Загрузка…

ТАМАҚ ӨНЕРКƏСІБІ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ

Тамақ өнеркəсібі ұйымдарының экономикалық өсуі бəсекелестікті күшейтумен қоса жүргізіледі, бұған көптеген ірі өндірушілер дайын болмады, бұл өнім көлемінің кемуіне жол берді. Жақсы жағдайда өнім өндіруді тұтынушылардың сұраныстарына байланысты өзгертіп жəне тəртіпке келтіріп, реттеп отырған компаниялар ғана бола алды. Тамақ өнеркəсібі ұйымдарының даму стратегиясы бəсекелестік артықшылықты қалыптастыруға бейімделген болу керек. Бəсекелестік артықшылықтың жоғарғы сатысына патенттелген технология екендігін ескере отыра, бірегей өнім негізінде дифференцияция жасау, персоналдардың жоғары кəсіби жəне басқа да факторлар, бəсекелестік артықшылықты ұстау жəне құрудың негізгі көзі өндірістің тұрақты инновациялық дамуы мен жаңартылуы болып табылады (1- сурет). Сонымен, мемлекетіміздің экономикасының дамуы жəне халықтардың əл-ауқаты деңгейінің жақсаруы кондитерлік өнімге деген сұраныстың артуына əкеледі, бұл өз кезегінде, кондитерлік өнім өндірісі көлемін ұлғайтады. Кондитерлік өнім нарығының даму потенциалы мен өсу жағдайын кешенді талдау негізінде салалық кəсіпорындарда кездесетін негізгі проблемалар айқындалды: шикізаттар мен материалдар алу үшін айналым капиталының шектеулігі; кəсіпорындардың техникалық жəне технологиялық қайта жабдықтау жөніндегі өз инвестициялық бағдарламаларын қаржыландыру көздерінің шектеулігі; ішкі нарықта төменгі бағадағы импортталған кондитерлік өнім көлемінің көптігі; экспорттың дамуын тежейтін объективті экономикалық факторлардың болуы; қазіргі Қазақстанда өндірілмейтін жəне өсірілмейтін шикізаттар жəне теңдесі жоқ технологиялық жабдықтар баж салығы; негізгі шикізаттар, энергия тасымалдаушылар бағаларының, транспорттық шығындардың артуы. Осы аталған проблемаларды ескере отырып, тамақ өнеркəсібі, оның ішінде зерттеліп отырған кондитерлік өнім өндіруші ұйымдардың негізгі даму бағыты есебінде төмендегілерді бөліп айтуға болады: — сату-делдалдық операцияларға байланысты жіберілген пайда бөлігін қайтару; — кондитерлік өнім тапшы регион нарығына шығу; — нарықтан импорттаушыларды ығыстырып жəне экспорттық сатылуды көбейту; — нарықта сұранушылардың перспективалық ұзақ мерзімді потенциалды тұтынушылар қатарын пайдалану. Экономиканың əртараптандыру мен жаңарту, бəсекеге қабілетті өнімнің негізгі түрлерін өндіру мен экспорттың өсуі үшін жағдай жасау негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға индустриалды- инновациялық дамуы Стратегиясы қабылданды. Стратегияның негізгі мақсаты шикізатты бағытталудан бас тартуға көмектесетін эконо- мика салаларын əртараптандыру, ұзақ мерзімді уақытта қызметті-инновациялық экономикаға көшу үшін жағдай дайындау жолдарымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу болып табылады. Тамақ өнеркəсібінде жəне қызмет саласында бəсекеге қабілетті жəне экспортты- бағытталған тауарларды, жұмыстарды жəне қызметтерді өндіру мемлекеттік индустриалды- инновациялық саясатының негізгі тапсырмасы болып табылады. Əлемдік азық-түлік өндірушілерінің кеңейіп отырған өткізу нарығы үшін бəсекелестік күрестің күшеюі отандық өнімдердің бəсекелестікке қабілеттілігі мəселесін қиындатады. ХХІ ғасырда ауыспалы экономикалы елдерде нарықтық қатынастар дамуының мəселелері арасында ерекше орынды алатын əлемдік экономикаға бейімделу мəселесі болып табылады. Президент Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа