Түркістан және түрікшілдік төңірегінде

Түркістан ­ түріктер елі деген сөз. Сонау VІ ғасырдың өзінде­ақ моңғол дәуіріне дейінгі көшпелілер империясының, түрік жұрты қанатын жая қоныстанған кең байтақ аймақты сасанид әулеті кезеңіндегі (III-VІІ г.г.) ирандықтар осылай деп атай бастаған екен. Бұл көшпелі түрік империясының территориясы Қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейін созылып, солтүстікке қарай оны сасанидтер мемлекетінің арасындағы шекара қызметін атқарған Әмудариядан бастап, шығысында Индке дейін жетіп жатты. Батыста түріктер мекені Птолемейдің кезінде­ақ түрікше Дайкс (яғни Жайық) атымен белгілі болған Орал өзенінен әрі төңкеріліп жатты. Таза саяси ­ этнографиялық ыңғайда түзілген Түркістан шекарасы саяси жағдайлардың өзгеріп отыруына сәйкес, яғни түріктердің қоныстануы мен билік құру ауқымы кеңейген сайын саяси территориясын да ұлғайта түсіп, өзінің қазіргі аумағына бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын, шамамен, X ғасырдың басында жеткен еді. Көне дәуірлерде Түркістан ұлы тарихи өзгерістердің бұрқ­сарқ қайнаған қазаны іспеттес болды. Оның аты Бактриана, Трансаксония, Согдиана, Парфия секілді байырғы мемлекеттер хақындағы әңгімелермен қоян ­ қолтық айқасып жатыр… Түркістан арқылы халықтардың жойқын қоныс аударулары өтті… Ол бүгінгі күнде түріктік тегі даусыз айқындалған ғұндар жортуылын бастан кешті. Онда әрқилы замандарда тарихтың Кир, Ксеркс, Ұлы Ескендір, Шыңғыс хан, Темірлан, Нәдір шах сынды заңғар қаһармандары өрбіткен дүбірлі оқиғалар болып өтті… Өз тарихының өн бойында Түркістан қытайлардың, арабтардың, моңғолдардың жаулап алушылығы мен билігінің де дәмін татты. Одан кейін біраз ғасыр өзіндік, түріктік тарихын кешті, алайда ол кезеңде, өкінішке орай, ұлттық ұжымдасулар мен табыстардан гөрі ұлт араздықтары мен құлдыраулардың едәуір ұзаққа созылғанын мойындамасқа да лаж жоқ. Сөйтіп жүріп ол өткен ғасырдың екінші жартысында Ресейдің игілігіне айналды. Түріктердің Отаны мен алтын бесігі, өз бойына шииттік Иранның да құнарлы әсерін сіңірген сунниттік ­ мұсылмандық Түркістан жалпы мұсылмандық мәдениет пен ғылымға бірқатар тамаша есімдерді берді. Олардың арасынан еуропалық ғылыми ойдың дамуына зор үлес қосқан тұлғаларды атап өтелік. ӘЛ­ХОРЕЗМИ МҰХАММЕД ­математика (арифметика мен алгебра) жөніндегі көне теорияның авторы. Орыс және еуропалық ғалымдар математика ғылымын дамытудағы оның ролін бағалауда әрдайым бір жерден шығады. Орыс ғалымы, КСРО Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Бертельс оны «логарифмдер туралы ғылымды зерттеуді бастап беруші» деп таниды. «Логарифм деген сөздің өзі», ­ деп жазды Бертельс ­басқа ештеңе емес, нақ ортағасырлық батыс­еуропалық аудармашылардың «әл ­ Хорезми» сөзін қате көшіруінен шыққан атау болып табылады» … ФАРАБИ ӘБУНАСЫР, өзінің философия бойынша еңбектері, негізінен алғанда Аристотельді, әрі жалпы грек философиясын ұғындырғаны үшін «Екінші Аристотель» атанған ғұлама. Фараби философ Платонның «Заңдары» рухындағы «Қайырлы қала» атты саяси трактат та жазды. Фарабидің адам қоғамының туындауы жөніндегі толғамдары одан көп ғасыр кейінгі Ж.