақ мұра ретінде қарастырған жөн. Ескі қыпшақ тіліндегі тілдік ма- териалдар қазіргі қыпшақ тілінде де сақталғанын ескере отырып, қазіргі түркі халықтарының, оның ішінде қыпшақ тобына жататын қазақ, қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қарайым, қарашай-малқар, құмық, қырым-татар, қырымшық, қырғыз, алтай халықтарының қоғамдық, этнографиялық, саяси- әлеуметтік, әдеби-мәдениеттік, жалпы өркениеттік және тілдік тарихын зерттеуде мәмлүк-қыпшақ тіліндегі жазба ескерткіштердің алатын орны зор деп айтуға болады.

Оставить комментарий

Загрузка...