Таңшолақ бидің шешендік сөздері

Абайдың нағашысы Алшынбай Таймас болыспен бірге қонақта отырыпты. Осы үйге кіріп келген қауғадай қара сақалды Таңшолақты көріп, Алшынбай Таймасқа қарап: «Ауыздағы сөз, аяқтыға жол бермейтін Қареке руының Таңшолақ деген шешені осы ма», — депті. Кейін Таңшеке неге жауап бермедіңіз деп сұрағандарға: «Жауап берем деп ыңғайланғанымда, қарасам Алшынбайдың екі иығында екі періште отыр екен, тілім байланды да қалды.Екеуі аузыңды ашып көр, орныңда отырған бойда жұтып жіберейік дегендей маған екі айдаһар болып көрінді», — депті. Бірде Ордабай болыс (даңқты Игілік бидiң баласы) Таңшолақты мұқатпақ болып: — Осы сізде қанша жылқы бар десе керек. Сонда Таңшекең ойланып тұрып: «Санап едім, сіздің астыңыздағы атпен тоғыз» — дегенде, Ордабай жеңіліп, аттан түсіп, атты Таңшекеңе қалдырып, өзі жаяу қайтыпты. Бірде Таңшолақ шешен қонақ болып отырғанда, оның пышағын сол үйдің қызы ет турауға сұрап алыпты.

Сүйтсе пышақ сүртілмепті. Сонда әжуаламақ болған бойжеткен: — Пышағыңыздың майы мұнша, қолыңыздың кірі қанша болғаны, аға? — депті. Бұл сөзге Таңшекең: — Пышағым майлы болса — елімнің тоқтығы болар, «аға» деп атаңды сөксең, ақылыңның жоқтығы болар, балам, — деп, жауап қайтарыпты. Қареке руымен көршілес Тоқа руының қоңқақ мұрын биі бір күні: «Таңшолақ, қандай шешен болсаң да, сені бір сүріндірермін» — деп жолға шығыпты. Қасына бірер кісіні ерте шықса керек. Кешке жақын ауыл жанындағы төбенің басына шығып, жан­ жағына көз жіберіп қарап отыру Ташекеңнің әдеті екен. Осылай таза ауада тамашалап отырған оған, Тоқа руынан келген би: — Ассалаумағалейкум, — деп алдына келе беріпті. Таңшолақтың көзіне ең алдымен сәлем беріп тұрған бидің мұрны түсіпті. — Уағалейкумассалам, шырағым, мұрныңды әрі тартшы, қасыңдағы кісіні көрейін, — деген екен.

Читайте также:  Ашық қоғам және оның жаулары

Уа, Таңшеке, мен сені қауып айтатын адам ба десем, сөзді орынды тауып айтатын нағыз шешен екенсің ғой. Тапқырлығыңа бас идім, — деп, келген мейман Таңшолақ бидің алдына жығылыпты. Бірде ауылдың мешкей жігіті Таңшолақтан: — Осы қай уақытта тамақ ішкен жөн деп, — сұраған екен. — Оның шешімі оп­оңай. Бай адам қарны ашқан уақытта, ал, кедей адам қоректік бірдеңе тапқан кезде, — депті шешен. Таңшолақ би егде жасқа келгенде бір жұмыстарымен Ақмола қаласына келіп, өзінің ежелгі танысы — бір саудагердің үйіне келіп отырады. Үй иесі әңгіме айтуды жақсы көреді екен. Бірақ, әңгіме айтқанда малтасын езіп, тыңдаушысын әбден мезі қылады екен. Ол ұзақ жолдан шаршап­шалдығып келген, егде жастағы Таңшолаққа қаладағы саудагерлердің бірін мақтап, бірін даттап әңгімесін соза беріпті. Шыдамы таусылған Таңшолақ би: — Уа, тақсыр, менің сізден бір сұрағым бар, сол айтып отырған саудагерлеріңнің өзі тамақ iіше ме екен?—депті. Көп сөйлеп кеткенін сезген үй иесі сонда барып: — Бәйбіше, тамағыңды әкел, — деген екен. Таңшолақ би басқа ел басыларынан гөрі өнерге бір табан жақын болыпты. Ел жұмысынан қолы босаған сәттерінде домбыра тартып, баяу, қоңыр дауысымен отбасында ән салып отырған кездері де болған екен. Бірде ел ішіндегі бір шежіреші сымақ жігіт бидің ата­тегін сұрап мазалай беріпті. Таңшекең сонда: «Қареке арғы затым, атам — қазы, Құрбылар толып жатыр сізден өзге. Атамның аты­жөнін ұғып алып, Айтарсың өсек етіп қандай жерге?» — деп жауап беріпті. Таңшолақ бидің осы сөздерінен­ақ, оның «ата, ру, тайпа болып бөлінбелік, ел болып бүтіндігімізді сақталық» деген азаматтық ұстанымы айқын аңғарылады.

Оставить комментарий