Ж. Руссоның «Контра Социаль» еңбегіндегі пікірлермен дәлме­дәл келеді. «Қайырлы қалада», ­ деп жазды Барон Карро де Во, ­ қоғамдағы билік пен күш көрсетудің рөлі туралы Ницшенің біраз ғана бұрынғы кейбір концепцияларына таңданарлық түрде жуықтайтын ойлар бар. Алайда күш көрсету мен билік таныту және олардың қоғамдағы ролін бағалауға деген Фарабидің пікірі неміс философына қарағанда тіптен кереғар. Егер де Ницше үшін қайырымдылық дегеніміз жоғары таптың төменгі тапты, «айрықша адамның» қарапайым адамдарды билеуі болып табылса, Фараби үшін күш көрсету мен тізе батыру ­ «адам философиясындағы қаталдық науқасы» деп танылды және бұл жөніндегі ойларын автор «Қайырлы қаладағы» арнаулы «Қайырсыз қалалар туралы» тарауында айтып өтеді . ИБН СИНА ӘБУ­ӘЛИ, оны еуропалықтар «Авиценнаға» айналдырған, философ, математик, астроном, алайда ол, әсіресе, медицина саласында әйгіленіп, «Le Prince des Mеdecins» деп аталды. Дантенің «Құдіретті комедияда» оның орнын «тозақтан» беріп, Эвклид пен Птолемейге (олардың еңбектері Ибн­Синаға таныс болған) жақын көрші қылып, Гиппократ пен Галиеннің арасына орналастыруы да бекер емес. ХV ғасырда Гутенберг кітап бастыруды ойлап тапқанда, осы тәсілмен алғашқы көбейтілген адамзат ұлылығы шығармаларының бірі медицина жөніндегі бас еңбек Ибн­Синаның «Каноны» болған еді. БИРУНИ ӘБУ­РАЙХАН ­ «Ұлы Бируни», оның есімі ғылым тарихының талай тарауларында кездеседі. «Ислам ойшылдары» кітабының авторы барон Кappa де Во да ол туралы ерекше тебіреніспен жазады. Бируни археология, тарих жөнінде бағалы еңбектерді, Үндістанның тамаша сипаттамасын және көне халықтардың календарьлары жөніндегі зерттеулерді қалдырып кетті. Бирунидің есімі Париждегі географиялық қоғамның залында ойылып жазылған. ҰЛЫҚБЕК ­ ұлы астроном, Коперник пен Галилейдің ізашары, оның астрономия жөніндегі еңбектерін Еуропа ұзақ уақыт пайдаланған. Осынау тек жалпы мұсылмандық қана емес, күллі адамзаттық мәдениет пен ғылымға ұлы қызметтерін арнаған таңдаулы тұлғаларға тағы да екі түркістандықтың ­ мұсылмандық хұқ пен заң ғылымы саласындағы ірі беделдердің есімдерін қосамыз. Олар ­ Егер де Ницше үшін қайырымдылық дегеніміз жоғары таптың төменгі тапты, «айрықша адамның» қарапайым адамдарды билеуі болып табылса, Фараби үшін күш көрсету мен тізе батыру ­ «адам философиясындағы қаталдық науқасы» деп танылды және бұл жөніндегі ойларын автор «Қайырлы қаладағы» арнаулы «Қайырсыз қалалар туралы» тарауында айтып өтеді . ИБН СИНА ӘБУ­ӘЛИ, оны еуропалықтар «Авиценнаға» айналдырған, философ, математик, астроном, алайда ол, әсіресе, медицина саласында әйгіленіп, «Le Prince des Mеdecins» деп аталды. Дантенің «Құдіретті комедияда» оның орнын «тозақтан» беріп, Эвклид пен Птолемейге (олардың еңбектері Ибн­Синаға таныс болған) жақын көрші қылып, Гиппократ пен Галиеннің арасына орналастыруы да бекер емес. ХV ғасырда Гутенберг кітап бастыруды ойлап тапқанда, осы тәсілмен алғашқы көбейтілген адамзат ұлылығы шығармаларының бірі медицина жөніндегі бас еңбек Ибн­Синаның «Каноны» болған еді. БИРУНИ ӘБУ­РАЙХАН ­ «Ұлы Бируни», оның есімі ғылым тарихының талай тарауларында кездеседі. «Ислам ойшылдары» кітабының авторы барон Кappa де Во да ол туралы ерекше тебіреніспен жазады. Бируни археология, тарих жөнінде бағалы еңбектерді, Үндістанның тамаша сипаттамасын және