Жолдауында анықталған стратегиялық басымдылықтарға сəйкес елдің ұзақ мерзімді келешектегі дамуында екі ұстанымдық қағидалар негізінде экономикалық өсуді қамтамасыз ету тапсырмасын орындау қажет: біріншіден, ұлттық экономиканың одан əрі ашық болуын жəне, екіншіден, Қазақстанның ерекше геополитикалық артықшылықтарын (көптеген ірі нарықтар арасындағы «байланыстырушы буын» ретінде) пайдалануды қамтамасыз ету [1]. Трансұлттық монополиялар мен интеграциялық одақтар құру негізінде бүкіл əлемдік жүйенің өндірісін қоғамдандырудың жаңа сатысына əкелген қазіргі заманғы ғылыми- техникалық прогресстің дамуы халықаралық еңбек бөлінісі үшін сапалы жаңа жағдайлар жасады. Бұл жағдайлар, М.Б. Кенжегузин атап өткендей, тауарлардың қарапайым алмасуы мен жеке капиталдың өсуі үшін шектеу қояды, бірақ еларалық технологиялармен алмасу мен маманданудың даму мүмкіндіктерін кеңейтеді [2; 264 б.]. Осылайша, Қазақстанның əлемдік шаруашылық жүйеге кіруі мен бейімделуі мəселесі кеңірек жазықтық – геоэкономикалық жазықтықта жатыр. Осыдан, қазақстандық экономиканың əлемдік шаруашылық қатынастарға бейімделу механизмдерін іздеуді сыртқы сауда қатынастары саласында бейімделу механизмдерімен шектеген дұрыс емес. Берілген жүйе ұлттық қайта өндірудің əлемдік қайта өндіру кезеңдерімен келісімдеудің қолайлы деңгейін қамтамасыз етуге Кондитерлік өнімдер өндіруші кəсіпорындар даму стратегиясы Белгіленген сапа мен құрылымына қатысты химиялық құрамын өзгертуге бағыттылған сапалы жаңа кондитерлік өнім технология аясын зерттеу Технологияның қазіргі шикізат сапасының өзгерісіне кондитерлік өнім өндірудің барлық кезеңінде бірегей технологиялық тəсілдерді қолдану қағидасын пайдалана отырып бейімделуі Прогресшіл технология жəне жабдықтар құрудың жүйелі тəсілі Мектеп жасына дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларға арналған сауықтыру-сақтық шаралары үшін жəне шажырқай без ауруларына қарсы кондитерлік өнімдер өндіру Кондитерлік өндірісте тағамдық қоспаларды пайдалануды ғылыми негіздеу Кондитерлік өнім технологиялық ағысын бақылайтын жəне салалық технологиялық базаны жетілдіру масатында жаңа аспаптар базасын құру 66 Вестник КазНУ. Серия экономическая, № 6 (82). 2010 мүмкіндік беретін «қайта өндіру блогының» барлық механизмдерінен тұру керек. Берілген стратегиялық бағыттамаға сүйене отырып, біздің елдің алдыңғы жылдардағы негізгі тапсырмасы — өзінің маңыздылығы бойынша ұлттық экономиканың ішкі əлуетін əлемдік шаруашылық жүйенің өз бетінше органикалық бөлігі ретінде ең толық ашатын отандық экономика салаларын басымды дамыту болып табылады. Бұл жағдайда, сөз тек сыртқы экономикалық қызметті дамыту туралы ғана емес, сонымен бірге, ұлттық экономиканың əлемдік өндірістік үрдістермен өзара əрекеттестігі туралы болып отыр. Осыған байланысты, республиканың əлемдік нарықтағы жайғасымын нығайтуға мүмкіндік беретін бəсекеге қабілетті ұлттық өндірісті құру мəселелері ерекше өзекті болып табылады. Отандық экономиканың бəсекеге қабілеттілігін арттыру, экономикалық тəуелсіздік пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өсуші жаһандану үрдістерінің, Қазақстан Республика- сының əлемдік экономикаға бірігу бағытының жағдайларында азаматтардың əл-ауқатының артуы біздің мемлекеттің келешек дамуының басты стратегиялық бағыттамасы болып табылады [3; 4]. Республиканың экономикалық əлуетін жан-жақты жəне жеделдетілген өсуі бойынша ел басшылығы қойған тапсырмалардың сөзсіз өзектілігі «бəсекеге қабілеттілік», «индустриал- ды-инновациялық даму», «экономикалық қауіпсіздік» жəне т.б. дамушы қазақстандық экономика үшін сапалы жаңа ұғымдарды теориялық, сонымен қатар, тəжірибелік жоспарда нақтылап зерттеу қажеттігін тудырды. Республиканың тамақ өнеркəсібінің қазіргі заманғы жағдайын талдай отырып, өңдеу өндірісі саласындағы жағымды өзгерістерге қарамастан, Қазақстан экономикасы, əлі де, негізінен ауылшаруашылық жəне минералды-шикізатты секторларға негізделгенін айта кету керек. Қалыптасқан жағдайда, ХХІ ғасырдың 1990 жылдары ақталған шикізатты максималды шығару саясатын жалғастыру Қазақстанның шикізатты (колониалды) мамандануының нығаюын білдіретін факт айқын көрініп тұр, ал əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, шикізат саласы дамушы елдер тұрмақ, тіпті индустриалды дамыған елдер арасында жалпылама бəсекелестік орталығы болып саналмайды [5; Б. 87-90]. Қазақстан қазіргі сатыда жаңа экономикалық саясатты қалыптастыруда, ол жоғары қосылған құны бар өнімдерді өндіру мен экспорттау есебінен ұзақ уақытты тұрақты экономикалық дамуы үшін қажетті алғышарттарды құрумен, əртараптандырылған бəсекеге қабілетті өнеркəсіпті құру мен қызметті-технологиялық экономикаға көшу үшін жағдайлар дайындаумен сипатталады. Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, бəсекеге қабілеттілік кез-келген елдің экономикасының дамуының ерекше маңызды факторы жəне шаруашылық кешенінің ең жақсы экономикалық көрсеткіші болып табылады. Бəсекеге қабілетті экономиканы құруда сəттілікке жету қажетті əлуетті жинақтауға мүмкіндік беретін бірқатар сатыдан өтумен сипатталады. Өзгерулердің бастапқы сатысында тұрған елдер бəсекеге қабілетті тауарларды өндіретін салалардың тар шеңберінің болуымен сипатталады. Бəсекелестік артықшылықтарына негізінен табиғи қорлар жəне арзан жұмыс күші сияқты негізгі факторлар есебінен қол жеткізіледі [6; Б.4-7]. Бұнда, жоғары технологиялардың болмауы төмен бағамен өтеледі. Сыртқы нарыққа шығу жаңа технологияларды жеткізетін немесе кейде басқарушылық берне- лерді атқаратын шетелдік серіктестермен біріккен кəсіпорындарды құру арқылы жасалады. Жоғары технологиялардың болмауы жəне экспорттық өнім түрлерінің шектелгендігі экономиканы əлемдік конъюктураның құбылыстарына өте сезімтал қылады. Бұндай эконо- мика қазіргі жағдайларда сəттілікке жетпейді. Бұл кеңестік заманнан кейінгі жаңа тəуелсіз елдердің мысалында көрініп тұр, бұл кезде шикізатты өндірістерге екпін жасау сəттілік əкелмеді. Бірінші сатыда тұрған елдер тобына дамушы елдердің көбісін жатқызуға болады, алайда бұл сатыны өзінің дамуында индустриалды дамыған елдер де басынан кешірді. Бəсекелестікке қабілеттің əлуетін жинақтаудың екінші сатысында сəттілік экономиканың өндірісті кеңейтуге, оның технологиялық қайта қарулануына инвестициялау ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №6 (82). 