Загрузка…

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ӨСІРІЛГЕН КҮЗДІК БИДАЙ

Елбасының «Жасыл экономикаға» көшу бағдарламасына сай 2030 жылға дейін егістік алқаптарының 15 пайызын су үнемдеу технологиясына көшіру мәселесі белгіленген. Су үнемдеу технологиясын тиімді пайдалану мақсатында елімізде ауыл шаруашылық саласында тамшылатып суару технологиясын енгізу бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Бұл әдіс арқылы ағын суды үнемдеп қана қоймай, өнім көлемін арттыруға да қол жеткізуге болады. Мұндай заманауи құрылғының егін шаруашылығына тигізер пайдасы зор. Осыған орай, бидайды тамшылатып суару технологиясы бойынша өсіру бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың бірі болып табылады. Соңғы жылдары шығарылған сорттар 60-70 ц/га жоғары сапалы дәнді өнім беруге қабілетті, бірақ олар өзінің потенциалдық өнімділігін толық көрсете алмайды, сондықтан республикамызда өсірілетін бидай сорттарынан жоғары сапалы өнім алу мақсатында жаңадан ендірілген технологиялар арқылы өсіріліп, бидайдың құрылысы ерекшеліктеріне, өнімділігіне әсерін зерттеу бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Күздік бидай неғұрлым жоғары өнім беретін және азық-түліктік бағалы дақыл болып табылады. Оның дәнінде белок көп (14-17% астам) және ол нан пісіру үшін жоғары сапалы болып есептеледі. Сондықтан біздің елімізде күздік бидайдың егісі 20 млн гектарға жуық көлемді алып жатыр. Бұл дақыл негізінен – Солтүстік Кавказда, Украинада, Молдовада және Орталық қара топырақты аймақтың облыстарында өсіріледі. Сондай-ақ, Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азия республикаларында және Кавказ елдерінде оның егісі едәуір жерді алып жатыр [1]. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында жаздық бидайға қарағанда күздік бидай өнімді мол береді. Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері оның тіршілік ету жағдайларына байланысты. Күздік бидайдан мол өнім алу үшін, оның өсіп дамуына жақсы жағдайлар жасалуы қажет. Бұл жағдайларды агротехниканың көмегімен ғана туғызуға болады  [2]. Жер бетімен суарудың тиімсіздігіне байланысты, соңғы уақыттары басқа суару технологиялары түрлері зерттелуде. СоТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ӨСІРІЛГЕН КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ ӘРТҮРЛІ СОРТТАРЫНЫҢ ТҮПТЕНУ ФАЗАСЫНЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ АНАТОМИЯЛЫҚ ПАРАМЕТРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ 278 ҚазҰУ хабаршысы. Биология сериясы. №3 (65). 2015 Тамшылатып суару технологиясымен өсірілген күздік бидайдың әртүрлі сорттарының түптену фазасының … лардың ішінде ең сенімді және үнемді болып, тамшылатып суару технологиясы саналады. Тамшылатып суару – ауыл шаруашылығы дақылдарын суару тәсілі, бұл кезде өзара жиі төселген түтікшелер арқылы арнайы шағын су тамшылатқыштар кіші өтімдермен өсімдіктің тікелей тамыры өсетін аумағына суару суы беріледі, бүкіл вегетация кезеңінде топырақтар оптималды ылғалдылыққа жақын күйде болады. Қытайда тамшылатып суару жаңа әдісі мен бидай сорттарына зерттеу жүргізу барысында, 2 жылдық зерттеу нәтижесінде суды үнемдейтіндігін анықтаған. Оның тұрақты түрде бірдей қысыммен су тарататын желісі бар. Бұл қондырғы өсімдіктің нақты суарылу қажеттілігіне қарай үздіксіз суаруды немесе жиі суаруды қамтамасыз етеді. Тамшылатып суаруда топырақтың тек белгілі бір көлемі ғана суланады. Топырақтың беті қатпарланбайды немесе су топырақтың терең қабаттарына фильтрленіп түседі [3,4]. Тамшылатып суару жүйесінің негізгі қағидасы, басқа да шағын суару жүйелері сияқты – шағын су шығарғыштар