Журналистика – маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Сонымен бірге, ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, баға берумен, қорытындылар жасауымен, ұсыныстар айтумен ерекшеленеді. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап, игі істердің жүзеге асыруына ықпал етеді. Жалпы, журналистиканы қоғамның әлеуметтік институттарының бірі десек еш қателеспейміз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін алғаннан бері БАҚ саласында түпкілікті өзгерістер жасауға және одан басқа, әсіресе, өз назарын азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын заңнама тұрғысынан қамтамасыз етуге ұмтылып келе жатыр. Ең алдымен, бұл демократиялық қоғамның негізгі көрсеткіші ретінде дамыған, күшті ұйымдасқан және БАҚ-тың тәуелсіздігін қажет екендігін айқын көрсетті. Яғни, бүгінгі күннің демократиялық қоғамына тәуелсіз журналистика керек. Бұл – заман талабы. Қазіргі заманғы бүкіләлемдік саяси, экономика және рухани-мәдени жаһандану жағдайында журналистика әлемдік интеграциялық үрдістердің ішіндегі аса ықпалдысы болып табылады. Осыған байланысты, әлемдік журналистика бұрын- соңды болмаған дүмпуді басынан өткізуде. Журналистиканың белгілі бір елде, аймақта, тіпті, әлемдік ауқымда қоғамдық пікір қалыптастырып, ресми емес төртінші билік тармағы тұғырына көтеріле алатындығы, оның болашақтағы даму мүмкіндігінің бұдан да мол екендігін көрсетеді. Осыған байланысты, Авраам Линкольн: «Демократия дегеніміз халықтың мүддесінен туындап, халықтың араласуымен жүзеге асатын басқару. Яғни мемлекеттік басқаруға халыктың қатысуы. Халық сайлаулар арқылы өкімет билігіне араласып, мемлекеттік органдар арқылы билікке ат салысады. (Депутат сайлау, референдумға қатысу т.б.). Міне, осындай жолдармен халықтық демократия пайда болады, халықтық басқару жүзеге асады. Халық өздері сайлаған депутаттар арқылы Парламенттің өкілеттігін пайдаланады. Сол арқылы ұсыныс-пікірлерін өткізеді, мәселелерді шешуге ықпал етеді. Өз кезегінде депутаттар халық, яғни сайлаушылар алдында есеп береді [1]. Яғни, бұл – мемлекеттік басқаруға халықтың ТӘУЕЛСІЗ ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ 220 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 Тәуелсіз журналистиканың демократиялық қоғамдағы орны тікелей қатысуы. Ал, халықтың сөзін сөйлейтін кім? әрине, журналист. Осындай нюанстарды біз көп жағдайда ескере бермейміз. Бүгінгі күні журналистиканы демократиядан бөліп қарау мүмкін емес. Демократиялық елдердегі журналистика салыстырмалы түрде өз міндетін атқара алатын болса, тоталитарлық, авторитарлық елдердегі журналистика өзге билік тармақтарының қысымы салдарынан жұртшылыққа шынайы объективті ақпарат жеткізбеу, шындықтың өңін айналдыру, бұрмалау құралына айналуда. Алайда, демократиялық мемлекеттерде қалыптасқан тәуелсіз журналистика ұғымының өзі толық мәнді тәуелсіздікті білдірмейтін шартты ұғым. Кез келген елде қандай да бір қаражатсыз және билік тармақтарының қолдауынсыз журналистика ісі дамымайды. Сондықтан, журналистиканың өз қызметін шын мәнінде дұрыс атқаруы әрбір елдің бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігіне кепілдік беретін заңдарының қабылдануына және олардың толық орындалуына байланысты. Сонымен қатар, дүниежүзілік журналистер қауымдастықтарының өзара ынтымағы да маңызды. Бұл – демократиялық елдердегі журналистиканың әлемдік деңгейде