Тарих теориясы мен философиясы туралы

Тарих теориясы мен философиясы дегеніміз — тарихи материалдарға деген ерекше жүгініс, яғни тарихи процестің бүкіл тұтас мазмұнының өзі арнайы философиялық көзқарастар мен түсіндірулердің пәніне айналатыны. Философиялық білімнің мәні тұрмысты қандай да бір объективтік тұтастық, ретінде саралаумен байланысты, ол белгілі бір шамада адамның танымына ашық, эсер етіп, адамды аса ауыр танымдық ізденіске итермелейді. Тарихи заңды үрдіс ретінде адамзат тарихы шындық. Адамдар тарихты өздері жасайды, бірақ өз қалауларымен емес, керісінше, қалыптасқан тарихи жағдайлар мен оқиғалардың өрбуіне қарай. Бұл дегеніміз, адамдардың әрбір ұрпағы өмірге аяқ басқанда өздеріне тіршілік жағдайы мен іс­әрекет аймағын нақты таңдай алмайды, оны ерік­жігері мен санасынан тыс, солай болуға тиісті нәрсе ретінде қабылдайды. Тіршіліктің материалдық және рухани жағдайы алдыңғы ұрпақтың қызметі нәтижелерінің нақтылануының көрінісі болып табылады. Міне, осылайша, тарих адамдардың іс­әрекетін айқындайды және сонымен катар олардың іс­ әрекетімен де айқындалады. К. Маркстың айтуы бойынша, адамдар «тарих» деп аталатын сценарийді жасаушылар, сонымен қатар олар оның кейіпкерлері. Олар, адамдар өздері пайдаланған сценарийдің түсіндірушілері және «сыншылары» ролінде де көрінеді. Басқаша айтқанда, адамзат оз тарихын танып білуге ұмтылады, өзінің тарихи тағдыры мен даму жолын ұғынғысы келеді. Антикалық дүниеден казіргі біздің заманымызға дейінгі ұзақ тарихи кезең барысында тарих философиясының мәселелері мен мазмұны мәнді өзгерістерге ұшырады. Тарихи үрдістерге деген айқын көріністерге көзқарастар антикалық ойшылдардың еңбектерінде де, кейінгі кезеңдегілерде де кездесетін, бірақ философиялық ілімнің жеке тарихы философия саласы ретінде қалыптасуы «Ағартушылық» деп аталған XVIII ғасырда ғана қалыптаса бастады. Вольтер ең алғаш «тарих философиясы» деген терминді пайдаланғанда, онымен адамзат мәдениетін әмбебапты тарихи шолу түсінігін айтқысы келсе, Гердер тарих философиясын ғылым ретінде қарастырып, ол «адамдар тарихының» жалпы мәселелерін зерттейді деді. «Ағартушылық ғасыры» философиялық ой алдына ерекше қасарыса отырып үш мәселені қойды. 1. Адамзат санасының оған азық болатын әлеуметтік мәдени ортамен байланысы мәселесін. 2. Тарихи үрдістердегі сапалық өзгерістерге адамзат санасының («сана», «алға басушылық» және т.б.) қатыстық мәселесін 3. Сол кезеңде ашылған, яғни Маркстің сөзімен айтқанда, алдыңғы дәуірдегідей ақыл ойлық секілді емес, дүниенің «эмпирикалық әмбебаптығы», көбіне ерте буржуазиялық Европаның отарлық басқыншылығы мен экономикалық жетістіктер нәтижесінен туындаған мәселесін. Бұл әмбебаптың сонымен катар, Америкада басталып, кейіннен Француз революциясына ұласқан, адамдардың рухани дүниесін жаулап алған революциялық қозғалыстармен де айқындалды. Тарихи үрдіс пен тарихи сананы түсіндірумен айналысатын тарихи философия өз құрамында кейбір жалпы қағидаттарға, идеялар мен алғышарттарға ие болғанымен, оларға тәуелді емес. Тарихи философияның пәндік шекарасы кең және айқын емес, яғни біздің тарихи мерзімнің ерекшелігі шекарасы туралы түсінігіміздің де кендігі мен айқын еместігі сияқты. Тарихи уақыт жайында «жалпы» оның институттары біздің әлеуметтік ұйымдарымызсыз, мәдени құндылықтарымызсыз, әрқайсымыздың ішкі өмірімізсіз, яғни бұлардан тыс түсіндіру өте қиын. Міне, осыдан келіп тарихи философия мен әлеуметтану (әлеуметтік байланыстар мен институттар жүйесін сараптамаға алатын пән), философиялық мәдениеттанумен (адамдардың рухани бейнесін айқындаушы құндылықтар мен түсініктерді зерттейтін), философиялық антропологиямен (адами тұлғаның, тұрмыстың сұлбасын зерттейтін) күрделі қарым­қатынасқа түседі. Тарихи философияның сонымен катар нақты тарихи ғылымдармен (мысалы: елдер, ұлттар, аймақтар тарихымен) де ара қатынасы күрделі болып табылады. Өйткені, тарихи философия өзінің айналысатын пәні табиғаты жағынан тірі, толыққанды тарихты, құрамындағы адамдардың тіршілік ету формасы мен саналы және санасыз түрткілерді, олардың сезімін, ерік­жігері мен творчестволық еркіндігін тым «теориялылық» алаңдаушылыққа ғана жатқыза алмайды. Тарих философы нақты фактілер мен фактілік пайымдаулардан бас тартпауға тиіс. Тіпті, ол көбінесе өзінің фактілік ізденістеріне жүгінуге мәжбүр. Сонымен бірге кез келген қандай да бір беделді және терең тарихшы­фактолог, өзінің зерттеу материалдарын жинақтай келе, әйтеуір қаласа да, қаламаса да өз зерттеуінің кең түрдегі тұжырымдамасын талдап түсіндіруші ролінде, яғни тарих философы ролінде көрінуге мәжбүр болады. Сонымен қатар қайталанбас тарих уақыты қозғалысынын аясында тарих философиясы адамдардың «өзін табуы» мәселесіне ерекше теориялық қызығушылық танытуымен де сипатталады. Міне, бүл қызығушылық философиялық­тарихи пәннің маңызды танымдық тірегін құрайды. Осыдан келіп — тарих философиясының тарихи үдеріс объективтігі мен адамдардың белсенді іс­әрекетінің ара­қатынасына, соның ішінде жекелеген тұлғалардың кызметі мен танымдық тәжірибесіне деген асқан қызығушылығы туындайды. Тарихтың субъектісі сапасында тұлға ерік­жігер еркіндігіне ие болады. Бүл дегеніміз, тұлғаның өзіндік әлемі, оның ерік­жігері, санасы мен қызметі — тұрмыстық «жағдайдың көшірмесі» емес, өмірдегі оқиғалардың әлсіз көрінісі емес, бірақ та жеке тұлға дамуының маңызды түртпектеушісі, қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы қоғамдық субъектінің әрекетін сипаттайтын объективті оқиғалар мен үрдістердің әлеуметтік түрткісі қызметінің «қажетті бөлшегі» болып табылады. Міне, осылайша, тарих философиясы алдымен ұрпақтан­ұрпаққа тағылым ретінде мұраға беріліп отыратын ой қазынасы. Субъектінің әлеуметтік мәдени құрылымдар кезіндегі өзгерістер мен нақтыланудағы даралануға қатысты алғы мәселесі, осы құрылымдардың динамикасына субъектінің жағымды немесе қиратушылық үлесі мәселесі және сонымен оның тарихи тәжірибесінің негізгі үш өлшемімен: еткені, қазіргісі, болашағымен байланыс мәселесі шығып отырады. Сонымен қатар тұлғаның өзіндік сана­сезімінің тарихы тарихи­философиялық зерттеу барысында аймақтар, ұлттар, таптар, субмәдениеттер тарихымен тығыз байланысты болады. Жеке тұлғалардың шығармашылық өнері мен тарих теориясы мәселесін зерттеуге қосқан үлесін анықтауға жүгінсек, мысалы, Михаил Абрамович Барг — белгілі кеңес тарихшысы, тарих теориясы мен әдіснамасы проблемаларын зерттеуші. Ол жеке тұлғалар мен кейіпкерлер тарихнамасы жанрын өндеумен де айналысқан. М.А. Барг өзінің «Тарих ғылымының сатылары мен әдістері» атты кітабында (1984) «тарихи альтернатив» ұғымын қолданбайды, бірақ «Жеке тарихи заңдардың пайда болу түрлері» тарауында «бағыттың дамуы» және «бағытты іс жүзінде асыру ықтималдығы» ұғымына талдау жасайды. Ол тарихи заңға анықтама бергенде тарихи құбылыстың тарих шындығына барынша жақын келетінін, объективтік негізгі байланысын ескереді. М.