көне халықтардың календарьлары жөніндегі зерттеулерді қалдырып кетті. Бирунидің есімі Париждегі географиялық қоғамның залында ойылып жазылған. ҰЛЫҚБЕК ­ ұлы астроном, Коперник пен Галилейдің ізашары, оның астрономия жөніндегі еңбектерін Еуропа ұзақ уақыт пайдаланған. Осынау тек жалпы мұсылмандық қана емес, күллі адамзаттық мәдениет пен ғылымға ұлы қызметтерін арнаған таңдаулы тұлғаларға тағы да екі түркістандықтың ­ мұсылмандық хұқ пен заң ғылымы саласындағы ірі беделдердің есімдерін қосамыз. Олар БУРХАН­ӘД­ДИН МАРҒИНАНИ ­ 18­ғасырдың соңында ағылшын ­ үнді басқаруына пайдаланылған мұсылмандық хұқ жөніндегі бас кітаптың («Хидая») авторы. Бұл кітапты мұсылман хұқына деген көзқарастары қаншама менсінбеушілікке толы болса да 19­ғасырдың соңы мен 20 ­ ғасырдың басында орыс үкіметі де Түркістанның жергілікті жұртына үйлестірілген сотын ретке келтіру құралы ретінде пайдалануға мәжбүр болды. Күтпеген жерден оған қарағанда әлдеқайда «заман талабына сай» болып шыға келген тағы бір автор бар. Ол ­ МҰХАММЕД ИБН­ИСМАИЛ БУХАРИ. Бір қарағанда сене қою қиын, мұсылман заңгерлерінің ішіндегі бағыты бекем дейтін осы бір автордың есімі бәлкім бұрын емес, тіпті мұсылман халифалары кезінде де емес, жуырда ғана, 1925 жылы Кеңес үкіметі өзінің жер реформасын («аграрлық революция») жүргізерде Түркістанның «революциялық шаруаларына» Маркс пен Лениннің ілімін нанымды иландыру үшін оны Мұхаммед ибн­ Исмаилдың «Хадистері» шығармасына сілтеме жасап байыту және әспеттеу қажет деп табылған кезде айрықша байқалды . Түрік жұртының мақтанышына айналған даңқты есімдердің қатарына: БАБЫР СҰЛТАННЫҢ ­ Үндістандағы ұлы Моғолдар империясының негізін қалаушы, өз заманының білімді де мәдениетті падишахы, тарихшы ­ шежіреші және «Бабырнама» атты тамаша жазбалардың авторын қоспай кету еш мүмкін емес… Түркістанның мұсылман әлеміндегі, жалпы алғанда мұсылман Азиясындағы соқталы орнын көрсету, сондай ­ ақ халықтардың мәдени өміріндегі Түркістанның атқарған рөлін шағын да болса түсіндіріп беру үшін біз керек деп тапқан біршама үстірт, әрі сонымен бірге қажетті деректер тізбегі осындай. Түркістан ұзақ кезеңдік терең дағдарыс пен құлдырау сатысын бастан кешті. Түріктердің бір бөлігі Кіші Азияға көшті де, Византия империясы құрандыларының үстіне, өз туының астына мұсылман әлемінің көп бөлігін біріктірген Осман империясын құрды. Өз атамекенінде, Түркістанда қалған түріктердің бір бөлігі Темір дәуірінен кейін өздерінің дербес өмір сүруін тек қана жеке кеудемсоқтыққа негізделген бірнеше хандықтарға ұсақталып кетті. Жоғарыда, сөзіміздің ең басында, Түркістанның шекаралары түріктердің қоныстануы мен билік құру аймағының кеңеюіне сәйкес өзгеріп отырды және өзінің бүгінгі ауқымына шамамен X ғасырдың басында жетті деген едік. Осы ретте этнографиялық Түркістанның шекаралары қазіргі кезде оның саяси шекараларымен еш сәйкес келмейді деп айту да қажет. Этнографиялық Түркістан көлемі жөнінен бірдей емес үш бөлікке бөлініп мемлекеттің құрамына кіреді: а). Қытайлар Синь ­ цзян деп өзгерткен Шығыс (қытайлық) Түркістан; ә). Батыс (орыс, қазіргі Кеңестік) Түркістан және одан оңтүстікке қарай б). «Чахар вилает» (яғни 4 уәлаят) деп аталып, Бадахшан, Үлкен және Кіші Маймен мен Андхой деген