көріну сипаты. Ал, біздің демократиялық елімізде тәуелсіз журналистиканы қалыптастырудағы журналистің рөлі қандай? Бұл сұраққа орай ең алдымен айтарымыз, тәуелсіз журналистиканы жасаушы журналистің алдымен жаңаша ойлау машығы қалыптасуы керек. Бұл – аса күрделі де көп қырлы үдеріс. Ол әрдайым тұрақты өзгерістерге ұшырап отыратын қоғамдық құбылыстардың, өндірістік қатынастардың, экономикалық, сондай-ақ, сан қилы қоғам заңдылықтарының объективті шындығын танып білу негізінде жүріп жатады. Жаңаша ойлау машығы – қоғамдық қатынастар арасындағы өзара байланыстар шоғырын диалектикалық тұрғыда бағалай білу қабілеттілігі болып табылады. Сондықтан, біз көптеген сәтсіздіктеріміздің айналамызда болып жатқан құбылыстар мен өзгерістерге жедел үн қоса алмауымызға, алдағыны болжауға қабілетсіздігімізге байланысты екеніне терең мән бермейміз. Нигилизмге бір сәт жол берудің қоғамдық санада жалпы жұрт мойындап отырған шынайы шындықтың өзіне екі ұдай көзқарастың қалыптасуына әкеліп соғатынын естен шығарамыз. Бұл жерде нигилизмнің қөзқарастар плюрализміне ешқандай қатысы жоқ екенін ескеру керек. Жаңаша ойлайтын журналист қолынан шыққан әрбір материалдың тұтас алғанда шындыққа негізделгеніне көңілі толып қоя салуы аздық етеді. Журналист жаңаша ойлау негізінде әрбір әріптің, әрбір сөздің, логикалық жүйенің астарына терең үңіле отырып, кәсіптік тұрғыда ой елегінен өткізуге тиіс. Қазір журналист сөзінің құны барынша артып отыр, сондықтан, жалтақтықпен айтылған әрбір жалған сөз қауіпті екенін жадымызда сақтаған жөн. Журналистің жаңаша ойлау машығы – демократияның интеллектуалды негізі, оның толыққандылығының негізгі көрсеткіші. Оның негізгі мақсаты- қалың бұқараны, қоғамды жаңғыртуға жұмылдыру. Демек, жаңаша ойлау машығы қоғам мүшелерінің ұстанып отырған азаматтық позициясының өзекті сипаты болып табылады [2]. Қоғамның қайшылығы мен шарасыздығы үдеп тұрған тұста – 1991 жылдың маусым айында қабылданған Баспасөз және басқа бұқаралық хабарлама құралдары туралы заңның атқарған қызметі туралы ерекше бөліп айту керек. Тұңғыш рет әлі Кеңес Одағы құламай тұрған шақта, сөз еркіндігіне екпін берілді. Еліміз цензураның жойылып, сөз бостандығының рухани жетістік ретінде өмірімізге қалыптасып, тәуелсіз басылымдардың дүниеге келіп, сөз мәдениетінің, рухани санамыздың өсіп-өркендеуіне сол жолғы қабылданған заңның атқарған рөлі ерекше. Ол заң жарыққа шыққанда қоғамда, журналистер, жалпы – ойлау, жазу, сөйлеу мәдениетімен, процестерімен байланысты қоғам наразылығын туғызған жоқ. Керісінше, әртүрлі қайшылықтардың басылуына септігін тигізді. Заң жарыққа шыққаннан кейін бір жылдың көлемінде 200-ден астам мемлекеттік емес, тәуелсіз басылымдардың дүниеге келіп, қоғамдық өміріміздің құрамды бөлігіне айналды. Ғажабы – сол мемлекеттік емес, бейресми тәуелсіз басылымдар қысқа мерзімде бұрынғы жүйені сынап, қажай беруден болашақта ұлтымыз кім болады, мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту жолдары қандай деген бағытта салиқалы әңгімеге бет бұрды [3]. Баспасөз үшін аса қажетті болып табылатын 20-бапты сөз етпей болмайды. Неге десеңіз, мұнда бұрынғы заңдарда жазыла бермеген өзгерістер бар: «1. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. 2. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқы бар. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді. 3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру ISSN 1563-0242 KazNU Bulletin. Journalism series. №1/1 (37). 2015 221 Әлім Ә.А. және т.б. ді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үйретуге жол берілмейді» [4]. Иә, осынау бапта келтірілген мәселелердің қай-қайсысы болса да өзекті екені тайға таңба басқандай болып шыққан. Шығармашылық еркіндігі баспасөз, тіпті басқа бұқаралық ақпарат құралдарына ауадай қажет екені екібастан белгілі. Әсіресе қазіргідей демократия заманында. Сондай-ақ «Цензураға тыйым салынады» деген сөздер де журналистердің көкейінде жүрген түйін болды. Бұған қоса цензура мен демократия бір қазанда басы піспейтінін уақыт көрсетіп отыр. Осылайша мәселенің мәнін ашып беру керек-ақ еді, сол миссия орындалған секілді. Айта кету керек, кеңестік кезде де «цензура жоқ» делінгенмен, ол орындалмай қалған арман еді. Айтылуын айтылғанмен, іс жүзінде бәрі де керісінше болғанын журналистер қауымы жақсы біледі. Енді ғана баспасөз қызметкерлерінің жолы ашылып отыр. Қазір әлемде мазасыздық та барын қай ел болса да көріп-біліп отыр. Бұл жайында Президент Н.Назарбаев Алматыда өткен үшінші Еуразиялық медиа-форумда былай деген еді: «Бірақ аймақтағы қауіп-қатер жағдайында ымырашылдықтың киын екенін де көре білу керек. Біз түгілі, көп ғасырлық демократиялық дәстүрлері бар мемлекеттер де халықтардың қауіпсіздігін сақтау үшін миграциялық бақылаудан қосымша әлеуетті құрылымдар жасауға дейін, оқу орындарында діни киімдер киюден банк жүйесіндегі қатаң бақылауға дейін, қару күшін қолданудан ақпараттық цензураға дейінгі шектеулер қоюға мәжбүр болып отыр. Осының бәрі, өкінішке қарай, өмір шындығы, ал бұлар ымырашылдық соқпағынан алыс жатыр» [5]. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қоғамнан бөлек журналистика болмайды. Қоғам мен журналистика бір-бірімен өте тығыз байланысты. Егер қоғам ала-құла болса, журналистика да дәл сондай болады. Дегенмен, есте болатын бір жайт, журналистер тек биліктің сойылын соғушы емес, халықтың атынан сөйлеуші. Халық көп. Әркімнің айтар ойы бар. Ендеше, оны кім жеткізеді. Әрине, тағы да журналистер жеткізеді. Міне, Ахмет Байтұрсыновтың баспасөз халықтың құлағы, көзі, тілі деп отырғаны осыдан туындайды. Журналистиканың қоғамдағы тағы бір ерекше қызметі – ол атқарушы билікті үнемі түрткілеп, оятып отырады. Айтатын кезінде ай- тып, сынайтын кезде сынап та алуға құқылы. Ал, журналистика – биліктің ондай қитұрқы әрекеттерді жасауына жол бермейді. Дамыған елдерде, зиялы ортада қоғамдық пікір бәрінен жоғары тұрады. Ол пікірден сол елдің билігі именеді, аяғын тартады. Ал, сол қоғамдық пікірді жасайтын, қоғамнан – билікке, я болмаса биліктен – қоғамға жеткізетін кім? Тағы да сол, журналистер. Міне, осыдан келіп, саясаткер, әрі публицист Э.Берк 1776 жылы баспасөзді «төртінші билік» деп атағаны бекер емес. Яғни, мейлі ол мемлекеттік басылым болсын, тіпті жекеменшік ақпарат көзі болсын, қай уақытта да тек халықтың атынан сөйлегенде ғана өзінің қызметін толық әрі әділ атқара алады. Оқырманның сүйіктісі мен сүйкімдісіне айнала алады. Қазақстанда сөз бостандығы бар екенін уақыт көрсетіп отыр. Бірақ, сөз бостандығы бар екен деп баспасөзді қалай болса солай пайдалануға болмайды. Қазақ журналистикасы алдыменен ұлттық идеологияға қызмет жасауы керек. Егер, журналистің өресі жетіп тұрса, айқын дәлелі бар болса, неге айтпасқа?! Ондай ақпаратқа орын әрқашан болады. Сондықтан, жазылмай, айтылмай жатса – ол журналистің кемшілігі. Осы тұрғыдан келгенде қазақ журналистикасы көштен қалып қойған жоқ. Қоғамда алып отырған лайықты орны да бар. Осы тақырыпқа орай, «Kerey.kz» ақпараттық танымдық порталында жарияланған ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Дидахмет Әшімхан өз сұхбатында: «Осыдан біраз жыл бұрын Ресейдің белгілі бір қоғам қайраткері «Кімнің қолында БАҚ болса, билік соның қолында. Кеңестік кезеңде журналистика, шын мәнінде, төртінші билік дәрежесінде болды. Өйткені, БАҚ-пен, әсіресе, газеттермен санасатын. Әкім-қаралар да, халық та. Ол уақытта журналистерден қорқатын. Мәселе қорыққанда емес. Газет беттеріне шыққан сын материалдардан нәтиже шығатын. Ол уақытта журналистер еңбектерінің жемісін көрді. Ал, қазір ше? Қазір журналистика төртінші билік емес, тек қоғамдық пікірді қалыптастырушы ғана. Кеңестік кезеңде жазуға тыйым салынған тақырыптар болды. Мысалы балалар үйі туралы мақала жазбақшы болғанымда біраз кедергіге тап болдым. Ол кезде «бізде панасыз, бейшара балалар жоқ» деген пікір қалыптастырды. Ал, қазір кез келген телеарна зорлық-зомбылық, ұрлық, қылмысты жарыса хабарлайды. Оны көріп отырып өмірден түңіліп кетесің. Міне, демократияның атын жамылып, қоғамда келеңсіз көріністерді көп 222 ҚазҰУ хабаршысы. Журналистика сериясы. №1/1 (37). 2015 Тәуелсіз журналистиканың демократиялық қоғамдағы орны көрсету арқылы елді дүрліктіріп отыр. Журналистика қоғамды Плюралистік көзқарас – пікірлерге билік құлақ асып, ескеріп отыруы тиіс. Оның арасалмағын ажыратып, пайдалы іске арқау етуі жөн. Осылайша ашық қоғамдағы сөз өз діттеген жерінен шықпақ. Демократиялық қоғамдағы еркіндік осылай жүзеге асады. Ашық қоғамның өзі сайып келгенде – демократиялық қоғамды меңзейтіні айдан-анық. Әлемге әйгілі жалпыға ортақ адам құқықтары жөніндегі Декларацияда былай деп жазылған: «Барлық адамның туылуы бостандықта болады және олардың ар-ожданы мен құқықтары бірдей»[7]. Міне, бұл қай ел, қай жерде болса да бұлжымайтын ереже. Мұны Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған. «Плюрализм» термині 1712 жылы философияда неміс Х.Вольфтың енгізген ұғымы. Ашық қоғам құрып отырған Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары бостандықта жұмыс істейді. Осыған байланысты, БАҚ-тың алға қойған мынандай – мақсат міндеттері бар: 1. Бұқараға бағыт немесе арнау. Яғни, барлық ақпарат мәселелері қоғамға, халыққа, көпшіліктің аудиториясына арналмақ, олармен тікелей байланыс орнатылмақ. 2. Бүкіл ақпарат көпшіліктің сұраныс қажеттілігін, талап-талғамын қанағаттандыру үшін берілмек. 3. Қоғамдық істерге байланысты әрі халық күткен мәселелерді белсенді позиция ұстап, соған жұртты жұмылдыруға атсалысу болмақ. 4. Көпшіліктің пайдалануына ақпараттың тиімді, қолайлы әрі арзан болуын қарастыру. Жұрт ақпаратты қиналмай қабылдайтындай болуы керек. 5. Жұртшылықтың бәрі бірдей және тұрақты түрде ақпарат хабарларды алып отыруға мүмкіндік туғызу. 6. Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпараттық өмірге қатысуына жол ашу т.б. Қазіргі кезде қоғамдық сананы қалыптастыруда журналистиканың рөлі біреу ғана және ол әлдеқашан айқындалып қойған. Ол – проблемаларға қоғам назарын аударту, яғни тұрмыстық, әрі ұсақ проблемалар деңгейінде қалып қоймай, қоғамда болып жатқан салмақты да салиқалы, әлеуметтік маңызы зор мәселелерді көтере отырып, халыққа шынайы жеткізе білу.