Загрузка…

ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУЛАР ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ФОРМА

Тілдің грамматикалық құрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктері мен белгілерін анықтау үшін тілдің грамматикалық құрылысына тән басты грамматикалық сипаттарды 13 нақтылау керек. Қазақ тіл білімінде грамматикалық мағына, грамматикалық форма және грамматикалық категория (грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың жүйелі жиынтығын құрайды) негізгі грамматикалық ұғымдар болып табылады. Тілдегі әрбір белгілі бір ұғымды білдіре алатын сөздің лексикалық мағынасымен қатар грамматикалық мағынасы болады. «Сөздің лексикалық мағынасы – нақты, ұғымдық мағына, яғни бір сөзден екінші сөзді айыратын реестрлік сөздік мағынасы болса, грамматикалық мағына – сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің әр түрлі тұлғалар арқылы түрленуінің нәтижесінде немесе басқа сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсу салдарынан пайда болатын және сөздердің бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалық топтарға ортақ қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналары болып табылады» [1: 14].Грамматикалық мағына лексикалық мағынаға байланысты болып келеді. Грамматикалық мағына – сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы арқылы туатын жалпы мағынасы.Әр сөздің бір лексикалық мағынасы және бір немесе бірнеше грамматикалық мағынасы болады. Мысалы, қалаға сөзін алсақ, оның лексикалық мағынасы– көп адам шоғырланған ірі мекен, қоныс, ал грамматикалық мағынасы – жалпы зат атауы, барыс септігі арқылы тұлғаланып тұрған бағыттылық мағына. Грамматикалық мағына жасалу тәсілі мен сөздің грамматикалық сипатын айқындаудағы мәніне қарай жалпы грамматикалық мағына, категориялық грамматикалық мағына, қатыстық грамматикалық мағына деген жіктелімнің біршама тұрақталғаны белгілі. «Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына» [1: 19] деп атайды. Жалпы грамматикалық мағына грамматикалық формаларсыз ішкі семантиканың жалпылана түсуі арқылы қалыптасады.Жалпы грамматикалық мағына лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде пайда болғанымен, лексикалық мағына деп есептелмейді. Мысалы, бала, үй, табиғат, жақсы, тұр, кел т.б. Грамматикалық мағына арнайы грамматикалық формалар (түбірге жалғанатын қосымшалар) арқылы беріледі. «Қазақ тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атайды» [1: 20]. Ол ұзақ сапардан келді деген сөйлемдегі ол, ұзақ – жалпы грамматикалық мағына да, сапардан – категориялық грамматикалық мағына, шығыс септік жалғауы арқылы берілгенмекендік мағына,келді– категориялық грамматикалық мағына, етістіктің жедел өткен шағы арқылы берілген шақтық мағына. «Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің басқа сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі арқылы, орын тәртібі, интонация т.б. аналитикалық, қатыстық тәсілдер арқылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атау қажет» [1: 21]. Мысалы, қазақ қызы, ӛ зен бойымен, кӛ здің қарашығындай т.б. Қатыстық грамматикалық мағына негізінен контекстік болып келеді, сондықтан ол сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысу кезінде анықталады: Кино үстінде бұлар бір- біріне бір ауыз сӛ з айтқан жоқ. (Ж.Молдағалиев). Грамматикалық мағынаны білдіретін грамматикалық формалар синтетикалық тәсіл арқылы беріледі. «Грамматикалық мағынаның белгілі бір түрі, атап айтқанда, категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы беріледі. Сөйтіп, грамматикалық форма белгілі топтағы сөздердің қосымшалар, грамматикалық тұлғалар (жұрнақ, жалғау) арқылы белгілі жүйелі парадигма бойынша түрленуі болып табылады да, сол арқылы әр тұлғаға сай категориялық грамматикалық мағына беріледі» [1: 29]. Грамматикалық форма сөздің сөйлеу үдерісіндегі тұлғалық түрленуін және белгілі бір мағынадағы грамматикалық мағынаны білдіреді. Мысалы, тәуелдік жалғауларын алсақ, оның оңаша және ортақ тәуелдену түрлері бір заттың басқа бір затқа тәуелді, меншікті екенін білдіреді, ал тәуелділік немесе меншіктілік мағына, мысалы,оңаша тәуелдеу І жақта -ым, -ім, -м (елім, кітабым), ІІ жақта анайы түрі -ың, -ің, -ң (елің, кітабың), сыпайы түрі -ыңыз, -іңіз, -ңіз, -ңыз (еліңіз, кітабыңыз), ІІІ жақта -сы, -сі, -ы, -і (елі, кітабы) тәуелдік жалғаулары арқылы беріледі. 