уәлаяттарға бөлінетін Ауған Түркістаны. Бұл жерде әңгіме тек Батыс (Кеңестік) Түркістан туралы ғана болмақ. Кеңестік Түркістанның территориясы бұрынғы, Кеңеске дейінгі орыс әкімшілігінің бөлінісі бойынша былай жіктеледі: Бұрынғы тәуелді Хиуа мен Бұхара хандықтары; Бұрынғы Түркістан өлкесі (Сырдария, Жетісу, Ферғана, Самарқанд және Закаспий облыстарымен); Қырғыз өлкесі (Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстары) және Астрахан губерниясының қазақтар мекендеген кей бөліктері (Бөкей ордасы және кейбір теңіз бойындағы аудандар). Демек, Түркістан шекарасы кеңестік Ресей жағынан (Сталинград, Саратов, Орынбор, Челябі, Омбы облыстары, Батыс Сібір өлкесі және шығыста Ойрат автономиялық облысы болып табылады. Оңтүстік­шығыста Түркістан Каспий теңізі арқылы Кавказбен қосылады. Кеңестік Ресейден тысқары тұста Түркістан Шығыс (қытайлық) Түркістанмен, Ауғанстанмен және Иранмен шектеседі. Ауған территориясының ені 10­15 шақырымдық тар белдеуі Түркістанды Британдық Үндістаннан бөліп тұрады. Түркістанды құрайтын территорияны және онымен шектесетін елдерді санап өтудің өзі ­ ақ оның аумағы туралы жеткілікті түсінік берер еді. Ол 4105000 шаршы километр ауданды қамтиды. Осы зор аймақтың көп бөлігін Қызылқұм секілді аты шулы шөлдер мен Тарбағатай, Тянь ­ Шань, Памир ­ Алтай және Копетдаг ­ Гиндукуш жүйелері секілді ұлы тау жоталары алып жатыр. * * * Түркістанның тұрғылықгы халқы саны жағынан тең емес екі жұрттан ­ түріктер мен тәжіктерден тұрады. Алғашқыларын Еуропада «қазақ», «қарақалпақ», «қырғыз», «түрікмен» және «өзбек» атымен біледі. Олардың бәрі де Мұзды мұхиттан Адриат теңізіне дейінгі барлық түріктерге ортақ түрік тілінде сөйлейді. (Түріктердің шамамен 1/15 бөлігін құрайтын тәжіктерге келетін болсақ, бұл халық тілі мен қаны жағынан иран текті болып саналады). Бірақ та олардың бері де өздерін, расында да бір халықпыз деп есептейді ­мұны Түркістан мен түріктердің тарихын біршама білем дейтіндердің ешқайсысы да жоққа шығара алмайды. Бұл ретте әйгілі орыс авторы Аристов көзқарасы да қызықты . Мың жылдан астам уақыт көрші тұрып, бейбіт ғұмыр кешудің нәтижесінде Түркістан тәжіктері мен түріктердің мәдени және экономикалық жағынан біте ­ қайнасып кеткені сонша, олар өздерін біртұтас саяси тіршілік иелері, біріне бірі қайшы келмейтін бір ұлт өкілі ретінде де сезінер еді. Түркістанның тұрғылықты халқының бұл екі бұтағының өзара қарым­ қатынаста ешқашан да қырғи қабақтыққа бармағанын да атап өту ләзім. Түркістанның түріктері мен тәжіктері ұлттық алауыздық деп аталатынға ұрынып көрмеген. Ұлттық жағынан бірдей Түркістанға өз басының ең бір құлдырауы кезеңдеріндегідей күйреуге ұшырағанын қайта көру үшін, Ресейде өкімет басына әрбір ұлттың өзін­өзі билеуі мен Ресейден бөліну хұқын марапаттайтын жаршылар мен революциялық қорғаушылардың келгенін, яғни оларды бірқатар тайпалық, Кеңес үкіметі айтатындай «дербес ұлттық» Кеңестің Социалистік республикаларға бөлініп жібергенін, сөйтіп өзінің он үш ғасырдан астам уақыт бойғы тарихи атауымен аталу хұқынан айрылуын күту керек болған еді. 1924 жылдан бастап Түркістандағы «ұлттық межелеу» деп аталған «тарихи датадан» кейін елдің тарихи атауына қатаң тыйым салынды. Түркістанның орнына кеңестік әкімшілік жаргон «Кеңестік Қазақстан» және «Кеңестік Орта Азия» дегенді қолдана бастады. Өз кезегінде соңғы атаудың өзі төрт, әрине, «дербес ұлттық» республикаларға ­ Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға және Тәжікстанға бөлінді. Өзбекстанның құрамына тағы да «автономиялық республика» Қарақалпақстан және Тәжікстанға ерекше автономиялық облыс Таулы Бадахшан кірді. Осылайша Кеңес Одағын құрайтын 11 «одақтас республиканың» Түркістан территориясында бірдей бесеуі, яғни Одақтың орыс емес «ұлттық» мүшелерінің тең жартысы орналасқан. Түркістанда бұлайша дербес мемлекеттік бірліктерге жасанды түрде және күштеп бөлшектеу Кеңес үкіметіне, Біріншіден, Кеңес туы астында болса да түркістандық түріктердің өздерінің ұлттық ­ саяси біртұтастығын нығайтуға ұмтылысына қарсы күресу үшін, екіншіден, большевиктік, яки Сталиннің анықтамасы бойынша «аты­жөнінен ғана ұлттық, ішкі мазмұны бойынша интернационалдық және социалистік» «ұлт саясатын» табысты енгізу үшін керек болды. Іс жүзінде большевиктер өздерінің Түркістандағы ұлт саясатында ескі орыс отаршыл империализмі саясатының мақсатын, дәлдеп айтқанда, орыс билігін құруды көздеді, ал бұл үшін түрікшілдік пен Түркістандағы Ресейдің саясатына қас деп санауға мүлде қатысы жоқ академик Бартольдтің тұжырымдауынша «көне тарихи атауларды құрту пайдалы болып есептелмек» . Бұл тиянақты мақсатқа ескі орыс үкіметі ақырындап болса да, табанды түрде жылжыған еді. Оған жету үшін патша үкіметі бір мектеп пансионатында өзбектердің, қазақтардың, түрікмендердің балаларын бірге оқыттырмайтын, түркістандықтардың жерлерін орыс қоныс аударушыларының пайдасына тартып әперетін көзге бірден ұратын саяси тәсілдерді айтпаған күннің езінде, бірқатар көне түркістандық қалаларға (Ақмешітті ­ Перовск, Шымкентті ­ Черняевке айналдырған секілді) қайта ат қойды, т.б. Бұлардың бәрі «Түркістанда орыстардың билігін нығайту» саласында ескі Ресей үшін көкейкесті мақсат болған осы салада Кеңес өкіметінің қолы жеткендерімен салыстырғанда, баланың ойыны десе де әбден болады. Оқырман назарын бұдан әрі қарай нендей әңгіме өтетініне бұрмай ­ ақ, осы жерде большевиктік саясатқа тән Түркістанның «ұлт республикаларындағы» орыс билігін нығайтудағы «социалистік, интернационалдық» бір ерекшелікті атап өту қажет. Дәлірек айтқанда, түркістандық түріктер өздерінің «ұлт республикаларынан» тысқары, мәселен, қазақтар Қырғызстанда және басқа жерлерде, өзбектер Түркіменстанда және басқаларда, түрікмендер Өзбекстанда және басқаларда мекендеген жағдайда «азшылық ұлттар» болып саналады және осыған орай әрбір түркістандық республикалардың ішінде ерекше «ұлттық қазақ, өзбек т.б. аудандар» бөлектеледі; Түркістанға келген шын мәнінде азшылық болып саналатын және барлық жерде бөлектеліп, жеке селоларда немесе қалаларда ұйысып тұратын орыстар «азшылық ұлтқа» саналмайды. Өйткені мәскеулік большевиктердің пікірінше, орыстарды азшылық ұлт деп атау «түземдіктер» алдында «орыстың беделін» түсіргендей, сөйтіп орыстарды олардың жаулап алушылық хұқынан және Кеңес Одағындағы бірінші деген мәртебесінен, бағыныштыларға жоғарыдан қараушылық рөлінен айырғандай болар еді… ­

Читайте также:  Азаматтық мойынсұнбау туралы

Оставить комментарий