2010 67 мүмкіндіктеріне тəуелді. Қолданып отырған технология əрқашанда қазіргі заманғы емес, бірақ ел мүмкіндіктеріне жеткілікті дамыған жəне бейімделген. Қолданылып отырған технологияны жақсарту қабілеті – берілген сатыда ел сəттілігінің бағасы осы. Бұл тапсырманы орындау өндіріс пен экономиканың ашықтығын арттырудың əлемдік жүйесіне тығызырақ ену көрінісінде ішкі нарықта меншікті өндірістің тауарларының бəсекеге қабілеттілігін біртіндеп сыртқы нарыққа шығумен бірге қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үшінші саты жаңа технологияларды пайдалануды ғана емес, олардың əзірленуі мен таралуын көздейді, бұл ел экономикасының қайсыбір кемшіліктерін өтеуге мүмкіндік береді. Бұл сатыда ғылыми сыйымдылықты өндірістерде жəне машина жасау салаларында бəсекелестікке қабілеттілікті кеңейту, материалды емес өндіріс саласының дамуы (қаржылық, делдалдық жəне басқа қызмет түрлері), трансұлттық корпорациялардың санының артуы ел жетістіктерінің көрсеткіші болып табылады. Үшінші сатыға жетудің көрнекті мысалы индустриалды дамыған елдер – АҚШ,Германия, Франция бола алады. Егер жоғарыда аталған сипаттамаларды Қазақстан экономикасының бəсекеге қабілеттігі- нің анықтамасы үшін қолдансақ, біздің ойымызша, ол бірінші сатыда тұрған елдерге жатады. Тəуелсіздікті алғаннан бері Қазақстанның дамуында оның экономикасының шикізатты бағытталуы, алдында айтылғандай, одан əрі тарылды. Бүгінгі күнде республика бəсекеге қабілетті тауарлар өндіретін салалардың тар шеңберімен сипатталатын сатыда тұр. Жалпылама қабылданған өлшеулер бойынша, саланың үлесіне əлемдік экспорттың 25-30% келетін болса, ол бəсекеге қабілетті болып саналады. Біршама ірі өндірістік кешеннің болуына қарамастан, өндіріс құрылымының біржақтылы- ғынан Қазақстанға сыртқы, сонымен қатар ішкі нарықта бəсекелестікке қабілетті болу қиын. Отандық өнеркəсіптік өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру мəселесіне материалды өнді- ріс əлемінде қалыптасқан нақты жағдайларды есепке ала отырып, объективті қарау керек. Өнеркəсіптің нақты секторының көтерілуіне көмектесетін шаралар кешендері арасында «2010 жылы Қазақстан Республикасының дамуының Стратегиялық жоспарында» көрініс тапқан бағыттамалар ең адекватты болып табылады. Осы құжатқа сəйкес, өздерінің ішкі нарығында импортты тауарларға бəсекелес болудың жəне біртіндеп əлемдік нарықта орын табудың əлуетті қабілетіне сүйене отырып, ішкі бағытталудың салаларының үш блогы бөлінді: азық-түлік, мұнай-газ өңдеу өнеркəсіптері мен электро-энергетика кірген жоғары бəсекелесті; машина құрылысы мен құрылыс материалдары өнеркəсібі кіретін орташа бəсекелесті; жеңіл (мата-тігін, былғары-аяқ киімді) жəне ағаш өңдеу өнеркəсібі кіретін төмен бəсекелесті. Бұл бағыттардың басты тапсырмасы: Тамақ өнеркəсібі үшін: импортты алмастыратын өндірістің, азық-түлік нарығының жеке сегменттерінде экспорттың дамуы; саналы тауар протекционизмін жүргізу, ішкі нарықты əділетсіз бəсекелестіктен, демпингтен жəне субсидияланған экспорттан қорғау [7]. Берілген нормативті құжаттың əзірленуі мен қабылдауының, стратегиялық бағытты- лығының тəжірибелік маңыздылығы сөзсіз. Нарықтық шаруашылық модельдің даму жағдайларында жоспарға орын жоқ деп санаған экономистердің кейбір бөлігінің бұрындағы белгілі пайымдамалары бүгінде ескірген. Қаншалықты таңғаларлық болса да, Батыс елдерінің нарықтық экономикасын құрудың дамыған жағдайларында өмір сүрген жəне соның негізінде əлемге белгілі болған дəл осы экономист-ғалымдардың өзі, адамзат тарихында «таза нарықтық экономика» болмаған жəне болмайды деп, сөз адамдардың шаруашылық қызметінің координациясының жоспарлы жəне нарықтық модельдерінің оңтайлы үйлесімі туралы болу керек деп бұлжытпай дəлелдеген еді. Рационалды тепе-теңдік пен макроэкономикалық тұрақтылықты қолдау мақсатында мемлекеттің əлеуметтік- шаруашылық үрдістеріне əкімшілік-экономикалық жəне ұйымдастырушылық-құқықтық араласуының негізгі түрі – экономиканың мемлекеттік реттеу механизмдерінің жүйесінде жоспарлаудың ролін нығайту қажеттілігін түсіне отырып, республикада соңғы жылдары халықтың өмір тіршілігінің түрлі аспектілерін қозғайтын дамудың стратегиялық жоспарын əзірлеу мен келесі сатылап енгізу мəселелеріне көбірек көңіл бөлінуде [8]. 68 Вестник КазНУ. Серия экономическая, № 6 (82). 2010 Алайда, интеграциялық үрдістердің ел экономикасына кіру қарқындарының өсуі қабылданған жəне қазіргі кезде сəтті жүзеге асырылып жатқан даму бағдарламаларымен қатар, мемлекет Қазақстанның халықаралық бəсекеге қабілеттілігінің нақты жəне қатаң бағытталған ұлттық саясатын əзірлеуді ғылым, бизнес жəне қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің белсенді қатысуымен жүзеге асыру керек. Басқа бірде-бір елде жоқтай, Қазақстанның бəсекеге қабілетті өнімді өндіру үшін жəне сол үшін экспорт пен импорттың құрылымын түбегейлі өзгерту үшін барлық қажет мүмкіндігі бар. Жасалып жатқан жұмыстың негізінде импорттың қысқаруына жəне отандық тауар өндірушілерді қолдауға септігін тигізетін шаралардан тұратын импортты алмастыру саясатының тұжырымдамасы жатыр. Шараларға келетін болсақ, қайта құру мен жаңа қуаттарды құру арқылы импортты алмастыратын өндірістерді жақсартуға мүмкін өндіріс салаларын нақты анықтау қажет. Сонымен бірге, қазақстандық нарықтың импорт үшін жабылуын болдырмау керек, себебі ол отандық өндірушілер үшін түрлі жəне жоғары сапалы болуға тиісті өздерінің өнімін жетілдіруге ынта болып табылады. Осы тапсырманы өзі үшін анықтай отырып, қазақстандық бəсекелестік ортасының сапасының əлемдік нарықтағы аналогтарының сапасымен біртіндеп жақындасуын жүргізу қажет. Бұл тапсырмаларды орындау өндірістің əлемдік жүйесіне тығыз ену мен экономиканың ашықтығын арттыру аясында біртіндеп сыртқы нарыққа шығумен бірге, ішкі нарықта меншікті өндіріс өнімдерінің бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Бəсекеге қабілеттілік» сипаттамаларын, оның нарықтық стратегия мен «кəсіпорынның икемді дамуы» сапалы жаңа экономикалық категориясымен өзара байланысын зерттеуді бастай отырып, бұл ұғымды қалай түсіну керектігін анықтап алу қажет. Экономикалық ғылымда «бəсекеге қабілеттілік» ұғымы пікір тартысарлық болып табылады. Бұл бəсекелестікке қабілеттілік пен оның анықтамаларындағы елеулі айырмашы- лықтардың болуына себеп болады. Бірқатар отандық жəне шетелдік зерттеушілердің еңбектерін зерттей жəне олардағы ұғымдарды жүйелей отырып, біздің ойымызша ең қисынды жəне толыққанды анықтама К.А. Сагадиевпен оның соңғы жұмыстрының бірінде берілген: «ұлттың бəсекеге қабілеттілігі – бұл ұзақ уақыт бойы халықтың нақты табысын қолдай жəне арттыра отырып, халықаралық нарықтардың талаптарына сəйкес келетін тауарлар мен қызметтердің өндірісінде еркін нарықтық экономика жағдайларында елдің мүмкіндіктерінің деңгейі» [9; Б. 78-82]. Ұйымның бəсекеге қабілеттігінің ұғымын, əдетте, оның тиімді өндірістік-шаруашылық жəне коммерциялық қызметін қамтамасыз ете отырып, бəсекелестерге қарсы тұру, тұтынушыларды сақтау мен көбейту мүмкіндіктерін бағалаумен байланыстырады [10]. Тауардың бəсекеге қабілеттілігі, өз қатарына, М.И. Кныштің пікірінше, бұл берілген өнімнің нақты сатып алып жатқан тұтынушы үшін тартымдылығының деңгейі [11; 35 б.]. Тауардың бəсекеге қабілеттілігі ұғымының мəнін аша отырып, К. Бейсембетовтың пікірінше, бəсекеге қабілеттілік – бұл тауардың бəсекелестің тауарынан оның нақты қоғамдық қажеттілігі, сонымен бірге, оны қанағаттандыру шығындары дəрежесі ретінде ажырататын сипаттамасы [12; Б. 47-51]. Ұсынылған анықтамаларды, жеке алғанда тауардың бəсекеге қабілеттілігін талдай отырып, анық болып тұрғаны – берілген экономикалық категория ретінде тауардың тұтынушының қажеттіліктеріне сəйкес болу, сатылу қабілеті. Бəсекеге қабілеттілік, сападан басқа, маркетингтік, коммерциялық жəне экономикалық құрамдастардан тұрады, олар тауарды тұтыну бағасын құрайды, бұл баға сатып алу бағасы болып табылмайды, тауардың пайдалану үрдісіндегі қолдану тиімділігін көрсетеді. Осылайша, тауардың бəсекеге қабілеттілігі – жоспарлы жəне күрделі мəселе, оны шешудің дəрежесін жалпы елдің экономикасының дамуының көрсеткіші ретінде көруге болады. Өнімнің бəсекеге қабілеттілігінің деңгейіне нарықтың келесі факторлары елеулі əсер етеді: нарықтың жеке сегменттерінің еңбек сыйымдылығына сұранысты қанағаттандыру дəрежесі, бəсекелестердің болуы, тауарлардың əлеуметтік-демографиялық сипаттамалары, қамтамасыз ету жəне өткізу желісінің жəне сатудан кейінгі қызметтің дамуы. Əр тауар үшін ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №6 (82). 2010 69 оның бəсекеге қабілеттілігінің деңгейін бағалау қажет, бұл кейін талдау жасап, сəтті баға саясатын əзірлеу үшін керек. Сатып алушылардың мінез-құлқын зерттеу көрсетіп отырғандай, салыстыру мен таңдау үрдісінде тауарды пайдалану жəне сатып алу шығындарының пайдалы тиімділігі басқа ұқсас тауарлармен салыстырғанда артығырақ болған тауар жеңіп шығады. «Тауардың бəсекеге қабілеттілігі» ұғымының мəнін қарастыра отырып, оның «өнім сапасы» ұғымымен өзара байланысына көңіл бөлген жөн. Берілген екі ұғымның нақты байланысы мен өзара толықтыруы көрініп тұр, алайда, жиі жағдайда болатындай, берілген экономикалық категориялардың айырмашылықтарын нақты түсінудің жоқтығына байланыс- ты, оларды ұқсастыру дұрыс емес. Осылай, Е.М. Белый мен С.В. Барашковтың пікірінше, берілген ұғымдарды келесі аспектілерде қарастырған жөн. Біріншіден, кез-келген тауардың бəсекеге қабілеттілігі тек сатып алушының қызығушылығын тудыратын жəне берілген қажеттіліктің қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін қасиеттерінің жиынтығымен анықта- лады, ал көрсетілген шектерден тыс шығатын көрсеткіштер бағалау кезінде есепке алынбау қажет, яғни, өндіруші үшін тиімділік көрсеткіштері тұтынушы үшін жиі жағдайда маңызды емес. Екіншіден, өнім сапасының деңгейін анықтаудың қажетті элементі бəсекелестікке қабілеттілікті бағалау кезінде таңдауы біршама қиын болатын қайсыбір негіздік үлгімен салыстыру болып табылады. Үшіншіден, сапаны бағалау мен нысандардың арнауы мен қолдану аясын ғана емес, негізгі конструктивті жəне технологиялық ерекшеліктерін есепке алып кейінгі бағалауы негізделген болып табылады. Ал негіз ретінде нақты қажеттілікті қанағаттандыру алынатын бəсекелестікке қабілеттілік жайғасымынан қарағанда, элементтік негіз, атқарымдық ұстанымдары, дайындау технологиясы бойынша айырмашылығы бар, бірақ бір қажеттіліктің түрлі қанағаттандыру жолдарын беретін бұйымдарды салыстыру мүмкін. Төртіншіден, қолданыстағы нормативті құжаттарға сəйкес сапаның талдауын жасау тауардың бəсекеге қабілеттілігінің дəрежесінің бағасын бермейді [13; Б. 30-31]. Жоғарыда аталғанға сүйене отырып, егер сапа деп қасиеттердің жиынтығы түсінілсе, бəсекеге қабілеттілік олардың нақты қоғамдық қажеттілікке