14 Грамматикалық мағына мен грамматикалық форма бір-бірімен тығыз байланысты. Олардың байланыстылығы, сәйкестігі сөз болағанда, категориялық грамматикалық мағына негізге алынады. Себебі категориялық грамматикалық мағына грамматикалық формалар арқылы жасалады. Сөздерге грамматикалық қосымшалар жалғанып, олар түрлі категориялық грамматикалық мағынаны білдіреді. Ол мағына сөйлеу үдерісінде не контексте анықталады. Грамматикалық мағынаны білдірмейтін грамматикалық форма және грамматикалық формасыз грамматикалық мағына болмайды деген қағидаттың кейбір жағдайларда негізсіз болатындығын тілдік фактілер дәлелдейді. Тілдің ішкі дамуы барысында көптеген тілдік көрсеткіштер өз қызметін өзгертіп, түрленіп, кейде қолданыстан шығып,кейде өзіне тән мән-мазмұнын жоғалтып жатады. Тілдік құбылыстар бір тіл ішінде дамудың я кішірейіп қысқарудың түрлі жолдарын басынан өткізеді. Лексемалардың грамматикалық мәнді иеленуі,болмаса грамматикалық формалардың лексикалануы – жиі кездесетін құбылыс. Е.Томанов тәуелдік жалғауларының көне мұраларда қолданылу ерекшеліктерін зерттеп, синтаксистік тәсіл арқылы берілетін тәуелділік мағынада жалғаулардың түсіп қалуына қатысты мынадай пікір айтқан: «Қазіргі қазақ тілінде тәуелділік мән синтаксистік тәсіл арқылы да берілетіні мәлім. Мысалы, біздің үй, сіздің бала т.б. Меншіктілік мән туғызудың осы тәсілі ежелгі түркі ескерткіштерінің тілінде кездеседі: Бегің ат – бектің аты» [2: 143]. Мұндай жалғаулардың түсіп, сөз құрамының ықшамдалу құбылыстары лиро- эпостық жырларда (мысалы, Қобыландының Тайбурыл, Қамыстының қазды кӛ л) көп кездеседі. Ғалым А.Ысқақов: «Тәуелдік жалғау меншік білдіреді» деген ұғым – аса кең грамматикалық ұғым. Ақиқат меншіктілік жайындағы ұғым сол грамматикалық ұғымның тек әредікте ғана кездесетін көрінісі ғана» [3: 53] – деп, шындықтың белгісі, тарихтың айғағы, үй іші, тіл білімі сынды тіркестерде тәуелділік не меншіктілік мағынаның жоқ екенін айтады. Осы мысалдардағы тәуелдік жалғаулары бұл сөздерді байланыстырып әрі жалпы грамматикалық мағынаны білдіріп тұр. Бастапқыда меншікті, белгілі бір жаққа тәуелділікті білдіретін жалғаулар бірте-бірте өз мән-мазмұнын жоғалтып, тәуелділік мағынасы солғындап, жаққа байланысы жоқ жалпы қатынасты білдіру сипатына ие болған. Оған қоса осы күні, сол күні, бұл жолы, бір күні, күндіз-түні, кешегі күн сияқты үстеу сөздердің, қайсы, қайсы-сы, бәрі, бәрі-сі есімдіктері мен ең азы, ең кӛ бі тіркестерінің құрамындағы компонеттерден де тәуелділік, меншіктілік мағынасынан айырылған жалғауларды көреміз. «Тәуелдік жалғаулар қосымша эмоциялық-экспрессивтік райды я мәндібілдірерліктей де міндет атқарады. Мысалы, айым, күнім, кӛ кем, жарығым, сәулем, жаным, қалқам, әкешім, кӛ кешім, қарашығым тәрізді формалар тыңдаушы адамның сезіміне әр алуан эмоциялық ықпал жасап, әр қилы экспрессивтік әсер ететіні аян. Демек, осылайша айтылған сөздер тыңдаушы адамды жақын тұту, жақсы көру райымен бірге, құрметтеу, еркелету сияқты қатынастарды да аңғартады» [3: 55]. Мысалы: а) – Көсегең көгерсін, көп жаса, қарағым! ә) – Қайным, түрің тым бұзылып кетті, атыңнан ауып түспеші! (Б.Нұржекеев). Аталған мысалдардағы сөздер сөйлем ішінде вокатив қызметінде жұмсалып жүр. Н.Оралбай «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» еңбегінде шырағым, қалқам, қарағым, айнам, жаным, жарқыным сияқты тәуелдік жалғауының І жағы мен дұрысы, тәйірі, асылы, шамасы, қысқасы, аты-жӛ ні, айы-күні, ұшы-қиыры сияқты тәуелдік жалғауының ІІІ жағындағы жалғаулар түбір сөздерге кірігіп кеткен деп көрсетеді де, оларды атауыш сөз деп атайды. Мысалы: а) – Жарайды, жаным, оқуға келгенің дұрыс болған. ә) – Ал, енді өзің неге хабарласпай қойдың, қарғам? (С.Шаймерденов). б) Қысқасы, латынға көшудің техникалық қиындықтары – шешуге болатын іс. (Газеттен). «Бұл сөздер ілік септік жалғаулы сөзбен тіркеспейді. Тіл дамуының нәтижесінде бұл сөздердің құрамындағы тәуелдік жалғаулары өз мағынасынан, қызметінен айырылған. Әрине, бұл да қолданыстан бастау алған» [4: 104]. Тілімізде жиі қолданылатын қосымша – тәуелдік жалғауының түбір сөз құрамына кірігу құбылысы – осының бір дәлелі. Қазіргі кезде тәуелденген кейбір сөздер тұтас бір мағынаны білдіретін сөздерге айналып кеткен. Мысалы: а) Ертеңгі күнді көбірек ойлап, күні 15 бұрын жорамалдап, ашыла сырласты. ә) Сол жек көрмеудің күні ертең татуласуға да сеп болатынын ойлады. б) – Қайныш, бір жерің ауырып жатқан жоқ па, неге ұйықтамайсың, шырағым? (Б.Нұржекеев). Бұл сөйлемдерде берілген күні бұрын, күні ертең, – үстеу қызметінде, шырағым сөзі оқшау сөз қызметінде жұмсалған әрі бұл сөздердің жақтық мағыналары жоқ. Қазақ тіл білімінде түбірге кірігіп кеткен тәуелдік жалғауларын арнайы зерттеу объектісі ретінде қарастырған зерттеуші А.Раманова осы сұрақтың көптеген мәселелерін зерттеп, өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлері негізінде жүйелі тұжырымдамалар жасайды. Ол тек тәуелдік жалғауының сөз құрамына еніп, өзіндік грамматикалық белгісінен айырылуы туралы ғана емес, сонымен қатар тәуелдік жалғауларының түбір сөзге кірігуінің түркі тіл білімі мен қазақ тіл білімінде зерттелуіне, кірігу әрекетінің түрлеріне, осы үдеріс арқылы пайда болған сөздер мен олардың мағыналық топтарына тоқталады. Автор: «қосымшалардың түбірге кірігу әрекеті – тілдің даму барысында қалыптасқан құбылыс. Бұл – өзіндік жасалу жолы, белгілері мен ерекшеліктері бар тілдік құбылыс» екендігін көрсетеді [4: 3]. Тәуелдік жалғаудың түбір сөзге кірігу әрекетін ғалым екіге бөледі: Толық немесе тұрақты кірігу әрекетінде тәуелдік жалғау түбірге кірігіп, тұтас бір түбір күйінде жұмсалады. Толық кірігу кезінде тәуелдік жалғауы бастапқы қызметі мен мағынасынан айырылып, жаңа сөзжасамдық қызметке көшеді. Бұған күні-түні, қысы-жазы, ақыры, шамасы, себебі, асылы, мейлі т.б. сөздер жатады. Мысалы:а) Күні-түні дей көрме, ғылым ізде (Ш.Құдайбердіұлы). ә) Тірлік, тәйірі, — құйын ғой (Ә.Кекілбаев). Жартылай немесе аяқталмаған кірігу әрекетінде тәуелдік жалғаудың бұрынғы қызметінің іздері көрініп тұрады. Бұл әрекеттің толық кірігуден айырмашылығы – түбір мен қосымшаның бастапқы мағыналарының аз болса да сақталып, өздеріне тән белгілерін жоймауында. Десек те, осы жартылай кірігу әрекеті толық кірігудің алғашқы сатысы болып табылады, себебі тілдік құбылыстардың дамуы барысында жартылай кірігу әрекеті қатарындағы сөздер тұрақты кірігу әрекетіне өтіп отырады. Аяқталмаған кірігу әрекетіне кәрі-жасы, аузы-басы, бет-аузы, ойы-қыры т.б. сөздер жатады. Мысалы: а) – Ол мұнда болу керек! – деді, оң босағадағы ескі кебежені нұсқап, бет-аузы толқындатып кетіп, — май жеген Құрымбай тұқымы, майлы кебежеге кірген екен ғой жегісі кеп! (С.Мұқанов). ә) Ұшы-қиыры жоқ сұр бұйра толқынды теңіз үстінде тізбектеліп, шұбап жүзіп келе жатқан бір топ құс тәрізді. (С.Сейфуллин). Тілдік қолданыста жоғарыда танылған жіктелім түрлерінен басқа да жайттар көп кезедеседі. Тіліміздің ішкі дамуы барысында бастапқы грамматикалық мағынасынан айырылып, түбір сөз құрамына кірігіп кеткен және тіркестер арасындағы тәуелдік жалғауларды әлі де толық зерттеу қажеттігі туындайды. Синхрониялық тіл білімінің жаңалық, заңдылықтарымен ұштастырып, тіл фактілеріне ғылыми сипат беру ісінің дами түскені абзал болар еді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar