iRef.kz

Тамыр қысымы, өсімдіктің «жылауы» мен гутациясы

Өсімдіктің тамыр системасының суды активті түрде қабылдап, одан сосудтарға итеріп ендірумен қатар, өсімдік бойымен суды жоғары көтеретініне өсімдіктің «жылауы» мен гутациясы толық дәлел бола алады. Кез келген өсімдікті, әсіресе көктем кезінде тұбіне жақын кесетін болсақ, кесілген жерінен көп уақытқа дейін сұйықтық ағып тұрады. Егер кесілген жерге резина түтік арқылы шыны түтік жалғастырсақ, сұйықтық шыны түтіктің бойымен көтеріле бастайды. Бұл сұйықтық — нәршырын (пасока), ал сұйықтықтың ағуын өсімдік «жылауы» деп атайды. Жарақаттанған өсімдіктщ тамыр мойнынан сүйықтың бөлініп шығуы тамыр қысымына байланысты. Өсімдіктің «жылауы» шөптесін өсімдіктерде болып қана қоймай, ағаш тектес өсімдіктерде де /қайың, үйеңкі, жүзім, жаңғақ, шамшат/ болады. Өсімдіктерден сөлдің былай бөлінуі ерте көктемде, қысқы тыныштық күйден активті тіршілікке көшу кезінде өсімдіктің төменп бөлімінен ғана байқалып қоймай, жоғары, биік бөлімдерінен де байқалады.

Әр түрлі өсімдіктердің тамыр қысымы түрліше болады. Шөптесін өсімдіктердің тамыр қысымы 1 немесе 1,5 атмосфераға тең болса, ағаш тектес өсімдіктерде одан біраз жоғары болады. Өсімдік бойындағы сүйықтықтың жылжу жылдамдығы өсімдіктің тамыр қысымына байланысты болады да, әртүрлі өсімдіктерде түрліше болып қана қоймай, бір өсімдіктің өзінде жылдың әрбір мезгілінде, тіпті бір тәуліктің ішінде алуан түрлі болады. Мысалы, ағаш тектес өсімдіктердің «жылауы» негізінен көктем айларында күшті болады да, жаз кезінде ауа ылғалдылығы артқанда, немесе қанықтырып суарғанда ғана байқалады. Ал, шөптесш өсімдіктерде олардың әрбір жеке даму кезеңдерінде байқала береді. Нәршырынның химиялық құрамы әрқашан тұрақты болмайды. Ағаш өсімдіктерінің көктемгі нәршырынының қүрамында органикалық қосылыстар мол болып, оның ішінде қанттар, азотты қосылыстар /белоктар/, органикалық қышқылдар және аздап та болса минералдық элементтер кездеседі.Қантүйеңкісі/Американың/менқайыңныңкөктем
айларындағы нәршырынның күрамында 3-4%-ға дейін қант болады. Өсімдіктердің «жылау» қарқындылығы әртүрлі жағдайларға байланысты. Мысалы: топырақ ерітшдісшщ концентрациясы артса, онда «жылау» нашарлайды. Сол сияқты наркотиктермен /хлороформ/ әсер ету, топырақ температурасының артуы мен төмендеуі, тыныс алуды әлсірететін ингибиторлармен өңдеу де өз әсерін тигізеді.

Өсімдіктің тыныс алуы мен «жылауы» тығыз байланысты екенін мынадан байқауға болады. Мәселен, ауа қатынасы күшті топырақтарда өсімдіктер «жыласа», аэрациясы төмен, оттегі аз топырақтағы өсімдіктерде «жылау» күбылысы байқалмайды. Тамыр қысымының әсерінен жарақаттанбаған өсімдіктердің жапырағының ұшынан су тамшылап тұрады. Егер астық тұқымдас өсімдіктердің өскіндерін үстінен шыны қалпақпен жабатын болсақ, олардың жапырағының ұшында су тамшылары пайда болғанын көруге болады. Бұл кұбылысты гутация деп, ал бөлінген сұйықтықты гутация сөлі деп атайды. Гутация құбылысы бидай өскінінен басқа, бөлме өсімдіктері — фуксия, примула және картопта, қой бүлдіргендерінде байқалады. Өсімдік гутациясы табиғат жағдайында транспирация әлсірегенде, ауа құрамында ылғалдылық артқанда, көлеңкедегі өсімдіктерде, күн батқанда, өсімдіктің суды қабылдауы мен жұмсауы сәйкес келмегенде болады. Су өсімдіктерінің су жұмсауы негізінен гутация арқылы орындалады.

Гутацияның физиологиялық маңызы, өсімдіктің суды қабылдауы мен булануын сәйкестендіру болып табылады. Гутация, әсіресе тропикте өсетін өсімдіктерде жиі байқалады. Мысалы, «тарро древнего» деп аталатын өсімдіктің әрбір жапырағы минут сайын 200-дей су тамшысын шығарады. Ал «жауын цезалпиния» деп аталатын ағаш кей күндері гутация кезінде нөсерлі жауындай су тамшыларын бөледі. Гутация кұбылысы болатын өсімдіктерде минералдық элементтердің сөлмен бірге бөлініп кетуіне мүмкіндік бермейтін ерекше құрылысы болады. Ол — қлеткаларда судың жоғарғы бағытта жылжып, оның жапырақ ұштарындағы ерекше клеткалар — гидатодтар арқылы бөлінуінің нәтижесі. Ол гидатод арқылы қамтамасыз етіледі. Гидатодтың төменгі бөлімі ұсақ паренхималық клеткалардан тұрады. Осы клеткалардан гутация сөлі өткен кезде минералдық элементтердің көпшілігі сүзіліп қалып қояды. Оны мына төмендегі кестеден көруге болады.

Пікір қалдыру