сəйкес болуымен сипатталады. Бұл жағдайда, бəсекеге қабілеттіліктің деңгейін бағалау кезінде бір қажеттілікті қанағаттандыратын бірыңғай емес тауарларды салыстыру да мүмкін. Сапаның сипаттамалары, əдетте, өндірушінің мүдделеріне сай анықталады, ал бəсекеге қабілеттіліктің сипаттамалары, ең алдымен, тұтынушының мүдделерін қорғайды. Өнімнің сапасының деңгейі мен техникалық деңгейі қазіргі өндірістің деңгейімен анықталады, ал бəсекеге қабілеттілікті бағалау үшін, оны оның қажеттіліктерінің даму деңгейімен салыстыру керек, бұнда бəсекеге қабілеттіліктің қажеттіліктердің даму деңгейінен артуы жеке сипаттамалар бойынша сатып алушымен бағаланбауы мүмкін жəне қажетті экономикалық тиімділік бермейді. Осылайша, өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру — бұл көп жоспарлы жəне кешенді тапсырма, оны шешу отандық кəсіпорындар мен жалпы ұлттық экономика үшін басым стратегиялық бағыттама ретінде саналады. Жоғарыда аталғанның бəрін қорытындылай отырып, Қазақстанның ғаламдық бəсекелес- тік аймаққа енуінің нақты жолы, біздің ойымызша, келесі бағыттарды жүзеге асыруда екенін айта кету керек: − кен өндіру салаларында шикізатты алғашқы өңдеу дəрежесін нығайту; − инвестициялық қаражатты өңдеу салаларына қайта бөлу; − негізгі капиталға ең аз капитал сыйымдылықты салымдар əдісі ретінде өндірісті жаңарту; − жаңа технологияларды игеру, ғылыми-техникалық зерттеулер, шикізаттың, материал- дардың жаңа қайнар көздеріне капиталды салудан тұратын кəсіпорындардың инвестициялық саясатының бағыттарын əзірлеу; − халықаралық бəсекеге қабілеттіліктің ұлттық саясатын əзірлеу; − импортты қысқарту жəне отандық тауар өндірушілерін қолдау; − қазақстандық бəсекелестік ортаның сапасының əлемдік нарықтың аналогтарының сапасымен біртіндеп жақындастыру; 70 Вестник КазНУ. Серия экономическая, № 6 (82). 2010 − акциялардың бір бөлігін шетелдік стратегиялық инвесторларға сату арқылы халықаралық дамыған желілерді пайдалану құқығына ие болу мүмкіндігі; − елде бар жоғары білікті, білімді жəне сұранысқа ие персоналды пайдалану арқылы қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы индустриалды- инновациялық дамуының Стратегиясын əзірлеу жəне енгізу өзекті болды, оның мəні мемлекеттің экономиканың қазіргі жоғары технологиялы құрылымын құру жəне оның шикізатты бағдарлануынан жедел өту бойынша белсенді саясаты болып табылады. Ең басты тапсырмалардың бірінші сатысында бəсекеге қабілетті экспортты өнімді құруға мақсатталған ғылым мен өндірістің күштерін біріктіру болып табылады. Осы бағдарламаға сəйкес 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 2000 жылмен салыстырғанда 3,5 есе арттыру, ЖІӨ энергосыйымдылығын 2 есе төмендетіп, еңбек өнімділігін 3 есе арттыру жоспарланды [14]. Жоғарыда аталғанға сүйене отырып, бүгінде республиканың дамуы жүріп жатқан жəне мақсаты тұрақты экономикалық өсуге («экономикалық өсу» деп ұзақ уақыт аралығында өндірістік күштердің дамуымен байланысты ұлттық өндірістің нақты көлемінің ұзақ уақытты өзгеруі, сонымен қатар, экономиканың жəне пайдаланылған қорлардың нəтижелерінің өзгеруі саналады) қол жеткізу болып табылатын бағыттар бəсекеге қабілетті ұлттық экономиканы құру арқылы, отандық кəсіпорындарға талаптар кешенін ұсынады, оның сəтті орындалуына жеке алынған шаруашылық бизнес-бірліктің, сонымен бірге, жалпы экономиканың атқарымдығының тиімділігі тəуелді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar