Тәсіл: Тілдің ойындары

Жоғарыда көрсетілгендей, бұл проблеманы зерделеу үшін біз бір процедураға жүгіндік: акцентті тіл дәйектерін жасау, ал, бұл дәйектердің ішінде прагматикалық аспекттерге назар аудару. Кейінгі оқуды оңайлату үшін біз бұл термин аясында не түсінетінімізді, қысқаша болса да, баяндап беруге тиіспіз. Әңгіме барысында айтылған «Университет ауру» нұсқасындағы денотативты тұжырым сөйлеушіні (оны айтушыны), адресатты (оны қабылдаушыны) және референтті (тұжырымда не туралы айтылатын нәрсені) төмендегідей арнайы түрде орналастырады: сөйлеуші бұл тұжырыммен «білгір» позициясына қойылған (ол университетке не болғанын біледі), адресат келісуге, немесе, келіспеуге хұқылы позициясына қойылған және референтте денотативке тән тәсілмен сәтті ұсталған, ол өзіне қатысты тұжырымда дұрыс анықтауды және әйгілеуді талап ететін құбылыс. Егер декан немесе ректор әрбір жаңа оқу жылы басында айтатын «Университет ашық» деген тұжырымды қарастырсақ, әлгі спецификациялардың жоқ болып кететініне көз жеткізуге болады. Әрине, тұжырымның мағынасы түсінікті болуға тиіс, бірақ тұжырымды, немесе оның шынайы эффекттерін ажыратуға мүмкіндік бермейтін коммуникацияның жалпы шарты осында емес пе? Перформативты аталған екінші тұжырымның ерекшелігі — оның референтке ықпалы оның тұжырымымен сәйкес. Осындай жағдайда осылай айтылған университет шынында да ашық болып шығады. Сөйтіп, ол осылайша жасалған жаңа контекстке тұрғызылған адресат тұрғысынан талқыға да, верияикацияға да жатпайды. Егер сөйлеушіге келсек, онда осыны айтуға билік болуға тиіс; бірақ бұл жағдайды кері түзілімде суреттеуге болады: оны декан ба, ректор ма, кім айтса да, яғни, ондай нәрсені айтуға билігі бар адамдар, олар өзінің референтіне де, Университетке де, адресатқа да, оқытушыларға да тура әсер етеді. Өзге жағдай: «Университетке қаржы беріңіз» нұсқасындағы тұжырымдар. Олар бұйрық, өкім, инструкция, рекомендация, талап, өтініш және т.т. ретінде түрленуі мүмкін. Мұнда сөйлеушінің кең мағынасындағы (отан тіпті күнәһардың өзін рақымдымын деп жариялаған құдайға күпірлігіне дейін кіреді) билік позициясына қойылғаны көрінеді, яғни, ол адресаттан нұсқалған әрекеттің орындалуын күтеді.

Читайте также:  Басқару жөніндегі жалпы ұғым

Өз кезегінде осы екі соңғы позиция прескриптивты прагматикада тиісті ықпалдарға ұрынады. Өзгелері сауалдаудың, уәденің, әдеби суреттеудің, наррацияның және т.т. әсерлілігіне ие. Осымен шектелейік. Витгенштейн тілді зерделеуді нөлден бастағанда, өзінің назарын дискурстың әсерлеріне шоғырлайды. Ол осылайша фиксацияланған тұжырымдардың түрлі нұсқаларын, (олардың кейбірін біз жаңа ғана атап шықтық) тіл ойындары деп атайды. Оның ойынша, тұжырымдардың осы категорияларының әр­бірі (олардың қасиетін ерекшелейтін және белгілі пайда беретін) белгілі ережелерге бағынуға тиіс. Егер шахмат ойыны фигуралардың сипаттарын, тіпті, олардың қозғалу тәсіліне дейін анықтайтын бір топ ережелерге бағынса, бұл да солай. Тіл ойыны мәселесі тұрғысынан атап өтуге тұратын үш ескертпе бар. Біріншіден, олардың ережелері өзінің легитимациясын өз­өзінен шығармайды және олар, ол айқын, немесе, жасырын болса да, ойыншылар арасындағы келісімнің жемісі (және бұл олар өздері ойлап тапқан нәрсе емес). Екіншіден, ереже жоқ жерде ойын да жоқ, яғни ереженің аз ғана өзгеруі, ойын табиғатын да өзгертеді, демек, ережеге жатпайтын атылыс, немесе, тұжырым олар анықтайтын ойынға жатпайды. Үшінші ескертпе әлгіде тана мегзелген: әрбір тұжырымды ойында жасалған «атылыс» деп қарастыру керек. Осы соңғы ескертпе біздің тәсіліміздің негізінде жатқан бірінші принциптің мүмкін болуына әкеледі: сөйлеу дегеніміз ойнау мағынасында айқасу және тіл әрекеттері жалпы сайыс ұғымына тәуелді. Бірақ, мәселе тек ұту үшін ойнауда емес. Атылысты оны ашу ләззатына бөлену үшін жасауға болады: ауызекі дәстүрде немесе әдебиетте көрініс беретін тілдің мезі қылатын жұмысында басқа не бар дейсіз? Сөйлеу барысында тілді дамытатын сөз және мағыналар айналымын үзіліссіз ашу ғажап қуаныш әкеледі. Әрине, бұл ләззаттың жеңімпаздық сезіміне де тәуелділігі жоқ емес, ең кемінде, ол әртүрлі қарсыласынан орныққан тілді, коннотацияны жұлып алады. Тіл сайысының бұл идеясы біріншіні толықтыратын жөне біздің анализге басшылық ететін екінші принципті жасырмауы тиіс: зерделеуге келетін әлеуметтік байланыс тіл «атылыстарынан» тұрады. Осы пропозицияны түсіндіру барысында, біз нысанамыздың нағыз өзегіне кіреміз.

Читайте также:  Англияның мемлекеттік құрылымы туралы

Оставить комментарий