А. Барг: Қоғамдағы кез­келген өзгеріс «абсолюттік социологиялық қажеттіліктің көрінісі болып табылады, заң талаптарын іске асыру ықтималдығы оның тарихи қажеттілікке абсолюттік жағынан жақындасу дәрежесіне тікелей тәуелді», — дейді. Дж. Вико — итальян тарихының философы. Дж. Вико «Жаңа ғылым негіздері» еңбегінде тарих философиясының топтама тұжырымдамасын алға тартты, басқа да идеялар ұсынды, оны кейініректе Г. Гегель, К. Маркс, Г. Риккерт, О. Шпенглер, П. Сорокин және басқалары дамытты. Бұлар тарих және мәдениеттану философиясының негізін қалаушылар қатарына қосылды. Дж. Вико ұсынған мәнді идеялар: тарих заңдарының нысаналығы, ұлтты дамыту топтамасы, мәдениеттің өзінділігі мен тұтастығы. Тарих заңдарының нысандылығын Дж.Вико көрегендік әрекеттің нәтижесі, деп қарады. Оның көзқарастары бойынша, тарих заңдарын табу — Құдайдың ойын адамзаттың мойындауы. Осыған байланысты, тарих ғылымы біздің өз істерімізді қалай танысақ, адамзаттың да өз істерін солай тану деп біледі, деді. Батысеуропалық, кейіннен әлемдік философиялық ойдың ең негізгі мәселелерінің бірі ­жалпы теориялық таным, философиялық ой­таным пәні ретіндегі тарих (тарихи үдеріс және тарихи таным) мәселесі болды. Ағартушылық ғасыры — адам әлеуметі рөлі мен маңызының және адамның саналы іс­әрекетінің тарихтың заңдық құрамдарының негіздемесін жасайтын тарихи философияны танып білу мен оның философия пәні ретіндегі қалыптасуына алып келді. «Адамдар тарихы», К. Маркс бойынша, сонымен қайбір онтологиялық дәрежеге, философиялық мәнге ие болды. Европа отаршылдығының тарихына жүгінсек, олардың экономикалық және саяси үстемдігінің, өздері бағындырған халықтардың тағдыры мен тұрмыс­ тіршілігі түрінде өз қолтаңбаларын қалдырғанын білеміз. Бірақта жер шарының еш бір бөлігінде дәл Латын Америкасындағыдай, отаршылдардың материалдық және рухани мәдениетінің егілуі, соншама терең нәтижелер мен олардың қайталанбас әсерге түсуі және әр түрлі этно­мәдениеттер бастамасының синтезіне әкелуі болған емес. Қазіргі кезде біз, тарихи­мәдени процестердің ағылған жолынан ғасырлар бойы тыс қалып келген Латын Америкасының, Орталық Азияның отарлық езгіде болған елдерінің әлемдік оқиғалардың сахнасына шыққанына куә болып отырмыз. Латын Америкасы тарихын: Симон Боливар, Фидель Кастро, Че Гевара, Сальвадор Альенде, Пабло Неруда, Габриэль Гарсиа Маркес тұлғаларынсыз елестете алмаймыз. Ал, мысалы, Үндістан тарихын зерттеуге кіріскен адам, алдымен, бүл елдің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін жан салып, азаттық жолында қажымас еңбек еткен Мохандас Карамчанд Ганди, Джавахарлал Неру ­сынды тұлғалардың тарихи көзқарастарымен міндетті түрде танысуы қажет. Қоғамдық тәжірибені және қазіргі заманғы адамзат мәдениетін жаңашылдық ашылымдарымен байытқан бұл елдердің тарихы және философиялық шығармашылығы, сонымен катар өзіндік түпкі тамырларына негізделген болып табылады. Әлем ғалымдары мен философтарын қызықтырған бүл ғажайып құбылыс казіргі кезде ерекше өзектілікке ие. Жалпы айтқанда, «Тарих ­ адамзат ақыл­ойының қазынасы» 10 томдық сериясының 6­9 томдарына енген материалдар көптеген ғасырлардан келіп жеткен аса зор аймақтардағы халықтардың тарихи және рухани тәжірибесін оқырмандардың ой елегінен өткізуді көздеп отыр. Антологиялық үзінділердің әрбіреуін жеке алатын болсақ, әрқайсысында өшпейтін құнды мәліметтер жатыр, олар әлемдік тарих теориясы мен философиясының даму ерекшеліктерін сипаттайды.

Читайте также:  КОМПЛЕКСТЕ ЕСЕПТІҢ ОРЫНЫ

Оставить комментарий