Түркия – Түріктер өмір сүрген жер, түрік халықтары жерсінген мекен, топырақ немесе аймақ мағыналарын береді. Түріктердің асыл отаны (атажұрт) Орта Азия, екінші отаны (анажұрт) Түркия [Анатолы] болып табылады. Түріктердің көне тарихы, тегі, тайпалары мен қауымдары, тілі мен мәдениеті, жұрты мен мемлекеттері туралы түрік тілімен қоса қытай, парсы, араб, орыс, неміс деректерінде кең мәлімет берілген. Мысалы танымал түрік ғалымы академик А.З. Уәлиди Тоған (1890-1970) «Умүми түрік тарихына кіріс» атты танымал шығармасында көне түрік тарихы туралы деректер мен исламнан кейінгі түрік тарихының қайнар көздері жайлы бізге маңызды мәлімет беріп отыр. Негізінен Түркиядағы діни ахуал тақырыбын, түріктердің мұсылман болуымен бастап Анатолы жеріне келердегі жалпы әлеуметтік-мәдени жағдайларымен зерттеу тиісті деп ойлаймыз. Өйткені Орта Азиядан, сондай-ақ ұлы Түркістаннан Анатолыға аттанған түрік қауымдары көшпелі өмір мәдениеті мен ұлттық және рухани құндылықтарын, тәлім-тәрбие, ғылым-білім мекемелерін, діни түсінігін де бірге алып келді. Түріктердің исламды қабылдауы жалпы адамзат тарихы және ислам тарихы үшін маңызы зор оқиға болып табылады. Жалпы түрік халықтары тарихы жағынан болса жаңа бір кезеңін бастауышы. Өйткені ислам діні мен мәдениеті түріктерге дүние егемендігінің жолын ашты және оларды жаһандық мемлекет иесі қауым деңгейіне көтерді. Орта Азия, Мауәраннахр, Самарқант, Бұхара, Қашғар сынды алғашқы түрік ислам мекендері, Әбу Абдуллаһ Исмағил Ибрахим әл-Жүфи әл-Бухари (уаф. 256/869), Әбу Мансур Мухаммед әл-Матуриди (уаф. 333/944), әл-Бирүни (973-1048), Қожа Ахмет Яссауи (уаф. 1160) сияқты ғұламалардың отаны болуымен Араб түбегі, Мекке, Мәдина, Бағдат, Құфа т.б. жерлері секілді үлкен абыройға ие болды. Орта Азиядан туған ислам күні, түрік ислам мәдениеті мен өркениеті мол берекелі Шығыс өзені ретінде, Батыс жөнінде, сондай-ақ Каспий теңізінің солтүстігінен және оңтүстігінен ТҮРКИЯДАҒЫ ЖАЛПЫ ДІНИ АХУАЛ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ДІНИ ҰСТАНЫМЫ 38 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Түркиядағы жалпы діни ахуал және зайырлы мемлекеттің діни ұстанымы ағып жаңа топырақтарға жетіп сұлады, сол жерлерде мол-берекелі өнімдер өсірді1 . Б.з.д. IX-ғасырдың орталарынан бастап ислам дінін еркін оймен таңдап қабылдаған түріктер Х-ғасырдың басында қарахан басшысы Абдулкарим Сатық Буғра ханның [309-922/344- 955] көсбасшылығында алғашқы түрік ислам мемлекетін құрған [912-1212]. Қарлық, Арғу, Түркіш, Қыпшақ, Пешенек, Ауар және Оғыз түріктері алғашқы мұсылман түрік қауымдары болып табылады. Оғыздар Орталық Азия, Таяу Шығыс, Иран, Орта Шығыс, Шығыс Еуропа мен Кавказ тарихтарында маңызды орын алған түрік тайпасы. Олар ІХ-ХІІІ ғасырлар арасында Орталық Азияда мемлекет құрды. Әсіресе ХІ ғасырдағы Ұлы Селжук мемлекетінің құрылуымен бірге мәдениет және өркениет саласында шығыс ислам әлеміне де әсерін тигізді. Себебі оғыз халқы өмір сүрген саяси және экономикалық ордаларда әлеуметтік әділдік, дұрыстық және ғылым-білім саласындағы іс-шаралармен өзін көрсетті. Пайда болған тарихы, әдебиеті, ғылымы-білімі, ғалымдары мен ойшылдары, билеушілері мен әскер басшылары арқылы адамзат тарихында із қалдырған халықтар арасында ерекше орынға ие болды2 . Үлкен бөлігі қазақ, қарақалпақ, башқұрт, татар және өзбектермен араласқан оғыз тайпалары, ІХ-ХІІІ ғасыр арасындағы көштер нәтижесінде Еуразия аймағының үлкен бөлімінің түрік және мұсылман болуына әсер етті. Сирия, Ирак, Иран және Таяу шығыстың бірнеше аймақтарының діні мен мәдениетін сақтап қалуына маңызды рөл атқарды. Арабтар, парсылар, орыстар, римдіктер және басқа да халықтармен жақын қарым-қатынастар құрып, түркімен-оғыз халқының пайда болуына маңызды әсер етті. Орталық Азия түркі халықтары туралы жазылғандардың маңызды бөлігін оғыздарға арналған еңбектер құрайды. Ғазыналы тарихшылар, ғазына әулеті және оның түркі тілдес 1 Фарүк Сүмер. Оғызлар (Түркменлер): тарихлары-бой тешкилаты-дәстаңлары. – Анкара, 1935. – 9-15 бб.; Сабри Хизметли. Оғыз тарихының қайнаркөздері. Мәдени мұра. – №1(22). – Қаңтар-Наурыз. – Астана, 2009. – 57 б. 2 Сабри Хизметли. Орта ғасырлар тарихы және өркениеті. – Шымкент, 2003. – 180-183 бб.; Лауст Хәнри, ле шиізм дан лислам (Henry Laoust, Les Schisms dans l’Islam) Пaют яй., 2-бас. – Париж, 1977. – 48-50 бб.; бұл шығарма С. Хизметли тарапынан «Исламдағы айырмашылық ойлар» атынан француз тілінен түрікшеге аударылған. – Стамбул, 1999; Хизметли Сабри. Оғыз тарихының қайнаркөздері, Мәдени мұра. – №1(22). Қаңтар-Наурыз. – Астана, 2009. – 57-60 бб. тайпалармен байланыстарын жазғанда бір жағынан жақын көрші, екінші жағынан қарсы жағдайдағы оғыздар туралы маңызды мәлімет береді. Олардың әдет-ғұрыптарын, көшпелі және жартылай көшпелі мәдениеттері мен тайпаларын танытады. ХІ-ХІІ ғасырлар, Орталық Азия аймағында өмір сүрген және мұсылман болған түрік тайпаларының Шығыстық және Батыстық ислам тарихшыларының қызыққан дәуірі болып табылады. Ғазыналықтар, қарахандықтар, хорезмшахтар мен бірге тарих сахнасына шыққан Сәлжүктар арқылы әлемнің саяси және әлеуметтік ортасында жоғары орын алған оғыздар жалпы тарихнама әдебиетінде де кең орын алды3 . Сәлжұқтардың ұзақ уақыт Арал көлі мен Каспий теңізі және Орал таулары арасында өмір сүргеннен кейін II-ғасырдан бастап Батысқа көшуге атсалысумен Оғыздар да Анатолы жерінде жерлесе бастаған. «Оғызнама» немесе «Оғыз дастаны» оғыздардын Орта Азиядан көшуіне арнай орын бөлген. Яғни Сәлжұқтардың Мауәраннахрдағы өмірі және осы жерден шығып Хорасан, Ирак және Анатолыға көшіп орналасу оқиғасы кенінен анықталған4 . Азербайжан мен Селжұқтар мемлекеті [1040-1300], Иран, Ирак, Кирман, Сурия, Анатолы аймақтарында егемендік құрып өмір сүрген. Бірақ Монғол шапқыншылықтары және жаулап алу жорықтары нәтижесінде егемендігін жойып бірнеше «аймақтық биліктерге» бөлінген5 . Олардан Османұлдары билігі Анатолы жеріндегі басқа түрік биліктеріне үстемдік орнатып «Осман билігін – Осман мемлекетін құрған. 3 Мысал ретінде қараңыз: Кәремеддін Ақсарайи, Мусамарат ал-ахбар (түрікшелештірген Нүри Генчосмаң, Сәлжүки дәулетлері тарихы. – Анкара, 1943); Доғуштан гүнүмүзе биік ислам тарихы (басынаң күнимизге дейинги биік ислам тарихы). – Стамбул 2000; Лауст Х., ле шиизм дан лислам, түрікше ауд. С. Хизметли, исламда айырмашылық ойлар. – Стамбул, 1999. – 182-211; Ибн Кәсир Имамүддін Әбул-Фида Исмаил ибн Өмар (774/1372), К. Әл-бидая уал- нихая. 14 том. – Кайир, 1932-1939; Ибн Әсир, К. Әл-Камил фит-тарих. 14 том, лейде 1851-1876; Салжұқнама, топкапы нұсқасы. № 1391; Осман түраң, Түрк жихан һакимиеті мәфкүресі тарихы, Өтүкен яй. – Стамбул, 2006; Мукремин халил, Түркия тарихы, сәлжүқлулар дәурі. – Стамбул, 1944; А.З.В. Тоғаң, Үмүми түрк тарихына кіріс, әндерүн яй. – Стамбул, 1981; Ибрахим Кафесоғлы, Түрік милли күлтүру. – Стамбул, 1993; Камал Гөде. Түрк ислам күлтүр уә мәдениеті тарихы. – Кайсері, 1992; Зекерия Китапщы. Орта азияда исламын яйылышы уә түрклер. – Қоңя, 1994; ТДВ ислам анциклопедиясы «сәлжүқтар» бабы; Шәхристани (уаф. 548/1153), К. Әл-милал уал-нихал. 3-бас., тарихсыз. – Кайир. 4 Тоған З.У. Умүми түрк тарихына кіріс. – 180-191 бб. 5 Камуран Гүрүн, Түрклер уә түрк дәулетлері тарихы, I-II. – Стамбул, 1981. – 23-60 бб.; Тоған, аталған шығарма. – 201 б. ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №1 (1). 2015 39 Хизметли Сабри Түркиядағы діни ахуал Түркия – Анатолы аймағында мұсылман түріктердің орналасу үрдісіне сай әр жағынан жаңарды және өзгерді. Бұл жерде ғасырлар бойы адамзатқа жол көрсеткен батыс мұсылман түрік мәдениетімен өркениеті бой көтерді. Аймақта дінін, тілін, салт-дәстүрін жақсы білген өзгеше ұлттар және дін өкілдерімен тату-тәтті өмір сүрген мұсылман қоғам, сондай-ақ күшті дін ғұламасы өсті, ислам ғылымдары дамыды, көптеген дін түсініктері, діни жамағаттар мен философиялық- сопылық ағымдар қалыптасты. Аймақтың түкпір-түкпірінде ислам әсерлері, яғни ғылым-білім және мәдениет орталықтары, мешіттер, медреселер, керуен сарайлар, уақыфтар т.б. салынды6 . Сонымен бірге Түркиядағы мұсылман түріктердің діни ахуалы үш нәрсеге негізделеді: медресе, мешіт, уақыф. Бұлардың үшеуі де ғылми-мәдени өмірдің асыл элементтері болып табылады. Өйткені түрік мұсылман саяси-әкімшілік құрылымында әскери тобы мен ғылым тобы қатар дәрежеде орын алады. Бірақ «Мәшихат» мәнсабы «казыәскерлік» орнынан жоғары екен, сұлтаннын сол жағында «уәзір ағзам – премьер-министр» отырса, оң жағына «шәйхулислам» отырады. Ғылыми тобының басшысы болып табылатын шәйхулислам тәлім-тәрбие, ғылым- білім, әділет және мәдениет салаларындағы жұмыстар мен қызметкерлерін басқарады. Ал медресе тәлім-тәрбие ордасы болса уақыф әрі ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің 6 Екхлеф Х., аталған кітап. – 16-17 бб. Түркиядағы алғашқы түрік ислам мәдениеті және діни ахуал туралы жалпы мәлімет үшін қараңыз: Бурсалы Мехмет Тахир, Түріктердің улум уә Фунуна хизметлері. – Стамбул, 1996; М.Ф. Көпрулі. Түрік әдебиеті тарихы. 2-ші басылым. – Стамбул, 1980; Исмаил Хаққы Үзынчаршылы. Османлы Дәулетінде Илмие Тәшкилаты, ТТК яй. – № 8. – Аңкара; Илхами Юрдакүл. Османлы илмие меркез тәшкилатында реформ. – Стамбул, 2008; С. Кутлу. Түріктер уә ислам тасаууыфы. – Стамбул, 2011; Ахмет Йылдырым. Түрік дүниесінде ислами ілімлер. – Түркістан, 2012; Түрклер анциклопедиясы (әзір. Х.Ж. Гузаль, К. Чичек, С. Қожа). – Анкара, 2002; Осман Тұраң. Түрк жихан һакимиеті мәфкүресі тарихы, Өтүкен яй. – Стамбул, 2006; ТДВ. Ислам анциклопедиясы. – Стамбул, 1981-2013; Зекерия Кітапшы, Түріклер уә исламиет. – Коңя, 1988; Билмен О.Н. Биік тафсир тарихы. – Стамбул, 1973; Кәтіп Шелеби Мустафа ибн Абдулла (уаф. 1067-/1657), Кешфуз-Зунун аң әсмаил күтүб уәл-фүңұң, тах. Мухаммед Шарафәддін ялтқая. – Стамбул, 1977; Өмер Айдын. Түрік калам билгинлері. – Стамбул, 2004; В. Бартхолт – М.Ф. Көпрулі. Ислам мәдениеті тарихы. – Анкара, 1973; Тахир Бурсалы М. Османлы Муеллифлері. – Стамбул; ал-Шахристани (уаф. 548/1153), К. Әл-Милал уал-нихал. – 1-том. – 255-257 б.; Ибн Таймия, Минхаж ал-сунна. – IV. – 143-144 б.; Лауст Х. Аталған шығарма, ауд., С. Хизметли. – 99-100. әрі осы орайда қызмет атқарып жүрген мүдерріс-ғұламалардын қаржы қайнаркөзі. Сәлжұқтардың мұсылман болуы жалпы алғанда ислам мәдениеті тарихында, сондай-ақ түріктердің діни санасы мен мәдениет тарихында маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Өйткені олар Орта Азиядан бастап Хорасан, Ирак, Иран, Сирия және Анатолы аймақтарында егемендік ұстады. Сәлжүқ түріктері «Сүнни ислам» саясатын ұстайды. Оқу орындары мен ғибадат мекендерінде және мәдениет орталықтарында сүнни исламды орындауға және оның өкілі болып қызмет атқаруға ат салысады7 . Сәлжұқтардың ислам түсінігімен наным-сенімін Саманұлдары дәуірінде өскен ханафи-матрүди ғұламаға сүйенеді. Исламның ақылшылық тобы деп танымал болған ханафилікке өте күшті бағынады да тарихшылар олар үшін «ислам дініне кірді» деп айтудың орнына «ханафи дініне кірді» сөзін қолданады8 . Яғни сәлжұқ түріктері ислам дінін ханафи түсінуі негізінде қабылдаған және оған күшті бағынған. Осының нәтижесінде егемен болған және билік орындаған өлкелерде ханафи фыкхын үйрету және бағынып қолдағандарының санын арттыру үшін жаңа медреселер ашып, бастарына ханафи мүдерістерін қойды. Сонымен бірге, Рим Сәлжұқтары немесе Анатолы Сәлжұқтары дәуірінде Анатолыдағы, әлеуметтік-экономикалык, мәдени-діни ахуал әрі крест жорықтарының әрі моңғол шапқыншылықтарының ықпалында қалған9 . Тарихи деректерге қарағанда, христиан қауымдардың топтары ретінде және аудан, қала, аймақ тұрғындары деңгейінде діндерін ауыстырғандары, көне тілдерін сақтап қалғандары немесе түріктестіктері туралы ешқандай мәлімет жоқ. Өйткені осындай бір оқиға пайда болмаған. Керісінше түріктердің византиялықтармен, армяндармен, римдермен тату-тәттілікпен өмір сүргендері айтылған. Яғни, сәлжұқтардын билеушілері византиялықтармен және римдермен жақсы қарым қатынаста болған. Араларында пікір, өнер, мәдениет, әдет-дәстүр алмасу сияқты бірін-біріне әсерін тигізу оқиғалары да байқалған10. Ибн Рустаның айтуы бойынша, Стамбулда сұлтаннын қызметіндегі христиан хазарлар өз7 Осман Түран, түрік жиған хакимиеті мәфкурәсі тарихы. – 45 б. 8 Сонмез Кутлы. Орта Азияда түркітер мен ислам тасаууыфы. Орта Азияда ислам. – 2-том. – Анкара, 2013. – 746 б. 9 Тоған А.З.В. Умуми түрік тарихына кіріс. – 202- 211 б.; Лауст Х. Аталған шығарма. – 188-190 б. 10 Тоған. Аталған шығарма. – 207-209 бб. 40 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Түркиядағы жалпы діни ахуал және зайырлы мемлекеттің діни ұстанымы геше ұлттық құндылықтарын еркін жүзеге асырады. Римдер мен армяндар мұсылмандардың қалаларында өзгеше ғибадат үйлеріне (шіркеулерге) ие болған және осы ғибадат үйлерінің архитектурасы мұсылмандардың мешіттерінен мықты және күшті еді. Осылайша ХІ-ХІІ ғасырларда Анатолыдағы егемен мұсылман халық пен олардың қарамағындағы христиандар арасында дін және ождан азаттығы жағынан теңдік бар болған11. Бірақ сәлжұқтар орта Анатолыдағы христиан қауымдарды басқа аймақтарға таратып қойды, олардың әлеуметтік-мәдени ортадағы рухани үстемдігін жоюға атсалысты. Өйткені Анатолыдағы жерлестік өмір сүрген түріктердің римдер және армяндармен араласып мұсылман адамгершілік қасиеттерінен алыстап, бұзылғандары байқалған. Мәдениет жағынан болса христиандардың мұсылмандарға емес, мұсылмандардың христиандарға ықпал еткені анықталады. Мысалы: христиан армян корольдары және мемлекет басшылары өздерінің атақтарын әмір, хажип, сипехсалар секілді мұсылман атақтарын қабылдаған. Міне христиандар өзгеше діндері мен тілдерін сақтап қалумен бірге осындай мәдени ықпалдармен қарсы алған. Сонымен бірге армян ұлтының, мәзхап айырмашылығынан, Рим-Византия халқынан қиындықтар және зұлымдықтар көргенінде түріктердің қорғауынан пайдалану үшін түрік қауымына жақындағаны да рас12. Қысқаша, мұсылман түріктер Анатолыда мемлекет құрғанымен жергілікті христиан халықты өзгеше ұлттық болмысы ішінде ерітіп, олардың этникалық болмысын жойған жоқ; бірақ көршілік және әріптестік қарым-қатынастары арқылы христиандардың кейбір әдет-ғұрыптарының ықпалында қалған. Мысал ретінде айтатын болсақ, мұсылман түріктер жақсы жүзім өсіруді білсе де, римдер мен армяндар оларға арақ-шарап өндіруде де үйретуші бола алмаған. Грек және армян тілдерінен түрікше немесе басқа таяу шығыс тіліне аударылған бір кітап та жоқ, өйткені оларға қажеттілік туындамаған. Сондықтан Анатолыға жерлескен оғыздар және сәлжұқұлдары таяу шығыстан христиан қауымдарының мәдени ықпалында қалмаса да, оғыздардың мәдениет деңгейін және әлеуметтік 11 Фарук Сумер. Оғыздар (түрікмендер): тарихтары – бой тешкилаты – дәстандары. – Анкара, 1935. – 13-20 б.; Тоған, аталған шығарма. – 209 б. 12 Рамазан Шешен. Ислам географияшыралына гөре түріклер уә түрік өлкелері (Ибн Хаукал, Сурәт ал Арыз атты әсерін тәржумесі). – Анкара, 1985. – 73 б.; Тоған, аталған шығарма. – 209-210 бб. ахуалын басқа өзгеше мәдениеттердің ықпалында болуға ыңғайлы екенін айту керек. Шынында мұсылман оғыздар және сәлжұқұлдары Византия шекарасына бармай, араб және парсы ислам мәдениетінің ықпалында қалған13. Сәлжұқ сұлтандары мен әмірлер, сарай адамдары араб және парсы тілдерін үйреніп меңгеруге, осы тілдерде сөйлеуге, өлең жазып айтуға, араб-ислам және ислам-парсы мәдениеттерін білуге үлкен көңіл бөлген. Сұлтандар, мемлекет қайреткерлері мен саудагерлер, ғылым және мәдениет адамдары көбінесе араб және парсы аттары мен атақтарын өздеріне алып қабылдаумен бірге, арабша мен парсыша жазу, сөйлеу халық арасында үлкен абырой болып қабылданған. Рим сәлжұқ мемлекеті әмірлерінен, иран сәлжұқ мемлекеті сұлтандарынан, мемлекет басшыларынан парсы және араб ұлты әйелдерімен үйленгендер көбейіп кетті. Сондай-ақ, рим сәлжұқ сұлтандары жоғары ислам тәлім-тәрбиесін алған зиялы адамдар болып араб және парсы тілдерін жақсы меңгерген екен. Арабша және парсыша өлеңдер, диуандар, тарих және мәдениет шығармалары, ислам ғылымдарына арналған әсерлер жазып шығарған сұлтандар мен әмірлер де бар. Анатолы (рим) сәлжұқ сұлтандарынан 1-ші Ғыясаддың Кәйхусрау, 1-ші Ғыззаддың Кәукауыс оларға үлгі ретінде көрсетіледі14. Парсы және араб ислам мәдениеттері мен тілдерінің сәлжұқ мемлекет қызметкерлері мен мұсылман түріктеріндегі ықпалы өте күшті болды; Иран түріктері мен Анатолы түріктері осы әлеуметтік-мәдени ортада еріп жоқ болатын жағдайға келді. Монғол шапқыншылықтары бастағанда Иран аймағы мен Анатолы және Сирияда өмір сүріп отырған түрік қауымдары «түркілік болмыс қасиетінен» жойылатын аухалға түсіп қалған. Кейбір себептермен Анатолыға көшіп келген ирандық әскер, саудагер, қызметкер, ғылым және дін адамдары Иран мәдениетінің түрік мәдениетіне үстем болуы үшін өз үлесін қосқан. Түрік мәдениеті, түрік тілі мен ұлттық құндылықтары ұмытыла бастаған. Кітапханалардың басым бөлігін парсыша және арабша жазылған кітаптар құрады. Шамс Әл-Табризи, Мәулана Жалаладдин Әл-Руми, Салахаддин Сәлжуки, Кәрімеддин Ақсарайы, Рукнаддин Сулейманшаһ, 1-ші Кәйкауыс, Қожа Бәдреддин Хорсани өлеңдерінде де, еңбектерінде де парсыша жазып шығарғаны мысал болады. Жер, ауыл, аудан, ай13 Тоған, аталған шығарма. – 211 б. 14 Тоған, аталған шығарма. – 212-215 бб. ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №1 (1). 2015 41 Хизметли Сабри мақ, қала аттары мен мемлекеттік орталықтар және мекемелердің есімдері де көбінесе парсыша жазылып тіркелді. Сәлжұқ мемлекетіндегі осы ахуал Қараманұлдары билігіне дейін жалғасын тапты. Ұлттық құндылықтарға және түрік тіліне үлкен көңіл бөлген Қараманұлдары билігі түріктік мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын, салт- дәстүрін сақтап қалуға, жас ұрпақты ұлтшыл қасиетте тәрбиелеуге мән бергендіктен, жазу және сөз сөйлеу тілін өзгертіп түрік-ислам мәдениетін үстем жасауға атсалысты. Түркістан дәстүрі түрінде қалалар салуға, ұлы Түркістан ұлттық және рухани құндылықтарын халыққа үйретуге өз үлесін қосты, парсы мәдениетінің үстемдігіне қайсысы да талас-күрес жүргізді. Анатолыдағы түрік қауымының басым бөлігі оғыз-түркімен болғандықтан егемен болған, ұстанылып отырған мәдениет пен әдет-ғұрыптар да олардікі екен15. Түрік қауымдары, дәл Түркістандағыдай, Азербайжан мен Анатолы жерлерінде тек қана өздерін түсіне алған «түрік шәйхтеріне» діни- рухани қосбасшы «пір» ретінде құрмет көрсетіп бағынған. Ислам дінін олардан үйренген, тәлім-тәрбие алған мұсылман қауым түрік ислам түсінігін де өздеріне «пір» қабылдаған осы «дін қосбасшыларынан» үйреніп жалғастырған. Бұл түрік «түрікмен-оғыз» қауымдарының ұлттық және рухани құндылықтарын, олардың халық әдебиетінде, оғыз дастандарында, «оғызнама», «сәлжұқнама», «қытай Дәда қорқыты» аттарындағы шығармаларда жазылып анықталған16. Сөздерімізді қорыта келе бұл тақырып бойынша айтарымыз Сәлжұқтардың мәдениетке деген қызметтері, ұлттық түрік мәдениеті саласында емес, жалпы ислам және адамзат мәдениеті саласында орын алған. Сәлжұқтардың үлкен атасы Кұталмыш астрономия және метеориология ғылымдарымен айналысса, танымал сәлжұқ сұлтаны Мәлікшаһ осы ғылымдардың қолдаушысы және жанашары болған. Осыған қоса мұсылман ғалымдар фыкыһ және тасаууыф салаларында бірнеше қымбатты шығарма жазған. Бірақ Анатолы-Рим Сәлжұқ өлкесінде дін ғұламасы және дін ғылымдары туралы әдебиеттер аз. Ғылым- білім үйренемін, тәлім-тәрбие аламын дегендер көбінесе «Ажәм еліне» аттанады17. Танымал ға15 Шешен Р., аталған шығарма. – 63 б.; Тоған, аталған шығарма. – 216-217 бб. 16 Ибн Эсір, К. Әл-Камил фит-тарих. – 4-том. – 113 б.; Лауст, аталған шығарма. – 190 б. 17 Ибн Эсір, аталған шығарма. – 115 б.; Ибн Кәсир, Әл- Бидая Уәл-нихая. – 3-том. – 98 б.; Фарук Сумәр, аталған шығарма. – 35 б. лым Сәйфаддин Әл-Амиди [уаф. 1233] де Анатолыда емес, Сирия, Ирак және Мысырда өмір сүрген. Анатолы-Рим Сәлжұқтарының көбінесе әскери қауым болып жорықтармен айналысып отырғаны, олардың өлкесінде ғылым мен білімнің дамуына, ғылым адамдарының тыныш өмір сүріп, тәлім-тәрбие мәселелерімен айналысуына мүмкіндік бермейтін болды18. Зайырлы мемлекеттегі дін түсінігі Сәлжұқ түріктері дін және дүние мәселелерін практикалық тұрғыда түсініп, ислам халифатын саясаттан тыс ұстап, өзгеше пайдалары үшін дінді қолданбағандықтан ислам әлемінде үлкен реформация іске асырған. Зайырлы мемлекет басқару әкімшілік-саяси жүйесін ислам әлемінде алғаш орындаған, яғни дін мен дүние істерін бірін-біріне араластырмаған сәлжұқ түріктері болатын. Сонымен қатар олар түрік қауымдарына, кіші Азияда (Анатолы) және Кавказ – Азербайжан аймақтарында жаңа бір отан құрды. Бір ғана саяси жүйемен басқарылып, үлкен бір мемлекетке үлгілік етіп отырған сәлжұқтар, ислам діни түсінігіне «жұмсақ және бейбітшіл» бір көрініс берді. Осының айғағы ретінде исламның түріктер арасында жан-жақты қабылдануына өз үлесін қоса отырып осы діннің дүниежүзілік болғанын әлемге көрсетті. Сәлжұқтар ислам мәдениетін парсы және араб мәдениеті болудан құтқарып жалпы ислам мәдениеті, жалпы мұсылман уммасы мәдениеті деңгейіне көтерді. Осы ислам мәдениеті негізінде аймақтық-ұлттық мәдениеттердің де пайда болуына өз әсерін тигізді19. Осман мемлекеті зайырлы саяси жүйемен басқарылған. Патша дін істеріне араласпайды бірақ үлкен әділдікпен басқарылуын қамтамасыз етуге өз үлесін қосады. Осман мемлекеті топырағында өмір сүрген және осман азаматы болған бүкіл қауымдар мен ұлтардың ұлттық және рухани құндылықтарын, әдет-ғұрыптары бойынша заң шығарады, бұйрық береді. Яғни мұсылмандар ислам құндылықтарымен өзгеше ұлттық әдет-ғұрыптары, христиандар христиандықтың қағидалары мен қоғамның ұлттық құндылықтары, еврейлер өзгеше дін негіздері бойынша өмір сүреді, сұраққа тартылады және жарғыланады. Баршасының дін, ождан және ғибадат бостандығы бар болған. Аталған діндердің өкілдері өзге18 Тоғаң З.У., аталған шығарма. – 218 б.; Мүкремин Х., аталған шығарма. – 63 б. 19 Осман Туран, түрік жиған хакимиеті мәфкурәсі тарихы. – 73 б. 42 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Түркиядағы жалпы діни ахуал және зайырлы мемлекеттің діни ұстанымы ше діндерді еркін үйреніп орындау азаттығына ие болды. Мұсылман мектептері мен медреселері, мен христиан мектептері, мешіттер мен шіркеулер және синагоктар өлкеде қатар бой көтерді. Мемлекет болса, басқарып отырған қауымдармен ұлттардың діни-рухани қажеттіліктерін еркін орындап үйренуіне көмектесу үшін өз үлесін қосты. Қажеттілік бойынша мешіт, шіркеу және синагок секілді ғибадатханалар, медресе және мектеп сынды тәлім-тәрбие мекендерін салды немесе салынуына көмектесті. Қазіргі күнде Түркияның түкпір-түкпірінде мешіттердің жанында басқа дін өкілдерінің ғибадат орындары бой көтерді. Мемлекет басшылары мен қайраткерлері барша халыққа қызмет етеді, қажеттіліктерін еркін орындауға көмек көрсетеді. Сонымен қатар діндердің басқарушыларын сұлтан тағайындайды және босатады, бірақ осы тағайындау және босату мәселесі тиісті діннің өкілдерінің қалауы және сайлауы назарға алына отырып іске асырады. Осман мемлекетінің заңдары мен конституциясы да бүкіл дін өкілдерінің дін ождан азаттығын әртүрлі құқтарын сақтауға мән береді. Мұсылман қауымның дін басқармасының төр ағасы (Шәйхалислам) әрқашанда сұлтанның оң жағында тұрады. Салтанатты жиналыстар мен кештерде сұлтанның оң жағында шәйхалислам, сол жағында премьер-министр (Садразам) орын алады. Шәйхалисламның айлығы премьер-министрдан кем болмайды. Мемлекет барша діндердің қызметкерлеріне айлық береді. Олардың материалды және рухани қажеттіліктерінің, экономикалық және әлеуметтік мәселелерін жоғары деңгейде шешуі жайлы әрекет жасайды. Сұлтан тарапынан тағайындалған және жұмыстан босатылған дін басқармасының басшылары өзгеше халықтарды сұлтан атынан басқарады және мемлекеттің заңдары сұлтанның бұйрықтары (фәрман) негізінде дінді насихаттайды. Дін мәселелері туралы сұлтанға ой-пікірлерін айтады, діни ахуал туралы кеңес береді. Дін ғылымдарының дамуына, халықтың діни, рухани мәдениетінің көтерілуіне, қоғамда бейбітшіліктің егемен болуына өз үлестерін қосады. Діни тәлім-тәрбие мекендерінің тәртібі мен сапалы қызмет көрсетуі өлкенің қауіпсіздігіне қайшы іс-шараларға орын бермеу, халықтың ғылыммен біліктілігін арттыру сынды қызметтерде шәйхалисламның, баптың және басқада дін басқармасы төрағаларының жауапкершіліктері қатарына жатады. Зиянды діни ағымдарға, секталарға және лаңкестікке жол бермеу туралы әркет жасаулары тиісті болды. Сұлтандық-халифаттық жүйемен басқарылып отырған Осман империясы 6 ғасырдан артық уақыт түрлі діндерге бағынған ұлттар мен халықтарды (теба) бейбітшілік пен біртұтастық ішінде ұстап жатса да, зайырлы Түркия Республикасы мемлекетінде халықтың бірлігін сақтап жалғастыру оңай болмай тұр. Дінді өзгеше саяси мүддесіне сай қолдануы, саясатты дінге енгізуіге үлес қосқандар және діни мәліметі жеткілікті болмағандар қоғамның біртұтастығы мен бейбітшілігін бұзған. Түрлі сопылық ағым – жамағат пен мәзхапардың орындап отырған іс-шаралары мен сыртқы факторларды да осы орайда ұмытпау керек. Түркия Республикасы мемлекеті Осман мемлекетінің мирасшысы ретінде құрылған, бірақ Осман мемлекеті діни мұрасы ішінде бірнеше үлкен мәселені өтіп келген. Сопылық ағымдар, тарикаттар, текке және зауиялар, медреселер және құран курстары олардың ең маңыздылары болып табылады. Мұстафа Кемаль Ататүріктің басқа мекемелер құрмау, оларды жауып қою немесе жою қоғамда үлкен наразылыққа себеп болды. Зиялы қауым да Осман мемлекетінің соңғы уақытынан бастап батыстағы зияландыру ағымдарының ықпалымен дінге және діни құндылықтарға оң көзбен қарамаған20. Жаңа Түркия мемлекеті құрылғанда Осман империясының саяси-әкімшілік жүйесі бірнеше жақтан сақталды. Зайырлы мемлекет жүйесінің дамытылып жалғастырылуы осыған мысал болады. Осман мемлекетінде сұлтан, халиф атағына ие болып әлемдегі мұсылман қауымның діни-рухани өкілі болса да дін істерін тікелей машихат мекемесі басқарады. Ал жаңа Түркия Республикасында дін істері басқармасы мұсылман қауымның дін істерін тікелей басқарады. Мемлекет басшысы діни-рухани атақты қолданбайды, дін істеріне араласпайды. Бірақ діни тәрбие, дін қызметтері, ғибадатхана салу мәселелеріне мемлекет көмек көрсетеді, тәртіп жасайды, тексеру жүргізеді. Дін басқармасының төрағасын президент тағайындайды және жұмыстан босатады. Қазіргі күндегі Түркиядағы саяси-діни жүйе дәл осындай жүріп жатыр, Осман мемлекетімен үлкен бір өзгеріс жоқ, бірақ дамуы бар21. Өйткені білім және технология салаларындағы тұрақты даму процесі қазіргі күннің өркениетін ойлау және түсіну әрекеттеріне ықпал етуде, адамның әлемге және өмірге деген көзқарасын 20 Осы орайда қараңыз: Иштар Б.Тарханлы, мұсылман қоғам, «Ләйык» (зайырлы) дәулет уа түркияда диянет істері баскармасы. – Стамбул, 1995; Шариф Мардин. Түркияда дін уә сиясат. – 64 б. 21 Мехмет айдын, аталған мақала. – 19 б. ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №1 (1). 2015 43 Хизметли Сабри негізінен жаңартып жаңа түрде анықтауда. Бұл әл-ахуал адам мен қоғам өмірінің кез-келген саласында, халықаралық қарым-қатынастар мен дін-мемлекет түсінігінде маңызды өзгерістердің пайда болуына, білім беру және діни көзқарасына өз әсерін тигізді, жаңа проблемалардың пайда болуына себеп болды. Яғни, ғылым-біліммен сусындау, әртүрлі ой-пікірлермен толығу, алу және түсінік-ойды нығайту мен өзгерту ақпараттардың және тәсілдеріміздің тез өзгеруі, сана саласында даму мен өзгерістерге өз ықпалын тигізді, нәтижесінде адам санасының ойшыл мазмұнында айырмашылықтар пайда болды. Осылайша қазіргі күннің адамының табиғаттан тыс ой-пікірін жаңадан талқылау қажеттілігі туындады және қоғам түсінігін «зайырлылық» қасиетіне ие болды, осының айғағында дін мен білім беру жүйесі, дін мен мемлекет арасындағы қатынастарды жаңадан дұрыс жүйелендіру қажеттілігі ортаға шықты. Осы тұрғыда, адамдың әлем жайлы дәстүрлі көзқарасы, этика қағидалары және ұлттық-рухани құндылықтары, құдайға деген санасының мәні мен маңыздылығын көрсетті. Демек бұл, дін-мемлекет қарым-қатынасы қоғамдағы түрлі мекемелер мен топтарды қызықтыруда. Сондықтан осы мәселенің шешімі: дін және мемлекет байланыстарын, білім беру, сана, этикалық принциптер мен рухани құндылықтардың, шындықтың қайнаркөздерін, діни мекемелер мен мемлекеттік органдарын, оқу ордаларын т.б. әлеуметтік-мәдени ұйымдардың дұрыс түсінігі мен анықтамасының керек болуын көрсетуде. Тәлім-тәрбие шын мәнінде «шындықты зерттеп үйрену» және «адамгершілік қасиетінің пайда болуы» процесі болып табылады. Осы процесс адам баласының білім және ой-пікір болмысын, адам сезімі мен жүрегін мәдениетпен безендіретін процесс. Адамның өзін-өзі тану және өз-өзіне құрмет көрсету қасиетін жетілдіру оның ең жоғары бағыты. Өзін-өзі сынға салу, өзгеше санасы мен мәдениетін жаңадан талқылау, сана-ой әлемін нығайту осы мақсатқа жеткізетін негізгі жолдар болып қабылданады. Адам санасының және қоғам этикасының білім беру арқылы жетілуі, дамуы және өзгеруі болатыны баршаға мәлім. Яғни, тәлім-тәрбие, ғылым-білім, мәдениет адам қасиетінің пайда болуына және өзгеруіне, әлем, Алла және адамға деген көзқарасының басқаша болуына, дін, мораль, мемлекет және қоғамға деген көзқарасының жаңаруына өз ықпалын тигізген негізгі фактілер болып қабылданады. Осыған байланысты бұл процесс адамға, оның санасы мен қасиетіне, имандылығы мен діни түсінігіне құрмет көрсетуге сүйенген процесс, этикалық құндылықтарды нығайту және оларды практикаға орналастыру кезеңі. Негізінен дін және сана философиялық-діни ұйымдар үшін түрлі түсініктер арқылы болған ұғымдармен қабылданады. Метафизика ойшыл ағымның шындық қайнаркөзімен, табиғат әлемі ойшыл ағымының шындықты білу қайнаркөздері доктринал жүйесі бойынша үлкен айырмашылықты атап береді. Идеологиялық жүйелер мен доктрина механизмдері осы айырмашылыққа маңызды ықпал етеді. Міне, зайырлық пен теориялылық айырмашылығы бұл табиғатшылық және табиғаттан әлем туралы түсініктер арасындағы айырмашылықтан туындап келеді. Бірақ, қазіргі таңда осы екі түсінігін де жаңадан талқылау – қадағалау керек. Осыларды айта келе, алдымызда көптеген сұрақтың туындағанын көреміз: Діни білім мен діни емес білім арасындағы байланыс қалай болады? Зерттеу бостандығы мен дискуссия еркіндігі арасындағы қарым-қатынас не? Еркін білім беру, еркін тәлім-тәрбие алу, еркін ойлау және дін-ождан бостандығына ие болу осы қарым-қатынастардың жоғары деңгейде іске асуына негіз болады. Зайырлы мемлекеттегі дін және билік ұғымдары Билік пен дүние рухани билігі дін түсінігінің негізін құрайды. Себебі, биліктің саяси және рухани болмысы бар. Мемлекет – саяси билікті орындаушы орган. Ал дін болса, онда саяси билікпен тікелей байланысты қағидалар бар. Жаратушы Құдайдың нақты билігі, құдрати әлемді және аспан мен жер бетіндегі бүкіл нәрселерді қамтиды, олардың болуына және болмауына ол билік етеді. Бірақ әлем және әлемдегілер адамның да билігіне тапсырылған. Яғни, Аллаһтың әмірлерін – бұйрықтарымен қатар, бүкіл болмыстар қызметіне тапсырылған адамның билігі бар. Олай болатын болса Аллаһ пен адамның арақатынасы, дін мен мемлекеттің ара қатынасы қалай болады? Бұлардың қайсысы екіншісіне егемен болады? Үстемдік және егемендік дегеніміз не? Кім нақтылы әмір-құдіретке ие болады? Мемлекеттің дінге деген көзқарасы және діннің мемлекет туралы ойы қалай болады? Бұл сұрақтар бізге мемлекеттің саяси-әкімшілік жүйесі және діннің адам мен қоғам өміріндегі жағдайы жайлы нақтылы пікірлер береді. Дін-мемлекет арақатынасының шекараларын анықтайды. 44 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Түркиядағы жалпы діни ахуал және зайырлы мемлекеттің діни ұстанымы Мемлекет пен діннің қарым-қатынасы тарихи тұрғыдан қарағанда, нақтылы саяси-мәдени жағдайларға қатысты қалыптасқан. Бірақ адамзат тарихының үлкен бөлімінде мемлекет дінге және дін істеріне, яғни адам мен қоғам діни ғұмырына араласып билік еткен. Кейбір дәуірлерде де дін мемлекетке, саяси және әкімшілік жүйелеріне егемен болған. Міне, діни мемлекет, зайырлы мемлекет, діннің мемлекет ғұмырына араласып билік орналастыру идеялары осыдан бастап қоғамда пайда болған. 1789 жылында Батыс Еуропадағы реформация әрекетінің нәтижесінде конституциялық жол арқылы мемлекет пен католик шіркеу бір- бірінен ажыратылған. Ұзақ ғасырлар бойына мұсылман елдерінде мемлекет пен дін ажырамаған. Бірақ Батыс Еуропа моделінде мемлекет құруды армандаған Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрк жаңа құрылған мұсылман түрік мемлекеті үшін «зайырлы мемлекет» жүйесін қабылдап іске асырды. Зайырлылықтың түсінік және практика жағынан әлемде бірнеше түрлері бар. Осы орайда айта кетейік, Батыс Еуропада бұл ұғым діннің (католик христиан діні-шіркеу) мемлекеттік істен мүлдем аластату емес, бөліну және ажырауы мағынасын береді. Яғни, еуропалық түсінікте зайырлы мемлекет, діни істен бөлек, діннің билігінен мүлдем алыс өз жұмысын іске асырған құқықтық, демократиялық-басқарушы жүйе, бірақ дін өрісіне мүмкіндік беретін мемлекет. Бұл мемлекет дінсіз және атеист емес, керісінше дін өрісіне адам және қоғам өмірінде орын береді, конституцияда дін және ождан, ғибадат бостандықтарын өзгеше қабылдап, санының, наным сенімнің іске асырылуына жағдай жасайды. Зайырлы мемлекеттің атеистік классикалық түріне Кеңестік Ресей мемлекеті мысал ретінде айтуға болады. Бұл мемлекет дінді (словениялық шіркеуі) мемлекеттік істен мүлдем аластатумен бірге, дінді адам және қоғам болмысына зиянды ұғым, наркоман секілді бір нәрсе қабылдады. Зайырлылық жүйесін Еуропадан алған соң мемлекеттік саясатта іске асыруда көптеген проблемалары болған елдер де аз емес. Негізінен зайырлы мемлекет дегенде дін және мемлекет бір-бірінен бөлінген, бір-біріне билік етпеген саяси-әкімшілік жүйе мағынасын берсе де, бұл идеяның орналасу мәселесі қиын болып жатыр. Әсіресе, бұл мәселе Исламда өзгеше. Себебі ислам діні әуелі бастан мемлекеттің саяси, идеологиялық негізі болып қалыптасқан және адам мен қоғамның күнделікті өмірінде әбден кең орын алған. Яғни Исламның түсінігі христиандықтан басқа, басқаша айтқанда Исламда дін таңдау еркіндігі болса да, дінде зорлау болмаса да, зайырлылық түсінігі жоқ. Мемлекет басшысы мен мемлекет қайраткерлері – қызметкерлері санасы, ар-ожданы бойынша халыққа қызмет етеді, билік жасайды. Шынында, Түркия елінің тәжірибесі маңызды. Себебі, мұсылман әлемдегі алғашқы зайырлы мемлекет (1928 ж. бастап) болуымен қатар қазіргі күнде де бүкіл Ислам әлемінде осы тұрғыдан мысал болып қабылданады. Осы орайда айтатынымыз, зайырлы болса- болмаса мемлекеттік маңызды жауапкершіліктерінің біреуі қоғамның еркіндігі мен діннің, діни сенім бостандығын, халқының наным-сенімін қорғай алу болады. Дін және мемлекет қарым-қатынастары Мақаламыздың тақырыбын проблемалық осы сұрақтармен бастауды жөн көреміз. Дін – мемлекет қарым-қатынасы қалай болу керек? Діни мекемелер мен мемлекеттік органдар арасында қандай байланыстар болуы мүмкін? Мемлекеттік білім беру органдары мен мемлекеттік емес діни тәрбие беру орталықтары арасында қандай байланыстар болады? Дін және мемлекетке деген көзқарасы қалай болуы керек? Дін және мемлекеттің авторитеттері не? Зайырлы мемлекет және діни мемлекет дегеніміз не? Дін – адам және қоғам діні; адам және қоғам өмірінің негізі. Тарихи тұрғыдан дін – адамның материалды және рухани болмысының жаратылыс жағынан негіз немесе қайнаркөз табу қажеттілігінің нәтижесі ретінде туындаған. Себебі, адам өзін-өзі танығанда, кім болғанын үйренгенде, өзгеше болмысына бір жаратушы негіз іздейді. Міне, адамдағы бір дінге деген қажеттілік сана- сезімі осы. Осыған қоса, әр адамның өз болмысының әрі әлеуметтік-мәдени өмірінің бір рухани жағы бар, олай болатын болса: Діни – рухани жақ не? Дін дегеніміз не? Адамның өміріндегі діннің рөлі қандай? Діни тәрбиеге қажеттілік бар ма? Бар болса, оны қай мекеме қалай береді? Тәрбиесі, ғылым мен мәдениеті, санасы мен түсінігі, қашанда адам болмысы дінге деген қажетті болмыс. Тарихтың әр дәуірінде адамзат діннің көлеңкесінде және қорғауында өмір сүріп келген. Бүкіл материалды және рухани болмысы сенім атқарған құдайға, бағынып жүрген дінге арнаған. Яғни дін үшін өмір сүрген, жұмыс істеген, тәрбие және ғылым алған ордасымен айналасын нығайтқан, керек болғанда тұрған жерін, отанын қиып басқа жерлерге көшіп қон ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №1 (1). 2015 45 Хизметли Сабри ған. Адамзат тарихындағы ең үлкен жойқын соғыстар дін үшін, ұлттық және рухани болмысын қорғап жалғастыру үшін пайда болған. Осыған қоса, тарихтағы ең үлкен мемлекеттер мен мәдениеттер және өркениеттер де діннің негізінде әлемде орын алған. Ең үлкен және көрнекті сана және пікір орталықтары тәлім-тәрбие, ғылым және мәдениет мекемелері діннің рәміздері ретінде құрылып дамыған. Ислам әлеміндегі көрнекті де әдемі де мешіттер, медреселер, сарайлар, христиан әлеміндегі шіркеулер осының дәлелдері болып көрінеді. Бұл мекемелер бір жақтан дін, ождан және ғибадат, наным-сенім бостандығын, адам және қоғам азаттылығының жалғасып келгенін көрсетсе, келесі жақтан дін және мемлекет арасындағы екі жақты көмектесу мен түсініспеушілікке, құрметпен сыйласуға дәлел болады. XVIII ғасырдан (1789 француз революциясы) бастап бүкіл әлемде дін және ождан бостандығында, діни түсінікте үлкен даму мен өзгерістер болды. Адамзат, әсіресе, христиандықтың күнделікті адам және қоғам өміріндегі қатты ықпалынан құтылып, еркін ожданымен өмір сүру басталды. Дін бостандығы, сана және ождан бостандығы, ғибадат бостандығы т.б. мәселелер мемлекеттер мен үкіметтердің күн тәртібінде ең маңызды орын алды. Діни тәлім-тәрбиеге мән берілді және кез-келген адамға өзге дінді үйрену және әулетіне үйрету құқығы танылды. Осы оқиғалар мен өзгерістердің нәтижесінде дін мен мемлекет істері бір-бірінен бөлінді, яғни дін-мемлекетке, мемлекеттік мекемелерге, мемлекеттік іс-шаралардың орындалуына араласуды тоқтатып қойды. Ал мемлекет болса, ол да дінге егемен болуды, дін және ғибадат істеріне араласуды қойды. Адам мен қоғам өзі қалайтын, жақсы көретін және ризашылық білдіретін дінді өз еркімен таңдауға, діни міндеттерін және ғибадаттарын еркін орындауға қол жеткізе бастады. Міне, осыдан әлемдегі «зайырлы мемлекет түсінігі және мүшесі» пайда болды. Одан әрі мемлекет дінге араласпауға, дін бостандығына мән беруге, бүкіл отандастарға дін, ғибадат және ождан еркіндігін қол жеткізуге өз күш-қуатын ортаға сала отырып, көмек көрсетуге атсалыса бастады. Бірақ адамзат әлемінде зайырлы мемлекет туралы тек бір түсінік қалыптасқан жоқ. Кейбір адамдардың көзқарасынша зайырлы мемлекет «дінсіз мемлекет» деп саналса, кейбіреулерінің пікірінше зайырлы мемлекет болуы, дінсіз немесе дінге қарсы болуы мағынасында түсіндірілді; сондай-ақ, керісінше мемлекеттің дінге араласпауы және үстемдік жасамауы дінге құрметпен қарау, адамдардың дін және ождан бостандығына кепіл болуы жөніндегі пікірлер де бар. Шындығында мемлекет дінді, дін де мемлекетті қолдайды. Мысалы, Ислам діні мемлекетке, мемлекет басшысы мен қайраткерлеріне, үкімет басшыларына құрмет көрсетуді парыз ретінде тапсыра отырып, мемлекет президентіне қарсы болуды Аллаһ-тың өзіне қарсы болуы деп қабылдаған. Отанды сүюді имандылық негіздерінің біреуі деп жариялаған. Тағы да Ислам дінінде мемлекет құрылымы жан-жақты қасиетке ие болады және тікелей халықтың басшылығына сүйенеді. Басшылықты немесе мемлекетті танытатын үкімет пен барлық адамға бірдей қолданылатын «заң» бар. Осыған қоса, Ислам бойынша, үкімет нәсіл мен дін айырымын жасамайды. Әрбір адамға өзіне тиістісін беріп, барлық мәселеде заңды жоғары қояды. Саяси күшті халықпен байланыстырып, халықтың пікірімен санасып, мемлекет ісін жүргізеді. Азаматтардың жан және мал-мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Басқаша пікірдегі және сенімдегі адамдарға қысым көрсетпейді, керісінше, өз қарауындағы әрбір адамға түсіністікпен және кішіпейілділікпен қарайды. Дін және ибадат еркіндігін қорғайды. Діндері, пікірлері мен ғибадаттары әртүрлі адамдарды жазалап, қысым жасамайды. Адамдарды зорлықпен исламдандыру саясатын ұстанбайды. Ислам және зайырлы мемлекет Ислам бойынша адам баласы сана-сенімінде, ғибадаттарды және моральдық бостандығында өз еркімен шешім қабылдайды. Капірун сүресінде Аллаһ (надандар мен өзге діндердің өкілдеріне) «Сіздің дініңіз сізге, менікі маған» – деп, адам баласы үшін толық дін бостандығы болғанын жариялайды. «Дінде зорлау жоқ» принципін де Ислам уағыздаған. Бүгінде мұндай ерекшеліктерге ие саяси және басқару жүйесіне «демократия» деп аталып жүр. Ғасырлар бойы түрлі саяси және басқару режимдерін басынан өткерген адамзат әлемі, ақырында ең жақсы басқару тәртібі ретінде демократияны таңдап, соны бетке ұстады. Батыс елдерінің барлығы және Шығыс елдерінің басым көпшілігі, бүгінде, демократияға ұмтылуда. Мұсылман қауымдары да, ең алдымен өздері ұсынып, бірақ ғасырлар бойы сөрелерге қойып, ұмытқан демократиялық жүйе бойынша басқарыла бастады. Дін және ождан бостандығын, адам құқықтарын, әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдық бейбіт 46 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Түркиядағы жалпы діни ахуал және зайырлы мемлекеттің діни ұстанымы шілікті құрмет тұтатын Ислам негізі тұрғысынан демократияны көздейді. Қазіргі демократияның адам баласына ұсынған жан-жақты мәнділіктерін толығымен мойындап, қолдау көрсетуде. Ислам өзінің ұсынған принциптері бойынша, бір жағынан, демократияның қайнар көзі және ең үлкен қолдаушысы болып табылады. Ислам діні ойлануды, ақыл жүгіртуді, іздеуді және үйренуді ұсынады. Ақыл мен білімге мән беріп, надандық пен еліктеушілікке қарсы тұрады. Білгір, білімді, мәдениетті және парасатты қоғам құруды қалайды. Фанатизм, кертартпалық, шектен шығу, вахабилік, лаңкестік пен бассыздықты жеке адам мен қоғам үшін зиянды және қауіпті деп біліп, үзілді-кесілді тыйым салады. Ислам діні жеңілдік пен кішіпейілділікті, әділет пен ақылдасуды, көмектесу мен қамқорлықты бірінші орынға қояды. Жанұяда және қоғамдық өмірде сыйластық пен сүйіспеншілікке негізделген қарым-қатынастың орнауын қалайды. Әлеуметтік өмірде дүрлігу мен бөлінуге мүмкіндік бермеуді ұсынады. Демократиялық зайырлы жүйелерде де бұл ұғымдарды дәріптеу басты мақсат болып табылады. Жеке адамдардың жан мен мал саулығы – қауіпсіздігі, ой, наным-сенім, дін және ғибадат еркіндігі демократияда, зайырлылықта қасиетті саналады. Жеке адам мен қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттерге, бассыздық пен лаңкестікке ешқандай мүмкіндік берілмейді. Адам құқықтарына, жеке және заңды тұлғаларға құрмет көрсетіледі. Ислам – бейбітшілік, тыныштық және бақыт жолы. Адамдарды еркін әрекет етуге, жақсы мен жаман, әдемі мен жағымсыз, зиянды мен пайдалы нәрселерден қалағанын таңдауға жөн сілтейді. Оларды ешбір мәселеде зорламайды, өз қалауларымен әрекет жасауға мүмкіндік береді. Алайда, өз еркімен жасаған әрекеті үшін адамға жауапкершілік жүктейді. Әрбір адамға жасаған амал-әрекетінің жемісін береді. Жақсылық жасаған адам сыйға бөленіп, жамандық жасаған адам жазасын тартады. Ислам адамның жаратылысына сай негіздерді қамтиды. Әрбір мәселеде орта жолды ұстануды үгіттейді. Амал-әрекеттерінде орта жолдан айырылған, оңға немесе солға ауытқыған, кертартпа немесе жоққа шығарушы адамдарға әр басқа ат беріп, оларды іс-әрекетіне сай сипаттармен танытады. Сөзімді қорытындылай келе, екі нәрсеге тоқтағым келеді. Біріншіден, ұзақ жылдар Франция елінде студент болып өмір сүрдім. «Зайырлылық жүйесінің екінші бесігі» болған бұл елде, мемлекет зайырлы болса да, бүкіл дін өкілдері үшін дін, ғибадат және ождан бостандығы бар. Азамат және азаматшалар өз еріктерімен діндерін таңдап ғибадаттарын орындайды, діни-рухани құндылықтарын үйренеді. Франциядағы университеттерде тек қана мұсылман қауымның діні тәлім-тәрбиесіне арналған 7 «Исламтану» кафедрасы бар. Екіншіден, қазіргі Түркия Республикасы – зайырлы мұсылман мемлекеті. Онда мемлекет істері бөлек, дін істері бөлек жүріледі. Бірақ, 85-ке жуық мемлекеттік университеттің қабырғасында 85 дінтану-исламтану факультетінің, ұлттық білім беру министрлігінің қарамағында 500-ден артық мемлекеттік діни гимназияның, бірнеше мың Құран курстарының болуы, 130 мың дін қызметкерінің мемлекет бюджетінен айлық алып дін қызметін жасау Түркияның зайырлы мемлекет болуына кедергі жасамайды. Шынында тарих бойынша үйсіз, жұртсыз, мәдениетсіз және өркениетсіз қауымдар болса да дінсіз қоғам табылған жоқ, өйткені дін кез келген адам үшін негізгі қажеттілік. Дін туралы мәлімет адам баласының діндар немесе дінсіз болуына өз әсерін тигізеді. Діни-философиялық мәзхабтар мен секталардың пайда болуы да осыдан келеді. Бір дінге бағыну және оны орындап келісуі келесі ұрпаққа жеткізу түсінігіде адамзаттың дүниедегі маңызды мақсаттарына жатады. Қанды соғыстар мен бейбітшілік келісімдер, дін аралық қарым-қатынастар көбінесе иман келтірілген діннің сақталып қалуын қамтамасыз ету үшін жасалады. Осыған байланысты қоғамдағы дін түсінігі наным-сенімі, ғибадат пен этика туралы көзқарастары қалыптасады және өзгереді. Түркиядағы әлеуметтік және мәдени жағдайлар мұсылман түріктердің анатолы географиясына қонып жерлесуімен өзгерді және ғасырлар бойында қоғам өміріндегі өзгерістерге сай дамып жаңарды. Түрік қауымының саяси, әскери, әлеуметтік және мәдени өмірінде өз әсерін тигізген ислам діні түріктердің Орта Азия аймағында және Анатолы географиясында ірі мемлекеттер және үлкен мәдениеттер мен өркениеттер құруында маңызды роль атқарды. Исламның имандылық және ахлақ негіздері қоғамның әрі діндар және бейбітшіл түсінікте болуына әрі қаһарман әскер абыройының көтерілуіне өз ықпалын тигізді. Дін ғалымдары, әскер басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялылар да осының айғағында өздерін көрсетті. Дін және дін сезімі ХХ-ғасырдың соңдарында бүкіл әлемде жоғарылаған құндылықтар қатарында өзіне сай орын алды. ХХІ-ғасырда да осы ISSN 2413-3558 KazNU Bulletin. Religious studies series. №1 (1). 2015 47 Хизметли Сабри үрдіс өз жалғасын тапты деген ойдамыз. Өйткені адамзат өзіне тиісті діни-рухани құндылықтарды іздеді, өзіне ыңғайлы дін мен діни құндылықтарды таңдап алуға тырысты. Осыған қоса, көптеген әлеуметтік-мәдени проблемаларды шешу үшін діннен көмек сұрады, сонымен бірге Түркияда қоғамға жөн беру және пікірлерді ортаға салу жауапкершілігі болған зиялы қауым, әсіресе соңғы ғасырда дінге және діни құндылықтарға көп мән берген, көбінесе Еуропаның құндылықтарына бұрылып бағынған. Осы түсінік республика дәуірінде діннің өзгеше жағдайға түсіп жалғыз қалуына себеп болды. Түркия дін саласында қоғамға жол көрсететін, пікір беретін діндар зиялы қауым өсіре алмады. Нәтижесінде қоғамда дін мен салт-дәстүр тең ұсталды. Дін көбінесе бірнеше қоғамдық мәселенің қайнар көзі ретінде қабылданды. Осыған орай Түркиядағы діндар адамдардың да дінін наркоман болғанын айтқандарында исламды біліп діндар немесе дінсіз болуын айту қиын мәселе. Әрі екі жақта біліммен емес сезіммен дін туралы сөз сөйлейді және пікір айтады. Мұндай ахуал Түркида кертартпалық пен асыра сілтеушілікке себеп болған. Яғни кертартпалық пен асыра сілтеушілік надандықтың өнімдері болып табылады. Адамдардың, мемлекетердің және қоғамдарың бірін-бірімен тату-тәтті өмір сүру, бірін-бірі дұрыс түсіну үшін дін саласында шын білімге ие болу және нағыз санаға сүйену керек. Дінаралық диалог арқылы мұсылман қауымы әрбірімен, әрі басқа дін өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болу үшін дұрыс діни таным және әлемдік таным мәліметтеріне ие болу тиісті. Ислам дінін дұрыс түсіну және орындау нәтижесінде қалыптасқан мазхабтардың өкілдерін бір қоғамда бейбітшілікпен өмір сүру үшін исламды жақсы үйреніп түсіну шарт22. Қорытынды Түркия адамзаттың жалпы ахуалында маңызды орын алған бір өлке болып табылады. Тарих табиғи үрдісінде пайда болған жаңа шарттар мен ахуал Түркия мен түріктердің жауапкершілігін арттырған, оларға жаңа тапсырмалар жүктеген. Түркия жаңа ғасырдағы жаңа өзгерістердің төңірегінде міндеттері мен жауапкершіліктерін жақсы біліп, дұрыс орындауға, яғни діни тұрғыдан 22 Айдын М.С. Түркияда дін уә модерните илишкисі узерине базы дүшінжелер, түрік юрды сае онеды. – 116- 117 б., сәуір-мамыр, 1997. – 17 б. жаңадан жүйеленіп қалыптасу жолында өз үлесін қосуда. ХХІ-ғасырдың мәдениеті мен өркениетінде өзіне лайық орын табу үшін әрекет жасауда, яғни Түркияның исламмен бірге жаңару және өзгеруі тиісті23. Түркияда дін, зайырлылық және демократия сынды тақырыптарда кейбір кезде түсініспеушілік болып отыр. Осы ұғымдардың мағыналары мен шекараларын білмегендер, дін және зайырлылық жайлы дұрыс мәліметі болмағандар мемлекетпен талас, күрес жүргізеді немесе мемлекет дұшпандығы сынды асыра сілтеуші сенімге ие болады. Өлкедегі лаңкестік ағымдар, зиянды ағымдар мен секталар осыдан пайда болады. Білімді да білікті, дұрыс діни мәліметке ие адамдар тәрбиелеу арқылы бұл проблема шешіледі деген ойдамыз. Түркия, геополитикалық жағдайымен мұсылман өлкелері және батыс әлемі арасында көпір болу міндетін жүктеген. Түркия ресми статистикалары бойынша халқының 99 пайызы мұсылман болған бір өлке, түріктердің мұсылман болуының 1200 жылдық тарихы бар. Түріктердің мұсылмандығы Орта Азияда хәнафи-мәтруди түсінігі негізінде қалыптасқан. Сәлжүк және Осман мемлекеттері мен Түркия республикасы мемлекеті Орта Азия түрік республикаларында ұстанып отырған және орындалған діни түсінікті, яғни ханафи-мәтруди дін түсінігі негізіндегі ислам болып табылады. Ата-баба мәдени дәстүрі ретінде жалғасып келген осы діни түсінікті дұрыс түсінбеу қазіргі дүниедегі бірнеше діни- рухани мәселені түсінуге мүмкін бермейді. Түрік әлемінде, соның ішінде Түркияда әлеуиліктің (аллевиттер) тарих сахнасына шығу ХVI ғасырда Яуыз Сұлтан Сәлім дәуірінде болған. Иран сафавит мемлекетінің Шах Исмаил- дың қолбасшылығында Анатолы аймағында шиілікті-әлеуилікті таратып егемен ету іс-шараларының өзін-өзі ахле сүннеттің және сүнейліктің қолбасшысы деп қабылданған Осман сұлтанның 1514 жылында әскери жорық жариялауына себеп болды (шалдыран соғысы). Нәтижесінде Түркиядағы мұсылман халық сүни-әлеуи деп екі діни топқа мазхабқа бөлінді. Қазіргі күнде түркиядағы ең үлкен қоғамдық проблема осы. Саяси-діни мәселе, яғни әлеуилік-сүнилік мәселесі болып табылады. Түркия халқы мұсылман болған зайырлы мемлекет, бірақ Түркиядағы зайырлылық пен еуропадағы француз түріндегі зайырлылық түсінігі салыстырылып талқыланғанда бірнеше діни түсінік – саяси ағым мен асыра сілтеуші топтар 23 Айдын М.С., аталған мақала. – 19 б. 48 ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы. №1 (1). 2015 Түркиядағы жалпы діни ахуал және зайырлы мемлекеттің діни ұстанымы пайда болады. Мемлекетпен талас-күрес жүргізу, діни мемлекет құру мүддесін ұстау, халифатты қайтып әкелу, зайырлылық жүйесін жою тағы да басқа жайлы ой-пікірлер сахнаға шығады. Жаңа Түркияда халифалықтың алып тасталуы және оның орнына зайырлы мемлекет жүйесінің орналасуы да аталған ойлардың және әлеуметтік-діни талас күрестің пайда болуына өз әсерін тигізген. Көп саяси партиялы дәуірге өткен соң (1950 ж.) халықтың саясатшыларға қойылған талаптары нәтижесінде Түркиядағы діни ахуалға үлкен жаңалықтар және өзгерістер пайда болды. Құран курстары, имам хатип мектептері және дінтану факультеттері ашылды. Халық осы тәлім-тәрбие орындарына үлкен көңіл бөліп, ғимараттарын өздері салып, материалдық қажеттіліктерімен қамтамасыз етті24.
Оставить комментарий