көмегімен дәл қажетті мөлшерде, өсімдіктерді сумен және қоректік заттармен тұрақты қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта тамшылатып суару, әлемнің көптеген елдерінде жылыжайлар мен танаптық жағдайларда кеңінен пайдаланылады. Тамшылатып суару жүйесінің дамуындағы техникалық прогресс, оның негізгі элементтерін – тамшылатқыштар, сүзгілер, су үлестіру мен қоректік заттарды беруді бақылау және басқару құралдарын – жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, суарудың бірқалыптылығын жақсартуға, түтікшелер мен тамшылатқыштардың тұнбалануын төмендетуге және де жүйелер құнының төмендетуге ерекше назар аударылады. Калифорния штатында (Америка Құрама Штаты) жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде, жаңбырлатып суарумен салыстырғанда, тамшылатып суару кезінде суды үнемдеу 30-50% болатыны анықталған және ауыл шаруашылығы дақылдарының, топырақ қасиетінің, жаңбырлатқыш қондырғылардың түрлеріне байланысты, ол көрсеткіш 65-75% жетуі мүмкін [5]. Зерттеу жұмысының мақсаты Алматы облысында Көлді ауылдық мекенінде тамшылатып суару әдісімен өсірілген күздік бидайдың (Triticum aestivum L.) мәдени SWW 1/97 және SWW 1/904 Ресей сорттарының түптену кезеңінде салыстырмалы түрде жапырақтың және тамырдың анатомиялық құрылысындағы ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар морфометриялық өлшемдерге талдау жүргізіп зерттеу. Елімізде өсірілетін күздік бидай сорттарынан жоғары сапалы өнім алу мақсатында жаңадан ендірілген технологияның яғни тамшылатып су- ару әдісімен өсіріліп, сорттардың анатомиялық құрылысына жаңа технологияның әсерін айқындау, зерттеу. Зерттеу материалдары мен әдістері Күздік бидайдың (Triticum aestivum L.) мәдени SWW 1/97, SWW 1/904 Ресей сорттары Алматы облысы, Көлді ауылдық мекенінде тамшылатып суару әдісі арқылы өсірілген. Зерттеу жұмысы күздік бидайдың SWW 1/97, SWW 1/904 Ресей сорттарының түптену фазасынан бастап, дәннің толық пісіп жетілуіне дейінгі мерзімде өсімдіктердің вегетациялық кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізілді. Ресей сорттарының Алматы облысында тамшылатып суару әдісімен өсірілген жағдайда осы технологияның әсері қаншалықты оларға тиімді екенін және сорт өнімділігін анықтап зерттеу. Екі сортты салыстыру арқылы зерттеуге алынған сорттардың (тамыр, жапырақ) анатомиялық құрылысының морфометриялық көрсеткіштеріне тамшылатып суару технологиясының әсерін зерттеу. Күздік бидай сорттарының үлгілеріне фиксация (Страсбургер-Флемминг әдістемесі бойынша) жасалынып, анатомиялық құрылысын айқындау үшін М.Н. Прозина әдістемесі қолданылды. Анатомиялық зерттеулер үшін жалпы қабылданған құрылымдық талдаулар әдістері бойынша уақытша препараттар даярланды [6]. Күздік бидайдың осы жоғарыда аталған Ресей сорттарының түптену, сабақтану, масақтану, гүлдену, сүттініп пісу, дәннің қамырланып пісуі және дәннің толық пісіп жетілу фазалары алынып, анатомиялық кескіндер үшін фиксация материалдары (су, глицерин, спирт 1:1:1 қатынасында) даярланды. Уақытша препараттар глицеринде бекітілді. Өлшемдер мен микрофотографиялар видео микроскоп Micros Austria MCX100 (company Micros, Austria), камерасы 519CU 5. OM CMOS арқылы жасалынды. Анатомиялық кесінділер қалыңдығы 10-15 мкм. Тамшылатып суару технологиясымен өсірілген күздік бидайдың SWW 1/97, SWW 1/904 сорттарының түптену фазасына морфометриялық көрсеткіштеріне статистикалық өңдеу Г.Ф. Лакин әдістемесі бойынша жүргізілді [7]. ISSN 1563-0218 KazNU Bulletin. Biology series. №3 (65). 2015 279 Ералиева Ж.М. және т.б. Зерттеу нәтижелері және оларды талдау Алматы облысы, Көлді ауылды мекенінде күздік бидайдың SWW 1/97, SWW 1/904 Ресей сорттары тамшылатып суару технологиясымен өсірілді, зерттеу жүргізілген сорттардың түптену фазасында жер асты мүшесі тамырдың анатомиялық құрылысының ерекшеліктері анықталды және салыстырмалы морфометриялық өлшемдерге талдау жүргізілді. Зерттелген сорттардың тамырының салыстырмалы анатомиялық морфометриялық көрсеткіштерінің нәтижелері 1-кестеде келтірілген. 1-кесте – Зерттелген сорттардың тамырының салыстырмалы анатомиялық көрсеткіштері Күздік бидайдың сорттары Тамырдың көлденең кесіндісінің қалыңдығы, мкм Алғашқы қабық қалыңдығы, мкм Эндодерма қалыңдығы, мкм Орталық шеңбер қалыңдығы, мкм Ксилема, мкм ұзындығы ені SWW 1/97 2252,11±10,46 627,14±26,82 52,16±2,77 1007,45±12,42 152,91±1,48 141,386±2,96 SWW 1/904 2856,46±108,59 747,35±8,37 62,49±7,08 194,92±64,97 201,20±14,74 183,06±3,74 Күздік бидайдың SWW 1/97 сортында тамырының көлденең кесіндісінің қалыңдығы SWW 1/904 сортымен салыстырғанда, қалыңдығы әлдеқайда кішіректеу – 2252,11 мкм. Тамырдың сыртын сорушы ұлпа ризодерма клеткалары алғашқы құрылысында қаптайды да, уақыт өте келе ризодерма клеткалары ыдырап, тамырдың көлденең кесіндісінің сыртын жабындық қызметін атқаратын экзодерма заттардың өтуін реттейтін ұлпаға жатады. Экзодерма мен эндодерма аралығын алғашқы қабық паренхимасы алып жатыр. Бидайдың екі сортында түптену фазасында тамырының анатомиялық құрылысында алғашқы қабықтың негізгі бөлігін түзетін паренхималық клеткалары ретімен орналасқан. Алғашқы қабық қалыңдығы SWW 1/904 сортында қалыңдау – 747,35 мкм, ал SWW 1/97 сортта қабық қалыңдығы – 627,14 мкм. Алғашқы қабықтың ішкі қабатында эндодерма орналасқан. Перицикл алғашқы түзуші ұлпа, одан бидайдың жанама тамырлары дамиды. SWW 1/97 сортына қарағанда, SWW 1/904 сортында эндодерма қалыңдығы қалыңдау – 62,49 мкм. Тек қана тамырының көлденең кесіндісінде SWW 1/97 сортында орталық шеңбердің қалыңдығы айтарлықтай қалыңдау – 1007,45 мкм болды, SWW 1/904 сортына қарағанда. Орталық шеңбердің ортасын өткізгіш элементтері алып жатыр. SWW 1/904 сортының өткізгіш ұлпа ксилеманың ұзындығы және енінің көрсеткіштері SWW 1/97 сортына қарағанда әлдеқайда жоғары. Анатомиялық көрсеткіштеріне видео микроскоп көмегімен зерттеу жүргізгенімізде, тамшылатып суару технологиясымен өсірілген SWW 1/97 және SWW 1/904 Ресей сорттарының түптену фазасында, тамырдың анатомиялық құрылысындағы басты ерекшелік орталық шеңберде өткізгіш ұлпа флоэманың ксилема түтіктерін айнала қоршай орналасуы болып табылады, флоэма ксилеманы сыртынан қоршап тұрғандықтан күздік бидайдың екі сортында да өткізгіш ұлпаларының орналасуы шеңберлі болды. Күздік бидай SWW 1/97 сортында флоэма саны аз 12, ксилема 5 ірі түтік 1 кіші түтіктен құралғандығы айқын (1а-сурет), ал SWW 1/904 сортында ксилема 6 түтіктен құралса, флоэма 15 сүзгілі түтіктен тұратындығы байқалды (1ә-сурет). Күздік бидайдың түптену фазасында екі сорт тамырының анатомиялық құрылысын салыстыру барысында флоэма мен ксилеманың саны артық және көлемі үлкен болуына байланысты SWW 1/904 сортында органикалық заттардың және судың тасымалдануы жақсы жүреді деп тұжырым жасай аламыз. Көлді ауылды мекенінде күздік бидайдың SWW 1/97, SWW 1/904 сорттары тамшылатып суару технологиясымен өсірілді, зерттеу жүргізілген сорттардың түптену фазасында жер үсті вегетативті мүшесі жапырақтың анатомиялық құрылысының ерекшеліктері анықталып, салыстырмалы морфометриялық өлшемдерге талдау жүргізілді. Зерттелген сорттардың жапырағының салыстырмалы анатомиялық морфометриялық көрсеткіштерінің нәтижелері 2-кестеде келтірілген.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar